Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, баптау, айыру, ажырату, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т б [7]



жүктеу 33.22 Kb.
бет1/5
Дата11.11.2022
өлшемі33.22 Kb.
#23749
  1   2   3   4   5
неологизм
өнімді өнімсіз

Қазақ тілі жалғамалы тіл болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі қазақ тілінде негізгі тәсілдердің бірі боп саналады.
Бұл тәсіл арқылы туынды сөз жасау үшін екі тілдік бірлік қатысуы керек: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2)сөзжасамдық жұрнақ. Зерттеу нысанына сәйкес алынған мысалдар мен терминологиялық сөздіктен алынған атаулар техника саласының терминдерінің де көбісінің синтетикалық тәсіл арқылы жасалатынына көз жеткізеді. 
Қазақ тіліндегі терминологияның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан А. Байтұрсынұлының енгізген көптеген терминдері тұйық етістік – қимыл атау (есім) тұлғасында келеді: аңдау, әсірелеу, көріктеу т.б. Біздің қарастыратын радиотехника, байланыс салаларының терминологиясының өнімді тәсілдерінің бірі ретінде дәл осы әдіс көрініс беруде десек еш қателеспейміз. Бұған прибор жасау саласында оқытылатын оқулықтарда кездесетін мысалды молынан келтіруге болады: Реттеу, дәлдеу, туралау, жаймалау, бұрмалану, бүркеу, бейнелеу, жаңғырту, баптау, айыру, ажырату, қоспа жалату, тұйықталу, ауытқу, дәнекерлеу, перделеу, пішімдеу, сәулелену, тармақтау, қанығу, тіркеу, тыну, хабарларды жалғау т.б. [7].
Қазіргі терминжасамда ең өнімді тәсіл ретінде көзге түсіп жүрген жұрнақтар: –м, -ым, ім. Бұлар мынадай атауларда кездеседі: айналым, орам, өлшем, құрылым, созылым, көрсетім (индикация) т.б.
Сонымен қатар, техника саласында бастауыш, баяндауыш терминдерінің үлгісімен жасалған терминдер де баршылық. Мысалы: Жалғауыш, пішіндеуіш, орауыш, санауыш, дыбысқармауыш, есептеуіш, торуылдауыш, құрауыш, кодалауыш, іздеуіш, қадауыш, нысаналауыш, өлшеуіш, хабарлауыш т. б.
Нақты біз қарастыратын сала терминдерінің жасалуының ең өнімді әдісі ретінде тұйық етістіктен жасалған түрін атасақ, одан кейінгі өнімді тәсілі:-қыш, кіш, ғыш, гіш жұрнақтары арқылы жасалуы: түрлендіргіш, таратқыш, дыбыс тұмшалағыш, дірілдеткіш, бөлгіш, тұрақтандырғыш, түзеткіш, жіктегіш, іріктегіш, бәсеңдеткіш, шектегіш, көрсеткіш, ағытқыш, қосқыш, шалаөткізгіш, реттегіш, тежегіш, үдеткіш т.б. 
Сол сияқты -ма, -ме,-ба, -бе, -па, -пе тұлғалы терминдер де кездесіп отырады:

жүктеу 33.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет