Құрметті азаматтар!



жүктеу 0.67 Mb.

бет3/6
Дата25.01.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6

лы сында көркемсөз оқудан белгілі 

жазушы Оралхан Бөкей атындағы 

дәстүрлі байқау өтті. Биыл 12-рет 

өткізіліп отырған әдеби кешке 

облыстағы қалалар мен 

аудандардан 16 үміткер қатысты. 

Байқауға  қатысушылар  «Қара  сөздің 

хас шебері», «Сахна шебері», «Өлең – сөз-

дің патшасы, сөз сарасы» аталымдары бо-

йынша  сынға  түсіп,  шеберліктерін  көр-

сетті.  Шарт  бойынша  көркемсөз  оқу  ше-

берлері кез келген ақын-жазушының про-

залық және драмалық шығармалары мен 

өлеңдерінен  үзінді  оқыды.  Дегенмен  не-

гізгі басымдық Оралхан Бөкей шығар ма-

ларынан  үзінді  оқуға  берілді.  Байқаудың 

қо рытындысы бойынша бас бәйге семей-

лік Аяулы Амангелдинаға бұйырса, I орын-

  ды қатонқарағайлық Әділ Бердібеков же-

ңіп  алды.  Ал  II  орынға  Ұлан  ауданының 

үміт   кері  Назымгүл  Ахметова,  III  орынға 

күр  шімдік  Назерке  Қайролданова  лайық 

деп  та нылды.  Байқауды  ұйымдастырған 

об  лыс тық  тілдерді  дамыту  басқармасы 

ма   мандарының айтуынша, ең басты мақ-

сат – жазушының шығармасын насихаттап, 

қазақ тілінің қолдану аясын да кеңейту.



Айнұр СенБАевА

Нұрғис


а 

ЕЛЕ


уБЕК

ОВ

 (



фо

то

)



ДүНиЕ-ғАПыЛ

Белгілі қоғам 

қайраткері 

өмірден озды

  Келісті  керуенге  жүк  боларлық  өмір-

баян жасақтаған Тоқмұхамед Сәлменұлы-

ның  қоғам  өміріндегі,  ғылымдағы  орны 

ерекше  еді.  Т.Садықов  1938  жылы  26 

қыркүйекте ресей федерациясының Алтай 

өлкесінде  дүниеге  келді.  Еңбек  жолын 

оқытушылықтан бастаған ол бүкіл саналы 

өмірін  ұстаздыққа  арнап,  нәтижелі  еңбек 

етті. Абай атындағы қазақ ұлттық педа го-

гикалық университетін 20 жыл бойы бас-

қарды.  Ол  400-ден  астам  ғылы ми  зерт-

теудің,  20  монографияның  авторы.  Қай-

раткердің  қазасына  байланысты  Пре зи-

дент  Нұрсұлтан  Назарбаев  оның  отбасы 

мен туған-туыстарының қайғыла рына ор-

тақтасып, жеделхат жолдады. «Бел гілі ұс-

таз, ғалым әрі қоғам қайраткері, үлкен жү-

ректі  зиялы  азамат  Тоқмұхамед  Сәлмен-

ұлының кенеттен өмірден озғаны на орай, 

ауыр  қайғыларыңызға  ортақта сып,  көңіл 

айтамын.  Ол  аса  жігерлі  азамат,  жан-

жақты  дарын  иесі  болатын.  Өзінің  бүкіл 

қажыр-қайратын туған халқының көкірегін 

оятып, білімін көтеруге, Қазақ станның ғы-

лымын дамытуға, тәуелсіз елі міздегі саяси 

тұрақтылық пен береке-бір лікті нығайтуға 

жұмсады...  Марқұмның  то пырағы  торқа, 

жатқан жері жарық бол сын. Баршаңыздың 

алдағы  күндеріңізге  тек  жақсылық  тілей-

мін»,– делінген Елбасы хатында. 

Соңғы  уақытта  ғалымның  тұщымды 

ой-пікірлері «Алаш айнасы» газетінде тұ-

рақ ты түрде жарияланып келген еді. Газет 

ұжымы қайғылы қазаға орай, марқұмның 

отбасы  мен  барша  зиялы  қауымға  көңіл 

айтады.

кеше  Алматыда  жұртшылық 

бел гілі ғалым, қоғам және мем ле-

кет  қайраткері,  ҚР  Ғылым  ака де-

миясының  академигі,  вице-пре-

зи денті,  қоғамдық  және  гума ни-

тарлық  ғылымдар  бөлімінің  төр-

ағасы,  Абай  атындағы  қазақ  ұлт-

тық  педагогикалық  универси те ті-

нің  құрметті  ректоры,  тарих  ғы-

лым дарының докторы, профессор, 

Қазақстан  ғылымы  мен  техника-

сының  еңбек  сіңірген  қайраткері, 

«нұр  Отан»  халықтық-демокра-

тиялық  партиясының  Алматы  қа-

лалық  филиалы  төрағасының  бі-

рінші  орынбасары  Тоқмұхамед 

Сәл  менұлы  Садықовты  ақтық  са-

парға шығарып салды. 


4

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№124 (124) 

25.07.2009 жыл, сенбі

www.alashainasy.kz

Біздің тұрақты авторымыз Тілеу Сәдуақасұлы Көлбаев 1942 жылы Ақмола облысының 

Макин қаласында туған. Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің тарих 

факультетін бітірген. Ширек ғасырдан астам жылдар «Қазақстан – Ұлы Отан соғысы 

жылдарында» деген ғылыми тақырыппен айналысып келеді. Оның қаламынан «Жеңіс 

жолында», «Алматы – Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Депортация», «Әбдірахман Әйтиев 

– ерлік пен қасіретке толы өмір», «Левон Мирзоян. Өмірбаяндық очерк» деген кітаптар жарық 

көрген. Ұлы Отан соғысының әртүрлі проблемаларын зерттеу барысында Мәскеу

Екатеринбор, Ташкент, Душанбе, Ашхабад, Бішкек мемлекеттік мұрағаттарындағы тың 

деректерді молынан жинаған ол мыңнан астам мақалалар мен очерктерін баспасөз бетінде 

жариялаған. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, Қазақстан 

Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымының 

докторы, профессор.

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Берлинді алғаш бомбалаған – 

Біләл Қалиев

АтАқсыз қАлғАн бАтырлАр

Таным

1985 жылдың жазында Липецк облысы Дебринский 

ауданының қызылізшілері Хворостянка селосы маңынан орман 

арасында соғыс жылдары құлаған Кеңес ұшағын батпақ ішінен 

қазып алды. Ұшақ ішіндегі қайтыс болғандардың сүйектерімен 

бірге ұшқыш Иван Удовиченко, штурман Павел Иоффе мен 

осы уақытқа дейін «белгісіз кеттілер» қатарында есептеліп 

келген ұшқыш Біләл Қалиевтің есімдері жазылған жауынгер 

гильзалары шыққан. Бұл соғыс тарихындағы аса құнды деректі 

олжа еді. 

Ұлы  Отан  соғысы  қызыл  Армия  үшін 

барынша  қолайсыз  шақта  басталды.  Ке­

ңестік  әскери  басшылық  фашистік  ша­

буыл дың  ауқымын  алдын  ала  білме ген­

діктен,  ірі  стратегиялық  кемшілік  жіберіп 

алды. Жау күшінің бір бөлігі ғана соғысқа 

тартылады  деп  есептелген  еді.  Ал  гит­

лерліктер болса майдан даласында басты 

бағыттардағы екпінді бөлімдердің 80 па­

йызға  жуық  жаяу  әскерін  алға  шығарды. 

Олар  қаптаған  танкілермен  біздің  әске­

рімізді бұзып­жарды, қоршап алды. 

22  маусым  күні  таңғы  уақытта  біздің 

әуежайларымызда  мыңға  жуық  ұшақтар 

жойылып  кетті.  Олар  тіпті  орындарынан 

ұшып  та  үлгермеді.  сондай­ақ  шайқасқа 

қатыса алатын танкілердің басым бөлігіне 

жанармай  жетіспеді.  Міне,  сондықтан  да 

соғыстың  алғашқы  кезеңінде  майданның 

көптеген  учаскелерінде  біздің  жауынгер­

леріміз  танкілер  мен  авиацияның  көме­

гінсіз іс­қимыл жасады. Жау басты бағыт­

тарда  бізден  үш  есе,  тіпті  бес  есе  қуатты 

еді. 

1941 жылдың 10 шілдесіне дейін не­



міс әскерлері литва, латвия, белоруссия­

ны түгелдей, Украина аймағының бір азын 

басып алды. КсрО жерінің солтүстік­батыс 

өңіріне – 500 шақырым, батысына – 600 

шақырым,  оңтүстік­батысына  350  ша қы­

рым  бойлай  кірді.  солай  бола  тұрса  да, 

мил лиондаған  қызыл  әскердің  өзін­өзі 

құр   бандыққа шалған биік рухы, батыл ды­

ғы, табандылығы, теңдесі жоқ ерлігі ар қа­

сында  герман  командованиесінің  «жой­

қын соғыс» жоспары кібіртіктеп жат ты. 

«1941  жылдың  22  шілдесінде,  соғыс 

бас талған соң, бір айдан кейін, неміс фа­

шистерінің  ұшқыштары  ұшып  келіп  Мәс­

кеуді  бомбалаған.  «Геринг  қырандары» 

аталған  фашистердің  әуе  күштері  мықты 

болатын.  бұдан  кейін  кеңестік  әскери  әуе 

күштерінің  алдында  берлинді  бомбалау 

міндеті  тұрды.  Алайда  екі  ара  тым  алыс. 

Үл кен  есептеулер  мен  тыңғылықты  зерт­

теу лер  арқасында  Дб­3  (дальний  бом­

бардировщик)  деп  аталатын  ИП­4 

ұшақтары  балтық  теңізіндегі  сааремаа 

ара      лы ның  әуежайынан  ұшқанда  ғана 

берлинге барып қайтуға шамасы жететіні 

белгілі болды. Шындығын айтқанда, мұн­

дай көзсіз ерлікке бару оңай емес еді. ста­

линнің тікелей бұйрығымен қолға алынған 

бұл істе кеңестік ұшқыштардың ішінен ең 

мықты  дегендері  іріктеліп  алынған.  со­

лардың  қатарында  ұшқыш  Удовиченко 

мен  Павел  Иоффе  және  біләл  қалиев 

үшеуі нен тұратын экипаж бар болатын. 

1941 жылы 8 тамыз күні балтық теңі­

зінің  сааремаа  аралынан  алысқа  ұшатын 

Дб­3 


бомбалаушы 

ұшақтары 

түн 

жамылып,  берлинді  бетке  алды.  балтық 



фло ты 1­авиаполкінің командирі Е.н.Пре­

 о б раженскийдің  әуе  қырандары  еш  ке­

дер гісіз­ақ  берлин  аспанында  еркін 

самғап, құзғындар астанасын бомбалады. 

16  тамыз  күні  бұл  сапар  қайталанады. 

бал тық  майданы  әскери  кеңесінің  бер­

линге  жасалған  екінші  әуе  шабуылы  жө­

ніндегі  баяндауында  мынадай  жолдар 

бар: «16 тамыз. 00 сағат 50 минуттан 02 

сағат 40 минутқа дейін берлинді бомбалау 

жөніндегі тапсырманы орындау... 4 ұшақ­

тан оның маңындағы Штеттин, нейбран­

ден бург  қалаларына  5­ФАб­250  (фугас 

әуе бомбасы), 56­ФАб­100 және 62­зАб­

50,  ЭПб­600  (өртегіш  бомбалар)  тастал­

ды.  Ұшақ  экипажы  көптеген  жарылыстар 

мен өрттерді көріп, бақылаған». 

(«Егемен Қазақстан», 

2006 жыл, 3 наурыз)

Міне,  осы  ақпарат  совин форм бю ро­

ның  әуе  толқындары  арқылы  хабарлан­

ғанда, күн сайын беріліп жатқан қайғылы 

жағдайлардан  еңсесі  езілген  халық  «уһ» 

деп  бір  ауыр  демалғандай  болды.  бер­

линнің бомбалануы жөніндегі хабар олар­

жат тар  сақталмаған.  батырдың  туған­

туыс  тарын да ұзақ уақыт іздестіреді. бі рақ 

ешқандай хабар болмайды. Оның өзін дік 

себебі  де  бар  болатын.  тың  және  тыңай­

ған  жерлерді  игеру  жылдарында  түрік­

мен станнан  елге  келе  алмай  жүрген  қа­

лиевтер  отбасы  –  қа рағанды  облысы на, 

одан  кейін  Жамбыл  облысының  Мо йын­

құм ауда нына көшіп келеді. 

біләлдің туған ағасы Әбіл өзінің батыр 

інісін  көзі  жұмылғанша  жоқтаған  жаны 

рақтарға жауап берейік. 

біләл  қалиев  1917  жылы  бұрынғы 

Гурьев  облысы  Маңғышлақ  ауданында 

дү   ниеге  келген.  Красноводскіде  мектепті 

бітіргеннен  кейін  алты  айлық  статистер 

курсын бітіреді. бір жылдай «Ягман» көмір 

кенішінде жұмыс істейді. Одан кейін Кар­

ши қаласында теміржол стансасының кур­

  сында  оқиды.  Красноводскіде  жұмыс  іс­

тей жүріп, ұшқыштар даярлау мектебінде 

оқиды. 1939 жылы әскер қатарына ша қы­

рылады. Черниговте ұшқыштар учи ли ще­

сін бітіргеннен кейін запорожье қа ласында 

әскери  бөлімде  қызмет  етеді.  қысқа  да 

жар қын ғұмырға соғыс килі геді... 

қазақтың  ержүрек  перзентін  ақтап 

алып,  қаһармандар  қатарына  қосу  кезегі 

енді  Әбіл  ақсақалдың  жары,  біләлдің 

анасындай  болған  туған  жеңгесі  Жамал 

апайға келеді. Дүниеге 12 перзент әкелген 

батыр  ана  қасына  кенжесі  болатты  ертіп, 

ресей, түрікменстан, сондай­ақ батырдың 

туған  топырағы  Маңғыстау  өңірін  шар­

лады.  Ол  біләл  қалиевтің  бар  қазаққа 

ортақ екенін, ерлігінің бүкіл ұрпаққа өнеге 

екенін жете түсінді, айқын ұқты, өзгеге де 

ұғындырды. соның арқасында бұл күндері 

бұған дейін батыр есімін түрікменстандағы 

ол оқыған орта мектеп пен көше ғана алып 

келсе,  енді  тараз  бен  Жаңаөзен  қалала­

рында да оның атындағы мектеп пен кө­

шелер  пайда  болды.  Ескерткіш­тақталар 

орнатылды.  Маңғыстау  облысында  жыл 

сайын  біләл  қалиев  аруағына  бағышта­

лып имандылық шаралары, оның құр ме­

тіне арналған ауқымды кештер мен спорт 

шаралары өткізіліп тұрады. 

«Мен  1939  жылы  Красноводск  қа ла­

сына  мұғалімдер  оқуына  келдім,  –  деп 

еске  алады  еңбек  ардагері  Алпысбай 

Мом  баев. – Кешке біз жатқан үйге үш жігіт 

келді. таныса келе, олардың сәбен, Шәкі­

рат  және  біләл  екенін  білдік.  Елді  сұрап 

жатты. солардың арасында біләлдің білімі 

де,  беделі  де  жоғары  екені  аңға рылып 

тұрды. біләл осы өңірде өмір сүрген Әділ 

болыстың  өлеңдерін  нақышына  кел тіріп 

айтты.  қазір  ол  әндерді  ешкім  айта  бер­

мейді. Одан кейін күй тартты. Көп ұзамай 

үш қыз келді. біз қысылып қалдық. Осыны 

байқаған біләл ағамыз: «Жігіттер, танысып 

қойыңдар, бұл қарындастар – осы өңірдің 

жұлдыздары.  Күміс  көмей  әншілер  Хан­

сұлуды,  Ақан  мен  Аққағазды  бұл  өңірде 

білмейтіндер кемде­кем», – деді. түнімен 

ән  айтылды,  күй  тартылды.  Кейін  білдік, 

біләл  ағамыз  Аққағаз  қызға  үйле нейін 

деп  ағасы  Әбілдің  ауылдан  келуін  күтіп 

жүр  екен.  бірақ  тосыннан  болған  соғыс 

бәрін  бұзып  кетті  ғой...  біләл  аға мызды 

бәріміз майданға шығарып салдық. сон­

дағы  Аққағаздың  жылағаны,  оны  біләл­

дің  жұбатқаны  әлі  көз  алдымда.  ға шық 

жү ректер аймаласуға елден қысы лып, тек 

алыстан  аймаласып,  қоштасты.  біз  біләл 

ағай «қазақстан» деген кемеге мініп, жү­

зіп  кеткенше  жағада  тұрдық.  Кеме  бар 

дауысымен ұзақ гудок беріп, бакуді бет ке 

алып жүзіп кетті...» 

(«Егемен Қазақ стан», 2001 жыл, 29 тамыз).

қаһарман  қандасымыздың  аты  жаң­

ғыр ғанымен, ерлігінің тарихына әлі нүкте 

қойылған жоқ. Өкініштісі, Ұлы Отан соғы­

сының  60  жылдығы  тойланған  жылы  да 

қозғалмаған  қалиев  ісі  алда  да  қолға 

алынбай қалатын түрі бар. 

Ұлы  Жеңістің  65  жылдық  мерекесіне 

дайындық шаралары басталып кетті. Енді 

қазақ жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері 

өз батырын жоқтауға кірісетін уақыт жет­

кендей.  біләл  қалиевтің  тараз  қаласын­

дағы туыстары, журналистер Мұқан Әбіл­

қайыр,  Мақұлбек  рысдәулет,  Әнуарбек 

Әуелбек  республикалық  баспасөз  бетте­

рінде  көптеген  мақалаларын  шығарды. 

батыр  ұрпақтарының  бармаған  жері,  хат 

жазбаған кеңсесі жоқ. Шікірейген шенеу­

ніктер олардың өтінішін жеке бастың ша­

руа сындай  көріп,  көмектесуден  қашқақ­

тай  берді.  тіпті  батырды  іздеушілердің 

тауы шағылғандай. Өйткені кейінгі уақытта 

кейбіреулер  біләл  қалиевтей  батыр  аға­

ның ерлігіне күмән келтіретіндей сыңайлы. 

«Оған Кеңес Одағының батыры атағы бе­

рілмеген екен» деген сөзді де шығара бас­

тағандай. Оның еш қисыны жоқ. берлин ді 

бірінші  бомбалаған  ұшқыштардың  бәрі­

нің  осы  атаққа  ие  болғаны  кезінде  тайға 

таңба  басқандай  жазылған.  Мәселенің 

мә нісі,  республика  Үкіметіне  КсрО­ның 

мұ рагері  болып  қалған  ресей  үкіметі  ар­

қылы бұрынғы КсрО қорғаныс министр­

лігіне қарасты Подольскідегі әскери мұра­

жайға  шығып,  ұшқыш  жауынгер  біләл 

қалиевтің  Кеңес  Одағының  батыры  ата­

ғын  қайта  қалпына  келтіру  ісімен  айна­

лысуға тура келеді. 

тапсырмадан  әуеайлаққа  оралмаған 

ұш қыштар  «жау  қолына  түскен  күмәнді 

жауынгерлер»  ретінде  қабылданатын  со­

ғыстың  қатал  заңы  сол  қаһармандардың 

да есімін өлтірген­ді. Осылайша жарқ етіп 

жанған  батыр  біләлдің  аты  бір  жылдан 

соң жалп етіп сөнді. Оның атағын топырақ 

астынан аршып алу үшін 70 жылға жуық 

уақыт керек болды. 

тараздық  журналист  Мұқан  Әбіл­

қайырдың «Айқын» газетінің 2005 жылы 

2  мамырдағы  санында  қазақ  халқының 

қаһарман ұлы талғат бигелдиновке ашық 

хаты жарияланды. Онда былай делінген: 

құрметті талғат аға! 

Ұлы  Отан  соғысында  неміс  фашис те­

рінің  жердегі  де,  аспандағы  да  жасақ та­

рына  қырандай  шүйліккен  сіз  Кеңес  Ода­

ғының  батыры  атағына  екі  мәрте  ие 

бол         дыңыз.  «бұратана»  халықтың  ержү рек 

ұландарына  батыр  атағын  беруде  барын­

ша  іш тарлық  танытатын  сол  империялық 

КсрО­да айбыныңыздың артқандығы, бұл 

да – сіздің қосымша ерлігіңіз. бірақ соған 

қаншама  қандас  азаматтарыңыз  жетпей 

кет ті.  бізді  сізге  ашық  хат  жазуға  итер ме­

леген жай – сондай атаққа ие бола оты рып, 

тағдырдың  тәлкегімен  одан  ажырап  қал­

ған қазақ жігіті туралы өкінішті оқи ға... 

«қырық жыл қырғын болса да ажалды 

өледі» дегендей, қырық жыл көміліп жат­

қан бақтыораз бейсекбаев ағамыздың ер­

лігі де елге оралды емес пе? біләл қалиев­

ке  тағдырласы  бейсекбаевтың  жолын 

берсін  дегіміз  келеді.  Оған  батырға  тән 

буырқанған  мінезбен  өзіңіз  кіріспесеңіз, 

еш  болар  емес.  қазақтың  тоқтар  Әубә­

кіровтей  –  қайсар,  талғат  Мұсабаевтай 

ал ғыр  ұлдары  тексіз  елде  дүниеге  кел­

мегенін, олардың талғат бигелдинов бас­

таған  қы рандар  шоғыры  –  нүркен  Әб­

діров,  бақтыораз  бейсекбаев,  біләл 

қа  лиевтердің  қандастары  екенін  тағы 

тізімдей отырып, дәлелдеп кетудің сіз үшін 

сәті  келіп  тұр.  Осынау  аруақты  іске  бел 

шеше кірісіп, ұш қыш әріптесіңізді бұл күн­

де жүзден асқан батырларының қатарына 

қосар  болсаңыз,  өзіңіз  жанқиярлықпен 

қорғаған халқыңыз үшін жасаған тағы да 

бір ерлігіңізбен пара­пар іс болар еді».

не нәрсенің де бағасы бар. батырлық 

пен  ерлік  те  ескерусіз  қалмайды,  оның 

бағасын  Отан  береді,  халық  ұмытпай, 

ауыздан­ауызға аңыз ғып таратады, сазгер 

ән арнаса, әнші оны шырқайды, ақын оны 

жырына  арқау  етеді.  «Ерлік  –  мәңгі  жас» 

дейтініміз де осыдан. 

Ендігі  бар  үміт  –  егемендік  алған  елі­

мізде! Алайда бұл батырымыз туралы нақ­

ты де ректер алдағы уақытта табылатыны­

на  кү мән  жоқ.  қорғаныс  министрлігінің 

Ор та лық архиві (КсрО­ның, әрине) қазір 

ре  сейдің  Подольск  қаласында  орналас­

қан.  қазақстан  республикасы  қорғаныс 

ми нистрлігіндегі  азаматтар  осы  арқылы 

сол  жаққа  ресми  түрде  сұрау  салса,  ма­

рапаттау (наградтау) жөніндегі құжаттар­

дан біләл қалиевтің ерлігі жөнінде бір де­

рек шық пауы мүмкін емес. тіпті болмаған 

жағ дай да  неге  басқа  ізгілікті  жолдарын 

қарас тыр масқа?  Мысалы,  біләл  қалиев 

Халық  қаһарманы  атағына  лайық  батыр 

емес  пе?  Міне,  бұл  да  –  ойланатын  жай. 

қазақтың тағы да бір жұлдызы жанар ма 

екен десеңізші!

Тілеу КӨЛБАЕВ

Германия  КсрО­ға  қарсы  құрамында  5,5  млн 

мұздай  қаруланған  солдаты  мен  офицерлері  бар 

190  дивизияны  шығарды.  Жаудың  47  260  отты 

қару минометтері, 4300 шамасында танкілері мен 

штурмдық жарақтары, 5000­ға жуық әскери ұшақ­

тары және 190 әскери корабльдері болды. Мұндай 

ауқымды агрессияны тарих бұрын­соңды білмеген 

еді.

батыстағы  шекаралық  облыстарда  кеңестік 



әскер  де  пәлендей  кемшін  емес  болатын.  2  млн 

680  мың  қызыл  армияшылар  мен  командирлер 

тұрды. сонымен қатар 37 500 отты қару мен ми­

нометтер, 1475 жаңа үлгідегі танкілер, 1540 жаңа 

үлгідегі әскери ұшақтар, сондай­ақ ескірген жоба­

дағы көп мөлшерде танкілер мен ұшақтар болды. 

соғыстың  алғашқы  күні  неміс­фашист  басшы­

лығы  шайқасқа  153  дивизия  тартты.  қазақстан­

дықтар  тарапынан  шекара  аймағындағы  ұрысқа 

ал ғашқы  эшелондағы  56  дивизия  (900  мыңға 

жуық жауынгер) қатысты.

Германия КсрО­ға 

5,5 млн әскерімен басып кірді

Ұлы Отан соғысы оты алғаш тұтанған шақта Кеңес Одағы қаншалықты әлсіз еді, екі жақтың 

қарулануы қай деңгейде болды? 

Алмасбек ЖАРБОЛОВ, Алматы

ХVII ғасырда әлем бойынша 

белең  алған  соғыстардағы 

адам  шығыны  шамамен  5  жа­

рым  миллиондай  адамды  құ­

райды екен. бұл көрсеткіш ХІХ 

ға сырдағы  қарулы  қақты ғыс­

тарда ұлғая түсіп, 16 миллионға 

жеткен. қоғамдағы шиеленістер 

артып,  техникасы  дамыған  ХХ 

ғасырдың  келуімен  адам  шы­

ғыны  да  еселей  түсті.  бұл 

жүзжылдықта  орын  алған  екі 

бірдей  дүние жүзілік  соғыстың 

салдарынан  ғана  әлемде  65 

миллиондай  адам  көз  жұмды. 

бірінші  дүние жүзілік  соғыста 

10  млн  адам  қаза  тауып,  20 

млн адам мүгедек болса, екінші 

дүниежүзілік  со ғыста  55  млн 

адам қаза тауып, 90 млн адам 

жарымжан болып қалды. 1945 

жылдан  бері  дү ниежүзінде 

шамамен 150­ден астам соғыс 

болды.  Оның  кейбірі  әлі  күнге 

дейін  жалғасып  келеді.  бұл 

соғыстардан  бас­аяғы  10  млн 

астам адам құрбан болды. 

ХХ ғасырдағы соғыстар 75 миллионнан астам тағдырды жалмады

Ұлы Жеңістің 65 жылдығына 289 күн қалды



Бомбовые удары по Берлину в 1941 году

По  решению  Ставки  ВГК  в  ночь  с  7  на  8  августа  спецгруппа  1-го  минно-

торпедного полка авиации Балтийского флота под командованием полковника 

Е.Н.Преображенского  на  12  самолетах  ДБ-3  провела  1-ую  бомбардировку 

Берлина. Удары были нанесены по военным объектам на берегу озера Тегелер, 

правительственным учреждениям на окраине Тиргартена, складам, заводам 

и нефтехранилищам на окраине Берлина. Удары осуществлялись с аэродромов 

Кагул и Астэ на острове Сааремаа в Балтийском море. Дальность маршрута в 

оба конца составляла 1800 км, из них 1200-1300 км над морем, средняя высота 

полета  –  4-5  км,  в  районе  цели  –  5-7  км.  В  дальнейщем  число  бом бар ди-

ровщиков на о.Сааремаа возросло до 33. 10 августа 12 самолетов под коман-

дованием комбрига М.В.Водопьянова вылетели на бомбардировку Бер лина с 

аэродрома г. Пушкин (под Ленинградом). 

Всего 8 августа по 4 сентября с о.Сааремаа на Берлин совершено 9 налетов, 

81 самолет – вылет, из них 55 завершились ударами по вражеской столице, 

остальные – по другим военным объектам. Было сброшено 635 фугасных (от 

50 до 250 кг) и зажигательных (от 1 до 50 кг) бомб общей массой 34,5 т. Кроме 

того над фашисткой столицей сбрасывались листовки. 

За время налетов советскими летчиками зарегистрировано 32 очага пожа-

ров. 

Великая Отечественная война. 1941-1945 гг.

Энциклопедия. Москва: «Советская энциклопедия». 1985, стр.107.


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал