Республиканская акция



жүктеу 0.56 Mb.

бет1/5
Дата07.05.2017
өлшемі0.56 Mb.
  1   2   3   4   5

РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АКЦИЯ «ЗАБОТА»

В   период   с  10   января   по   10   февраля   2016   года

проводится   традиционная   республиканская   акция

«Забота»


Цель акции:  Оказание социальной помощи детям

из

 



малообеспеченных,

 

многодетных



 

и

неблагополучных   семей,   детям   –   сиротам,   детям,



оставшимся   без   попечения   родителей   и   иным

категориям   детей,   имеющим   право   на   социальную

помощь. Дети- будущее не только их родителей, но и

всего нашего общества.

В   настоящее   время   любая   помощь   и   поддержка,

оказываемая   социально  незащищен-ным  группам

населения,

 

имеет



 

большое


 

значение.

2 февраля 2016 года ИП «Нуриком» оказал помощь 3

учащимся   КГУ   ШГ           №   144  г   Алматы,   которые

получили помощь, в виде канцелярских товаров. Это

не первый раз, когда ИП «Нуриком» оказывает помощь

учащимся   КГУ   ШГ   №   144.     Администрация   школы

благодарит всех неравнодушных людей, оказывающих

помощь нашим детям.

Замдиректора по ВР КГУ ШГ №144

Исбулаева Г.Т. Бугыбаева Г.М.

Старшая вожатая Мусаева А.С.

ІІМ-НІҢ ӘПК ӘЛЕУМЕТТІК 

 ЖЕЛІГЕ ШЫҒУДА

Жол   қауіпсіздігі   сұрақтары   бойынша   ҚР   ІІМ-нің

Әкімшілік   полиция   комитеті   Facebook   әлеуметтік

желісінде өзінің ресми парақшасын ашты. Комитеттің

ресми   сайтында   интернет-қауымы   жол   қозғалысы

қауіпсіздігін   қамтамасыз   етудегі   сұрақтар   бойынша

өзікті   ақпараттарды   таба   алды,   Комитеттің

бөлімдерінің   қызметімен   таныса   алады,   өз   ойларын

жеткізе   алады,   өзекті   мәселелер   бойынша

түсіндірмелер   алады.   Сонымен   қатар,   тұтынушылар

Комитеттің   және   өңірлік   бөлімдерінің   қызметерін

қамтитын   суреттермен,   жол   қауіпсіздігінің   негізгі

мәселелері   бойынша   бейнероликтермен   таныс   бола

алады. 


Facebook   желісінде   ресми   парақшаның   ашылуы,

Комитеттің   қызметі   мен   Қазақстанда   жол   қозғалысы

қауіпсіздігін   қамтамасыз   етудегі   сұрақтар   бойынша

өзікті   ақпараттарды   таратудың   қосымша   көзі   ғана

болмай,   сонымен   қатар,   азаматтардан   жедел   кері

байланыс алу болып табылатынын атап өтті. 

Facebook желісіндегі парақшаның ашық және еркін

алаң   екенін   ескере   отырып,   парақшаның   әкімшілігі

төмендегідей   ережелерді   ұстануға   шақырады:   бір-

біріне   қатысты   балағат   сөздер   айту   мен   жеке

шабуылдар   жасаудан,   арандатушылық   өтініштерді,

жарнамалық

 

хабарландыруларды,



 

ұятсыз


сөздердіжариялаудан   бас   тартуға.   Корсетілген

критерилерге   сәйкес   келмейтін   пікірлер,   жойылатын

болады. 

Сондай-ақ,   бұған   дейін   хабарланғандай,   Интернет

желісінде   жол   қозғалысы   қауіпсіздігін   қамтамасыз

етудегі   сұрақтар   бойынша   өзікті   ақпараттар

жарияланатын     ІІМ   ӘПК-нің   «ҚР   ІІМ.   Жол

қауіпсіздігі»   ресми   порталы   қызмет   жұмысын

жалғастыруда,   оның   «Сұрақ-жауап»   бөлігінде

азаматтар,   жол   қауіпсіздігіне   байланысты   туындаған

сұрақтар   бойынша   Комитеттің   мамандарының

пікірлерін ала алады. 



Ақпарат: 

http://mvd.gov.kz/

 

«СИҚЫРЛЫ ҚЫС»  СУРЕТ БАЙҚАУЫ

28.01.2016   жылы   бастауыш   сынып   аралығында

«Оқушының тұлғалық болмысын дамытуда оқытудың

ұтымды   технологисын   пайдалану»   тақырыбындағы

семинарға   оқушыларды   тәрбиелеу   мен   оқыту

саласында   бейнелеу   өнерін   ұштастыра   отырып,

сұлулыққа   тәрбиелеу.   Айнала   қоршаған   ортаны

бақылау   арқылы   қыс   мезгілінің   көз   тоймас

қызықтарын, табиғаттың әсемдігін көріп қана қоймай

тамаша  көріністерін  бейнелеу мақсатында  «Сиқырлы

қыс» атты сурет байқауын бейнелеу пәнінің мұғалімі

Үмбетбаева   Мейрамгүл   өткізді.   Байқау   2-4   сынып

оқушылары арасында 4 кезеңнен тұратын тапсырмалар

орындады.

Бірінші «Сурет салу» кезеңі: бұл кезеңде 4 сынып

оқушылары алдымен өздерін таныстырып өтіп, сурет

салу   орындарына   жайғасып   «Сиқырлы   қыс»

тақырыбына сурет салуға кірісті.

Екінші кезеңі «Ойлан тап» кезеңі: 3 сыныптан екі

оқушыдан   бөлініп   төрт   топ   қатысты.   Топтар   өздерін

таныстырып,   берілген   төрт   түсті   ұяшықты   таңдады.

Ұяшық   жауаптарын   қағаз   бетіне   сурет   салу   арқылы

жауап берді.

Төртінші «Сурет көрмесі» 2 сынып оқушыларының

салған   суреттерінен   көрме  ұйымдастырылды.  Жалпы

оқушылардың   белсенділігі,   бейнелеу   пәніне

қызығушылықтары   жоғары   деңгейде   өтті.   Әділ

қазылар мен ұйымдастырушылар белсенділік танытқан

үміткерлерге   арнай   дипломдар   мен   алғыс   хаттар

табыстады.



Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің

мұғалімі Казиева Салтанат Оржановна

«ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН

ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ – ӨМІР ТАЛАБЫ »

28.01.2016 жылы мектебімізде мектепалды даярлық

пен   шағын   орталық   бірлестігінде   Изимова

Гүлбаршынның   ұйымдастыруымен   «Оқыту   процесін

технологияландыру –өмір талабы» атты семинар өтті.

Семинар барысында тәрбиешілер көрнекі сабақтар мен

шаралар өткізді. Жазықбаева Айнұр «Менің отаным –

Қазақстан»   тақырыбында,   Қалуова   Рузия   «Есеп

құрылымы,   оны   шешу   жолдары»   тақырыбында,

Изимова   Қарлығаш   «Ы   дыбысы   және   әріпі»

тақырыбында сабақ өткізді. Семинар соңында мектеп

психологы   Хамзина   Гүлжамал   «Тәрбиеші   мен   бала

арасындағы   байланыс»   атты   тренинг   өткізді.   Бұл

семинардың ұстаздарға беретін үлгілі жақтары өте көп

болды. Ата – аналар семинарға қатысып, балаларының

сабакқа қызығушылық танытқанын көріп, тәнті болды.

Семинар соңында оқу ісінің меңгерушісі Нұртілесова

Назгүл   қортынды   жасап,   тәрбиешілер   алғыс   хаттар

тапсырды.   Қазіргі   жас   ұрпақ   үшін   шағын   топпен

даярлық   сыныптың   тигізер   пайдасы   көп   екені

көпшілікке мәлім болды.

БІЛІМ

МЕКЕМЕЛЕРІНЕ

ХАБАРЛАНДЫРУ

Республикалық

45minut.kz   басылымы

білім   мекемелерінде

өткізілетін   семинарлар   мен   ғылыми

конференцияларға   ақпараттық   қолдау   (фото,

видео, мақала жариялау) көрсетеді және топтама

жинақ,   материалдар   жинағын   баспадан

шығарады. 

Топтама журнал:  Ұстаздардың кәсібилігі мен

шығармашылық   тәжірибесін,   материалдарын

Республика   көлемінде   тарату   үшін   бірлесе

құрастырылып,   топтама   ретінде   баспадан

шығарылатын   кітап.   Ұстаздардың   авторлық

құқығы толықтай сақталады. Топтамаға тапсырыс

беретін ұстаздардың барлығы да қатыса алады. 

Алматы қаласындағы БАҚ өкілдері

Аймурзин

Темірбек

8 7077717675

Керимбаев 

Ғабит

87023356632

Оқушылар шығармашылығы

Атырау обл Атырау қаласы

М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп

Сынып жетекшісі: Зейнова Гүлжамал Жәңгірқызы

2 «Ә» сынып оқушысы

Джангалиев Бекзат Саматұлы

                                   

Анамыздың ақ сүтімен 

бойымызға  дарыған тілімізді   

 ұмыту-бүкіл ата- 

бабамызды,тарихымызды 

ұмыту.

    Тіл ұлттың тарихы



тағдыры,тәрбиесі. Тіл болмаса 

сөз болмайды. Тілдің адам өмірінде орны бөлек.Егер 

тіл жоғалатын болса, халықта жоғалады.

 Ана тілімізді кішкентайымыздан бері ата-анамыз бізге

үйретеді.   Өзінің   ана   тілі,   мәдениеті   жоқ   халық

мемлекет   бола   алмайды.   Біздің   тіліміз,   біздің

байлығымыз.   Қазіргі   кезде   көп   адамдар   ана   тілін

құрметтемей,   өзге   тілді   меңгеріп,   ана   тілін   ұмытып

кетіп   жатады.   Олай   дұрыс   емес,   ана   тілді   ұмытуға,

құрметтемеуге болмайды. Өзге тілдің бәрін білгенмен,

өз тіліңді құрметтей біл.

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ

2 «Ә» сынып оқушысы 

Меңдеш Мирас Болатұлы

Білімнің сара жолында,

Еркелеп өсіп келеміз.

Білімімді бізге береді деп,

Ұстаздарға сенеміз.

Тәрбие беріп терлеген,

Шәкіртін жек көрмеген.

Ұстаздар көп мектепте,

Еңбек етіп ерлеген.

Сүйікті менің ұстазым,

Білім берген мәпелеп,

Екінші анам ұққаным.

Үйретіп тілін қазақтың,

Тіл білуге үйреткен.

Жақсылықты үлгі етіп,

Жамандықтан жиренткен.

Сүйікті менің ұстазым,

Өткізген бізбен қыс-жазын, Жақсы шәкірт қашанда

Ұмытпайды ұстазын. Білімді болам өскенде,

Кәмелетке жеткенде. Ұстаздарға қарызбын,

Білімнің дәнін сепкенге.

08 ақпан  2016 ж | № 03 (153)


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 08 ақпан 2016 ж | № 03 (153)

ЗАҢ ТАЛАБЫ КӨПКЕ ОРТАҚ

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика−математикалық 

мектеп− интернатының тәрбиешісі Туреханова Рахила

    Қазақстан Республикасының  жаңа  Конституциясы мемлекеттік   және  қоғамдық  өмірдің

негізгі   ережелері   қатарына   оқу   мен   тәрбиені,жастарды   еңбек   пен   қоғамдық   қызметке

баулуды, сондай−ақ балалар мен жасөспірімдердің мүдделері мен құқығын қорғауды енгізді.

Бұл Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21−маусымындағы «Қазақстан

Республикасында   Жалпыға   міндетті   құқықтық   оқуды   ұйымдастыру   шаралары   туралы

Қаулысында» қөрініс тапты. 

 Бүгінгі таңда жалпыға бірдей құқықтық тәрбие беру, оқушылардың құқықтық сана−сезімін

қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу үшін

азаматтық   тәрбие   беру,өз   құқықтарын   білуге   және     басқа     адамдардың   құқықтарын

сыйлауға,   құрметтеуге   баулу   керек.   Әрине,бүгінгі   мектеп   оқушысы−ертеңгі   Қазақстан

азаматы.Әрбір азамат өз мемлекетінің заңына жауапкершілікпен қарап,оны орындауды өз

міндеті деп есептеуі керек.

  Тәуелсіз мемлекетіміз өз егемендігін алып,небір қиыншылықтарды артқа тастап, бүгінгі

күні   экономикасы   дамыған   мемлекетке   айналған   тұста   да   елімізде   ақсап   жатқан   кейбір

келелі мәселелер бар екендігі де жасырын емес. Жасөспірімдердің   құқықтық санасының

төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына

әкеліп   соғуда.   Заңды   сауатты   білген   оқушы   әділетті,   парасатты,   турашыл   болса,   заңды

білмеген   оқушы   жағымсыз   да   жасқаншақ,   қорқақ   болатындығы   күнделікті   өмірде

дәлелденуде.Сондықтан, оқушылар арасындағы қылмыстың алдын алып, құқықтық тәрбие

беру   қоғам   алдында   тұрған   маңызды   міндеттердің   бірі.   Құқықтық   тәрбие   –   кәмелетке

толмағандар   арасында   заң   ұғымдарын   насихаттай   отырып,   жас   өспірімдерді   қажетті

заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді және заңның негізгі принциптерін біліп

қана қоймай оны меңгеруге үйретеді.. Әрбір адамзат баласы заң нормаларын үнемі сақтап

жүрсе,онда қоғамда адам  қалыпты өмір сүретін болады.    Мектептерде құқықтық тәрбие

жұмыстары   шәкірттің   өзіне−өзі   қызмет   ету   құқығынан   басталады.Құқықтық   міндеттер

сәлемдесу,аялаған ананы, әлпештеген әкені сыйлау, ұлағатты ұстазға инабатты шәкірт бола

білу, әдеппен сөйлеп әрекеттену арқылы орындалады. Осындай жағымды әдеп−әдеттерді

қалыптастыру, яғни баланы дұрыс тәрбиелеу өз қолымызда. Сондықтан да     «Тәрбие тал

бесіктен», «Баланы бесіктен...» деген халық даналығы текке айтылмаған.

    Қорыта   айтқанда,еліміздегі   мектептердің   құқықтық   тәрбие   беру   міндеті−жас   ұрпаққа

сапалы   білім,саналы   тәрбие   беру   және   олардың   әрқайсысына   өмірде   өз   жолын   табуға

көмектесу.

                                            



ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС

Ашимова Бейбиткул Даукабаковна

Алматы қаласы ЖББ №167 мектеп, тарих пәнінің мұғалімі

  Өмірдегі   көп   мамандықтардың   ішінде   жан-жақты   білімділікті,   икемділікті,   шеберлікті,

ерекше шәкіртжандылықты, мейрімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.

Мектептегі   ұстаз   –  баланың   екінші   ата-анасы,   болашаққа   айқын   жол   сілтер  ақылшысы.

Оның   мейрімге   толы   жүрегі   шәкірт   бойындағы   талай   ағаттықты   кешіре   біледі.   Оның

бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына

түсіреді,   тәртіпке  баулап,  есейтіп,   ержеткізеді.   Сондықтан,  әрбір  шәкірт  өзіне  үлгі-өнеге

болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп айтады. 



   Дутбаева Назигуль Биляловна – Алмалы ауданы № 167 жалпы білім беретін мектепте 1997

жылдан бастап еңбек етіп келеді. Еңбек өтілі 23 жыл. Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы

білім беруде интерактивті тақта қолдану арқылы жаңа технология элементтерін паидалана

отырып,   әр   сабағын   қызықты   өткізетін   ұстаз.   Оқыту   процессінде   ақпараттандыру

технологиясын толық меңгерген. Алға қойған мақсаты: «Сыни тұрғыдан ойлау элементтерін

пайдалана   отырып,   оқушылардың   ой-өрісін  дамыту».   Сабақ   барысында   оқушының  жеке

басынын   қабілетін   дамытып,   шығармашылығын   шыңдауға   тапсырмалар   беріп   отырады.

Сабақта   сын   тұрғысынан   ойлау   жана   тәсілдерді   пайдаланады.   2014жылы   біліктілікті

арттыру «Орлеу» ұлттық орталығында деңгейлі бағдарламалар аясында екінші деңгейлік

бағдарламасы   бойынша   курсты   аяқтады.   Екінші   базалық   курстардың   бағдарламасын

меңгеруде   жоғары   жетістіктер   көрсетті.     Осы   жылдар   ішінде   ұстаздық   жолында   аянбай

еңбек   етіп,   шығармашыл   жаңашыл   ұстаз   екенін     бүгінгі   таңда     мектеп,   аудан,   қала,

республика   көлемінде     көрсетіп   жүр.   №   167   жалпы   білім   беретін   мектепте   өткен

директорлық оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған республикалық семинарда

ашық сабақ берді. Тақырыбы: «Согласованные и несогласованные определения» 8 класс,

аудандық ашық сабақ берді. Тақырыбы: «Второстепенные члены предложения» 11 класс.

Үнемі   шығармашылық   ізденіс   үстінде   жүретін   еңбекқор   ұстаз.   Сонымен   қатар   мектеп

директорының   мақтау   қағаздарымен,   аудандық   Құрмет   грамоталарымен   марапатталды.

Баспа   бетінде   бірнеше   мақаласы   жарық   көрді:   «Қазақстанда   Болон   процессінің   енгізу

бағдарламасындағы   шет   тілінің   ролі»   (халықаралық   ғылыми-практикалық   конференция.

Астана,   Алматы,   2011ж.),   «Дала»   халықаралық   журнал.   2011ж.,   «Өнер   әлемі»

(Республикалық   ғылыми-әдістемелік   педагогикалық   журнал.2012ж.),   «Үш   тұғырлы   тіл:

Қазақстан   Республикасында   тілдік   білім   беру   мәселелері»   (Халықаралық   ғылыми-

практиқалық   конференция   материалдары.   2012ж.)   2014   жылы   Қазақстан   Республикасы

Білім   Министрлігінің   ұйымдастыруымен     жарық   көрген   «Шәкірт   жүрегіне   жол   тапқан

ұстаз» үздік ұстаздар жинағына жарияланды. Мұғалімнің жетекшілік ететін № 323 орыс тілі

кабинеті талапқа сай жабдықталып, бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Барлық оқу әдістемелік

құралдары   заман   талабына   сай     жүйеленген   .Кабинеті   таза,   бөлінген     әр   мүлік

ұқыптылықпен күтіліп ұсталған.

        Осындай жүйелі жұмыс нәтижесіз емес:

       1. Диплом 1 степени Саламатовой Айсаре (11 класс)  победителю международного 

конкурса «Русский медвежонок – языкознание для всех»  2012ж.



       2. Диплом 1 степени   Сериккызы Диляре (10класс)   победителю международного 

конкурса «Русский медвежонок – языкознание для всех»  2012ж.

       3.   Диплом 1 степени   Тураровой Жулдыз(10 класс) победителю международного 

конкурса «Русский медвежонок – языкознание для всех»  2012ж.

       4. Диплом 1 степени    Алдибековой Маржан, Сакеновой Анель, Калиевой Таншолпан(9 

класс), Тапия Фатиме победителю международного конкурса   «Русский медвежонок – 

языкознание для всех»  2012ж.

       5. Лучший результат города / района в Республиканской дистанционной олимпиаде для 

школьников по русскому языку. Мукашев Ерасыл (11класс)  

(г. Астана, 2013 год)

       6.Свидетельство участника в Международном конкурсе-игре по русскому языку «Ёж». 

( Кудайберген Е., Нысанов А., Есенкелди Ж., Сайлауханкызы Г., Турарова Ж., Картанбаев Б.,

Умбетова А., Мейрамбек Д., Кали А., Тустикбаев М., Даулеткалиева М.)

       7. 3 место в районной олимпиаде по русскому языку (Сайлауханкызы Г. (2014г.)

8.

3 место в районной олимпиаде по русскому языку (Сагайбаева А. ( 2015г.)



9.

ШӘКІРТ ЖҮРЕГІНЕ ЖОЛ ТАПҚАН ҰСТАЗ

БҚО, Ақжайық ауданы,   Бітік ОЖББМ-балабақшасының

мұғалімі А.Б.Кайсакова

      Ұстаз   –   қай   ұрпақтың   болмасын   жанынан   өшпейтін   ең   бір

қадірлі, қастерлі есім. Ұстаз мәртебесі қай уақытта да биік, қай

кезеңде де асқақ. Сондай құрметті есімге лайық жандардың бірі -

Батыс   Қазақстан   облысы,   Ақжайық   ауданы,   Бітік   орта   жалпы

білім   беретін   мектеп-балабақшасының   қазақ   тілі   мен   әдебиеті

пәнінің мұғалімі Тапенова Ақбөпе Мұхамбетқызы. Ол өзі оқып,

тәлім   алған   мектебінде     20   жылдай   еңбек   етіп   келеді.   І   санатты   тәжірибелі   мұғалімнің

алдына   қойған   көкейтесті   тақырыбы   «Қазақ   тілі   мен   әдебиет   сабағында   жаңаша   оқыту

тәсілдерін қолдану арқылы оқушыларды тиянақты, сапалы білім алуға жетелеу». 

   Қазіргі ақпараттық технология қарқынды дамып келе жатырған қоғамда өмір сүретін жеке

тұлғаны   тәрбиелеу   –   мейлінше   қырағы   көзқарасты   қажет   етеді.   Айналасындағы   әрбір

жаңалық пен өзгерістерді қалт жібермейтін Ақбөпе Мұхамбетқызы бұл талап биігінен де

көрініп жүрген ұстаз. Ол әр шәкіртінің сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қатты көңіл

бөледі   және   жан-жақты   қадағалайды.   Ұстаздың   бұндай   өз   жұмысына   деген

жауапкершілігін, ұрпақ ертеңіне деген шынайы жанашырлығын әріптестері де, ата-аналар

мен оқушылары да жоғары бағалайды. Өйткені, оның тынымсыз еңбегі оқушылардың білім

нәтижелерінен   көрінуде.   Оның   әр   жыл   сайынғы   ҰБТ   қорытындысы   аудан   бойынша

алдыңғы бестіктен түскен емес.   Оқушылары білім сайыстарында жүлделі орындарға ие

болып жүр. Солардың бірі 2015 жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген «Өшпес

ерлік ұмытылмайды» атты аудандық шығарма жазу сайысында шәкірті Шайхолла Бану ІІІ

орынды иеленді.Өзі де осы жылы аудандық тамыз маслихатының «Білім беру мазмұнын

жаңарту:   болашаққа   бағдарлану»   тақырыбындағы   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәні

мұғалімдерінің   секция   жұмысында

«Оқушыларды   ҰБТ-ға   дайындаудың   тиімді

тәсілдері» баяндамасы үздік шыққаны үшін

марапатталды.                                                    

   Бүгінде кәсіби білімі жоғары маман өзінің

білімін   үздіксіз   жетілдіріп,   шығармашылық

пен   даму   іс-әрекеттерін   үнемі   жүзеге

асырып   отырады.   Ол   2015   жылы   әлемдік

оқыту   жүйесіне   көшу   мақсатында

таратылып   жатырған Кембридждік жаңаша

оқыту   тәсілін   игеруге   өз   ниетін   білдіріп,

мектептегі көшбасшылық арқылы ІІІ деңгей

бағдарламасын   меңгеріп   шықты.Ал,   осы

2016   жылдың   қаңтар   айында   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәні   бойынша   «Өрлеу»   біліктілік

арттыру курсынан өтті.

Ақбөпе Мұхамбетқызы сынып жетекші ретінде де шәкірттерінің ұлтжанды, табанды, ерік-

жігері мықты азаматтар мен азаматшалар болып қалыптасуы үшін талмай еңбектеніп келеді.

Өзі   жетекшілік   ететін   11-сыныбында   өткізген   «Тәуелсіздік   –   теңдесі   жоқ   байлығым»,

«Заңды білу – заман талабы», «Жайықтың Жұбаны» атты тәрбие сағаттары мектебімізде өте

жоғары бағаланып, таратуға ұсынылды. Сонымен қатар, ол «Тілің – тұғырың», «Қазақтың

Қадірі», «Биіктей бер тәуелсіздік байрағы» сынды түрлі сыныптан тыс іс-шараларды жиі

ұйымдастырады.   Өз   мамандығының   құнарымен   сусындатқан   талай   шәкірттері   бүгінде

еліміздің әр аймағында өзімен бірдей қызмет   атқаруда. Олар: Абдирова Бақытгүл - Орал

қаласындағы   Назарбаев   зияткерлік   мектебінің   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәнінің   мұғалімі,

Айтілесова   Мөлдір   -   Ақсай   қаласындағы   1-мектептің   қазақ   тілі   мен   әдебиеті   пәнінің

мұғалімі   т.б.   Осындай   тынымсыз   ізденісі   мен   ұқыпты   еңбегінің   арқасында   Ақбөпе

Мұхамбетқызы білім жүйесіндегі педагогикалық шеберлігі, шығармашылық ізденісі және

өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін аудандық білім бөлімінің құрмет

грамотасымен марапатталды.                                                                                             

         Шәкірт алғысынан артық марапат жоқ, - деп білетін әріптесіміз – бала жүрегіне жол

тапқан жаңашыл, шығармашыл ұстаз ғана емес, сонымен қатар, 1 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп,

олардың бойына өнеге дәнін сіңіріп отырған асыл ана. Тұңғыш ұлы Берік бүгінде Алматы

қаласындағы   «Энергетика   және   байланыс»   университетінің   «Автоматтандыру   және

басқару»   бөлімінің   І   курсында   оқиды.   Ал,   қыздары   Бану   мен   Көркем   мектебіміздің

мақтаныштары.   Біз   де   осындай   шәкіртке   сүйікті,   елге   елеулі,   ісі   абыройлы   Ақбөпедей

әріптесімізді мақтан тұтамыз.

                                            



Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы

ЖББ №3 ОМ биология пәнінің мұғалімі

Нұртаза Гүлзат Алпысбайқызы  

Бұлшық еттер,бұлшық ет типтері, олардың құрылысы  мен  маңызы

                                            

Сабақтың мақсаты:      1. Оқушыларға  бұлшық еттің негізгі топтарын,  бұлшық еттердің 

маңызын түсіндіру  

     2. Бұлшық еттердің атқаратын қызметін салыстыра  отырып, оқушылардың ойлау 

қабілеттерін  қалыптастыру.

    3. Адамгершіліке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                 Аралас сабақ.

Құрал –жабдықтар:         интерактивтік тақта, үлестірме қағаздар,  маркер, ватман.

Пәнаралық байланыс:     қазақ әдебиеті, география, салауаттану, сурет.

Ұйымдастыру кезеңі:     

Үй жұмысын тексеру:

 Үлестірме қағаз арқылы үй тапсырмасын тексеру.

-

Адам қаңқасы қанша сүйектен құралған? (200 ден аса)



-

Кеуде қуысында қандай ішкі мүшелер болдады? (Өкпе, жүрек)

-

Сүйектің пішініне қарай атап жаз?А (жалпақ) Ә (Ұзын) Б (Қысқа)



-

Сүйектің қозғалмалы байланынысы ... дейміз (буын)

-

Сүйектер байланысының түрлері А (Қозғалмалы) Ә (Қозғалмайтын) 



     Б (Аз қозғалатын)

-

Сүйек қандай ұлпадан тұрады? (Дәнекер)



-

Тірек – қимыл апаратын не құрайды? (Сүйек, бұлшық ет)

-

Қысқа сүйектерді ата (Омыртқа, білезік, алақан)



-

Жалпақ сүйектерді ата (жауырын, бас сүйектің ми және бет сүйектер, қабырғалар,

жамбас)

-

 Ұзын сүйектерді ата (жіліктер)



-

Сүйек тұтастығының бұзылуын не деп атайды? (сыну)

-

 Сүйек сынуының түрлерін ата? (ашық, жабық)



 І Қызығушылығын ояту Бұлшық ет деген сөзді естігенде ойымызға не түседі?

(әр оқушы жеке жұмыс жасап, дәптерлеріне түсіреді және жұппен, топпен талқылайды) 

Бұлшық ет  туралы не білгіміз келеді? сұрағына жауап жазады.

 ---2 --


 ------------------------------------------------- «Республикалық 45minut.kz» газеті – 08 ақпан 2016 ж | № 03 (153)

Білемін


Білгім келді

Үйрендім


ІІ Мағынаны тану Мәтінмен жұмыс

І. Мәтінді бөлікке бөлу

1. Жеке жұмыс 

5.

Жұппен жұмыс

6.

Топпен жұмыс

7.

Ортаға ой салу

Бұлшық еттердің маңызы.  Біздің организміміздің енжар бөлігі – қаңқаны бұлшық еттер

қимыл   –  қозғалысқа   келтіреді.   Бұлшық   еттер   тірек   –  қимыл   жүйесінің   белсенді   бөлігін

құрайды.   Олар   біздің   денемізді   тік   бағытқа   ұстайды   және   денеміздің   әр   түрлі   қалыпқа

келуіне мүмкіндік береді. Құрсақ бұлшық еттері ішкі мүшелерді бірқалыпты ұстайды және

қорғайды.   Көкет (диафрагма) кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөледі. Көлденең жолақты

бұлшық   еттер   көз   алмасының   қозғалуын,   жұтуды;   қабырғааралық   бұлшық   еттер   тыныс

қозғалыстарын т.б. қамтамасыз етеді. Адамда 600 –ден астам қаңқа бұлшық еттері бар және

олар көлденең жолақты ұлпадан түзілген.



Бұлшық еттің құрылысы.  Біріңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты

жүрек (миокард) бұлшық еттері болады.



Біріңғай   салалы   бұшық   еттер  көптеген   ішкі   мүшелер,   тамырлар   қабырғасын   құрайды.

Біріңғай салалы бұлшық ет ұлпасы бір ядролы, ұршық тәрізді жасушалардан тұрады. Олар

арқылы қозу баяу, яғни адам еркінен тыс жүзеге асырылады. 

Көлденең   жолақты  (қаңқа)   бұлшық   еттер   көлденең   жолақты   талшықтардан   тұрады.

Талшықтар   ішінде   нәруыз   жіпшелері   өтеді,   оларға   байланысты   бұлшық   еттер

жиырылады .Талшықтардан бұлшық ет шоғырлары, ал бұлшық ет шоғырларынан бұлшық

ет   түзілген.   Бұлшық   еттер   сіңірге   айналатын   дәнекер   ұлпасымен   жабылған.   Олар   сіңір

арқылы сүйек ойысына, төмпешігіне бекиді және қаңқаны қозғалысқа келтіреді. Бұлшық

еттерде көптеген қан тамырлары болады. Олар арқылы бұлшық еттер қоректік заттармен

және оттекпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар осы тамырлар арқылы алмасу өнімдері –

тіршілік әрекетінің зиянды заттары сыртқа шығарылады.



Бұлшық еттердің негізгі топтары.  Бұлшық еттерді орналасуына қарай бас және мойын,

дене және аяқ – қол бұлшық еттері деп бөледі.



  Бас бұлшық еттеріне  мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады.  Шайнау бұлшық

еттері  үстіңгі   және   астыңғы   жақ   сүйектері   арасында   орналасады.   Олардың   бір   ұшы

астыңғы   жақ   сүйекке,   екінші   жағы   бас   сүйектеріне   бекиді.   Олардың   жиырылуына

байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады. 

Мимикалық   бұлшық   еттер  бетке   белгілі   бір   көрініс   –   мимика   береді:   көз   және   ауыз

айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші

ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді. 

Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай –

ақ жұтуға қатысады.

Дене бұлшық еттері.  Қабырғааралық бұлшық еттер  және  көкет  тыныс қозғалыстарын

қамтамасыз ететін кеуде қуысы көлемін өзгертеді. Құрсақтың алдыңғы қабырғасы құрсақ

бұлшық   еттерінен   түзілген.   Бұл   бұлшық   еттер   жиырылып   омыртқа   жотасының   иілуіне,

тыныс алу қозғалыстарына, ішкі мүшелердің жұмысына қатысады. Сонымен қатар құрсақ

қуысының   мүшелерін   қорғайды.   Арқада   бас,   кеуде   қуысы   мен   қолдың   қозғалуына

қатысатын арқаның трапеция тәрізді, жалпақ бұлшық еттері орналасады.



Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа

келтіреді.  Бицепс  (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал  трицепс  (үш

басты бұлшық ет)қолды жазады. 

Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында

санның   төрт   басты   бұлшық   еті   -     –   тізе   буынын   жазатын   бұлшық   ет   орналасады.   Ол

сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.



Мәтінмен танысып, қорғап болған соң кестені толтырады.

ІІІ Ой толғаныс Мақалдың жалғасын табу

І топ   Шымиырдың сезім..... (Сергек)

ІІ топ  Білім баста     ------------------ (Күш білекте)

ІІІ топ  Білек сүріндіре алмағанды ----------------------- (Білім сүріндіреді) 

ІҮ топ  Білегі күшті бірді жығады   -------------------------------- (Білімі күшті мыңды жығады)

Тест арқылы білімдерін бекіту

Үйге тапсырма:      

Бағалау:                  Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау

                                            



КОНСПЕКТ ОРГАНИЗОВАННОЙ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ 

 Воспитатель по рисованию в средней группе

 ДОЦ №33 «Нұрсәт»  Умарова И.Х. 

 

Образовательная область: Творчество    

Раздел: Рисование



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал