Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.

бет6/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Шолпан ҚАРАЕВА

№159 (841) 

11.09.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

АЛАШ АЗАМАТЫ

 

Қай перзентханада туылғанымды 



қалай анықтаймын?

Кеденге қандай құжаттарды ұсынуым керек?



Кедендік одақ көлемінде өндірілген тауарды елге әкелу 

үшін қандай құжаттар керек? 

  

Еркін 

БЕРҒАЛИЕВ, 

Алматы облысы

Мамандардың түсіндіруінше, 

2010 жылдың шілдесінен бастап 

күшіне енген Кедендік одақ заң-

н а масына сәйкес, Беларусь, Қа-

зақстан, Ресей және үшінші елдер 

аумағынан одақ аумағындағы 

еркін айналымға шығарылған та-

уар лар кедендік декларациялауға 

және кедендік тазалауға жатпай-

ды. Сол себепті осы елдер аума-

ғында тауар тасымалдау үшін 

алдымен ол тауардың мәрте-

бесін, яғни Кедендік одаққа 

қатысы барын анықтау қажет. 

Мұны растау  үшін тауардың 

шығу тегі туралы сертификат, 

тауар дың шығуы туралы декла-

рация, шот-фактура, тауар-

көліктік жүкқұжат, кіріс-шығыс 

кассалық ордері және басқа да 

қосымша  ком мер циялық  құжат-

тар талап етіледі.

Ата-анам ерте қайтыс болып кеткен. Олар бала кезімде менің қалада 

туылғаным ды айтатын. Бірақ қай перзентханада екені есімде қалмапты. 

Туысқандарымыздың арасында да бұл жөнінде ешкім ештеңе білмейді. Менің 

туу туралы куәлігім әуеліде жоғалып кетіп, екінші рет жасалған болатын. Сол 

себепті туылған жеріме байланысты мәліметті нақтылағым келеді. Бұл үшін 

қайда хабарласуым керек?

  

 

Жанар 

ЖИЕНҒАЗИЕВА, 

Ақтөбе облысы

ҚР Әділет министрлігі мамандарының 

айтуына қарағанда, туған күні мен дүниеге 

келген мекенжайы, оның ішінде туылған 

перзентханасы туралы мәліметті алу үшін 

аза мат тұрғылықты мекенжайы немесе ке-

зінде туу туралы куәлік берілген аймағы н-

да ғы АХАЖ бөліміне хабарласуы керек. 

Жаз  баша өтініш жазылғаннан кейін маман-

дар мұрағат деректері негізінде азаматтың 

туу туралы мәліметтерін нақтылай алады.

Білім беруге қаржы бөлу, инвестиция 

салу – болашаққа бөлінген үлес

ДАТ!


Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ, Қарағанды облысының әкімі:

– Әбілғазы Қалиақпарұлы, еліміздің 

«ин дустриялы жүрегі» атанған облыста 

іл кімді істер аз емес. Бұл әмбеге аян. Бір-

ақ уақыт бір орнында тоқтап қалмай ды. 

Уақытпен ілеспесе, экономиканың да айы 

оңынан тумасы анық. Елімізде Үде ме лі 

индустриялық-инновациялық даму бағ-

дарламасын жүзеге асыруда Қара ған ды 

облысы көш бастап тұрғаны мәлім.  Әң -

гімеміздің әлқиссасын осыдан баста сақ...

– Қойнауы қазынаға толы Қарағанды – 

басқа өңірлер қарап бой түзейтін еліміздің 

индустриялы тірегі. Мұнда Қазақстанда 

бұрын-соңды шығарылып көрмеген жоғары 

сапалы  өнім өндіруге мүмкіндік беретін идея-

лар көтеріліп, нақты жобалар жүзеге асы-

рылуда. Ел игілігі үшін жасалып жатқан осы-

нау оң істерге Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы 

На зарбаев облысымызға келген жұмыс сапа-

рын да «Қарағанды дамудың алғы сапында 

келе жатыр» деп жоғары бағасын беріп кет-

кенін өзіңіз де білесіз. 

Қазақстан Республикасының 2010-2014 

жылдарға арналған мемлекеттік Үдемелі 

индустриялық-инновациялық даму 

бағдарламасын жүзеге асыру барысында 

айтарлықтай табысқа қол жеткіздік. Нақты 

цифрларға жүгінетін болсақ, 2011 жылы 

өнер кәсіптік өндіріс көлемі – 1 298,7 млрд 

тең гені, АКИ – 102,3%-ды құрады. 2010 

жыл дың басынан бері негізгі капиталға 542,2 

млрд теңге инвестиция салынды.  Индустрия-

л ан дыру картасына 304,6 млрд теңгеге 56 

инвестициялық жоба енгізілді, 6 мыңнан аса 

жұмыс орны құрылатын болады. 2011 жылы 

жалпы сомасы 36 млрд теңгені құрайтын 24 

жоба іске қосылды. Оларда 1,5 мыңнан аса 

адам жұмысқа орналастырылды. 

– Республикалық Индустрияландыру 

картасына жобаны енгізу талаптары 

қандай? Биыл облысымызда  өндірістер 

қатарын толықтыратын жобалар туралы 

айтсаңыз... 

– Бүгінде ел Үкіметі Индустрияландыру 

кар тасына жобаларды енгізу ережелерін бе-

к іт ті. Индустрияландыру картасына жобаны 

енгізу талаптары күшейтіліп отыр. Бұдан 

былай кез келген жоба оның қаржыландыру 

көздері, шикізат, сату нарықтары әбден пы-

сық талған жағдайда ғана енгізілетін болады.  

Біздің облысымыздан Индустрияландыру 

картасына, жоғарыда айтқанымдай,  56 жоба 

енгізілді. Оның екеуі республикалық, қалған 

54-і өңірлік мәнге ие. Олардың барлығы нақ-

тыланды. Облыс әкімдігі барлық жобаның 

жү зе ге асырылуына, олардың жобалық қуат-

тылығына шығуына тұрақты түрде мо-

ниторинг жасайды.

Биыл Индустрияландыру картасы шең бе-

рінде тоғыз инвестициялық жоба жүзеге асы-

рылуда. Оның ішінде «Арселор Миттал Темір-

тау» АҚ көмір департаментінің Ленин 

атын дағы шахтасында метан газын пайдалана 

оты рып, электр энергиясын өндіретін пилот-

тық жоба қазірдің өзінде жұмыс істеуде. Бұл 

көмір метанын қайыра өңдеп, одан электр 

энергиясын алатын алғашқы қондырғы 

болып табылады. Сонымен қатар Жезқазған 

қаласында «Ютария» ЖШС тігін цехы мен  

«ТНК «ТИАТР» ЖШС полиэтилен құбырларын 

шығаратын жобалар іске қосылды. 

ҚР мемлекеттік Үдемелі индустриялық-

инновациялық даму бағдарламасына енген 

жобалардың барлығы бірдей жобалық қуат-

тылығына шыға алмағандықтан, бүгінгі таңда 

жобаларды іріктеу өте қатаң түрде жүргізілуде. 

Негізінен, бәсекеге қабілетті өнім шығаратын 

жоғары технологиялық, иннова 

ция 

лық 


жобаларға басымдық беріліп отыр.  

Кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдаудың 

барлық тетігі туралы құлағдар ету мақсатында 

өткен жарты жыл бойы көшпелі кеңестер 

өткізілді. Осының нәтижесінде «Бизнестің 

жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 

43 кәсіпорынға несиелерін ішінара субси-

диялау мен кепілдендіру бойынша жалпы 

сомасы 8,4 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. 

Сондай-ақ 10 жобаға инженерлік инфрақұ-

ры лым құрылысы мақұлданды. Осы жұмыс-

тардың арқасында облыста 4 мың жұмыс 

орны сақталып, жаңадан 600-ден аса жұмыс 

орны ашылды.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру 

үшін инвесторларға қызмет көрсететін 

орталық аштық. Онда жобалардың тиісті 

порт фелі жасақталады.  Тағы бір айта кетерлік 

жа ғымды жаңалық: биыл қазан айында «Қа-

рағанды Инвест – 2012» халықаралық фору-

мын өткізгелі отырмыз. Форум барысында 

шет мемлекеттер мен біздің кәсіпкерлеріміз 

бі рімен-бірі тікелей әріптестік қарым-қаты-

настар орнатуға тамаша мүмкіндік алады. 

Ерекше айта кетерлік бір жаңалығымыз: 

облыс орталығындағы индустриялық парк 

ау мағында «Сарыарқа» арнайы экономика-

лық аймағы құрылды. Бүгінде 33 компания-

ның тізімі жасалды, олар инвесторлардың 

қар  жылық әлеуеті расталған жағдайда өз де-

рінің инвестициялық жобаларын осы аймақта 

жү зеге асыратын болады. Жыл соңына дейін 

ЕЭА инфрақұрылымы, сондай-ақ жалпы 

құны 8,8 млрд теңгені құрайтын екі жаңа 

жоба іске қосылады. 

– Енді Елбасы Жолдауынан туындаған 

міндеттерге келсек. 1200 шақырымға 

созылатын Жезқазған – Бейнеу және 

Арқалық – Шұбаркөл екі теміржол желісі 

құрылысынан не күтеміз?

–  Иә, ел Президенті Қазақстан халқына 

арнаған биылғы Жолдауында ғасырлық мәні 

бар ғаламат жобаларды көтерді. Атап айтар 

болсақ, биыл Жезқазған –Бейнеу және Ар-

қалық–Шұбаркөл теміржолдарының құры-

лы сы басталды. Олардың жалпы ұзындығы  

–1202  шақырым, құны 694 млрд теңгені 

құрайды. Оның ішінде Қарағанды облысынан 

өтетін теміржолдың ұзындығы – 500 шақы-

рым, ал жалпы сомасы – шамамен 300 млрд 

теңге шамасында. 

Бұл жобаны жүзеге асыру жүк пойызда-

ры ның жаңа бағыттарын ашып, жол ұзақты-

ғын қысқартып, жүк тасымалын едәуір жеңіл-

де теді. Ол өңір кәсіпорындарының дамуына 

жаңаша серпін береді. Аймақтың экспорттық 

әлеуеті артып, әлеуметтік инфрақұрылым 

нысандары ашылады. Мыңдаған жұмыс 

орны құрылады, жергілікті бюджетке түсетін 

түсім көлемі де көбеймек. Құрылыс барысын-

да жергілікті еңбек ресурстары, құрылыс 

материалдарын, құрал-жабдықтар мен 

техникалар пайдаланылады.  

Жезқазған-Сексеуіл учаскесінде үш 

учаскелік және үш аралық стансы салу жос-

парланып отыр. Осы стансыларда тұрақты 

түрде 901 жаңа жұмыс орны ашылады. 171 

екі пәтерлі үй, екі орта және үш бастауыш 

мектеп, бес балабақша, амбулатория, фельд-

шер лік-акушерлік пункт және басқа да әлеу-

меттік-мәдени нысандар бой көтереді. 

Арқалық – Шұбаркөл теміржолы құрылы-

сының техникалық-экономикалық негіздеме-

сі бойынша Қарағанды облысының аумағын-

да үш аралық стансы, бір разъезд және 

Шұбаркөл жаңа стансысын салу жоспарда. 

Бұларға вахталық әдіспен қызмет көрсетілмек. 

Ол үшін жаңадан 189 жұмыс орны құрылмақ-

шы. Бір сөзбен айтқанда, осы жобаларды жү-

зеге асырудың тек Жезқазған, Шұбаркөл 

өңір лері үшін ғана емес, жалпы облысымыз-

дың, бүкіл еліміздің әлеуметтік-экономикалық 

дамуына қосылған қомақты үлес болары 

сөзсіз. 

– Туристік кластерге сұранып тұрған 

Балқаш, Қарқаралы, Ұлытау туризмін да-

мытудың мүмкіндіктерін жіктеп бере 

аласыз ба?

– Өте орынды мәселені қозғап отырсыз. 

Себебі туризм – әлемдік экономиканың шап-

шаң дамып келе жатқан салаларының бірі, 

халықаралық қызметтерді  көрсетуден жоға-

ры пайда келтіретін және қарқынды дамушы 

сегменттердің бірегейі. Әлемнің көптеген 

елінде туризм – валюталық түсімнің негізгі 

көзі. Міне, сондықтан да бүгін осы саланы ба-

рын  ша дамытуға  мемлекет тарапынан  баса 

на зар аударылып отыр. Оның үстіне Қа ра-

ғанды облысының ерекше табиғи ресурстары,  

жайлы географиялық жағдайы туризмнің 

бар лық түрін дамыту үшін кең мүмкіндіктер 

ашады. 

Өзіңізге белгілі, Қарағанды облысы  Са-



ры ар қаның  тарихи-географиялық  айма ғы -

ның негізгі бөлігін алады. Облыста Қазақ-

станның Швейцариясы атанған әсем Қар-

қара лы таулары, Балқаш көлі, көшпенділер 

мәдениетінің орталығы болған Ұлытау, Алаша 

хан мен Жошы ханның кесенелері, атақты 

Қоянды жәрмеңкесі және Ұлы Жібек жолы, 

Кент, Бақты, Қызыларай, Ұлытау таулары мен 

Нұра, Сарысу және басқа да көлдер орна-

ласқан.


Арқаның алтын тәжі саналатын Қарқара-

лы – Қарағанды облысының ең көне қалала-

ры ның бірі. Бүгіндері Қазақстанның экономи-

калық және мәдени өмірінде Қарқаралы 

ау да ны маңызды рөл атқарады.  Қазақ жері-

нің тағы бір киелі топырағының бірі – Жезқаз-

ған аумағында 1500-ден астам тарихи және 

мәдени ескерткіш бар екені белгілі. Әсіресе 

жүрегі елім деп соғатын қазақтың әрбір аза-

маты үшін Ұлытау өңірінің орны бөлек, маңы-

зы ерекше.  Ұлытау – қазақ халқының тарихи 

орта лығы, дала өркениетінің көне мәдениеті-

нің  кіндігі. 2011 жылы  «Ұлытау-ел» туристік 

ке 


шенінің құрылысы жобасы Қарағанды 

облы сының Жезқазған, Сәтбаев қалалары 

мен Ұлытау ауданының 2012-2017 жылдарға 

ар налған әлеуметтік-экономикалық дамуы-

н ың кешенді жоспарына енгізілді. Жобаны 

іске асыру 2013 жылы басталады. 

Шілде айында Қарқаралы ауданында бұ-

қа ралық ақпарат құралдары мен республи-

каның ірі туроператорларының өкілдері үшін 

– ақпараттық тур, балалар мен жасөспірімдер 

туризмін дамыту үшін «Менің Отаным – Қ а-

зақстан» республикалық жорығының облыс-

тық кезеңі ұйымдастырылды. Осындай бірқа-

тар жұмыс жүргізілуде.



– Шағын қалалар бағдарламасына 

енген аймақтағы сегіз қалашықтың құты 

қа лай кіріп, ырысы қайтіп тасымақ?  Ба-

ғыт айқын, бағдар нық па?

– Әрине, өзіңіз білесіз, Мемлекет бас-

шысы Қазақстан халқына арнаған биылғы 

Жолдауында ел Үкіметіне шағын қалаларды 

дамыту бағдарламасын жасауды тапсырған 

болатын. Осыған орай әзірленген кешенді 

құжатқа біздің облысымыздан сегіз бірдей 

қала енгізілді. Бұл қалаларда жалпы облыс 

тұрғындары – 44%-ды, өнеркәсіп көлемі – 

75 %-ды, ал негізгі капиталға инвестиция 

көле мі  50%-ды құрайды. Міне, осыдан-ақ 

біз дің облысымыздың әлеуметтік-экономи-

калық дамуына қаншалықты зор әсері бола-

тындығын бағамдай беруге болады. 

Сіз айтқан сегіз қаланың ішіне даму әлеуе-

ті жоғары Жезқазған, Теміртау, Балқаш және 

даму әлеуеті орташа Қаражал, Саран, Сәтба-

ев, Шахтинск, Абай қалалары кіреді. Барлық 

көзден тиісті қаражат толық көлемде бөлінген 

жағдайда 2020 жылға қарай аталған қала-

лар да 2011 жылмен салыстырғанда өнеркә-

сіп тік өнім көлемінің өсімі 10 пайыздан төмен 

бол майды. Ұзақ мерзімді экономика ны әр-

тарап тандыру үшін жалпы сомасы 150 млрд 

теңгені құрайтын 10 инвестициялық жоба 

жүзеге асырылып, 3 мыңнан аса жаңа жұмыс 

орны құрылады.  Белсенді жұмыс істейтін 

шағын кәсіпорындар саны төрт есеге көбейіп, 

8 мыңнан асады. Шағын және орта бизнестің 

инновациялық белсенді кәсіпорындарының 

саны 180 бірліктен төмен болмайды. Ол  

2011 жылғымен салыстырғанда екі есеге ар-

тық. Әлеуметтік, инженерлік-коммуникация-

лық және көліктік инфрақұрылым жағдайы 

әлдеқайда жақсарады.

Жалпы алғанда, осы көрсеткіштерге қол 

жеткізудің шағын қалалар тұрғындарының 

әл-ауқатын арттырып, облыстың әлеуметтік-

экономикалық дамуына қосылған қомақты 

үлес болары сөзсіз. 



– Облыстың тоғыз ауданының бар-

лығы дерлік ауыл шаруашылығына арқа 

сүйейді. Қыр қазағы төрт түлігінің өсіп-

өнуіне алаң...

– Оныңыз рас. Кезінде Кеңестер Одағы 

тарап, шаруашылықтың тоз-тозы шыққан уа-

қытта ауылдағы ағайындар біраз қиындықты 

бастан кешірді. Дегенмен бүгін жағдай мүлде 

басқаша. Тәуелсіздіктің 20 жылында қаншама 

өзгеріс болды. Егемен еліміз еңсесін тіктеп, 

әлемдік аренада өзінің лайықты орнын алды. 

Экономиканың барлық саласы қарқынды 

дамып келеді. Оның ішінде аграрлы өнеркәсіп 

кешенін дамытуға Елбасымыздың өзі қатты 

мән беріп отыр. Жыл сайын республикалық 

бюджеттен осы саланы дамытуға қыруар 

қаржы бөлініп жатыр. Кешенді бағдарламалар 

жүзеге асырылуда. Бұл орайда біздің облысы-

мызда да атқарылып жатқан шаруалар аз 

емес. Бүгінгі біздің алдымызға қойып отырған 

ең басты мақсатымыз – АӨК өнімі өндірісін 

тұрақты өсіру негізінде облысымыздың азық-

түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 

Осы мақсатқа жету үшін Қарағанды облы-

сының АӨК индустриялық-инновациялық 

дамытудың 2011-2015 жылдарға және 2020 

жылға дейінгі кезеңге арналған шаралар 

кешені бойынша жұмыстар жалғасын табуда. 

Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы малда ры-

ның басын көбейтуге, олардың асыл тұқым-

дық және өнімділік сапасын жақсартуға, 

жаңа технологияларды қолдану, машина-

трак тор паркін жаңарту арқылы ауыл шаруа-

шылығы дақылдары өндірісін арттыруға, 

АӨК барлық сферасында кең көлемді 

инновациялық-инвестициялық жобаларды 

іске асыруға мүмкіндік туады. 

Нақты цифрларға жүгінетін болсақ, 2011 

жылдың нәтижелері бойынша ауыл шаруа-

шылығының жалпы өнімі барлық шаруашы-

лық санаттарында 119,8 млрд теңгені 

құрады, оның ішінде өсімдік шаруа шы лығы 

– 52,0 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімі 

– 67,5 млрд теңге, ауыл шаруашылығының 

жал пы өнім индексі – 2010 жылмен салыс-

тырғанда – 113,3 пайыз.

Облыстағы ауыл шаруашылығы құры-

лым дары – 6776, оның ішінде шаруа және 

фермерлік шаруашылықтар – 5682. Ауыл 

шар уашылығы кәсіпорындары – 194. Ірі қара 

мал басының саны облыс бойынша – 404,1 

мың, оның ішінде сиыр  саны – 197,8 мың 

бас. Қой  саны 1027,6 мың басты құрайды.  

Жылқы саны былтырғымен салыстырғанда 

10 пайызға өскен. Құс  саны 20,8 пайызға 

өскен, яғни 2752,3  мың басты құрайды.

Аймағымызда «Ірі қара етінің экспорттық 

әлеу етін дамыту»  жобасы жүзеге асырылып 

жа тыр. «ІҚЕ экспорттық әлеуетін дамыту» 

жоба сының негізі – ұсақ және орта фермерлік 

шаруашылықтарды қолдау арқылы дамыту.  

Осы бағытта «ҚазАгро» ҰБХ АҚ фермерлік 

шаруашылықтарға жеңілдетілген несие түрі 

қарастырылған. 

2012 жылғы жоспарға сәйкес, облысы-

мыз да 2000  мал бордақылау алаңын құру 

жос парлануда. Сонымен қатар асыл тұқымды 

ре продукторлар  құрылмақшы. Биыл жоспар-

лан ған 1000  шетелдік селекциядан 293 ірі 

қара әкелінді.

Қой шаруашылығын және отарлы мал 

шаруашылығын дамыту бағытында бүгінге 

облыс бойынша аталмыш тапсырманы іске 

асыру мақсатында  әр аудандағы жұмыс істеп 

тұрған және жөндеуді қажет ететін құдықтар 

анықталып жатыр. Сонымен қатар Қарағанды 

облысы қой шаруашылығын дамыту бағда р-

ла 

масы бойынша пилоттық жобалардың 



қатарына еніп отыр. «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-пен 

бірлесіп, тиісті жұмыстар атқарылуда. 



– Әлеуметтің әлеуетін айғақтаушы 

білім мен денсаулық саласын Президент 

биылғы Жолдауында қадап айтты. 

Бұлардың таразы тасы өлкемізде тең бе?

–  Білім беруге қаржы бөлу, инвестиция 

салу болашаққа бөлінген үлес іспеттес. Бұл 

– талас тудырмайтын ақиқат. Сондықтан 

жергілікті билік органы ретінде біз күнделікті 

жұмысымызда бұл мәселені айрықша 

назарда ұстап келеміз. Халқымыздың заңғар 

жазушысы Мұхтар Әуезовтің «ел боламын 

десең, бесігіңді түзе» деген аталы сөзі бар. 

Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. 

Ал оларға түзу тәрбие беру, мектепке дайын-

дау ісінде балабақшалардың алатын орны 

ерек ше. Ғалымдардың пайымдауынша, бүл-

діршіндерді үш жасынан бастап терең ойлау 

про цесіне қатыстыру арқылы олардың мүм-

кін діктерін дамыту қажет. Бұл мәселені шешу-

де де Қарағанды облысы алдыңғы қатарда 

келеді. Қазір облысымызда қаржының тұрақ-

ты бөлінуіне қарай балабақшалар мен шағын 

орталықтар жүйесі көбеюде. Атқарылған 

шаруалардың арқасында мектепке дейінгі 

тәрбиемен қамтуда бір жастан алты жасқа 

дейінгі балалар – 85%-ды, үш жастан алты 

жасқа дейінгі балалар 97%-ды құрады. Бұл 

– Қазақстандағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

2013 жылдың алғашқы жартыжылдығын-

да үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды 

мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды облыс 

бойынша 100 %-ға жеткізуді жоспарлап 

отыр мыз. 2012 жылы салаға 60 млрд шама-

сын да қаржы бөлінді, бұл жергілікті бюджет 

шығындары құрылымында 30 пайызды 

құрайды.

Облыста үш ауысымдық оқыту жойылды, 

мектеп ғимараттарын жаңғырту жұмыстары 

жүргізілуде. Қарағандыда 720 орындық На-

зарбаев зияткерлік мектебінің құрылысы 

аяқталуға жақын. Құрылыс республикалық 

бюджеттен қаржыландырылады, жобаның 

жалпы құны – 3 млрд теңге шамасында. 182 

білім беру ұйымында жөндеу жүргізілді. Бұл 

мақсатқа облыс бюджетінен 2,3 млрд теңге 

жұмсалды. Өңір мектептерінің білім берудің 

қазіргі заманғы модельдерін әзірлеу бойын-

ша инновациялық қызметі республика деңге-

йін де мойындалып, жоғары бағасын алды. 

Тағы бір айта кетерлігі, биыл республикада 

тұң ғыш рет мемлекеттік-жекеменшік әріптес-

тігі шеңберінде Қарағанды мен Теміртауда 

4700 орындық 15 балабақшаның құрылысы 

басталды. Бұл жоба балалардың мектепке 

дейінгі мекемелерге орналасу кезектілігі 

мәселесін шешуге мүмкіндік береді. 

Биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында 

 

Жезқазған қаласы, Ұлытау және Бұқар жырау 



аудандарында 800 орындық үш мектеп 

пайдалануға берілді. Қазіргі таңда Елбасының 

тапсырмасын орындау мақсатында республи-

када Назарбаев зияткерлік мектебі жүйесі 

құрылуда. Қарағанды қаласында химия-

биология бағытындағы мектеп құрылысы 

басталды. Аталмыш мектеп ағымдағы жылы 

пайдалануға беріледі.

Облыста алдыңғы қатарлы техникалық 

және кәсіби білім ұйымдарының желісін 

кеңейту жұмыстары жалғасуда. Өңірдегі 55 

мемлекеттік кәсіби лицей мен колледждің 

33-іне инновациялық технологиялар енгізіл-

ген. Бұл оң нәтижелерін беруде. Атап айтсақ, 

инновациялық жабдықтармен қамтамасыз 

етілген Қарағанды политехникалық коллед-

жін де 2011 жылы техникалық мамандықтар 

бо йынша қабылдау 30%-ға өскен (бір орын-

ға – жеті адам).

Қарағанды және Теміртау қалаларының 

политехникалық колледждер базасында 

Оңтүстіккореялық AhA  компаниясымен біріге 

отырып, соңғы үлгідегі инновациялық оқыту 

жабдықтары шығарыла бастады. Жаңа 

құралдың аса қажеттігіне байланысты Білім 

және ғылым министрлігі, облыс әкімдігі, 

«Лидос LTD» ЖШС және AhA компаниясы 

ара сын да ғы  өзара  ынтымақтастық  меморан-

думы аясында «Сарыарқа» АЭА жоғары тех-

нологиялық интерактивтік жабдықтарды шы-

ғару зауытының құрылысы басталды. Өнім 

тек қазақстандық білім беру ұйымдарына 

ға 

на емес, ТМД елдеріне де жеткізілетін 



болады.

Білімді дамыту стратегиясын, оның сабақ-

тастығын, 12 жылдық білімге ұйымдасқан 

түрде көшуді қамтамасыз ету, эксперимент-

тердің жұмысын жалғастыру және иннова-

циялық білім беру жобаларын реттеу үшін 

ағымдағы жылда білім беруді дамыту оқу-

әдістемелік орталығы ашылды.

Дана халқымыз «жетім көрсең, жебей 

жүр» дейді. Сондықтан да жетім балаларға 

әлеу 

меттік қолдау көрсетуді азаматтық 



парызымыз деп санаймыз.  Облыста аталмыш 

санаттағы балаларды тұрғын үймен қамтама-

сыз ету бойынша 2013 жылға дейінгі кешенді 

жоспар жүзеге асуда. Оны жүзеге асыру ба-

рысында балалар үйі жанынан төрт жасөс-

пірімдер үйі ашылды. Теміртау қаласындағы 

«Ақниет» жасөспірімдер үйінің жобалау 

қуаты кеңейтілді.

Қарағанды қаласындағы №30 кәсіптік 

лицейдің жатақхана ғимаратында 20 жастан 

29 жасқа дейінгі балалар үйі түлектерінің 

уақытша тұруы үшін облыстағы алғашқы жас-

тар үйі ашылды. Биыл мамырда балалар 

үйінің алғашқы 40 түлегі орналастырылды.

Ал енді денсаулық сақтау саласына 

келетін болсақ, Мемлекет басшысының 

тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысында 

денсаулық сақтау саласы үнемі жетілдіріліп 

келеді. Қаржыландыру көлемі артып, емдеу 

мекемелері ашылып, қайта жаңғыртылып 

жатыр. Алғашқы медициналық-санитарлық, 

жедел жәрдем және стационарлық көмек те 

қарқынды дамып келеді. Ана мен баланың 

денсаулығын қорғау ісінде де айтарлықтай 

жұмыстар атқарылуда. Емдеу мекемелерін 

қазіргі заманғы медициналық техникалармен 

жабдықтау, алдыңғы қатарлы медициналық 

технологияларды енгізу халыққа қызмет 

көрсету сапасын арттыра түсуге, әр азаматтың, 

әр отбасы мүшесінің денсаулығын нығайта 

түсуге зор ықпал жасап келеді. Жалпы облыс 

бойынша медициналық-демографиялық 

және тұрғындардың денсаулық көрсеткіште-

рінің оң тенденциясы сақталып отыр. 

Сәбилер өлімі мен туберкулез сырқатынан 

өлім деңгейі едәуір төмендеді. Ал қан айна-

лымы жүйесінің ауруларынан өлім көрсеткіші 

50 пайызға төмендеді. Қатерлі ісік ауруымен 

ауыратын науқастардан бес жыл және одан 

да көп уақыт өмір сүретіндердің үлес салмағы 

58 пайызды құрады. Бұл –республикадағы ең 

жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Осының бәрі 

өңірлік денсаулық сақтау саласына мемлекет 

басшылығы, жергілікті билік органдары 

тарапынан көрсетілген қолдаудың нақты 

нәтижесі болып табылады. Сөзіміз дәлелді 

болуы үшін кейбір цифрларды атай кетейін. 

Тек қана соңғы бес жылдың ішінде сала 

бюджеті 2,5 есеге артып, 44,5 млрд теңгені 

құрады. Алғашқы медициналық-санитарлық 

көмектің әлеуметтік бағдары да айқын сезіле 

түсті. Сонымен қатар өткен жылдан бастап 

түпкі нәтижеге қол жеткізу индикаторларын 

ескере отырып, жан басына шаққандағы нор-

мативтің ынталандырушы компоненті енгі-

зілді.  Бұл медицина қызметкерлерінің еңбек-

ақысын көтеруге ықпал жасады.     

Медициналық қызмет сапасын арттыруға 

бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін 

енгізу де әсерін тигізіп отыр. Бүгінде осы 

жүйемен өңірдің 76 медициналық мекемесі 

жұмыс істейді.  Бәсекеге қабілетті орта құру, 

түпкі нәтижеге байланысты еңбекақы төлеу, 

ашықтық сияқты негізі қағидаттардың арқа-

сын 

да диагностика мен емдеудің жаңа 



техноло гиялары енгізіліп, мамандандырыл-

ған көмектің сапасы арта түсті.

Денсаулық сақтау министрлігінің қол-

дауы мен Қарағанды облысы бірыңғай ден-

саулық сақтаудың ақпараттық жүйесін жүзеге 

асырудың пилоттық өңірі ретінде таңдап 

алынды. Бұл мақсатқа 2 млрд теңгеден артық 

қаржы бөлінді. Осы жылдың соңына дейін 

барлық медициналық мекемені осы жүйемен 

толық қамтамасыз ететін боламыз.  

Жылдан-жылға медициналық мекеме-

лер 


дің материалдық-техникалық базасы 

нығайтылып келеді. Өзіңіз білесіз, жыл 

басын да Қарағандыда жаңа емхана пайда-

лануға берілді. Облыстық кардиологиялық 

орталықтың хирургиялық корпусының құры-

лысы да аяқталуға жақын. 

Бір сөзбен айтқанда, қарағандылық 

медицинаның аса зор кәсіби әлеуеті алдағы 

уа қытта да денсаулық сақтау жүйесінің тиім-

ділігін арттыруға, сапалы және қолжетімді 

қызмет кешенін дамытуға, аурудың алдын 

алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға 

мүм кіндік береді деген сенімдеміз.



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал