Республикасының Ұлттық банкі



жүктеу 20.42 Kb.

Дата18.02.2017
өлшемі20.42 Kb.

 

 

 



 

 

 



                                                                      

ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 

ҰЛТТЫҚ БАНКІ 

                                                                                                 № 65 БАСПАСӨЗ   РЕЛИЗІ   

 

 



 

Т.Г. Шевченконың  200 жылдығына  арналған 

ескерткіш монеталарды 

айналысқа шығару туралы 

 

 

2014 жылғы 12 қыркүйек                         



                               Алматы 

 

 



           Қазақстан 

Республикасының 

Ұлттық 

Банкі 


2014 

жылғы 


12 

қыркүйектен  бастап      номиналдық  құны  500  теңгелік,  «рroоf»  сапалы 

күмістен  және  номиналдық  құны  50  теңгелік  нейзильбер  қоспасынан  Т.Г. 

Шевченконың  200  жылдығына  арналған  ескерткіш  монеталарды  айналысқа 

шығару туралы хабарлайды.  

Күміс  монета  мен  нейзильбер  қоспасынан  жасалған  монетаның  бет 

және сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монетадағы 

бейне жылтыр бетке салынған. 

 

                   



                    

 

 



                    

                      

 

 

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде украин және 



қазақ 

ою-өрнектерінен 

жасалған 

ою-өрнек 

аясында 

Қазақстан 

Республикасының  елтаңбасы  бейнеленген.  Төменгі  бөлігінде  монетаның 


номиналын  білдіретін  сан  (күміс  монетада  «500»,  нейзильбер  қоспасынан 

жасалған  монетада  «50»)  және  «ТЕҢГЕ»  деген  жазу  бар.  Сол  және  оң  жақ 

бөлігінде  ұлттық  ою-өрнек  элементі  бір  деңгейде  бейнеленген.  Айналдыра 

мемлекеттік  тілде  «ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ»  және  орыс  тілінде 

«РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек. 

Монеталардың  сырт  жағында  (реверсінде)  Т.Г.  Шевченконың  бейнесі 

және  екі  украиндық  ою-өрнек  бөлігі  орналастырылған.  Жоғарғы  бөлік  орыс 

тілінде  «ТАРАС  ШЕВЧЕНКО»  деген  және  мемлекеттік  және  украин 

тілдерінде  «200  ЖЫЛ/РОКIВ»  деген  екі  жазуды  бөліп  тұр.  Монетаның 

жоғарғы  бөлігінде  соғылған  жылын  білдіретін  «2014»  деген  сан  және  күміс 

монетада  монета  дайындалған  металды,  оның  сынамын  және  массасын 

білдіретін «Ag 925 31,1g» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек. 

          Монеталардың  бет  және  сырт  жағындағы  бейнелер  мен  жазбалар 

бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. 

Монеталар: 

1)  925  сынамды  күмістен  жасалған,  массасы  –  31,1  грамм,  диаметрі  – 

38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана

2)  «нейзильбер»  қоспасынан  жасалған,  диаметрі  –  31  мм,  массасы  – 

11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана 

Номиналдық  құны 500  теңгелік және  50  теңгелік  ескерткіш  монеталар 

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің 

барлық  түрлері  бойынша,  сондай-ақ  банк  шоттарына  есептеу  үшін  және 

аудару  үшін  қабылдануға  міндетті,  Қазақстан  Республикасының  барлық 

банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады. 

Ескерткіш  монеталарды  «Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің 

Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. 

Монеталардың  дизайны  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2003 

жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – 

ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына 

сәйкес әзірленген. 

«Proof»  сапасымен  жасалған  ескерткіш  монеталар  коллекциялық  құны 

бойынша  сатуға  арналған.  Олар  кәдесыйлық  ораумен  шығарылады  және 

Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  мемлекеттік,  орыс  және  ағылшын 

тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. 

Нейзильбер  қоспасынан  жасалған  ескерткіш  монеталардың  әр  түрінің 

алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы 

пластикалық термовакуумды орауға салынған. 

Монеталарды  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  барлық 

филиалдарында,  сондай-ақ  ҚРҰБ-ның  www.nationalbank.kz    сайтының 

«Ұлттық  валюта»  парақшасындағы  интернет-дүкен  арқылы  сатып  алуға 

болады.  Алматы  қаласында  мына  мекенжай  бойынша    сатып  алуға  болады: 

Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны + (727) 273-83-98. 

 

Толығырақ ақпаратты мына телефондар бойынша алуға болады: +7 (727) 270-46-39, +7 



(727) 2 704 585; +7 (727) 330 24 97, e-mail: press@nationalbank.kz, www.nationalbank.kz. 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал