Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/7
Дата04.02.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Өмірəлі Қопабаев

Арман Қырықбаев

Əбiш Кекiлбайұлы

Нұрлан Оразалин

Динар Нөкетаева

Бектұр Төлеуғалиев

 Сағатбек Медеубекұлы

Мереке Құлкенов

Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№12 (88)

2015


Ұлт Көшбасшысы

сарабдал 

саясаткер

2011  жылғы 14 желтоқсанда 

Мемлекет  басшысы  «Қазақстан 

Республикасындағы  мерекелер ту-

ралы» Қазақстан Республикасының 

Заңына  толықтырулар  енгізу  тура-

лы»  Қазақстан  Республикасының 

Заңына  қол  қойды,  онда 1 жел-

тоқсанда  аталып  өтілетін  жаңа 

мемлекеттік  мереке    -  Қазақстан 

Республикасының 

Тұңғыш 


1 желтоќсан - ЌР Тўѕєыш Президенті кїні

2

 *«Үркер»*№122015

Президенті күнін белгілеу көзделген болатын.

Қазақ  елінің  тəуелсіздік  алғаннан  бергі 

бағындырған  шыңдары  жетерлік.  Тарих  үшін 

қас-қағым  сəт  болғанымен 20 жылдан  сəл-ақ 

астам уақыт  ішінде буыны енді беки бастаған ел 

əлемдік деңгейдегі алпауыттармен иық тірестіріп, 

тың  бастамаларға  ұйытқы  бола  алатындығын  да 

паш  етіп  отыр.  Оның  жарқын  дəлелі 11 жылдық 

тоқырауда  болған  ЕҚЫҰ  саммитін  жоғары 

деңгейде  ұйымдастырып,  Азиада  ойындарын 

өткізуі,  сонымен  қатар  көптеген  халықаралық 

шараларға ұйытқы болуы, алдағы уақытта ЕХРО-

2017 көрмесін өткізетіндігі дəлел бола алады. Міне, 

осындай  ауқымды  шаралардың  басы-қасында 

жүрген  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еңбегі 

ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да биылдан бастап 

1  желтоқсан  Қазақстан  Тұңғыш  Президенті  күні 

мерекесі  кеңінен  аталып  өтпек.  Айта  кетерлігі, 

таңдау  бұл  күнге  тегіннен-тегін  түсіп  отырған 

жоқ.  Есте  болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан  күні 

тəуелсіз  Қазақ  елінде  алғашқы  президенттік  сай-

лау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев  халықтың зор 

сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дау-

ысымен жеңіске жеткен еді. 

Мемлекет билігін қолға алғаннан бастап ҚР 

Президенті  атқарған  игі  істер  жетерлік.  Мəселен, 

Мемлекет  басшысының  сол  бір  қиын-қыстау 

кезеңде, яғни 1991 жылдың 29 тамызында 60 жылға 

жуық  уақыт  бойы  Абай,  Шəкəрім  сынды  даналар 

дүниеге  келген  Семей  топырағындағы  ядролық 

сынақтарды  тоқтату  туралы  Жарлыққа  қол  қоюы 

ерлікпен пара-пар еді. Əрине, мұндай қадамға бару 

жолында  кедергілердің көп болғандығы да сөзсіз. 

Күні  кеше  Елорда  төрінде  ұйымдастырылған 

«Жаңа  əлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  «Бірінші 

Назарбаев  оқулары»  халықаралық    форумы  ба-

рысында  сөз  сөйлеген  ҚР  БҰҰ  Бас  хатшысының 

орынбасары  Қасым-Жомарт  Тоқаев  өз  сөзінде  ел 

тəуелсіздігінің  алғашқы  жылдарында  орын  алған 

маңызды  оқиғалардың  біріне  тоқтала  келе: «1992 

жылдың  басында  Сыртқы  істер  министрлігіне 

дипломатиялық 

арналар 


арқылы 

Қазақстан 

Президентінің  атына  Ливия  революциясының 

көсемі  Муаммар  Каддафиден  хат  келді,  онда 

еліміздің  аумағында  оның  жазуынша, «алғашқы 

мұсылмандық  атом  бомбасы»  делінетін  ядролық 

арсеналдарды  сақтау  ұсынылған  болатын.  Бұл 

ретте,  оны  ұстап  тұру  үшін  Каддафи  хатында 

көптеген  миллиард  доллар  көмектер  бөлінетіні  де 

уəде етілген», - деп есіне алды. Оның пайымынша, 

кез  келген  жауапсыз  саясаткер  үшін  осындай  бай 

мемлекеттер  тарапынан  жасалған  мұншалықты 

жомарт  ұсыныстар    əлдеқайда  тартымды  көрінуі 

мүмкін  еді. «Бірақ  нағыз  мемлекет  қайраткері 

қарапайым  саясаткерден  əлдеқайда  ерекшеленеді, 

олар  кез  келген  мəселені  қазіргі  конъюнктура-

лы  санатпен  ойламайды,  ол  стратегиялық  тəртіп 

түсінігін  басшылыққа  алады», - деді  БҰҰ  Бас 

хатшысының орынбасары.

Иə,  осылайша,  билікке  келген  кезден-ақ 

көрегендік  танытқан  Елбасының  бүгінде  жүргізіп 

отырған  қазақстандық  даму  жолы  мен  моделі 

əлем  қайраткерлері  тарапынан  зор  қызығушылық 

туғызып  отыр.  Оның  жетекшілігімен  еліміз 

ешкімге  ұқсамайтын  экономикалық  даму  жолын 

бастады.  Даму  қарқыны  жағынан  ХХІ  ғасырдағы 

көшбастаушы  мемлекеттердің  қатарына  қосылды. 

Қазақстан  əлемде  өзінің  саяси  орнын  айқындап 

алды.  Бейбіт  саясат  пен  ұлтаралық  келісімді 

қамтамасыз  етті.  Қазақстан  халқы  Ассамблеясын 

құрды.  Жаһандық  ядролық  сынақсыз  аймақ  құру 

жөнінде  ұсыныс  берді.  Əлем  халқы  Қазақстан 

басшысының  ұлы  бастамасына  қолдау  көрсетті. 

Ұлттың қамын ойлайтын, дамудың келешегін бол-

жайтын  дана  саясат  ұсынған  Нұрсұлтан  Назарба-

ев жас мемлекетті экономикасы орнықты 51 елдің 

қатарына  қосты.  Қазақстан  кешегі  тоталитарлық 

жүйенің  түйіндерін  шешіп,  зайырлы,  құқықтық 

мемлекетке  айналды.  Еуропаның  төріне  шықты. 

Діни  толеранттылыққа  қол  жеткізді.  Мəселен, 

бұл  жайында  жоғарыда  атап  өткен  форумда 

«Өркениеттер  диалогы»  Форумы  Халықаралық 

үйлестіру  комитетінің  төрағасы  Вальтер  Швим-

мер: «Мен  ешуақытта  тəуелсіз  Қазақстандағы 

этникалық  немесе  діни  шиеленістер  туралы 

естіген  емеспін.  Қазіргі  күні  əлем  Қазақстандағы 

халықтар мен наным-сенімдердің, мəдениеттердің, 

дəстүрлердің,  тілдердің,  діндердің  байлығынан 

сабақ  ала  ма!?  Ала  алатындығымызға  мен  кəміл 

сенімдімін», - деп ағынан жарылған болатын. 



Марлан ЖИЕМБАЙ

3

Амансыңдар 

ма, 

ардақты 


асыл 

анашым,  бауыр-ет  бауырларым,  қадірлі 

қарындастарым,  ақ  пейіл  жеңешем  мен 

келінім жəне балдай тəтті қос бөбектерім!

Сендердің 

денсаулық, 

көңіл-күй, 

тұрмыс-тіршіліктеріңді  сұрап  не  қылайын, 

бəрібір  маған  оны  естіп-білу  сормандайыма 

менің қу тағдыр жазбайын деп отыр. 

Əйтеуір  бұ  дүниеде  де,  о  дүниеде 

де  ақ  таза  жүрегіммен  бар  тілейтінім – 

өздеріңнің  əрқашан  да  аман-сау,  ардақты 

адам болуларың. 

Ендігі  өздерің  де  естіп-біліп,  үлкен 

қуаныш  үстінде  боларсыңдар.  Сонда  да 

басынан аяғына дейін өз қолыммен жазайын. 

Бар  қасірет,  мұң-зар,  бақытсыздық,  қырық 

қырсық  мен  сорлы  бейшара,  бейкүнəнің 

басына қашан, қалай, қай уақытта, не себепті 

қандай  арамза  жолдармен  келгені  өзімнен 

басқа, сіздерге де белгілі болар деп ойлаймын. 



ҚАҺАРМАН

 

ҚАЙРАТ 

РЫСҚҰЛБЕКОВТІҢ

 

СОҢҒЫ ХАТЫ 

Мўзда жанєан алау

Сіздер толық анығын білмесеңдер де, Талғат 

бəрін түгел біледі, мен оған бар сырымды еш 

жасырмай  жазғанмын.  Оның  маған  жазған 

жауабы, бауырлық ретінде берген уəде, серті: 

«Аман-есен  Отан  алдындағы  өз  міндетімді 

адам  баласына  лайықты  абыроймен  өтеп, 

туған  үй,  ошақ  басына  оралған  соң,  мейлі 

үш жыл  өтсін, мейлі отыз жыл өтсін, бəрібір 

мен  ақиқат – шындыққа  түбі  бір  жетемін. 

Тек  қана  адал  жолмен  жетемін»,  деп  жазған 

еді.  Əрине,  мен  Талғатқа  толық  сенемін. 

Оның  айтқаны  айтқан,  айтқан  сертінен 

қайтпайтынын өз басым, оның бауырлық ақ 

ниетіне,  ағасының  жоғын  жоқтауына  шексіз 

алғысымды білдіремін!!! Оған сəлем жолдап, 

айтыңыздар: «Мен  сорлыны  толық  жан-

жақты түсініп, мен бейшараны кешірсін». 

Өздеріңізге  əбден  белгілі,  яғни  мен 

сорлының  жазықсыздан-жазықсыз,  адам 

тұрмақ  тышқан  мұрнын  да  қанатпай 



4

 *«Үркер»*№122015

сорлағанымды,  темір  торға  торланғанымды, 

одан  қала  берді,  түйменің  көзіндей  тесікке 

түйедей  жала  жабумен  ақыры,  ату  жазасын 

алғанымды. 

Иə,  мен  сіздерден  еш  жасырмаймын, 

мен 18 желтоқсан 1986 жылы алаңға бардым, 

көпшілікпен  бірге.  Барғанда  да  Қонаевтың 

күйін  күйттеп  барған  жоқпын.  Тек  қана, 

ол  жерге  барған  себебім,  бар  мақсатым, 

біріншіден,  ол  жерде  не  болып,  не  істеп,  не 

қойып  жатқанын  өз  көзіммен  көру  болды. 

Екіншіден,  алаңда  қазақтың  уыздай  жас 

қыздарын ұрып-соғып, өлтіріп жатыр, дегенді 

елден естіген соң, өз басым қолымды жайып 

«күл болмасаң, тұл бол» деп отыруға еркектік 

ар-намысым  еш  жетпеді.  Ер  қатарында  ер 

қара боп, саны бар сапасы жоқ боп, ербеңдеп 

жүрген намыссыз еркек мен емеспін, құдайға 

шүкіршілік,  менің  де  көркейген  кеудемде 

нағыз ерге лайық «намыс» баршылық. 

Оның  үстіне  «қыздың  жолы  жіңішке» 

деген.  Менің  түсінігімше,  əйел  адамға 

ер  адамдар  тұрмақ,  аң  екеш  аңдардың, 

хайуандардың  еркегі  де  ұрғашысына  мүйіз, 

я болмаса тұяғын көтермейді. Ал, біз бəріміз 

де  аң  емес,  адамзаттың  ұлы – адамбыз, 

сондықтан ер адам əйел затына қол көтеріп, 

қол жұмсауға тиіс емес, əуелі еш правосы жоқ. 

Міне, қысқаша айтқанда, осындай түсінікпен, 

əйел затына ер болып өз қол ұшымды беріп, 

көмектесуге, оларды арашалап – қорғау үшін 

барғаным рас. Сол жерде қолымнан келгенше 

бар  көмегімді  бергенім  де  рас.  Ол  үшін 

əлі  күнге  дейін,  еш  өкінбеймін,  керісінше, 

үлкен  мақтаныш  тұтамын.  Бірақ  та,  бір 

құдай өзі куə, адам баласын өлтіргенім жоқ. 


5

Мұндай  айуандық  жасаудың  өзі,  сормаңдай 

менің  қолымнан  келмейді.  Еш  уақытта, 

ешқашанда...

Ал,  əйел  затына  айуандықпен  қол 

көтеріп, 

шашынан 

тартып, 


көкпарша 

сүйрегені  үшін  бір  милицияны  ұрып-

соққаным өте рас. Ол адам, күні бүгінге дейін 

аман-есен  зыр  жүгіріп  жүр.  Өз  қолыммен 

жасаған бар теріс қылық, бар қылмысым осы 

ғана. 


Ал, маған «жығылғанға жұдырық» деп 

зұлымдықпен  мойныма  ілген  «адам  өлімі» 

–  менің  ісім  емес.  Мұның  бəрін,  ою-қиюын 

келістіріп  көпе-көрнеу  жала-жалғандықпен 

мен  сорлының  мойнына  жүз  қайтара  орап 

ілген  «ұялмайтын  бес  гектардай  беттеріне 

талмайтын  жақ  берген»  албасты  атқан 

тергеушілер  мен  əбжылан  жалақорлардың 

ісі.  Мен  өте-мөте  жақсы  білемін  жəне 

сеземін. Ол атаңа лағнеттердің бұлай істеген 

себебі, біріншіден, өлген адам жала жабушы 

жалақорлардың  жақын,  бірге  істескен 

таныстары,  сол  себепті  өз  таныстарының 

өш-кегін  алу;  екіншіден,  албасты  əбжылан 

тергеушілердің  «қанға – қан,  жанға – жан» 

деп  зұлымдықпен  «өлген  адам»  үшін  əдейі 

мені, «менің  қолтықтан  демеушім»  жоқ 

бейшара екенімді біліп, істеп отырғандары. 

Иə, мен сорлылығымнан жазықсыздан-

жазықсыз  ату  жазасын  алдым.  Өйткені, 

өзімнің  кінəлі  емес  екенімді,  адалдығымды, 

қолымның қан емес екенін қанша зар еңіреп 

айтқаныммен өзімді еш ақтай алмадым. 

Дүниеде,  адам  баласының  өз-өзін 

ақтауы, өте-мөте қиын екені, кеудесінде жаны 

барлардың бəріне жақсы белгілі. Сондықтан, 

маған да бұл жағы өте қиын...

Міне, 


өздеріңіз 

естігендей 

«ату 

жазасын» 20 жылға  ауыстырды.  Бұл  əрине, 



біреуге қуаныш, біреуге жұбаныш, ал біреуге 

азап.  Өз  басым,  бұл  үшін  еш  қуанғаным 

жоқ.  Өйткені,  асыл  анашым!  Түсініңізші 

мен  сорлыны,  ешуақытта,  ешқашанда  бұл 

тас  зынданда  жазықсыздан-жазықсыз  еш 

отырғым  келмейді. 11 ай  ішінде  қайғы-

қасіреттен  жүйке  тамырым  əбден  жұқарды, 

əбден шаршадым. Сол себепті, жазықсыздан-

жазықсыз өз-өзімді 20 жыл бойы еш қинағым 

келмейді,  азап  шеккім  келмейді.  Жəне 

сіздерді  де  қинатып,  азаптағым  келмейді. 

Менсіз  де,  асыл  анашым-ай!  Тағдырдың 

тауқыметін көп көрдіңіз ғой. Түсінген жанға 

сол  да  жеткілікті.  Басыңызды 20 жыл  бойы 

торлаған,  сізге  қайғы-уайым  болмайын. 

Ардақты  анашым!  Бар  жеткен  жерім  осы. 

Аяғыңызға  жығылайын!  Ақ  сүтіңізді  ақтай 

алмай көз жұмып бара жатқаным үшін сорлы 

балаңызды  кешіріңіз!  Өтінемін,  кешірім 

өтінемін! 

Мейлі, бар ұл-қыздарыңыздың ішіндегі 

жылан болып туылғаны мен-ақ болайын. Тек 

кешіріңіз, кешіңіз мен бейбақты, бейшараны, 

сорлы балаңызды. Кешіріңіз!

Бауырларым,  сендер  де  кешіріңдер! 

Түсініңдер мені жəне кешіріңдер!

Жоқ!  Жазықсыз 20 жыл  бойы  азап 

шегетін  мен  емеспін.  Ерте  ме,  кеш  пе, 

нағыз  адам  өлтіруші  қылмыскерлер  əлі-ақ 

табылады. Бұл ақиқат. Жүрегім сезеді. 

Менің  өлігіме,  тек  жалақорлар  мен 

тергеуші, соттарды кінəлаңдар!

Соңғы  рет  қимастықпен  беттеріңізден 

сарғайған сағынышпен сүйдім!!!

Қош болыңдар! Қош бол, жарық дүние!

Бар бақытымды о дүниеден табармын. 

Сағынышты сəлеммен балаңыз

                                            



Қайрат.

21 мамыр 1988 ж.              

Қ. РЫСҚҰЛБЕКОВ

«Қаһарман Қайраттың соңғы хаты»

6

«Адам  есімі  оның  тағдырына  əсер 

етеді»  дейді  ғой  фаталистер.  Ауруханаға  жет-

пей,  таң  салқынында  теміржол  бойындағы 

құмға  іңгалап  түскендіктен  көрші-қолаң 

ұйғарымымен атын Жолдыбай қойған көрінеді. 

Бес  қыздан  кейін  зарығып  көрген  ұлына 

іссапардан  оралған  Кəрімжан  ақсақал  түсінде 

өзіне берілген аян бойынша «Хасен» деп қайта 

ат  қойғанда,  оны  қоғам  қамы  үшін  қайғырып 

күресер  сүргінді  тағдыр  күтіп  тұрғанын  білді 

ме  екен?!  Əзірет  Əлінің  Кербала  шөлінде  опат 

болған екі ұлының үлкенінің аты Хасен екенін, 

сондай-ақ,  қазаққа  Жерұйық  іздеген  Асан 

қайғы  бабамыздың  да  шын  есімі  Хасен  екенін 

(Б.Адамбаев. «Шешендік  сөздер»)  еске  алсақ, 

фаталистер  сөзінде  шындық  бар  ма  деп  те 

қаласың!..



Жоғалғандай мына бізге дейінгі із,

Құдайды да танымауға бейімбіз. 

Ширек ғасыр Хасен айтқан шындықты,

Мойындаппыз ширек ғасыр кейін біз. 

Тірісінде дана демей данасын,

Кемеңгерді халқым қайдан табасың?

Екіталай болады екен тағдыры

Ерлерінің ел білмесе бағасын, - 

деп  халық  ақыны  Əселхан  Қалыбекова 

жырлағандай,  неліктен  қазақ  ел  болу  жо-

лын  нұсқаған    қайраткер    ұлдарының  сөзін 

дер  кезінде  қабылдамай,  тек  ширек  я  жар-

ты  ғасыр  өткеннен  соң  ғана  түсінуге  бейім? 

«Көрмес – түйені  де  көрмес»  дегендей,  Барын 

бағалап,  қолдауға  жарамаған  қазақтың  кінəні 

өзінен  іздеу  орнына: «Елім  деген    Едігелер  

қайда  жүр?» (С.Арынұлы, «Жұма-Таймс» 

газеті 30.12.2004 ж.), «Қазақта  ұл  бар  ма?   

(А.Сəрсенбай,  («Азат»  газеті 09.02.2005 ж.). 

«Бізде  ұлттық  мүддені  ойлайтын,  сол  үшін 

тəуекелге  баратын  лидерлер  жоқ» («Айқап» 

газеті 02.09.2005 ж.Т.Медетбек) – деп,  Хасен 

Қожа-Ахметтің жəне өзге де азаматтарымыздың 

қайраткерлік  еңбектерін  біле  тұра,  аузын  қу 

шөппен  сүртудегі  мақсаттары  қандай?  Өзі  де 

істемей, өзгенің істеген еңбегін де бағалауға жа-

рамайтын пиғылымызбен қалай ел болмақпыз? 

«Қазақта  мемлекет  басқаратын  адам  жоқ» 

-  деп 1986 жылы  Мəскеуден  Колбинді  сұрап 

алғызып,  қаншама  азаматтарымыздың  жапа 

шеккені  аздай: «Қазақта  зиялы  жоқ,  ұлтшыл 

қайраткер  жоқ,  жоқ!» - деген  пиғылымыздан 

тартып  отыр  емеспіз  бе?!  Сондықтан,  халқы 

үшін басын тігіп еңбек еткен ерлерін қоғамдағы 

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН 

БАЯНДЫ ЕТСЕМ ДЕП...

Желтоќсан-86

(Хасен Қожа-Ахмет 

Желтоқсан көтерілісінде)



7

Қуан АҚОРДАҰЛЫ. «Ел Тəуелсіздігін баянды етсем деп...»     

түрлі  пиғылдардың  алып-қашпа,  жел  сөзіне 

ұшыратпай,  олардың  патриоттық  істерін 

тиісінше бағалау жəне халыққа үлгі етіп, мем-

лекет  қалыптастыру  идеологиясында  пайдала-

на білу – үкіметтің міндеті болуға тиіс. 

Хасен Қожа-Ахмет өмірі туралы жазғанда 

мен  тарихшыларымыздың  «егініне  түсейін» 

деген  ойдан  аулақпын.  Хасеннің  қазақтың 

ұлт-азаттығы  үшін  күресте  неше  мəрте  от-

аршыл  үкімет  тарапынан  қуғын-сүргінге 

ұшыратылып,  жылдап  бас  бостандығынан 

айрылған  жанкешті  ерліктері  біреулердің 

мойындауын  немесе  мойындамауын  қажет 

етпейтін, іс жүзінде болып өткен тарихи факт. 

Ал  істелінген  істі  мойындамай,  тарихты  кері 

айналдырамын деу – ақымаққа ғана тəн қылық. 

Бойда қаны, ойда əні толқыған,

Хасен – Хасен ар-намысы барларға, - 

деп Əселхан ақын айтқандай, кеше отаршылдық 

заман  əлжуаз  етіп,  ал  бүгінде  жабайы  нарық 

күйбеңімен  жүрген  біздердей  емес,  келер 

ұрпаққа  «ар-намысы  барлардың»  қатары 

көбірек  болса,  əлі-ақ  халық  шынайы  батырла-

рын  іздері  анық.  Сондықтан,  өз  тарапымнан 

Хасен  Қожа-Ахмет  туралы  жинаған  осынау 

мəліметтерімді  тарихшыларға  халқымыздың 

тəуелсіздік  жолындағы  шынайы  тарихын  жа-

зуларына  себі  тиер  деген  оймен  айтып  отыр-

мын.  Бүгін,  Қазақстан  тəуелсіздігін  алған  кез-

де  өз  халқымыздың  тарихын  «ақтаңдақсыз» 

жазу, осындай мəліметтерді мемлекет игілігіне 

жарата  білу – үкімет  біліктілігінің,  тарихшы 

ғалымдарымыздың кəсіби парызына адалдығы 

деңгейінің өлшемі болуға тиіс. 

                          

Қуан АҚОРДАҰЛЫ   


8

Қазақ 

эстрадасының 

«сөзі» қашан 

түзеледі?

Бүгінгі  əңгіме  сандық  жағынан  өскенмен, 

сапалық  биікке  көтеріле  алмай  отырған  қазақ 

эстрадасы  туралы  болмақ.  Қазіргі  қазақ  эстра-

дасы  елдің  сұранысын  қанағаттандырып  отыр 

ма?  Əншілердің  əн  таңдаудағы  талғамы  қандай 

деңгейде?  Шама-шарқымызша  осы  сұрақтарға 

жауап беріп көрсек…

Эстрадада  жүргендердің  бəрінің  дауы-

сы  бар,  таланты  таудай,  тыңдарманы  көп  десек, 

өтірік болар еді. Осы орайда Қадыр атамыздың:

«Талантың тасып тұрса да,

Көкесі  керек  еңбектің», – деген  өлең 

жолдары  еріксіз  еске  түседі.  Əншілеріміздің 

тыңдармандары  аз  болатыны – олардың  дені 

бір ғана тақырыпта əн салады. Əн таңдауға кел-

генде  бəрінің  осал  тұсы  талғамның  төмендігіне 

тіреледі. Əніне мəн берсе – сөзіне, сөзіне мəн бер-

се əніне мəн бермейді. Соңғы жылдары жаңадан 

шыққан  əндердің  тоқсан  пайызы  махаббат 

тақырыбында десек, қателеспейміз. Сазгерлеріміз 

ақындарды  «əуреге  салмай»,  өздері  сөз  жаза  са-

латын  болған.  Бұл  сөзіміздің  дəлелі  Бауыржан 

Есебаев,  Арман  Дүйсенов  сынды  «бесаспап» 

композиторлар.  Оларды  да  қойыңызшы,  қазір 

кейбір  əншілер  сөзді  өздері-ақ  жазып  алатын 

болған. Əрі əнші, əрі ақын! Оған композиторлық 

қыры  мен  тележүргізушілік  қасиетін  қосыңыз. 

Кейбіреулері  продюсердің  міндетін  де  атқара 

береді. Той басқарып жатса, тіптен таң қалмаңыз! 

Əрине, талаптанған дұрыс. Бірақ қолдан келмес-

ке ұмтылып, тыраштанудың керегі қанша?!

***

 Қазіргі кезде əнге сөз жазатын ақындардың 



ішінде Қалқаман Сариннің бəсі өзге ақындардан 

биіктеу.  Əнге  жазған  сөздерінің  мəні  бар. 

Ұйқастары  мығым,  айтуға  оңай.  Абай  атамыз 

айтқандай: «Тілге жеңіл, жүрекке жеңіл». 

Қалқаман  Сарин  «МузАРТ»  тобының 

жекеменшік ақыны десек те болады. Қ.Сариннің 

сөзіне жазылған біраз əндерді осы топ орындай-

ды.  Жастар  арасында  кеңінен  танымал  «Мело-

мен»  тобының  жігіттері  де  əнге  сөз  жаздыруға 

Қалқаман ағамызға барады екен. Айтыскер ақын 

Ринат  Зайытов  та  əнге  сөз  жазып  жүр. «Өмір-

өзен», «Есте  сақта»  деген  əндері  сəтті  шыққан. 

Қалғандарын кемшіліксіз дей алмаймыз.

Əншілеріміз  жылаңқы  əуенге  əуес  болып 

алды.  Мəселен, «Жігіттер»  квартеті  орындай-

тын «Кешір жаным», Асқар Жүнісбеков айтатын 

«Кешір мені» əндері қыздың алдында ақталатын 

əндер  секілді.  Бір  тыңдағанда  əуені  ұнауы 

мүмкін.  Екі-үш  немесе  одан  көп  рет  тыңдасаң, 

жалықтырып  жіберері  сөзсіз.  Жастар  жақсы 

білетін  «Кеш you» тобы  орындайтын  «Асықпа» 

деген əн бар.

«Тереземнен таңға дейін көз алмай тұрдың 

Айтайын деп айтпайсыѕ



9

үмітіңді үзбей,

Алғаш  көрген  күннен  кейін  соңымнан 

жүрсің 


көлеңкемдей.

Сенің  маған  махаббатың  бара-бара,  жана-

жана 

жалған болмай ма,



Сенің маған берген сертің соңында жауап-

сыз қалмай ма?! – деп келетін əннің қайырмасы 

мынадай:

Асықпа, асықпа, жаным, асықпа,

Ғашық па, жүрегің шын ғашық па?

Сенімің бекерге қиял боп солмайды ма? 

Асықпа!

Алғашқы  екі  жолын  ептеп  түсінуге  бо-



лады.  Ал, «Сенің  маған  махаббатың  бара-бара, 

жана-жана  жалған  болмай  ма;  Сенің  маған  бер-

ген сертің соңында жауапсыз қалмай ма?!» деген 

не сөз? Əрі «асықпа» деп неге айтылып тұрғаны 

түсініксіз. Əсем əуен болса, бəлкім, бұл олқылық 

білінбей де қалар ма еді. Алайда, əуенінің де оңып 

тұрғаны шамалы.

Бастапқы  кезде  жақсы  жағынан  көрінген 

Нұржан  Керменбаевтың  соңғы  айтып  жүрген 

əндері  қойыртпақтанып  кетті.  Соның  бірі – 

«Самға əуенім». Сөзі былай:

«Музыканың əлемі ғажайып құшағын жай-

ып,

Бізді күтеді шаттық отын жағайық.



Би билейміз, билейміз, билейміз бірге.

Би билейміз, билейміз, билейміз күнде,

Біз үйдеміз, түздеміз, жүреміз, күлеміз, 

Күнде-күнде біз əнменен біргеміз». 

Өздеріңіз  де  көріп  отырғандай,  бұл  əннің 

ішінде іліп алар жақсы сөз, мағыналы ой жоқ.

Əншінің 

танылуына 

жарнаманың 

да  белгілі  бір  үлесі  бар  десек,  жарнамасы 

мықты  əншілеріміздің  бірі – Қайрат  Нұртас. 

Қазақстанның  түкпір-түкпіріне  барып  жеке 

концерттерін  беріп,  алыс-жақын  шетелдегі 

қазақтарды  да  əнімен  қуантып  келетін  де  осы 

Қайрат Нұртас. Автобустың ішінде, таксиде, той-

ларда,  қалта  телефондарда  да  Қайраттың  əндері 

жүреді.

Сөз  жоқ  Қайрат  мықты  əнші.  Кəсіби 



шеберлігі де, киім киюі де адам қызығарлықтай. 

Өзіне тəн таланты да жоқ емес. Тек Қайрат ағамыз 

əнге сөз таңдауда көп қателеседі. Көп əндерді му-

зыкасы үшін айтып шығады. Ал сөзіне пысқырып 

та қарамайды. Ол кісіге əуені ұнаса болды. Əуені 

жақсы əн болса хит əнге айналады деп ойлайтын 

сияқты. Бірақ Қайрат ағаның бұнысы дұрыс емес. 

Əннің  хитке  айналуы  үшін  музыкасы  мен  сөзі 

ерекше  үйлесім  тауып,  басы  бүтін  нəрсе  болуы 

керек. Сонда ғана халық сол əнді тыңдайды.  Ал

Қайрат  ағамызда  сөзінің  сапасы  сын 

көтермейтін  мүгедек  əндер  толып  жатыр. 

Солардың бірі «Сұранамын» деп аталатын əн.

«Өзгеріп дүние бір сеніменен,

Өзімнен өзім қызғанып келем.

Сүйемін шексіз сұрана берем,

Бұл  уақыт  өзгерілмесе  де», – деп  бас-

талатын  əннің  бірінші  шумағынан  еш  нəрсе 

түсінбедім. «Сүйемін шексіз сұрана берем» деген 

ой  таразысына  салып  қарасаңыз,  қызық  сөздер. 

Сүйетін болса не деп сұранады, кімнен сұранады 

деген сұрақтар басыңызға сап ете қалады.

«Өрт болып күйіп жалындап денем,

Өшірме, жаным, сұранам сенен.

Өзгеше саған сезімім терең,

Мəңгілікке жаным сен».

Бұл шумақтан да бір-бірімен байланысқан 

дүние көрсек, көз шықсын.

«Сұранамын, Жаратқанымнан,

Сүйгенім сақта, сақта əрдайым. 

Қайталап айтам, сұранамын мен,

Сүйгенім сақта, сақта əрдайым». 

Қайырмасынан 

да 


түк 

түсінбедік. 

Жаратқаннан  не  сұрап  тұрғаны  да  күңгірт. 

Сүйгеніне  не  үшін  «сақта»  деп  айтқанын  ұғу 

қиын.  Мұнымен  қоймай: «Қайталап  айтам, 

сұранамын мен, Сүйгенім сақта, сақта əрдайым» 

деген  жолдар  арқылы  не  жеткізгісі  келді,  не 

айтқысы  келді?  Ол  өлеңді  жазған  адамға  ғана 

белгілі сияқты. Қайрат Нұртас орындайтын «Те-

лефон» деп аталатын əннің де сөзі келісіп тұрған 

жоқ.

«Ей, қарындас, ерке мінез балдай,



Үнің сенің сыңғыр күлкі жандай.

Жұлдыздардын сəуле тағып сөйле,




  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал