Ретінде жалғастырушы деңгей



жүктеу 63.36 Kb.

бет1/10
Дата25.02.2017
өлшемі63.36 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚ ТІЛІ – ШЕТ ТІЛІ 
РЕТІНДЕ
Жалғастырушы деңгей
2-кітап
ГҮЛБАҒИЗА МҰСАЕВА

УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
М 85
ISBN: 978-601-7504-17-5 
Пікір жазғандар:
Ж.Ә. Нұршайықова – филология ғылымдарының докторы, профессор
О.С. Жұбаева – филология ғылымдарының докторы
М 85  Мұсаева Г. 
Қазақ тілі – шет тілі ретінде. Жалғастырушы деңгей. Оқу құралы. 2-кітап. – Астана: 
Ш.Шаяхметов  атындағы  тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орта-
лығы, 2015 – 140 бет.
ISBN: 978-601-7504-17-5
Жалғастырушы деңгейге арналған бұл оқу құралы базалық деңгейде қалыптасқан тілдік 
дағдыларды  одан  әрі  дамытып,  түрлі  тақырып  аясында  тілдік  қарым-қатынас  құзырет 
қалыптастыруға  арналған.  Әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени  салалар  бойынша 
таңдап алынған тілдік материал және оны меңгеруге қажетті күрделі тілдік құрылымдар тіл 
меңгерушінің сөздік қорын көбейтіп, өз ойын еркін, жоғары деңгейде жеткізуге үйретеді. 
Оқу құралы қазақ тілін терең меңгеріп, еркін сөйлеп үйренемін деуші барлық азаматтардың 
базалық білімін одан әрі дамыта алады.   
© Мұсаева Г., 2015
© Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді
  дамытудың республикалық үйлестіру-
  әдістемелік орталығы, 2015
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша 
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 
2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында шығарылды

3
Алғы сөз
АЛҒЫ СӨЗ
  Қазақ тілінің бұл оқулығы қазақ тілін екінші немесе шет тілі ретінде меңгерудің 
базалық – А2 деңгейіне және В1 деңгейінің бастапқы кезеңіне арналып жазылған.  
Оқулықтың мақсаты – арнайы берілген тақырыптар аясында тіл меңгерушінің қазақ 
тілінде тілдік қарым-қатынас құзыретін қалыптастыру.
Тілді  үйренуші  бұл  бөлімде  оқулықтың  базалық  деңгейінде  қалыптастырған 
білімдерін одан әрі дамыта отырып, тілдік құзыреттің жаңа деңгейіне көтеріле алады.  
Оқулық  әлеуметтік-тұрмыстық,  әлеуметтік-мәдени  салалар  бойынша  қарым-
қатынасқа қажетті лексикалық тақырыппен, оған қажетті грамматикалық материалмен, 
лингвистикалық прагматикаға негізделген жаттығулар жүйесімен қамтамасыз етілген. 
Жаңа материалды ұсыну әдісі бірінші кітапта қалыптасқан әдіспен ұштастырылған. 
Грамматикалық материал функционалдық тұрғыдан іріктеліп сабақтардың тақырыбына  
бекітілген.  Бұл  тіл  меңгерушінің  бір  деңгейден  екінші  деңгейге  еш  ауыртпалықсыз 
өтуіне ықпал етеді. 
Оқулықта бірінші кітапта аса мұқияттылықпен сұрыпталған лексика-грамматикалық 
материал барынша кеңейтіліп, толықтырылып беріліп, күрделі тілдік құрылымдарды 
– салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді меңгерту көзделген. Баяндау, сипаттау, 
пайымдау  түрінде  берілген  мәтіндермен,  диалогтармен  құрылған  жұмыс  түрлері 
арқылы  сөйлеу  әрекетінің  бүкіл  аспектісі  (тыңдалым,  жазылым,  оқылым,  сөйлесім) 
қатар дамып отырады.
Бірінші және екінші кітапта  «Оқыңыз, қызық! Қазақ елі қандай ел?» атты айдармен 
өз бетімен оқу үшін берілген мәтіндердің көмегімен қазақ тілін үйренуші азаматтың 
қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері, әдебиеті туралы танымдық көзқарасы 
қалыптасып,  сол  арқылы  үйреніп  отырған  тіл  табиғатын  тереңірек  түсінуіне  жол 
ашылады деп ойлаймыз.  
Бұл кітаптың сөздік қоры 1000-ға жуық сөз бен сөз тіркесін құрайды.
Оқулық қазақ тілін жалғастырып, тереңдетіп оқу үшін ұсынылады.
Іске сәт!
Автор.

4
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
ОҚУЛЫҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 
САБАҚ
ЛЕКСИКАЛЫҚ
ТАҚЫРЫП
ИНТЕНЦИЯ
 КОММУНИКАТИВТІК 
ДАҒДЫ
ГРАММАТИКА
ЕЛТАНУ
(өз бетімен оқу)
1-САБАҚ
КІМ БҰРЫН НЕ 
ІСТЕЙТІН?
БАЛАЛЫҚ ШАҚ 
ЖӘНЕ ӨНЕР
•  Белгілі  бір  өткен  уақыт 
ішінде  қайталанып  отыр- 
ған,  дағдылы іс-әрекет ту-
ралы әңгімелесу.
•  Іс-әрекеттің  болашақта 
орындалу немесе орындал-
мауын болжалдап айта алу.
•  Айтылған 
ұсыныспен 
келісу.
•  Ұсыныстан бас тарту.
•  Есімше 
формалы 
етістік.
•  Дағдылы өткен шақ: 
-атын/-етін/-йтын/-
йтін; 
•  Болжалды 
келер 
шақ:  -ар/-ер/-р,  -ар/-
ер/-р шығар.
•  Нәрсенің, 
заттың 
сындық 
қасиетін 
білдіретін 
есімше: 
оқыған/оқитын кітап.
•  Заттанып  зат  есім 
орнына  жұмсалатын 
есімше:  көргеніме  қу-
аныштымын.
Қазақтың қол- 
өнері.
2-САБАҚ 
КІМ НЕ ДЕП  
АЙТТЫ?
АУЫЗ  
ӘДЕБИЕТІ
•  Автор  сөзі  мен  төл  сөзді 
қолдана білу.
•  Мәліметті,  хабарды  екін-
ші адамға жеткізе білу.
•  Іс-әрекетке өз көзқарасын 
білдіре алу.
•  Төл  сөз  бен  төлеу 
сөздің жасалуы.
•  Төл  сөздің  тыныс 
белгісі.
•  Деу  көмекші  етісті-
гінің қолданылуы.
•  Төлеу сөздің жасалу 
жолдары.
Жыл  басына  та-
ласқан  жануар-
лар (ертегі).
3-САБАҚ
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
ОРЫНДАЛУЫ.
ҚАЗАҚ ТІЛІ
•  Орындаушының  іс-әре-
кетке  қатысын  ажырата 
білу.
•  Іс-әрекеттің  орындаушы-
сы белгісіз және аса маңыз- 
ды  емес,  тек  істелген/істе-
летін әрекетті көрсете білу: 
кітап жазылды. Ән айты-
лады.
•  Іс-әрекеттің тек орындау- 
шыға  қатысын  білдіру
жуыну, киіну.
•  Іс-әрекеттің  басқа  орын-
даушылардың  қатысымен 
орындалуын  жеткізе  білу: 
жазғызу, оқыту.
•  Бірнеше  орындаушы  бір-
ге әрекет етуін білдіре алу: 
жинасу, апарысу
•  Айтылған ойды растау.
•  Айтылған  ойды  жоққа 
шығару.
• Іс-әрекеттің іс істеу- 
шіге  қатысты  орын- 
далуы. Етіс категория- 
сы.
• ырықсыз етіс;
өзгелік етіс;
• өздік етіс;
• ортақ етіс.
Қазақ тілі.

5
Оқулықтық әдістемелік картасы
4-САБАҚ
ЕСІМДІКТЕРДІ 
ҚАЛАЙ  
ҚОЛДАНАМЫЗ?
•  БАЙЛЫҚ ПЕН 
АҚЫЛ. КИНО.
•  Есімдіктерді  мағынасына 
қарай дұрыс қолдана білу:
•  сілтеу,  нұсқау,  көрсету 
мағыналарын білдіре алу;
•  жауап  алу  мақсатында 
сұрақтар  қоя  білу/оған  жа- 
уап бере білу;
•  «өз»  деген  сөзді  дұрыс 
қолдана білу;
•  жалпылау, 
жинақтау 
мағынасын білдіре алу;
•  затты,  нәрсені  жорамал-
дап айта білу;
•  Е с і м д і к т е р д і ң 
мағыналық топтары:

 жіктеу есімдігі;

 сілтеу есімдігі;

 жалпылау есімдігі;

 өздік есімдігі;

 белгісіздік есімдігі;

 б о л ы м с ы з д ы қ 
есімдігі;

 сұрау есімдігі.
•  «Қыз  Жібек» 
фильмін түсіру.
5-САБАҚ
САНДАРДЫ ҚА-
ЛАЙ ҚОЛДАНА-
МЫЗ?
•  ЭКОНОМИКА 
ЖӘНЕ САНДАР.
•  Сандық  мағынаны  біл-
діретін сөздерді дұрыс қол-
дана білу:
•  заттың,  нәрсенің  нақты 
санын айта білу;
•  заттың,  нәрсенің  рет  са-
нын сұрау және айту;
•  заттың,  нәрсенің  санын 
жинақтап білдіре алу;
•  заттың,  нәрсенің  санын 
болжап,  тұспалдап  айта 
білу;
•  заттың,  нәрсенің  санын 
топтап айта білу;
•  бөлшектік мағынаны біл-
діре алу.
•  Заттың,  нәрсенің  мөл-
шерін білдіретін басқа сөз-
дерді  қолдана  білу:  біраз, 
бірнеше, т.б.
•  Сан 
есімдігінің 
мағыналық топтары:

 есептік сан есім;

 реттік сан есім;

 жинақтық сан есім;

 болжалдық сан есім;

 топтау сан есім;

 бөлшектік сан есім.
•  Мөлшер үстеу.
•  Сандар  сөй-
лейді.
6-САБАҚ
СУБЪЕКТ. ПРЕ-
ДИКАТ. 
• ҚАЗАҚСТАН.  •  Сөйлемдегі ойдың, іс-әре-
кеттің  иесін  дұрыс  білдіре 
алу;
•  Сөйлемдегі 
іс-әрекетті 
дұрыс білдіре алу.
•  Сөйлемнің  баста-
уышы  мен  баянада-
уышының 
жасалу 
жолдары:
•  Предикативтік  қа-
тынас.
Қ а з а қ с т а н 
халқы.
7-САБАҚ
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
МЕЗГІЛІ.
• УАҚЫТ.
•  Іс-әрекеттің қашан болға-
нын/болатынын/болып жат- 
қанын дұрыс білдіре алу.
•  Мезгіл үстеулер.
•  Іс-әрекеттің 
мез-
гілін  білдіретін  грам-
матикалық формалар.
•  Мезгіл 
бағы-
ныңқылы 
сабақтас 
құрмалас сөйлем.
Уақыт  туралы 
өсиет.
8-САБАҚ 
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
МЕКЕНІ МЕН 
БАҒЫТЫ.
• АДАМГЕР-
ШІЛІК –  
ЖАҚСЫ  
ҚАСИЕТ.
•  Іс-әрекеттің  қайда,  қай 
жерде болғанын дұрыс біл-
діре алу.
•  Іс-әрекеттің бағытын көр-
сете алу. 
• Мекен үстеулер.
• Іс-әрекеттің мекенін, 
бағытын 
білдіретін 
грамматикалық  фор-
малар. 
Қар  барысы  – 
Алматы  симво-
лы.
9-САБАҚ 
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
СЕБЕБІ МЕН 
САЛДАРЫН БІЛ-
ДІРУ.
ҰЯДА НЕ  
КӨРСЕҢ, 
ҰШҚАНДА 
СОНЫ ІЛЕРСІҢ.
•  Іс-әрекеттің  себебі  мен 
салдарын  дұрыс  білдіре 
алу.
• Мекен үстеулер.
•  Себеп-салдар  сала-
лас құрмалас сөйлем.
• Себеп бағыныңқылы 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлем. 
Жеті ата туралы.

6
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
10-САБАҚ
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
МАҚСАТЫ.
БІЗДІҢ МАҚСА-
ТЫМЫЗ.
•  Іс-әрекеттің 
мақсатын 
дұрыс білдіре алу.
• Мақсат үстеулер.
•  Мақсат  бағыныңқы- 
лы сабақтас сөйлем.
Менің әкем.
11-САБАҚ 
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ 
АМАЛЫН  
БІЛДІРУ. 
АДАМ ЖӘНЕ 
ТАБИҒАТ.
•  Іс-әрекеттің  орындалу 
амалын дұрыс білдіре алу. 
•  Қимыл-сын  үстеу-
лер.
•  Қимыл-сын  бағы-
ныңқылы 
сабақтас 
құрмалас сөйлем.
Өрттен  құтқа-
рушы иттер.
12-САБАҚ  
ҚАРСЫ ЖӘНЕ 
САЛЫСТЫРМА-
ЛЫ МАҒЫНА.
• ҚАЗАҚ 
ХАЛҚЫНЫҢ 
САЛТ-ДӘСТҮРІ.
•  Қарсылықты салалас құр-
малас сөйлем.
•  Қарсылықты 
бағы-
ныңқылы  сабақтас  құрма-
лас сөйлем.
•  Салыстырмалы  мағына-
ны білдіре алу.
• Қарсылықты салалас 
құрмалас сөйлем.
• Қарсы бағыныңқылы 
сабақтас 
құрмалас 
сөйлем.
Қазақ халқы.

7
1-сабақ
1-САБАҚ
КІМ БҰРЫН НЕ ІСТЕЙТІН?
 
1. Оқыңыз. Аударыңыз.
  
Мен бала кезімде атаммен шахмат 
ойнайтынмын, ал қазір әкеммен ойнаймын.    
Болашақта мүмкін өз баламмен шахмат ойнармын.
1. Тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз. 
Мен ойнайтынмын 
Біз ойнайтынбыз
Сен ойнайтынсың 
Сендер ойнайтынсыңдар 
Сіз ойнайтынсыз
Сіздер ойнайтынсыздар 
Ол ойнайтын
Олар ойнайтын

8
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
Мен ойнамайтынмын 
Біз ойнамайтынбыз
Сен ойнамайтынсың 
Сендер ойнамайтынсыңдар 
Сіз ойнамайтынсыз
Сіздер ойнамайтынсыздар 
Ол ойнамайтын
Олар ойнамайтын
2. Жазыңыз.
ойнау 
бару 
таласу
шұғылдану 
оқу 
қолдау
айналысу 
пайдалану 
келісу
жаттығу  
қолдану 
жасау 
3. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Мен бұрын саяхатқа жиі бар... , қазір бос уақытым аз. Қазақ халқы бұрын Наурыз 
мерекесінде  көп  ұлттық  ойындар  ойна....  .  Сіз  бала  кезіңізде  спорттың  қай  түрімен 
шұғылдан.... ? Менің досым бұрын тауға барып демалғанды ұнат.... .. , қазір бос уақыты 
болса,  боулинг  ойнайды.  Біз  бала  кезімізде  асық  ойна...  .  Біздің  ауылда  шеберлер 
күмістен сырға, сақина жаса..., ал ағаш ұсталары сандық, түрлі ыдыс-аяқ жаса... .
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: – Сіз коньки тебе аласыз ба?
– Мен бұрын коньки тебе алатынмын, қазір білмеймін, (тебе алмаймын).
– Сіз шаңғы тебе аласыз ба? 
– Сен испанша сөйлейсің бе?
– ... 
– ...
– Сіз ән айта аласыз ба? 
– Сіз күйсандықта ойнай аласыз ба?
– ... 
– ...
– Сен билей аласың ба? 
– Сен дәмді торт пісіре аласың ба?
– ... 
– ...
5. Олар бұрын не істей алатын?

9
1-сабақ
6. Мәтінді оқып, аударыңыз. Етістіктің қолданылуын түсіндіріңіз.
...
Біз бала кезімізде көрші балалармен жақсы дос болдық. Біз бірге көп ойнайтынбыз. 
Көбінесе асық пен доп ойнайтынбыз. Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық 
ойнау үшін әр балада 5-6 асық болу керек. Асық ойнағанда ылғи жасы үлкен балалар 
көп жеңетін. Ал футбол ойнағанда, жасы үлкендеу балалар мен жасы кішілеу балалар 
аралас команда құрып ойнайтынбыз. Қыздар асық ойнамайтын. Олармен анда-санда 
волейбол мен баскетбол да ойнайтынбыз. Әдетте кішкентай қыздар қуыршақ ойнап, 
үлкендеу қыздар велосипед тебетін. 
Жазда таңғы ас ішкеннен кейін, ауылдың жанындағы өзенге барып шомылатынбыз. 
Өзеннің  жағасында  күні  бойы  болатынбыз.  Суға  түсіп,  жағада  күнге  қыздырынып, 
күн батқанша жүретінбіз. Кешке шаршап үйге келіп, ұйықтап қалатынбыз. Ал қыста, 
көбінесе шанамен сырғанайтынбыз. Қатты суық болғанда коньки де тебетінбіз. Міне, 
осылай, балалық шағымыз қызықты өтетін. 
Қазір ол достарымның бәрі әртүрлі университеттерде оқиды. Болашақта кейбіреулері 
өнер саласының, кейбіреулері экономика саласының маманы болғысы келеді, ал бір-
екі досым әдебиетші болмақ. Бәрі өте жақсы азамат болып өсті.
Ал қазіргі балалар, меніңше, көп уақытын компьютер алдында өткізеді. Ол дұрыс 
деп ойламаймын. Бір-бірімен көп араласпайды, бірге ойнамайды, бір-бірімен бетпе-
бет сөйлеспей, тек телефонмен түрлі хабарламалар арқылы сөйлеседі. Кейде кіммен 
сөйлесіп отырғандарын да білмейді. Менің ойымша, бұл да дұрыс емес. 

10
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
1. Тапсырма. 
• Мәтінге ат қойыңыз.
• Мәтіннің мазмұнын айтып көріңіз.
• Өзіңіздің балалық шағыңыз қалай өтті, сіз көбінесе не істейтінсіз, айтыңыз.
•  Қазір  бала  кезіңіздегі  достарыңыз  не  істеп  жүргенін  айтыңыз.  Олардың  бала 
кезіндегі армандары орындалды ма? Бала кезінде олардың неге қабілеті бар еді? Олар 
нені жақсы істей алатын? 
2. Тапсырма. 
•  Мәтін  бойынша  диалог  құрастырып  жазыңыз.  Жаңа  грамматиканы  пайдаланып 
сұрақ қойып үйреніңіз.
1. Өз ойыңызды айтыңыз. 

 Сіз ертең (кейін, болашақта, келесі аптада...) не істейсіз? / не істемексіз? Қандай 
жоспарыңыз бар?
2. Тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз.
Мен баратын шығармын/ 
 барармын 
Біз баратын шығармыз/барармыз 
Сен баратын шығарсың/ 
 барарсың 
Сендер баратын шығарсыңдар/барарсыңдар 
Сіз баратын шығарсыз/ 
 барарсыз 
Сіздер баратын шығарсыздар/барарсыздар 
Ол баратын шығар/барар 
Олар баратын шығар/барар 
Мен (мүмкін) бармаймын/ 
бармаспын 
Біз (мүмкін) бармаймыз/бармаспыз
Сен (мүмкін) бармайсың/ 
бармассың
Сендер (мүмкін) бармайсыңдар/ 
 бармассыңдар
Сіз (мүмкін) бармайсыз/бармассыз Сіздер (мүмкін) бармайсыздар/ 
 бармассыздар 
Ол (мүмкін) бармайды/бармас
Олар (мүмкін) бармайды/бармас
3. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Мен  жазда  қолым  бос  болса,  мүмкін  өнер  мұражайына  бар....  .  Ол  егер  бүгін 
концерт болса, мүмкін концерт көр.... . Менің жазған мақалам жақсы болса, мүмкін 

11
1-сабақ
конференцияға  қатыс...  ...  .  Әке-шешем  бұрын  Бурабайға  барып  демалатын,  енді 
мүмкін Өскеменге барып демал... . Біз оқуымызды аяқтағаннан кейін бір-бірімізбен 
хабарласып тұр... шығармыз. 
Астана қаласы болашақта, мүмкін, әлемдегі үлкен қалалардың бірі бол... шығар. Ал 
Қазақстан экономикасы мықты елдердің бір бол... . 
4. Сұрақтарға жауап беріңіз.
– Жексенбі күні Шымбұлаққа барамыз ба?
– Иә, уақытымыз болса, мүмкін, ...
– Ресейге билетті пойызға аласың ба, ұшаққа аласың ба?
– Егер пойызға билет болса, мүмкін, пойызға ....
– Сіздерді жексенбі күні кешке қонаққа шақырғым келеді. Келе аласыздар ма? 
– Көп рақмет, егер жұмысымызды бітіре алсақ, мүмкін, ...
– Келесі жылы не істемексіз? Қандай жоспарыңыз бар?
– Келесі жылы, мүмкін, тағы бір жыл қазақ тілін .... Маған қазақша өте жақсы білу 
керек.
5. Диалогты оқыңыз. Грамматикаға көңіл аударыңыз.

12
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
6. Тапсырма.

 Диалогты рөлге бөліп айтыңыздар.

 Диалогтың мазмұнын айтыңыз.
 ГРАММАТИКА
(ылғи және болашақта
 Кім не істейді? 
Не істейтін / (қай) кім/не? 
Студенттер университетте оқиды. 
Университетте оқитын студенттер.
Астрономдар жұлдыздарды зерттейді. 
Жұлдыздарды зерттейтін астрономдар. 
(бұрын)
Кім не істеді? 
Не істеген /(қай) кім/не?
Шығарма жазылды. 
Жазылған шығарма.
Мен кітап оқыдым. 
Мен оқыған кітап.
1) Ылғи, әрқашан, үнемі.
Жұмыс істейтін адам, оқитын студент, қазақша сөйлейтін адам, түркі тілін білетін 
адам, Қазақстанда тұратын халық, жыл санайтын кесте, дайындалатын сабақтар;
2) Болашақта.
Жазатын шығарма, оқитын кітап, дайындайтын тапсырма, істейтін жұмыс, баратын 
жер, үйренетін тіл, сөйлесетін сөз, келетін адам, айтылатын ән, оқылатын сабақ; 
3) Бұрын, өткенде.
Оқыған  кітап,  үйренген  тіл,  көрген  фильм,  барған  жер,  айтқан  сөз,  зерттелген 
тақырып, жазылған кітап, жасалған сырға. 
1. Оқыңыз, аударыңыз, сұрақ қойыңыз.
Университетте  оқитын  студенттер  сурет  көрмесіне  барды.  Алматыда  тұратын 
адамдар  ауа  райының  өзгеруіне  үйренген.  Футбол  ойнайтын  балалар  стадионға 
жиналды. Ертең істейтін жұмыстарым көп. Бұл ауылда домбыра тарта алмайтын 
бала аз. 
Концертке  жақсы  дайындалған  студенттер  бірінші  орын  алады.  Түркістанға 

13
1-сабақ
бір рет барған адам оны ешқашан ұмытпайды. Жылқының қылынан ескен арқан 
мықты болады. Жыл басына таласқан жануарлар.
2. Үлгі бойынша сөйлем жазыңыз. 
Үлгі: 
1) Студенттер Қазақстанға келеді. Олар қазақ тілін үйрене алады.
Қазақстанға келетін студенттер қазақ тілін үйрене алады. 
2) Балалар үйірмеге қатысты. Олар сурет салады.
Үйірмеге қатысқан балалар сурет салады. 
1) Мен жазда саяхатқа барамын. Бұл саяхатым сәтті болар деп ойлаймын.
Мен қонақтарға дәмді салат дайындаймын. Оларға ұнайтын шығар.
Сиырдың сүтінен дәмді құрт-май жасайды.
Жатақханадағы студенттер шетелден келген. Біз олармен сөйлесіп тұрамыз.
Бақшаға гүлдер отырғызамыз. Оларды дайындап қойдық.
2) Дүкеннен көп азық-түлік алдық. Оларды тоңазытқышқа салып қойдық.
Кеше әдемі қызыл раушан гүлдерін таңдап алдым. Оларды анамның туған күніне 
сыйлаймын.
Алаңға халық жиналып, Наурыз тойын тойлады.
Досымыз жақсы ұсыныс айтты. Сол бойынша табиғатқа демалуға шықтық.
Әжелер ою ояды. Оюларда табиғаттың түрлі бейнелері бар. 
3. Сөз тіркестерімен сөйлем ойлап құраңыздар.
Үйреніп  жатқан  тіл,  оқитын  кітап,  ойылған  ою,  істейтін  жұмыс,  тұратын  халық, 
жасалған сақина, көрген фильм, білетін адам, салынған сурет, айтатын ән, сөйлесетін 
жағдай, шешетін мәселе.
4. Мәтінді оқыңыз. Жаңа грамматикаға көңіл аударыңыз.
Әбілхан Қастеев
(1904-1973)
  Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі суретшісі, қазақ
бейнелеу  өнерінің  негізін  салушы.  Туып-өскен  жері  – 
Алматы облысы Жаркент қаласының жанындағы Шежін 
ауылы.
1929-1931 жылдары Алматы қаласында, ал 1934-1937 
жылдары Мәскеудің көркем студиясында оқиды. 
  Әбілхан  сегіз  жасынан  бастап  байлардың  қозысын 
баққан.  Қозы  бағып  жүргенде  тасқа  табиғаттың,  жан-
жануарлардың суретін салатын. Әртүрлі тастардан сырға, сақина, моншақ жасайтын. 
Анасына  қазақша  ою  оюға  көмектесетін.  Осылай  бала  кезінен  қолын  сурет  өнеріне 
жаттықтырған. 

14
Қазақ тілі – шет тілі ретінде
  Әбілханның жасаған заттары мен салған суреттері ауыл адамдарына қатты ұнайды. 
Оны «суретші бала» деп атайды. 
Қастеев  –  туындылары  қымбатқа  бағаланатын  суретші.  Бұған  мысал  ретінде 
суретшінің 1965 жылы салған «Пейзаж» атты картинасы аукционда 413 мың долларға 
бағаланған. Оның 400-ге жуық салған суреті бар. Ол суреттер туған жерінде, Алматыда 
мұражайларда сақтаулы тұр. 
4. Тапсырма. 

 Әбілхан Қастеев кім?

 Ол бала кезінде не істейтін?

 Ол қандай суретші?
5.  Бұл қашан салынған суреттер және қалай аталады?
 Түрксіб, 1969 ж.  
Амангелді сарбаздары, 1970 ж. 
1. Тапсырма. 
СӨЙЛЕСЕЙІК!

 Мына суреттегі адамдардар туралы қысқаша әңгіме құраңыздар. Жас кезінде, бала 
кезінде қандай болған, не істеген деп ойлайсыздар?
Абылай хан (1711-1781) – қазақтың ханы. Батыр, қолбасшы.
Бала кезінде түйе бағады. 
Жас кезінде Бөгенбай батырмен бірге соғыстарға қатысады. 
Бүкіл қазақ халқының басын қосады. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал