Құрметті азаматтар!



жүктеу 0.67 Mb.

бет5/6
Дата25.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

Айта кету керек, сырттағы «Манасқа» көзінің құрты өлген АҚШ, Ресей, 

күнгейдегі Қытай секілді алпауыт елдер қырғыз еліндегі президенттік 

сайлауға селқостық танытты. Я болмаса Бакиевке балама тұлға іздеп, бас 

ауыртпады. Сыртқы фактордың аздығынан Бакиев тізгінді берік ұстап

оппозицияны бұйым құрлы көрмеді. Сайлаудағы жеңіс оның мерейтойына 

сыйлық болса керек. Алдағы 1 тамызда ыстықкөлде ұҚШұ-ның бейресми 

саммиті Бакиевтің 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 

ОЙ-ТұЖыРыМ

А

бай ОМАРОВ (к



олла

ж)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№124 (124) 



25.07.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

6

дАТ!



АлАш АзАмАты

оқиғА


А

л

А



ш-

А

қп



А

рА

Т



–  Құлбек  аға,  қазақтың  бүкіл  зия­

лы сы  шоғырланған  Алматыны  тас тап 

Түркістанға  кетуіңізге  не  себеп?  Осы 

ісіңізге  кейде  өкініп  қалып  жүрмейсіз 

бе?

– Өкінбейтін секілдімін. Алматы маған 

берер рухани уызын  беріп болды. Алма-

тыға менің не берерім маған байланысты. 

Жалпы,  қазақ  оқырманына    тың  сөз  айта 

алсам,  Алматының  менен  алары  да  сол 

болар.  Зиялылардың  оңтүстік  астанада 

шо ғыр лан ғаны  рас.  Бірақ  Алматы  зиялы-

лары ның  ба сына  іс  түссе,  ынтымақтасып, 

өзара  бір лесіп,  бір-біріне  болысарлық, 

елдік  кейбір  мәселе лерді  ортаға  салып 

талдап,  талқы лап,  билікке  ықпал  етіп,  оң 

шешерлік күш-қуаты жоқ, олар өз ойын өзі 

сауған жай шоғыр деп ойлаймын. олардан  

халыққа да, халықтың бір перзенті – маған 

да  не пайда?



–  Қазіргі  әдебиетте  жауыр  болған 

сұрақтардың  бірі  –  бүгінгі  өмірді,  бү­

гін гі  тақырыпты  қаузайтын  жазушы 

жоқ дегенге саяды. Әдебиет саласының 

маманы  ретінде  айтыңызшы,  шыны­

мен де бүгінгі өмірді жазатын жазушы 

жоқ  па,  әлде  соны  ізденіп,  жарытып 

оқитын  оқырман  табылмай  отыр  ма? 

Мүмкін қаламгерлер жазған шығарма­

ларын жарыққа шығара алмай отыр­

ған шығар? Бұған не дейсіз?

–  Бүгінгі  заманды  жазатын  жазушы 

бар.  Бірен-саран.  олардың  өзі  кешегі  ке-

ңестік кезеңнің құлдық санасынан арылып 

болмаған жандар. Сондықтан да олардың 

дауысы жалпы жамиғат естірлік деңгейде 

шықпайды.  Арқа  қысынан  аяздап  сырт 

ауып  кеткен арқарымыз Мұхтар Мағауин 

бүгінгі күннің тақырыбын жаза алып жүр. 

Жәлел  Кеттебеков  есімді  әдебиетке  адал 

азамат бар еді. Гогольдік стильде жазатын. 

Замана шындығын сол азамат айта алатын 

еді.  Жақында  көз  жұмды.  оның  жаз ған-

дарын оқыған пенде болмады-ау. Әйт песе 

билік  шамырқанып,  бұхара  халық  риза 

болысса керек еді.

Бүгінгі жазушы оқырманы жоқ – пақыр 

жазушы. Бұрын жазушы әлдебір шығарма 

жазса  –  оны    қазақстан  Компартиясы 

орта  лық Комитетінің  бірінші хатшысы 

д.А.  қонаевтан  бастап  оқитын.  реакция-

сын  біл діретін.  Ж.Молдағалиевтің  «Хат-

шыға  хат»  өлеңі  кезінде  д.А.қонаевтың 

шым байы на қатты батқан. оны көнекөздер 

біледі.  Бүгін  біріншіден,  биліктің  шым-

байына батырып жазатын қазақ жазушысы 

қалмады.  Жаза  қалған  күнде  билік  оқы-

майды. оқымаған соң оған реакция жаса-

майды.  оқымаған  соң  айтқаның  ады ра, 

жазғаның жерде қалады. Бүгінгі күні оқыр-

ман деп сөйлеуге ауыз бармайды. Өйткені 

кітап оқитын адам қалмай барады. демек, 

оқырманы  жоқ  заманда  өмір  сүріп  отыр-

мыз.  Бүгінгі  студенттің    өзінің  «студент тік 

кітапханасы»  жоқ.  Бүгінгі  ұстаздардың 

«жеке кітап ха насы» жоқ. Сонда не болды? 

Кейде  «қо ғам ды  қараңғылық  тұмшалап 

келе жатқан жоқ па» деп қорқамын. қазақ 

қоғамы үшін қорқамын.

– Бүгінгі таңда кітап оқитын жастар 

жоқ. Есесіне, көк жәшікке телміріп, ин­

тернетті пайдаланатын жастар кө бей­

ді. Бір жағынан, жаңа қоғамға бейім ­

делуге  ұмтылып  отырған  жас тар дың 

бұл әрекеті дұрыс та шығар... Осы ретте 

«әдеби кітаптардан мынаны оқы, ана­

ны  оқы,  мына  кітапта  мынадай  қы­

зықты  дүниелер  бар»  деп  жастарға 

ба ғыт­бағдар беретін, жақсы жазушы­

ларды  жарнамалайтын  әдеби  менед­

жерлер орталығын құру керек шығар. 

Бұған  қалай  қарайсыз?  Оның  үстіне 

екі нің бірі жазушы болып кеткен сияқ­

ты...

–  иә,  бүгін  оқырман  жоқ.  Жағдай  со-

лай!  Бұл  –  қоғамдық  дағдарыс.  Өйткені 

«Адам  –  қоғамның  басты  байлығы».  ол 

са уат сыз  болса,  қоғам  дағдармағанда  не 

болады?  осыған  бір  мысал  келтірейін. 

Атақты  өнерпазымыз  Асанәлі  Әшімов 

Алматы айналасындағы бір мектепке кез-

десуге барыпты. оқушылар жапа-тармағай 

қол шапалақтап қарсы алады. Бар назар – 

өзінде. Бірге ерте келген әріптесі, өнер та-

ну  шы  Әшірбек  Сығай  бұл  құрметтен  шет 

қалады.  ойынпаз  Асекеңнің  есіне  бір 

«трюк»  түс се  керек.  оқушылармен  диа-

лог қа бара ды.

– Балалар, сабақ қалай?

– Жақсы. Өте жақсы.

– Әдеби шығарма оқисыңдар ма?

– оқимыз.

– М.Әуезовтің шығармаларын оқисың  -

дар ма?

– оқимыз.



– «Абай жолын» оқыдыңдар ма?

– оқыдық.

– қайдан оқыдыңдар?

– оқулықтан.

–  ол  кісінің  өзімен  кездескілерің  ке л-

мей ме?


– Кездескіміз келеді.

– Ендеше мен сендерге Мұхтар Әуезовті 

ертіп келіп тұрмын.

– қайда ол кісі?

–  Әне.  Асекең  Әшірбек  Сығайды  нұс-

қайды.


оқушы балалар қолдарындағы дәптер-

лерін  алып,  қолтаңба  алу  үшін  Әшірбек 

Сығайға қарай қозғалады...

Жылайсың ба? Күлесің бе? Бүгінгі оқу-

шының  жағдайы  осындай  болғанда, 

оқыр  ман қайдан болсын?! оқушы  оқыр-

манды  қалыптастыратын  жас  өркен  емес 

пе?  демек,  бүгін  оқырман  жоқ.  Ертең  де 

қазақ  қоғамында  оқырман  болмайды 

деген сөз.

Есесіне қазір екінің бірі – жазушы. Сол 

екінің  біріне  облыс,  аудан,  қала  әкімдері 

кіреді.  олар  басқаратын  аудан,  аумақта 

бір  кісінің  кітабы  жарық  көрсе,  мін детті 

түрде  алғысөзін  әлгі  әкімдер  «жазады». 

«Жазады»  деген  сөзді  тырнақ шаға  әдейі 

алып отырмын. Өзге кісі жазып береді. Бұл 

(әкім)  табақтай  суретін  бірінші  бетіне 

жапсырып,  авторын  соңғы  бетке  қуып, 

ысырып  тастайды,  алғысөзге  қол  қояды. 

Біреу жазып берген «Алғысөзде» не бәтуа 

болсын?  Әкім  тапсырмасынан  құ тылудың 

амалымен  жазылған  «Алғысөз»  әлдебір 

кітаптан  ұрланған,  әйтпесе  тал ғамнан 

жұрдай  бәлдір-батпақ  болып  шы ғады. 

дәлел  керек  болса,  «шежірелі  оты рар» 

энциклопедиясына,  ақын  қаны бек  Са-

рыбаевтың жыр жинағына жазылған әкім-

дердің «Алғысөздерін» оқыңыз. Ұят тан екі 

бетің өртене жаз дайды. Жазу мәде ниетінен 

бейхабар.  Бұл  не?  Бұл  –  атақ  шы ғару. 

осындай  жағдайда  «оқырман  жоқ»  деп 

аузымызды қу шөппен сүртуге, «оқыр ман 

кітап оқымайды» деп налуға да бол майтын 

секілді. 

– Сіз Қазақстанның деңгейінде ғана 

емес,  бүкіл  түркі  дүниесінде  кесек­

кесек  ой  айтатын  тұлғасыз.  Қазіргі 

түркі  дүниесінің  әдебиеті,  мәдениеті 

жө нінде не айтасыз? Осы біздің бір та­

мырдан  тараған  түркі  халықтарымен 

әдеби  байланысымыз  қай  деңгейде, 

үзіліп кеткен жоқ па?

– Келісіп алайық, «түркі» емес, «түрік» 

деп сөйлеген дұрыс. «Түркі» бізді кемсітіп 

ай тылған  сөз.  оның  үстіне  шын  түрік  – 

қазақ!

Түрік дүниесінің руханиятын ортақ ба-



қылап  отыратыным  рас.  Бұл  Бейсенбай 

Кенжебайұлы бауырында өскендіктің  ық-

па лы болар.

Түрік  дүниесінде  әдебиет  пен  өнер, 

идеология  қалыптастыратын  қызметінен 

айырылып  қалғалы  қай  заман?  руханият 

құлдырау  үстінде.  шын  жақсы  кітаптың  

оқырманын тауып, бизнес қатарлы пайда 

беру  –  алпыс  миллионнан  астам  халқы 

бар Түркиеде ғана бар. Батыстың үрдісіне 

енген. Түрік халықтарынан тұңғыш Нобель 

сыйлығын қанжығаға бөктерген де Түркие 

жазушысы – орхон памук.

Түрік  халықтарымен  рухани  бай ла-

нысымыз әлсіз. «ТҮрІКСоЙ» ЮНЕСКо мін-

детін  атқара  алмай  отыр.  Түрік  халық-

тарының көбі оған немқұрайды қарайды.

Әр  жер-әр  жерден  «Түркологиялық 

орталықтар» ұйымдастырылған. Соның бі-

рі – Түркістанда. Түркістандағы қ.А.Яс сауи 

атындағы  (атындағы  деген  сөзіміздің  өзі 

орысша  ырғақ.  дұрысы  қ.А.Яссауидің 

университеті    болуы  керек.  қ.Е.)  Халық-

аралық  қазақ-түрік  университетінде  32 

түрік  ұлт-ұлыстарының  балалары  оқиды. 

Ке лешек үміт көзі – осыларда! Университет 

жанында  «Түркологиялық  институт»  жұ-

мыс істейді. Түркологиялық конгресс Түр-

кіс танда екі жылда бір рет өткізіліп келеді. 

оған  көптеген  шетелдерден  түрколог 

ғалымдар келіп пікір жарыстырады. Алай-

да осының бәрі де әлі түрік халықтарының 

өзара  қойындаса  ықпалдасып,  мидай 

араласып  кетуіне  ықпал  ете  алмай  отыр. 

қазіргі таңдағы түрік халықтарының өзара 

ықпалы, байланысы, тілектестігі ХХ ғасыр 

басындағы деңгейге әлі жете алмай отыр. 

Екі  сәтке  назар  аударыңыз:  ХХ  ғасыр  ба-

сында Түркістанға Түркиеден түрік шілдіктің 

атасы – Зия Гөкалып келген. ХХ ғасыр ба-

сында – орыс-түрік соғысы ке зінде түр кіс-

тандық  Садық  Өтегенов  оңтүстік  өңірінен 

алтын  сынықтарын  (құймаларын)  жинап, 

Мұстафа шоқайға бастатып, Санкт петер-

бургке барып Түркиенің ресейдегі елшісіне 

әлгі  елден  жиналған  алтын  құймаларын 

бауырлас елге жәрдем ретінде тапсырған. 

Таңғаларлық  бауырмалдық    емес  пе?! 

Міне, түрік халықтарының бір-біріне деген 

бауырмалдығы!



–  Сіз  Түркістанда  тұрып  жатырсыз. 

Мағжан ақынның: «Түркістанда тумақ 

түгілі,  аяқ  басудың  өзі  үлкен  бақыт» 

деген  өлең  жолдары  бар.  Осы  ретте 

қа сиетті Түркістанның түлеуіне сіз қан­

дай  үлес  қосып  отырсыз?  Сізді  бүкіл 

түркі әлемінің кітапханасы мен ұстазы­

ңыз  Бейсенбай  Кенжебаевтың  мұра­

жайын ашты деп естідік. Осы турасын­

дағы әң гі мені тарқата айтсаңыз...

–  Бұл  сұрағың  жоғарыдағы  сұрақтың 

жалғасы дерлік екен. иә, Түркістанда қазақ 

түріктануы басында тұрған, уақытында сол 

үшін  көрмеген  зәбір-жапасы  қалмаған 

«Бей сембай  Кенжебайұлының  түріктану 

музейін» ашуға мұрындық болғаным рас. 

ол үш-төрт жыл дайындық кезеңінен өтіп, 

биыл (2009 ж.) 18 мамыр – Халықаралық 

музей (мұражай емес. қ.Е.) күніне ашылды. 

Халықаралық ІІІ Түркологиялық конгреске 

әлемнің әр шалғайынан келген оқымысты-

лар музейдің ашылу салтанатын рәсімдеді. 

Сіздерге  бір  қызық  айтайын:    әлемнің 

ешбір елінде мұндай түріктану музейі жоқ 

екен: түрлі шетелден келген түріктанушылар 

(түркологтар) қатты қызықты. 

олар  ашылу  салтанатына  қатысқан, 

мей лінше  қызыққан  екінші  бір  Түркістан 

атына  жарасқан  мәдени  мекеме  –  «Түрік 

халықтары  кітапханасы».  Кітапхананың 

құры лымы да қызық.  

Аталған  музей  мен  кітапхана  Елбасы-

мыз дың  Түркістанда  Түрік  халықтарына 

ор тақ  етіп    ашпақ  Академиясына  алдын 

ала жасалып жатқан алғышарт – база деп 

ойлаймын.

–  Газетіміздің  өткен  сандарында 

«Жә дігер  қала  жезөкшелер  үйіне  ай­

налды» деген тақырыпта сыни мақала 

шықты. Онда киелі жерде жезөкшелер 

үйлерінің  қаптап  кеткендігі  жөнінде 

айтылған.  Түркістанның  жанашыр 

аза  маты ретінде айтыңызшы, қасиетті 

мекенде  қасиетсіздіктердің  көбейіп 

кеткендігі неден?

–  «Түркістанда  жезөкшелер  көбейіп 

кет ті» дегенді естігенде жағамды ұстадым. 

«Айналамнан аулақ» деп екі жағама кезек-

кезек түкіргіштедім... Бірақ көзіммен көр-

генім жоқ, зерттегенім жоқ. Жалпы, бұл  – 

қоғамдық  кесел.  С.шарипов  есімді  ұлты 

татар, өзі қазақ жазушысы болған. ХХ ға-

сыр дың  жиырмасыншы жылдары иранда 

Сауда палатасы бойынша Кеңес өкіметінің  

өкілі болып барып, біраз жыл сонда тұрған. 

Сол  кісінің  «рузи-иран»  повесі  мен  пуб-

лицистикалық  шығармаларын  оқысаңыз, 

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында 

иранда  да  тәнін  сатушылық,  жезөкшелік 

етек  алған  екен.  иран  да  иман  ұялаған 

мұсылман  елі.  олар  да  шықты  ғой  ты-

ғырықтан.  Түркістан  да  тиылар  жезөк-

шеліктен... Әшкерелеп жазып тұрған орын-

ды.  Өз  кемшілігімізді  өзіміз  көрмесек, 

көр ме ген сісек, не болғаны? онда кемшілік-

тен  қалай  арыламыз?  Баспасөзде  айтып 

келемін: Түркістан білім беру сала сында да 

сыбайластық,  жемқорлық  етек  алып 

кеткен. оны өзің де жаздың емес пе? 

–  Бүкіл  әлем  жазушыларының, 

олар дың қандай мықты шығармалары 

барын  елімізде  сізден  жақсы  білетін 

жазушы  жоқ  десек,  өтірік  емес.  Осы 

рет те  айтыңызшы,  бүгінгі  оқырман 

ше  тел  әдебиетінен  болсын  немесе 

қазақ  жазушыларынан  болсын,  қазір 

кімді оқуы керек? Қайсысының шығар­

масы оқ бойы озық тұр деп айта ала­

сыз?

– Бүгінгі таңда жапон әдебиеті қоғам, 

адам  тазалығын  жырлаудан,  испан  әде-

биеті    философиялық  ой  айтудан,  не-

міс  әде биеті  адам,  қоғамды  қосып  тал-

даудан  алда  тұр  деп  ойлаймын.  қазақта 

да  шын  жазушылар  бар.  Өз  басым 

жақында    Ә.Нұр пейісов,  М.Мағауин, 

Ә.Ке кілбайұлы,  д.иса бе ков,  Т.Әбдіков, 

С.Елубаев,  А.Смайыл,  Ж.Кет тебеков  (мар-

құм), Ж. Әлме ш ұлы про засын, Е.раушанов, 

Ұ.Есдәулетов,  Б.Серікбаев  қо шым-Ноғай, 

Жәркен  Бөдешов,  Маралтай  поэзиясын 

қайталап оқып шықтым. 



– Соңғы сұрақ. Қазір немен айналы­

сып жүрсіз, не жазып жүрсіз?

– қарағым, мен қапияда Сәбит есімді 

сүйкімді  ұлымнан  айырылып  қайғыдан 

қан  жұтып,  көп  уақытымды      жоғалтып 

алып, өзім де жоғалып кете жаздап жүрген 

адаммын. Мұң, қайғы, депрессия... деген-

мен  Түркістанда  «Б.Кенжебайұлының 

түрік  тану  музейі»  мен  «Түрік  халықтары 

кітап ханасын» ашуға мұрындық болғаныма 

тәуба деймін. Түсінген азаматтарға  рахмет 

айтамын. Б.Кенжебайұлының бес томдық, 

Ә.Тәжібайұлының үш томдық шығармалар 

жинағын дайындау үстіндемін. С.Мұқанов 

лабораториясы  туралы  «Жазушы  шебер-

ханасы»  аталатын  зерттеу  аяқтағанмын. 

Бас тап қы  жоспарлануы  бойынша  енді 

«ғалым  шеберханасы»  (Б.Кенжебайұлы 

ла бо раториясы),  «Ақын  шеберханасы» 

(Ә.Тәжібайұлы  лабораториясы)  секілді  

ла бораториялық  зерттеу  еңбектерімді 

аяқтауым  керек.  Сонда  әуелгі  жоспар ла-

ған  дай үштік зерттеу туады. Ақын. ға лым. 

Жазушы. Үш тұлға! Үшеуінің шығар ма шы-

лық лабораториясын ашу арқылы, ке ңес-

тік  кезеңдегі  қазақ  әдебиетінің  бары  мен 

жо ғын,  жетістігі  мен  кемшілігін,  адасуы 

мен халқымен қайта табысуын... бәрі-бә-

рін ашамын, айтамын ғой деген ой дамын. 



иә, сәт!

–  Тәңірім  деніңізге  саулық,  көңілі­

ңіз ге медет берсін. Іске сәт, аға!

Әңгімелескен

Серік ЖҰМАБАЕВ    

Құлбек  ЕРГӨБЕК,  Қ.А.Яссауи  атындағы  халықаралық 

қазақ-түрік  университетінің  вице-президенті,  филология 

ғылымдарының докторы, профессор: 

Бір кісінің кітабы жарық 

көрсе, мін детті түрде 

алғысөзін  әкімдер «жазады»

АлАшҚА АйТАР ДАТыМ...

«Айқын»  газеті  бетінде  Әріпхан  Садықов  есімді  азаматтың 

«Білім мен ғылымды басқаруды түбірімен өзгерту керек» деген 

сұхбаты  шықты.  Расында,  білім  ұлттық  табиғаттан  айнып  кетті, 

ғылым  ұлттық  то пыраққа  дендеп    еніп  келе  жатып,  топырақ  

қапты ғой деп ойлаймын. Қазақ халқы үшін керегі Білім, Білім, 

Білім... Білім жүйесінің өзін білімсіздер басқаратын халге жетіппіз. 

Саланың мамандарының айтуына қарағанда, қазір білім жүйесін 

спортшылар билейтін көрінеді. Былтыр Тамыз конференциясында 

тап  осы  мәселе  келеңсіз  көрініс  (тенденция)  ретінде  бірнеше 

өңірде аталды. Бұл не деген сөз? Бұл – Қазақстанның Білім саласы  

рухани  жетелілердің  қолынан  сусып,  қаракүш  иелері  – 

«рэкетерлердің»  қолына  көшіп  барады  деген  сөз...  Онымен 

айналысуға  тиісті  білім  бөлімі  көп  ауданда  әкімнің  пара 

жинаушысы  ғана...  Мектептегі,  жоғары  мектептегі  білімді 

жөндемей,  парақор  министрлер  тасқыны  толастамайды.  Бірі 

ұсталса, орнына соның жолын ұстанған екінші бір парақор келеді. 

Бұдан білім қалай дамысын?

ЕКІншІ ДАТыМ...

Ана тілін білмейтін, Парламентте тілін шайнап тұратын жаңа буын 

жас шенеуніктер билік басына өрмелеп келеді. (Ә.Кекілбайұлы сондай  

бұралқы  жас  қазаққа  жақсы  жекіді).  Бұл  –  қатер.  Ана  тілін  арындай 

қадірлеген  ұлымыздың  бірі  Ғабит  Мүсірепов:  «Ана  тілін  ұмытқан 

адам өз халқының өткенінен  де, болашағынан да қол үзеді», – дегені 

бар.  Өз  ана  тілін  білмейтіндіктен,  бәрінен  қол  үзгенімен,  биліктен 

қол үзбеген, мансапқа өлермендікпен ұмтылатын жас шенеуніктерден 

қор қамын.  Олар  не  «мәңгүрт»  не  «көзқаман»  болуы  мүмкін.  Онда 

құрыдық.  Жапонияда  мейлі  қандай  мамандық  иесі  болсын,  жапон 

филологиясы  мамандығын  (екінші  мамандық  ретінде  болса  да) 

игермеген адамды жоғары қызметке тағайындамайды екен. Жапон 

филологиясы  дегеніміз  –  жапон  тілі  мен  әдебиеті.  Жапон  тілі  мен 

әдебиеті – жапон халқының ары мен жаны. Жапон халқының жанына 

кіріп  жұмыс  істейтін,  жапон  жанын  терең  түсінетін  адам  ғана 

жапондықтардың  арына  айналатынын  пайымдау.  Бізде  алдымен 

қазақ  тілін  білмейтін  азамат  өседі.  Бізде  атасы  жемқорлықпен  аты 

шыққан (кейбірі сотты болған, баспасөзге масқараланып жазылған) 

адамның  балалары    фольклордағыдай  мемлекеттік  қызметте  өте 

жедел өседі. Елбасы айналасына солардың ғарыштық жылдамдықпен 

қалай жетіп қалатынын көріп елім үшін, жерім үшін уайым жеймін...

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Журналистер құқығының қорғалуын қа-

да ға лаушы  халықаралық  Press  Emblem 

Campaign 

ұйымының 

пайымдауынша, 

әлем  де  бұл  мамандық  иелерінің  өміріне 

қауіп  төндіретін  аймақтар  аз  емес.  Атап 

айтқанда,  Гондурас,  Колумбия,  Ауғанстан, 

Газа аймағы, Гватемало, Непал, шри-ланка, 

Венесуэла,  индия,  Сомали,  индонезия, 

Ма  дагаскар,  Кения  елдері  журналистер 

үшін аса қауіпті деп ескертеді. БҰҰ барлық 

мемлекеттерді бұл мамандық иелеріне құр-

метпен қарауға шақыруда. Себебі дау-жан-

жалға  ұрынбаған,  қақтығыстардан  аман 

деп  есептелетін  кейбір  мемлекеттердің  өзі 

журналистерге өшпенділікпен қарайды.

Жыл басынан бері 56 журналист қызмет 

бабында  жүріп  қаза  тапты.  Өткен  жылғы 

көрсеткіш  бұдан  екі  есеге  артық  болатын. 

дегенмен  журналистер  қауымы  мұндай 

қауіп-қатерге  қарап  жатқан  жоқ.  шетелге 

сапар шегіп, жұмыс жасайтын БАқ өкілдері 

бүгінде мыңдап саналады. 

Журналистің жолы ауыр



Баламыз  журналист  еді.  Жуырда  шетелге  шыққалы  отыр.  Бұл  қаншалықты 

қауіпті, жалпы ел аралып жұмыс істейтін журналистер көп пе?

Айша шынАСылКЕлІнІ, Алматы облысы

Бейсенбі күнгі кешкілік 

уақытта полиция 

басқармасына өкпе аурулар 

ауруханасына жарылғыш 

зат қойылғаны туралы хабар 

берген белгісіздің «отты 

ойыны» облыстың құқық 

қорғау органдары мен құтқару 

қызметі қызметкерлерін біраз 

әуре­сарсаңға салды.

Атырау  облыстық  ТЖд-нің  баспасөз 

қызметінің  мәлімдеуінше,  оІІд-нің  ке-

зекшілік  бөліміне  кешкілік  сағат  19.30 

шамасында белгісіз біреу телефон шалып, 

облыстық  өкпе  аурулар  ауруханасы 

ғимаратында  жарылғыш  зат  қойылғаны 

жөнінде  хабарлаған.  облыстың  барлық 

құқық  қорғау  органдары  мен  құтқару 

қызметі ауруханада болған науқастар мен 

дәрігер  мамандарды  –  барлығы  434 

адамды сыртқа аулаққа шығарып, арнайы 

топ  ғимаратты  тексеруге  жұмылған. 

Нәтижесінде жарылғыш зат табылмады.

Атырау  оІІд-і бастығының орынбасары 

Жанболат  олжағалиевтың  айтуынша, 

полицияға жалған хабар берген адамның 

өкпе аурулар ауруханасындағы телефон-

автоматтан  хабарласқаны  анықталған. 

оның  телефон-автоматта  саусақ  іздері 

қалыпты. қазіргі күні жалған ақпарат бе-

рушіні полиция қызметкерлері ауру ханада 

жатқан науқастардың арасынан іздестіріп 

жатыр.


нарғыз ҒАБДУллИнА

Жарылғыш зат 

табылмады

Жетімдер үйінің 

тәрбиеленушісіне сот 

органынан бос жұмыс орны 

ұсынылды. 17 жасар любовь 

Чемеристің қызметке 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал