Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!



жүктеу 1.21 Mb.

бет1/12
Дата17.01.2017
өлшемі1.21 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

9

 №18 (1306)  4 мамыр 

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

 

„



Қарға тамырлы қазақтың абыройын алты алашқа асырып, Жәнібек пен Керей хан тіккен 

шаңырақтан бастау алған бірлік тәуелсіз тірлікке ұласты. Қоңыраулы найзаны қолға 

алып, толарсақтан саз кешкен Исатай мен Махамбеттің ерлігі елдікке жеткізді. Елін сүйген 

ерлердің бүгінгі ұланы Отаны үшін отқа түссе де күймейді. Домбырасының күмбірі кісінеген 

күреңінің күлдіріне ұласқан қазақтың кең байтақ даласы гүлдің жұпарына шомылса, баласы 

күннің шуағына  бөленді. Қыранның қанаты мен тұлпардың тұяғы ғана жеткен тұғырдың  

биігі аласармасын. Керегеміз кең, босағамыз берік. Мәңгілік елдің маңдайына бұйырған 

бейбіт күніміз бен болашағымыз баянды болғай!



 6,7,8,10,11-беттер.

АлАштың Айбыны

 Құрметті Ұлы Отан 



соғысының ардагерлері мен 

тыл еңбеккерлері!

Құрметті әскери 

қызметшілер мен сарбаздар!

Қадірменді тараздықтар!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің 

айбынды мерекесі  Отан қорғаушылар 

күнімен және Ұлы Отан соғысындағы 

Жеңістің 71 жылдығымен шын жүректен 

құттықтаймын! 

Мемлекетіміздің қауіпсіздігіне және 

оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың 

бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс 

күштері кепіл болады. Мемлекет басшысы 

Н.Ә.Назарбаевтың Бас қолбасшы ретіндегі 

қамқорлығының арқасында Қарулы 

Күштеріміздің қуаты артып, айбыны 

асқақтап, заманауи әскери техникалармен 

жабдықталуда. Жыл сайын әскеріміздің 

ұрыс қабілеттілігі артып, қатары білікті 

кадрлармен толығып келеді. Тараз 

қаласында 2000 жылдың қыркүйек айында 

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери 

округі құрылып, қазіргі таңда әскери 

басқарма өңірдегі қорғаныс құрылымының 

кешенін қалыптастырды. Халқымызда 

«ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз 

бар. Отанымыздың бейбітшілігі мен 

тыныштығын қорғау – әрбір ер азаматтың 

қасиетті борышы, перзенттік парызы. Отан 

қорғаушысы қашан да үлгі тұтуға және 

құрметке лайық. 

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат 

тарихының ең қайғылы беттерінің бірі 

болып есептеледі. Осыдан 71 жыл бұрын 

фашистік Германия сақадай сай 190 диви-

зиясымен Кеңес одағының жеріне басып 

кірді. Жер шарының жартысын оқ пен 

от орап, бақандай төрт жылға созылған 

алапат соғыс тарихта өшпес қаралы із 

қалдырды. Елін, жерін қорғауға әрбір 

бесінші қазақстандық қатысты.

 Ел басына күн туғанда біздің ата-

ларымыз батырлықтың өшпес өнегесін 

көрсетіп, ұрыстарда қайталанбас ерліктер 

жасады. Қазақстандық құрамалардың 

жауынгерлік жолы 1941 жылы Мәскеу 

түбінде ең алғаш жауды тойтарудан 

басталып, 1945 жылы Берлинде Ұлы 

Жеңіске жетумен аяқталды. Олар 

Ленинград қаласының маңында, Сталин-

град түбінде, Курск доғасында, Днепр 

жағалауында кескілескен ұрыстарда                             

Украина, Беларуссия, Молдова және 

Балтық мемлекеттерін, бүкіл Еуропаны 

фашизмнің қанды тырнағынан азат етті.  

Бейбіт күнді жақындата түсті. Көпшілігі 

майдан даласында ерлікпен қаза тапты. 

Бірақ олардың есімдері ел есінде мәңгілік 

қалды. Ол ешқашан ұмытылмақ емес!

1945 жылдың 9 мамыры тарихта 

ХХ ғасырдың ең қуанышты күндерінің 

бірі болып қалды. Біздің де бұл күнді 

ұмытуға хақымыз жоқ. Бүгінгі жастарға 

тәрбие ретінде Сіздердің-аға ұрпақтың 

отансүйгіштігі мен ерлігінің өшпес белгісі 

Ұлы Жеңіс мерекесін әрқашанда есімізде 

сақтау - біздің азаматтық  парызымыз.

Бүгін біз, Сіздерге елімізді 

фашизмнің қара тырнағынан аман 

сақтағандарыңыз,соғыстан кейінгі еңбек 

майданындағы еселі еңбектеріңіз бен 

жастарға талмай беріп келе жатқан 

отансүйгіштік тәрбиелеріңіз, қуатты 

да бақуатты Қазақстан Республикасын 

құру жолындағы қажыр-қайратымызға 

әкелік қолдауларыңыз үшін шынайы 

ризашылығымызды білдіреміз. Мереке 

құтты болсын, құрметті ардагерлер! 

Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, баянды 

бақыт тілейміз.

нұржан КАлендерОв,

тараз қаласының әкімі.

      мамыр 

Жеңіс күнімен!

9

 мамыр 

Жеңіс күнімен!


қала-қарбалас

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №18 (1306), 4 мамыр   2016 Жыл  //



ҚАйырымдылыҚҚА ҰлАсҚАн мереКе

 

„

1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі «мамыр» саябағында 



кең көлемде тойланды. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассам-

блеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» 

КММ-і  ұйымдастырған  шараға  аймақ 

басшылары,  этно-мәдени  бірлестіктер,                                                                                                    

жастар  лигасының,  Ақсақалдар  мен 

Аналар  кеңесінің  мүшелері  және  қала 

тұрғындары қатысты.

Шарада  этно-мәдени  бірлестіктердің 

көркемөнерпаз ұйымдарының жетекшілері 

өз  өнерлерін  көрсетіп,  ұлттық  салт-

дәстүрлері  мен  мерекеге  дайындалатын 

ұлттық  тағамдарын  ұсынды.  Сондай-

ақ  саябақта  қолөнер  шеберлерінің 

көрмесі  ұйымдастырылды.  Көрмеде 

бейнелеу  және  қолданбалы  өнердің 

әртүрлі  жанрлары  кеңінен  қамтылған. 

Олар жоғары сапасымен қатар орындалу 

мәнері, дара көркемділігімен ерекшеленді. 

Шеберлердің  айтуынша,  өнер  туынды-

ларын  дайындауда  қазіргі  заманғы  ма-

териалдар  мен  өзіндік  технологияларды 

тиімді  ұштастыруға  тырысқан  екен. 

Облыс  басшысы  Кәрім  Көкірекбаев 

бастаған аймақтың атқамінерлері ұлттық 

тағамдардан  дәм  татып,  шеберлердің 

өнеріне  жоғары  бағасын  берді.  Ол 

сондай-ақ  шараға  жиналған  көпшілікті 

мерекелерімен  құттықтап,  ізгі  тілегін 

жеткізді. 

Саябақтың сахнасында көпшіліктің на-

зарына концерттік бағдарлама ұсынылып, 

мерекелік  көңіл-күй  сыйлады.  Кон-

цертте  қазақ  елін  мекен  еткен  түрлі  ұлт 

өкілдерінің  әні  шырқалып,  би  биленді. 

Мерекелік шара барысында сахна жанына 

қайырымдылық  акциясының  жәшігі  ор-

натылып, қолы ашық азаматтар  көмекке 

Діңгегі - достық, шаңырағы - шаттық. 

 Суреттерді түсірген Н.Нұрлыбайұлы

зәру жандарға қол ұшын созды. Шараның 

соңында арнайы комиссия мүшелері түскен 

қаражатты  санап,  Жамбыл  ауданының 

орталығы  Аса  ауылында  тұратын  Давлат 

Абдиғафуровқа беретін болып шешті. 1999 

жылы  туылған  ол  бұлшық  ет  ауруының 

2-деңгейімен ауырады екен. Бүгінде Дав-

лат  Б.Момышұлы  атындағы  мектептің 

11-сынып  оқушысы.  Қайырымдылық  ша-

расынан түскен қаржы ендігі жерде Давлат 

Абдиғафуровтың  ем-домына  жұмсалатын 

болады. 


Түрлі  ұлт  өкілдерінің  басын  бір  арнада 

тоғыстырып,  өнерлерін  өрге  жүздірген 

мерекелік  шара  келушілердің  көңілдерін 

көтеріп,  марқайтты.  Түрі  басқа  болса  да, 

жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір 

ұлттың ортақ мейрамы халықтық серуенге 

ұласты.

 

„

Өткен жылы Қр денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі 



ақ халаттылардың рұқсатынсыз сатып алуға болатын дәрілік заттардың 

санын қысқарту туралы  шешім қабылдаған болатын. Осыған орай, сәуір 

айының ортасынан бастап,  қаладағы дәріханаларда антибиотиктер тек 

дәрігерлердің тағайындауымен ғана сатыла бастады.

дәрі-дәрмек халыққа қолжетімді болуы тиіс

Индира БАЙҚОНЫС

Бұл ретте халық министрліктің мұндай шешіміне 

уақытында  құлағдар  болмай,  абдырап  қалғаны 

жасырын  емес.  Сондықтан  басы  ауырып,  бал-

тыры  сыздаған  жандар  дертіне  шипа  беретін 

дәрі-дәрмекке қолдары жетпей, наразылықтарын 

да  білдіріп  отыр.    Қоғамда  дүрбелең  туғызып 

отырған жайтқа байланысты, 2016 жылы 18 сәуірде 

Тараз қалалық мәслихатының №2-3 шешімімен 

бекітілген, қала әкімдігі жанындағы өзін-өзі басқару 

аумақтық кеңесінің құрамы алқалы жиын өткізді. 

Аталған мәселе бойынша қала әкімдігі жанындағы 

өзін-өзі  басқару  аумақтық  кеңестің  төрағасы 

Балабек Нарбаев пен Қоғамдық кеңес төрағасы 

Қаржаубай Бекболатов төрағалық етіп, сала маман-

дары тиісінше жауап беруге тырысты. 

Басқосуды  ашып,  жүргізген  Қаржаубай 

Бекболатұлы  дәріханаларда    ақ  халаттылардың 

рұқсатынсыз сатып алуға болатын дәрілер санының  

қысқартылуы туралы шешім шыққан күннен бастап, 

өңірдегі денсаулық сақтау саласының мамандары 

ел ішінде түсіндіру жұмыстарын дер кезінде қолға 

алмағандығын сын тезіне алып, осы мәселенің 

мән-жайын Жамбыл облыстық денсаулық сақтау 

басқармасының қалалық бөлімінің басшысы Серік 

Қасмақасовқа түсіндіріп беруін сұрады.

Хабарламашы өз кезегінде ведомствоның мұндай 

қадамға баруына халық арасында өзін-өзі емдеудің 

кең етек жаюы мен дәріханаларда дәрі-дәрмектің 

оңды-солды саудалануы себеп болып отырғанын 

баяндай келе, аталған нұсқаулықтар турасында 

кеңінен баяндап берді. 

-  ҚР  Денсаулық  сақтау  және  әлеуметтік  даму 

министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі «Дәрілік зат-

тарды рецептімен босатуға жатқызу қағидаларын 

бекіту  туралы»  №288  және  2015  жылғы  14 

қыркүйектегі  «Дәрілік  заттарды,  медициналық 

мақсаттағы  бұйымдар  мен  медициналық  тех-

никаны  көтерме  және  бөлшек  саудада  өткізу 

қағидаларын бекіту туралы» №713 бұйрықтарын, 

сондай-ақ Жамбыл облысының денсаулық сақтау 

басқармасының және Жамбыл облысы бойынша 

Медициналық және фармацевтикалық қызметті 

бақылау  департаментінің  қалалық  емханала-

рында ақы негізінде дәрілік заттарды босату ту-

ралы  нұсқаулықтар  қабылданды,-деген  Серік 

Қалиұлы  бұл  ретте,  дәрігер  мен  дәріханашы 

ғана емес, науқастың өзі де денсаулығына үлкен 

жауапкершілікпен қарауы керектігін алға тартты. 

Сондай-ақ  бөлім  басшысы  дәріханаларда  он 

мыңға  тарта  дәрі-дәрмек  болса,    оның  7  мыңы 

дәрігердің рұқсатымен, ал қалған 3 мыңы еркін 

сатылатынын  жеткізді.  Және  бұл  ақпараттар 

емханалардың қабырғаларында көрнекі ақпарат 

ретінде ілінетінін атап өтті.

Кеңес мүшесі, «Жамбыл облысының «Орыс этно-

мәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы 

Елена Горбунова дәріханаларда дәрілердің еркін                 

саудаланбай отырғаны, әсіресе, зейнеткерлер мен 

жас аналарға оңай еместігін айтып, бұл  мәселені  

қос тарапқа да тиімді етіп шешуді ұсынды.  Ал 

«Амир  және  Д»    дәріханасының  директоры 

К.Қаймолдаева дәріханаларда сатылатын дәрілердің 

70 пайызын ақ халаттылардың рұқсатымен сатқан 

күннен бастап,  табыс көзінің күрт төмендегенін 

тілге тиек етіп, жалпы дәріхана сөрелерінде  адам 

азғасына  аса  қатерлі  дәрі-дәрмектердің  саны 

сегізден аспайтынын қадап айтты. 

Жиын барысында  сөз алған басқа да азамат-

тар  дәріханаларда    емдік  дәрі-дәрмектер  мен 

медициналық препараттардың тізбегі еркін сатыл-

мауы қоғамда тағы да бірнеше мәселенің бетін 

ашатындығын ашына жеткізді.  Атап айтқанда, же-

дел жәрдем қызметі сапасының сын көтермейтіндігі,  

дәріханалардағы кеңесші дәрігерлердің науқасқа 

тиісті дәрілерді жазып беруге құқығының жоқтығы 

және мұның соңы жемқорлыққа  жол ашып беруі 

бек мүмкін деген де пікірлер айтылды. 

Міне, осындай күрмеуі көп мәселелер халықты 

тығырыққа  тірейтіні  сөзсіз.  Сондықтан  алқалы 

жиынға жиналғандар дәріханаларда дәрілерді сату 

мәселесін бір ретке келтіруді ойластыратындарын 

айтып, тарқасты. 

тараз қалалық 

мәслихаты 

депутаттарының

назарына!

«Қазақстан  Республика-

сындағы жергілікті  мемлекеттік 

басқару және өзін-өзі басқару 

туралы» Заңының 10-бабының 

3-тармағының негізінде, алтын-

шы шақырылған Тараз қалалық 

мәслихатының  кезектен  тыс 

үшінші  сессиясы  қала  әкімі 

аппаратының мәжіліс залында 

2016  жылдың  13  мамырын-

да сағат 10.00-де болады деп, 

Сіздердің назарларыңызға ха-

барлаймын.

Кезектен  тыс  сессияның 

қарауына  келесі  мәселелер 

ұсынылады:

1.Тараз қалалық мәслихаттың 

2015 жылғы 23 желтоқсандағы 

№48-3  «2016-2018  жылдарға 

арналған қалалық бюджет тура-

лы» шешіміне өзгерістер енгізу 

туралы.

2.Әртүрлі.



С е с с и я д а   қ а р а л а т ы н 

мәселелерді қалалық мәслихат 

депутаттарымен  алдын  ала 

қарау 2016 жылдың 11 мамы-

рында сағат 16-00-де өтеді.

Б.НАрБАЕВ,

Тараз калалық

мәслихатының хатшысы.                                         


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №18 (1306), 4 мамыр  2016 Жыл  //

қала-қарбалас

3

 

„

Облыс орталығында кішкентай бүлдіршіндерді 



мектепке дейінгі мекемелермен қамту мәселесі оң 

шешімін тауып келеді. Күні кеше шаһарымызда 

мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде жаңа 

250 орындық «медина» балабақшасы есігін айқара 

ашты.  салтанатты жиынға тараз қаласының  әкімі 

нұржан Календеров қатысты.

білім бұлағы балабақшадан басталады. 

 Суреттерді түсірген Н.Нұрлыбайұлы

Индира БАЙҚОНЫС

Көпшілік  алдында  сөз  алған  Нұржан 

Сәбитұлы қаламызда  Елбасының  2020 жылға 

дейін 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді 

балабақшамен  қамту  тапсырмасы  жүйелі 

түрде  жүргізіліп  отырғанын,  мектепке 

дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  желісін 

кеңейтудің  бір  жолы  мемлекеттік–жеке 

меншік әріптестік негізінде мектепке дейінгі 

білім беру мекемелерін ашу болып табылаты-

нын жеткізді.

- Бүгінде Таразда 13239 баланы қамтитын 

43  мемлекеттік  балабақша  бар.  Сондай-

ақ,  мемлекеттік-жеке  меншік  серіктестік 

аясында бой көтерген 24 мектепке дейінгі 

білім беру мекемесі мен  22 мектепте шағын 

орталықтар жұмыс істеп тұр.  Өткен жылы 

1290  бала  балабақшаға  барып,  66  адам 

тұрақты  жұмыспен  қамтылды.  Биыл  жыл 

басынан  бері  2  мемлекеттік  балабақша 

ашылса, жеке меншік серіктестік  негізінде 2  

балабақша пайдалануға берілді,-деді Нұржан 

Календеров.  

Сондай-ақ,  қала  басшысы  тараздық 

балақайлардың игілігіне берілген  «Меди-

на» балабақшасы мемлекеттік-жеке меншік 

әріптестік  негізінде  бой  көтерген  24-ші 

мектепке дейінгі білім беру мекемесі екеніне 

тоқталып,  оның  меңгерушісі  Валентина 

Исабаеваға  бұл  салада  атқарып  жүрген 

жұмысына зор алғысын білдірді.  

Өз  кезегінде  ата-аналар  да  жеке 

меншік  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінің саны тағы бір балабақшамен 

толығып  отырғанына  шексіз  қуанышты 

екендіктерін жеткізіп, заманауи үлгіде бой 

көтерген  балабақша  толық  көңілдерінен 

шығатындығын айтты. 

Мұнан кейін қала әкімі бастаған жамағат 

кең сарайдай балабақшаның ішін толық ара-

лап, онда тәлім-тәрбие алып жатқан өскелең 

ұрпақтың Қазақстан халқының бірлігі күніне 

арналған концерттік бағдарламасын тама-

шалады.


Расында, «Медина» балабақшасы заман 

талабына сай жабдықталған. Үш қабаттан 

тұратын  ғимаратта  28  бөлме,  музыкалық 

және 2 спорттық зал, бассейн бар. Ендеше, 

балабақшаға кел, балақай!

 

„

м.Х.дулати атындағы тармУ-дың мәжіліс залында қала әкімі 



нұржан Календеров жастармен кездесіп, «елбасымен – жарқын 

болашаққа» тақырыбында дәріс оқыды. 

Әкім жастармен кездесті

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Басқосуға аталған оқу орнының студенттері, 

магистранттары мен оқытушылар құрамы, 

сондай-ақ қала әкімдігінің бөлім басшылары 

қатысты.  Шарада  алғаш  болып  сөз  алған 

университеттің бірінші проректоры Асқар                                                                                                                         

А б д у а л ы   М е м л е к е т   б а с ш ы с ы 

Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылдың  5 

қыркүйегінде  Назарбаев  университетінде 

оқыған  «Қазақстан білім жолында» атты 

дәрісін тілге тиек етті. Сондай-ақ ол атал-

мыш кездесу Елбасы дәрісінің аясында өтіп 

отырғандығын жеткізді. 

Сөз  кезегінде  Нұржан  Календеров  

мемлекетіміздің дамуының негізгі бағыттары 

Елбасының  «Нұрлы  жол  –  болашаққа                                                                                                   

бастар жол» және «Қазақстан жаңа жаһандық 

нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 

атты  Қазақстан  халқына  Жолдауларында 

анық  көрсетілгеніне  тоқталып,  «Нұрлы 

жол»  мемлекеттік  бағдарламасы  мен  Бес 

институционалдық  реформа  шеңберіндегі 

«100  нақты  қадам»  Ұлт  жоспарының 

стратегиялық құжаттары бекітіліп, жүзеге асы-

рылып жатқандығына басымдық бере сөйледі. 

Аталған мемлекеттік бағдарламалар аясын-

да  қаламыздың  әлеуметтік-экономикалық  

деңгейі тұрақты түрде дамып келе жатқанын 

айтты.  Мұнымен  қоса,  шаһар  басшысы 

мемлекеттік бағдарламалардың өңірдегі аяқ 

алысы мен қаламыздағы атқарылып жатқан 

ілкімді істерге жіті тоқталып, студент жастар-

ды хабардар етті.

-  Сіздерді  толғандыратын  тұрғын  үй 

мәселесін шешу мақсатында «Қолжетімді 

тұрғын үй - 2020» бағдарламасы қабылданған. 

Осы бағдарлама аясында 29 жасқа дейінгі жас 

отбасылар үшін кейіннен сатып алу мен жалға 

берілетін тұрғын үйді алуға мүмкіндіктеріңіз 

бар. Бұл мәселе бойынша қала әкімдігінің 

тұрғын    үй-коммуналдық  шаруашылық, 

жолаушылар көлігі және автомобиль жол-

дары  бөліміне  хабарласуларыңызға  бола-

ды. Қалада әлі де қолға алатын жұмыстар 

жетерлік. Алдағы уақытта оларды іске асыру 

бАҚшАғА Кел, бАлАҚАй!

бағытында  тиісті  жұмыстар  жүргізілетін 

болады. Біз де осы жауапкершілігі жоғары 

міндеттерді абыроймен атқарсақ дейміз және 

сіздер, жастар, терең білім алып, еліміздің 

дамуына өздеріңіздің үлестеріңізді қосады деп 

сенемін,-деді Нұржан Сәбитұлы.

Мұнан  соң  жиынға  қатысушылар  шаһар 

басшысына көкейлерінде жүрген сұрақтары 

мен  ұсыныстарын  жеткізді.  Мәселен, 

университеттің бірінші проректоры Асқар                 

Абдуалы  қаладағы  автокөліктердің  саны 

артып  келе  жатқандығы  әсерінен  көлік 

кептелістері болып жатқандығын айтып, осы 

бағыттағы атқарылып жатқан шаралар легімен                                                                                              

таныстыруды сұрады. Сауалға жауап берген 

әкім  былтырғы  жылы  қаланың  негізгі  10 

көшесінде  арнайы  бұрылыс  жолдарының 

жасалынғанын және биылғы жылы осындай 

8 бұрылыс салынғанын айтты. Сондай-ақ 

ағымдағы жылы жастар көп шоғырланған 

аумақт арда  жерасты  өткелдерінің 

құрылыстары  басталатынын  жеткізді.  Өз 

кезегінде сөз алған оқу орнының студенттері 

Гидро кешенінде орналасқан №2 студенттер 

үйінің маңына жарық шамдарын жүргізіп 

беруін және университеттің бас ғимараты мен 

Технологиялық корпусы арасындағы жолдың 

көңіл көншітпейтінін алға тартты. Сондай-

ақ олар Технологиялық корпус пен Гидро 

кешені аралығында жүретін автобустардың 

санын  арттырып,  «студенттік  жол  жүру 

билеті»  қайтадан  қолданысқа  енсе  деген 

ұсыныстарын жеткізді. «Студенттік жол жүру 

билеті» туралы түсіндірген қала әкімі автобус 

бағыттары жеке меншік екенін тілге тиек 

етіп, қазіргі таңдағы қоғамдық көліктердегі 

белгіленген  жеңілдіктерге  тоқталып  өтті. 

Мәселен,  бүгінгі  күні  қоғамдық  көлікте 

қатынау  үшін  оқушыларға  50  пайыздық 

жеңілдік берілсе, азаматтардың кейбір ка-

тегорияларына  тегін  қатынау  мүмкіндігі 

қарастырылған.  Жалпы  шаһар  бойынша 

қоғамдық  көліктерде  7  мың  адам  тегін 

жүруге  құқылы  екен.  Ал  «студенттік  жол 

жүру билетін» енгізу үшін жылына 7 млн. 

теңге қаржы жұмсалатын көрінеді. Деген-

мен, әкім бұл ұсыныстың алдағы уақытта 

қаралатындығына  уәде  берді.  Ойларын 

әкімге  ашық  жеткізген  жастар  қаладағы 

жол, су құбырлары мен кәріз жүйелері, қала 

маңындағы саяжайларға тұрғын жай стату-

сын берумен қатар, атауларын қазақша атау 

секілді орынды мәселелерді көтеріп, әкімдік 

тарапына өздерінің ұсыныстарын жеткізді. 

Орынды ұсыныстар айтылды. 



 Суретті түсірген Л.Губашева

Құрметті ардагерлер және әскери қызметшілер!

 Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын 

жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – жан қияр ерліктің, еңселі елдіктің 

рухы  өрлеп,  Жеңіс  жалауы  желбіреген  күн. 

Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің 

биік болуы да, еліміздің өркендеуі  де – осынау 

мерекенің жемісі.

Өзінің қайғы-қасіреті мен зардаптары жөнінен 

бұл соғыс күллі адамзат тарихындағы ең бір 

қанқұйлы соғыс болды.

Осы Жеңіс жолында миллиондаған адам құрбан 

болып, біз бұл жеңісті қимас боздақтарымыздың, 

әкелеріміз бен аталарымыздың өмірімен өтедік.

Бүгінгі ұрпақ сол аға буын ардагерлер танытқан 

қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой 

түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың 

мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бер-

мек. Әрбір майдангердің қосқан үлесін  ескеріп, 

құрметтеу - әр азаматтың ардақты борышы.

Жыл  сайын  Мәңгілік  алау  жанына  Отан 

қорғаушыларын, батырларды еске алып, гүл 

шоқтарымен рахметін айта келгендер жинала-

ды. Біздер де қадірлі ардагерлерге бейбіт өміріміз 

бен бақытты болашағымыз үшін алғысымызды 

білдіреміз!

Сонымен қатар, Сіздерді 7 мамыр   мерейлі ме-

реке – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен 

құттықтаймын. Қазіргі таңда, ел халқына 

шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда 

әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-

теңіз. Әскеріміздің айбынын асқақтататын 

сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет 

көрсетсек те жарасады.

Бұл - ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан 

соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың 

өлшеусіз үлгісін көрсеткен барлық жерлестеріміз,  

Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек 

жауынгерлер алдында тағзым етеміз.

Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ 

Отанға  деген  сүйіспеншілік,  қажырлылық, 

ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. 

Сондықтан да, бар өмірін әскери іске арнап, 

елін, жерін қорғап, өз қызметін мінсіз атқарып 

келе жатқан жауынгерлерімізге алғысымызды 

білдіреміз. 

Еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш  болсын! 

Қарулы Күштеріміздің қуаты нығайып, айбыны 

асқақтап, даңқы арта берсін! Тәуелсіздігіміз 

мәңгілік болсын! Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен 

құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас 

қайрат, жанұяларыңызға бақыт пен шаттық 

тілеймін!


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал