Құрылымдылық компоненттерін анықтайды.[5,96]



жүктеу 74.05 Kb.

Дата01.05.2017
өлшемі74.05 Kb.

 

 

25 



Ғалым  -  педагог  А.А.  Бейсенбаева  тарихи  құбылыс  ретінде  гуманизм  қоғам 

талабына  сай  тың  мазмұнға  ие  болатындығын  көрсетеді.  Сонымен  бірге,ол  тəлім-

тəрбие тарихында гуманизмнің абстрактылы жəне реалды типтеріне де нақты анықтама 

береді. Ал Г. Шолпанқұлова гумандық қарым – қатынас ұғымын анықтай отырып,оның 

құрылымдық  бөліктерін  көрсетіп,оларға  гумандық  қасиеттерді  шынайы,  жалған  жəне 

гумандыққа  жат  қасиеттер  деп  топтастырады.  В.П.  Кəрібжанова  диссертациялық 

жұмысында  сенімділікті,гумандық  сенімділікті  қалыптастыру  мəселелерін  жəне  оның 

құрылымдылық компоненттерін анықтайды.[5,96] 

Сонымен  гумандық  педагогика  баланы  өзіндік  табиғи  ерекшеліктерімен 

қабылдайды.Ол  баладағы  шексіздікті  көреді  жəне  оны  адамзат  игілігі  үшін  өмір  бойы 

қызмет етуге дайындайды. «Əлеуметтік педагогика жəне өзін-өзі тану» мамандығында 

гумандық педагогиканы оқып үйрену бүгінгі күн талабы болмақ.

 

 

 



 

Əдебиет: 

1.

 



Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  жөніндегі  2011-2015  жылдарға  арналған  іс-шаралар 

жоспарын  бекіту  туралы  Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің  2011  жылғы  11  ақпандағы 

№130 қаулысы. 

2.

 

Бабаев  С.Б.,  Оңалбек  Ж.К.  Жалпы  педагогика:  Оқулық.-Алматы:  «NURPRESS»  баспасы, 



2011.-228 бет. 

3.

 



Бабаев С.Б.,Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика:Оқулық.-Алматы: «Заң əдебиеті», 2008.-228 бет. 

4.

 



Байжанова З.Т. Жалпы педагогика: Оқу құралы.-Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008.-168 бет. 

5.

 



Нұрматов  С.  Рухани  құндылықтар  əлемі.  Əлеуметтік  философиялық  талдау.-  Алматы:  ФСИ, 

2000.-180 б. 

6.

 

Арын Е. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. 



7.

 

Амонашвили  Ш.А.  Размышления  о  гуманной  педагогике.  -  М.:  Издательский  дом  Шалвы 



Амонашвили, 2011.-464 с. 

8.

 



Амонашвили Ш.А. лекциялар жинағынан. 

 

 



 

ƏОЖ 130.11(1) 

 

ТІЛ КЕМІСТІГІ – СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ПСИХОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ 

МЕХАНИЗМІНІҢ  БҰЗЫЛУ САЛДАРЫ 

 

Алматова А. -ФК-13-2к2 тобының студенті 

Бахрамова Г.А. - п.ғ.к., доцент 

(М.Əуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент) 

 

 

 

Арнайы  мектептегі  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  логикалық  ойын  жүйелі 

жеткізе  білуге,  бір-бірімен  тікелей  қарым  -  қатынас  жасауға  дағдыландыруда 

ойындардың  ролі  айрықша.  Баланың  ауызша  көбірек  сөйлейтін  кездері  де  айрықша. 

Баланың  сөйлеген  сөзі,  берген  жауаптары  ойын  барысында  байқалып  отырғандықтан, 

оның  тілін  дамытып  қалыптастыруда  өз  ұлтымыздың  ауызекі  шығармаларымыздың 

тигізер ықпалы зор.   

Арнайы мектепте тіл дамыту мақсаты қажетті объективтік мүмкіндіктер болғанда 

ғана жүзеге аспақ. Бүл мүмкіндіктер, біздің пікірімізше, ең алдымен оқыту мазмұнына 

тікелей байланысты. 



 

 

26 



Жас  үрпақты  өзінің  ана  тілінде  еркін,  мүдірмей  сөйлетіп  үйрету  үшін  оқыту 

əдістемесін жетілдіре түсу - бүгінгі күннің аса маңызды мəселесі. 

Тіл кемістігі деп – сөйлеу қабілетінің психофизиологиялық механизмінің бұзылу 

салдарынан  сөйлеушінің  сөйлеу  тілінің  қоршаған  ортаға  тəн  мөлшерден  ауытқуын 

айтамыз.  Қатынас    теориясының  көзқарасында  тіл  кемістігі  ауызша  сөйлеу 

қатынасының бұзылуы болып есептеледі. 



Сонымен

 сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады: 

1.

 



Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді; 

2.

 



Сөйлеушінің жас мөлшеріне сəйкес келмейді; 

3.

 



Оның  ерекшелігіне  байланысты  нақты  логопедиялық  ықпал  жасауды  талап 

етеді; 


4.

 

Баланың одан əрі дамуына жағымсыз əсерін жиі тигізеді; 



5.

 

Тіл білмейтіндік-диалектизм-тіл кемістігі болып саналмайды; 



6.

 

Сөйлеу 



тілінің 

психофизиологиялық 

механизмінің 

ақаулықтарымен 

байланысты. 

Аталған  ерекшеліктер  тіл  кемістіктерінің  айырмашылығын  көрсетеді.  Логопедия 

«сөйлеу  тілінің  жетілмеуі»,  «сөйлеу  тілінің  бұзылуы»,  «тіл  кемістігі»  деген  ұғымдар 

кездеседі. 

Сөйлеу  қабілетінің  немесе  сөйлеу  жүйесінің  құрамдарының  төмен  деңгейде 

қалыптасуы сөйлеу тілінің жетілмеуі деп саналады [8]. 

Сөйлеу  тілі  құрамының  əртүрлі  бөлімдерінің  сөздік  қоры,  грамматикалық 

құрылысының мөлшерден ауытқуы жəне тілдің негізгі функциялары – қарым-қатынас, 

ойлау  қабілеттерін  атқара  алмауы  тіл  кемістіктері  деп  саналады.  Əрине,  ол  ауытқулар 

əрқалай  жəне  əртүрлі  мөлшерде  кездесуі  мүмкін.  Сөйлеуші  кейде  тек  бір  дыбысты 

бұзып  айтуы  немесе  мүлдем  айта  алмауы  мүмкін.  Мысалы,  «қарға-қааға»,  «қарға-

қалға».  Əрине,  мұндай  жағдайда  тіл  өзінің  негізгі  функциясын  жоғалпайды,  дегенмен 

кейбір  жағдайда  ыңғайсыздық  туғызуы  мүмкін.  Жеңіл  тіл  кемістіктері  бар  адамдар 

актер, диктор, мұғалім т.б. мамандықтары бойынша жұмыс істеуіне бөгет келтіреді. Тіл 

кемістіктерінің себебі сыртқы жəне ішкі зияндық факторлардың немесе екеуінің бірдей 

организмге əсер етуі деп түсінеміз. 

Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері 

1.

 



əртүрлі  ішқұрсақ  патологиясы  іштегі  нəрестенің  дамуына  зиянын  тигізеді, 

сөйлеу  тілінің  ең  ауыр  кемістіктері  іштегі  нəрестенің  4  апталық  пен  4  айлық 

аралығындағы  дамуының  бұзылуынан  пайда  болады.  Іштегі  нəрестенің 

дамуының  бұзылуына  анасының  екіқабат  кезіндегі  токсикоз,  вирусты  жəне 

эндокринді  аурулар,  жарақаттар,  резус-фактор  бойынша  сыйымсыздығы  жəне 

басқалар əсер етуі мүмкін; 

2.

 

босану  кезіндегі  жарақаттану  жəне  босану  кезіндегі  асфиксия  (оттегі 



жетіспеуі); 

3.

 



өмірінің алғашқы жылдарындағы əртүрлі аурулар; 

4.

 



бас сүйегінің жарақаттануы; 

5.

 



тұқым қуалаушылық факторлар; 

6.

 



əлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы. 

Жоғарыда  атап  өтілген  себептер  өзгешеліктеріне  қарай  табиғи  жəне 

функционалды болып екі түрге бөлінуі мүмкін. 

Табиғи    себеп  деп  шеттегі  немесе  орталық  бөлімдеріндегі  тіл  механизмдері 

анатомо-физиология  құрылысының  қатты  бұзылуынан  болатын  себепті  айтады. 

Функционалды  себептерге  анатомо-физиология  құрылысы  əдеттегі  күйінше  сақталып, 

тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады. 


 

 

27 



Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі 

топқа бөлуге болады. 

а) табиғи тіл кемістіктері (органикалық); 

б) функционалды тіл кемістіктері. 

Табиғи тіл кемістіктері зақымды жайылтпайтындығына байланысты:  

а) тілдің табиғи бұзылуы орталықтан пайда болуы 

б) тілдің табиғи бұзылуы шеткеріден пайда болуы деп бөлінеді. 

Біріншісіне,  бас  ми  қабығында  орналасқан  тіл  механизмдерінің  орталық 

тарауларының табиғи бұзылуының нəтижесінде пайда болған кемістік жатады. 

Тілдің  табиғи  бұзылуының  орталықтан  пайда  болуына  алалия,  афазия,  сонымен 

бірге тіл мүкістіктернің кейбір түрлері жатады. 

Логопедия  ғылымында  осы  уақытқа  дейін  шешілмей  келе  жатқан  мəселелердің 

бірі-жүйелі  ғылыми  тұрғыдан  тіл  кемістіктерін  топтастыру  (классификация)  болып 

табылады.  Оған  бөгет  болатын  жағдайлар,  біріншіден,  тіл  кемістіктерінің  көптеген 

түрлерінің  кездесуі  жəне  олардың  таза,  нағыз  күйінде  кездеспей,  күрделі  түрде 

кездесуі.  Осының  бəрі  тіл  кемістіктерін  ғылым  жүзінде  дəлелдеп,  топтастыруды 

қиындатады.  Бұның  қиындығы  сонда,  егер  тіл  кемістігінің  бір  түрі  бірнеше 

себептерінің  салдарынан  болса,  керісінше  бір  себептің  салдарынан  тіл  кемістігінің 

бірнеше  түрі  пайда  болуы  мүмкін.  Мысалы,  дыбыс  шығару  кемшілігі  шеттегі  сөйлеу 

мүшелерінің  дұрыс  жұмыс  істемеуінен,  немесе  есту  қабілетінің  бұзылуынан,  жоғарғы  

дəрежедегі  акустикалық  талдау  мен  жинақтау  функцияларының  жетілмеуінен  т.б. 

себептердің əсерінен болуы мүмкін. 

Көп  жылдар  бойы  логопедияда  тіл  кемістіктерін  клиникалық  негізде  топтастыру 

кең  орын  алып  келеді.  (М.Е.  Хватцев,  Ф.А.  Рау,  О.В.Правдина,  С.С.Ляпидевский, 

Б.М.Гришнин  т.б.).  Клиникалық  топтастыру  тіл  кемістіктерінің  себептері  мен 

белгілерінің  негізінде  жасалған.  Бұл  классификация  бойынша  сөйлеудің  түріне 

байланысты  ауызша  жəне  жазбаша  тіл  кемістіктері  болып  екі  топқа  бөлінеді.  Ауызша 

сөйлеу кемістіктерінің екі түрі болады:  

1.

 

Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы; 



2.

 

Сөйлеу  тілінің  құрылымдарын  іштей  жинақтап,  мəнді  түрде  ауызша  жеткізу 



қабілетінің бұзылуы немесе сөйлеу тілінің толық жетілмеуі.  

Тіл кемістіктері жеке түрде немесе басқа тіл кемістіктерімен қисындасып, тіркесіп 

кездесуі мүмкін. 

 

Соған



 байланысты олар логопедияда белгілі терминдермен белгіленеді. 

Алалия  –  бас  ми  қабығындағы  тіл  аймақтарының  (зонасының)  жастайынан 

зақымданудың  əсерінен  баланың  сөйлеу  тілінің  жетілмеуі  немесе  мүлдем  дамымауы. 

Синонимдері: дисфазия, балалар афазиясы, даму афазиясы, мылқау. 

Афазия  –  сөйлеу  тілінің  толық  немесе  жартылай  жойылуы.  Сөйлеу  тілінің 

жойылуы,  жоғалуы.  Ми  қорабының  жарақаттануы,  нейроинфекция,  мидағы  ісіктің 

салдарынан  адам  сөйлеу  қабілетінен  айырылады.  Егер  де  мұндай  бұзылу  үш  жасқа 

дейінгі кезеңде байқалса, зерттеушілер афазия диагнозын қоюға асықпайды. 



Брацилалия  –  сөйлеу  жылдамдығының  қалыптан  тыс  баяулауы.  Синоним: 

брадифазия. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпта, созыңқы шығады. 

Сөйлеу  жеделдеген  кезде  сөз  шапшаң,  екпінді  шығады  да  мұндай  ауытқулар  жеке  тіл 

кемістіктері  деп  есептеліп,  мынандай  терминдермен  аталады:  баттаризм,  парафазия

Шапшаң  сөйлеген  кезде  өздігінен  кідіріп,  мүдіріп,  тоқтап  қалу  –  полтерн  деген 

терминмен белгіленеді. 



Дислалия  –  есту  қабілеті  мен  сөйлеу  мүшелерінің  инвервациясы  дұрыс 

сақталғанда  кездесетін  тіл  дыбыстарының  бұзылып  айтылуы.  Синонимдері:  тіл 

мүкістігі, тіл дыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік. 


 

 

28 



Дизартрия  –  жүйке  тамырларының  сөйлеу  мүшелерінің  жұмысын  толық 

қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетінің бұзылуы Дизартрияның ауыр 

түрі  анартрия  деп  аталады.  Ондай  жағдайда  адам  дыбыс  айту  мүмкіншілігінен 

айырылады. 



(афония)'>Дисфония  (афония)  –  дауыс  шығару  мүшелерінің  қалыптан  тыс  өзгеру 

себептерінен  дыбыс  шығару  қабілетінің  бұзылуы  немесе  мүлдем  айта  алмауы. 

Синонимдері:  дауыстың  бұзылуы,  вокальдың  бұзылуы.  Бұл  кемістіктің  əртүрлі 

белгілері 

болады, 

фоноцияның 

мүлдем 

бұзылуы 


(афония) 

немесе 


дауыс 

шаршағыштығының, оның қырылдап, сырылдап бəсең шығуы (фоностения). 



Ринолалия  –  сөйлеу  мүшелерінің  анатомиялық-функционалдық  кемістіктерінің 

салдарынан  дауыс  əуезділігінің  (тембрінің),  тіл  дыбыстарының  айтылуының  бұзылуы. 

Синонимдері: мұрынан сөйлеу-палатолалия. 

Тұтықпа – сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеудің 

ырғақтығын, 

жылдамдығының 

бұзылуы. 

Синонимдері: 

логоневроз. 

Тұтықпа 

органикалық  немесе  функционалды  болып  келеді,  көбінесе  ол  баланың  тілінің  жедел 

даму кезеңінде пайда болады. 

Сөйлеу  тілі  құрамының  негізгі  бөліктері  дыбыстары,  сөздіктер  жəне 

грамматикалық  құрылысы  болады.  Ауызекі  сөйлеу  тіліне  диалогиялық  жəне 

монологиялық  деген  екі  тұлғасы  кіреді.  Диалогиялық  сөйлеу  тілі  екі  немесе  бірнеше 

əңгімелесушілердің  тікелей  қатысуымен  пайда  болатын  жəне  негізінде  кезектесіп 

сөйлеуден құралатын сөйлеу тілінің ең қарапайым тұлғасы. Монологиялық сөйлеу тілі 

дегеніміз  қағидалы  жүйенің  дəйектілігінпен  бір  кісінің  байланыстыра  баяндауы. 

Моногиялық  сөйлеу  тілінің  ерекшелігі  жүйелікпен  ене  дəлеледеп  сөйлеу,  сөйлемнің 

грамматикалық    құрылысын  безендіре  орналастыру  болады.  Кемістігі  бар  тілде 

диалогиялыққа қарағанда монологиялық сөйлеу тілі көбірек бұзылады. 

Жазбаша  тіл  дегеніміз  сөйлеу  тіліндегі  жинақталған  дыбыстардың  бейнелеуі 

негізінде  графикалық  безендірілуі.  Толық  дамымаған  сөйлеу  тілінде  дағдыдағыдай 

əртүрлі мөлшерде жазудың бұзылуы кезедеседі [12]. 

Сөйлеу тілінің ішкі тұлғалары – бұл үнсіз тіл, адам бір нəрсе туралы ойлап, оған 

жоспар  құрғанда  пайда  болады.  Баланың  ішік  сөйлеу  тілі  негізінде  сыртқы  жəне  ішкі 

құрылыстарының негізігі бір бөлігнің ойлауынан қалыптасады. 

Сыртқы  сөйлеу  тілініен  ішкі  сөйлеу  тіліне  көшуі  баланың  3  жасқа  дейінгі 

шамасында,  өзінің  істеген  əрекеттерін  естірітіп  сөйлеп  жəне  оған  жоспар  жасай 

білетіндігінене байқалады. Ішкі сөйлеу тілінің жəрдемімен ойдың сөзге айналу барысы 

жəне сөз сөйлеуге дайындығы толық грамматикалық құрылыстың монологиялық жəне 

фонетикалық деңгейінде жүзеге асады. 

Тілді  біртіндеп  меңгеруіне  байланысты  баланың  сөйлеу  тілінің  дамуы  бірнеше 

жайды көрсетуі мүмкін. 

Бірінші  жай  –  фонематикалық  есіту  қабілетінің  дамуы  жəне  ана  тілі  фонемасын 

сөйлеуде дағдылануы. 

Екінші жай – сөздік қорын жəне синтаксистік дұрыстығын меңгеру. 

Үшінші жай – сөйлеу тілінің мағыналық жағын игеру. 

Баланың  барлық  сөйлеу  тілі  дамуын  шартты  түрде  үш  кезеңге  бөлуге  болады: 

мектеп жасына дейінгінің алдындағы, мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы. 

Мектеп  жасына  дейінгінің  алдындағы  кезең  шамамен  3  жасқа  дейін  созылады. 

Бұл  кезеңде  сөйлеу  тілін  меңгеруге  есіту  жəне  сөйлеу  аппараттарының  қалыптасуы 

жəне  дайындығы  жүріп  жатады,  оңай  сөздерді  түсіне  бастайды.  Бұл  кезеңде  баланың 

айналасындағы  сөйлеу  ортасы  маңызды  роль  атқарады.  Баламен  неғұрлым  көбірек 

сөйлессе,  оның  сөйлеу  тілі  соғұрлым  тезірек  жəне  жақсырақ  дамиды.  Лисинаның, 

Аксаринаның  зерттеулері  бұл  кезеңде    айналасындағыларымен  қатынасы  болмаған 

баланың сөйлеу тілінің тоқырағаны байқалатындығын дəлелдейді [13]. 



 

 

29 



Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  сөйлеу  тілі  өте-мөте  қарқынды  дамиды.  Бала  екі 

жастан бастап енжар жəне белсенді сөздіктерді тез жинайды, дыбыстарды айтуды жəне 

грамматикалық  құрылымдағы  сөйлемдерді  меңгереді.  Баланың  белсенді  сөздігі  жыл 

сайын көбейеді. Жасының екінші жылының соңында шамамен 300 сөзге дейін,  3 жасқа 

қараған шағында 1000 сөзді, 5-6 жасқа келгенде шамамен 3000 сөзді меңгереді. 

Бала  ең  алдымен  дұрыс  айтуға  оңай  жеңіл  дыбыстарды  –  дауысты  жəне  ерінді, 

ерінді – тіс аралық дауыссыз п,б,м,ф,в,т,б дыбыстарды меңгереді. Ауыр жолмен пайда 

болатын  ысқырып  естілетін  дыбыстарды,  сонымен  бірге  Р-Л  дыбыстарын  айту  өте 

қиынға түседі. Бала бұл дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Сондықтан ол оларды кейде 

нашар  ажыратады.  Оның  себебі,  баланың  фонематикалық  есту  қабілеті  əлі  жеткілікті 

дамымағандығы.  Мектепке  барар  алдында  баланың  тілінде  мүкістік  болмау  керек, 

əйтпесе мүкістіктер баланың сауатын ашуға кедергісін тигізеді. 

Сөйлеу  тілінің  бай  тəрбиесінің  барысында  бала  мектепке  барар  алдында  тілдің 

негізгі грамматикалық заңдылығын да меңгереді. Ол сөйлемді дұрыс құрастырады жəне 

өз  ойын  білгірлікпен  сөйлейді.  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  алғашқы  сөйлемдерді 

грамматикалық үйлесімінің жеңілдігімен көзге түседі. Мектеп жасына дейінгі баланың 

сөйлеу тілі дамуының іргесі қаланады, сондықтан бұл жастағы сөйлеу тіліне ересектер 

жағынан  ерекше  қамқорлық  жасайтын  сабақ  болу  керек.  Дəл  уақытында  ескеріп  жəне 

жою  үшін  сөйлеу  тілінің  əр  кезеңдегі  бұзылуының  себептері  қандай  болуы  мүмкін 

екендігін тəрбиеші мен мұғалімге білудің өте зор маңызы бар [14]. 

Көбінесе  сөйлеу  тілінің  бұзылуы  мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  пайда  болады. 

Бұл бір жағынан сөйлеу тілінің қарқынмен дамуы болса, екінші жағынан баланың нерв 

жүйелерінің  жəне  сөйлеу  тілінің  механизмі  қалыптасуы  əлі  толық  аяқталмағандықтан 

болады.  Сондықтан  сөйлеу  тілінің  дертке  шалдығуын  сыртқы  күштердің  қандайынан 

болса  да  қолайсыз  себебі  жеткілікті.  Бұл  кезеңде  дислалия,  тұтықпа,  сөйлеу  тілі 

дамуының кешеуілдеу өте жиі байқалуы мүмкін.  

Сөйлеу  тілі  бұзылуының  көпшілігін  алдын-ала  ескертуге  болады.  Ол  үшін 

баланың  жалпы  тірлігінің  жəне  сөйлеу  тілінің  тəртібі,  əртүрлі  сырқаттардың 

асқындырмауын,  оның  сөйлеу  тілінің  дамуына  қамқорлық  жасауын,  сөйлеу  тілінің 

бұзылуына  əкеліп  соғатындай  шамадан  артық  салмақ  салмауын  қадағалау  қажет.  Ана 

мен  баланың  денсаулығын  қорғау  жəне  логопедтің  тіл  кемістігінен  алдын-ала 

сақтандыру шараларын ұйымдастырудың да зор маңызы бар. 

 

 

 



Əдебиет:  

1.

 



Аханов Қ. А. Тіл білімінің негіздері. Алматы 2000, 4 баспасы 67-73 б. 

2.

 



Баймұратова Б.Б. Мектепте оқушылардың тілін дамыту туралы  методикалық құрал. - Алматы. 

1990 ж. 


3.

 

Баймұратова  Б.Б.  Оқушылардың  тілін    дамыту    типтері    программадағы  нұсқау.  -  Алматы.  



1994 ж. 

4.

 



Бародич Б.Қ.Оқушылардың    тілін  дамыту методикасы. - А., 2001 ж. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал