Республиканский журнал «Достық-Дружба»



жүктеу 0.67 Mb.

бет7/8
Дата04.02.2017
өлшемі0.67 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Газеттеріңіз бар, басқа мәдени мекемелер бар ма?

52

Әрине, Ассамблея жер жыртпайды, егін екпейді, өнім шығармайды, оның жұмысын 

материалдық тұрғыда көрсету өте қиын. Алайда, нәтиже бар, ол біздің бейбіт және 

келісімде тұрғанымыз емес пе?!

ТҰЛҒА 


Роман

КИМ


депутат

Айталық, мен бірде-бір рет пионер лагерінде болған емеспін, 18 жасқа 

дейін туған күнімізді атап өткен жоқпыз. Анамыз ауылдағы кішкентай, 

нәзік әйел болғанмен, төрт баласын да жетілдіре білді, бәрінің де 

жоғары білім алуына бар күшін салды. Сол кезде бау-бақша өсіруге жер 

сұрап едік, бізге таудың басынан, өнім аз беретін жерден он сотық жер 

берді. Одан артық бермейді. Ал қазір кейбіреулерге таңғалам, жерді 

гектарлап беріп, «өз отбасың үшін жұмыс жасап, табыс тап» десе, еңбек 

еткілері келмейді, бәрі де қашан берер екен деп жұмыссыздарға беретін 

жәрдемақыны күтеді. Осы дұрыс па?

Мен бір қалаға іссапармен барғанымда, 41 жастағы бір әйел 

қабылдауыма келді. Көмектесуімді сұрады. Сегіз баласы бар екен. Сосын 

мен оның тұратын пәтерін барып көрдім. Үйдің ауласы мен кіреберісі 

адам айтқысыз лас, әр жерде қоқыстар шашылып жатыр. Балаларының 

үлкені 18-де. Әр балаға 1700-1800 теңгеден берілетін жәрдемақыны күтіп 

отыр. Оның аз екенін айтады. Әрине, өмір сүруге ол жеткіліксіз. Ешкім 

жұмыс істемейді. Қазіргі заманда өздері де тырбанып тірлік жасамай ма? 

Үйін не ауласын әкімшіліктен біреу келіп қоқыстардан тазартып бере ме? 

Ең болмаса, өсіп келе жатқан балаларын тұрған жерлерін таза ұстауға 

үйретпей ме?! Тек мемлекет берсе екен деген көзқарастан арылатын кез 

келді ғой деп ойлаймын.

1999 жылы ауданда істеп жүргенімде, маған келіп «Роман Ухенұлы, 

біз – жұмыссызбыз, биржада тіркеліп тұрмыз» дегендер болды. Мен: «Сіз 

неге жұмыссызбын дейсіз? Су бар, топырақ бар, жер бар, бәрі бар. Егер 

мүгедек болсаңыз, түсінікті. Өзіңіз неге жұмыс істемейсіз?» деп сұрақ 

қойдым. Адамдардың санасын жаман үйретіп алдық-ау деймін. Ешкім де 

күннің астында жұмыс істегісі келмейді. Мені біреулер осы сөзіме бола, 

сынға алар, мейлі, бірақ шындығы сол.

Сіз ата-бабаңыздың дәстүрі бойынша диханшы немесе көкөніс 

өсіруші де болмай, мал дәрігері маманы болып шықтыңыз. Неге бұл 

мамандықты таңдадыңыз?

Мен қалайда мал дәрігері болайын деп армандаған жоқпын. Ауыл 

мектебін бітіріп, бізге жақын жердегі ең үлкен қала – Алматыға келдік. 

Қасымда немере інім болды, ол техникумға түсті, мені әскерге алып 

кетуі керек еді, оған үлгірмеді. Біз уақытша Абай даңғылына жақын 

Корей театры бар, жұмыс 

істеп тұр. Салт-дәстүрімізді 

сақтадық, ол біз үшін киелі. Бірақ 

біз ассимилияцияға түсіп кеттік. 

Мысалы, мен кәріс тілін түсінемін. 

Өз басым ана тілімізді білуіміз 

керек деп есептеймін. Ол үшін 

тілді қолданатын орта керек. 

Мәселен, қазір жастар оқуда не 

қызметте қолданылмайтын болса, 

олар оны үйренбейді, мәжбүрлей 

алмайсың. 

«Тілі жоғалса, халық та 

жоғалады» деп жиі айтады. 

Ең бастысы, өз атажұртында 

сақталса, ол жоғалмайды ғой. 

Мысалы, шетелде тұратын 

біздер білмейтін шығармыз, 

бірақ өз Отанында тұратын 70 

миллион кәріс бар, сондықтан 

алаңдайтын ештеңе жоқ! 

Оңтүстік Кореяға барғанда 

«Сіздер тілді білмейсіңдер» деп 

кінәлаған кезде, мен: «Егер біздің 

балаларымыз кәріс тілін үйренсін 

десеңіздер, жағдай жасаңыздар, 

өздеріңе тартып, жұмыс орнын 

ашыңыздар. Ірі жобалар бойынша 

осында үлкен компаниялар 

ашсаңыздар, Кореядан мамандар 

алып келудің қаншалықты 

қажеті бар, біздің балаларды 

оқытыңыздар. Сонда біздің 

балалар да кәріс тілін үйренеді»,– 

деп айтқан едім. Шынымен де, 

жаңадан кореялық компаниялар 

ашылса, оның экономикалық та, 

мәдени жағынан да пайдасы көп 

болар еді.



Бау-бақша өсіруге 

кішкентайыңыздан бейім 

болдыңыз ба?

Өмір мені ерте есейтті. 

Әкем қайтыс болып, анам төрт 

баласымен қалды. Ол кезде 

қазіргідей әлеуметтік көмек 

көрсетілмейтін, өте қатал заман 

еді, керісінше «күйеуің өлді ме, 

төрт балаң бар ма, өзің бағып, 

өзің өсір» дегендей, ешкім көмек 

бермейтін. Сондықтан мен 10 

жастан бастап күріштікте және 

пияз алқабында жұмыс істедім. 

Біз кәдімгідей табыс таптық. 

53

№6

 / 2013



жерде тұрдық. Алматы мал дәрігерлік институтында тәртіп бар, ауыл 

балаларына басымдық беріледі деп естідім. Содан сол оқу орнына түсіп 

кеттім. Кейбір адамдар «Сен бір жылдай оқисың да, тастап кетесің» 

деп еді. Жоқ, маған оқу орнындағы ізгі ниеттестік қарым-қатынас 

ұнады. Ұстаздары да білікті болды, өзім сияқты ауылдан келген жігіттер 

де өзара сыйласа білді. Сол кездің жағдайымен қарағанда, 65-70 сом 

көлемінде өте жақсы стипендия төлеп тұрды. Сонымен қатар жазғы-күзгі 

демалыстарда механикалық отрядтарда жұмыс істеп, бір маусымда 300-

400 сом ақша таптық. 

Сізге өз мамандығыңыз бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік болды 

ма?

Иә, оның өзінде алыстағы ауылда, Талдықорған облысының Гвардия 

ауданында еңбек еттім. Одан соң Алматы қаласындағы ет консервілеу 

комбинатында ветеринарлық-санитарлық бақылау саласында қызмет 

жасадым. Кейін мені Дайындау министрлігіне сапа бөлімінің бастығы 

қызметіне шақырды.

Мәжілісте өткен бір Үкімет сағатында Сіз Ауыл шаруашылығы 

министріне «Еліміздің бас мал дәрігері қайда?» деп сұрақ қойғаныңыз 

есімізде. 

Иә, өйткені біздің ветеринарлық қызметіміз немен айналысатыны 

белгісіз. Телераналар елдің әр өңірінен алуан түрлі мал аурулары 

анықталғаны, соған орай сиырларды өлтіріп, өртеп жатқанын көрсетті. 

Академик Константин Скрябин «Медицина адамды, ал ветеринария 

адамзатты емдейді» деп тегін айтпаған ғой.

Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздік туралы дабыл қағатын кез келді. 

Мысалы, біз қазір ет және ет өнімдерін, колбасаны сатып алып, жеп 

отырмыз. Бұрын мал ең алыстағы ауылдан бастап тексеруден өткен соң, 

мал сойылатын жерге жіберілетін еді. Барлық жерде бақылау болды. 

Айталық, мен жұмыс жасаған ет комбинатында 150-ден астам мал 

дәрігері болды! Малдың әрбір ішкі органын лупамен қарадық десем, 

артық болмас. Ал қазір ветеринарлық анықтаманы сатып алады. Тіпті 

соңғы жылдары шетелге ет шығара алмай отырмыз. Керісінше көрші 

елдер арқылы Индиядан өгіздің етін әкеліп жатқаны туралы да мәлімет 

естідім.


Мысалы, бізде бруцеллез, туберкулез, лептоспироз сияқты малдың 

жұқпалы аурулары бар. Енді оған қоса, шетелден мыңдаған мал әкелініп 

жатыр. Олар өте қатаң бақылаудан өтіп жатыр ма?! Өте қымбат бағаға 

асыл тұқымды малмен бірге бұрын бізде болмаған, шетелдік ауруды 

да әкеліп жатырмыз емес пе? Мысалы, Шмаленберг вирусы табылған 

малдардың көзі жойылды. Малды қалай өртегенін теледидардан 

көрсетіп жатыр. Терең ор қазып, малды соған аударып, үстінен жанармай 

құйып, от қойды. Бір кесек кәуапты да отқа 15 минуттай ұстап тұрасың 

ғой. Ал малдың тұтас еті әлгіндей әдіспен түгел жанып кеткенін қашан 

көрдіңіз? Әрине, қалғанын көміп тастайтыны белгілі. Ал вирустардың 

бәрі қалады. Бір күндері оны қасқыр не шибөрілер қазып, жердің бетіне 

шығарса, ауру таралып кетері сөзсіз. Арнайы мал қорымы болуы тиіс. 

Осыдан 120 жылдай бұрын қарасан ауруы шыққан малдарды көмген 

мал қорымдары бар. Міне, саған биобомба! Дұшпаның болса, оған 

Калашников автоматын арқалап жүрудің қажеті жоқ, су қоймасын 

жұқпалы аурумен ластаса болды, халық қырылып қалады. Тіпті жауды 

жіберсең де, біз өзімізге жасап жатқандай қастандықты ойлап таппайтын 

шығар деп таңғалам. Адамдар өз елінде тұрып жатпаған сияқты көрінеді. 

Бұған қалай көз жұмып қарауға болады?!

Алдағы уақытта ДСҰ-ға кіргелі тұрмыз. Осы орайда, «Өзге елдердің 



54

Екі рет депутаттық сауал жолдадым, шығарып салма жауаптар алдым. Ауыл 

шаруашылығы саласында жүрген азаматтар Мәжілістің Аграрлық комитетіне мүше 

депутаттарды пайдаланып, елге қажетті мәселелерді шешуге атсалысуы қажет еді ғой.

ТҰЛҒА 


Роман

КИМ


депутат

Сіз бір депутаттық сауалыңызда малдың құрама азығын дайындау 

туралы мәселе көтердіңіз. Қандай жауап алдыңыз?

Мен құрама азық өндірісін қайтадан жаңғырту керек дедім. Соған 

орай қанша мал азығы дайындалғаны, жайылым жерлері бөлінгені 

туралы жауап алдым. Мен толық мөлшерлі құрама азық өндірісі туралы 

айтып тұрмын ғой. Біз кезінде малға және тауыққа беру үшін 4 млн 

тоннадай құрама азықты дайындаушы едік. Оның ішінде малға қажетті 

дәрумендер, микроэлементтер, майлар, протеин болады. Соның 

арқасында кезінде мал және құс шаруашылығы қарқынды дамыды. 

Толық мөлшерлі құрама азық өндірісін жолға қоймай, ешқандай нәтижеге 

жете алмаймыз. Шетелден асыл тұқымды малды әкелеміз, ол алғашқы 

жылдары сүт, ет өнімін жақсы берер, ал одан кейін құнарлы азық 

болмаған соң, жоғары өнімділігін жоя бастайды. Асыл тұқымды малды 

әкелмес бұрын әуелі құнарлы азық базасын құру керек. Біз бұл жерде де 

арбаны аттың алдына қойып тұрмыз.

Өңірлерге шыққанда құрама азықты дайындайтын зауыт бар ма 

десем, маған кәдімгі мал азығын араластыратын қондырғыны көрсетеді.



Сіздің қандай ұсынысыңыз бар?

Мен Оңтүстік Кореядан жаңа технология бойынша жасалған жылыжайға 

арналған қазіргі заманғы құрал-жабдықтар алып келдім. Ол қысты күндері 

далада 36 градус суық болса да, жылыжай ішінде 20 градус жылылықты 

ұстап тұрады. Оған жылу жүйесі қосылмайды. Тек күннің жарығы жеткілікті. 

Семинар өткізіп едім, бірде-бір әкімдіктен, ауыл шаруашылығы саласынан 

ешкімді келтіре алмадым. Біз ауа райының қатал, желді, аязды жағдайында 

тексеріп көру үшін жаңа технологиялық жылыжайды әдейі Үштөбеге 

орнаттық. Біз оны барлық жерде орнатуға болатынын көрсеткіміз келді.

ауыл шаруашылығы өнімін 

өндірушілерімен қалай бәсекеге 

түсе аламыз? Қандай шарттар 

бойынша? Қандай жетістікке 

қол жеткіздік?» деген сұрақтар 

туындайды. Ол бәсекеде кім күшті, 

кім тәжірибелі болса, сол жеңеді.

Сондай-ақ ветеринарлық 

лаборатория жетіспейді, көптеген 

өңірлерде аумағы өте үлкен 

ветлаборатория салынған, оған 

кеткен шығын қаладағы қымбат 

үйлерді салуға жұмсалған 

қаражаттай болып шыққан. Қазір 

ветеринарлық-санитарлық салада 

мамандар жетіспейді, жастар 

бұл мамандық бойынша жұмыс 

істегісі келмейді. 

 Осы мәселелерді көтеріп, екі 

рет депутаттық сауал жолдадым, 

шығарып салма жауаптар алдым. 

Ауыл шаруашылығы саласында 

жүрген азаматтар Мәжілістің 

Аграрлық комитетіне мүше 

депутаттарды пайдаланып, елге 

қажетті мәселелерді шешуге 

атсалысуы қажет еді ғой. 



55

№6

 / 2013



Жалпы, азық-түлікті, басқа да қажетті өнімді өндіруде біз жан-

жақты қарамаймыз. Бәрі де мал шаруашылығымен айналысуды 

жөн көреді. Алайда, тұрғындар тек малдың етін жей бермейді ғой. 

Арасында балық жегісі келетіндер де, теңіз өнімдерін қалайтындар 

да бар. Терісі бағалы аңдарды өсіруге де мән берген жөн. Оңтүстік 

Кореядан кез келген технологияны алдыруға болады. Ол елде үлкен бір 

сала аң шаруашылығымен айналысады, арнайы зерттеу институттары 

бар. Аумағы үлкен ғимараттарда бірнеше тонна балық өсіріп жатыр. 

Сондай өнімдер шығаруға арналған жаңа технологияларды елімізде де 

енгізу керек. Тауарды сырттан тасымай, өзімізде өндірсек, ол да елдің 

экономикасына қызмет етеді әрі кәсіпкерлікті дамытады.

Құмды, шөлайтты жерде орналасқан Израиль сүтті мал шаруашылығы 

бойынша көшбасында тұрғанын білгенімде, таңғалдым. Сүтті сиыр ұстау 

үшін шабындық алқабы, жайылым болуы керек қой?

Соның бәріне жаңа технология бойынша қол жеткізіп отыр. Тағы бір 

мысал. Ірі супермаркеттер мен мейрамханаларға көкөніс Израильден 

келетінін білесіз бе? Өйткені біз уақтылы қамтамасыз ете алмайды 

екенбіз. Көкөніс бүгін бар, ертең жоқ болып шықса, дүкен күтіп отыра 

ма? Сондықтан олар 10 теңге болса да, біздің өнімді алмай, 100 

теңгеден шетелден алып отыр. Олар: «Жыл бойы күн сайын сапалы, 

талапқа сай әрі қорапқа салынған күйінде көкөніспен қамтамасыз етіп 

тұрса, біздің өнімді алар едік»,– дейді. Ал Израиль ол талапты орындап 

отыр.

Кеңес өкіметі кезіндегі кейбір жақсы істерді қалыпқа келтірген жөн. Ол 



кезде даярлау кеңселері болды. Егер өз малыңды сойсаң, оның терісін 

алып, көшеде не жолда тұрмаушы едің. Өйткені тері қабылап алушы адам 

ертең келіп алып кететінін білесің. Сол секілді пияз ексең де, күзде қанша 

килоға өткізетініңді білетін едің. 

Нақты жұмыс жасап жатқан шаруалардың ісіне серпін беру қажет. 

Егер бір адам мал өсіріп жатыр ма, оның малын күзде килограмын бір 

мың теңгеден сатып алатынын білуі тиіс. Ол сонда соңғы ақшасын салса 

да, малдың құрама азығын да өзі табады. Ал қазір шаруа мал өсірсе, 

етін қайда өткізерін білмей, қор болады. Екі араға делдалдар кіріседі. 

Сөйтіп, базарға жеткенше бір бас малдың етінен он делдал пайда 

табады.

56

Нақты жұмыс жасап жатқан шаруалардың ісіне серпін беру қажет. Егер бір адам мал 

өсіріп жатыр ма, оның малын күзде килограмын бір мың теңгеден сатып алатынын білуі 

тиіс. Ол сонда соңғы ақшасын салса да, малдың құрама азығын да өзі табады.

ТҰЛҒА 


Роман

КИМ


депутат

Роман Ухенұлы, кейде сауда 

орталықтары мен базарлардың 

сыртында, бұрыштарда 

автокөлікпен әкеліп, малдың 

тұтас етін сатып жатады. Әрине 

біршама арзан. «Бұл қайдан 

әкелінген мал, ауру емес пе, 

рұқсат қағаздарың бар ма?» 

десең, Қарағанды, Семей, 

Қарқаралыдан алып келгенін 

айтып, мөр соғылған қағаздарын 

көрсетеді. Алайын ба, алмайын 

ба деп ойланып тұрғаның. 

Осындай жағдай барлық қалада 

бар емес пе?

Иә. Бірақ малдың ауруымен 

ойнауға болмайды! Әрине үйдегі 

өз малыңды қорықпай соя 

беруіңе болады. Ал білмейтін 

жерден ет алуға кеңес бермеймін. 

Мысалы, колбаса – ет өнімі. 

Менің бір досым: «Егер бір кило 

ет сүйегімен 1200-1500 теңге 

тұрғанда, колбаса қалайша 500-

600 не 800 теңге болады?» деп 

сұрақ қойғаны бар. Шынымен де, 

цехта ет қайта өңдеуден өтеді

қажетті қоспалар қосылады, 

пеште ысталады, осынша 

процестен өткенде, колбаса 

қалайша еттен арзан болып 

отыр? 500 теңгелік колбасаға 

тек еттің дәмін ғана қосатын 

шығар. Ал егер бәсекеге қабілетті, 

адамдардың бәрі ұнатып жейтін 

таза еттен жасалған колбаса 

жасасаң, оның бағасы 2500 теңге 

болмай ма? Ондай бағаға тағы 

ешкім алмайды.

Сізде саяжай не бау-

бақша өсіретін жер телімі 

бар ма? Бүгінгі таңда өсімдік 

шаруашылығымен айналысуға 

мүмкіндік туа бермейтін шығар?

Саяжайым да, жеке үйім де 

бар. Бірақ көкөніс өсірумен күн 

сайын айналысуың керек қой, 

оған уақыт жете бермейді. Бір 

жолы кішкентай немерем екеуміз 

үйдің ауласында үш метрдей 

жерді өңдеп, қопсытып, жиегін 

қоршап, шалғам (редиска) ектік. 

Немерем «Ол өсіп шыға ма?» деп 

сұрайды. «Сен көбірек су құйып 

тұрсаң, өседі»,– дедім. Жер құнарлы болған соң, шалғам тез өсіп шықты. 

Немерем: «Қызық екен, шалғам осылай өседі, иә?» деп таңғалып жүр. 

Ол үшін жаңалық болды. Балалар шалғамның, бананның қалай өсетінін 

білмейді ғой. «Қарашы, бәрі де өсіп жатыр!» деп әйелім де таңданысын 

жасырмады. 

Бүгінгі таңда бәріміз де көкөністі дүкеннен сатып алуға үйреніп 

барамыз. Үлкен қалалар былай тұрсын, ауыл тұрғындары да көкөністі 

сатып аталын болды! Қарама-қайшылық. Қаратал ауданында басшылық 

қызметте жүрген кезімде су тапшы болды. Сосын мен тұрғындарға: 

«Барлық арықтарды қалпына келтірейін, бау-бақша егіңіздер»,– деп 

едім, менің ұсынысымды қолдаушылар аз болды. Ауылдық жер болса 

да, оның тұрғындары көкөністі базардан сатып алады. Біз қайда бара 

жатырмыз? 



Сіз таңмен қазақ тілін оқуға кетіп бара жатасыз. Жұмыс күнін қазақ 

тілін үйренуден бастайсыз ба?

Иә, аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 8-30-да қазақ 

тілінен дәріс алуға барамын. Бізге Эльмира Күлүмбетова деген 

тәжірибелі қазақ тілінің маманы сабақ береді. Тіл мәселесі өте өзекті. 

Бір жолы Мемлекет басшысымен болған кездесуде мен: «Нұрсұлтан 

Әбішұлы, кәрістерде бір проблема бар»,– дедім. Елбасы бірден: 

«Егер кәрістерде проблема болса, өзге ұлт өкілдері туралы не айтуға 

болады?»– деді. «Әрине, кәрістердің жағдайы әрқашанда жақсы 

дегенге бәрі де үйреніп алыпты. Иә, тұтастай алғанда, бізде бәрі бар. 

Бір ғана проблема – қазақ тілін – мемлекеттік тілді білмейміз»,– дедім. 

Бүгінгі таңда мен өз кәрістеріме «Егер сіздер осы жерде жан-жақты 

дамып, өсіп-өнгілеріңіз келсе, өз болашақтарыңызды, балаларыңыздың 

келешегін осы елмен байланыстыратын болсаңыздар, тілді 

үйреніңіздер»,– деп айтып жүрмін. Тіл туралы Заңның қабылданғанына 

20 жылдан асты. Бұл кәрістерге лайықты емес. Біз уақытты өткізіп 

алдық, «әрқашанда осылай бола береді, тілді білмедік, осы күнге дейін 

қалай өмір сүрсек, әрі қарай да солай жүре береміз» деп ойладық. Бұл 

идеологияны өзгерту қажет.

Бұдан он жыл бұрын «Әдістеме беріңіздер, жақсы оқытушы 

болсын, тіл үйренуге жағдай жасаңыздар»,– деп айтып едім. Қазір 

оның бәрі артта қалды. Бүгінгі таңда қазақ тілін үйренемін деген 

адамға бәрі бар, ғаламторды аш та, оқи бер. Тек ықылас керек! Мен өз 

қандастарыма: «Бауырлар, қазақтар бізді қиын кезеңде қабыл алды, 

аман қалуымызға, ел қатарлы өмір сүріп кетуімізге көмек берді, ал біз 

сол жақсылыққа немен жауап қайтардық? Қазақ тілін үйренген жоқпыз. 

Қазір алғыс айтудың қажеті жоқ, қазақ тілін үйреніп, өздеріңіз бір қадам 

жасаңыздар»,– деп ой салдым. 

Менің достарымның көбі қазақтар, бәріміз бас қосып 

отырғанымызда, мені көреді де, орысша сөйлеуге көшеді. Мен: «Эй, 

тоқта, қазақша айта бер. Екі ауыз сөзді түсінемін»,– деймін. Және 

өздеріне де қолайлы.

Қазір қазақ тілін үйрету курстары ұйымдастырылуда, жаңа 

әдістемелер шығып жатыр. Бірақ тек мемлекеттің күшімен оқытса, 

одан ештеңе өнбейді. Міндетті түрде төменнен бастама болуы керек. 

Сондықтан мен қазір тіл үйренуге бар ынтаммен айналысып жатырмын. 

Өкініштісі, жасым біразға келіп қалды, қабылдау оңай болмай тұр, 

дегенмен қазақтың сөйлеу мәнерінен, тілдік қорынан, әдет-ғұрпынан, 

тарихынан көп мағлұмат алып қалдым. 

 Фотосуретті түсірген Советбек МАғЗОМОВ

57

№6

 / 2013



ЭЛЯ ЦОЙ и ЕЕ КОМАНДА

Толерантный человек

Наверное, все-таки не зря мы большого мастера – будь он поэтом, 

композитором, танцором – называем художником с большой буквы. 

Для меня человек, ищущий красоту, жаждущий ее, преданный ей и 

восхищающийся ею – Художник, кто бы он ни был по профессии. 

(Б. Каирбеков. Ассиметричные лица, 1993)

КогДА говоРяТ оБ АССАМБЛЕЕ нАРоДА КАзАхСТАнА, 

нЕвоЛьно вСПоМИнАЕТСя ТЕРМИн «ТоЛЕРАнТноСТь». нЕ 

вСЕМ ПоняТно, чТо ЭТо нА САМоМ ДЕЛЕ ознАчАЕТ, но 

То, чТо он СвязАн С ДЕяТЕЛьноСТьЮ АССАМБЛЕИ, знАЮТ 

вСЕ. я хочУ знАчЕнИЕ ЭТого ТЕРМИнА оБъяСнИТь нА 

ПРИМЕРЕ жИзнИ И ДЕяТЕЛьноСТИ ЭЛИ ДИнгЕРовны Цой. 



58

 Жизнь человека во многом определяется и структурируется благодаря людям, которые 

встречаются на земном пути. У русского народа есть поговорка: с кем поведешься, 

от того и наберешься. Так вот, сегодня Эллу Цой назвать только дочерью корейского 

народа невозможно. У нее столько казахских черт, что временами думаю – может, она 

казашка? Она по-корейски трудолюбива, основательна, скрупулезна, настырна. Она 

чисто по-казахски прямолинейна и откровенна. 

ЛичносТь 

Элла

ЦОЙ


продюсер

« »

Эля Дингеровна – это 

«продукт» советской системы – из 

рода репрессированных корейцев, 

которые своим трудолюбием 

срослись с казахстанской 

землей, которые, несмотря на 

все невзгоды и тяготы судьбы, 

остались честными, благородными 

и преданными стране, работе, 

дружбе. 

Нас с Элей Дингеровной 

познакомила работа в ассамблее. 

Неуемная, но в то же время 

конкретная в своих желаниях, 

настойчивая в достижении своих 

целей женщина покорила меня 

своей преданностью профессии и 

ассамблее. Среди ассамблеевцев 

часто говорят: «Как только 

начнешь работать с ассамблеей 

– сразу этим «заболеваешь» 

и «выздороветь» просто 

невозможно». Так вот, Эля Цой – 

человек с таким «диагнозом». 

 За 35 лет работы на 

телевидении она через себя 

пропустила тысячи жизней 

и судеб, познакомилась с 

миллионом людей и рассказала о 

них стране и народу. 

Как пишет наш талантливый 

современник Бахыт Каирбеков: 

Я хочу обогреться у 

очага своей культуры. 

Об этом мечтает каждый 

человек.

 Работая над своей авторской 

программой «Мой Казахстан», 

Эля Дингеровна познакомилась и 

познакомила нас всех с культурой 

и бытом, историей и традициями 

почти всех этносов Казахстана. 

Она не только познакомила, но 

и прониклась этим бесценным 

богатством. Именно эти знания 

делают ее своим человеком 

в любом этническом кругу. И 

теперь с высоты своего возраста 

Эля Дингеровна может любого 

человека научить этнической 

культуре, этике и традициям. 

Создавая собственные принципы, вырастающие из соответствующей 

локальной истории, гео– и телесной политики знания, Эля Цой создает 

процесс чувственного (визуального, слухового) восприятия нашего 

казахстанского мира. Ее понимание прекрасного и безобразного, добра 

и зла, правды и лжи связаны с собственным пониманием природы, 

целей искусства и творчества, его онтологического, этического и 

политического статуса. Ее опыт обогащает наш собственный опыт 

постижения окружающей действительности, примиряет сознание 

и душу, освобождает от комплексов неполноценности. Эти работы 

дают возможность современному молодому поколению понять слово 

«толерантность» и необходимость сохранения согласия в обществе.

 Жизнь человека во многом определяется и структурируется благодаря 

людям, которые встречаются на земном пути. У русского народа есть 

поговорка: с кем поведешься, от того и наберешься. Так вот, сегодня 

Эллу Цой назвать только дочерью корейского народа невозможно. У нее 

столько казахских черт, что временами думаю – может, она казашка? Она 

по-корейски трудолюбива, основательна, скрупулезна, настырна. Она 

чисто по-казахски прямолинейна и откровенна. 

Неоднократно ее труд был заслуженно оценен. В 2001 году она была 

признана заслуженным работником Министерства культуры и информации 

РК «ҚР Мәдениет қайраткері», а в 2004 году в связи с 25-летием трудовой 

деятельности на казахском телевидении она получила Благодарственное 

письмо от Премьер-Министра Казахстана Имангали Тасмагамбетова, 

награждена Почетной грамотой от Президента РК Нурсултана Назарбаева и 

орденом «За заслуги перед Отечеством». 

В 2001 году Эля Цой награждена Орденом Дружбы народов Корея, 

получила Почетную Грамоту и золотой знак Президента Южной Кореи 

Ким Ем Сама. И это – отнюдь не полный перечень ее наград и заслуг.

 Работа Эллы Цой – это история народа Казахстана, это история 

независимого Казахстана, это история Ассамблеи народа Казахстана. Это 

работа, которая воспитывает в людях добрососедство, взаимопонимание 

и сочувствие. Ведь знание истории другого этноса, жизненного пути 

другого человека делают его нам ближе. Значит, Эля Дингеровна за 35 

лет своей деятельности сблизила миллоны людей, миллионы сердец. Это 

и есть толерантность в лучшем ее проявлении.

Назипа ШАНАИ,

заведующая сектором Секретариата  

Ассамблеи народа Казахстана

НЕУДОБНАя ЭЛЛА

Серые тучи свинцовой тяжестью окутывали город, холодный ветер 

хлесткими оплеухами загонял редких прохожих под укрытие, хмурое 

небо готово было вот-вот извергнуть на улицы, дома, машины ледяные 

потоки воды. Внезапно природа смилостивилась, и на землю упал 

теплый луч весеннего солнца. Мир вокруг вдруг заиграл разноцветными 

красками, возвращая горожанам легкое непринужденное настроение и 

желание творить и жить дальше…

Прожив в Алматы почти всю жизнь, Элла Андреевна, вероятно, 

у алматинской природы брала уроки непредсказуемости. Никто на 

казахском телевидении никогда не знает, что скажет или какие действия 

предпримет она в той или иной момент, но то, что она не останется 

равнодушной, не будет стоять в стороне, – это точно. Особенно если 

речь идет о животрепещущих для нее проблемах – судьба родного 

ТВ, дружба народов в Казахстане, сложности у коллег, социальная 

справедливость и не только. Для разного рода чиновников она, скорее 




1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал