ҚҰРметті конференция қонақтары мен қатысушылары!



жүктеу 444.96 Kb.

бет1/5
Дата08.01.2017
өлшемі444.96 Kb.
  1   2   3   4   5

ҚҰРМЕТТІ  КОНФЕРЕНЦИЯ  

ҚОНАҚТАРЫ  МЕН  ҚАТЫСУШЫЛАРЫ!

Қажырлы қайраткер, ғибратты ғалым 

Халел Досмұхамедовтың туғанына 130 жыл

Жармастың да асау тағдыр жалына,

Намысыңды серік қылып арыңа,

Құрбан етіп жүрегіңді жолына,

Саялаттың адамдарды жаныңа.

Тұмшалаған көз байлаған төңірек,

Өзгелерден қарап жіті, кеңірек,

Тұтаттың да жігеріңді жалын қып,

Елім дедің етек тола еңіреп.

Бағдарлап ең арманыңның баянын,

Күмбірледі кеуде тола аялы үн.

Ұлылыққа халқың сенсін дедің бе,

«Алашыңды» өз қаныңа боядың.

Жұмбақталған тағдырыңа таң болып,

Ұлылығың қиды мойын «дар» болып.

Ел мұңына жаның сыздап жүрсе де,

Қалай ғана шыға келдің «жау» болып.

Көкте де күн ашуланды қас қаға,

Жан пида боп күйінген-ді тасқа да.

«Елін сүйген Халел – халық жауы» деп,

Тарихта болды осындай масқара.

Түскен еді басымызға жасыл – сын,

Бұл зауалды қай құдірет жасырсын.

Ұлтжандыны қия берсе алдаспан,

Бұл қазақтың бағы қалай ашылсын.

Қазағыңның бір тілегі өзің ең, 

Қылыш жүзі қаймығатын сөзінен.

Дүниеге қайта келдің тіріліп,

Босап шығып жауыздықтың тезінен.

Отыр әлем Атырауға елеңдеп,

Ойың кетті саналарға тереңдеп.

«Халел» дейді елдің майда самалы,

Сөйлеп жатыр өзені де «Халел» деп. 

 

 



     

  

Қадыр ЖҮСІП, 



филология ғылымдарының докторы,

профессор

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  «Қазақстан 

–  2050  стратегиясы»  –  қалыптасқан  мемлекеттің 

жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 

Жолдауында:  «Интеллигенция  қалыптасқан  мем-

лекет  кезеңінде  жаңа  жалпыұлттық  құндылықтар 

жасауда  алдыңғы  қатарлы  күш  болуы  керек. 

Олар  заманға  сай  және  болашаққа  құлшынысты 

болуға  тиіс»,  –  деп  атап  көрсеткен  болатын.  Де-

мек,  Елбасының  бұл  пікірі  қоғам  дамуының  қай 

кезеңінде  де  ұлт  зиялылары  ел  болашағының 

ментальді,  дүниетанымдық  үлгісін  жобалауда  ба-

сты  жетекші  күш  болу  қажет  екендігін  толықтай 

аңғартады және нақты міндеттер жүктейді. 

Қазір  біз  өз  тарихымызды  жалтақсыз  зерттеп, 

тіліміздің,  өнеріміздің,  рухани  мұрамыздың  тамы-

рын терең тануға кірістік. Халқымыздың ғылымын 

дамытуға,  тілін  сақтауға,  тарихын  зерттеуге, 

өнері мен әдебиетін өркендетуге, білім беру және 

денсаулық  сақтау  салаларын  ұйымдастыруға 

өлшеусіз  үлес  қосқан,  аласапыран  жылдарда 

қазақ елінің болашағын ойлаған алыптарымыздың 

қатарында  ғұлама  ғалым,  қоғам  және  мемлекет 

қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор 

Халел Досмұхамедовтың есімін ерекше атай ала-

мыз. 


Көрнекті  ғалым,  академик  –  жазушы  Зейнол-

ла  Қабдоловтың  сөзімен  айтқанда,  шын  мәнінде 

халқымыздың  ояну  дәуірі  туғызған  алыптардың 

қатарында  жарық  жұлдыздар  шоғыры  секілді  Ах-

мет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов,  Әлихан 

Бөкейханов,  Мұстафа  Шоқаев  есімдерімен  қатар 

Халел  Досмұхамедов  есімін  атау  бұл  өмірге  си-

рек  келетін  дарын  иесі,  әмбебап  ғалым  Халел 

бабамызға берілген әділ баға болып табылады. 

Халел Досмұхамедов Атырау облысы, Қызылқоға 

өңірі, Тайсойған құмы, Исатай мен Махамбет сын-

ды  қол  бастаған  батырларды  пана  еткен,  Мұрат 

Мөңкеұлы  сынды  ел  мұңын  жырлаған  жыраулар 

шыққан,  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  талай  –  та-

лай өкілдері өскен өлкеде XIX ғасырдың аяғында 

дүниеге  келіп,  сол  заманның,  сол  қоғамның  ең 

таңдаулы адамдары ғана оқитын жоғары оқу орны 

–  Санкт-Петербургтегі  әскери  –  медициналық 

академияны  алтын  медальмен  бітіру  –    ғажайып 

қабілеттің,  табиғат  сыйлаған  өзгеше  дарынның 

белгісі екендігі ақиқат. 

Ол  -  Қазақстанда  жоғары  мектептің  қалып-

тасуына,  ұлт  кадрларын  даярлауда,  баспа  ісінің 

қалыптасуына,  жаңа  ашылған  қазақ  мектептері 

үшін оқулықтар мен оқу бағдарламаларын жасау-

да өзіндік қолтаңбасы бар ғұлама ғалым. 

1994 жылы 23 мамырдағы Қазақстан Республи-

касы  Министрлер  Кабинетінің  шешімімен  Атырау 

университетіне  қайраткер,  ғалым,  профессор  Ха-

лел Досмұхамедов есімінің берілуі Атырау облысы 

жұртшылығының рухани, мәдени өмірінде ерекше 

оқиға болып табылды. 

Халел  бабамыздың  есімінің  ортамызға  қайта 

оралуы,  оның  жан  –  жақты  сарқылмас  ғылыми 

мұрасын  зерделеуге  және  Халелтану  тағылымын 

терең зерттеуге мүмкіншілік жасады.

Ғалым мұрасын зерделеу 1993 жылы Алматыда 

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академия-

сында, 1994 жылы Атырау университетінде Халел 

Досмұхамедовтың туғанына 110 жыл толуына ар-

налып өткізілген ғылыми-теориялық конференция-

лардан бастау алды. 

Кеңес өкіметінің 1937 – 1938 жылдарда жүргізілген 

репрессия салдарынан талай боздақтарымыздың 

қынадай  қырылып,  жазықсыздан  –  жазықсыз 

атылғаны  мәлім.  Бұл  халқымыздың  тарихындағы 

ең ауыр да, қайғылы кезең болып есте сақталары 

сөзсіз.  Сол  замандағы  озбыр  саясаттың  аяусыз 

қорлығына ұшыраған ұлт зиялыларының есімдерін 

ардақтап,  рухтарына  құрмет  көрсету  –  бүгінгі 

ұрпақтың  қасиетті  парызы.  Халел  Досмұхамедов 

сынды  ұлт  зиялысының  туған  халқы  үшін  жа-

сап  кеткен  өнегелі  істерін  бір  тарихи  мерзімнің 

өлшеміне салып бағалаудың өзі оңайға соқпас. 

Көрнекті  қайраткер,  әмбебап  ғалым  Ха-

лел  Досмұхамедовтың  туғанына  130  жыл 

толуына 

орай 


ұйымдастырылып 

отырған 


«Қазақстан-2050»  стратегиясы  және  ұлт  зиялы-

лары»  тақырыбындағы  республикалық  ғылыми-

тәжірибелік  конференциясының ең басты міндеті 

–  қажырлы  қайраткер,  қажымас  ғалым  Халел 

Досмұхамедовтың  ғылыми  мұрасын  жан-жақты 

зерттеп,  кеңінен  насихаттап,  сол  мұраның  асыл-

дарын  халқымыздың  рухани  қажеттілігіне  жарату 

болып табылады. 

Конференция жұмысына шығармашылық сәттілік 

тілеймін.



Құрметпен,

ректор, профессор                      Б.Мамраев

ХАЛЕЛГЕ

АЛАШОРДА ЖӘНЕ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай 

қиыншылықтарды өткерді. Осы қиыншылықтар мен кертартпалықтан 

құтылудың алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық, көңілі ояу 

зиялылары болды. Бұлардың көбі Мәскеу, Санкт – Петербор, Қазан 

университеттерінде оқыған қазақ жастарының қаймағы еді. 

Алашордашылар 

тарихын 

зерттеу 


мәселесіне  келсек,  Қазан  төңкерісіне 

дейін  оны  зерттеуді  қазақ  зиялыларының 

өздері  бастап  берген  болатын.  Оған  дәлел, 

Ә.Бөкейханов,  М.Дулатов,  М.Тынышбаев, 

Е.Омаров  және  басқалардың  жарық  көрген 

еңбектері.  Ал  «Алаш»  сөзінің  төркініне  кел-

сек,  қазақтар  оны  ертеден  қолданып  келді. 

Қазақтар  елге  қамқоршы  болған  қадірменді 

адамдарын  «Алаштың  азаматы»  ата-

ды,  қысқасы,  бұл  сөз  ел  аузына  жақсы 

орында  жұмсалған.  Бірақ  та  Кеңес  үкіметі 

кезінде  осы  сөзді  айтудан  халықты  бездіріп 

жіберді.  Олардың  осындай  тағылығы  мен 

идеологиясының орнауы қазақтың кейбір аза-

маттарын қарсы қоюға мәжбүр етті. Мәселен, 

Сәкен  Сейфуллин  1920  жылы  «Қазақ  ин-

теллегенциясы»  туралы  мақаласында  «Ұлы 

төңкерістен  кейін  Алаш  қозғалысы  реакци-

яшыл  сипат  ала  бастады»  десе,  1927  жылы 

жариялаған «Тар жол, тайғақ кешу» романын-

да (Алматы, 1960 жыл, 10 – бет) «большевик-

тер партиясының дұшпандарының бірі – осы 

Алаштар  болды»  деген  тұжырымын  айтты. 

Бірақ ол кейін өз көзқарасын өзгертті. Мұнан 

басқа  Алаш  қозғалысын  сынаған  партиялық 

тапсырыспен  жазылған  еңбектер  де  шықты. 

Алаш партиясының құрылуына келсек, ақпан 

төңкерісінен  кейін  1917  жылы  21-26  шілде 

аралығында Орынборда қазақтардың тұңғыш 

құрылтайы  өткізіліп,  оған  Ақмола,  Семей, 

Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Фернаға об-

лыстарынан  және  Бөкей  ордасынан  өкілдер 

қатынасып,  14  мәселені  қарап,  талқылайды. 

Соның  ішінде  мемлекеттік  билеу  түрі,  қазақ 

автономиясы,  қазақ  облыстарындағы    жер 

мәселесі,  әскер  құру,  әйел  теңдігі  және  зем-

ство  туралы  т.б.  қаралады.  Соның  ішінде 

қазақ  жері  туралы  алынған  қаулыда  «қазақ 

халқы өзіне еншілі жерге орналасып болғанша, 

қазақ  жері  ешкімге  берілмесін...»  деп,  осы 

жер  мәселесін  тиісті  дәрежеде  қою  арқылы 

жалпыұлттық  дәрежеге  көтеріп,  өзінің  тари-

хи міндетін орындаған болатын. Мұнан басқа 

құрылтайдың  жасаған  үлкен  бір  қызметі  – 

Алаш партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. 

Жалпықазақ  құрылтайынан  кейін  Орын-

борда  Ресей  үкіметінің  ұйымдастыруымен 

Бүкілресейлік 

мұсылмандар 

құрылтайы 

шақырылып, әр облыстан бір-бірден делегат-

тар  барды.  Осы  құрылтайда  «Қазақ  халқын 

отарлық  езгіден  құтқаратын  Алаш  партиясы 

болу  керек»  деген  қағида  алды.  1917  жылы 

21  қарашада  «Қазақ»  газетінің  251–  са-

нында  Алаш  партиясының  бағдарламасы 

жарияланды.  Бағдарламаның  мазмұнына  

қарап,  біз  Алаш  зиялыларының  бірінші 

кезекте  ұлттық  –  саяси  дербестік  және 

экономикалық – әлеуметтік даму жолына түсу 

мақсатын  қойғанын  көреміз.  Сондықтан  да 

бағдарламада қойылған мақсат – мүдделердің 

жалпыұлттық, жалпыдемократиялық сипатын 

негізге ала отырып, оны құрушы ұлт зиялыла-

рын ұлттық демократиялық интеллегенциясы 

партиясы деп атауы да орынды.           



(Соңы 2-бетте).

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ 

ЕСКЕРТКІШІ

Атырау мемлекеттік 

университеті №1 оқу ғимараты 

алдына қайраткер, ғалым, про-

фессор Халел Досмұхамедовтың 

ескерткіші 2003 жылдың 

25 желтоқсанында 

ашылды. Ескерткіштің авторы 

aлматылық мүсінші 

Дәулет Бектеміров 

УНИВЕРСИТЕТ

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСЫЛЫМЫ

№2 /47/, 24 сәуір, сәрсенбі, 2013 жыл

ГАЗЕТ 2000 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР АЙЫНАН ШЫҒАДЫ

... Заманымыз - мәдениет заманы, мәдениетке білім жеткізеді

Халел Досмұхамедов

2

ҚАЙРАТКЕР

АЛАШОРДА ЖӘНЕ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ

(Соңы. Басы 1-бетте).

Ал,  қазақ  мемлекеттігі  туралы  мәселе  1917  жылы  5 

желтоқсанда  Орынборда  Жалпықазақ  құрылтайында 

қаралып,  онда  «Қазақ  –  Қырғыз  автономиясы»  «Алаш»  деп 

аталсын  деген  шешім  алады.    Сондай  –  ақ  Алаш  облыста-

рын  қазіргі  тығырықтан  қорғап  қалу  мақсатында  оның  аты 

«Алашорда»  болсын  және  Алашорданың  уақытша  тұратын 

жері  Семей  қаласы  болсын  деген  қаулы  алды,  жаңа  үкімет 

құрамын  бекітіп,  оған  Бөкейден  Уәлитхан  Танашев,  Орал-

дан  Халел  Досмұхамедов,  Ақмоладан  Айдархан  Тұрлыбаев, 

Торғайдан  Ахмет  Бірімжанов,  Семейден  Халел  Ғаббасов, 

Жетісудан Салық Аманжолов, Сырдариядан Мұстафа Шоқай 

енді. Алашорданың «ұлт – кеңесі» құрылып, оның төрағасына 

үш адам Ә.Бөкейханов, Б.Құлманов, А.Тұрлыбаев ұсынылып, 

көпшілік дауыспен Әлихан Бөкейханов сайланды. (Сүйінов С. 

Қайраткер  Құлманов,  Алматы,  1997  жыл,  56  бет).    Бір  айта 

кетерлік  жайт,  алашордашылар  большевиктер  партиясы 

ұстанған  саясатты  қолдамады,  ол  әсіресе,  Азамат  соғысы 

жылдарында анық көрінді. Олар ақгвардияшылар қатырында 

болды.  Сонымен  қатар,  алашордашылардың  өз  арасында 

бірлік,  түсінушілік  болмады.  Қазақ  зиялылары  алғашқы  кез-

де әрқайсысы әр жақта ұйым құрды. Мәселен, олар Омбыда 

«Бірлік», Қызылжарда «Талап», Ақтөбеде «Жас тілек», Павло-

дарда «Ғылым», Зайсанда «Қазақ  жәрдемі» деген ұйымдарды 

құрған.  Міне,  осылардың  салдарынан  алашордашылардың 

өмірі ұзаққа бармады, бар болғаны жыл жарымдай өмір сүрді. 

Ғалымдарымыздың  бір  ауызға  келген  пікірлеріне  қарағанда, 

Алашорда 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсан 

айына дейін өмір сүрген.  Алаш партиясы, Алашорда үкіметін 

құруда  оның  жемісті  еңбек  етуіне  ерекше  үлес  қосқан 

оның  басшыларының  бірі  болған  –  Халел  Досмұхамедов. 

Х.Досмұхамедов  1883  жылы  Атырау  (бұрынғы  Гурьев) 

облысының,  Қызылқоға  ауданының  Тайсойған  құмындағы 

Жарыпшыққан өзені бойында дүниеге келеді. Алғаш ауыл мол-

дасынан сауатын ашқан Халел Ойыл (Көк жар) қаласындағы 

бір  кластық  орыс  –  қырғыз  (қазақ)  училищесінен  бастапқы 

білім алып, одан кейін Орал қаласындағы реалды училищені 

1903  жылы  үздік  бітіреді.  Сол  жылы  ол  Санкт  –  Петербор 

қаласындағы  императорлық  әскери  Медицина  Академиясы-

на түсіп, оны 1909 жылы үздік бітіреді. Оқуды бітірген соң, ол 

сол  жылы  Пермь  губерниясына  қарасты  Чердынь  уезіндегі 

Морчань бөлімшесінде және бөлімшенің қабылдау бөлімінде 

екі бірдей жұмысты атқарады. Сол 1909 жылдың аяғында Ха-

лел Досмұхамедов Түркістанға оралып, сонда дәрігер болып 

1910 жылдың сәуіріне дейін істейді. Оралға ауысып, Орал ка-

зак – орыстарын емдейтін Ілбішін, Калмыков қамалдарындағы 

ауруханада  алғаш  кіші  дәрігер,  кейін  аға  дәрігер  болып 

қызмет атқарады. Осында ол әскери дәрігер қызметін аяқтап, 

отставкаға    шығып,  1913-1919  жылдар  аралығында  Темір 

уезінде дәрігер болып еңбек етеді. 

1905 жылғы қанды жексенбіден кейін Халел Досмұхамедовтің 

саяси күресі басталады. Ол дәрігерлік қызметін тастап, біржола 

Алаш  қозғалысының  белсенді  көсемдерінің  бірі  болады.  Ол 

Орал  қаласында  Қазақстанның  бес  облысынан  800  делегат 

қатынасқан,  қазақ  халқының  тәуелсіздігін  ту  еткен  алғашқы 

жалпыхалықтық  құрылтайын  ұйымдастырушылардың  бірі. 

Осы  құрылтайын  Халел  және  Жанша  Досмұхамедовтер 

облыстың  қазақ  аудандарын  басқаруды  қайта  құру  жайлы 

баяндамаларын  тыңдап,  оны  толықтай  қолдады.  Сондай-

ақ Халел – 1918-1919 жылдары мемлекеттік саяси құрылым 

ретінде өмір сүрген Ойыл уәлаятының қызмет жүйесінің негізін 

салған  адам.  Мәскеуде  өтетін  Бүкілресейлік  мұсылмандар 

құрылтайына  Қазақстаннан  үш  делегат  сайлағанда,  соның 

бірі Халел Досмұхамедов болған. 1917 жылы 5-13 желтоқсан 

арасында  Орынборда  өткен  бірінші  Бүкілқазақстандық 

құрылтайында  Халел  Досмұхамедов  бастан  аяқ  төрағалық 

еткен.  Алашорда  тапсырмасымен  Жанша  екеуі  1918  жылы 

РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы В.И.Ленинмен 

және  Ұлт  істері  жөніндегі  Халық  комиссары    И.В.Сталинмен 

Алашорда және Кеңес үкіметінің арақатынасына байланысты 

келіссөздер жүргізді. Халел Досмұхамедов Азамат соғысы жыл-

дарында Алаш қозғалысының бір орталыққа бағынған біртұтас 

қызметін  жүргізу  қиын  болған  кезінде  Жымпиты  қаласында 

өткен  Орал  казак-орыстарының  төртінші  құрылтайында 

Мәскеуде өткен кездесу жайлы баяндап, жиын шешімі бойын-

ша Ойыл уәлаятының Уақытша үкіметін құрады. Сөйтіп, саяси 

күреске түгелдей берілген Халел Досмұхамедов Алашорданың 

өзге қайраткерлерімен бірге Алаш партиясы жұмысына, Алаш 

автономиясын жариялау ісіне, Алашорда үкіметін құруға бел-

сене қатынаса отырып, оның басшыларының бірі болды. 

1920  жылдан  бастап  Алаш  қозғалысына  Кеңес  үкіметі 

тыйым  салуына  байланысты  Халел  Досмұхамедовтің  білім, 

ғылымға  бағышталған  қызметі  басталады.  Ол  1920-1925 

жылдары  Ташкенттегі  Орта  Азия  университетінің  медицина 

факультетінде  ординатор,  Түркістан  Автономиялық  Респу-

бликасы Орталық атқару комитеті жанындағы Қырғыз – Қазақ 

білім комиссиясының төрағасы қызметін атқарады. 1926 жылы 

қазіргі Абай атындағы (бұрынғы ҚазПи) Алматы педагогикалық 

университетін  құру  жөніндегі  комиссияның  төрағасы  болып, 

Қазақстандағы  1928  жылы  құрылған  тұңғыш  оқу  орнының 

проректоры болып тағайындалады. Проректорлық қызметпен 

қоса,  ұстаз  ретінде  профессорлық  (1929  жылы)  қызметті  де 

атқарады. 1930  жылы  Алашордаға  қатынасқаны  үшін Халел 

Досмұхамедовке  саяси  айып  тағылып,  жұмысынан  босаты-

лып,  Ресейдің  Воронеж  қаласына  жер  аударылады.  Сөйтіп, 

Халелдің қуғын – сүргінге ұшырағаны кезеңі басталып, 1938 

жылы  26  сәуірде  тұтқынға  алынып,  1939  жылы  23  сәуірде 

үштіктің  шешімімен  атылады.  Халел  Досмұхамедов  1958 

жылы ақталғанмен, ұзақ жылдар есімі аталмай, еңбектері жа-

рияланбай келді. 

Шындығында Халел қоғамдық қызметпен қоса, көптеген әр 

саланы  қамтыған  құнды  ғылыми  еңбектер  қалдырды.  Оның 

медицина,  биология,  тарих,  әдебиет  тақырыбында  жазған 

еңбектері  соның  ішінде  «Табиғаттану»  (1922),  «Жануарлар» 

(1922),  «Адамның  тән  тіршілігі»  (1923),  «Как  бороться  с  чу-

мой  среди  население  Киргизского  края»  (1918  және  1925), 

«Оқушылардың  саулығын  сақтау»  (1925)  оқулықтары,  қазақ 

тілі  мәселесіне  арналған  Қазақ  –  Қырғыз  тіліндегі  сингармо-

низм  заңы»  (1924),  әдебиет,  фольклор  мәселесін  қамтыған 

«Шернияз  шешен»  (1925),  «Қазақ  халық  әдебиеті»  (1928), 

ауыз  әдебиетімен  қазақ  ақындары  мұрасына  арналған, 

жинастырылған  «Мұрат  ақын  сөздері»  (1924),  «Исатай 

–  Махамбет»  (1925),  «Аламан»  (1926)  жинақтары  –  тари-

хи  мәселелерге  арналған  еңбектер.  Мұнан  басқа  Халел 

Досмұхамедов көптеген көпшілік – ғылыми, публицистикалық 

мақалалардың  авторы.  Оның  еңбектері  бүгінде  терең 

зерттеліп,  бірнеше  докторлық,  кандидаттық  диссертация-

лар  қорғалды.  Халел  Досмұхамедов  шығармалары  жарық 

көрді,  Халелтану  сабағы  жүргізілуде.  Оның  атына  Атырау 

мемлекеттік  университеті,  Қызылқоға  ауданындағы  бұрынғы 

«Қызыл Ту» совхозы, Атыраудағы Московская көшесі берілді. 

Хисмет ТАБЫЛДИЕВ,

Университет ректорының  кеңесшісі, 

тарих ғылымдарының  докторы, профессор, академик 

Кішкентайынан білімге құштар, оқуға зерек Х.Досмұхамедов Орал 

қаласындағы әскери реалдық училищеге түсіп, оны 1902 жылы үздік 

бітіріп шығады. Бірде Халел бастаған қазақ балалары Шағанның 

Жайыққа құяр жері Хан тоғайына барып, табиғатты тамашалайды. 

Жас шәкірттер туған жердің тарихы жайында естігендерін ортаға са-

лады. Шәкірттердің көңілінің бір жерден табылған тұсы – Жайықтың 

байлығы неге келімсектердің қолында, неге қазақтарға бұл өзеннің 

жағасына жақындауға рұқсат етілмейді? Осындай әділетсіздік 

жастардың жүрегіне жара салады. Осы кезде Жайықтан казак – 

орыстардың ау тартып, көп олжаға ие болып, қолдарына іліккен 

бекіре балықты бөлісіп, бірі ішін жарып, бірі уылдырығын тұздап, 

үшіншісі рет – ретімен ыдыстарға текшелеп салып жатқандарының 

куәсі болады. Бұл Ресейдің отарлық саясатының елдегі озбыр 

әрекеттерінің бірі еді. Елдегі болып жатқан жағдайды естігеннен кейін 

жастар: – осы біздер оқимыз деп жүргенде түгел орыс тарихы туралы 

айтады, ал біздің ата тегіміз туралы ешкім ләм деп ауыз ашпайды, 

бұл қалай? – деп жастар абыржығандарын да жасырмайды. Сол кез-

де халық шежіресін көп білетін, училищені тәмамдап қалған Халел:

–  Жоқ,  бауырлар,  өзімізге  бай-

ланысты  ана  сүтімен  бірге  ана 

тіліміз  –  арымызды  сақтамасақ, 

халқымыздың  жарқын  болашағы 

үшін алған білімімізді пайдаланбасақ, 

біз  борыш  арқалаймыз.  Тұрмыс 

тауқыметінің 

құлы 

болудан 


сақтанайық. Біздің аталарымыз Сы-

рым, Исатай, Махамбет ел үшін бұл 

өмірден еңіреп өткен. Біздің тегіміз – 

қазақ, сондықтан да мейір – махаб-

батымыз  осы  халық.  Өзіміз  шыққан 

халықтың ар –  намысын қорғау, сол 

үшін құлшылық ету – парызымыз, – 

деп салиқалы ойын айтқан болатын.

Иә,  шынында  да  елді,  жерді  жа-

удан  аман  сақтап  қалу  үшін  Кене-

сары,  Махамбеттер  қылыштың, 

білектің  күшін  жұмсады.  Ал  кейінгі 

буындар,  яғни,  алаштың  азаматта-

ры  елді  білім  –  ғылымның  күшімен 

қорғады.  Ресейдің  отаршылдық 

езгісінен  құтылу  үшін  көп  ойланып, 

халыққа  керек,  көздерін  ашу  үшін 

бірі маса боп ызыңдап, бірі сона боп 

шақты.  Айталық,  А.Байтұрсынов 

–  тілді,  Ж.Аймауытов  –  психологи-

яны,  М.Жұмабаев  –  педагогиканы, 

ал  Х.Досмұхамедов  –  медицинаны 

зерттеп,  оның  қыр-сырын  халыққа 

жариялады.  Бұлардаң  бәрі  өзінің 

жеке  басының  қамы  үшін  емес, 

елінің  қамы,  елінің  болашағы  үшін 

күрескен нар тұлғалар еді. Халел де 

өзінің  өмір  жолын  әуелі  білімге  ар-

нап, алған білімді халық игілігі үшін 

жұмсаған, жеке басының бақытының 

не екенін білмей кеткен жан. 

Халелдің  медицина  іліміне  қарай 

бет бұруының өзіндік үлкен мәні бар. 

Өйткені,  сол  кезде  ел  ішінде  оба 

індеті  және  т.б.  аурулары  кең  тара-

ды.  Сол  ауруларды  емдейтін  жол 

табылмаса,  қазір  қазақ  халқының 

көбі  шыбындай  қырылып  қалар  ма 

еді?  Халел  өзі  біліп  қана  қоймай, 

халықтың  көзін  ашу  үшін  «Қазақ» 

газетіне  «Жұқпалы  аурулар»  де-

ген  мақаласын  жариялады.  Бұл 

еңбегінде  дәрігер  –  ғалым  қазақ 

арасында  кеңінен  тараған  аурулар-

дан  қалай  сақтану  жөнінде  ақыл-

кеңестер  берді.    Осының  өзі  –  ақ 

еліне жаны ашитын, болашақ қамын 

ойлайтын нағыз өр тұлғаның ісі. Ха-

лел  тек  медицинаны  меңгеріп  қана 

қойған  жоқ,  ол  балаларды  оқытуға 

да  бейім  болды,  сонымен  қатар 

партияның орталық комитетіне мүше 

болды. Қазақ жерінде болып жатқан 

өзгерістер,  қозғалыстар,  әр  түрлі 

бой көтерулер Халелді саясаткер ет-

пей  қоймады.  Халелдің  1920  жылға 

дейінгі  өмірі  от-жалында  өтсе,  1929 

жылдан кейінгі әрбір күні – жазықсыз 

жала,  қуғын,  түрме,  жер  аудару 

жағдайында өтті. 

Осыған  қарамастан  ел  игілігіне 

орай, осы жылдары  Халел ұрпаққа 

мұра  боларлық  істер  істеп  кетті. 

Осы  бір  тар  жол  тайғақ  кешумен 

өткен  он  жыл  Халелдей  асылдың 

қамшының  қысқа  сабындай,  аққан 

жұлдыздай  жарқ  етіп,  бар  күш- 

жігерін мүмкіндігінше халқына беріп, 

қолдан  келген  перзенттік  парызын 

өтеген  жылдары  еді.  Елі  үшін  жа-

нын  аямаған  жандардың  үстінен 

жабылған  жала,  Халелге  де  жабы-

лып, жазықсыз азаттықтың құрбаны 

боп  кете  барды.  Дегенмен,  артында 

өзінің мәңгілік өшпес мұралары оның 

кім екендігінің айғағы бола алатыны 

сөзсіз.



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал