Ұрпақтары жұмекеңді ұмытпайды ерікболат Қабылдин



жүктеу 40.95 Kb.

Дата06.02.2017
өлшемі40.95 Kb.

 

 

2006-03-18 



ҰРПАҚТАРЫ ЖҰМЕКЕҢДІ ҰМЫТПАЙДЫ 

Ерікболат Қабылдин 

  

Мен  оның  жерлестерінің  бірі  ретінде  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 



Төралқасының  Төрағасы  Жұмабек  Тәшеновтің  1955-1960  жылдары 

“Социалистік  Қазақстан”  (қазіргі  “Егемен  Қазақстан”)  газеті  оқырмандарын 

осы газетті сақтап қалуда қандай рөл атқарғанынан хабардар еткім келеді. 

Бүгінде Тәшеновтің кім болғанын, оның өз ұлты үшін, ұрпағы үшін отқа 

да,  суға  да  түсіп,  ұлан-ғайыр  қызмет  атқарғанын  білмейтін  адамдардың  көп 

екені де өкінішті-ақ . 

Осыдан  екі  жыл  бұрын  Ақмола  облысындағы  Аршалының  бір  топ 

тұрғындары “Вперед” газетінің бетінде есімі әмбеге әйгілі қоғам қайраткері – 

жерлестерінің  құрметіне  осы  мекеннің  орталық  көшесіне  оның  есімін  беру 

жөнінде әңгіме болғанда топ-тобымен тоңтерістік танытып, кереғар пікірлер 

білдірген.  Олар  оны  есте  қалар  ештеңе  де  істеген  жоқ,  Вишневкада  (қала 

үлгісіндегі Аршалы кентінің бұрынғы атауы) бірде-бір құрылыс салынған жоқ 

десті. 

Шынтуайтында,  өзі  туып-өскен  өлкесінің  өркендеуіне  Ж.Тәшеновтің 



қосқан  үлесі  жайында  бүгінгі  күн  тұрғысынан  төрелікке  жүгіну  қиын  да  қи-

сынсыз  ғой.  Оның  үстіне  Вишнев  аудандық  атқару  комитетінің  хатшысы 

болып  1936-1938  жылдары  жұмыс  істеген  Ж.Тәшеновтің  не  істеп,  нені 

салғаны кімнің есінде қалды дейсіз. Тіпті оның өмірбаяндық деректерінде осы 

қызметі  де  көрсетілмеген.  Егер  оның  тәуелсіз  Қазақстанның  болашағы 

жолында  атқарған  жанкешті  қызметінің  бәрін  айтып  шығатын  болсақ,  олар 

қысқа да нұсқа жазылатын энциклопедия бетіне сия қояр ма екен?! 

Белгілі  жазушы  Садықбек  Адамбеков  өзінің  “Қайта  соққан  боран  – 

замандастарым  жайлы”  атты  мақаласында  Қазақстан  Компартиясы  Орталық 

Комитеті  бюросының 1958 жылғы 28 шілдедегі “Қазақ әдебиеті” газетін жабу 

туралы  мәселе  қойылған  отырысы  туралы  әңгімелейді.  Осында  Ж.Тәшенов 

солақай белсенділердің сойқанды әрекеттеріне батыл соққы береді. Мәжілісте 

күнілгері дайындалып қойған, “шаш ал десе, бас алуға” ниет еткен қайсыбір 

жалаңқылышты  жандайшаптар  жарыса  жамырап,  мәселенің  байыбына 

бармай,  Қазақстандағы  қазақ  тілінде  шығатын  барлық  газеттерді  жауып, 

аударма басылымдарға айналдыру жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті сол тұста 

“Социалистік  Қазақстанның”  қарашаңырағын  ұстап  отырған  Қ.Шәріпов 

өзінің “Казахстанская правда” газеті редакторының орынбасары болып қалуға 

да  бейіл  екенін  білдіреді.  Осы  сәтте  отырысқа  қатысып  отырған  Жұмекең: 

“Социалистік  Қазақстанды”  ашқан  да  сен  емес,  жабатын  да  сен  емессің,  не 

тантып  тұрсың  өзің!”  –  деп  дүрсе  қоя  береді.  Ал  “Қазақ  әдебиеті”  газетінің 

бас  редакторы  Сырбай  Мәуленов  мінберге  қарай  сылбыр  басып,  түсі  қашып 

бара жатқанда, әлі ашуы басылмай отырған Тәшенов: 

“Тайсақтамай,  батыл  сөйле!  –  деп,  орнынан  қозғалып  қойды”,  –  дейді. 



Ұзын-ырғасы үш сағатқа созылған талқылау барысында Ж.Тәшенов ұлт тілін-

дегі газеттерді жабудың негізсіздігін қисынды дәлелдермен дәйектеп, бірнеше 

рет  сөз  сөйлеген.  Әлбетте,  туған  халқының,  ұлт  тілінің  тағдырына  араша 

түсіп,  кемелділік  танытып,  өзінің  нарлығын  да,  арлылығын  да  көрсеткен 

ардагер  ағаның  арқасында  қазақ  газеттері  солақай  саясаттың  сойылынан 

сақталып қалғанына, тәуелсіздік алған мына заманда бұдан былай да сақтала 

беретініне тәубе деуіміз керек шығар. 

Оның  мемлекетіміздің  қарымды  да  қажырлы  қайраткері  ретіндегі 

қызметінен бұл сияқты мысалдарды көптеп келтіруіме болар еді, алайда мен 

ең  басты  қысастыққа:  оның  Н.Хрущевтің,  кейіннен  Л.Брежневтің  “қаһарына 

не  үшін  ұшырағанына”,  ақыры  республика  Министрлер  Кеңесінің  Төрағасы 

қызметінен тайдырылғанына тоқталғым келеді. 

Академик  Б.Ермұқанов  “Сіз  бізге  қарсы  емессіз,  сіз  өз  күйіңізді  күйт-

тейсіз” деген мақаласында (“Казахстанская правда” газеті, 1995 ж. 15 ақпан) 

мынадай  тәмсіл  келтіреді:  ғұндардың  ұлы  мемлекетінің  іргесін  қалаушы 

Модэге  (б.д.  д.  209  ж.)  дұшпандар  келіп,  одан  сәйгүлік  арғымағын  беруді 

талап  етіп,  сонан  соң  ғұндардың  аса  сүйікті  әйелдерінің біреуін  алып  кетуін 

емеурінмен  білдіреді,  ол  сұрағандарын  береді.  Ал  олар  жердің  бір  бөлігін 

алғысы келгенде, ол ашуға булығып: “Жер – мемлекеттің тұғыры, оны қалай 

беремін?”, – дейді. Ол өзіне жерді беру жөнінде кеңес айтқандардың бәрінің 

бастарын  шауып,  жауларға  тарпа  бас  салып,  оларды  талқандаған.  Одан  әрі 

мақала  авторы  мына  жәйтке  назар  аудартады:  “...  60-шы  жылдардың  бас 

кезінде Н.Хрущев Қазақстанның бес облысы кірген Тың өлкесі деп аталатын 

құрылым  арқылы  өлкені  тікелей  орталыққа  бағындырып,  іс  жүзінде  қазақ 

жерін  күштеп  бөлшектеуге  жанталаса  ұмтылған  кезде  республиканың 

аумақтық  тұтастығына  айтарлықтай  қатер  төнген  еді.  Бағымызға  қарай,  осы 

сәтте  Хрущевтің  буынсыз  жерге  пышақ  салған  ұсынысына  өжет  басшы  – 

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы Ж. Тәшенов батыл қарсы шықты. 

Ақыры  Одақ  басшысының  бұл  даурықпа  дәмегөйлік  пиғылы  жүзеге  аспай 

қалды.  Украинаға  сый-сияпат  ретінде  берілген  Қырымның  ащы  сабағының 

мысалында  Ж.Тәшеновтің  тегеурін  танытқан  теңдесі  жоқ  ерлігін  лайықты 

бағалауымыз  ләзім  десек  те,  өкінішке  қарай,  кезінде  оның  есімі  өзі  сіңірген 

еңбегіне сай бағасын алмады”. 

Ж.Тәшеновті  жолынан  тайдырған  Н.Хрущев  республиканың  сол 

тұстағы  басшыларын  пайдалана  отырып,  Тың  өлкесін  ұйымдастырды  (1960 

ж.),  ол  сондай-ақ  осы  өлкелерді  көрші  республикаға  қосу  үшін  Шығыс 

Қазақстан  өлкесін  де  ашуды  жоспарлады  (1962  ж.).  Мәселен,  Оңтүстік 

Қазақстан  өлкесінің  бес  ауданы  осылайша  Өзбекстанға  кетті,  Маңқыстау 

түбегі Түркіменстанға және т.т. беру жоспарлары да болды. 

Республика  Министрлер  Кеңесінде  бір  жылға  жетер-жетпес  уақыт 

жұмыс  істеген  Ж.Тәшеновті  “бөгде  ойлы  адам”  ретінде  күстәналап,  Н.Хру-

щевтің  нұсқауымен  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару  комитеті 

төрағасының  орынбасары  қызметіне  тайдырып  жіберді,  осында  ол  1975 

жылға  дейін,  зейнеткерлікке  шыққанша  абыройлы  жұмыс  істеді.  Елім  деп 

еңіреген,  отансүйгіш  аптал  азаматты  осыншалық  батпандай  зұлымдық 

жазадан  Н.Хрущевтің  қызметі  қатал  сынға  ұшыраған  КОКП  Орталық 

Комитетінің  1964  жылғы  Қараша  пленумынан  кейін  де  заман  зауалы 


ахуалымен  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы 

Дінмұхамед Қонаевтың өзі де ақтай алмады. 

Д.Қонаев  кейін  өзінің  “Өтті  дәурен  осылай”  атты  естелік  кітабында 

Ж.Тәшеновті  республиканың  тізгінді  басшылық  қызметінен  тізеге  басып 

шеттете  отырып,  Н.Хрущевтің  айтқанына  көніп,  айдауымен  жүруге  мәжбүр 

болғанын,  ақыры  1960  жылдың  желтоқсан  айында  көсемнің  көкейкесті 

көксеген ойына – Тың өлкесін ұйымдастыруға лажсыздан көмектескенін мой-

ындайды,  өйткені  “...оған  қарсы  тұру  мүмкін  емес  болатын,  сөйтіп, 

республикада  Батыс  Қазақстан  және  Оңтүстік  Қазақстан  өлкелері  құрылды. 

Шығыс Қазақстан өлкесі туралы ұсыныс дайындалып жатты … 

Істің  қалай,  қайда  ауып  бара  жатқанын  кейінірек  түсіндім.  Дәл  осы 

тұста  құрамына  Өзбекстан,  Тәжікстан,  Түркіменстан,  Қырғызстан  және 

Қазақстанның  Шымкент  облысы  басшылары  енген  Орта  Азия  бюросы 

құрылды. Хрущевтің күллі жымысқы ойы осыдан кейін тайға таңба басқандай 

айқын  болып  еді.  Ол  болашақта  республика  арасындағы  шекараларды  жою 

жөніндегі  өз  идеясын  қалайда  тезірек  жүзеге  асырмақ”,  –  деп  жазды  (“Өтті 

дәурен осылай” кітабы, Алматы, 1992 жыл, 235-бет). 

Мұны  алдын  ала  аңдай  білген  Ж.  Тәшенов  Н.  Хрущев  айла-шар-

ғысының  аласапыран  ағысына  ашық  қарсы  шығып,  соңғысының 

жеккөрушілігі мен қуғын-сүргіннің астында қалды. 

Жұмекеңнің  Жоғарғы  Кеңес  Төралқасының  Төрағасы  лауазымындағы 

жұмысы “тың эпопеясы” саясатын белсене іске асырумен тұспа-тұс келді. Ке-

зінде,  1939  –  1944  жж.  Солтүстік  Қазақстан  облысы  жер  бөлімінің  бастығы 

болып жұмыс істеген ол қазақ даласындағы тыңайған жерлерді толассыз жыр-

тудың не екенін жақсы білген еді. Ал оның Хрущевке айтқан Қазақстан үшін 

атышулы  1  миллиард  пұт  астықтың  орнына  жылына  600  миллион  пұт  та 

жетіп  жатыр  деген  сөзі  Жұмекеңнің  бұдан  былайғы  саяси  мансабына  өзінің 

салқынын тигізбей қоймады. 

Академик  Манаш  Қозыбаев  өзінің  “Дерек  –  тарихи  дәлел”  деген 

мақаласында  (“Казахстанская  правда”,  1990  жылғы  12  қаңтар)  былай  деп 

көрсетті:  “...  Ж.Тәшенов  және  басқа  да  адамдар  Қазақстан  аумағындағы 

ядролық  жарылыстарға  қарсы  шығып,  озбырлықтың  құрбаны  болды”.  Ал 

Д.Қонаев  өзінің  кітабында:  “Әрбір  нақты  жағдайда  әмір  Мәскеуден  түсетін. 

Онда қандай да бір аумақты басқа аймаққа қосу жөнінде үзілді-кесілді айты-

лып,  ол  өңірлерді  ауылдардан,  деревнялардан,  шопандар  қыстауларынан 

жылан  жалағандай  тазартудың  мерзімі  көрсетілетін.  Бұл  әмірлер  сөзге  кел-

местен атқарылатын” деп жазды. 

Ж.Тәшеновтің  табандылығы  мен  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігі, 

оның  Н.Хрущевтің  даурықпа  және  жүгенсіз  жымысқы  пиғылдарына 

ашықтан-ашық қарсылық білдіруі республикамызда 30 жыл ішінде Қазақстан-

ның  шынайы  тәуелсіздік  алуына  дейін,  оның  негіздерін  қалауға  және  туған 

жерімізді ұрпақтарға аманат етіп сақтап қалуға мүмкіндік берді. 

“Қазақстан  – 2030” Даму стратегиясында Елбасы  Н.Ә.Назарбаев былай 

деп  атап  көрсетті:  “Бостандық  пен  тәуелсіздікті  жеңіп  алу  жеткіліксіз,  оны 

табанды  түрде  қорғап,  нығайтып,  ұрпақтарға  қалдыру  қажет.  Біздің  ұрпақ 

еңсере  алмай,  өздеріне  қалдырған  ауыртпалықтар,  қиыншылықтар  мен 

проблемалар  үшін  болашақ  ұрпақ  кешірер.  Егер  біз  өз  мемлекетімізден 


айрылып,  егемендігіміздің  стратегиялық  негіздерін,  өз  жерлеріміз  бен 

ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ (“Ел Прези-

дентінің  Қазақстан  халқына  Жолдауы”  кітабынан,  Алматы,  “Білім”  баспасы, 

1997  жыл,  35-бет”).  Осы  ұлағатты  да  ұтымды  сөздер  халқымыздың  аяулы 

перзентінің,  біздің  жерлесіміздің  елі  мен  жері  үшін  жасаған  жанкешті 

ерлігімен үндесіп те, үйлесіп жатқан жоқ па?! 

Сондықтан  да  бүгінгі  және  келешектегі  ұрпақтарымыз  Жұмекеңді 

ұмытпауы тиіс. 



 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал