Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!



жүктеу 289.93 Kb.

бет1/3
Дата11.09.2017
өлшемі289.93 Kb.
  1   2   3

№ 39

№ 39

  

(377)

(377)

26 қыркүйек  2014 жыл

26 қыркүйек  2014 жыл

Президент

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ  

Құрметті зейнеткерлер, соғыс және еңбек ардагерлері!

Сіздерді  1-қазан –  Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Үлкенге ізет  жасау  халқымыздың бойына сіңген ерекше қасиет. Бұл ұрпақтар сабақтастығының жарасымды жалғасы. 

Ауданымыздың  экономикасын  дамытуға  зор  үлес  қосқан    аға    ұрпақ    өкілдерін  әрдайым  мақтан  тұтамыз.  Аға  ұрпақтың 

отбасылық құндылықтарды сақтауда, жинақтаған мол тәжірибені ұрпақтан ұрпаққа сабақтастықта сақтап тапсыруда орны 

бөлек.


Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаевтың  бұл  саладағы  саясатын  басшылыққа  ала  отырып,  ардагерлерімізді  ардақтап, 

құрметтеуге  әрқашанда  дайынбыз.  Оларды  әлеуметтік    жағынан  қолдаудың    тиімді  тәсілдерін  жүзеге    асы-

ра  береміз.

Бүгінгі аға ұрпақ өкілдерінің жастық шақтары қиындық атаулыны көп көрді. Сондай-ақ, арамыда  жүрген  қарттарға  ізгі  ниет  білдіріп, 

қамқорлық  жасау - біздің  әрқайсысымыздың  қасиетті парызымыз. 

Құрметті  қариялар!

Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, елімізге  ырыс-ынтымақ  тілеймін!

ЕҢБЕК КҮНІ

Құрметті жерлестер!

Сіздерді  тамаша  әрі  маңызды  мереке,  Еңбек  күнімен  құттықтаймын!  Еңбек  әртүрлі  жастағы  адамдар  мен  ұрпақтарды 

біріктіреді.  Еңбексүйгіштік  қоғамның  дамуын  жеделдетіп,  құрылған  жоспарларды  уақытында  іске  асыруға  ықпал  етеді.  Әрбір 

аудан  тұрғыны  өзінің  қажырлы  еңбегімен  жарқын  болашаққа  ұмтыла  отырып  өмір  талабына  сай  жағдай  жасайды.  Адал 

еңбек қоғамның және жанұяның тұрақтылығының кепілі. Бұл мереке еңбек ардагерлері мен еңбек озаттарын, олардың жолын 

жалғап  келе  жатқан  жас  буынды,  еліміздің  болашағы  үшін  еңбек  етіп  жатқан  барлық  еңбеккерлерге  алғыс  айтуға  мүмкіндік 

береді. Әркімнің Отанымыздың гүлденуіне қосқан еңбегі лайықты бағаланып, тек қана тұрақтылық пен қуаныш әкелсін. Барша 

бұландылықтарға мықты денсаулық, бақыт және еңбекте табыс тілеймін.



МАШИНА ЖАСАУ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ 

Құрметті машина жасау кешенінің қызметкерлері, саланың қымбатты ардагерлері!

Машина жасау саласы қызметкерлері күнімен құттықтаймын!

Заманауи  машина  жасау  саласы  өнімнің  кең  спектрін  өндіруде:  заманауи  авиациялық  техника,  металлургиялық,  кен, 

электротехникалық, химиялық жабдықтар, медициналық техника, көлік құрал-жабдығы, тұрмыстық бұйымдар және құралдар. 

Біздің ауданымызда көп жылдан бері «Макинск құю-механикалық зауыты» қарқынды жұмыс жасап келеді. Зауыттың негізгі 

жұмысы - темір жол саласына арналған өнім жасау.

Сіздердің кәсіби шеберлігіңіз, асқан жауапкершілігіңіз, таңдаған ісіңізге деген адалдығыңыз және машина жасау саласының 

үздік дәстүрлерін сақтаудағы еңбегіңіз қоғамдық құрметке ие болуы тиіс.

Шын жүректен машина жасау саласының қызметкерлерін, ардагерлерін мерекемен құттықтап, еңбекте табыс, қажымас қайрат 

пен талмас талап тілеймін. Ел үшін жасап жақтан қызметтеріңіз алға басып, қадамдарыңызға нұр жаусын! 



ӘДІЛЕТ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ 

Құрметті әділет саласының қызметкерлері және ардагерлері!

Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңіз - Әділет саласы қызметкерлері күнімен құттықтаймын! 

Бүгінгі  таңда  әділет  саласы  заңды  тұлғаларды,  жылжымайтын  мүлікті,  азаматтық  жағдай  актілерін  мемлекеттік  тіркеуден 

өткізіп, халыққа құқықтық және заңды қызмет көрсетуде. Құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету, зияткерлік меншіктің құқығын 

қорғау – бұл да әділет саласының құзырындағы іс. 

Әділет саласындағы барлық жағымды жаңалықтар аудандық әділет Басқармасының да жұмысына жақсы ықпалын тигізіп, 

заңды және жеке тұлғалар үшін кез келген ақпараттың қол жетімділігі артып келеді. 

Алдағы  уақытта  да  өздеріңіздің  баға  жетпес  тәжірибелеріңізді  жас  буынға  жеткізіп,  жаңа  кәсіби  белестерді  бағындырып, 

жетістіктерге қол жеткізіңіздер!

Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт пен игілік тілеймін!



АУДАН ƏКІМІ Қ. ИСПЕРГЕНОВТЫҢ МЕРЕКЕЛІК 

ҚҰТТЫҚТАУЛАРЫ

Қ.Жаңбыршин  Мемлекет  басшысына  Есеп  комитетінің 

биылғы  негізгі  жұмыс  қорытындылары  мен  қаржылық  бақылау 

органының  алдағы  кезеңдегі  даму  перспективалары  туралы 

баяндады.

Нұрсұлтан  Назарбаев  облыстардың,  Астана  мен  Алма-

ты  қаласының  ревизиялық  комиссияларының  жергілікті 

бюджеттердің  атқарылу  тиімділігін  бағалау  жөніндегі  жұмыс 

қорытындыларымен,  сондай-ақ  республикалық  бюджеттің 

өңірлерге трансферттер мен субвенциялар түрінде келіп түскен 

қаражаттарының жұмсалу жайымен танысты.

Мемлекет басшысы бюджеттік жоспарлау сапасын арттырудың, 

мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының  қызметін 

үйлестіруді  күшейтудің,  сондай-ақ  бюджет  қаражаттарының 

тиімді пайдаланылуын қатаң бақылаудың маңыздылығын айтты.

Қ.Жаңбыршин  Есеп  комитеті 2014 жылдың 8 айында 186 

нысанда 16 бақылау-талдау  шарасын  жүргізгенін  мәлімдеді. 

Анықталған  құқық  бұзушылықтың  жалпы  сомасы 1,2 есе  өсіп, 

342,3  миллиард  теңгені,  соның  ішіндегі  қаржылық  құқық 

бұзушылықтар 168,6 миллиард  теңгені  құраған. 77 лауазымды 

тұлға түрлі дәрежедегі жауапкершілікке тартылған.

Сонымен  қатар,  Қ.Жаңбыршин  республикалық  бюджетті 

жоспарлау  мен  атқарудың  жүйелі  проблемалары  туралы  баян-

дады.  Соның  ішінде  игерілмеген  бюджет  қаражатының  көлемін 

анықтау  әдістемесіндегі  айырмашылықтар,  сапасыз  бюджеттік 

жоспарлауға  тиісті  жауапкершіліктің  жоқтығы,  мемлекеттік 

органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының 

келісілмеуі  атап  өтілді.  Сондай-ақ  квазимемлекеттік  сектор 

нысандарының  бюджет  қаражаты  мен  мемлекет  активтерін 

тиімсіз пайдалану деректері де бар.

Кездесу 

қорытындысы 

бойынша 

Мемлекет 

басшысы 

мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының  қызметін 

жетілдіруге және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу-

ды күшейтуге бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.



Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтынан. 

Президент Есеп комитетінің 

төрағасы Қозыкөрпеш 

Жаңбыршинді қабылдады

Салық төлеуде 

салғырттық танытпайық

Буланды  ауданы  бойынша  Салық  басқармасы  жеке 

тұлғалардың  мүлік  салығын  және  жер  салығын  төлеу  мерзімі 1 

қазанда аяқталуын хабарлайды. Салықты уақытында төленбегені 

үшін мерзімін кешіктірген әр күнге өсімақы есептеледі, сонымен 

қатар  салықтық  міндеттемені  уақытында  орындамағаны  үшін 

борышкерлерге қатысты әкімшілік айыппұлдар қарастырылған. 

Қосымша ақпарат алу үшін сіз Бұланды ауданы бойынша Салық 

басқармасына  хабарласа  аласыз.  Мекен-жайымыз  Макинк 

қаласы, Клубная көшесі 32 тел. 2-23-72.

Жүз  отыздан  астам  ұлттар  мен  ұлыстардың 

басын  қосқан  Қазақстан – бейбітшіліктің  мекені. 

Тілі  басқа  болса  да,  тілегі  бір  этнос  өкілдері  бір 

шаңырақ  астында  тату-тәтті,  бақуатты  күн  кешу-

де.  Ал,  осы  ынтымағы  айрандай  ұйыған  ұлттар 

мен  ұлыстардың  әдебиеті  мен  мәдениетін 

сақтап,  тілді  қорғау  мақсатында  Елбасымыз 22 

қыркүйекті  «Қазақстан  халықтарының  тілдері 

күні» деп жариялады. Содан бастап бұл күн айту-

лы мерекеге айналды. Жылдағы дәстүрмен тілдер 

апталығы  ауданымызда  да  аталып  өтті.  Өткен 

аптада  «Мемлекеттік  тілді  оқыту  орталығы» «Тіл 

жанашыры – 2014» деген  атпен  өткізген  түрлі 

шараларының қорытындысын шығарды. 

Жалпы тілдер апталығы аясында «Мемлекеттік 

тілді  оқыту  орталығы»  ана  тілдің  қолдану  аясын 

кеңейту,  мәртебесін  арттыру  мақсатында  ауыз 

толтырып  айтарлықтай  шаралар  өткізді. «Жеті 

жұрттың  тілін  біл,  жетті  түрлі  ілім  біл»  атты 

оқулықтар  көрмесі, «Мемлекеттік  тіл  және 

жастар  саясаты»  тақырыбында  пікір  алмасу, «Тіл 

мәртебесі  ел  мәртебесі», «Тіл  тірегіміз,  соғып 

тұрған жүрегіміз» ашық сабақтар, дөңгелек үстел 

одан  қалды  аудандық  балалар  шығармашылық 

үйінде  «Тіл  құдіреті»  атты  әдеби  кеш  өтті.  Атқа 

мінер азаматтар мен тіл жанашырларының басын 

қосқан тағлымды кештің айтпағы мол. Кеш бары-

сында  тілдің  жайын  тіліп  айтатын  ақындармен, 

ұлттық  өнерді  насихаттап  жүрген  өнерпаздар  өз 

ойларын ортаға салды. 

Ал, 

тілдер 


апталығының 

қорытындысы 

аудандық  мәдениет  үйінде  өтті.  Мемлекеттік 

тілді 


дамыту 

жолында 


игілікті 

істер 


атқарған  тіл  жанашырлары  Бұланды  ауда-

ны  әкімінің  алғыс  хатымен  марапатталды. 

Олар:  Мемлекеттік  тілді  оқыту  орталығының 

оқытушысы  Гүлзада  Ерланқызы  Жарқынова, 

Макинск 

мектеп 


гимназиясының 

дирек-


торы  Қарлығаш  Қайырбайқызы  Ташимова, 

Аудандық  әдістемелік  кабинетінің  меңгерушісі 

Нұрлығайың 

Жұмабайқызы 

Сағиева, 

«Балдырған» 

балабақшасының 

меңгерушісі 

Райхан  Зейноллақызы  Ақпентаева,  №3  орта 

мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиет  пәнінің 

мұғалімі  Алифтина  Сыңғырқызы  Икомбаева, 

Алтынды  орта  мектебінің  директоры  Нұркен 

Найзабекұлы  Тілеубаев,  аудандық  мәдениет 

үйінің  режиссері  Сергей  Александрович  Баг-

ненко,  мәдениет  үйінің  бас  есепшісі  Елена 

Викторровна  Кострова,  Аудандық  газеттердің 

редакторының  орынбасары  Төлеу  Дүйсенбай 

Жақсылықұлы,  балалар  музыка  мектебінің 

ұстазы 

Елена 


Анатольевна 

Сухоставская, 

жол  патрульдік  полициясының  инспекто-

ры  Роман  Рамильевич  Маликов, «Жас  ақын» 

үйірмесінің  жетекшісі  Хавылхан  Елеш,  Балу-

ан  Шолақ  атындағы  мектеп-лицейінің  ағылшын 

тілі  пәнінің  мұғалімі  Назерке  Тағыбергенқызы 

Жадиева.


Ал,  Бұланды  аудандық  телекоммуникациялар 

торабы тілдер күні мерекесі қарсаңында өткізілген 

мекемелер  арасында  мемлекеттік  тілдегі  ішкі 

құжат айналымы мен визуалдық ақпаратты тексе-

ру барысында ең үздік мекеме атанды. Алғыс хат 

иелерін  аудан  әкімінің  атынан  мәслихат  хатшы-

сы Шахман Байдүйсенұлы Құсайынов құттықтады. 

Мерекелік 

шара 

барысында 



ауданымыз-

да  тұратын  этнос  өкілдері  өз  тілдерінде 

құттықтауларын жеткізіп, әндерін шырқады. 

З. ЖАЙНАРБЕК.

Тілдер апталығы

Тіл – ұлт құндылығы



2 бет

Бұланды таңы

26 қыркүйек 2014 жыл

1998 


жылдың 2 шілдесінде 

Қазақстан 

Республикасының 

«Сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы  күрес  туралы»  Заңы  қабылданып, 

онда  сыбайлас  жемқорлықпен  күресу  әрбір 

мемлекеттік 

органдар 

басшыларының, 

ел 

азаматтарының  міндеті  екендігі  атап  көрсетілді. 



Аталған  заң  азаматтардың  құқықтары  мен 

бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық 

көріністерінен 

туындайтын 

қауіп-қатерден 

еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету-

ге,  жемқорлыққа  қатысты  құқық  бұзушылықтың 

алдын 


алуға 

бағытталған. 

Қоғамымыздың 

барлық  саласына  дендеп  еніп  бара  жатқан 

жемқорлықтың  жолына  батыл  тосқауыл  қойып, 

олардың  зардаптарын  жою  және  мүдделілерді 

жауапқа 

тарту 


бүгінгі 

күннің 


ең 

басты 


міндеттерінің бірі.

Сыбайлас 

жемқорлықпен 

байланысты 

қылмыс субъектілері, ҚР Жоғарғы Сотының 2001 

жылғы 13 желтоқсандағы  «Соттардың  сыбай-

лас  жемқорлықпен  байланысты  қылмыстар 

туралы  қылмыстық  істерді  қарау  практика-

сы  туралы»  №18  Нормативтік  Қаулысына  сай, 

мемлекеттік 

органдардың, 

жергілікті 

өзін-

өзі  басқару  органдарының,  әскери  күштердің 



және  басқа  әскери  құрамдардың  және  Респу-

блика  әскерлерінің  лауазымды  тұлғалары, 

сондай-ақ 

жауапты 


мемлекеттік 

лауазым-


да  отырған  тұлғалар  болып  табылады.  ҚР  ҚК 

307-бабына  берілген  қосымшаға  сәйкес,  лауа-

зымды  тұлғалар  болып  тұрақты,  уақытша  неме-

се  арнайы  құзыреттікпен  билік  өкілдігінің 

міндетін  атқарушы  немесе  мемлекеттік  орган-

дарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, 

әскери күштерде және басқа әскери құрамдарда 

және  Республика  әскерлерінде  ұйымдастыру-

билік  жүргізу  немесе  әкімшілік-шаруашылық 

міндеттер атқарып отырған тұлғалар есептеледі. 

Жауапты  мемлекеттік  лауазымға  ие  тұлғалар 

болып  ҚР  Конституциясы,  Конституциялық 

және  ҚР  басқа  заңдарымен  мемлекет  міндетін 

және  мемлекеттік  органдар  құзыретін  тікелей 

орындау  үшін  белгіленген  тұлғалар  есептеледі, 

сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға 

сәйкес  мемлекеттік  қызметшілердің  саяси 

лауазымдарына  ие  тұлғалар.  ҚР  мемлекеттік 

қызмет  туралы  заңнамаға  сәйкес  мемлекеттік 

міндеттерді  орындауға  өкілденген  адамдарға 

лауазымды  тұлғалар,  Парламент  және  мәслихат 

депутаттары,  соттар  және  барлық  мемлекеттік 

қызметшілер  жатады.  Мемлекеттік  міндеттерді 

орындауға өкілетті адамдарға теңестіріледі:

-  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына 

сайланған тұлғалар;

заңмен 


белгіленген 

тәртіппен 

ҚР 

Президенттігіне,  ҚР  Парламенті  депутаттығына, 



сондай-ақ  жергілікті  өзін-өзі  басқару  сай-

лау  органдары  мүшелігіне  үміткерлер  ретінде 

тіркелген азаматтар;

-  еңбекақылары  ҚР  мемлекеттік  бюджет 

қаражатынан 

төленетін 

жергілікті 

өзін-өзі 

басқару органдарында тұрақты немесе уақытша 

жұмыс істейтін қызметшілер;

-  мемлекеттік  ұйымдарда  және  жарғы  капи-

талында  мемлекет  үлесі  отыз  бес  пайыздан 

кем  емес  мемлекеттік  ұйымдарда  басқару 

міндеттерін орындайтын тұлғалар.

Заң  сыбайлас  жем қорлықтың  әлеуметтік 

теріс  құбылыс  ретіндегі  ұғымы  мен  мазмұнын 

ай қын дап,  оған  қарсы  заңнаманың  тұтастай 

бір  жүйесін  қалыптастыруға  мүмкіндік  берді. 

Сонымен 

бірге, 


сыбайлас 

жем қорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  туралы  жаңа  заң  әзірлеу 

қажеттігі  туындап  отыр.  Жаңа  заң  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  ұлттық  заңнаманың 

негізіне айналады.

Халық  өздерінің  құқықтарын,  өздеріне  қарсы 

қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған 

жағдайда  қандай  іс-қимыл  қолдану  керектігінің 

нақты жолдарын толық білулері қажет.

Сыбайлас  жемқорлықпен  күрестің  басты 

бағыты - оның  алдын  алу,  яғни,  оның  себептері 

мен  шарттарына  ықпал  жасау  болуы  керектігін 

ескерген жөн.

Елбасымыз 

Н. 


Ә. 

Назар баев 

атап 

айтқандай, «Сыбайлас  жемқорлықпен  күрес 



қылмыскерлерді  жа залау  жөніндегі  табанды 

шаралар ғана емес. Бұл - мемлекет пен қоғамның 

күн де лікті  жұмысының  тұтас  кешені»  болып 

табылады.  Сол  себепті  әрбір  Қазақстан  Рес-

публикасының  азаматы  сыбайлас  жем қор лыққа 

жол бермеуге міндетті.



Р. ШАКУАНОВ,

Бұланды аудандық сотының төрағасы.                                                                           

Сыбайлас жемқорлыққа жол

бермеу – мемлекет пен қоғамның 

біртұтас міндеті

Мемлекеттік  тіл-аса  маңызды  да  ең  өзекті  мәселе,  тіл-қазақтың  жан  дүниесі,  рухани  негізі,  ел 

еркіндігі  мен  ұлтты  танытатын  тіл.  Мемлекеттік  тілді  білу-өмір  талабы,  заман  сұранысы,  қоғам 

қажеттілігі.

Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  тілді  білу-мемлекеттік  қызметкерлердің  ең  басты  біліктілік  талабы-

на айнала бастады. Тіл ұлттың жаны. Ал ұлттардың болашағы оның ана тілі. Тіл-халықпен бірге өмір 

сүріп, дамиды. Әр халықтың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Назарбаев халықтың болашағы тура-

лы тереңнен толғай отырып, мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана 

тіліміздің болашағы деген болатын. 

 

 



 

 

 



Ұлттық  тіл-тіл  арқылы  тәрбиеленеді.  Тіл  апталығына  байланысты  «Балдырған»  мектеп-

балабақшасында әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ «Отбасы-бір шаңырақ астында» 

атты  суреттер  сайысы, «Сүйемін  туған  тілді,  ана  тілін», «Қазақ  тілі-анам  тілі»  атты  сынып  сағаттары 

өткізілді. Оқушылар барлық іс-шараларға белсене атсалысып, қызығушылық танытты. Алдағы уақытта 

да осындай мерекелерге ат салысамыз деген ойдамыз.

«Балдырған» мектеп-балабақшасы бастауыш сынып мұғалімдері.

Қазақ тілі- анам тілі

Жұмыс атауы



Орындалу мерзімі

Өтетін орыны



1

Қарттар  және  мүгедектер  Күніне  арналған 

мерекелік іс-шара. 

Ауылшаруашылық  жәрмеңке    «Күз 

сыйы» 

1 қазан  

    11.00. сағ 

Макинск қаласы, Балуан Шолақ атындағы ста-

дион

2

Ауылшаруашылық 

жәрмеңкесі 

ауыл 


округтерінде 

3 қазан


Айнакөл а/о, Амангелді а/о,  Вознесенка а/о,  

Даниловка  а/о,  Ерголька  а/о,  Журавлев-

ка

 

а/о,  Капитоновка  а/о,  Карамышевка  а/о, 



Қараөзек а/о,  Никольск а/о, Новобратск а/о

3

 Бұланды МӘМ клиенттерімен кездесу

01 қазан в 12  сағ.

Бұланды  медициналық әлеуметтік мекемесі



4

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларға  арналған 

қайырымдылық концерті 

3 қазан 11.00.сағ.

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қысқа 

мерзімді келу кабинеті 



5

Аудан 


әкімінің 

қатысуымен 

еңбек 

ардагерлерімен, 



зейнеткерлермен, 

мүгедектермен,  аз  қамтылған    отбасылар-

мен кездесу.

08 қазан 

15.00-16.00 с

16.30 -17.30 с 



Степгеология кенті

№ 2 ОМ 



Тас Карьері кенті, аула клубы

6

Купчановка ПМӘМ клиенттерімен кездесуді 

ұйымдастыру.

10 қараша 11.00 сағ. Купчановка ПМӘМ



7

  Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қысқа 

мерзімді  күндізгі  кабинетінде  спорттық  іс- 

шаралар 


10 қазан 

12.00 с 


Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  қысқа 

мерзімді кабинетінде



8

Аудан 


әкімінің 

қатысуымен 

еңбек 

ардагерлерімен, 



зейнеткерлерімен, 

мүгедектермен,  аз  қамтылған    отбасылар-

мен кездесу.

13 қазан 

15.00-16.00 сағ. - 

16.30 -17.30сағ. 

14 октября 

с 15.00- 16.00.сағ  



Темір жолдың арғы бөлігі 

№ 5 ОМ 



Балуан Шолақ № 4 ОМ

Заводской кенті № 3 ОМ

9

 Еңбек ардагерлерінің қатысуымен ритимтік 



гимнастика    «В  здоровом  теле  здоровый 

дух»  атты топтық көше флешмобы

17 қазан 10.00 сағ.

Балуан Шолақ атындағы стадион



10

Ұлы 


Отан 

соғысы 


ардагерлерінің, 

зейнеткерлердің, 

мүгедектердің 

қатысуымен спорттық шаралар: шахматтық-

шашкалық тур, дартс, армрестлинг өткізу.

24  қазан  және 29 

қазан

 БЖСМ 


11

Мүгедектер,  қарттардың  және  әлеуметтік 

қызмет алушы тұлғаларға, амбулаториялық 

тексеріс жүргізу және ұйымдастыру.

Айлық бойы 

Аудандық емхана 



Бұланды ауданында мүгедектерге жəне қарт адамдарға əлеуметтік 

қолдау көрсету бойынша айлық іс-шарасын жүргізу 

ЖОСПАРЫ

Сұңғақ  бойлы,  бар  мейірімі 

көзінде тұнып тұратын қаламыздың 

байырғы  тұрғыны,  бүкіл  саналы 

ғұмырын  МАИ  қызметіне  арнаған 

азаматтың  шаңырағында  әңгімеміз 

жалғасын тапты.

Санат 



Әужанұлы, 

қауіпті 


де  жауапкершілігі  зор,  ерекше 

қырағылықты  қажет  ететін  осы 

мамандықты таңдауыңыздың басты 

себебі не болып еді?

-  Балдай  тәтті  балалық  шағым 

қаламыздағы  В.  В.  Куйбышев 

атындағы  көшеде  өтті.  Осы  кең  әрі 

ескі көшемізде жиі естілетін автокөлік 

дыбысы,  жүк  машиналарының  үні 

жастайымнан  құлаққа  таныс.  Мен 

білетін адамдардың басым көпшілігі 

темір тұлпарды тізгіндегендер бола-

тын. Осындай жайттер автокөлік ма-

маны болуыма әсерін тигізген болуы 

мүмкін.

Ол 1971 жылы  қаламыздағы 



№ 1 орыс  тілді  орта  мектепті 

тәмамдап,  тұрмыс  қажетін  өтеу 

комбинатына  ағаш  шебері  бо-

лып 


жұмысқа 

орналасады. 

Еңбекке  икемі  бар  жасөспірім  үй 

тұрмысына  қажет  орындық,шкаф, 

терезе,  есік  рамаларын  жасап 

шығаруды 

қиындықсыз 

игеріп, 


күнделікті  жоспарын  үзбей  орын-

дады. 1973 жылы  әскер  қатарына 

алынып  Германиядағы  Неуруппин 

қаласында  орналасқан  әскери 

әуе  күштері  әскери  бөліміндегі 

старт  беру  командалық  пункт 

басқарушысы 

болып 


әскери 

міндетін  абыроймен  өтеп  орал-

ды. 1975 жылы 

Ақмоладағы 

автокөлік 

техникумының 

тех-

ник-механик 



бөліміне 

оқуға 


түсті.  Студенттік  жылдар  жастық 

шағының  көңілді  де  қуанышты 

кезеңіне  айналды.  Техникумдағы 

жастар 


оның 

маңына 


жақын 

жүретін. Көпшілікпен жұмыс істеуге 

бейімдігін байқаған басшылық оны 

студенттер  кәсіподақ  комитетінің 

төрағасы  міндетіне  тағайындайды. 

Осы жылдар қаладағы білім орда-

лары арасында спорттық сайыстар 

өткізу,  тұрмысы  төмен  студенттер-

ге  материалдық  көмек  көрсету, 

туристік жолдамалар бөлу, мәдени 

ошақтарға  ұжымдық  жорықтар 

ұйымдастырып,  қызықты  кезде-

сулер  өткізуге  белсене  араласты.  

Өзі  қатысатын  домбыра  оркестрі 

қаланың оқу орындары арасындағы 

байқауда 

бірнеше 

мәрте жүлделі орын-

ды 

жеңіп 


алды. 

Зымырап 


жылжып 

студенттік  өмір  де 

өте шықты.

Арнаулы  жолдама-

мен дипломды маман 

Бұланды  ауданы  ішкі 

істер  бөліміне  жол-

патруль 


қызметінің 

инспекторы болып ор-

наласты.  Осылайша, 

ұжымның 


қайнаған 

еңбек  өмірінің  қызу 

ортасына кірді. Құқық 

қорғау  қызметкерлері 

жас  маманды  ба-

уырына 


тартып, 

қамқорлық  көрсетті. 

Еңбек  жолын  енді 

бастаған  оған  жол 

үстіндегі    жұмыс  жеңіл  болмады, 

қиындықсыз  атқарылмады.  Оның 

еңбек  үстінде  шыңдалып,  төселе 

түсуіне  тәжірибелі  әріптестері,  жа-

стар  тәлімгерлері  В.  Пушкарь,  А. 

Мелешенко және В. Галкин ақыл ай-

тып, аянбай көмектесті.

Автожол  десек  көз  алдымызға 

ілгері-кейін әртүрлі жылдамдықпен 

жүретін  автомобильдер  елестейді. 

Солардың 

қауіпсіз 

қозғалысы 

үшін  ауа  райының  суығы,  аптаған 

ыстығы  және  нөсерлі  жаңбырына 

қарамай 


ауданымыздың 

МАИ 


қызметкерлері  қатарында  жол  по-

лициясы  аға  сержанты,  автокөлік 

аға  инспекторы  Аринғазинов  Са-

нат Әужанұлы 25 жыл үзбей еселі 

еңбек атқарды.

Әрбір жұмыс күнінде қалыптасқан 

жағдайға байланысты терең талдау 

жасап,  жол  апатын  болдырмаудың 

алдын-алу  шараларын  белгілейді. 

Осы  мақсатта  ол  күн  сайын 

кәсібилігін шыңдап жүруге бар күш-

жігерін  салып  келді.  Ол  үшін  авто-

инспектор  жұмысының  негізгі  тірегі-

тәртіп  болды.  Өзінің  учаскесінде 

қылмысқа қарсы күрес пәрменділігін 

күшейтіп,  оның  әдістерін  жетілдіре 

түсуі  оң  нәтиже  бере  бастады.  Ав-

тожол  бойындағы  ауыр  қылмыстар 

санының  азайғаны  байқалатын. 

Қай  кезеңде  де  істің  тетігін  білікті 

мамандар шешкен. Теориялық және 

практикалық  біліктілігін  шыңдап, 

жетілдіру  мақсатымен  Павлодар 

қаласындағы МАИ қызметкерлерінің 

білімін 

жетілдіру 

курстарын 

бітірді.  Қызмет  барысында  жоғары 

мәдениеттілікті, адамгершілік норма-

ларын қатал сақтау қажет, атқарған 

қызметке  адалдық,  сауаттылықпен 

қарау міндетін әрдайым бұлжытпай 

орындады.

Дегенмен,  уақыт  өткен  сайын 

қылмыс  көріністері  болып  тұрды. 

«Ергольский»  кеңшарында  егін  жи-

нау  науқанына  Әзірбайжан  елінен 

егін  орағына  жүргізушілер  келген 

болатын.  Учаскелік  инспектордың 

жол 


қауіпсіздігіне 

бақылу 


жа-

сау  ағаттығын  пайдаланған  ұлты 

Әзірбайжан  автожүргізуші  жүк  ма-

шинасымен 

мас 

қалпында 



қараңғы 

түнде жаяу жүргіншіні 

қағып  кетіп  өмірін 

қиған 


қайғылы 

оқиға  болды.  Осы 

жайлы 

хабарла-


ма  алысымен  МАИ 

аға  инспекторының 

оперативті 

және 


жедел 

әрекетінің 

н ә т и ж е с і н д е 

жүргізуші-қылмыскер 

қала 

көшелерінде 



жасырынып 

жүрген 


жерінде 

ұсталып, 

тергеу 

органда-


рына 

апарылды. 

Осындай 

білікті 


қимылдар 

оның 


шеберлігін  шыңдай 

түскені  анық.  Ерлікке 

толы  еңбек  майданында  ол  кәсіби 

іскерлік  үлгісін  талай  мәрте  жа-

сады.  Өз  өміріне  қауіп  төнгеніне 

қарамастан 

қатерлі 

қылмыспен 

күрестің  алдыңғы  шебінен  көрінді. 

Өткен  өмірінде  үлкендердің  үлгісін 

ұстанып,  жақсылардан  сабақ  алған 

МАИ  аға  инспекторы  еңбек  үстінде 

адам  бағасын  білетін,  жақсылық 

пен  жаңалықты  жақтайтын  маман 

қызметкер атанды.

Жалғыз 



құқық 

қорғау 


органдарының 

араласуымен 

қылмысты  біржола  жеңіп  шығу 

мүмкін  емес.  Ол  үшін  барлық 

қоғамдық 

ықпалды 


күштер 

біріктірілуі 

тиіс. 

Қылмысқа 



тосқауыл қоюда көпшіліктің көмегі, 

қолдауы қажет - дейді МАИ аға ин-

спекторы,  бүгінгі  зейнеткер  С.  А. 

Аринғазинов. Бүгінде осы ардақты 

азамат  қызмет    өтеген  мекемеде 

өз ісі мамандарының жаңа жас бу-

ындары  өсіп  шықса,  оның  бәрінде 

бұрынғы  жастар  тәлімгерінің  де 

үлесі бар.

Өмірі 


еңбекпен 

өрнектелген 

кейіпкеріміздің  өткерген  ісі  бірнеше 

медальдар, «Әскери  әуе  күштері 

ұызметінің 

үздігі» 


төс 

белгісі, 

бағалы  сыйлықтар  және  барлығы 

он  екі  материалдық  қолдаулармен 

марапатталды.  Оның  өмірі  талай 

жастарға үлгі-өнеге боларлық.

Қазақ  табиғатынан  әнші,  күйші 

әрі 


тойшыл 

халық. 


Осындай 

қасиеттер  оның  бойына  ерте 

қалыптасты. 

Үйіндегі 

домбы-

ра,  гитара,  гармонда  ойнап,  осы 



аспаптардың  сүйемелдеуімен  кел-

ген  достары  мен  қонақтарына  ру-

хани  азық  сыйлайтын  өнері  және 

бар.  Алдында  малы,  басында 

еңселі  үйі  мен  бау-бақшасы  бар 

үлгілі  отбасы  жазда  тынымсыз 

еңбек  етеді.  Сүт,  ет  және  көкөніс 

өнімдері  дастархандарынан  арыл-

майды. Сүйіп қосылған жұбайы Ра-

хымжанова  Мәраш  Бекетайқызы 

екеуі  отбасы  рахатының  дәмін 

еркін  татып,  жоғары  білімді  екі  ер 

және екі қыз бала тәрбиелеп өсірді 

және  немерелер  сүйді.  Мәраш 

теміржол 

вокзалының 

кассирі. 

Осы  мамандықтан  бақытын  тау-

ып,  қазір  де  осы  салада  еңбегінің 

көрігін  қыздырып  жүрген  қадірлі 

ана.

Адамдардың отбасында бір-біріне 



деген пейілі, ықыласы жарасым тап-

са,  ізгіліктің  және  баянды  бақыттың 

салтанат  құрғаны.Аринғазиновтар 

отбасы осы айтылғандарға сай жан-

дар. 



  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал