Құрметті оқырмандар! Назарларыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік



жүктеу 138.05 Kb.

бет1/7
Дата02.04.2017
өлшемі138.05 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

ЖЫЛДЫҚ 
ЕСЕП
2010

Құрметті оқырмандар!
Назарларыңызға «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік 
қоғамының 2010 жылға арналған жылдық есебін ұсынамыз.
АЛғЫ Сөз

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2010
4
Өткен  жыл  республикада  экономикалық  өсу  қарқынын 
қалпына  келтіру  үшін  маңызды  жыл  болды.  Мемлекет 
қабылдаған шаралар экономикадағы күйзеліске жол берме-
уге  және  компанияларға  дағдарыс  кезеңінің  қиындықтарын 
еңсеруге мүмкіндік берді.
Әлемдік  энергетикалық  нарықтардың  өсуіне  орай 
«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы  2010  жылы  өзінің 
өндірістік  қызметінің  қаржылық  көрсеткіштерін  жақсартты. 
Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі шамамен 22 мил-
лион тоннаны құрады. Сұйық көмірсутегілерін өндірудің жал-
пы республикалық көлемдегі компанияның үлесі 28 пайызға 
дейін өсті. Компанияның қорытынды пайдасы үш есеге жуық 
өсті, қаржылық тұрақтылығы артты. 
Компания  мемлекеттік  бюджетті  толықтырудың  негізгі 
көздерінің бірі болып отыр. 2010 жылы «ҚазМұнайГаз» компа-
ниялары тобының республика бюджетіне төлеген салықтары 
мен төлемдерінің үлесі – 2,9 миллиард доллардан артық. Бұл 
мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің төрттен бір бөлігі және 
бюджетке төленетін барлық салық түсімдерінің үштен біріне 
жуық. Республиканың Ұлттық қоры 70 пайызға топ түсімдері 
есебінен құралады. 
Компанияның 
ресурстық 
базасын 
арттырудың 
стратегиялық  бағытына  сәйкес  Қазақстанның  Мұнай 
және  газ  министрлігімен  Атырау,  Ақтөбе  және  Маңғыстау 
облыстарындағы  бірқатар  барлау  келісімшарттарына  қол 
қойылды. Құрлықта – Лиман блогінде және теңізде – Н бло-
гында  барлау  бұрғылаудан  оң  нәтижелер  алынды.  Имашев 
газ-конденсатты кен орны, Солтүстік Каспий жобасы бойын-
ша бірқатар маңызды келісімдер жасалды. 
Өсіп  отырған  өндіру  көлемдері  мұнайды  экспортқа  та-
сымалдау  бағыттарын  әртараптандыруды  талап  етеді. 
Осыған  байланысты  Каспий  құбыр  арнасы  консорциуымы 
акционерлерінің  КҚК  мұнай  құбырын  кеңейту  жобасының 
қаржы-экономикалық  және  техникалық  параметрлері  бой-
ынша түпкілікті шешімін аса қанағатпен атап өтуге болады. 
Кеңейту жобасын іске асыру 2015 жылға қарай қазақстандық 
мұнайдың  батыс  бағыттағы  экспортының  көлемін  жылына 
52,5  миллион  тоннаға  дейін  біртіндеп  ұлғайтуға  мүмкіндік 
береді. Шығыс бағытта Қытайға мұнай тасымалдау жоспар-
лы түрде жүзеге асырылып жатыр. Атасу-Алашаңқай мұнай 
құбыры бойынша 2010 жылы 10 миллион тоннадан аса мұнай 
тасымалданды. 
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік 
бағдарламасын іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» Аты-
рау МӨЗ-ді жаңғыртумен қатар хош иісті көмірсутегін өндіру 
жобасын  жүзеге  асыруда.  Хош  иіс  кешені  Қазақстанның 
мұнай-газ  саласы  үшін  негізгі  өнім  –  бензол  мен  парак-
силол  шығаруды  алғаш  рет  бастауға  мүмкіндік  береді. 
ҮИИДМБ  шеңберінде  Қазақстан  Республикасын  жоғары 
сапалы  жол  битумдарымен  қамтамасыз  ету  мақсатында 
АЛғЫ Сөз
Тимур Асқарұлы ҚҰЛыБАев
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 
төрағасы
Қайыргелді Мақсұтұлы ҚАБыЛДИН
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы

5
жол битумдарын шығару зауытын салу жобасы іске асыры-
луда.  Жол  битумдарын  шығару  зауытының  қуаты  жылына 
400 мың тоннаны құрайды. Индустриялық-инновациялық да-
му  бағдарламасының  тағы  бір  іске  асырылатын  жобасы  - 
Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу жобасы. Ұзындығы 
1475  км  газ  құбыры  Маңғыстау,  Ақтөбе,  Қызылорда  және 
Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  арқылы  өтетін  болады.  Жо-
баны  іске  асыру  республиканың  оңтүстік  өңірлеріндегі  газ 
қажетін қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешуге, импорт 
газға тәуелді болмауға және Қытай бағытында жаңа экспорт 
бағытын ашуға мүмкіндік береді. 
Каспий  теңізі  қайраңындағы  көмірсутегі  ресурстарын  та-
бысты игеру үшін жағалауда қуатты сервистік инфра құры лым-
ның болуы қажеттігін түсіне отырып, «ҚазМұнайГаз» Түпқа ра-
ған шығанағындағы Баутино кентінде теңіз мұнай операция-
ларын  қолдау  базасының  алдыңғы  кезектегі  объектілерін 
құ ру ды аяқтады. 2010 жылы Каспий теңізі қазақстандық сек-
торы ның жағалау жиегін дамытудың кешенді жоспары өзек-
тіленді. Компания қажеті үшін әуе кемелері сатып алынды. 
 «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының сатып алуындағы 
қазақстандық  үлестің  өсуін  қамтамасыз  ету,  сондай-ақ 
отандық  мұнай-газ  машина  құрылысын  одан  әрі  дамытуға 
жәрдемдесу 2010 жылы жұмыстың басымдық бағыттарының 
бірі болды. «ҚМГ» компаниялары тобы бойынша тауарларды, 
жұмыстар мен қызметтерді сатып алу шарттарының сомасы 
1,6  триллионнан  аса  теңгені  құрады.  Компания  мамандары 
отандық бизнес өкілдерімен тұрақты байланыста. Тауарлар-
ды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарлары ҚМГ 
топтарының  корпоративтік  сайттарына  ұдайы  орналасты-
рылады.  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ-тың  Қазақстан  Республика-
сында мұнай-газ машина құрылысын дамытуға жәрдемдесу 
бағдарламасын»  ерекше  атап  өткен  жөн.  1998  жылы  алғаш 
Бағдарлама  іске  асырыла  басталғаннан  бері  қазақстандық 
зауыттар  аса  ірі  позициялар  бойынша  300-ден  аса  жабдық 
атауларын  шығаруды  меңгерді.  Бірқатар  атаулар  бойынша 
қазақстандық  өнім  үлесін  100  пайызға  дейін  жеткізуге  қол 
жетті. 2010 жылы Бағдарламаға мұнай-газ кешеніне арналған 
тауар  өнімін  өндіруші  52  қазақстандық  кәсіпорын  тартыл-
ды.  Олардан  28  миллиард  теңгеден  аса  сомаға  мұнай-газ 
жабдығы, техника және материалдар сатып алынды. 
ҚМГ-нің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
саясатына  сәйкес  қызметшілерді  және  халықты  қорғау, 
тұрақты  даму  үшін  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету негізгі басымдық бағыттар болып табылады. Компанияда 
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2006-2015 жылдарға арналған кешенді 
экологиялық  бағдарламасы»  қолданылады,  оның  негізгі 
міндеті – жалпы ҚМГ компаниялары тобы бойынша табиғатты 
қорғауға  жүйелі  көзқарасты  қамтамасыз  ету.  Бағдарлама 
табысты  іске  асырылуда.  2010  жылы  қызметтің  басымдық 
бағыттарына  сәйкес  табиғатты  қорғау  іс-шараларына 
түзету  енгізілді.  Кен  орындарында  игерілетін  ілеспе  мұнай 
газын кәдеге жарату және газды алауға жағуды тоқтатудың 
үкіметтік бағдарламасын іске асыру бойынша үлкен жұмыс 
жүргізілді. 
Халықаралық  қағидаттар  мен  стандарттарға  сәйкес 
корпоративтік  басқаруды  жетілдіру  және  қызметтің 
ашықтығын  арттыру  жұмыстары  жалғасуда.  «ҚазМұнайГаз» 
–  бизнесті  тұрақты  даму  қағидаттарымен  жүргізуді  на-
сихаттайтын  БҰҰ  аясындағы  ұйым  –  Ғаламдық  шарттар-
да  келтірілген  жалғыз  мұнай-газ  секторы  компаниясы. 
Тәуелсіз  директорлардың  қазақстандық  қауымдастығымен 
бірге Ratings РҚОА жүргізген веб-сайттар рейтингіне сәйкес 
«ҚазМұнайГаз» корпоративтік сайты Қазақстанның 500 компа-
ниясы арасында ең жоғары балл жинап, «Үздік корпоративтік 
сайт»  номинациясында  жеңімпаз  болып  танылды.  «Сенім-
2010»  байқауында  «ҚазМұнайГаз»  «Үздік  басқарушы-жұмыс 
беруші компания» номинациясында жеңімпаз атанды.
ҚМГ-нің 
корпоративтік 
әлеуметтік 
жауапкершілік 
және  мүдделі  тараптармен  өзара  қарым-қатынастар 
саласындағы  стратегиясы  ұзақ  мерзімді  және  өзара  тиімді 
ынтымақтастықты  қамтамасыз  етуге,  республика  өңірлерін 
әлеуметтік-мәдени  және  әлеуметтік-тұрмыстық  дамытуға 
бағытталған  аса  өзекті  және  әлеуметтік  маңызды  жо-
баларды  қолдауға,  халықтың  әлеуметтік  осал  жіктерін 
қолдауға, сондай-ақ жалпы мемлекеттің және жеке алғанда 
Компанияның абыройын арттыру мақсатында республикалық 
және  халықаралық  деңгейдегі  іс-шараларды  іске  асыруға 
бағытталады.  Компания  әлеуметтік  салаға  аударымдары 
бойынша бизнес-орта көшбасшысы болып отыр. 2010 жылы 
«ҚазМұнайГаз» және оның еншілес және тәуелді ұйымдары 10 
миллиард теңгеден аса сомаға демеушілік (қайырымдылық) 
көмек көрсетті. 
Оң  қызмет  нәтижелері  компанияның  рейтінгі  мен 
халықаралық  мәртебесін  арттыруға  ықпал  етеді.  Мұнай-
газ  саласындағы  беделді  «Energy  Intelligence»  рейтингілік 
агенттігінің  бағалауынша  2010  жылғы  қызметінің  негізгі 
қорытындылары  бойынша  «ҚазМұнайГаз»  2009  жылғы  41-
орнынан 5 позицияға көтеріліп, әлемнің аса ірі 100 мұнай-газ 
компаниясы арасында 36 орынға ие болды. 
Жалпы  алғанда,  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ-тың  әлемдік 
экономикалық  рецессияның  теріс  салдарын  еңсерудегі 
қаржы-өндірістік қызметінің нәтижелерін атай отырып, 2010 
жылдың қорытындыларын оң бағалауға болады.
«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  мұнай-газ  компаниясының 
Қазақстан  мұнай-газ  саласының,  сондай-ақ  мемлекет  эко-
номикасы  мен  тұрмыс-тіршілігінің  басқа  да  салаларының 
тұрақтылығы  мен  оларды  дамытудағы  рөлі  мен  маңызын 
түсіне  отырып,  ұжым  өз  күш-жігерін  барлық  қызмет 
түрлері  салаларындағы  жұмыс  тиімділігін  арттыруға  және 
халықаралық  сыныптағы  тиімділігі  жоғары  мұнай-газ  ком-
паниясы ретінде компанияның стратегиялық келешегін іске 
асыру үшін қажетті жағдайлар жасауға бағыттайды.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 
Директорлар кеңесінің төрағасы 
Т.А. Құлыбаев
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ 
Басқарма төрағасы 
Қ.М. Қабылдин

МАзМҰНЫ
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ САТУ
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАз 
ТАСЫМАЛДАУ
өҢДЕУ
МҰНАЙ МЕН ГАзДЫ 
БАРЛАУ ЖӘНЕ өНДІРУ
8
44
50
34
22
КОМПАНИЯНыҢ ҰЙыМДыҚ 
ҚҰРыЛыМы
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ 
ДИРеКТОРЛАР КеҢеСІ
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМАСы
НеГІЗГІ ҚАРЖыЛыҚ КӨРСеТКІШТеР
НеГІЗГІ ӨНДІРІСТІК КӨРСеТКІШТеР
2009 ЖыЛҒы 31 ЖеЛТОҚСАНДАҒы 
ЖАҒДАЙ БОЙыНША «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ 
ТОБы АКТИвТеРІНІҢ ҚҰРыЛыМы
СТРАТеГИЯЛыҚ МАҚСАТТАР
ИНТеГРАЦИЯЛАНҒАН БАСҚАРУ ЖҮЙеСІ
МҰНАЙ ЖӘНе МҰНАЙ ӨНІМДеРІ
ГАЗ
МҰНАЙДы МАГИСТРАЛДыҚ МҰНАЙ 
ҚҰБыРЛАРыМеН ТАСыМАЛДАУ
МҰНАЙ ЖеТКІЗУДІҢ ЭКСПОРТТыҚ 
БАҒыТТАРыН ДАМыТУ
Қазақстан Каспий Тасымалдау Жүйесі
Каспий Құбыр Арнасы Консорциумы
Қазақстан-Қытай мұнай құбыры
МҰНАЙДы ТеҢІЗБеН ТАСыМАЛДАУ
ТАБИҒИ ГАЗДы ТАСыМАЛДАУ 
ЖӘНе ЖеТКІЗУ
ЭКСПОРТТыҚ ГАЗ ҚҰБыРЛАРы ЖОБАЛАРы
Қазақстан-Қытай газ құбыры
Бейнеу-Шымкент газ құбыры
МҰНАЙ ӨҢДеУ
Атырау МӨЗ
Шымкент МӨЗ
Павлодар МХЗ
Мұнай өңдеу секторындағы 
халықаралық қызмет
МӨЗ ДАМыТУ ЖӨНІНДеГІ ЖОБАЛАР
Атырау МӨЗ жаңғырту және қайта жаңарту 
«ПКОП» МӨЗ (Шымкент МӨЗ) 
жаңғырту және қайта жаңарту
Павлодар МХЗ жаңғырту және 
қайта жаңарту
ГАЗ ӨҢДеУ САЛАСыНДАҒы ҚыЗМеТ
МҰНАЙ-ХИМИЯ ЖОБАЛАРы
Ақтау пластикалық массалар 
зауытында жол битумын өндіру
ҚОРЛАР
МҰНАЙ ӨНДІРУ
ГАЗ ӨНДІРУ
ІРІ МҰНАЙ-ГАЗ ЖОБАЛАРыНА ҚАТыСУ
Теңіз жобасы
Солтүстік Каспий жобасы
КАСПИЙ ҚАЙРАҢыНДАҒы ГеОЛОГИЯЛыҚ 
БАРЛАУ ЖОБАЛАРы
ҚҰРыЛыҚТАҒы ГеОЛОГИЯЛыҚ БАРЛАУ 
ЖҰМыСТАРы

СЕРВИСТІК ЖОБАЛАРДЫ 
ДАМЫТУ
ҚАзАҚСТАНДЫҚ 
ҮЛЕСТІ ДАМЫТУ
КОРПОРАТИВТІК
ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖАУАПКЕРШІЛІК
КОРПОРАТИВТІК
БАСҚАРУ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ
2010 ЖЫЛғЫ НЕГІзГІ 
ОҚИғАЛАР
ТӘУЕЛСІз 
АУДИТОРДЫҢ 
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
ШОғЫРЛАНДЫРЫЛғАН 
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
ҚОСЫМШАЛАР
60
64
70
86
96
100
104
108
120
ӘЛеУМеТТІК ӘРІПТеСТІК 
ЖӘНе ДеМеУШІЛІК ҚыЗМеТ
ыНТАЛАНДыРУ ЖҮЙеСІ
КАДР ӘЛеУеТІН ДАМыТУ
еҢБеКТІ ҚОРҒАУ, ҚАУІПСІЗДІК ТеХНИКАСы 
ЖӘНе ҚОРШАҒАН ОРТАНы ҚОРҒАУ
Қоршаған ортаны қорғау
Кешенді экологиялық бағдарлама
Корпоративтік өндірістік экологиялық 
мониторинг жүйесі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
қызметтің басқа да бағыттары
КОРПОРАТИвТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРы
АКЦИОНеРЛеРМеН 
ӨЗАРА ҚАРыМ-ҚАТыНАС
еНШІЛеС ЖӘНе ТӘУеЛДІ ҰЙыМДАРМеН 
ӨЗАРА ҚАРыМ-ҚАТыНАС
ҒАЛАМДыҚ ШАРТы ШеҢБеРІНДеГІ 
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БҰҰ БАСТАМАЛАРы
СыРТҚы АУДИТОР ТУРАЛы МӘЛІМеТТеР
ҚАРЖыЛыҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛы 
ШОҒыРЛАНДыРыЛҒАН еСеП
ЖИыНТыҚ ТАБыС ТУРАЛы 
ШОҒыРЛАНДыРыЛҒАН еСеП
АҚША ҚАРАЖАТыНыҢ ҚОЗҒАЛыСы 
ТУРАЛы ШОҒыРЛАНДыРыЛҒАН еСеП
КАПИТАЛДАҒы ӨЗГеРІСТеР ТУРАЛы 
ШОҒыРЛАНДыРыЛҒАН еСеП
еСеП САЯСАТыНыҢ еЛеУЛІ 
АСПеКТІЛеРІНе ШОЛУ ЖАСАУ
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ ДИРеКТОРЛАР 
КеҢеСІНІҢ 2010 ЖыЛҒы ЖҰМыСы ТУРАЛы 
ҚыСҚАША еСеП
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМАСыНыҢ 
2010 ЖыЛҒы ЖҰМыСы ТУРАЛы ҚыСҚАША 
еСеП
2010 ЖыЛы ЖАСАЛҒАН «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК 
АҚ ЖАСАЛУыНА МҮДДеЛІ МӘМІЛеЛеР

1991
1991 жылдың соңында ресупбликаның мемлекеттік 
басқару құрылымындағы өзгерістермен қатар 
Қазақстанның энергетикалық секторын басқаруда 
да өзгерістер болды. Сала Қазақстан Республикасы 
Энергетика және электрлендіру министрлігінің және ҚР 
Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің иелігіне 
берілді.

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2010
10
«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы  –  Қазақстанның  мұнай-
газ  саласындағы  мемлекеттің  мүдделерін  білдіретін  көмір-
сутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі 
қазақстандық  ұлттық  оператор.  Акцияларының  100%-і 
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі.
«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамы 
Қазақстан  Республикасы  Президентінің    Жарлығы  негізінде 
«Қазақойл»  ұлттық  мұнай-газ  компаниясын  және  «Мұнай 
және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру арқылы 
құрылды.
Ұлттық  мұнай-газ  саласын  дамытуға  қатысудан  Қазақстан 
Республикасы үшін барынша көп пайданы қамтамасыз ету:
Компанияның құнын барынша арттыру, табыстылығын арт-
• 
тыру, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 
халықаралық нарықта бәсекеге қабылетті интеграциялан-
• 
ған мұнай-газ компаниясы ретінде қалыптасу; 
отандық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерді 
• 
қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.
«ҚазМұнайГаз»  —  өндірістік  қызмет  қауіпсіздігінің  жоғары 
стан дарттарына  сәйкес  келетін  халықаралық  сыныптағы 
жоға ры тиімді мұнай-газ компаниясы.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мен газды барлау және өндіру, газ 
тасымалдау  және  маркетинг,  мұнай  тасымалдау,  мұнай  өң-
деу, мұнай-химия және мұнай мен мұнай өнімдері маркетингі 
секторларында  интеграцияланған  өсу,  сондай-ақ  мұнай-
газ  саласына  арналған  сервистік  қызметтер  секторында 
стратегиялық маңызды активтерді іріктеп дамыту стратегия-
сын жүзеге асыратын болады.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мақсаты - 2015 жылға 
қарай әлемнің отыз ірі мұнай-газ компанияларының қатарына 
кіру.
«ҚазМұнайГаз»  ұлттық  компаниясы»  акционерлік  қоғамы 
қызметінің негізгі мәні ретінде мыналар белгіленген:
мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске 
• 
асыруға қатысу;
республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды 
• 
игеруді қамтамасыз ету;
мұнай  және  газ  ресурстарын  пайдалану,  қалпына  келтіру 
• 
және одан әрі арттыру стратегиясын әзірлеуге қатысу;
келісім-шарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мұнай-
• 
газ  операцияларын  жүзеге  асыратын  мердігерлермен 
келісім-шарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру;
Қазақстан Республикасының аумағында мұнай-газ опера-
• 
цияларына арналған байқаулар ұйымдастыруға қатысу;
корпоративтік  басқару  және  көмірсутегілерін  барлау, 
• 
өндіру,  өңдеу,  сату,  тасымалдау,  мұнай-газ  құбырларын 
және мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымын жобалау, са-
лу, пайдалану мәселелері бойынша мониторинг;
заңнамада  белгіленген  тәртіппен  Қазақстан  Республика-
• 
сының  мұнай-газ  операцияларын  жүзеге  асыру  жөніндегі 
ішкі және халықаралық жобаларына қатысу.
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
Міндеті
Пайымдама

11
Компанияның ұйымдық құрылымы 
ДИРеКТОРЛАР КеҢеСІ
БАСҚАРМА
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСы
(СеО)
БАСҚАРУШы ДИРеКТОРЛАР
БАСҚАРУШы ДИРеКТОР – 
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСыНыҢ 
ОРыНБАСАРы
Бизнесті қолдау, стратегиялық даму 
және қазақстандық үлесті дамыту блогы
Ішкі аудит қызметі
Директорлар кеңесінің 
хатшылығы
Барлау және өндіру блогы
Мұнай тасымалдау блогы
Газ жобалары блогы
Бизнесті дамыту блогы
Мұнай өндеу 
және маркетинг блогы
Сервистік жобалар блогы
Ішкі бақылау және тәуекелдерді 
басқару департаменті
Енбекті және қоршаған ортаны 
қорғау департаменті
Адам ресурстарын басқару 
департаменті
Басқарма төрағасының 
хатшылығы
Құқықтық қамтамасыз ету блогы

ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП 2010
12
2010  жылғы  31  желтоқсандағы  жағдай 
бойынша
ҚМГ Директорлар кеңесі 6 мүшеден 
тұрады, олардың 2-і тәуелсіз директор.
Тимур Асқарұлы Құлыбаев ҚМГ 
Директорлар кеңесінің төрағасы болып 
табылады, ол «Самұрық-Қазына» ұлттық 
әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының 
2009ж.21.05 шешімімен, №53/09 хаттама, 
сайланды.
2010 жыл бойы ҚМГ Директорлар 
кеңесінің құрамында мынадай 
өзгерістер болды:
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
• 
ауқат қоры» АҚ Басқармасының 
2010ж.13.08. шешімімен, №47/10 
хаттама, Директорлар кеңесінің 
мүшелері Ғалиаусат Қайырбекұлы 
Кешубаевтың өкілеттігі 2010 жылғы 5 
қаңтардан бастап және 2010 жылдың 
16 маусымынан бастап Болат 
Оралұлы Ақшолақовтың өкілеттіктері 
мерзімінен бұрын тоқтатылды;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-
• 
ауқат қоры» АҚ жоғарыда аталған 
шешімімен жалпы ҚМГ Директорлар 
кеңесі өкілеттіктері мерзімі 
аяқталғанға дейін ҚМГ Директорлар 
кеңесінің мүшесі болып Данияр 
Рүстемұлы Әбілғазин сайланды;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат 
• 
қоры» АҚ Басқармасының 2010ж.01.11. 
шешімімен, №61/10 хаттама, жалпы 
ҚМГ Директорлар кеңесі өкілеттіктері 
мерзімі аяқталғанға дейін ҚМГ 
Жалғыз акционерінің мүдделерін 
білдіруші ретінде ҚМГ Директорлар 
кеңесінің мүшесі болып Нұрлан 
ермекұлы Сауранбаев сайланды.
ҚҰЛыБАев  Тимур Асқарұлы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
1992 жылдан бастап әр түрлі бизнес-құрылымдарды басқарды. 
Қазақстан Республикасының инвестициялар мемкомитетінің 
жобаларды бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының 
директоры,  «Қазақойл»  ұлттық  мұнай-газ  компаниясы» 
ЖАҚ  экономика  және  қаржы  жөніндегі  вице-президенті, 
«ҚазТрансОйл»  ҰМТК  ЖАҚ  президенті,  «Мұнай  және  газ 
тасымалдау»  ұлттық  компаниясы»  ЖАҚ,  «ҚазМұнайГаз» 
ҰК»  АҚ  бірінші  вице-президенті,  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің Кеңесшісі, «Самұрық» мемлекеттік активтерді 
басқару  жөніндегі  қазақстандық  холдингі»  АҚ  Басқарма 
төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2011 жылдың 
12 сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ Басқармасының 
төрағасы  болып  тағайындалды.    «Қазатомөнеркәсіп»  ҰАК» 
АҚ,  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ,  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК»  АҚ, 
«Электр  желілерін  басқару  жөніндегі  қазақстандық  компа-
ния»  АҚ  (KEGOC),  «Самұрық-Энерго»  АҚ  компанияларында 
Директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесіндегі өзінің жұмысы 
үшін сыйақы алмайды.
Өзінің АБН АМРО Банк және кейіннен «Роял Банк оф Скот-
ланд» (RBS) сияқты халықаралық қаржы институттарындағы 
көп  жылдық  жұмысы  ішінде  (25  жылдан  астам)      Куйлаарс 
мырза  Бельгиядағы  корпоративтік  және  инвестициялық 
банк  құралдары  басшысы,  Бразилиядағы  өңірлік  ме-
неджер,  Ресейдегі  және  Аргентинадағы  ел  менеджері, 
Интеграцияланған энергетикалық блоктың ғаламдық басшы-
сы сияқты банк қызметінің маңызды секторларын басқарған. 
Куйлаарс  мырза  сондай-ақ  Ресейде,  Қазақстанда  және 
Өзбекстанда Қадағалау кеңестерінің мүшесі болды. 2001 жы-
лы  Корпоративтік  атқарушы  вице-президент  лауазымына 
тағайындалғаннан кейін, ол Ғаламдық энергетикалық бизнес 
басшылығынан басқа, кейіннен еуропа, Орталық және Шығыс 
еуропа, Таяу Шығыс және Африка елдері жөніндегі атқарушы 
комитеттердің,  сондай-ақ  Корпоративтік  және  инвестиция-
лық банк мүшесі бола отырып, тәуелсіз, халықаралық және  
және  ұлттық  энергетикалық  компанияларда  қаржыландыру, 
бағалы  қағаздарды  орналастыру  және  сатып  алу  саясатын 
айқындап отырды. Куйлаарс мырза энергетикалық нарықтағы 
банк  франчайзингін  дамытудағы  үлесі,  сондай-ақ  әлемдегі 
ең озық энергетикалық франчайзинг түрін енгізгені үшін аса 
жоғары беделге ие болды.
Жылына 100 000 АҚШ доллары мөлшерінде тұрақты сыйақы 
алады.
«ҚАзМҰНАЙГАз» ҰК АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
ҚҰЛыБАев  
Тимур Асқарұлы
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 
Директорлар кеңесінің 
төрағасы
КУЙЛААРС 
Фрэнк К.в.
Тәуелсіз директор

1-ші ерікті зейнетақы қоры Басқармасы 
төрағасының лауазымында болды, қар-
жы вице-министрі, ҚР ҚМ Мемлекеттік 
мүлік және жекешелендіру комитетінің 
төрағасы-вице-министр  болып  жұмыс 
істеді.  «Қазақойл» ҰМК вице-президенті, 
аппарат басшысы, Каспий Өнеркісіптік-
Қар жылық  тобы  бас  директорының 
орынбасары,  «ҚазМұнайГаз»  ҰК  АҚ  
Президентінің  кеңесшісі,  басқарушы 
ди рек торы,  Каспий  Өнеркісіптік-Қар-
жы лық  то бының  бас  директоры, 
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ  Басқармасы 
төрағасының  кеңесшісі  лауазымдарын 
атқарды. 
«KEGOC» АҚ және «Самұрық-Энерго» АҚ 
Директорлар кеңесінің мүшесі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар ке-
ңе сіндегі  өзінің  жұмысы  үшін  сыйақы 
алмайды.
Тағайындаулар жөніндегі комитет
 Төраға: Құлыбаев Т. А. («Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының
 төрағасы, ДК төрағасы)
 Мүшелер: Лэйн П, Куйлаарс Ф. (ҚМГ 
тәуелсіз директорлары)
Сыйақы жөніндегі комитет
Төраға: Құлыбаев Т. А. («Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасының 
төрағасы, ДК төрағасы)
Мүшелер: Лэйн П, Куйлаарс Ф. (ҚМГ 
тәуелсіз директорлары)
Аудит жөніндегі комитет


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал