Құрылтайшы жəне шығарушы: «Қазақ газеттерi» Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi Редакторлар кеңесiнiң



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/7
Дата17.02.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

ЖАСТАРДЫҢ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖУРНАЛЫ

Құрылтайшы жəне 

шығарушы:

«Қазақ газеттерi» 

Жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

 Редакторлар кеңесiнiң  

Төрағасы   — 

Бас директор 

Жұмабек 

КЕНЖАЛИН

Бас редактор

Қуандық Түменбай

Бас редактордың 

орынбасары –

жауапты хатшы

Жарас Сəрсек

Редакция  алқасының 

мүшелерi:

Арман Қырықбаев

Бектұр Төлеуғалиев

Динар Нөкетаева

Мереке Құлкенов

 Нұрлан Оразалин

Өмірəлі Қопабаев

Сағатбек Медеубекұлы



Техникалық редактор

Жұмағазы Омарұлы

№6 (94)

2016


ЖЕР 

мен 


     

  ЖАЛАҢТӨС



    БАТЫР – егіз

Көңілде кірбің бар. Бұның көбі жерге байланысты. Жер – біздің 

байлығымыз, Елбасы сөзімен айтсақ, Ұлттың ұлы байлығы. 

Қалай десек те, Жерді біз бас əріптермен жазамыз. Ол – біздің 

қазынамыз.  Оның  киесін  еңбектеген  баладан  еңкейген  кəріге  дейін 

біледі.  Бұған  халықтың  қарымды  еңбегі  куə.  Кешегі  күріш  еккен 

Ыбырай  Жақаев,  қой  өргізген  Жазылбек  Қуанышбаевтың  немере-

шөберелері асыр салып ойнаған Жер-Ана – біздің жеріміз. Бұл жерді 

ешкім де бізден тартып ала алмайды. 

Мен  «Жалаңтөс  батыр»  деп  аталған  ЖШС-ті  басқарамын. 

Бар  арманым – кең  далаға  ие  боп  қалу,  ұланғайыр  даланы  жақсы 

атқа  жеткізу.  Күріші  бар,  қойы  бар,  қазаққа  тəн  нəрсенің  бəріне  біз 

өзіміз ие боп, заман көшіне сай жақсылықтың игілігіне куə болсақ. 

Елбасы  сөзімен  айтсақ, «Қазақтың  даласы  халықтың  меншігі. 

Қазақстанның 14 мың шақырым шекарасын шегелеу үшін біз 8 жыл 

бойы  келіссөздер  жүргіздік.  Не  үшін?  Жердің  тұтастығын  сақтау 

үшін», - деді Н.Назарбаев. 

Əрине, көңілде алаң бар. Ол заңды нəрсе. Шекараға ие болып, 

ұлтарақтай жерге билік айтып, бас иелік жасау – оңай емес. Ұлы Дала 

елінің əр сүйем Жері үшін күрес – жүрегімізде жалау боп желкілдеп 

тұрады. 

   Біз сол үшін күресеміз. 

   Жер – ұлттық қазынамыз. 

                  Қасқырбай ƏЛІМБАЕВ, 



                 «Жалаңтөс батыр» Жауапкершілігі Шектеулі 

Серіктестігінің директоры

Кие


2

ТИБЕТ АРУЫ 

Проза 


Есболат АЙДАБОСЫН

1981жылы  туған.  Абай 

атындағы  ҚазҰПУ-дің  фило-

логия  факультетінде  оқыған. 

Қазіргі  таңда  Қытай  Мұнай-

Газ 


Университетінің 

маги-


странты.  Қазақстан  журналистер  одағының  мүшесі. 

Республикалық əдеби байқаулардың  жүлдегері. 

Қоңыр салқын күз болатын. Далада терек 

басын  тербетерлік  жел  жоқ,  төңірекке  перде 

тұтып  қойғандай  тымырық.  Мұндай  күндері 

Бейжің аспанын бұлт торлайды. Мұрындықты 

бұзаудай  бір-бір  медициналық  маска  таққан 

жұрт    көшеде  көбірек  жүрсе  көк  түтінге  ула-

нып қалардай, жапа-тармағай жерастына түсіп 

жатыр. Ентелеген елмен жарыса метроның аял-

дамасына біз де кірдік. Бейжіңге келгелі айдан 

асса да, көрші елдің жер асты көлігін тұңғыш 

көруіміз. Қолымызда – алып шаһардың астын 

көртышқанның ініндей шиырлаған метро кар-

тасы.  Жолдан  жаңылысып,  адасып  кетпейік 

деп  əрбір  нəрсеге  мəн  беріп,  жан-жағымызды 

мұқият  бағдарлап  отырмыз.  Айналамыздағы 

адамдар  да  бізге  таңырқай  қарайтын  секілді. 

Бір  отбасыға  бір  баладан  деген  қатал  заңның 

қыспағын көрген жұрт үйелменді-сүйелменді 

екі ұлды жетектеген жап-жас ерлі-зайыптыны 

таңсық көріп тұрғаны анық. Қатар отырған екі 

мосқал  кісінің  бірі  атып  тұрып,  орын  берді. 

Қытай халқы баланы патша көреді, қоғамдық 

көлікте таяққа сүйенген қарияға орын берме-

се  бермейтін  шығар,  ал  тəй-тəй  басқан  бала 

кіргенін көрсе қоғадай жапырылады.

Босаған 


орынға 

«екі 


патшаны» 

жайғастырып, 

жан-жақтан 

жаутаңдаған 

сандаған жанарларға, «көзің тасқа түссін» деп 

іштей тойтарыс беріп, олардың қойған сансыз 

сауалдарына  тіліміз  келгенше  жауап  беріп 

жатырмыз. Бірі қай елденсіңдер деп сұрайды, 

біреуі  балаларың  егіз  бе  дейді,  өзіміздің  жа-

сымызды  білгісі  келеді,  екі  баланы  бағып-

қағу  оңай  еместігін  айтады,  ерте  үйленеді 

екенсіңдер,  біз  отыздан  асып  барып  отбасын 

құрамыз  деп  өздерінің  жағдайынан  хабар 

береді.  Қаумалаған  елдің  біз  турасындағы 

талқысы  саябырси  бастаған  кезде,  желке 

тұстан:


– Аға! Сіздер қазақсыздар ма?-деген да-

уыс естілді.

Əйелім  екеуміз  бірдей  жалт  қарадық. 

(əңгіме)


3

Есболат АЙДАБОСЫН. «Тибет аруы»

Бірақ  ол  дауыстың  қайдан  шыққаны,  кімнен 

шыққанын  айырып  болмайсың...  Қасымызда 

қазақтың  келбеті  байқалмайды,  барлығы 

қытайлық пошым, барлығының түріне қарасаң 

«мен ғой сөйлеген» деп тұрған секілді, таныс 

адамдай  жылышырай  беріп,  күлімсірейді. 

Екеуміздің көзіміз айналаны бір сүзіп шығып, 

бір-бірімен  тоқайласып  қалды.  Əлде  қағыс 

естідік  пе?  Іштей  таңырқаған  күйі,  əйелім 

ернін бұртитып, шарасыздық белгісін білдірді. 

Мен  төңіректі  тағы  бір  шолып  көрейін  деп 

мойнымды  сағат    тілінің  бағытымен  бұра 

бергенімде, жаңағы дауыс қайта шықты. 

– Қазақстаннан келдіңіздер ме?

Сонда  ғана  таптық.  Орта  бойлы  сұрша 

қыз.  Арқасына  асқан  қара  түсті  жол  сөмкесі  

бар.  Кекілін  дөңгелете  қиған,  қыр  мұрын, 

түрік  ерін,  домалақ  жүз,  көзілдіріктің 

арғы  жағындағы  қой  көзі  жалт-жұлт  етеді. 

Дөңестеу  мұрны  мен  осы  жанарында  ғана 

қазақылықтың,  көшпеліліктің  ұшқыны  аздап 

байқалатындай.  

   Əйелім менен бұрын тіл қатып: – Иə, иə 

қазақпыз деп жатыр, мен бас изеп құптағандай 

сыңай  таныттым.  Дегенмен,  мынау  қазақ  па 

қытай ма деген күмəннан арыла алмай тұрмын. 

Бірақ «аға» деді емес пе, неде болса қазақ, тек 

қытайланған  қазақ.  Екінші  мəрте  сөйлегенде 

аңғарылды, тілі жатық емес, қытайлық сөйлеу 

мəнері  сіңген.  Қазақстан  дегені  Хасақыстан 

дегендей естілді. Соны сезген болу керек, өзін 

таныстыра бастады. 

–  Есімім  Қамар.  Жың  Фа  Да  Шүйеде 

(Қытай саясат жəне заң университеті) оқимын.

– Ə, көрші екенбіз ғой дедім. Біз сіздерге 

қарама-қарсы  орналасқан  Шый  Йоу  Да 

Шүйенің (Қытай мұнай газ университеті) ма-

гистратурасына қабылдандық. Қазір ханүйбан 

(қытай тілін үйрету курсы) оқып жатырмыз.

– Ооо!!! Тай хаолы (өте керемет) , ханүй 

зынмиян? (Қытай тілі қалай екен) деді. Біздің 

қытайшамызды  тексергісі  келген  болу  керек 

қытайша сөйледі.

– Ойй, хын нан (өте қиын)-деп əйеліміз 

екеуміз қосыла жамырадық. Екі айдың ішінде 

аздап тіл сындырып қалғанбыз, соның  пайда-

сы тиіп жатыр. Артынша сұрақты біз қойдық:

–  Шыңжаңдықсың  ба? (Қытайда  қазақ, 

ұйғырлардың  барлығын  Шыңжаңдықтар  деп 

бірге атайды)

–  Бу  шы  (жоқ  деген  сөз)  Цинзянь,  мен 

Сицзаннанмын.

Сицзан деген қай жер еді деп, əйелімнің 

құлақ түбіне күбір еттім. Ол да менің күйімді 

кешіп тұр екен, иығын қиқаң еткізіп, телефо-

нына  үңілді,  шамасы  сөздіктен  қарамақшы. 

Цинзянь дегені Шыңжаң екенін білеміз, Сиц-

зан  деген  қай  жер.  Əрі  екі  сөздің  дыбыста-

луы ұқсас болған соң парқын ажырата алмай 

тұрмыз. Біздің халімізді аңғарғандай, Қамар:

–  Тибет,  Тибет....Заңзулар  елі....Лхасаны 

білесіз бе? Сол жерденмін деп сөзін айқындай 

түсті.


Тибет  дегенде  екеуміз  де  елең  ете 

қалдық.  Менен  көрі  ойы  ұшқырлау  əйелім 

сұрақ қойып үлгерді.

– Ол жерде де қазақтар тұра ма?

–  Таза  қазақсыңдар  ма?-деппін  қосам-

жарласа, қапелімде басқа сөз аузыма түспей. 

– Иə, иə қазақпыз. Абақ Керей деген ру-

дан боламыз,-деп өзінің қазақ екенін шегелей 

түсті. 

– Тибетке қандай дəм айдап барды?



                                           ...

Шамасы  бұл  сауалды  түсінбей  қалды 

ғой деймін, жақынырақ келіп бетіме сұраулы 

жүзбен  аңырая  қарады  да,  мезетте  жанарын 

тайдырып  əкетті.  Ойланған  сəтінде  жасай-

тын  əдеті  болса  керек,  төмен  түсіңкіреген 

көзілдірігін  сүйрік  саусағымен  бір  көтеріп, 

мұрынын саумалап тұрып қалды.  

– Ол жаққа қалай барып жүрсіңдер?-деп, 

сұрағымның  тонын  айналдырып,  қарапайым 

сөзбен ұғынықты етіп қайталадым.


4

 *«Үркер»*№62016

–  Аааа,-деп  қытайлар  таңырқағанда 

жиі  қолданатын  одағай  сөзге  бір  салып  алды 

да,  жауап  беруге  тырысты.  Бірақ  ойы  көк 

толқынға  көміліп  ұшқан  шағаланың  дау-

сындай  шашыраңқы  шықты,  қазақшасы 

жетіңкіремеді.  Үркіншілік  заманда  Қытайдан 

Пəкістан,Үндістанға  қарай  үдере  көшкен 

жұрттан  қалған  үркердей  қазақ  екенін 

əупірімдеп ұғындырды. 

Бұл  кезде  біздің  басқа  тілде  жауаптасу-

ымызды  қызықтап  тұрған  өзге  жолаушылар 

да  əңгімеге  араласа  бастаған  еді.  Əрнəрсені 

түрткілеп  сұрап,  тақырыптың  соқпағын  бұза 

берді. Сондықтан, алдағы уақытта хабарласып 

тұрайық  десіп,  телефон  нөмірін  алмастық  та, 

келесі аялдамадан түсіп, Бейжіңнің хайуанат-

тар бағын бетке алып жүріп кеттік. Қамар қош 

болыңыздар  дегенді,  ана  тілінде  айта  алмай 

«зəйжиен,  зəйжиен» (келесі  кездескенше)  деп 

қол бұлғап қала берді. 

***


Метродағы  əңгіменің  желісі  арада  апта 

өткенде,  біздің  жалдамалы  пəтерде  тура  сол 

үзілген тұсынан жалғасын тапты. 

– Cендердің  қилы  тағдырларың  талай 

шығармаға  арқау  болған,-дедім  Қамардың  

отбасылық  тарихын  тыңдап  болған  соң....  Ол 

жұлып  алғандай,  жалт  қарады.  Көкейіндегі 

«шығарма сөзінің мағынасы не?» деген сауал-

ды, көзі айтты. 

–  Халифа  Алтай  мен  Хасен  Оралтайды 

танушы ма едің?

– Жоқ, білмейді екенмін.

– Сендердің өлкеден шыққан азаматтар. 

Сол  кісілердің  «Алтайдан  ауған  ел», «Елім-

айлап  өткен  өмір»  деген  сынды  бірқатар 

кітаптары  бар,  сонда 1938 бен 1951-жылда-

ры  Үкіметтің  қыспағына  шыдамаған  қытай 

қазақтары  екі  мəрте  Тибет  асып,  Гималай 

шыңынан өтіп, Үндістан, Пəкістан, Кашимир-

ге  жетіп  жан  сауғалағаны....  Ал 1952-жылы 

Түркия мемлекеті босқын қазақтарды көшіріп 

алу  туралы  тарихи  шешім  қабылдағаны 

жазылған..... 

–  Иə,  иə!  Енді  есіме  түсті,-деп  сөзімді 

бөліп жіберді.

– Деректерге қарағанда барар жер, басар 

тауы  белгісіз  сол  сапарға  он  сегіз  мың  қазақ 

шығыпты  деседі.  Соның    небары  екі  мыңы 

Анадолыға аман жеткен деп сөзімді жалғадым. 

Бірсыпырасы  Гималайдың  құзынан  ұшып 

өлген,  біразы  Тибеттің  биік  тауларында  ауа 

жетіспей, «ыс» ауруынан қайтыс болып, тағы 

бірқаншасы көшке ілесе алмай жолда қалған. 

Сенің аталарың асылы, Тибет жұртына сол екі 

дүрмектің бірімен барған болар....

–  Дұрыс  айтасыз,  əкем  де  осылай  деп 

отыратын.

– Əкең не қызмет істейді?

–  Ол  кісі  шойынжолда  кəсіп  қылған, 

қазір ту....туейсюу...,туейсюу алған.

–  Туейсюу  деген  не?-деп  еріксіз  сұрай 

салдым  да,  телефонға  үңіліп  сөздіктен 

іздестірдім.  Ол  бұл  сөздің  қазақша  нұсқасын 

түсіндірем  дегенше  менде  сөздіктен  тауып 

аларыма  сендім.  Көп  қиналмай,  таптым  да... 

Зейнеткер екен. Əкесі бұрын теміржолшы бо-

лыпты, кейіннен қос жанары суалып, көруден 

қалады.  Қытайда  зағиптарды  медициналық 

массаж өнеріне баулып, жұмыспен қамтамасыз 

ететін қайырымдылық ұйымы бар. Сол бойын-

ша осы кəсіпті игеріп, зағиптар орталығында 

қызмет істейтін көрінеді. 

–  Ол  кісінің  қазақшасы  тəуір  шығар,-

дедім, Қамардың үзіп-жұлып айтқан əңгімесіне 

мейір қанбай отырғанын танытып.

– Əлбетте! Сіздерге ұқсас сөйлейді. Мен 

ханзу мектебінде оқыдым, соуий (сондықтан) 

қазақша тəуір білмеймін.

-Тибетте сонда қанша қазақ тұрады? 

-Жиырма шақты үй бар. 

-Жиі-жиі бас қосып тұрасыңдар ма?

-Наурыз той, құрбан айт секілді мереке-

лерде ғана жиналамыз. Жиырма үй болғанмен 


5

əрқайсысы əр аймақта шашырай қоныстанған. 

Барыс-келіс қиындау.

-Жиырма отбасы қыз алыспайтын аталас 

шығар,  ұлдары  қайдан  келін  түсіріп,  қыздар 

қайда тұрмысқа шығады сонда? 

Бұл  сұрақты  да  Қамар  түсініңкіремей 

қалды бастапқыда. Ежіктеп ұғындыруға тура 

келді. 

–  Аааа,  деп  ойланғандай  сыңай  та-



нытты.  Көзін  ашып-жұмып  сүйкімді  жыми-

ды. –Сіздер  бізді  оқшау  қалған  деп  ойлайды 

екенсіздер ғой, біз Тибетте тұрғанмен Алтай, 

Тарбағатайда  туыстарымыз  бар.  Солармен 

қарым-қатынасымыз үзілген емес. 

-Ааа,  солай  ма?-деп  бұ  жолы    мен 

таңырқағандай  сыңай  таныттым.  Іле  келесі 

сұрақ, оған жауап алған соң тағы біріне сүрлеу 

салып,  əңгіменің  өрісін  жаңартып  отырмын. 

Балаларды  жайғап,  дастарханды  қамдап 

жүрген  əйелім  де  ара-тұра  келіп  сөзге  арала-

сады. Бір кезде буын бұрқыратып, қуырылған 

балықты ортаға қойды.  

-Бейжіңде  халал  етті  табу  қиын  екен, 

көбіне осы балықты талғажау етеміз,-деп бүгін 

қазан көтермегеніне ақталып жатқандай сыңай 

байқатты.  Түстегі  дүнген  асханасынан  жеген 

ащы лағманнан кейін нəр сызбап едік, тамаққа 

бас  қойдық.  Балық  жегеннің  рахатымен  қоса 

машақаты  да  жетерлік,  басқа  тамақтардай 

тіске бірер басып, қылғытып жұта бермейсің, 

бір  ұртыңнан  қылтанақ  суырып,  шұқыланып 

отырғаның...  Асқазанның  қамын  күйттеп, 

алдымдағы  аспен  алысып  кетіппін,  бір 

балықтың бел омыртқасын қабырғасымен қоса 

жалаңаштап  болған  кезде  бір-ақ  байқадым, 

Қамар  табағындағы  сыбағасынан  іліп  аузы-

на салмапты. Қонағыңның ыздиып отырғаны 

қайбір  жақсы  дейсің,  əйеліме  ақырындап  ым 

қақтым. Ол да қазір көрген болу керек:  

– Қамар, тамақтан алмадың ба, əлде ауы-

рып отырсың ба?-деп бəйек қақты.  

–  Мен  балық  жемеуші  едім,-деп 

ыңғайсызданғандай түр байқатты ол.  

– О, неге? Екеуміз бірдей жалт қарадық.

-Жалпы  Тибеттіктердің  бір  парасы 

балық жемейді?

-Не үшін? Балық халал емес пе?

-Тибеттіктердің  діни  сенімі  бойынша 

бірқаншасы  өлген  адамды  құзғынға  тастай-

ды,  бірқаншасы  өзен,  көлге  ағызып  жібереді. 

Сондықтан  адамның  өлігімен  балықтар 

қоректенеді  деп,  судағы  бүкіл  жəндікті 

жемейді.


-Сен  енді  тибеттік  емес,  қазақсың 

ғой...  Менің    аңғалдау  сұрағыма  Қамар  иығы 

селкілдеп,  сықылықтап  тұрып  күлді.  Күлкісі 

ашық, тау суындай сыңғырлап тұр. Күлгенде 

сұрша жүзіне қан ойнап, өзінше жарасым та-

бады екен. 

-Қазақпын  ғой  деген,  күлкісін  тия  ал-

май.  Бала  кезден  балық  жемей  өскен  соң, 

үйренісіп  кетіппіз.  Сіз  мені  біресе  Ханзу 

(қытай  ұлты)  біресе    Заңзу  (тибет  ұлты)  деп, 

əбден састырдыңыз ғой...

-  Ааа,  онда  мархабат,-деп  біз  де 

қыстамадық.  Тибеттік  қонағымызға  бола 

сол  түні  тағы  бір  тамақ  жасалды.  Түннің  бір 

уағына дейін əңгімелестік. Ол бізден Қазақстан 

туралы сұрайды, біз Қытай мен Тибет жайлы 

мағлұматтарға ынтығамыз. Сағат тілі он екіге 

таяғанда  ғана  жатақханамның  есігі  жабы-

лып қалатын болды деп, қона сал дегенімізге  

көнбей асығыс аттанып кеткен.

***

Сол бір кештен кейін Қамар біздің үйге 



жиі-жиі  қонаққа  келетін  болды.  Ақжарқын, 

көңіліндегісін  бүкпесіз  айтатын  шыншыл 

қыз,  əйтеуір  əйеліммен  тез  тіл  табысты. 

Сенбі-  жексенбі  күндері  екеуі  дүкен-базарға 

бірге  барады,  балаларды  ертіп  анда-мұнда 

қыдыртады.  Ол  кезде  қытайша  тілашарды 

бастап  кеткенмен  сөздік  қорымыз  жұтаңдау 

болатын.  Білмегенімізді  содан  сұраймыз,  ол 

біздің  қытайшамызды  түзетіп,  тілұстартуға 

Есболат АЙДАБОСЫН. «Тибет аруы»


6

 *«Үркер»*№62016

көмектеседі,  біз  оның  қолау  болған  құнандай 

кібіртіктеген 

қазақшасына 

болысамыз. 

Бас  ауырып,  балтыр  сыздай  қалса  Қамарға 

қоңырау  шаламыз,  ауруханаға  ертіп  барады. 

Біз сабаққа кеткен кездері балаларға қарасып, 

жəрдемдеседі. Əйтеуір бөтен елдің тіршілігіне 

бейімделіп  кеткенше  қолғанатымызға  айна-

лып, қолтығымыздан демеді.

Бір  күні    түске  салым  екі  ұлдың  бірін 

алдыға,  бірін  артқа  мінгестіріп  белесебедпен 

саябақтағы  балалар  алаңқайына  қарай  ұрып 

бара  жатқанмын.  Естиярлау  Толағай  танып 

қойды.


– Əке, Қамар əпкені қараңыз....

– Қайда?


–  Əне,бір  ағамен  кетіп  бара  жатыр...

Ұлымның  нұсқаған  жағына  қарасам,  ра-

сымен  де  Қамар  көшенің  арғы  басынан, 

бері  қарай  беттеп  келеді  екен.  Қасында  бір 

жігіт  бар,  қол  ұстасып  алған.  Бағдаршамға 

келіп,  тоқтап  тұрған  ығы-жығы  адамның 

ішінен  бізді  байқамады.  Қасындағының  түрі 

қазаққа  ұқсамайды,  екеуі  əлденені  сөз  еткен 

күйі  тоқтамастан  өте  шықты.  Соңдарынан 

қарап,  состиып  тұрып  қалыппын,  ұлым  «əке, 

жүрмейміз  бе,  жасыл  жанды»  дегенде  ғана 

темір атымды тебіндім. 

Қамар  əдеттегідей  аптасына  бір-екі 

мəрте  үйге  келіп-кетіп  жүрді.  Өзі    балажан. 

Бізден    көрі  Толағай  мен  Тарланға  жақын, 

тілі  шықпаған  кішкентайды  жұлмалап  ой-

найды,  үлкеніне  қытайша  сөз  жаттатқызады. 

Құр 


келмейді, 

біздің 


қарсылығымызға 

қарамай 


қалтасына 

тəтті-мəттісін 

сала 

келеді.  Екеуіне  сыйлық    қылып    үлестіреді. 



Бір-екі  рет  Толағайға  тақпақ  айтқызып,  оны 

ұялы  телефонның  бейнекамерасына  түсіріп 

жатқанын  байқағанмын,  оны  не  қылмақ  деп 

сұрағанымда    Толағайдың  өлеңдерін  өзі  де 

жаттап жүр екен деді əйелім. 

-Рас айтасың ба?-деп анықтап сұрадым.

-Өтірік  сөйлеп  не  жаныма  зор  келіпті, 

екеуі күнде тақпақ айтудан жарысып жүр емес 

пе?

-Олай  болса,  мен  оған  көрсетейін 



тақпақтың көкесін...

-Нені көрсетесің?

Əйелімнің 

бұл 


сұрағы 

жауапсыз 

қалды,  айтып  қойсам  жоспар  орындалмай 

қалатындай: – Оны қайтесің,-дедім де кете бар-

дым, ол да тықақтап қазбаламады. Сол күннен 

бастап Толағайға жаңа өлеңдер үйрете баста-

дым. Сұлтанмахмұттың, Қасым Аманжолдың, 

Қадыр, Жұбан ақынның отты жырларын бірер 

аптада игеріп алдық. Бір күні сабақтан келсем, 

əйелім үндеме дегендей сұқ саусағымен ернін 

басып  белгі  берді.  Мысықтабандап  барып 

байқастасам,  Қамар  мен  Толағай  тақпақтың 

додасына  түсіп  кетіпті.  Кезек-кезек  салым 

салған  көкпаршыдай,  бір-бірінен  қалысар 

емес. Бірі тоқтаса, екіншісі бастап кетеді.

«Алаш туы астында 

Күн сөнгенше сөнбейміз, 

Енді алашты ешкімнің 

Қорлығына  бермейміз»-деп,  Толағай 

былдырлады,  артынша  соны  қаз-қалпында 

Қамар  қайталап  шықты.  Іле-шала  Толағай 

келесіге өтті.

«Ана тілің арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бəрін біл,

Өз тіліңді құрметте!!!»

     Қамарда мүдірмей қайталайды. Тілі 

аздап күрмеледі, дегенмен бастапқыдай емес, 

бізбен  араласқалы  қазақшасы  да  тəуірлене 

бастаған секілді. 

-Екі  сақаудың  жарысын-ай,-дедім,  ту 

сыртымнан тақалған əйеліме сыбырлап.

-Қой, естісе ұят болар,-деп, ол бүйірімнен 

шымшып алды. Оның бұл еркелігі шабытыма 

шоқ  тастады  ма  білмеймін,  ендігіде  мен  от 

алып кетіп, ортаға атып шықтым. 

«Ей тəкаппар дүние,

Маған да бір қарашы.



7

Танимысың сен мені 

Мен  қазақтың  баласы»,-деп,  айқайлай 

басып,  кіріп  бардым.  Сахнадағы  театр 

актерлерінше  жүгіріп  шыққан  мені  олар 

бастапқыда  тосырқай  қарсы  алды.  Артын-

ша  мың  құбылтқан  даусым  «мен  қазақтың 

баласы»  дегенде  кеудемді  «дүңк»  еткізіп 

қойып  қалған  қылығыма  Толағай  тырқылдап 

тұрып күлді. Қамар да разы. Тек осынау «по-

эзия  кешінің»  жалғыз  көрермені  бір  жарым 

жастағы Тарлан ғана дымға түсінбей, əркімге 

бір жалтақтап қарайды.

-Аға, бұл кімнің өлеңі?-деп сұрады Қамар 

таңырқаған  Тарланды  мейірлене  құшағына 

қысып жатып....

-Қазақта  Қасым  деген  ақын  өткен. 

Сол  кісінің  өлмес  туындысы,  ал  əлгінде 

айтқандарыңның  бірі  Қадыр  Мырзаəлінікі, 

бірі Сұлтанмахмұттікі,-дей салдым елеусіздеу 

қылып. 

-Сұлтанмахмұт?...-деп бір сəтке əлденені 



айтпақ болып бөгеліп қалды. 

-Иə,  иə,-дедім,  оның  не  себептен 

ойланғанын  түсініп. «Қамар  сұлуды»  жазған 

сол адам. Оқып па едің?

-Кітабы қолыма түспеді, əкем жатқа ай-

татын,  сол  кісіден  естігенмін.  Менің  атымды 

да соған ұқсатып қойған.

- Сұрапыл ақын болған. Небəрі жиырма 

жеті  жасында  дүние  салды.  Бірақ  небір  отты 

жырлар жазыпты жарықтық.

  -Қытайлық  Cю  Джимо  секілді  болып 

тұр  ғой.  Ол  да  отыз  төрт  жыл  жасаған.  Бірақ 

жүз жыл өмір сүрген жазушылардан атақты.

- Cю  Джимоның  шығармашылығымен 

ептеп 

таныспын, 



бірақ 

оның 


қытай 

қоғамындағы  орынын  салмақтап  көрмеппін. 

Ал Сұлтанмахмұт қазақтың санасында сілкініс 

жасаған адам. Өлеңдерін бей-жай оқу мүмкін 

емес. Əлгі «Алаш туы астында, күн сөнгенше 

сөнбейміз,Енді  алашты  ешкімнің,  қорлығына 

бермейміз» деген бір шумақ өлеңінің өзі неге 

тұрады. Бұл жəй өлең емес, өлеңмен айтылған 

серт қой. Ақын,  халық алдында ант етіп тұр 

емес пе?! 

  -Аға!!!Алашорда  деген  не?  Сіз,  кейде 

маған  түсініксіз  нəрселерді  айтасыз,  сұрауға 

ыңғайсызданамын да, білместігімді білдірмей 

бас изеп отыра беремін.

-Ə,  солай  ма  еді,онда  тыңда,-деп,  Ала-

шорда көсемдері туралы əңгімеледім. Қызыға 

тыңдады.  Менің  əрбір  жерден  үзіп-жұлып 

айтқандарым  рухани  тəбетін  ашып  жіберген 

болу  керек,  тоймай  қалған  сықылды  көрінді. 

Компютерді  қосып  жіберіп,  ғаламтордан 

Əлихан,  Ахмет,  Міржақыптардың  суреттерін 

көрсетіп,  қазаққа  қатысты  айтқан  сөздерін 

оқып  бердім.  Ахметтің  Шыңжаң  жақта  кең 

қолданылатын  төте  жазудың  авторы  екенін 

естігенде көзі жайнап сала берді. Міржақыптың 

«Оян  қазағын»  дауыстап  оқығанымда  ой-

ланып  қалды.  Артынан  олардың  аянышты 

тағдырын  сөз  еткенде,  көзі  жасаурап  кетті. 

Сол күні үйіне кетер-кеткенше осынау күйден 

арыла алмады.

Бұл  күнгі  əңгіме  Қамарға  ғана  емес 

маған  да  ой  салған  еді.  Ішкі  жоспарды  іске 

асырудың  бір  тетігін  осы  əңгімеден  таптым. 

Ендігіде  Қамар  үйге  келе  қалса  бұрынғыдай 

майда-шүйде  тақырыптарды  төңіректемей 

қазақтың тарихы, қилы тағдыры, аз ұлттардың 

ассимиляцияға  ұшырауы,  қазақтан  шыққан 

күрескер тұлғалар жайлы сөйлесетін болдық. 

Көбіне  үнсіз  тыңдайды.  Дегенмен  естігенін 

құлағына  құйып  жатқанын  сеземін,  сеземін 

де  ғаламторды  кеземін.  Студенттерге  ар-

нап  дəріс  оқитын  ұстаздай  Қамармен  бола-

тын  кездесуге  тыңғылықты  дайындаламын. 

Кешегі  мен  бүгінгі  ақыл-ой  алыптарының 

айтқан өнегелі, өсиет сөздерін, түрлі қызықты 

мəліметтерді  тауып  алып  дастархан  басын-

да бəрін оқып-түгесіп қойған адамдай сарнап 

отыратынды  шығардым.  Менің  бұлайша  аяқ 

асты  «данышпан»  болып  кеткенімді  əйелім 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал