Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.78 Mb.

бет5/7
Дата08.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

облысында әскери қызмет атқарғанмын. Осы орайда менің біл-

гім келгені, менің радиациялық аймақта әскери қызмет 

атқарғаным ескеріліп, зейнеткерлікке ерте шығара ма?

Әмірхан ЕСІМХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Зейнетақы тағайындау орта лы-

ғы мама нының мәлі метінше, «Қа-

зақстан Республикасында зей нет-

ақы мен  қамсыз дандыру  туралы» 

ҚР 1997 жылғы 20 мау сым да ғы 

за ңы на  сәйкес,  зейнетақы  тө ле мі-

нің мөлшеріне әсер ете тін  негізгі 

өл шем дер  болып  1998  жыл дың  1 

қаңтарына де йінгі ең бек өтілі және 

зей нетақы есептеле тін 1995 жыл-

дың 1 қаңтарынан бас тап кез кел-

ген үш жылдың орташа ай лық та-

бысы табылады.

Жасына байланысты зейнет-

ақы төлем дерін толық көле мінде 

таға йындау 1998 жылдың 1 қаң-

тарына де йінгі толық еңбек өтілі 

ер адам дарға 25 жыл бол ған жағ-

дайда (жасы 63-ке толғанда) көз-

делген.

Бүгінде қолданыстағы зей-



нетақы заңнамалары бойынша, 

зейнетақы төлем дерін мерзімінен 

бұрын таға йындауда төтенше жә не 

барынша радиациялық қатер лi 

өңiрлерде 1949 жылғы 29 тамыз-

дан 1963 жыл ғы 5 шiлдеге дейiн 

кемiнде 10 жыл тұрған ер-азамат-

тар ға жалпы жұмыс өтілі 25 жыл-

дан кем бол маған жағдайда 50 

жасқа жеткенде зейнетақы та ға-

йындалады. 

Алайда басқа санаттағы азамат-

тарға зейнетақы төлемдерін мер-

зімінен бұрын тағайындауға құ-

қық тық негіз жоқ.

ҚЫЛМЫС


Оқиға ағымдағы жылдың 4 қыр күйе-

гінде орын алған. Осы күні «Қор дай» ке-

дені «Қарасу» бекетінің кеден қыз мет кер-

лері Қырғызстаннан Қазақстанға жол 

тарт қан екі доңғалақты тіркемесі бар 

«ДАФ» маркалы автокөлікті тоқтатып, оны 

қарау барысында заңсыз контрабандаға 

тап болады. Аса көп мөлшердегі апиынды 

алып өтпек болған Түркия азаматы көрі-

неді.  Ұқып тап  үптелген  қоңыр  түсті  бри кет 

авто машина кузовының жоғары қап та-

масында тығылған және сыртынан бірне-

ше қайтара қалың жабысқақ скотчпен 

оралған. Тінту барысында жалпы тәр кі-

ленген брикеттер саны 185 дананы құ рап-

ты. «Сараптама қорытындысы табыл ған 

жә не тәркіленген заттың есірт кі нің аса жо-

ғары сапалы санатына жататын апиын 

екендігін анықтаған. Аталған факт бойын-

ша ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бабы 

259-тармағы (аса ірі мөлшердегі есірт кі 

заттарының контрабандасы) және 3-бабы 

250-тармағы (аса ірі мөлшердегі есірткі 

затын заңсыз сату, иелену немесе сату 

мақ сатында тасымалдау, жасау) бо йынша 

қылмыстық іс қозғалды», – дей ді Кеден-

дік бақылау комитетінің БАҚ-пен байла-

ныс жө ніндегі бөлім басшысы Гаухар 

Ақба сова. Ал Қылмыстық кодекстің осы 

ба бын дағы қылмыс үшін өмір бойына 

бас  бос тан ды ғынан  айыру жазасы кесілуі 

мүмкін.


 Бұл ретте жүргізуші өзінің Қазақстан 

арқылы Түркияға бет алғанын айтқан. 

«Тергеу барысында жүргізуші Қырғыз Рес-

публикасынан Алматы қаласы арқылы 

Түркияға кетпек болғанын айтты. Ол өзінің 

кінәсін, әрине, мойнына алған жоқ. Көлікті 

сенімхат бойынша басқарып келгенін, 

сон дай-ақ есірткі заттары жасырылған 

орын туралы еш хабарсыздығын алға 

тартты», – дейді Контрабандамен күрес 

жөніндегі басқарма басшысының орынба-

сары Талғат Нұрманов.



Қанат ҚАЗЫ,

Астана

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



Басы 1-бетте

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)



№159 (841) 

11.09.2012 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ТҰЛҒА


Шаймерденов қандай қызметтер атқарды?

Сафуан Шаймерденовтің қандай еңбектері бар? 

Жеңіс ИСМАЙЛ, 

Алматы

Жазушының алғашқы көркем шығармасы 

– «Болашаққа жол» романы 1953 жылы жарық 

көр ді. Романда Қазақ университетінің зиялы 

қа уымы – про фессорлары, оқытушылары және 

студентте рі нің өмірі суреттеледі. Шаймерденов 

«Инеш» (1958) ро манын, «Мінез» (1960), 

«Мезгіл» (1964), «Таныс көрші» (1965), 

«Қарғаш» (1967), «Жыл құсы» (1969), «Сы-

бызғы сазы» (1971), «Өмір нұры» (1972), 

«Сел дің екпіні» (1977), «Мәж нүн тал» (1980), 

«Әдеби толқындар» (1985), «Аға лардың ала-

қаны» (1987) әңгіме-повес тер жи нақ тарын, 

ба 


ла 

ларға арналған «Жанар мен Данар» 

(1964), «Шал дуар» тағы басқа кітап тар жазған. 

Оның «Дө кей келе жатыр» (1979), «Өкіл әке» 

(1982) тағы бас қа пьесалары рес пуб ликалық 

жә не облыстық дра ма театрларында қойылған. 

Бір қатар  шығармасы  рес пуб лика лық  бас па-

лардан орыс тіліне аударылып, жа рия ланды. 

Л.Н.Толс той  дың  «Аль берт»  (1965)  пове сін, 

Р.Та гор дың «Күй реу» (1958) романын, «Ал тын 

сағым» (1960) по весте рін қазақ тіліне аудар-

ған.  ҚР  Мем лекет тік  сый лы ғының  иегері 

(1988). Оған Р.Тагор кі тап тарының аудармасы 

үшін Қазақ стан Жазу шылар ода ғының Б.Май-

лин атын 

да 


ғы сый 

лығы берілді (1982). 

«Құрмет бел гісі» ор дені мен және бірнеше ме-

дальмен марапат талған.



Сафуан Шаймерденовтің жазушылығы, қоғам қайраткерлігі көп айтыл ғанымен, ол 

кісінің өмірбаяны мен атқарған қызметі жайлы көп мәліметті біле бермейміз. Осы 

мағлұматтан бізді хабардар етсеңіздер екен. 

Ұлбике САҒЫНДЫҚОВА, 

Астана қаласы

Жазушы, драматург, ҚР Халық жазушысы 

Сафуан Шаймерденов 15.04.1922 жылы Сол-

түстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Аман-

гелді ауылында туылған. 1950 жылы ҚазМУ-ды 

(қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) бітірген. 

1943-45 жылдары – Солтүстік Қазақстан облы-

сы «Ленин туы» газетінде әдеби қызметкер, 

1950-52 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі 

«Жас алаш») газетінің Қарағанды облысындағы 

тіл шісі болды. Кейіннен «Әдебиет және искусст-

во» журналында бөлім меңгерушісі, редактор-

дың орынбасары (1952 -55), «Қазақ әдебиеті» 

газеті бас редакторының орынбасары (1955-

56), Қазақстан Жазушылар одағында проза сек-

ция сының меңгерушісі (1956-58), одан кейін 

осы бөлімнің хатшысы (1961-63), «Мәдениет 

және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында 

бөлім меңгерушісі (1958-60), Қазақ КСР Мәде-

ниет министрлігінде репертуарлық колле гия ның 

бас редакторы (1971-76) болып қызмет істеді. 

1976 жылдан бірыңғай шығарма шы лық жұмыс-

пен айналысты. Белгілі қаламгер, қазақтың арда 

ұлы Сафуан Шаймерденов 2007 жылы 23 ақ-

пан да дүниеден озды.

Жазушының қандай еңбектері бар?



Найзағайындай намыстың...

Қазіргі қазақ тарихы ежелгі жоңғар 

шап  қыншылығынан көрген зобалаңға көп 

басымдық беріп жүр. Бірақ қазақтың(әр 

кезеңдердегі) орыс саясатынан көрген нәу-

беті де аз болмағаны ақиқат. Өкінішке қа-

рай, ел тарихы жайлы айтылған, жазыл ған 

тұста бүгінгі әдебиет, тарих,қазақ киносы 

бұл тақырыпты назардан тыс қалды румен 

келеді. Қылышынан қан тамған кезеңдердің 

бірі есебінде айтылатын, қазақ ты қудалау-

дың дәуірі жүріп тұрған кезеңнің өзінде Са-

фуан Шаймерденов Колбинге елдің осы 

күйін еш тайсалмастан жеткізген: «Қазақ-

стан БЛКЖО Орталық Комитетіндегі баян-

да маңызда ұлтшылдық туралы көп айтыл-

ды, ал шовинизм туралы бір сөз жоқ. Бұл 

– Қазақстанда шовинизм жоқ дегенді біл-

діре ме? Сіз «жоқ оны білдірмейді. Қазақ-

станда шовинизм бар. Біз ол туралы баян-

дамада ұмытып кетіппіз» деп жауап бер-

діңіз. Бірақ бұл жердегі сіздің ұмытшақты-

ғыңызда қандай да бір заңдылық жатқан 

жоқ па? Сіздің «шовинизм туралы ұмытып 

кетіппіз дегеніңіз не сөз? Бұл деген сіздер-

де, Қазақстан Ком пар тиясының Орталық 

Комитетінде ұлт шылдықтың шығуымен 

күресудің арнайы жоспары бар да, шови-

низмнің шығуымен күресетін терең ойлас-

тырылған нақты жос пары жоқ. Міне, сіздің 

жауабыңыздан кейін осындай көңіл көн-

шімейтін, адамды жабырқататын қоры тын-

дыға келдім» үл гі сі нағыз тарихи фильм нің 

сценарийіне жүк емес пе еді? Бұл – бүгінгі 

тәуелсіз жұрт тың санасында жаңғырып 

тұрған, дәл қа зір қажетсініп отырған, бүгінгі 

зиялысынан көре алмай отырған ерлік.

«Хан емессің, қасқырсың! Қас албасты 

басқырсың. Дұшпаның келіп табалап, Дос-

тарың сені басқа ұрсын!» деген Махамбет-

тегі өрлікті 86-да: «Сіз қазақ тілін үйреніп 

жатырмын деп, қазақ тілін білмейтіндерге 

жақсы үлгі көрсеттіңіз. Алайда сіз аудито-

рияға және көрермендерге жауап бермес 

бұрын, алдыңыздағы қағазға бір көз жүгір-

тіп алып, қатты қарқылдап күл діңіз. Осы сәт-

те үйде, теледидардың алдында отыр ған 

менің денем түршігіп кетті. Өйткені бұл күл-

кілі сұрақ емес еді. Бірде Расул Ғамзатов бы-

лай деген еді: «…Егер менің тілім ертең жоға-

латын болса, мен бүгін өлуге дайынмын». 

«Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» деген қағида 

осындайда өзінің өміршеңдігін дәлелдей түседі. Аға буынның 

тағдыры, тарихы, өткені ортақ болса да, олардың ара-

сында елінің намысы үшін, ұрпағының саулығы мен Алаш 

баласының амандығы үшін атойлаған Сафуандай ерлер 

санаулы ғана. «Құлдықтан қорынбаған халық шіріп өлсе – 

сауап»(Асқар Сүлейменов) ұраны намысшыл жастарды алаңға 

алып шыққанда, әділетті шешімді талап еткен жастар аяусыз 

қырылған осы тұста, қазаққа «ұлтшыл» түсінігі айдарлана 

бастағанда Жұбан Молдағалиев, Сафуан Шаймерденовтей аға 

буын өкілдері жастарына қарлығаштай қанатын жайды, көңілі 

күпті елін жұбатты. Жазушы, қайраткер Сафуан Шаймерденов 

сол кезде «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің та-

рихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы бо-

лып тұрады...» (Әлихан Бөкейхан) қаупінен қазақты аман алып 

қалуға қарекет етті. «Колбин жолдас! Мен сізге менімен бірге 

көшеге екеуміз ғана күзетсіз шығуды ұсынамын. Қазақта ұлтшыл 

адам жоқ. Сенбесеңіз, екеуміз көшеге бірге шы ғайық, егер сізге 

біреуі қол көтеретін болса, көзіңізше дәл сол жерде өзіме керосин 

құйып өртеп жібе рей  ін…» деген оның ерлікке пара-пар әрекеті 

86-ның ызғарында елін «ұлтшыл» деген жаладан аман алып 

қалды, Тәуелсіздік басталар тұста қазақ тілінің мемлекеттік тіл 

статусын алуына түрткі болды.

БІРТУАР


ҮКІЛІ ҮЗІНДІЛЕР

ҮКІЛІ ҮЗІНДІЛЕР

«Егер сен халық тағдырындағы 

көкейкесті мәсе лелерді көтере алып, 

соны оқыр ман көңілінен шығарар 

болсаң, әне, талантыңның күш-қуаты – 

сонда. Ал күйкі тір ліктің болымсыз 

күйбеңімен айналысып, жазғаныңды 

оқырман көкейіне қондыра алмасаң – 

бейшаралығың».

(С.Шаймерденов. «Әдеби толқындар»)

* * * * *



Сөз орынын тапса, төңірегіне нұрын шашып тұра-

ды. Ал орынын таппаса, төңірегіндегі жарқы рап 

тұрғандардың өзіне де көлеңкесін түсіріп, көмескі-

лен діріп жіберерін бекер дей алмайсың ғой. Шамаң 

келсе, өз орныңды тауып, төңірегіңе нұрыңды ша-

шып жүргеннен артық не бақыт бар өмірде?!

(С.Шаймерденов, «Сөздің нұры»)

* * * * *



Жүріп келем. Ойлап келем: жыланның бар 

жазығы – менің жолымды кесіп өткені. Айбат шексе, 

жасаған шабуылы емес, көрсеткен қарсылығы ғана. 

Олай болса, неге өңмендедім? Оның қаруы – уы бол-

са, сенің қаруың – қолың. Батыр болсаң, жекпе-жек-

ке шық. Әйтпесе өз жолымен кетіп бара жатқан тір-

шілік иесінде не шаруаң бар еді? Ол жан екеш, 

жәндік бола тұрып, өлімді қасқайып тұрып қарсы 

алды. Ал сен болсаң?.. 

...Айтуға аузың бармайды... 

(С.Шаймерденов, «Үріккен даналық»)

* * * * *



...Күтуші әйелдің сөзі біздің де қабырғамызды 

қайыстырды. Көзімізге мөлтеңдеп жас келді. Ойлап 

қарасаң, керемет қой. Иманжановтың жантәсілім 

қылардағы сөзі «рақмет» болған. 

Қай күні дүниеден өтеріңді кім біліпті... Ал сонда 

дүниеден өтердегі соңғы сөзің не болмақ? Өзіңді 

қай қырыңнан көрсетерсің? Дүниеге келгеніңе 

рақмет. ...Жақсы адамдарға рақмет!.. 

Жақсы адамдар?.. Олар қайда? Ана көзінің жа-

сын көл етіп тұрған күтуші әйел жақсы адам ба? 

Жақсы адам болса, өліп жатқан басқалар үшін неге 

егілмейді? 

Жоқ, жақсы адам – сенің кеудеңде. Жақсы 

адам сенің қан тамырларыңның соғысында. 

Жақсы адам сенің мінез-құлқыңда. 

Жақсы адам...Сен жақсы болсаң ғана жақсы... 

(С.Шаймерденов, «Өлердегі сөз») 

Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ,

 жазушы:

–  Жа зу шы    ның  жүріс-тұрысы,  киім  киісі, 

сөйлеу мәнеріне дейін – жұрт шылық наза-

рында. Ал біз сияқты сөзбен «ауырған» 

жас таланттар ға жазушының сырт тұлғасы-

ның өзі нен оның шығарма жазу мәнері 

көрініп тұрғандай әсер етуші еді. Мәселен, 

Мұхтар Әуезовтің тұла бойындағы ұлылық, 

ғұламалық, маңғаздық, тереңдік, ерекше 

ауыр салмақ оның шығармаларында қағаз 

бетіне сол күйі түсетіні кү мән тудырмай-

тын. Сәбит Мұқа нов бойындағы қара-

пайым дылық, мі незіндегі ашықтық, тура-

шыл дық оның жазғанда рынан да ап-анық 

көрініп тұратын. Ал ұлы Ғабеңнің – Ғабит 

Мүсіре пов бо йындағы паңдық, кербездік, 

тә каппарлық – оның жазу мәнерінде сол 

күйі қайталанғандай әсер қалдырушы еді. 

Баяғыда Қызыл жар өлкесінде сал-серілер-

ден бө лек, паң Нұрма ғамбет деген кісі 

өтіпті. Ғабең маған сол паңдар дың бүгінге 

жеткен сарқыты сияқты көрінуші еді… 

Сол паңдар елінде туып-өскен Сафуан 

ағамыздың тұлғасынан да бір тектілік, 

сүйекке біткен сері лік пен ірілік байқалып 

тұратын. Қа шан көрсең, сол сырбаз да сал-

қын, салмақты қалпы. Сындардай сұң ғақ 

бойы қандай! Иілмей-бүгіл мей, тіп-тік бо-

лып жүретін еді… Сафе кең 60 жасқа тол-

ғанда ақын ағамыз Ғафу Қа йырбе ковтің 

оған арнаған өлеңі бар. Сол өлең дегі 

«сорайған сол түстіктің қара ғайы» деген 

бір жолға Шаймерденов тұлғасы тү гел 

сыйып тұрғандай. Сафуан Шаймерденов-

тің  ту ра  шылдығы,  шыншылдығы,  кім нің 

алдында болсын, өз пікірін бетке айтатын 

батылдығы небәрі екі жарым жыл билік 

басында отыр ған Колбин кезінде жарқы-

рап кө рінді. Әйгілі Желтоқсан қозғалысы 

қазақ зиялысын сы нақтан өткі зетін қыл-

көпір болды ғой. Қонаев орнынан түсіп, 

Колбин келгенде «Мен осы өзгерісті қан ша 

жыл күттім» деп оның алдына барып бас 

ұрған қазақ қаламгерлерін де білеміз. 

Бұлардан басқа сол екі жыл ішінде Кол-

биннің алдын босатпай, онымен ауыз жа-

ласып, достасып алғандар қан шама! Кол-

бин сол екі жылда Жазушылар одағына екі 

рет келді. Қан ша дегенмен, арты қуыс 

адам ғой, жазушылардан қатты қаймы-

ғатын. Сол кездесулерде оған екі жазушы 

мықтап тойтарыс берді. Олар Сафуан Шай-

мерденов пен Жұбан Мол дағалиев еді.

Бұл күнде Алматының батыс жағын-

дағы коттедждер қала шы ғында «С.Шай-

мерденов көшесі» деген көше бар. Бұл – 

жазушы Сафуан Шаймерденовке беріл-

ген көше ме, әлде даңқты спортшы, КСРО 

спорт шебері, КСРО-ға ең бек сіңірген 

жат тық ты ру шы,  кө гал дағы  хоккейден 

әлем чемпионы, Сафуанның ұлы Саян 

Шаймерденовке берілген көше ме – ол 

жағын ары-бері өткен былайғы жұрт біле 

бермейді.

Бәлкім, әкелі-балалы екеуіне бір көше 

жетеді деген шығар. Даңқ көшесі, Талант-

тар көшесі, Шай мерденовтер көшесі… Сол 

көшеде менің Жәнібек деген кенже ұлым 

тұрады. Сол көшемен баламның үйіне 

барған сайын Сафуан ағаны еске аламын. 

Көз алдымда – естен кетпес, әлі күнге дейін 

Петропавл деген аттан құтыла алмай 

жүрген Қызылжар өлкесі. Ақ қа йыңды 

алқаптар, қа рағайлы қапталдар…

Төлен ӘБДІК, 

жазушы:

– Сапекең – қазақ әдебиетінің үлкен тұлғаларының 

бірі. Оның жазушылық, шығармашылық ауқымы кеңдігі, 

тереңдігі – өз алдына жеке әңгіме. Адамгершілік, азамат-

тығы – бір төбе.Сапекең бүкіл қазақ жазушыла рының 

ішіндегі ең батыр, пікірін ашық айтатын азаматтық жау-

апкершілігі өте биік жазушы еді. Кешегі Желтоқсан кімнің 

кім екенін көрсетіп берді. Жазушылармен кездесуінде 

Колбиннің бетіне қатты батырып айтқан екі адам болды. 

Оның бірі Жұбан Молдағалиев болса, екінші сі осы Сафу-

ан Шаймерденов еді. Әрине, Жұбанның сөзі – өз алды-

на. Өте сезіммен сөйледі. Сапекеңнің де сөй леген сөзін 

бәріміз тыңдап отырдық. Ол кісі пышақпен тілгендей 

қылып айтты. Тіпті Колбиннің өзіне: «Сіз неге ыржалақтай 

бере сіз?» – деді. Сол кезде біздің жүрегіміз дірілдеп 

қоя берді. Бәріміз іштей «енді қалай болады?» дедік. 

Кеңес өкіметінің қылышынан қаны тамып тұрған кезі. 

Мен ол кісінің соншалықты ұлтжандылығы мен сауат-

тылы ғына қайран қалдым. Жазушылар одағының есеп 

беру жылдық қорытындысында ақын, жазушылардың 

еңбектерін қатты сынайтын. Ақиқатын еш бүкпесіз ай-

татын. Қазіргі қоғамда Сафекеңдей адам ауадай қажет 

болып тұр. Мұндай ерлік – қазір дефицит. Бізде, рас, 

ақы нымыз жетіп жатуы мүмкін, білімдіміз жетіп жатуы 

мүмкін. Бірақ бізге бүгін Сафуанның ерлігі жетіспейді. 

Смағұл ЕЛУБАЙ,

 жазушы:



– Сафағаны біз бұрын қазақ әдебиетінің үлкен бір 

тұл ғасы ретінде білетін болсақ, 1986 жылы ол кісіні хал-

қы ның қасынан көрдік. Сол күндерден кейін ол кісі маған 

хабарласып: «Жүр, жастарымызды анау Первомайканың 

арғы жағына апарып, төгіп, көміп тастапты. Соны көзі-

міз бен көрейік», – деді. Бірақ біз ол жерге барып, ары 

із деп, бері іздеп, балаларды таба алмай пұшайман бо-

лып қайттық. Бұл қадамы ол кісінің ұлты үшін, ұрпағы 

үшін көзсіз майданға кіретінін көрсетті. Біз ағалы-інілі 

болып араластық. 1989 жылы «Мемлекеттік тіл – қазақ 

тілі бол сын» деп хат жазып, Сафағамен бірге екі ай бойы 

орыс, кәріс, неміс, украин секілді ұлт өкілдерінің үйіне 

кіріп жүріп, қол жинадық. Өзіміздің ақын, жазушы, әнші, 

актерлердің арасында да, тіпті сол кезде министр болып 

тұрған ағамыздың өзі осы бастаманы қолдамай, ат-тонын 

ала қашқандары болды. Бірақ Сафуан аға оған мойыған 

жоқ. Ол бастамамен жазылған басқа ұлт өкілдерінің де 

қолы бар хат «Қазақ әдебиеті» газетіне басылды. Бұл 

қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қабылдануына үлкен 

түрткі болды. Ұлттың намысы шүберекке түйілген сәтте 

іш кен асын жерге қоятын. Ол кісінің одан өзге де жекеле-

ген азаматтық әрекеттері де жетеді. Бірақ жұрт алдымен 

мақтанышпен айтатын Сафағаның ерекше қайраткерлігі 

осы екі оқиғалардан айқын көрінді.

Енді қалай? Тілің жоғалған соң, өмір сүрудің 

қандай мағы насы бар? Тілі жоқ кез келген 

адам, мейлі, ол кім болсын – патша немесе 

шаруа, оқымысты ғұлама немесе алыпсатар 

– ешкім емес. Ал сіз болсаңыз, қарқылдап 

күл діңіз. Маған сіздің осы күлкіңіз түсініксіз. 

Сіз Қазақстанға келгелі жұрт   шылықпен жиі 

кездесіп жүрсіз. Оны теледидардан біз де 

қарап отырамыз. Сонда байқаға ным: сіз 

осы жұртшылықтың алдында неге ыржың-

дап күле бересіз? Көпшілік сізге мазақ па? 

Әлде халықты балаша алдағы ңыз келе ме? 

Осыған жауап беріңіз ші?» деген қайсар-

лығымен Сафуан қайта лады деседі көрген 

жұрт.«Сафуан өмірде де, өнерде де жасан-

ды үлкендікке ұмтыл маған. Биіктігіне қара-

мастан, қата рынан бойын асыруға тырыс-

паған. Өзінде бармен көзге ұрып, өз геден 

артылам демеген» дейді академик Зейнол-

ла Қаб долов өз естелігінде. Расымен де, біз 

өткеніне үңілген сайын ол кісінің еңсесі де 

биіктей береді. Оның жазушылы ғынан 

бөлек, азамат тық, қайраткерлік ұста ны мы-

нан «Еділ үшін егестік, Жайық үшін жан-

дастық» дейтін бабалар ерлігін, баба лар 

батыр лығын көреміз. «Елін, жерін, ұлтын, 

ұланын сүюдің ең биік үлгісі осындай болса 

керек-ті» деген тұжырымға бекисіз. Біз 

жоғалтқан, біз іздеп жүрген, бізге бүгін ауа-



дай қажет қасиет те осы секілді...

Сайын ЕСМАҒИ, 

С.Шаймерденовтің ұлы, журналист:

– Қазақтың Сәбит Мұқанов, Тахауи 

Ахтанов, Зейнолла Қабдоловтай ақын-

жазушылары үйден үзілмейтін. Әкемнің 

арқасында мен осындай қазақтың зия-

лы, ұлы тұлғаларын көріп өстім. Әкем 

үнемі «жазушы тек қана көрген-білгенін 

қағазға түсіріп отырмауы керек, жазушы 

– халықтың рухани көсемі» деген сөзді 

айтып отыратын.Мен ол кісі өмірден 

озғанға дейін қасында болдым. Ол кісі 

осы қағидасынан ешқашан қайтқан 

емес. Халқының басына қандай қиын-

дық туса, сонда папам жүретін. Елді 

алаң датқан кез келген мәселе болсын, 

папам міндетті түрде соған араласып, 

өзінің үнін қосып, соның шешілуіне үле-

сін тигізетін. 1986 жылғы оқиға кезінде-

гі папамның әрекетін көпшіліктің бәрі 

біледі. Мен осы оқиғадан соң бірнеше 

жыл өткеннен кейін: «Папа, Саян – атақ-

ты спортшы. Саянға кесірім тиіп кетеді 

деп ойламадыңыз ба? Қалай соған 

бардыңыз?» – деп сұраймын. Сонда 

әкем: «Сайын, осындай сын сағатта 

әркім өзінің, бала-шағасының болаша-

ғын, ертеңін ойлайтын болса, онда біз 

баяғыда-ақ құрып кетер едік. Қазақ 

бүгінге жетпес еді. Халқының басына 

нәубет төнген кезде«елім, жерім, ұл-

тым» дейтін азамат елімен бірге болуы 

тиіс. Қарашы, біздің елде қаптап жүрген 

шешен, шүршіт, неміс, кәрістер қайдан 

келді? Олардың да басына осындай нәу-

бет төніп, «мыналар ұлтшыл» деп, 

олардың ту-талақайын шығарып, жер 

аударып жіберген жоқ па?! Қазақ тар-

ға1986 жылы дәл осындай «ұлтшыл» 

деген айдар тағылып кеткенде біздің де 

күніміз күн болмай, не жерге иелік ете 

алмай, босып кетер едік. Қазақ ұлтшыл 

болса, неге біздің екі бірдей қаршадай 

қызымыз Ұлы Отан соғысына қатысып, 

ерлікпен жанын қиды? Неге олар ұлт-

шыл болса, Кеңес Одағының батыры 

атанады?! Менің кішкене ғана 70 үйден 

тұратын ауылымнан 100-ден астам 

адам осы соғысқа аттанып, Отанын қор-

ғап, қаза тапты. Бұл қазақтың ұлтшылды-

ғы ма деп жүріп, қазақты жаладан ара-

ша ла дық. Сендер өздеріңе бұйырған 

нәсіпті, бұйырған тағдырды көресіңдер», 

– деді. Одан бөлек, 90-жылдары қазақ-

тың тіліне қауіп төнгенде (папам ның 70-

тегі кезі) ол кісі қасына Смағұл Елубай ды 

ертіп алып, көше-көшеде жаяу жүріп, 

қол жинап, мемлекеттік тілге ара түсті.

Кең ес  кезінде  жазушыларды  үлкен  сая-

сатқа араластырды, саяси ойынға пай-

даланды. Соған лайық оларға кезексіз 

үй берілді. Сол кезде, мысалы, КСРО-

ның он дүркін чемпионы ұлы Саян үш 

бала мен бір жарым бөлмелі пәтерде 

тұрды, мен пәтер жалдап, әр жерде 

жүр дім. Сонда үлкен шешем: «Ей, Сафу-

ан, балалар үйден қиналып жүр. Саяның 

– анау, Саинің – мынау. Мемлекеттік 

сый лықтың  иегерісің,  Халық  жазушысы 

деген атағың бар. Үлкен жаққа барсаң-

шы, балалардың жағдайын жасап бер-

сеңші», – дейтін. Шынымен, мен де сол 

кезде (балалықтан болар) ренжитінмін. 

Өйткені кейбір ақын-жазушылардың 

балаларының қос-қостан пәтер алып 

жа та тынын көретінмін. Әкем сонда: 

«Әй, Бағдат, мен қазір пәтер сұрап бар-

сам, бастықтар сөзімді жерге тастамай-

ды, үйін береді. Содан кейін өзінің сөзін 

айтқызады, өзінің саясатына араласты-

рады. Елдің көңілінен, менің көңілімнен 

шықпайтын сөздерді айтқызады. Сонда 

ол ел алдындағы менің қай азаматтығым 

болады?! Ол менің ұстанымыма қарсы. 

Балалар өз несібесін өздері тауып үй-

ренсін. Оның бәрі – ертең өзі-ақ ең бек-

пен келетін нәрсе», – дейтін. Қазір мен 

әкем ді мақтан тұтамын. Сол кезде кеңес 

өкіметін  мақтап, жағдайын жасаған 

ақын-жазушылардың қазір аттары да 

аталмайды. Ал менің әкемнің есімі бүгін 

азаматтық жайлы айтылған әр әңгімеде

әр естелікте аталады. Бұл біздің кеудемізге 

мақтаныш толтырады. Менде балалары-

ма осындай естелік қалдырғым келеді. 

Бұл – менің әкемнің салған жолы.


1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал