Рыңа жетіңдер! деп әрі танысып, әрі бізге батасын да берген еді



жүктеу 26.45 Kb.

Дата10.03.2017
өлшемі26.45 Kb.

рыңа жетіңдер! - деп әрі танысып, әрі бізге 

батасын да берген еді. 

Әңгімелесіп отырып, елдің жағдайын 

да сұрап қояды. Апай өзін де таныстырып 

жатты. Өзінің балалық шағы, білім алған 

қ

аласы Мәскеу болса да, атамекені Қара-



ғанды облысы, Ақтоғай ауданындағы «Қа-

ратал» кеңшарында әкесі Әлихан Нұр-

мұханбетұлы 1866 жылы дүниеге келгенін 

және ол кісінің саяси  қоғамдық жұмыспен 

айналысқанын айтып өтті. Петерборда 

орман техникалық институтын тәмамдап, 

орыс және  қазақ басылымдарында,  қа-

зақтың мұң-мұқтажын үзбей жазып 

отырғанын, Ресей Думасына депутат бо-

лып та сайланғанын айтқан еді. Алаш пар-

тиясын  ұйымдастырып, оған басшылық 

етті, «Алаштың Әлиханы» деген атаққа ие 

болды. 1922 жылдан бастап Әлекең 

ОГПУ-дың үнемі бақылауында болып, бір-

неше рет түрмеге қамалады. Оның ең соң-

ғысы 1930 жыл болса керек, - деді апай. 

Біраз ойланып отырып апай: 

- Папам КСРО Жоғарғы сот үкімімен 

27 қыркүйек 1937 жылы ату жазасына бұ-

йырылды, - деп күрсініп те  қойды. 

Кабинетінде тағы бір кездескенінде Ли-

за апай соғыстан майор шенінде орал-

ғанын, сол жылдардағы бай тәжірибесін 

қ

орытындылай кандидаттық диссертация 



қ

орғағанын, бүгінде доцент екенін де айт-

ты. Лиза Әлиханқызы Смағұл Садуақа-

ТАНЫМ 


Қ

азақтың тарихи тұлғаларың, оның ішінде таяуда ғана 90 жылдығын 

атап өткен Алаш күрескерлерін  қанша жазса да көптік етпес. 

Мен осыдан жарты ғасыр бұрын Әлихан Бөкейхановтың  қызы 

Елизавета Әлиханқызымен кездескен едім. Апамызбен бір партия 

ұ

йымында есепте тұрып, талай жиналыстарда бірге болып, 

апамыздың ақыл-кеңестерін тыңдап, көмегін де көрдік. 

Оларды басқару, олардың 

көңілінен шығу Лиза апайға 

оңайға түспейтін. Көптеген 

бюро отырыстарында, жал-

пы жиналыстарда  ұрыс-ке-

ріс, дау-далабаның куәсі 

болдық. Сондай кездерде 

партия мүшесі ретінде Ели-

завета Әлиханқызын  қол-



Елизавета ӘЛИХАНҚЫЗЫ туралы әңгіме 

Бұл 1959 жылы болатын.  Қазақстан-

нан көптеген  қыз-жігіттер аспирантура, 

ординатура деп Мәскеуге аттандық. Ера-

лы, Задаш деген жолдастарыммен бірге 

орталық дәрігерлік білім жетілдіру инсти-

тутына барып экзамен тапсырып, аспи-

рантураға  қабылдандық. Енді партиялық 

есепке тұру үшін институттың партбюро-

сына кірдік. Есігінде: «Партбюро хатшы-

сы - Садуақасова Елизавета Алиханов-

на» деп жазылған тақтайша тұр екен. 

Ойыма бұл кісінің бұрын-соңды оқыған ғы-

лыми еңбектері түсе  қалды. Бұл ғалым 

Мәскеудің дәрігерлік институтын тәмам-

дап, Ұлы Отан соғысында алғашқы күннен 

бастап соғыстың соңына дейін майдан-

ның алдыңғы шебінде дәрігер болып, да-

лалық госпитальдарды басқарып, талай 

жараланған жауынгерлерді өлім аузынан 

алып  қалғанын сырттай білуші едік. Ели-

завета Әлихан қызының өзінің бай тәжіри-

бесін бөлісіп, бірнеше монография етіп 

жазған «Соғыс уақытындағы госпиталь-

дық жұмыстарды  ұйымдастыру тәжірибе-

сі» деген еңбегін  Қарсақбайда жүріп та-

лай оқып, күнделікті тәжірибемде тиімді 

жерін  қолданатынмын. 

Институт тек Одақтың ғана емес, бү-

кіл дүниежүзі бойынша ең ірі оқу орны са-

налатын. Оның партбюросында есепте 

тұратын коммунистер саны 350 адам, 

оның көбі профессор мен академиктер. 

совқа тұрмысқа шыққан, одан Ескендір 

деген  ұлы болған. Смағұл Садуақасов та 

халық жауы атанып, отыз жетінші жылдың 

құ

рбаны болды. Лиза апай не әкенің, не 



күйеуінің, не баланың  қызығын көре ал-

маған қиын заманда өмір сүрді. Бала әке-

сіз, анасыз өсті.  Қазақ халқының  қамын 

жеген Әлихан атамыз сүйген жары Елена 

Яковлевнаның, жалғыз сүйікті қызы Лиза-

ның, немересі Ескендірдің  қызығын көре 

алмай кетті. Ол заман тек Бөкейхановтың 

отбасына туған  қаралы күн болған жоқ, 

ол бүкіл  қазақ зиялыларының басынан 

кешкен зарлы жылдары еді. Жазықсыз 

жапа шеккен Әлихан Нұрмұханбетұлы тек 

1989 жылы 52 жылдан соң ғана ақталды. 

Жүсіпбек Аймауытовтың Әлиханға 

арналған сөзінде: «Қараңғыда қанжылап, 

қ

аңғырған күнде басыңды  қазақ жолына 



құ

рбан  қылған ағамыз, асқар беліміз! 

Өміріңде жүрген жолың біздей інілеріңізге 

жағып қойған шамшырақ!» деген екен. Біз 

де осыған  қосыламыз. 

Өмірбек МҰҚАНҰЛЫ. 

Суреттерде: 1. Елизавета Әлихан-

қ

ызы  ұлы Ескендір Смағұлұлымен 

бірге. 

2. Көрнекті қазақ саяси қайраткері 

Смағұл Садуақасов зайыбы Елизаве-

та Әлиханқызы Бөкейханова-Садуа-

қ

асовамен бірге. Орынбор, 1924 жыл 

дап, өз үнімізді естіртіп те 

жүрдік. Апамыз алғашқы күн-

нен бастап-ақ бізді бауыры-

на басып, өзіне тартып, 

ақыл-кеңесін аямады. Мез-

гіл-мезгіл Лиза апай кезек 

күттірмей кабинетіне шақы-

рып алып, жағдайымызды, 

оқу барысымызды біліп оты-

ратың қажет болса, кафедра 

меңгерушісімен сөйлесіп, 

жерлестеріне  қажет көмек 

беруді ескертіп отырушы еді. 

Аспиранттардың барлығына 

бірдей емес, жерлес ініле-

ріне Елизавета Әлиханқы-

зының бүйрегі бұрып тұра-

тынын біз әр уақытта сезіп 

жүрдік. Алғашқы кездесуде 

кабинет есігін  қағып, парт-

бюро хатшысының кабине-

тіне есепке тұруға үш аспи-

рант бірге кірдік. Есеп кар-

точкаларымызбен таныс-

қ

аннан кейін алай: 



-  Қандай тамаша, менің 

жерлес інілерім келіп  қалып-

ты. Жолдарың болсың үлкен 

ғалым болып, осы оқу орда-

сынан  қанаттарыңды  қатай-

тып, елге деген арманда-



Сарыарқа. - 2009. - 17 сәуір (№ 42). - 7 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал