Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.65 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, ҚР Халық 

әртісі: 

 Неге болса да сырт көзбен 

қарап, баға бере салу, қандай да бір 

кемшілігін табу оп-оңай, ал оны өзің 

жасау, өзің шығару деген тіпті де оңай 

емес. Мәртебелі сахна, мәртебелі 

көрерменнің құдіреті, мысы деген 

бар, одан тайсалмай ойнап шығу, 

сондай-ақ өзіңе берілген рөлдің 

тереңіне бойлап, сіңіп кетудің не 

екенін тек осы сахнаға шығып көрген 

адам ғана айта алады. Жан жылытар 

сөздер мен тамаша қол шапалақтау ол 

сахнаға шексіз беріліп, жауапсыз сүйе 

алған актерге ғана бұйырады. Бүгін 

мен сахнадан оны шексіз сүйетін, 

барынша шынайы берілген актерлерді 

көрдім, сондықтан бұл қойылымды өз 

деңгейінде шықты, мәртебелі 

сахнаның мерейін өсіріп, мәртебелі 

көрерменді тәнті етті деп толық айта 

аламын. 

Мәриям ЖАГОРҚЫЗЫ

Ауа секілді көзге көрінбесе де, тіршілік үшін сол ауадай қажет 

дүниенің бірі – махаббат. Бір қызығы, біз адамдар оны бар ма, 

жоқ па деп талқыға салып жатқанда, ол бізге миығынан күліп, өз 

уысына түсіріп  те үлгереді. Ал содан «мен саған жоқты 

көрсетейін» дегендей,  жұмыр басты ары да жұлқылап, бері де 

жұлқылап, барынша тәлкекке салатындай. Мықтымын деген жан 

не дер кезінде ақылдан қалқан жасап, өзін қорғап қалса, осал жан 

сол бір от сезімнің соңында не өзі өліп, не өзгені өлтіріп 

тынатындай...  Біз көрген «Карменсита» жалпы көрерменге 

қайдам, маған осындай ой түйдірді.

ФОР


УМ

Жастардың ғылыми-шығармашылық 

жұмыспен айналыссам, руханият дүниесіне 

үлесімді қоссам дейтін үмітін үкілеуге, сол 

арқылы дүниетанымдық ойлау мәдениетін, 

рухани-зерделілік танымын, зерттеушілік 

ізденісін қалыптастыруды көздейтін атал-

мыш Орталықтың кезекті шарасы қара 

шаңырақ табалдырығын аттаған әрбір 

жастың оқуы, көңілге тоқуы тиіс деп есеп-

те летін, әлі де толыға берер, өзге жоғары 

оқу орындары тарапынан қолдау табар, 

ҚазҰУ жастарының үндеуіне үн қосар 

деген ниетпен университет басшылығы 

тарапынан басталған  «Жүз көркем туын-

ды» жобасы аясында республика  жоғары  

оқу орындары студенттері арасында 

өткізіліп отырған «Қазақ прозасындағы 

әйел тағдыры» атты ғылыми-тәжірибелік 

форумның да басты ұстанымы десек, 

артық емес.

– Орталықтың мақсаты – жаһандану 

дәуірінде өмір сүріп отырған жастарымыз-

дың   рухани уыздан ажырап қалмауын, 

көркем шығарма оқуға деген құлшынысын 

арттырып, ата дәстүрге, әдет-ғұрыпқа де-

ген адалдықтан айнымауын, біліміне қоса 

білігін, тәрбиесіне қоса танымын тәрбие-

леп, сол арқылы көркем әдебиеттің көк-

жиегін саралауда өзіндік ой-тұжырымын 

қалыптастыруға дағдыландыру, ғылыми 

ізденіске баулып, зерттеушілік қарым-

қабілетін   шыңдау, болашағына үміт ұяла-

ту, – дейді «Ай-Ару» рухани-танымдық 



Қазақ прозасындағы әйел тағдыры

студент қыздар Орталығының жетекшісі, 

профессор Қ.Мәдібай. 

Форум жұмысына әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.Бөкетов 

атындағы ҚарМУ, Қорқыт Ата атындағы 

ҚМУ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагоги-

калық университеті, С.Демирел атындағы 

университет, Тараз мемлекеттік педагоги-

калық институтының жас ізденушілері қа-

ты сып, қазақ қызының қилы тағдыры, ары 

мен азабы, өрлігі мен ерлігі арқау болған, 

алаш әдебиеттану ғылымында өзіндік 

бағасын алып үлгерген Жамал, Ақбілек, 

Шұға, Шолпан, Ботагөз және т.б. бастаған 

қазақ әйелдерінің көркем бейнесі, қазақ 

әдебиетіндегі әйел-ана тағдыры  бүгінгі 

күн тұрғысынан бағаланып, көркем туын-

дыдағы әйел-ана бейнесінің сомдалу 

ерекшелігі, образ шынайылығы, авторлық 

ұстаным, көркемдік, шеберлік, стиль т.б. 

мәселелердің жас буын өкілдерінің көзқа-

расы деңгейінде саралануы, ұлттық про-

заның өткені мен бүгінін зерделеуге деген 

жас толқынның ынта-ықыласы өркениетке 

қадам басқан өсер елдің, рухани қажет-

тілікке ұмтылған, көркем шығарманың 

баға жетпес құнын, қадір-қасиетін зерде-

леу 

ге талпынған өскелең жастың игі 



қадамы, сәтті талабы демеске шарамыз 

жоқ.  


Ғылыми форумды факультет деканы, 

профессор Қ. Әбдезұлы кіріспе сөзбен 

ашып, қатысушыларға сәт-сапар тіледі. Екі 

кезеңнен тұратын алқалы кеңеске М.Қо-

жах метова, Қ. Әбілда, К. Ахмет, С. Ержано-

ва, Қ. Әжиев, Ә. Бөпежанова сынды жазу-

шылар, әдебиеттанушы-ғалымдар 

қазы  лық жасап, болашақ әдебиетшілердің 

ғылым жолындағы алғашқы қадамдарына, 

ілгерішіл ізденістеріне, жаңашыл пайым-

дауларына тәнті болды.

Қазақ әдебиетінің бүгіні, болашақ-

бағдары, жастардың көркем әдебиетке 

деген құлшынысы, кітап оқу мәдениеті 

жайында пікір алмасу, ой өрбіту т.б. мәсе-

ле лерге ұласқан келелі жиынның тұщымды 

баяндамалары негізінде ғылыми жинақ 

әзірленіп, таяу күндері жарық көретін 

болды. Университет мұражайын аралап, 

Студенттер сарайындағы мерекелік қойы-

лым ды тамашалаған форум қонақтарының 

ұйымдастырушыларға деген алғысы да 

шексіз.

Шоқан ШОРТАНБАЕВ, 

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің

аға оқытушысы

Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті 

филология, әдебиеттану және 

әлем тілдері факультетінде 

«Ай-Ару» рухани-танымдық 

студент қыздар орталығының 

құрылғанына бір жылдың 

жүзі толды. 

Бір қызығы, мақаланы жазарда әйел рөлін сомдаған ерлердің 

тізімін жасадым. Көп екен, саусағым жетпеді. Тіпті есіме түскендерін 

ғана тізгеннің өзінде. Кенет ойыма «еркек рөлін сомдаған әйелдер 

ше?» деген сауал сап ете қалды. Есіме бірін түсіре алсам-шы... 

Р.S.

Бакалавриатқа тікелей түсе аламыз ба?



«Назарбаев университеті» бакалавриатқа тікелей түсуге мүмкіндік беретін 

бағдарлама жасап жатқаны рас па? Бұл бағдарламаның қандай 

артықшылықтары бар? Оның талап-ережелері қандай?

Асхат ҒАБИТҰЛЫ, Ақтөбе облысы

Pm.kz сайтында келтірілген мәліметтерге 

сенсек, «Назарбаев университеті» биылғы 

жаңа оқу жылында студенттерді бакалавриат 

бағдарламасына тікелей Foundation бағдар-

ламасынан тыс қабылдай бастайды.

Аталған жоғары оқу орнында Foundation 

бағдарламасынан тыс, бакалавриат бағдар-

ламасына тікелей оқуға түсудің жаңа ереже-

лері әзірленген. Атап айтқанда, ағымдағы 

жылы оқуға тікелей түсу және басқа оқу 

орын дарынан ауысу іс-шаралары қарасты-

рылып отыр. Тікелей оқуға түсетін және ауы-

сып келетін студенттер үшін  50-ге жуық орын 

берілмек. Бүгінгі таңда «Назарбаев универ-

ситетіне» оқуға түсуге ниетті талап кер лермен 

мақсатты түрде жан-жақты әдіс 

темелік 


дайындықтар жүргізілуде. Талап керлердің 

көбісі қазірдің өзінде ағылшын тілі бойынша 

IELTS, TOEFL сертификаттарына ие.

Мұндағы дайындық курсы 500 адамға 

дейін қабылдай алады. Қаңтар айының 

соңында жағдай бойынша 4000-нан астам 

өтініш  қабылданып  отыр,  ал  олардың        

2000-ға жуығы ағылшын тілі бойынша 

диагности 

калық тест (ВСЕРТ) тапсырып 

үлгерген. Наурыз-сәуір айларында өтетін 

келесі кезеңде талапкерлер пәндер бойын-

ша SET тестін тапсырады. Бұл емтихан 

 

University College London (UCL) оқу орнымен 



серіктес тікке жүргізіледі. Алдағы маусым 

айының соңында іріктелген барлық талап-

керлердің алдын ала саны мен олардың 

баллдары белгілі болады. Шілде айында 

қабылдау комиссиясы барлық материал-

дарды зер 

делеу жұмыстарына кіріседі. 

Университет сайтында келтірілгендей, 

оқуға өтініш беріп отырған үміткерлердің 

21,8 пайызы  астаналықтар болса, 18,7 па-

йы зы  –  алма ты лық тар,  8  пайызы  –  Оң түс тік 

Қазақстан облысынан.



«Әйел нені қалайды?» деген жауабы жоқ ұлы 

сұраққа әйел жанын отыз жыл бойы зерттеп 

жүргеніме қарамастан, оның жауабын таба 

алмадым, таба алмаймын да. 

Зигмунд Фрейд 

Бесік тербеткен аналар әлемді де билейді .

 Уильям Росс Уоллес 

№41 (723) 

8.03.2012 жыл, 

бейсенбі             

6

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

 

Әйелдердің халықаралық мерекесі жыл сайын әртүрлі тақырыппен, белгілі 



бір ұранмен аталып өтіп жүр. Биылғы мерекенің тақырыбы қандай?

Ләззат, Астана қаласы

2005 жылдан бастап, 8 Наурыз – 

Халықара лық әйелдер мерекесі БҰҰ шеңбе-

рінде белгілі бір тақырыппен аталып өтетін 

болды. Мәселен, 2005 жылы «Әйелдер 

теңдігі: кепілді келешек үшін», 2006 жылы 

«Әйелдер шешім қабылдау процесінде. Үн 

қату мен өзгеріс жасауға жауап беру», 2007 

жылы «Әйелдер мен қыздарға қатысты 

зорлық-зомбылық жағдайларында жазадан 

құтылып кетуге тосқауыл қою», 2008 жылы 

«Әйелдер мен қыздардың дамуын инвести-

циялау», 2009 жылы «Әйелдер мен ерлер, 

қыз-келіншектерге қатысты зорлық-зомбы-

лықты бірлесіп тоқтатайық», 2010 жылы 

«Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер: даму 

бәріне ортақ» деген тақырыптармен өткен. 

Ал былтыр әйелдер мерекесіне «Білімге, 

кәсіби дайындыққа және ғылым мен техни-

ка жетістіктеріне тең қолжетімділік – әйел-

дердің лайықты жұмыс табуына ашылған 

жол» деген тақырып берілді. Ал биылғы 

тақырып – «Ауыл әйелдерінің құқықтары 

мен мүмкіндіктерінің кеңеюі – аштық пен 

жоқшылыққа тосқауыл».

Әйелдер мерекесінде 

табиғат жаңарады екен

8 Наурыздың биылғы тақырыбы не?



8 Наурыз – Халықаралық әйелдердің мерекесі табиғаттың 

жаңару құбылыстарымен сәйкес келеді деп жатады. Халықтық 

сенім бойынша, бұл күндері қандай құбылыстар болады? 

Анар МҰСТАФИНА, Алматы қаласы

Көктемнің алғашқы мерекесі 

тойлана тын күніне көптеген табиғи 

құбылыстар сәйкес келеді екен. 

Мәселен, халқымыз бұл күні құстар 

жылы жақтан қайтады, ал көшпейтін 

құстар ұя сала бастайды дейді. 

Торғайлар бұл мезгілде өзара ұя 

бөліседі. Осы кезеңде құстар мекеніне 

өз уақытын да жетсе, сол жылы егін 

бітік шығады деген сенім бар. Биыл 

– кәбиса жылы. Кәбиса жылы 

наурыздың сегізінде қатты аяздар 

соңғы рет бір көрініс береді екен 

және аяз бір аптаға созылады. Бұл 

кезең де сауысқандар орманға кетіп

бұлды рықтар ән салуды бастайды.

АЛАШ АРУЫ



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ... 

– Қазір біздің қоғамда сондай бір жағымсыз үрдіс етек алып бара жатыр: 

бойжеткен қыздарымыздың өзі ұятты жиып қойып, қалталы азаматтарды аңдитын 

болып алды. Қыз бала үшін абыройлы іс емес, алайда оларды соған мәжбүрлеп 

отырған түрлі жағдайлар бар болып тұр ғой. Қазақта ондай нәрсе болмады дей 

алмаймыз, бұрын бабаларымыз үш-төртеуге дейін әйел алған. Бірақ олар әр әйелін 

бөлек отау қылып ұстаған ғой. Мен бүгін де егер сондай азаматтарымыз алған екінші 

әйелін де жылатпай, одан туған балаға да қамқор болып, сондай-ақ бәйбішелер де 

кеңдік пен кемелділік танытып, сол кіші әйелдерге көп нәрсені үйретіп, тәрбиелей 

алса, онда бізде керемет қоғам орнап, демографиялық ахуалымыз әлдеқайда 

түзелер еді деймін. Ал қазір ше, ешбір тарап ақылдылық таныта алмай отырғанның 

кесірінен отағасы жас иістің соңынан кетіп, алғашқы жары мен бала ла рынан кері 

бұрылып, онымен қоймай сол бәлен жыл отасқан әйелін жамандап шыға келеді, 

осыған қарным ашады менің. Ал енді соны жылатып жүрген ер-азаматтарға айтар 

едім, қыздың көз жасына қалудан қорық, бұл – бір, екіншіден, қалтаңда ақшаң 

артылып жатыр ма, қыз-қырқын аңдымай, артта қалған ауылыңа мойын бұршы. 

Онда бір кездері өзің әріп танып, үлкен өмірге қанаттанған мектебің, ұстаздарың, 

болмаса ауылыңда отбасылық жағдайы нашар үйлер, жетім балалар мен жесір 

әйелдер тұрып жатыр, бір уақыт соларға қарайласшы дер едім. Казиноға немесе 

картаға ақша шашқанша, бауыр етіміз балаларға арнап ойын алаңын, жастарға 

спорт алаңын салдыршы. «Ұлың өссе – ұлағатың, қызың өссе – жұртың, немерең 

өссе, ол – сенің елің» дейді. Қандай да бір мемлекеттің негізін құрайтын отбасылар 

ғой, сондықтан да әлгіндей азаматтарымызға нәпсіқұмарлыққа салынбай, 

бойжеткендеріміздің тағдырын ойыншыққа айналдырмай, одан да уақытың мен 

күш-жігерің, қаржыңды қайырлы іске жұмса дер едім.

ДАТ!


Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ, «Ару-Ана» продюсерлік орталығының 

жетекшісі, ҚР мәдениет қайраткері:

Дүниені ақ-қара, 

немесе сұлу-көріксіз 

деп бөлмейтін бір 

адам болса, ол – Ана

– Әлеуметтану әліппесінен-ақ біз 

тұлға боп ешкімнің туылмайты нын, 

қалыптасатынын білген едік. Мейлі 

ер, мейлі әйел болсын, өзін-өзі 

қаншалықты дәрежеде жетіл ді реді 

– соған сай қоғам да оны мо  йын-

дайтыны анық. Сара апай, осы 

тұрғыдан алғанда, сіз де тұл ғасыз, 

көптеген қыз-келіншек, әйелдерге 

бағыт-бағдар беріп,  жұмыс істеуге, 

қоғамда  өзін  та  ны  туына,  қалып-

тастыруына мүмкіндік ашудасыз. 

Айтыңызшы, бүгінде әйелдің 

қоғамдағы бел сенді қызметіне 

қуануымыз керек пе? 

– Ақын Жүрсін Ерман ағамыздың 

«Әлем нің мәні – әйелде» деген бір тамаша 

сөзі бар. Бұлай дегенде мен әйелдің орны 

қашанда ер-азаматтан төмендей тұратынын 

айтқан Жаратылыс заңына қайшы шыққалы 

тұрғаным жоқ. Бірақ қазақ қызына қырық 

үйден тыйым салса-дағы, екінші жағынан 

оны шектей бермей, егер ақыл-ойы асып 

тұрса, төрелік айтуға, яғни қоғам ісіне ара-

ла суы на да мүмкіндік берген. Тым арыға 

бармай-ақ, бергі өзіміздің ХХІ ғасырдағы 

қоғамға келсек, кейде «әйел өзінің негізгі 

рөлін ұмытып, қоғамға белсене араласып 

кетті» деген өкпені жиі естиміз. Әр заманның 

заңы, сонымен қатар талабы мен талғамы 

да бар, дегенмен, қандай заманда да әйел-

дің ең басты міндеті сол күйінде қалады, ол 

– өмірге ұрпақ әкелу, оларды өз ұлтына қыз-

мет ететін азамат қылып тәрбиелеу, күйеуі 

мен балаларына әйелдік, аналық жылуын 

төгу. Тұлға деген сөз әрине, әйелге де лайық, 

мәселен, сонау ертеректегі Жиренше сынды 

шешенге жар болған ақылды да дана 

Қарашаш, одан бергі Бәйдібектей батырдың 

жары Домалақ ана, Ұлпан секілді би анала-

ры мыздың қоғамда өз орны бар, ер-азамат-

қа бергісіз мықты тұлғалар болғаны анық. 

Ал енді бүгінге келсек, Елбасымыздың өзі 

әйел затына айрықша мәртебе беріп, олар-

дың да қызмет бабында құқықтық жағынан 

шектеу көрмей, керісінше барынша демеу 

жасау керектігін өз баяндамаларына арқау 

етіп келеді. Еліміздің кей өңірлерінде әлі 

күн ге әйелге тек отбасы, ошақ қасынан ұза-

майтын төмен етекті деп қарайтын көзқарас 

бар, сонда егер ол әйелдің бойындағы қа-

рым-қабілеті жетіп тұрса, басы толған қо-

ғам ға қажет идеялар болса, онда оны әйел 

деп етектен тарту – қиянат әрі білімсіздік 

емес пе?

– Өзіңіз жан-жағыңызға көз 

салып қарағанда, қандай қатарлас 

немесе өзіңізден жасы үлкендеу 

әйел-аналардан үлгі аласыз, кімді 

өзгелерге үлгі ретінде ұсынасыз? 

– Мысалы, Зағипа Бәлиева ханымды 

алайық, қандай қайраткер тұлға, сондай-ақ 

отбасылық жағынан да ешкімнен кенде 

емес. Ол кісінің қоғамда өзін-өзі ұстауы мен 

өмірде өсу сатысына қарап отырып, бұрын 

мен «осы кісінің отбасы бар ма, оған қалай 

үлгереді екен, қандай ана, қандай әйел 

екен?» деп ойлайтынмын. Бірақ кейін теле-

дидардан берілген бағдарламалардың 

бірінен Зағипа апайымыздың отбасын 

көрдім. Бір нәрсеге таңғалдым, шыны керек, 

қоғамда қандай қатал көрінсе, отбасында 

керісінше жұп-жұмсақ, нәзік әйел, жүрегі 

мен көзінен нұр шашып тұрған абзал ана, 

тіпті немерелерін әлдилеп отырған әже де 

екен. Соны көріп, өзіме ол кісіні үлгі ете бас-

тадым. Өзгелерге де қазақтың бірден-бір 

әйелі болсаң, сондай бол деп үлгі етер едім. 

Білгенге өмір – таразы: әйел өмірінің бір 

басында ана болу, екінші басында өз бойына 

біткен қабілетін шектемей, қоғамға пайдасы 

тиер бір іске, халқына, ұлтына жұмсау, адал 

қызмет ету парызы тұр. Екіншіден, ұстаздар-

ды үлгі етуге тұрады. Айталық, Аягүл Төре-

қызы мектепте ұстаз бола жүріп, қаншама 

шәкірттің жүрегіне нұр құйды. Ол кісінің 

аузынан шыққан әр сөзі қандай?! Шәкіртіне 

тек ұстаз ғана болып қоймай, ана да болып 

тәрбие беруі бүгінгі қыз-келіншек атаулыға 

үлгі боларлықтай. Сондай-ақ «Келешек» 

мектебін басқарып отырған Гүлшарбан 

Сабырқызы дейтін керемет жан бар.  Жалпы, 

қоғамда ұстаз атаулының еңбегі зор, өйткені 

өмірге енді ғана келген балдырғанға «а» 

деген әріпті үйретіп, қолына қалам ұстату 

оңай шаруа емес. Өзімнің Фарида Қай-

сарқызы атты апайым болды, сол кісі кіш-

кен 

тай күнімізден бізді күнделік жазуға 



үйретті. Жақында ғана өзім «Өмірім – сырлы 

сандығым» деген шағын кітабымды шығар-

дым, сол кітабымды осы бала күннен күнде-

лік жазғанның нәтижесі, жемісі дер едім. Ал 

қазір үйдегі балаларым, немерелеріме 

қараймын, күнделік жазбайды  ешқайсысы. 

Күнделік жазу деген – адамның өз өмірі, та-

ри хы, ішкі жан дүниесінде бөтенге ақтарып 

сала алмайтын, ешкімге айта алмайтын 

сырла рың ды бөлісетін қасиетті де құпия 

мекен. Күнделік – тәрбие құралы, неге десе-

ңіз, адам өзінің кешегі жазғанын бүгін оқып, 

«мына тұста мен дұрыс жасамаған екенмін, 

қателігім сол бопты» немесе «осы ным дұрыс 

екен ғой» деп бағыт-бағдар ала ды. Мен 

өзімді-өзім солай тәрбиелейтін адаммын.



– Қыз-келіншектердің бойынан 

үлгі тұтарлық мінезден бөлек 

қар ныңыз ашатын да қылықтар 

байқаған кезіңіз болды ма? 

Қазақылығымыз азайып кеткен 

жоқ па? 

– Жалпы, қазақылық дегенге келсек, өз 

басымнан өткен бір нәрсені айтқым келеді. 

Алғаш Тәуелсіздігімізді алған тұста бұрынғы 

қоғам меншігіндегі дүниелердің көбі жеке 

азаматтардың қолына көшті ғой. Ел-жұрт әлі 

орысшадан қазақылыққа бет бұра алмай, 

тілімізді әлі түзей алмай жатқан тұста, осы 

тойханалар ашылып жатты. Сол кезде со-

лар 


дың көбі шатып-бұтып мейрамхана, 

тойхана, дүкен, кафе барлығына жапа-

тармағай ағылшыншалап ат қою дәурені 

басталды. Мен де сол кезде тойхана ашып, 

«Ару Ана» деп ат бергенімде, «ой, қазақша 

атпен адам келтіре алмайсың» деп күлгендер 

болды. Ал мен ондайлардың біріне де құлақ 

аспай, мейрамхананы «Ару Ана» деп ата-

дым, себебі көз алдыма өзімнің анам, бар-

ша адамзаттың ең қастер тұтар тұлғасы ана 

келді. Дүниеде ақ-қара, сары не болмаса 

сұлу-көріксіз деп бөлуге болмайтын бір 

адам болса, ол – Ана. Әлгіндей ағылшын-

шалап ат қою дәурені жүріп жатқанда сол 

сәнге ермей, өз қалауымша ат қойғаным, 

міне, он жыл мерзімінде өз атын ақтап, өз 

нәтижесін берді. Атымызды мың жерден 

бұрап, орыс не ағылшыншалап айтсақ та, 

біз бәрібір қазақ деген тегімізден безіп 

ешқайда кете алмаймыз, безгенде де 

абырой таппаймыз, өйткені біз өз тегімізді 

сақтағанда ғана өзгеге сыйлымыз. Ал енді 

қыздардың қазақылығы жайлы сөз еткенде, 

рас, қарным ашатын жайттар аз емес. Арыға 

ұзамай-ақ күнделікті өмірде өзім шаруа 

жайымен жиі баратын Салық комитеті, Ха-

лық қа қызмет көрсету орталығында, болма-

са телеарналарда жұмыс істейтін қыздардың 

көбі дерлік өзі қазақ бола тұра, менің қазақ 

екенімді көре тұра, алдымен орысша сөй-

лей тінін байқадым, бір емес бірнеше рет. 

Мен ондайда әдейі орысша білмеген болам, 

себебі Елбасымыздың өзі «қазақ қазақпен 

қазақша сөйлессін» деді емес пе? Ендеше, 

біз неге өзара өзге тілде сөйлейміз? Орыс 

тілі біз үшін ағылшын, қытай секілді шет тілі 

саналады, біз басқа емес, өзара шет тілінде 

сөйлесуге қалай ұялмаймыз? 



– «Ішкі жан дүниесі сәнмен 

киінетін адамдар болады» деген 

бір ұлағатты сөз оқығаным бар еді

керісінше, қазір қыздар арасында 

сырт кейпінен өз қазақылығына 

қарама-қайшы екенін аңғарта-

тындары көбейіп бара жатқандай. 

Бұл өзіміз әпке-сіңлі, құрбыларым-

ды жек көргеннен емес, солар 

түзелсе деген ойдан туған кейістік 

еді. Осыған не дейсіз, апай? 

–  Осы орайда қыздарымыздың киім 

киі сіне де қатысты біраз жайттарды айта 

кеткім келеді. Қазір өрімдей жас қыздарымыз 

ашық киінуден ұялмайтын болып барады, 

соларға айтарым, мейлі баяғыша бүрмелі 

көйлек киіп, сәукеле тағып жүрмей-ақ қой-

сын, алайда жабықтау киініп, қазіргі зама-

науи киімінің бір шетіне қазақша ою-өрнек 

салып алуына болады ғой. Танымал теле-

продюсер, ардақты тұлға Серік Аббас-

шахтың «біз неге өзіміздің ұлттық киімімізді 

тек Нау рыз кезінде ғана киеміз де, қалған 

уақытта ұмыт қалдырамыз, неге біз жыл он 

екі ай кимейміз?» деген сөзіне риза болып, 

әр қазақ солай ойласа ғой, шіркін деймін. 

Жақында осы қаламыздағы Жанат Үмбетова 

басқаратын мектепке барғанымда ұстаз-

дардың киім үлгісіне таңдай қағып, сүйсін-

дім. Ол кәдімгі ұстаздардың киетін ресми 

костю мі, соның өзін олар ұлттық нақышпен 

өрнек теген. Бұл жай киіну емес, осының өзі 

көп нәрседен хабар береді, яғни сырты 

ұлттық нақыштағы жанның ішкі жан дүниесі 

– қа 

зақы деген сөз. Кейде алдыма 



жарасымсыз киі ніп, әлем-жәлем боянған 

өрімдей жас қыз дар келеді. Мен соларға 

«қарағым, сен өз бойыңдағы қазақы 

сұлулықты қалай көмес кілеп тастағансың, 

біле білсең, оны саған анаң сыйлаған, 

ендеше сен де соны сақтау арқылы анаңа 

құрмет көрсетпеймісің одан да» деймін. 

Міне, сол қыздарыма осы жоға рыда аты 

аталған апайларын үлгі етер едім. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал