ҚҰрылыстың Қазақстандық моделін қалыптастырудағы ролі



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/11
Дата08.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ  
Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК 
ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
МОДЕЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РОЛІ 
 
Студент топтары кураторларына көмек ретінде  
 
1-жинақ 
 
3-ші басылым, өңдел. және толық. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қарағанды 2016 


 
 
ӘОЖ 323 (524) 
КБЖ 66.3 (5 Каз) 
Қ 18 
 
 
 
 
 
ҚР ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен  
 
 
Құраушы-авторлар:  Т.С.  Сүлейменов,  К.З.  Сарекенов,  Н.А.  Алпысбаева, 
Д.Е. Джакупова, А.К. Мубаракова, А.Е. Даниярова, М.Ж. Сулейменова, Д.Г. 
Шорманбаева,  К.Ш.  Джалилов,  А.К.  Жарылқасынова,  М.О.  Төлеуова, 
С.Б.  Балшикеев,  Н.Б.  Давлетбаева,  А.В.  Сиводедова,  Н.А.  Қазбеков, 
А.М. Беркінбекова, О.М. Хмельницкая  
 
 
 
Қ  18  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың 
мемлекеттік  құрылыстың  қазақстандық  моделін  қалыптастырудағы 
ролі.  Студент  топтарының  кураторларына  көмек  ретінде.  1-жинақ  /  ҚР 
ҰҒА академигі А.М. Ғазалиевтың редакциясымен. – 3-ші басылым, өңдел. 
және  толық.  –  Қарағанды:  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық 
университетінің баспасы, 2016. – 113 б. 
 
 
 
Жинақ  ҚР  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  мемлекеттік 
құрылыстың  қазақстандық  моделін  қалыптастырудағы  роліне  арналған 
мақалаларды  қамтиды.  Жинақ  материалдары  кураторларға  «Жаңа 
Қазақстандық  Патриотизмді  Қалыптастыру»  Патриоттық  тәрбие  беру 
тұжырымдамасын  іске  асыру  аясында  куратор  сағаттарын  және  басқа  да 
шараларды дайындау үшін ұсынылады. 
 
 
ӘОЖ 168.522 (524) 
КБЖ 71 (5 Каз) 
 
 
 
 
©
 
Қарағанды мемлекеттік  
  техникалық университеті, 2016 


 
Кіріспе  
 
Жоғары технологиялар ғасыры, ақпараттық ғасыр аталған ХХІ ғасыр 
жаппай 
жаһанданумен, 
экономикалардың 
бірігуімен, 
көші-қон 
процестерінің  жандануымен,  мәдени  өзара  кірігумен  сипатталады.  Бұл 
процестердің  оң  салдарларымен  қатар,  рухани  өмірдің  оңтайлануымен, 
дүниетанымдық 
және 
құндылықты 
дағдарыстың 
шиеленісуімен 
байланысты  кері  жағы  да  бар.  Бұл  жағдайларда,  Тұңғыш  Президент 
Н.Ә.Назарбаев  өзінің  «Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауында  атап  кеткендей,  аса 
маңызды  стратегиялық  міндет  –  барлық  қоғамды  біріктіріп,  табысының 
негізіне  айналатын  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  қалыптастыру: 
«Қазақстан  –біздің  жеріміз.  Бұл  жер  әрқашанда  біздің  ата-бабамыздың 
жері  болған.  Ол  енді  біздің  ұрпақтың  жері  болмақ».  Жаңа  Қазақстандық 
Патриотизмді  тәрбиелеу  процесінің  тұтастығы  мен  бірізділігі  тек  егер  ол 
елдің  өткеніне  құрметпен  қарауды  қалыптастыруға  ғана  емес,  сонымен 
қатар,  қазіргі  Қазақстанның  құндылықтары  мен  жетістіктерін  меңгеруге 
табиғи  байланысты  таралған  жағдайда  қамтамасыз  етілуі  мүмкін.  Бүгінде 
Қазақстан – бұл бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша 
посткеңестік мемлекеттер арасында көшбасшы болып табылатын дамушы 
ел.  Тарих  тұрғысынан  алып  қарағанда  жас  мемлекет  болып  табылатын 
Қазақстан  әлемдік  қауымдастықта  танымал  беделге  ие,  әлемдік  саясатта 
толық  құқықты  белсенді  субъект  болып  саналады.  Мұның  барлығы  ел 
азаматтары  үшін  мақтаныш  және  қазақстандық  патриотизм  сезімін 
қалыптастырудың мағыналы негізі болуы мүмкін.  
Қазіргі  Қазақстанның  жетістіктері  еліміздің  Тұңғыш  Президенті 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен тығыз байланысты болуы сөзсіз 
факт.  Ел  басына  ауыр  екіталай  жылдары,  мемлекеттілікті  сақтау  туралы 
сұрақ аса шиеленіскен кезде келіп, Н.Ә. Назарбаев саяси білімпаздық пен 
стратегиялық көрегендік таныта отырып, ел болашағы үшін жауапкершілік 
алып  қана  қоймай,  сондай-ақ,  мемлекеттік  құрылыстың  қазақстандық 
моделін әзірлеуде және Жаңа Қазақстандық Патриотизм – Мәңгілік Елдің 
идеялық негізін негіздеуде шешуші роль атқарды.  
Осы  жинақта  ұсынылатын  материалдарды  Қарағанды  мемлекеттік 
техникалық  университетінің  оқытушылары  әзірлеген  және  ҚР  Тұңғыш 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  мемлекеттік  құрылыстың  қазақстандық 
моделін  қалыптастырудағы  роліне  арналған  куратор  сағаттарын  өткізуде 
кураторларға ақпараттық және әдістемелік көмек көрсетуге арналған.    
 
 
 
 
 
 


 
СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ 
ТӘРБИЕ БЕРУ  
(ҚарМТУ тәжірибесінен) 
 
  А.М. Ғазалиев
Қарағанды мемлекеттік техникалық  
 университетінің ректоры, 
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 
ҚР ҰҒА
 
академигі
 
 
 
 
Құрметті әріптестер! 
 
Қарағанды  мемлекеттік  техникалық  университеті  1960-шы  жылдары 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  жоғары 
инженерлік  білім  негіздерін  алған,  еліміздің  жетекші  техникалық  ЖОО-
ның  бірі  болып  табылады.  Университеттің  ректорат,  профессорлар-
оқытушылар  құрамы  өздерінің  негізгі  міндеті  қазіргі  қоғам  талабының 
талаптары  мен  сұраныстарына  сай  келетін  бәсекеге  қабілетті,  білікті 
инженер кадрларды дайындау деп есептейді. Осы мақсатта Университетте 
кәсіптілігі  жоғары  оқытушылар,  қазіргі  заманғы  оқу-әдістмелік  және 
зертханалық  база  жұмыс  істейді.  Сондай-ақ,  2008  жылы  университетте 
білім  берудің  қазіргі  заманғы  технологиялар  мен  әдістемелерін,  оның 
ішінде,  бейнеколлекция,  мультимедиялық  тұсаукесер  және  т.б. 
пайдалануға  мүмкіндік  беретін  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  атындағы  Электрондық  білім  беру 
технологиялары орталығы (ЭБТО) ашылды. 
Бұл  ретте  біз  бәсекеге  қабілетті,  әлеуметтік  бағдарланған  экономика 
құруға  бағытталған  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жаңғыртылуы 
жастардың  адамгершілік  және  рухани  дамуынсыз,  саяси  еркіндіксіз, 
құндылықтарсыз,  мұратсыз  болуы  мүмкін  емес,  ал,  олар  өз  кезегінде 
Қазақстанның  дамуы  қалай  және  қаншалықты  табысты  болатынына 
байланысты топшылаймыз. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауында  ең  маңызды 
стратегиялық міндет ретінде патриоттық тәрбие беруді атағаны тегін емес: 
«Өзімізді  және  балаларымызды  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмге 
тәрбиелеу  қажет».  Сондықтан  жас  қазақстандық  ұрпақтың  патриотизм, 
азаматтық 
және 
әлеуметтік 
жауапкершілік 
сияқты 
сапаларын 
қалыптастыру  мақсатында  тәрбие  беру  мақсаттарын  жетілдіруді  екінші 
маңызды міндет ретінде көреміз. 
Осы  мәселені  шешу  мақсатында  Қарағанды  мемлекеттік  техникалық 
университетінде  2009  жылы  студенттерге  тәрбие  берудің  кешенді 
бағдарламасы  әзірлеген  және  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 


 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  тұлғасы  өнегесінде  Студенттерге  патриоттық 
тәрбие  беру  моделі  оның  құраушы  бөлігі  ретінде  енгізілді.  Оның 
ерекшелігі  – ол  әрқайсысы  жеке  тақырыпқа ие 7 оқу  семестрін қамтитын 
тәрбие  беру  процесінің  логикалық  қисынды  және  ретті  кезеңдерінен 
тұратын  үйлесімді  жүйе  болып  табылады.  Ұлы  тұлғалардың  өмірлік  іс-
әрекеті тарихын зерделеу қазақстандық патриотизмді қалыптастыру негізі 
бола алады деген идея модельдің уәждемелік негіздемесі болып табылады. 
Қазіргі  Қазақстан  үшін  ондай  тұлға  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  – 
Тұңғыш  Президент,  тәуелсіз  Қазақстанның  негізін  қалаушы;  батылдық, 
ақылдылық және өз Отанына шексіз беріліп қызмет ету оған шынында Ұлт 
Көшбасшысы,  шынайы  патриотизм  өнегесі,  жастардың  қазақстандық 
патротизм сезімін тәрбиелеудің ықпалды үлгісі болуға мүмкіндік берді. 
Патриоттық тәрбие беру моделін ҚарМТУ-дың тәрбие беру процесіне 
тиімді  енгізу  үшін  орыс  және  қазақ  тілдеріндегі  «Қазақстандық 
патриотизмді  қалыптастыру:  теория  және  практика»  монографиясы  және 
«Кураторларға  көмек»  әдістемелік  нұсқауы  басып  шығарылды. 
Патриоттық  тәрбие  беру  моделін  іске  асыруда  ғалымдар,  Қазақстан  
Республикасы  Парламенті  Сенатының  және  Мәжілісінің  депутаттары 
дайындаған  бейнедәрістер  үлкен  роль  атқарды.  Патриоттық  тәрбие  беру 
моделін іске асыру процесінің тиімділігін анықтау үшін сауалнама жүргізу 
әдісімен жүзеге асырылған мониторинг жүйесі әзірленді.  
ҚарМТУ-дағы  Патриоттық  тәрбие  беру  тәжірибесі  ҚР  Парламенті 
Мәжілісінде  екі  рет  талқылау  тақырыбы  болғандығын  айта  кеткен  жөн: 
2009  жылы  21  сәуірде  ҚР  Парламенті  Мәжілісінде  «Нұр  Отан»  ХДП 
фракциясының  Әлеуметтік  кеңесі  ұйымдастырған  Парламенттік  тыңдауы 
барысында  және  2009  жылы  10  желтоқсанда  Мәжілісте  «Қазақстан 
жастарына  патриоттық  тәрбие  беру  ролі:  проблемалары,  келешектері, 
шешу жолдары» тақырыбында өткен дөңгелек үстел аясында. Екі талқылау 
барысында  да  Модель  құрылымы  және  оны  іске  асыру  нәтижелері 
депутаттардың, білім беру қызметкерлерінің қоғамдық жастар ұйымының 
өкілдерінің қолдауы мен қуаттауына ие болды. 2009 жылы 17 қыркүйекте 
Патриоттық  тәрбие  беру  моделі  Болонья  қ.  (Италия)  халықаралық 
конференцияда талқыланды және мамандардың оң бағасына ие болды. 
Осылайша, ҚарМТУ әзірлеген және енгізген Патриоттық тәрбие беру 
моделі 
қажетті 
теориялық 
негіздемелерге 
және 
әдістемелік 
қамсыздандырылуға  ие  бола  отырып,  әлеуметтік  зерттеулер  нәтижесімен 
қатар, студенттердің Университетте өткізілетін қоғамдық-саяси және басқа 
да  шараларға  қатынасының  жақсы  жағына  өзгеруімен  айғақталған  өзінің 
практикалық тиімділігін көрсетті.   
Сонымен  қатар,  әлем  бір  орнында  тұрмайтындығын  ескере  отырып, 
қандай  да  бір  проблемалар  өзектілігін  жоғалтып,  жаңасы  пайда  болады, 
жастар  да,  олардың  әлеуметтену  жағдайлары  да  өзгереді.  Сондықтан 
шексіз,  тіпті,  ең  табысты  және  тиімді  атқарымдарды  патриоттық  тәрбие 


 
беруді ұйымдастыруда пайдалану – бұл тек бір орында тұрмау дегенді ғана 
емес,  өз  ұстанымдарын  қорғауды,  жоғалтуды  да  білдіреді.  Осы  фактіні 
ұғына  отырып,  біз  2012  ж.  жинақталған  тәжірибені  пайдаланып, 
қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше көңіл аудара отырып, 
Патриоттық тәрбие беру моделінің құрылымы мен мазмұнын айтарлықтай 
жаңғырттық. 
2014  ж.  17  қаңтарда  өзінің  Қазақстан  халқына  кезекті  «Қазақстан 
жолы  –  2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  Жолдауында  Елбасы 
Н.Ә.  Назарбаев  Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  қалыптастыру 
проблемасын көкейкесті етті және оның идеялық негізін – «Мәңгілік Елді» 
тұжырымдады.   
Стратегиялық 
міндеттермен 
қатар, 
барлық 
қазақстандықты 
біріктіретін  құндылықтар  жүйесін  терең  талдау  нәтижесінде  біз  Жаңа 
Қазақстандық  Патриотизмді  қалыптастырудың  Кешенді  моделін әзірледік 
және  «Кураторларға  көмек  ретінде»  әдістемелік  материалдарының  7 
жинағынан  тұратын  әдістемелік  қамсыздандыруды  даярлауды  жүзеге 
асырдық.  Бұл  жинақтардың  алғашқысы,  міне,  Сіздің  қолыңызда.  Бұл 
жұмыстың  біздің  ортақ  ісіміз  –  өз  еліміздің  нағыз  патриоттарын 
тәрбиелеуге салмақты үлес болатындығына сенімдімін.  
2015 жылы ҚарМТУ-да инновациялық тәрбие беру саясаты әзірленді, 
оның  мәні  алтыншы  технологиялық  жолға  негізделген,  әлемдік  трендтер 
дамуына  сәйкес  жаңа  формациядағы  бәсекеге  қабілетті  инженерлік 
кадрларды  МИИДБ-2  шеңберіндегі  стратегиялық  міндеттерді  орындау 
барысындағы дайындау болып табылады. 
Инновациялық  тәрбие  беру  саясаты  Тұжырымдамасының  мақсаты: 
техника мен технологияларды дамытудың әлемдік трендттерін, Қазақстан 
өнеркәсібінің  негізгі  салаларын  дамыту  перспективаларын,  техникалық 
білім  беру  саласында  жаңа  заң  базасын  зерттеу;  МИИДБ-2  мемлекеттік 
бағдарламасын,  «100  нақты  қадам:  баршаға  арналған  қазіргі  заманғы 
мемлекет»  Ұлт  жоспары,  Қазақстандық  сәйкестік  пен  бірлікті  нығайту 
және  дамыту  тұжырымдамасы,  Жалпыға  ортақ  Еңбек  Қоғамын 
қалыптастыру  негізінде  болашақ  бәсекеге  қабілетті  инженерлік-
техникалық мамандарды жан-жақты және үйлесімді дамыту.    
Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының міндеттері: 
1.  «Жаңа  Қазақстандық  Патриотизмді  қалыптастыру»  Патриоттық 
тәрбие  беру  моделін  өзектендіру  –  жаңа  ғылыми,  оқу  және  тәрбие  беру 
саясатын  практикалық  жүзеге  асыру,  студент  жастарды  қазіргі  заманғы 
өндіріс талаптарына барынша жақындату мақсатында ғылыми-әдістемелік 
кешен  құрылымы  мен  мазмұнын  (топ  кураторларына  көмек  ретінде 
семестрлік жинақтарды, брошюраларды) жаңарту.      
2. 1-7 семестрге кураторлық сағаттардың Жаңа Күнтізбелік жоспарын 
әзірлеу.    
3. Өзектендірілген патриоттық тәрбие беру моделін тиімді жүзеге асыру. 


 
4. Оқытушылар мен студенттер Патриоттық тәрбие беру моделінде 2-
ші,  3-ші,  4-ші  семестрдің  («Ұлт  тарихы  толқынындағы  ұлы  тұлғалар», 
«Мәдениет, дәстүр және өзіндік ерекшелік», «Өлкетану») бұрын әзірленген  
тақырыптарын өз бетіндік негізінде, факультативті зерттеу. 
5.  Өндірістегі  жетекші  мамандарды  -  оқытушыларды  –  пән 
жүргізушілерді 
және 
тәлімгерлерді 
өндірістен 
дуалды 
оқыту 
жағдайларында  болашақ  мамандарды  даярлау  процесінде  тәрбие  беру 
жұмысын жүргізуге қатыстыру (5 жұмысшы мамандық орталықтары және 
60  өндірістік  учаскелерінің  өнеркәсіптік  компанияларының  оқытып 
шығарушы  кафедра  филиалдары  –  ҚарМТУ  базасындағы  «Корпоративті 
Университет» консорциум мүшелері).  
6.  Студент  жастарға  ең  жақсы  өндірістік  ұжымдар  мен  еңбекші 
әулеттерінің жетістіктерін зерттеу, ҚарМТУ түлектері мен ғалымдарының 
өңірді  инновациялық  дамытуға  нақты  қосқан  үлесі  негізінде  патриоттық 
тәрбие беру.   
Инновациялық тәрбие беру саясаты Тұжырымдамасының шеңберінде 
кураторлық  сағаттың  тақырыптары  қаралды  және  2-ші,  3-ші,  4-ші 
семестрдің  тақырыптары  жаңартылды  (тиісінше  «Әлемдік  даму 
трендтері»,  «Қазақстан  индустриясын  инновациялық  дамыту»  және 
«Көрнекті инженерлердің елімізді индустрияландыруға қосқан үлесі»).  
Инновациялық тәрбие беру саясаты  Тұжырымдамасы 2-ші және 4-ші 
курс  студенттеріне,  көбінесе  «Серпін-2050»  әлеуметтік  жоба  бойынша 
оқитын студенттерге сынақтан өткізіледі. 
 
 
 
 


 
 
Л.М. Тұрлашов, 
ҚР Парламенті Сенатының депутаты 
Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі 
 
 
 
 
 
 
 
СЕНІМДІ ҰШТАЙ ТҮСТІ 
 
Тәуелсіздіктің  туын  көтергенше қазақ халқының қаншама  тауқымет 
шеккенін  тарлан  тарих  жақсы  біледі.  Әрине,  оны  еске  алып,  ежіктей 
бергеннен  енді  ұтарымыз  да  шамалы.  Десек  те,  ширек  ғасыр  аралығында 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 
мүлдем жаңа мемлекет құрғанын және оның керегесі кең, шаңырағы биік 
екенін ерекше мақтанышпен әрдайым еске алып отырғанымыз жөн. 
Қазақстан – киелі, қасиетті, үлкен шаңырақ. Оның астына тағдырдың 
тәлкегімен  төрт  тарапқа  түгелдей  шашырап,  босып  кеткен,  өзге 
мемлекеттерді  паналаған  қандас  бауырларымыз  жиналды.  Олар  ата-
бабасының  кіндік  қаны  тамған  атамекеніне  оралуға  мүмкіндік  алды. 
Сөйтіп,  ортамыз  толды.  Елім  деп  келген  ағайынға  мүмкіндігінше 
әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайлар  жасалды.  Қазір  олардың  алды  бақуатты 
бизнесмендер,  қалталы  азаматтар  қатарынан  саналып  жүр.  Ал  көпұлтты 
еліміздегі  достық  пен  бірлікке  келсек,  бұл  мәселе  де  оң  шешіліп  отыр. 
Қазақ жерінен бақыт тапқан өзге ұлт өкілдері салт-дәстүрін, тілі мен дінін 
сақтап, өнегелі тұрмыс кешуде. 
Біздің елде жасалып жатқан игіліктің бәрі, бәрі – халық үшін. Жақсы, 
жаңа  бастамалар  мен  оң  реформалардың  авторы  –  Президент  Нұрсұлтан 
Назарбаев. Елбасының: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел 
болу  үшін  бізде  бәрі  бар.  Тәуелсіздіктің  туын  желбіретіп,  тұғырын 
нығайтқан  біздің  тарих  алдында  жүзіміз  жарқын!  Біздің  тірегіміз  – 
Тәуелсіздік,  тілегіміз  –  тұрақтылық,  тілегіміз  –  бірлік!  Мен  халқыма 
сенемін»,  деген  сөзін  бүгінгі  күннің  басты  бағдары,  қазақстандықтарға 
жүктелген зор жауапкершілік деп қабылдаған жөн. 
Адам  жақсылыққа  тоймайды.  Шығыс  даналығына  сай,  «Жақсы-
лықты  үнемі  жасап  отыру  қажет»  деген  тәмсілге  сүйенсек,  жақсылық 
жасаған  адамның  да  жақсылығын  ұмытпай,  үнемі  жадында  ұстап,  айтып 
отыру  қажет.  Мұны  айтып  отырғаным,  Қазақстан  Республикасының 
Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  күмән  мен  күдікке  толы  сонау 
жылдардан  бастап,  туған  халқының  тағдырына  қатысты  мәселелерді  жүз 
ойланып,  мың  толғанып  оң  шешімін  табуы  үшін  түн  ұйқысын  төрт 


 
бөлгенін  жақсы  білеміз.  Ол  Қазақстан  халқын  құрайтын  сан  ұлт 
өкілдерінің  өзара  татулығына  арқа  сүйеді.  «Кемедегінің  жаны  бір» 
дегендей,  ұлттар  достығы  деген  сөзді  шегелеп  жеткізді.  Бұл  мәселеге 
байланысты  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  атқарып отырған  жұмысы 
киелі  шаңырақтағы  бірліктің  уығын  бекітіп,  шаңырағын  шаттыққа  бө-
легеніне  күн  сайын  көз  жеткізіп  келеміз.  Елбасы  бұл  мәселеде  де  аса 
көрегендік танытып отыр. 
Міне,  қоғамда  қалыптасқан  бүгінгі  ахуалға  байланысты  Елбасының 
«Қазақстан  жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформалар,  даму» 
халыққа  арнаған  Жолдауында  тың  міндеттерді  алға  тартты.  Халық  оны 
ынта-ықыласпен қабылдады. 
Дағдарыс  төрімізге  шықпаса  да  есігімізді  қағып,  дүрбелеңге  толы 
дүниенің  әрбір  күні  көңілге  алаңдаушылық  әкелді.  Сөйтіп,  санаға  салмақ 
салып  отыр.  Бірден  айту  керек,  Жолдау  көңілдегі  көп  күдікті  сейілтті. 
Алаң  көңілді  орнына  түсірді.  Уақытша  қиындықтарды  жеңетінімізге, 
жүзеге 
асырылып 
жатқан 
түбегейлі 
өзгерістердің 
нәтижесінде 
болашағымыз жарқын болады деген сенімді нығайта түсті. 
Елбасы  мұндай  қиындықтар  қазіргі  әлемдегі  экономикалық 
саясаттың  салдарынан  болып  отырғанын,  дағдарыстың  әлі  де  жаңа 
толқынының келетінін, оған дайын болу керектігін бұған дейін де айтқан. 
Жолдаудағы:  «Сәт  сайын  құбылған  аласапыран  заманға  сай  амал  болуы 
керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де 
заманның  беталысына  қарай  межелерімізді  белгілеп,  жоспарларымызды 
жөндеп отырамыз», деген тұжырымдар ойға оралады. 
Расында,  біз  заман  ағымына  қарай  жоспарларымызға  тиісті 
өзгерістер енгізіп, қандай жағдайға да сақадай-сай болу жайын ойластыра 
бастадық.  Бұған  мұнай  баррелінің  бағасы  30  немесе  20  долларға  дейін 
төмендеген  жағдайға  арнап  жасалған  іс-қимыл  жоспар-нұсқасының 
әзірленгені дәлел бола алады. Тіпті, сондай жағдайдың өзінде, Елбасымыз 
атап өткендей, біз халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды 
жалғастыратын боламыз. 
Жолдауда  көрсетілгендей,  нарықтық  экономика  –  шын  мәніндегі 
күштілердің  бәсекесі.  Сондықтан  да,  замана  көшінен  қалмай,  барлық 
мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қуатты елдердің қатарынан көрінуге, ол 
үшін,  ең  алдымен,  бәсекеге  қабілетті  болуға  ұмтылуымыз  керек.  Нұр-
сұлтан  Әбішұлы  содан кейін  де  «Қазақстанда  жасалған»  әрбір  бұйымның 
сапалы да ыңғайлы, әдемі де арзан болуы қажеттігін ескертті. Сонда ғана 
ісіміз  өнімді,  тауар  өтімді  болатынын  тұжырымдады.  Бұл  –  кәсіпкерлер 
мен  іскер  азаматтарға  берілген  нақты  тапсырма.  Осы  тапсырма  өз 
дәрежесінде  орындалғанда  ғана  бәсекеге  қабілеттілік  жайында  әңгіме 
қозғауға болады. 
Дана халқымызда «Кеңесіп іс басқару – келелі елдің белгісі, Жұмыла 
жұмыс атқару  –  өрелі  елдің белгісі» деген ұтымды бір  нақыл бар.  Құнды 

10 
 
құжаттың  әр  жолы  осындай  келелі  кеңеске,  нақты  тапсырмаға  құрылған. 
Оқи  отырып,  Елбасының  туған  халқының  ертеңіне  деген  алаң  көңілін 
ұғасың.  Мәселен,  Нұрсұлтан  Әбішұлының  алдағы  бірнеше  жылды  ғана 
емес,  әлденеше  онжылдықтарды  ойластырып,  Ұлттық  қор  құрғандығы 
Мемлекет  басшысы  ретіндегі  көрегендігін  көрсетеді.  Аталған  қорда 
жинақталған  қаражаттың  қиын-қыстау  шақта  пайдасы  тиді,  алдағы 
уақытта да көмегі ұшан-теңіз болатыны сөзсіз. Тек ол қаражатты ағымдағы 
шығындарды  жабу  үшін  жұмсай  беруге  болмайды.  Жолдауда  нақ  осы 
мәселенің көтерілгені де өте орынды болды. Елбасы Үкіметке Ұлттық қор-
дағы қаражатты қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын 
әзірлеуді тапсырды. 
Алдына  биік  мақсаттар  қойған  мемлекет  қана  толымды  табыстарға 
қол  жеткізе  алады.  Сол  ақиқатты  негізге  алған  Елбасы  Қазақстанның 
алдына  таяудағы  онжылдықта  жүзеге  асырылатын  күрделі  міндеттер 
қойып  отыр.  Оның  қай-қайсысы  да  жүйелі  жұмыс  жасауды  және  орасан 
күш-жігер  жұмсауды  талап  етеді.  Экономиканың  жыл  сайынғы  өсімін  5 
пайыз  деңгейінде  қамтамасыз  ету,  өңделген  тауарлардың  экспортын  2015 
жылмен  салыстырғанда  кем  дегенде  екі  есе  ұлғайтып,  оны  жылына  30 
миллиард  долларға  дейін  жеткізу,  экономикаға  жыл  сайынғы 
инвестициялардың  көлемін  10  миллиард  доллардан  астамға  ұлғайтып, 
тұтастай  алғанда,  10  жыл  ішінде  кем  дегенде  100  миллиард  долларға 
жеткізу,  660  мыңнан  астам  жаңа  жұмыс  орындарын  құрып,  еңбек 
өнімділігін  екі  еседен  астамға  арттыру  сияқты  ғаламат  жоспарларды 
жүзеге  асыру,  бір  қарағанда,  мүмкін  еместей  көрінеді.  Алайда,  Жолдау 
мәтініне  тереңірек  үңілген  сайын  мұндай  міндеттердің  нақты  есепке, 
ғылыми  негізі  бар  болжамға  құрылғандығына  көзіңіз  жете  түседі.  Бұл 
шаралардың бәрі нақты сипатқа ие, әдеттегіше сенімді қаржыландырумен 
қамтамасыз етілген. Содан кейін де дағдарысты еңсеру, өсу мен өркендеу 
жоспарының орындалатынына шүбәсіз сенесің. 
Жаһандық  ахуал  тек  әртараптандырылған  экономиканың  ғана 
дағдарысқа  қарсы  тұра  алатынын  көрсетті.  Индустрияландыру 
бағдарламасын  жүзеге  асырудағы  мақсат  та  осыған  келіп  тіреледі.  Бұл 
бағытта  жүзеге  асырылып  жатқан  жүйелі  жұмыстар  шикізат  экспортына, 
оның  бағасына  тәуелділіктен  құтылатын  жақсы  күннің  алыс  еместігін 
дәлелдей түседі. Нұрсұлтан Әбішұлының: «Дағдарыстардың бәрі өткінші, 
өтеді  де  кетеді.  Ел  тәуелсіздігі,  ұлт  мұраты,  ұрпақ  болашағы  сияқты 
құндылықтар ғана мәңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз 
жеңе  алатын  бөгеттер.  Біз  көлденең  шыққан  кедергілерге  кідірмей, 
дамыған  30  елдің  қатарына  қосылу  мақсатына  қадам  басамыз»,  деген 
сөздері бұл орайдағы сенімімізді одан әрі ұштай түседі. Түптеп келгенде, 
еліміз дамудың жаңа шептеріне шығып, Елбасымыз айтқандай, жаһандық 
дағдарысты жеңетінімізге кәміл сенеміз. 
«Егемен Қазақстан», 2015, 25 желтоқсан 
 

11 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал