Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



жүктеу 0.6 Mb.

бет1/6
Дата16.01.2017
өлшемі0.6 Mb.
  1   2   3   4   5   6

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Арман Қырықбаев

Бектұр Төлеуғалиев

Динар Нөкетаева

Мереке Құлкенов

 Нұрлан Оразалин

Өмірəлі Қопабаев

Сағатбек Медеубекұлы



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№7 (95)

2016


ҚАЙДА КЕТІП 

БАРАМЫЗ?

Сонау 


соғыс 

жылда-


рында  өзінің  соғысу  такти-

касымен  ерекшеленіп,  көзге 

түскен    Бауыржан  Момышұлы  

207-і  рет  ұрысқа  кіріп, 5 рет 

өлімнің  құрсауында  қалып, 2 

рет  өлімші  болып  жараланған. 

Бірнеше  рет  жау  қоршауынан 

жауынгерлерін  аман-есен  алып 

шығады. 27 рет  қол  бастап, 

ұрысқа  кіріп,  соғыс  тарихын-

да  болмаған  тактикалық  əдіс 

көрсеткен.  Отбасында  алған 

тəрбиесі,  ең  бастысы  тəртіпке 

мойынсұнуы,  сонымен  қатар 

Қиыр  шығыстың  табиғатына 

көне  білу,  қысының  ызғырық 

Ќайнайды ќаныѕ

желіне,  жазының  ыстығына 

шыдау, бұлардың барлығы Бау-

ыржан Момышұлы үшін үлкен 

өмір  мектебі  болғаны  анық. 

Бауыржан  атамыз  бұл  өлкенің 

табиғатының 

ерекшелігіне 

«Жауын жаздың сілекейі», «Жа-

уыннан  қорыққан  жауға  жем 

болады»  деп  өзін-өзі  қайрай 

жүріп, 


шыдаған, 

шираған. 

Қыстың  алпыс  градус  аязына 

шыдап жүру, əркімнің  қолынан 

келмес, сірə. 

  Ол  соғыста  қаншама 

қиындықты 

көрді. 


Соның 

бəріне  төзді,  шыдады.  Əзілхан 

Нұршайықовтың 

роман-диа-



Жадыра МЫРЗАБАЙ,

Жамбыл  облысы  Т.Рыс-

құлов  ауданындағы  М.Горький 

атындағы орта мектептің 10-сы-

нып оқушысы.


2

 *«Үркер»*№72016

логы – «Ақиқат  пен  аңыз»  атты  кітабы 

осының  дəлелі.  Жалпы,  батыр  атамыздың 

қаталдығының өзі көп адамға үлкен тəрбие. 

  «Біз  қазақ  деген  мал  баққан  елміз, 

бірақ,  ешкімге  соқтықпай  жай  жатқан  елміз, 

ешбір  дұшпан  басынбаған,  басымыздан  сөз 

асырмаған  елміз» - дейді  Қазыбек  би.  Десе 

де,  ешкімге  соқтықпай  жатқан  халқымыз 

тағдырдың  небір  сынын  бастан  кешірді. 

«Тамырсыз  ағаш,  тарихсыз  ел  болмайды» 

демекші, Тұмар ханымнан Кенесары ханның 

дəуіріне  дейін,  Мұстафа,  Əлиханнан  кешегі 

Қайрат пен Лəззат зəбір көрген заманға дейін 

даламыз  қаншама  рет  қанға  бөкті.  Еліміз 

«Елім-ай» деп қайғыдан қан жұтты, зар жы-

лады. 

  Отан  деген  əр  адамға  ыстық. 



Махаббаттың  ең  ұлысы  ғой,  шіркін!  Отыз 

жыл  бұрынғы  Желтоқсан  оқиғасы – Қайрат, 

Лəззат,  Сəбира  сынды  өжет  ұл-қыздар 

бастаған  жастардың  елге,  жерге  деген  іңкəр 

сезімінің көрінісі еді. 1986 жылғы желтоқсан 

оқиғасы  Тəуелсіздік  қадамы  болды.  Өр  рух-

ты  қазақ  жастарының  ерлігінің  арқасында 

тоталитарлық  жүйе  босаңсыды. 1991 жылы 

Қазақстан  Тəуелсіздік  Туын  тікті.  Міне, 

бүгінде біз Тəуелсіз елміз. 

  Тəуелсіздік 

оңай 


келген 

жоқ. 


Сондықтан, біз оны көзіміздің қарашығындай 

сақтауымыз  керек.  Бірақ,  бір  өкініштісі 

бүгінгі жастар арасында Тəуелсіз қазақ деген 

атқа кір келтіретіндер бар. 

  «Елді  құрту  үшін,  дінін  ал,  тілін  ал» 

деген сөз бар. Елдің мықты, Тəуелсіз ел болуы 

үшін, жастардың тигізер септігі мол. Бүгінде 

«ел жастарының 50 пайызы Кореяға еліктейді» 

деп  ауыз  толтырып,  мақтанышпен  айтатын-

дар  бар.  Бұл  мақтаныш  емес.  Қыздардың 

еліктеушілігін  жөнге  сала  алмай  жүргенде, 

өнерде жүрген жігіттеріміз шықты. Олардың 

бейнебаяндары жаға ұстатады. Сырға тағып, 

көз бояп, қазақ жігітіне жат қылық жасайтын-

ды шығарды. 

  Айтқан  əндерінде  мəн  болса  мейлі 

дер едік. Мағынасыз айтылған өлең... Кезінде 

жезтаңдай,  қадірлі  əншілеріміз  шыққан 

сахнаның  қадірін  кетіріп  жүр.  Осыдан  кейін 

«Корея елінің жастары біздің қазақ жастары-

на еліктей ме екен?» деген сұрақ туындайды. 

Əрине, жоқ. Ендеше неге бізге қазағымыздың 

төл өнерін шетелдерге дəріптемеске?..   

  Иə,  қазір  елімізде  батыр  Бауыржан, 

қайсар Қайратымыз болса, мұндай жайттарға 

жол  берілмес  пе  еді? «Жаман  айтпай,  жақсы 

жоқ» демекші, елімізге кенеттен қауіп төнсе, 

ел  қорғайтын  ерлер  деп  атқа  қондырар 

азаматтарымыздың түрі «Ninety one» сияқты 

топтардың жігіттері болмақ па?! Кезінде Бау-

ыржан атамыздан шашын өсірген журналист 

сұхбат алмақ болып, алдына келгенде үйінен 

қуып шыққан екен. Ал қазір көгілдір экранда 

ондайлар өріп жүр. 

  Дерекке  сүйенсек,  бір  ғана  Алматы-

да 60-қа  жуық  қызтекелер  клубы  бар  екен. 

Ел  қорғаған  батырларымыздың  мұндайды 

көрмегені  бір  жағынан  дұрыс  та  шығар. 

МС  Сайлаубек  сияқтылар  тілді  жоғалтса, 

«Ninety one»  сияқтылар дəстүр мен жігіттікті 

жоғалтса,  қазақ  деген  атқа  кір  келгені  емес 

пе?!  Біз  қайда  кетіп  барамыз?!  Жауабын 

таппаған ой осы.


3

«ӘН - ҚАЗАҚТЫҢ 

БОЙТҰМАРЫ»

Біздіѕ сўхбат 



- «Алашұлы»  сахнада  бой  көрсеткелі 

қазақ өнерінде жаңаша серпіліс пайда бол-

ды.  Халық  əндеріңізбен  жақсы  таныс.  Ал 

сол əндер қалай туындайды? 

- Аллаға шүкір, репертуарымызда 20-ға 

жуық əніміз бар.  Барлығы рухани, елге, жерге 

арналған  əндер.  Көбін  өзіміздің  тобымыздың 

жүрегі – Ұшқын  Жамалбек бауырымыз жаза-

ды. Ойласа  келе  бұрыңғы жыршылардың да, 

Махамбет  бабамыздың,  Ақтан  Керейұлының 

да жырларын жаздық. Əр əннің өзінің мотиві, 

сарыны  бар,  соларға  оранжировка  жасаймыз, 

«Алашұлы» тобы:


4

 *«Үркер»*№72016

өңдейміз. Өңдеу барысында мəтін авторлары-

мен де ақылдасамыз. Сонымен қатар, əн жазды-

ратын кезде əннің шабар жерін бағамдаймыз. 



- Жалпы, құрылғандарыңызға қанша 

уақыт болды? 

- Ресми  түрде  құрылғанымызға 4 жыл 

болды. «А+»  деген  өзіміздің  продюсерлік 

орталық  бар. «Алашұлы»  тобы - аталмыш 

орталықтың  бір  мүшесі.  Продюсеріміз – 

Назгүл  Қарабалина.



- Бейнебаян түсіру науқанға айналып 

кеткен  сыңайлы.  Сіздер  қалай  ойлайсыз-

дар?

- Қазір əнші де,  бейнебаян да көп. Саны 

да  бар,  сапасы  да  жоқ  емес.  Əр  өнерпазда  

өзіндік  репертуар  болады.  Соның  ішінде 

халық  жүрегіне  жақын  əндеріне  бейнебаян 

түсіреді.  Олардың  маңызы  зор.  Біріншіден

экраннан  өшпейді,  орындаушының  «Көзден 

кетпесе,  көңілден  де  кетпесі»  анық.  Оның 

үстіне,  бейнебаяндағы  көркемдік  кадрлар 

арқылы əннің де сөздерін есте сақтап қалады.   

Екіншіден,  оны  басқа  да  қырларынан  тануға 

мүмкіндік бұл. Əншінің болашаққа деген жос-

пары  бейнебаянда  жатады.  Онсыз  болмайды.   

Себебі,  бейнебаянмен  бүкіл  əлем  жұмыс  жа-

сап  отыр.  Шынтуайтына  келгенде,  ол – таза  

PR  ғой.  Əншіні  танытатын  да,  дамытатын  да 

сол. Біз  əндеріміз бен бейнебаяндарымыздың 

халыққа рухани тұрғыдан , тəрбиелік жағынан  

əсер  ететін,  жақсы  дүниелердің  қатарынан 

болғанын қалаймыз.  



- «Мейірім» 

атты 

əнге 

түсірген  

бейнебаяндарыңыз  көрермендерді  бей-жай 

қалдырмады. Идея қалай пайда болды? 

- Бейнебаян    дегеніміз - болашаққа  жа-

сап  жатқан  істеріміздің  бір  байрағы  іспеттес. 

Біздегі  басты  мақсат : өскелең  ұрпақты,  жас 

ұл-қыздарымызды,  кімді  болса  да  жақсы 

жағына  қарай  тəрбиелеу.  Үшеуміз  де  қазақ 

ұлтына  қазақы  дүние  сыйлағымыз  келеді. 

Мақсатымыз  бір  болғандықтан,  «Алаштың 

ұлы» деген атымызға лайық болу үшін еңбек 

етеміз.  Аталмыш бейнебаянымыздың ішінде  

4-5 сюжет бар. Бұл барлығымыздың ойымызда 

жүрген. Əрбіріміз пікірлерімізді ортаға салып, 

идеяны  пісіріп  алып  жасадық.  Бірнеше  кадр 

арқылы  біз  елдің  қазіргі  болып  жатқан  про-

блемасын  көрсетуге  тырыстық.  Əлеуметтік 

желідегі 

халықтың 

пікірлерін 

оқыдық. 

Көздеріне  жас  алған  қаншама  көрермен 

ризашылығын білдіріп жатыр. Қуаныштымыз.

- Бүгінде  өнер  бағаланбайды  дегенді 

жиі  есітіп  жүрміз.  Сіздер  қалай  ойлайсыз-

дар?

- Жалпы  қай  салада  болмасын,  маман 

өз  саласын  міндетті  түрде  белгілі  бір  өлшем 

деңгейіне  көтеру  керек.  Əл-Фараби  баба-

мыз  айтады:  «Білімді  тəрбиемен  беру  керек. 

Тəрбиесіз  берілген    білім – адамзаттың    қас 

жауы».  Бұл бізге тікелей қатысты. Өнер адам-

дарын «халықтың алдында жүрген қаймағы» 

деп  жатады.  Сол  атқа  толығымен  лайықты 

болып  жүру – парыз.  Халыққа  пайдалы 

дүние  беруіміз  керек.  Өнерімізді,  бар  ынта-

жігерімізді, жүрегімізді қосып ұсынсақ, халық 

бағалайды.  Қазақ  ешкімнің  еңбегін  елемей 

қоймайды. 



- Өнер 

адамдарының 

мойнында 

өнермен  қоса,  отбасы  да  тұрады.  Қайсысы 

қиын? 

- Екеуі  де  жауапкершілікті  талап  етеді. 

Сахнада  жарқырап  жүріп,  отбасындағы 

келеңсіз мəселені шеше алмасақ – біз үшін сын. 

Сахнаның  құдіреті  бар,  əніңмен,  сəніңмен 

шығуың  керек.  Ал  үйіңде  əрбір  қадамыңа 

қарап ұрпағың өседі. «Балапан ұяда не көрсе, 

ұшқанда  соны  іледі»  деген  жақсы  сөз  бар. 

Сондықтан бізге қателесуге болмайды. 

-   Əн  салу  үшін  не  таныс  керек,  не 

ақша  керек    деген  түсініктің  дұрыс  емес 

екенін халық түсінді. Бірақ... Əлі де бұл тен-

денция  бар сияқты...

Ұшқын  Жамалбек:  Адамның  ішінде 


5

«Алашұлы» тобы: «Əн – қазақтың бойтұмары»

өнері  қайнап  жатпаса,  санасында  ұялаған  бір 

өнердің  ұшқыны,  ордасы  болмаса,  халықты  

ешкім  мойындата алмайды.  Өнер адамы бір 

қалыпқа сыймайды, бір орында отыра алмай-

ды.  Өзім  сондаймын,  ойыма  бірнəрсе  келсе, 

студияға  асығып  тұрамын.  Іштегі  дүниелер 

əн  болып  туындап  шықпайынша  тыным  тап-

паймын. Мені сол ниет алға қарай жетелейді. 

Қазақ халқы біліп айтқан: «Тесік моншақ жер-

де қалмайды». Бір күні біреудің мойнына алқа  

болып  тағылады.  Əн  де  қазақтың  бойтұмары 

іспеттес. Ол үшін орындаушылар талпыну ке-

рек, алға қойған мақсатына жетуі керек. Өнер 

жолында ақша мен таныс емес, ниет пен тал-

пыныс  маңызды.  Өнер  алдамайды.  Арман 

орындалады.

- Өмірлік ұстанымдарыңыз қандай?

Əзімбек Алашұлы:   Біздің Алашұлының 

ұстанымы:  Барша  Алаштың  ұлы  болу! 

Өнердің  таза,  мөлдір  екенін  жəне  биік  екенін 

тағы  бір  мəрте  мойындатқымыз  келеді.  Көп 

сұхбаттарымызда айттық жəне тағы айтамыз: 

«Əр қазақ елім маған не береді деп емес, мен 

еліме не беремін деп еңбек етуі керек».  Қазір 

жасап жатқан жұмысымыз – ертеңгі    тарих. 

Сол  тарихтың  тізгінін  ұстап,  жақсылап  жол 

көрсету - біздің  еншімізде.  Өмір  қамшының 

сабындай ғана.  Сондықтан өнерімізге, қазаққа 

адал болып қалу үшін жұмыс жасаймыз.



- Кітапты  қаншалықты  жиі  қолға 

аласыздар?

Мақсат Алашұлы: «Бес ғасыр жырлай-

ды»  кітабының  өзі  том-том  ғой.  Соны  қарап, 

қайталап жүреміз. Осы кітап біздің досымызға 

айналды.  Ал,  соңғы  оқығаным – Уиллиам  

Гипсонның  «Двое  на  качелях»  туындысы. 

Кітапқа əуеспін. 



Əзімбек  Алашұлы:  Біз  тек  əн  ай-

тап  қана  қоймай,  өнер  академиясында  сабақ 

береміз жəне Мақсат бауырымыз Ғ. Мүсірепов  

атындағы  балалар  жəне  жасөсіпірмдер  теа-

трында жұмыс жасайды. Бізге шетел драмма-

тургиясынан да, қазақ драмматургиясынан да 

көп  пьесалар  ұсынылады.  Солармен  танысу 

барысында  қаншама  материалдарды  қарауға 

тура 

келеді. 


Ақын-жазушыларымыздың 

кітаптарын да оқимыз. 



- Айнаға қарағанда кімді көресіз?

Ұшқын  Жамалбек:  Айнаға  қарамай-

ақ өзіңді-өзің тани білу керек деп есептеймін.   

Себебі, өмірдің өзі айна. Күліп қарасаң, күледі, 

жылап  қарасаң,  жылайды.  Адам  баласының  

өзіне көңілі толмайды еш уақытта. Мен де сон-

даймын, өз-өзіме сын көзбен қараймын.  



Əзімбек  Алашұлы:  Қазақта  жақсы  сөз 

бар: «өткен іске өкінген өмір зая» деген.  Сон-

да да бір əттеген-ай дейтін сəттер болады. Со-

лармен  күресуші,  бір  жылдан  екінші  жылға 

нəтижемен  бару  үшін  жанталасып  жүрген 

адамды көремін. 



Мақсат  Алашұлы:  Əкенің  ұлын 

көремін, ұлдың əкесін көремін. Алаштың ұлы 

деген  атты  алғаннан  кейін,  сол  атқа  лайық 

болу  үшін  талпынып  жүрген  адамды,  өзінің 

мақсатына  жету  жолында  жанталасқан  адам-

ды көремін. 



- Əлеуметтік 

желілерге 

қанша 

уақыттарыңыз  кетеді?  Желілер  туралы 

жалпы қандай ойдасыздар?

Əзімбек  Алашұлы:  Үшеуміз  де  инста-

грамм  желісінде  отырамыз.  Яғни,  өзіміздің 

кішігірім  жаңалықтарымызбен  бөлісеміз, 

қайда  жүргенімізді,  қандай  іс-шарада  əн 

салғанымызды халық көре алады. Уақытымыз 

болғанда,  астындағы  пікірлерді  оқып  отыра-

мыз.  Бірақ    уақытты  өлтіріп  алатынымызды 

мойындаймыз. 



Ұшқын Жамалбек:  Қаншама талантты 

замандастарымыз  бар.  Сол  бойына  дарыған 

өнерді  адамзаттың  игілігіне,  жақсылыққа 

жұмсамай  жатқаны  қоғамның  азғындалуына, 

əлсіреуіне,  адам  баласының  сана-сезімінің 

төмендеуіне  əкеліп  соғады.  Бүгінгі  күні 

əлеуметтік  желілелер  шыққалы  бері  кез  кел-


6

 *«Үркер»*№72016

ген  адам  өзінің  ашық  пікірін  жеткізе  алады. 

Яғни, бұл дегеніңіз – халық  қалаған адамын 

аспандатып, қаламағанын төменге түсіре ала-

ды деген сөз.

Мақсат Алашұлы:  Қазір елде жоқ нəрсе 

жасаймыз  деп  болмашы  нəрсемен  танылып 

кеткендер  де    бар.  Мен  қызғанбаймын.  Бірақ 

қандастарымның,  бауырларымның  алтындай 

уақытын  сондай  құнсыз  дүниелерге  жұмсап, 

өлтіріп жатқандығына налимын.  Жаным аши-

ды.  Ал  пікір  жазушылар  туралы  сөзім  жоқ.  

Шындығына  келгенде,  желінің  ар  жағында 

сынға  алып,  жер  жебіріне  жеткізіп  отырған 

адамды керемет білімді дей алмаймыз...   



- Көздеріңізді сақтайсыздар ма?

Мақсат Алашұлы: Жігіттерге қатысты 

өте  маңызды  сұрақ.  Орынды.  Негізі  бүкіл 

бəле  көзден.  Адамға  тиісіп  қана  емес,  қарап 

та қиянат жасауың мүмкін. Сол жағынан өзім 

де  тырысып  бағам.  Өйткені  қазіргі  қоғамды 

керемет таза, рухани бай, мөлдір деп айта ал-

маймыз. Қолымнан келгенше өзімді шектеуге 

тырысамын. 



Ұшқын 

Жамалбек: 

 

Қыздарға 



қарамаймын деп айта алмаймын. Өйткені өнер 

адамы болғаннан кейін сұлулыққа, əдемілікке 

құштармыз. Жаман оймен қарамаймыз, əрине. 

Барлығы  адамның  ниетіне  байланысты  бола-

ды. Бастысы жүрек жақсылыққа құштар. 

Əзімбек Алашұлы: Мүлдем қарамаймын 

(күледі). Ұшқын айтқандай, бір сұлу өтіп бара 

жатқанда  көзің  түседі.  Қарындастарымыздың 

келбеттілігіне,  сұлулығына  қайран  қаламын.   

Іштей  риза  боламын. «Міне,  біздің  қазақтың 

қызы осындай болса керек» деп мақтанамын. 

Бұрымды,  қылықты,  жүректі,  иманды 

қыздарымыз көп болғай!



- Сіздерді 

мазалайтын 

сауалдар 

қандай? Қандай арман бар?

Ұшқын Жамалбек: Арман  көп. Бəлкім 

мені түсіну үшін менімен араласу керек шығар, 

бəлкім  дүниеге  менің  көзқарасыммен  қарау 

керек шығар. Ойда жүрген өнер саласындағы 

мақсаттарыма  жетуге  асығамын.  Қолдан 

келіп  тұрған  нəрселерге  бойдағы  жалқаулық 

жібермейді. Кейде уақыт жағынан ұтылып жа-

тамыз. Соған қынжыламын.



Мақсат  Алашұлы:  Өте  көп.  Мына 

жалған дүниеде азаматтығыма сəйкес тірліктер 

істей  алып  жүрмін  бе  деп    өзіме  сан  рет  сын 

айтам.  Не  бітірдім?  Алла  Тағаламыздың 

ұлттың  бағына  бере  салған  құндылықтарын 

түсініп, бағалап, қолда ұстап қала алсақ екен 

деймін.  Өмір – бір-ақ  рет  берілетін  сый.  Сол 

уақытымызды  ұтымды  пайдалансақ,  өкініп 

қалмасақ деп армандаймын. 

- Адам  бойындағы  қандай  қасиетті 

жоғары бағалайсыздар?

- Адам 


бойындағы 

адалдық, 

шыншылдық, еңбекқорлық, қарапайымдылық,  

сөзінде тұру деген қасиеттерімен бағалы. Əке-

шешесінің қадірін  білетін, солар үшін алып-

ұшып тұратын адамдарды сыйлаймыз.



- Алдағы  жоспарларыңызбен  бөлісе 

кетсеңіздер...

- Алда  жоспар  көп. 2016 жылы  елімізді 

əн-сапармен  аралауды  қолға  алып  отыр-

мыз.  Сонымен  қатар,  репертуарымыз 20-21 

əннен құралып тұр. Бұл дегеніңіз бір емес, екі 

жинаққа сияды. Альбом шығару да жоспарда 

тұр. Тағы бір патриоттық əн жазып жатырмыз. 

Сəтті шығып жатса, бейнебаян түсіруіміз бек  

мүмкін. 

- Риясыз 

əңгімелеріңізге 

рахмет! 

«Алашұлының»  үні  қазақ  өнерінің  аспа-

нында шарықтай берсін!

Сұхбаттасқан Гүлім РЫСҚҰЛ, 

Салтанат ШЫРЫНХАН


7

АҢҒАҚ 


Арбаныѕ алдыѕєы дґѕгелегі 

– 

Шиеттей 



бала-шағасымен, 

қап, 


жүгермек-ай!  Бұл  не  қылғаны?  Бүбина  апам 

сорлап қалды-ау! Енді ел бетіне қалай қарайды. 

Анау  Сайлаубай  жынды  суға  тойып  алып, 

Тұмар  келінді  сүтке  тиген  мысықтай  етіп, 

отырса  опақ,  тұрса  сопақ  қып,  ұрып-соғып 

тыныштық  бермейтін  көрінеді.  Кəп-кəдімгідей 

мектепте  сабақ  беріп  жүрген  адамның  əбиірін 

айрандай  төгіп,  көкала  қойдай  етіп  сабап 

тастаған деген не сұмдық? Тəтті етіне ащы таяқ 

тие берген соң келінжан да ашынған болуы ке-

рек. Көрші ауданда тұратын төркініне хабар ай-

тып, Теріскендідегі басқарма ағасын шақырып, 

бірақ-ақ түнде түп көтере көшіп кетіпті. Жеңгең 

қан қысымы көтеріліп, қисайып жатыр...

Апам  сары  сиырын  сауа  салып,  тау 

сағасындағы  кішкене  ауылымыздың  оңтүстік 

шығыс жақ бетіндегі тастақты өзен жағасымен 

жиектеліп барып, алыстан ағараңдап көрінетін 

асқар таулардың етегін ала біртін-біртін биіктеп 

кете беретін, жота-қыраттарға қарай емін-еркін 

көсілетін мал өрісіне, табынға қосу үшін айдап 

кеткен.  Қайтқан  бетте  үйге  кірер-кірместен 

осылай  бастырмалата  сөйлеп,  қасқа  биесінің 

Баян БОЛАТХАНОВА

Əл  Фараби  атындағы  Қазақ  Ұлттық 

университетінің журналистика факультетін 

жəне филология факультетінің аспирантура-

сын тамамдаған. Республикалық “Лениншіл 

жас”, халықаралық “АЗиЯ” газеттерінде аға 

тілші, “Киноəлемі”  журналында, “Заман-Қазақстан”  халықаралық 

қазақ-түрік  газетінде  бас  редактордың  орынбасары  қызметтерін 

атқарды. Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының иегері. Бірнеше 

көркем – деректі повесть, əңгіме жинақтарының авторы.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. 2010 жылы “Бибіажар 

мен  Бойтұмар”  хикаяты  дəстүрлі  байқаудың  бірінші  жүлдесіне  ие 

болды.

“Сарыкөжек” əңгімесі Жазушылардың 2012 жылғы халықаралық 



“Дарабоз” бəйгесінде ынталандыру сыйлығын иеленген.

8

 *«Үркер»*№72016

ер-тұрманын  жөндеп,  қора  жақта  жүрген 

атама  жол-жөнекейгі  ағайынның  таңертенгі 

жаңалығын хабарлай келді. 

–  Қап,  əттеген-ай, – деді  тау  қозғалса 

қозғалмайтын  атам  да,  мына  тосын  əнгімені 

жақтырмай,  іле-шала  күмілжи  үн  қатып, –

Болмаған екен. Бейсембай көкемнің кішкентай 

бойдақтарын  тірі  жетім  етпек  пе?  Қарай 

гөр  мұны,  зəнталақ.  Атау-кересін  ішпесе, 

келінжанда несі бар. 

–  Бəсе,  кейінгі  кезде-ақ  тəтемнің 

ұнжұрғасы  түсіп  кетіп  еді.  Ішінен  тынып, 

өкпелеп  жүр  екен  ғой...  Əшейінде  бала  мінез, 

ақжарқын  жеңешемді  басқа  жұртқа  көшіп 

кетті  дегенге  қимай,  абдырап  қалған  мен  де, 

бір  тұстан  ренішімді  білдіре,  сөзге  қосылып, 

мұрнымды пырс-пырс тарттым. 

«Кішкентайларға 

салса, 


апаларынан 

бір  елі  ажырамас  еді.  Олардан  кім  сұрапты. 

Соғыстан  қайтпай  қалған  қайынағамның 

қараң-құраңдарын  көп  көрді  ме,  япырм-ай». 

Бұл – апам. Осылай деп сырт айналып, күрсіне 

берді.  Орамалының  шетімен  тұқшыңдап  көзін 

сүртіп жатыр. Көңілі бос, жылай салатын əдеті. 

Тек бізге білдіргісі келмеген түрі. 

Естіген  жаңалығымыз  ұнамай,  атам 

екеуміз  де  ары  қарай  үндеместен,  əркім  өз 

шаруасымен  болып,  құнжыңдап  кеттік.  Есік 

алдындағы  жаздық  сəкі  үстіндегі  дөңгелек 

стөлді ортаға қойып, дастархан жаюға кірістім. 

Тегешке  көмкеріп  қойған  жұп-жұмсақ  көмбе 

қазан  нанды  шетінен  турап,  сары  майды, 

кілегейді,  шақпақ  қант  салған  ыдысты,  Рақия 

əжем  жақсы  көретін  науатты,  кеше  ғана  апам 

екеуміз пісірген сары өрік тосабын дастарханға 

қойып,  үй  ішіндегі  төсегінен  жаңадан  тұрып 

жатқан əжемді, тыста жүрген ата-апамды шайға 

шақырдым. 

Қарқарадай  күндігі,  жақтауын  өзі  кесте-

леп,  зер  төккен  аппақ  кимешегі  əдемі  жара-

сатын,  қаусырма  камзол,  ұзын  жібек  көйлек, 

жылтыраған кебіс, былғары мəсі киіп жүретін, 

дүниеде  теңдесі  жоқ,  менің  сүйікті  əжем – 

шүйкедей  сары  кемпір  төрге  келіп  жайғасты. 

Нағашы  əжемнің  ныспысы – Рақия.  Келіні 

жазғы демалысқа шыққан соң, немере бағудан 

қолы босап, бізге қонаққа келген. Көрші Көкөзек 

ауылында Мəжит ағамның қолында тұрады. 

–  Өзің  батаңды  бере  бер,  қарағым – 

деп  əжем  дастарханға  отырар  отырмастан 

қолын  жайып,  ертеңгі  астың  алдында  Алла 

ризашылығын сұрады. 

«Таңғы  нəсіп  тəңірден.  Алла  бергеніңе 

шүкір» – деп  атам  да  алақанын  жайып,  бетін 

сипап, ас алдындағы рəсімді жасап, ауқатқа ден 

қойдық. 

–  Бүбина  жеңешем  бұл  қорлыққа  көзі 

тірісінде көне қоймас. «Шыраққа айтам, үлкен 

үйдегі  қайынағамды  алып,  екеуі  ізін  суыт-

пай  бірге  барып,  құдағидың  алдынан  өтіп 

қайтқанымыз  жөн» – деді.  Қазір  өзі  де  саған 

жолығуға  келіп  қалар, – деп,  апам  бəрімізді 

əбігерге түсірген əңгімесіне қайта ойысты. Атам 

қабағын қарыс түйіп: «Келінжан да естияр бала. 

Қайтаруын қайтарамыз-ау, ана албастының ау-

зын қалай тиямыз? Сол уайым болды» – деді.

–  Біреудің  алтын  асықтай  баласын 

қорлап...Бір  басына  ие  бола  алмай  жүріп,  заты 

жуас  келінжанда  несі  бар  екен?  Үлпершектей 

бес бала тауып берген қосағынан айналмай ма, 

əдірем  қалғыр.  О – несі  ей,  түге.  Рас-ау,  ата-

сы, – Ертеңді  кеш  тырбаңдап  жұмысынан  да 

қалмайды.  Өз  басым  Тұмаржанның  қыңқ  деп 

аузын  ашқанын  көрмеппін.  Бұдан  артық  не 

керек.  Қашан  болсын  жылы  шырай  танытып, 

құрақ ұшып жүргені. Биязы мінезінен бір тан-

байды.  Жарықтық  енесінің  қолын  жылы  суға 

малып  қойды.  Сол  шаңырақтың  қожайыны 

–  абысыным.  Балаларының  бəрін  «Бүбина 

тапты»  дегізді. «Апасы  ақ  дегенде  аузынан 

түскен» – деседі.  Жаман  немелер  шеттерінен 

біреу  құлақтарына  құйып  қойғандай,  туған 

шешелерін менсінбей, атымен атап, «Мен апам 

баласымын» – дейді. Ыржиып күлгеннен басқа 

біреуіне  дауыс  көтермейді  ғой.  Келін  болса, 

сондай-ақ  болсын.  Жас  болса  да,  көсем  ғой 


9



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал