Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.65 Mb.

бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жеңіс ҚАЛТАЕВ, пластикалық дәрігер: 

– Бүгінде дәл осы саланың аса сұра ныс-

қа ие екендігінен бе екен, пластикалық 

хирург болуға ниет еткендер көбейіп ке леді. 

Отан 

дық мамандардың қатары арт 

қа 

ны 

қуан тады әрине. Дегенмен қы лыш тың қы-

рын да жүргендей аса қауіпті ма мандық дер 

едім. Дұрыс жасалынбаған әрбір ота үшін 

жауапты болатыны өз ал ды на, осы салаға 

қа тысты кейінгі жа ңа лықтардың бәрінен құ-

ла ғдар болып, тәжірибе жинақтап білімін 

арт тырып оты ру да оңай емес... Жеке кли-

ника ашып, ісін дөңгелетіп отырғандардың 

денін де қызмет атқарып жүрген дәрі гер-

лердің барлығы да өз саласын жетік мең-

герген кәсіби маман болса оған айтар уәж 

жоқ. Дегенмен пластикалық отадан кейін 

асқынулар болып, қайтадан пы шақ қа түсіп 

жататындар аз емес елімізде. Сон дықтан да 

мұндай  отаны  жасау шы лар ға  да,  жаса ту шы-

лар ға да «жеті рет өл шеп, бір рет кескеннің» 

артықтығы бол мас дер едім...

Расында, бүгінде жеке клиникалардың 

жарнамасы жер жарады. «Бетті жас сәбидің бе-

тін дей етеміз, бұғақты алып тастаймыз, қарын-

ды сылып тастаймыз» деген мазмұн да ғы жа ңа-

лық тардың дабылы алысқа кетіп тұр. Дегенмен 

жасанды сұлулыққа құмбыл қыз-келіншектердің 

құлағына алтын сырға: жасанды жапсырмадан 

гөрі «сыры кетсе де, сыны кетпеген» сұлулықтан 

артық ештеңе жоқ дер едік...



Бүгінде бетім қисық деп айнаға өкпелеудің қажеті шамалы. Әжімді әдіптеп, 

әдеміленудің неше түрлі жолдары бар. Пластикалық ота жасатуға 

құмартушылардың қатары да артып келеді. Бетіне сан қатпарлы сызық түсірмеу 

үшін, сұлулығын сақтап қалу үшін пышаққа түсуден қорықпайтындар жетерлік. 

Әрине, жасанды сұлулықтың жастығыңды қайтарып бере алмайтыны белгілі. 

Алайда уақытша болса да кәрілікті тоқтата тұруға күші жетеді. Дегенмен оның 

ертеңгі күні тарттырар азабы да аз емес. 

ШАРТАРАП


Әлем елдері 

әйелдерін 

ұлықтап жатыр

Түрікменстан

«Жақсы әйел жаман еркекті 

түзетеді» дейтін түрікмен халқы 

бұл күнді отбасылық мейрам 

ретін де тойлайды. 2001 жылы сол 

кездегі мемлекет басшысы Сапар-

мұрат Ниязов мерекені тойлауға 

тыйым салған еді. Бірақ жеті жыл-

дан соң түрікмендер жатыр-

қамайтын 8 Наурыз қоғам өміріне 

қайта енді.

Қытай

Коммунистік көзқарас пен төң-

керіс рухы сақталған бұл елде 

әйел  дерді  құттық тау  дәстүрі  өз-

герген жоқ. Бірақ қытайлықтар 

үшін таби ғи гүлді кесу – жаман 

әдет. Сол се бепті әдетте шығыстағы 

көршімізде гүл саудасын шетел-

дік тер  қыз ды ра ды.  Қыз-келін шек-

терге, негізінен, рау 

шан мен 

нәркес сыйлап жата ды.



Болгария

Бұл елде әйелдердің мерекесі 

үшін дем алыс жарияланбайды. 

Де ген мен  бол гарлықтар  дүние жү-

зілік дәстүрден ажы ра маған. Бұл 

күні ерлер жұмысты нәзік әріп-

тестерін құттықтаудан бастайды. 

Нау  рыздың  сегізінде  болгариялық 

мей рам ханалар  мен  дәм ха на лар-

да кісі қа ра сы көп болады. Қанша 

деген мен,  мереке.

Германия

Немістер үшін 8 Наурыздың 

та рихи мәні бар екенін білесіздер. 

Солай бола тұра, әйел сыйлағыш 

немістер бұл күні дем ал май ды. 

Әйелдерді жаппай құттықтау, әсі-

ре  се елдің шығысында кең тарал-

ған. Не міс тер мамыр айында той-

ла натын Ана лар күнін бұдан гөрі 

жарқын тойлайды.



Польша

Мерекеге еркек атаулы біз де-

гідей күні бұ рын дайындалады.     8 

Наурыз күні таң аты сымен кіш кен-

 тай  ұлдардан  бастап,  ақса қал дар -

ға дейін қыз-келіншектерге ал ған 

сый 

лықтарын ұсынады. Поляк 



елін  де жігіттер аруларға қыз ғалдақ 

пен нәркесті көп сый лай ды. 



Франция 

Дәл біздегідей кең көлемде 

той лан байды.  Дегенмен  бұқа ра-

лық ақпарат құралдарында Әйел-

дер дің халықаралық күні ретінде 

жиі ата ла ды. Онда да ком му нис-

тер мен сол шылдардың баста ма-

сы мен.  Фран цуздар  қыз-келін-

шек терді  италия лықтар  сияқты 

мамырдағы Аналар күнінде және 

ақпандағы Әу лие Валентин күнін-

де  құт тық тай ды.



Литва

Литвалықтар, ең алдымен, бұл 

күнді көктемнің келуі ретінде той-

лай  ды.  Халық  дүниетанымы  бо й-

ын     ша,  көктем  –  адам  бала сы ның 

нәзік жартысының нышаны. Ерте 

көк  темде  бәйшешектің  кө рі нуі,  та-

би ғат тың  жаңаруы  әйел дер дің  ұр-

пақ  өрбі ту дегі  ролімен  теңес ті ріліп 

жа тады. Нау рыздың сегізі Лит вада 

әйелдер  ын  ты мақ тастығы,  әйелдер 

бірлігі  ұра нымен  той ланады.



Вьетнам

Кейбір ғалымдар осы елде 

әйелдер мерекесінің ең ежелден 

тойланатынын айтады. 2000 жыл-

дан бері мереке қытай бас қын шы-

ларына қарсы күрескен апалы-

сіңлілі Чак пен Ни Чыңдардың 

құр  метіне  арналады.  Чыңдарға 

деген құрмет уақыт өте келе әйел-

дер дің  халықаралық  мере кесі не 

айналып, ауқымын кеңейткен. 

Камбоджа

Жергілікті халық мейрамды 

бар сән-сал танатымен тойлайды. 

Бұл күні елде қайық жарыстары, 

жәр меңкелер, көрмелер ұйым-

дас ты ры лады.  Камбоджалық  қыз-

келін шектердің қолынан шыққан 

бұйым дар  жұрт шылық  назарына 

ұсы нылады.  Адам дар  мерекелік 

көрмені пайдаланып, жібек сөм-

келер мен мойынорағыштар сатып 

алады. Сан алуан фестивальдер 

дәл осы күнге орайластырылады.

Моңғолия

1995 жылы мереке алып тас-

тал ған еді. 2003 жылы ол қайта 

енгізілді, өйткені осы жылдар 

ішін 

де моңғолдар наурыздың 



сегізінде әйелдерді құттықтауды 

доғарған жоқ. Елде бұл күн – 

демалыс, ерлер әйел 

дері үшін 

бағалы сыйлықтар сатып алады, 

шоқ гүлдер ұсынады, аста-төк 

дас тар қан  жаяды.

Ғаламтор материалдары 

бойынша әзірлеген

Болатбек МҰХТАРОВ

Мұсылман елдерінің футболшы қыздары футболды хиджаб киіп 

ойнауларына рұқсат берілді деп естідім. Сол рас па?

Зарина ҚАЛИХАНҚЫЗЫ, Арқалық қаласы

Ол рас. Бұл көптеген елдерде 

хид жаб киюге қарсылық танытып 

отыр ған қазіргі күн үшін тосын жаңа-

лық болып отыр. Футболшылардың 

ха лықаралық кәсіподағы (FIFPRО) 

әйел футболшылардың жасыл алаң-

да хиджаб киіп жүріп доп тебуіне 

рұқсат беруді қолдайтыны жазылған 

атал 


ған ұйымның веб-сайтында. 

ФИФА-ның вице президенті, Сауд 

Арабиясының ханзадасы Әли Бин 

әл-Хуссейн әлемдік футбол фе де ра-

циясының атқарушы комитетіне фут-

бол ойынының тәртібін қайта қа рас-

тырып, футболшы әйелдердің 

хид жаб киюіне рұқсат беруі туралы 

ұсы ныс айтқан. Ол сондай-ақ ФИФА-

ның президентіне және Футболшылар 

кәсіподағының азиялық бөлім ше-

сі 


нің пре 

зиденті Брендан Шваб 

мыр 

заға да ұсынған. Швабтың 



айтуынша, «мұ сылман әйелдердің 

де басқа әйелдер сияқты футбол 

ойнауға құқығы бар. Халықаралық 

кәсіп 


одақ болғандықтан мұнда 

бар лық  фут болшылардың  құқық-

та ры сақталуы тиіс. Сондықтан фут-

бол шы  әйел дер дің  арнайы  жап-

сыр 

мамен тігілген хид 



жаб киіп 

фут бол ойнауына шек теу болмауы 

тиіс» екен.

«Заманына қарай адамы» демекші, айналамыздағыларға 

еріп, көргенімізді істейміз. Қазіргі кездің қыздары шашын жайып 

жүретін болды. Бірақ «шашын жаю деген жаман ырым» деп 

шешеміз ренжіп отырса да қоймай мен де шашымды жайып 

жіберемін. Бұл шынымен де, жамандықтың белгісі ме?

Арайлым ҚАБДЕНОВА, Алматы

Зұлмат заманда, соғыс, аштық, 

жұт сияқты апаттар, басқа түскен 

қиындықтар кезінде әйелдер 

шашын жайып, бүйірін таянып 

жылау арқылы жан күйзелісін 

сыртқа шығарған. Бүйірін таянуды 

да жаман ырымға балап, оған да 

тыйым салады. Күйеуі, баласы, 

жақын адамы қайтыс болғанда да 

«қара шашым жаяйын, жаяйын да 

жылайын» деп жоқтау айтады. 

Жоқтау, жылау — қайғы-шер, мұң-

зар, күйік, азап, бақытсыздық 

басына түскен әйелдің ішкі жан 

күйзелісі. Мұндай кезде ауылдың 

ақсақалдары, үлкен аналар келіп 

басу айтады, сабырға шақырады. 

Шашын жаю жаман ырым деген 

осыдан қалған. Шынымен де, 

қазіргі бойжеткендердің беліне 

дейін түсетін әп-әдемі шашын 

жайып жүргені тіпті жарасымсыз 

екені рас. Бүгінде шашты қалай 

сәндеймін десең де мүмкіндік көп. 

Шашты жайып жібергеннен гөрі 

бір сәнге келтіріп қою ұқыптылықтың 

әрі тазалықтың белгісі ретінде көз 

тартар еді.

Басы 1-бетте

Көктемнің ең алғашқы мейрамы күллі адамзат 

баласының бойына жылылық сыйлайды. Оның 

үстіне, аналардың шаттығы – кім-кімге де ортақ. 

Барлық жамағатты бір мүддеге біріктіретін 

мереке әлемнің әр түкпірінде өзіндік сипатымен 

тойланады. Шолу жасап көрейік.

Б

АЙҚА



У

Көлік мінген 

көріктілер

Ақтөбеде елден ерек көлік жүргізушісі бар. Ол – 

82 жастағы Матрена Зайдулина. Жастайынан көлікті 

тізгіндеген кейуана кейде жол ережесін жиі 

бұзатындығы үшін екі ұлына кейіп алатын көрінеді. 

Жуырда Матрена әжей байқауға да қатысты. 

Халықаралық әйелдер мере-

кесі қарсаңында ерекше сайыс 

өткізу Ақтөбе облысты ЖПБ-ның 

идеясы бо латын. Көлікті тізгіндеген 

тәжі ри бе лі  20  қыз-келіншек  сынға 

түсті. Сайыс қа қатысушылардың 

жас ша масына шек қойылмады. 

20-дағы бойжеткеннен бастап 

82-дегі кей уана да бағын сынап 

көрді. 

Байқаудың басты шарты – 



көлікті безендіру болды. Көлігі 

бар  хан шайым дардың  ой-қия-

лын да шек болмады. Көлікті ұзын 

кірпік бей несімен, қалпақтармен, 

тіпті «Ақ төбе» футбол клубының 

ны шан  дарымен  безендіргендер 

де табылып жатты. Келесі бір шар-

ты ның аталуы да ерекше болды: 

«Ененің тілін алмасаң...». Сайыс-

керлер 100 метрлік қашықтыққа 

қойыл 

ған кедергілерді бұзбай, 



ай 

на 


лып өтуі тиіс. Арулардың 

мық  ты лығын  сынау  үшін  көліктің 

капотына сусын құйылған ыдыстар 

қойылды. Сонан соң үміткерлер 

жол ережесін қан шалықты мең-

гер ген дік терін  көрсетті. 

Байқауда Әйгерім Төкешо ва-

ның аты озды. Шарадан соң кө-

рік тілер  мін ген  көлік тер  қаланың 

бас ала ңымен шеру жасады. 



Ақбаян БОЛАТБЕКҚЫЗЫ

«Анашым» деген сөз сәбилердің тілі мен жү ре-

гіндегі – Құдайдың есімі 

Уильям Теккерей

Құдай егер ер адамның қожайыны болуын 

қаласа, оның басынан жаратар еді, егер оның құ-

лы болуын қаласа, аяғынан жаратар еді, ол ер 

адам ның тең сенімді серігі болсын деп оның қа-

быр ғасынан  жаратқан. 

Аврелий Августин

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

№41 (723) 

8.03.2012 жыл, 

бейсенбі             



www.alashainasy.kz

5

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

ӘЙЕЛ – ДАНА

 

ІЗ.ДЕН.ІС.



Мәдениет күндері қашан өтеді?

Естуімше, алдағы уақытта Түркияда Қазақстанның мәдениет күндері 

өткізілмекші екен. Осы жөнінде нақты ақпарат берсеңіздер.

Нұрзия БОЛАТҚЫЗЫ, Алматы облысы

«Қазақ халқының Мәдениет күндері» деп 

аталатын ауқымды мәдени-танымдық шара-

лар Түркияда 9-11 наурыз күндері өтеді деп 

жоспарланған.

Аталған мәдени шараны Ыстамбұл қала-

сының Қазақ-түрік қоры мен Дүниежүзі қазақ-

та ры қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырып 

отыр. 

Қауымдастық таратқан мәліметке сүйенсек, 



қазіргі уақытта Түркияда тұрып жатқан  қазақ 

диаспорасының тарихы ХХ ғасырдың 50- 

жылдарынан бастау алады. Түрік елінде өтетін 

қазақ халқының Мәдениет күні аясында Ыстам-

бұлда Дүниежүзі қазақтары қауым 

дастығы 


төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мама-

шев қазіргі Қазақстан жайлы арнайы баяндама 

жасап, сөз сөйлейді деп күтілуде. Қазақ  диас-

порасының өтініші бойын ша аталған қауым-

дастықтың 20 жылдығына орай Түркияда үлкен 

концерт әзірленуде. Ыстам бұл қаласында өтетін 

бұл концертке ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі 

Майра Ілиясова, еліміздің мәдениет қайраткері 

Меруерт Түсіпбаева, Еркін Мерген, Өмірқұл 

Айниязов және халықаралық байқау лардың 

жеңімпазы Уатқан Заханқызы сынды өнер 

саңлақ тары  қатыспақ. 



Етектілер бейнесіндегі етіктілер

ӘМІРЕ ДЕ ӘЙЕЛ РӨЛІН ОЙНАҒАН...

Шіркін, бірақ сол тұстағы сахна өнеріне 

деген ынтызарлық қандай десеңші! Жоқтан 

бар жасау, тақыр жерден театр тұрғызу 

деген қандай ауыр болса да, өнерге деген 

осы ынтызарлық, осы құштарлық қандай 

мәселені болсын шешуге жетерлік еді. 

Қан дай ару, қандай әйел, қандай әже бей-

несі болмасын, еркектер оған тыжы рына 

қарамай, қолынан келгенше жақсы шыға-

руға кірісті де кетті. Құрманбек Жандарбе-

ков, Жұмат Шанин, Серке Қожамқұлов, 

Елубай Өмірзақов, Иса Байзақов, Қапан 

Бадыров сынды саңлақтары мыз, тіпті әнші 

Әміре Қашаубаевтың өзі де  егер әйел рөлі 

беріл се, жоқ демеді. Нақ бүгінгі актрисала-

ры мыздай сан қилы құбылта алмаса да, 

сол тұстағы көрермен үшін соның өзі үлкен 

жаңалық болғаны анық. Әйтпесе қыздарын 

сахна төріне шығармақ былай тұрсын, 

ауыл молдасынан сауат аштырған соң, 

аталарымыздың ары қарай оқытпағаны 

анық. Ал бірақ, соған қарамастан, тума 

талант ағаларымыздың арқасында қазақ 

әйелінің  бейнесі  сахнадан шет қалған жоқ 

қой. 


Бертін келе Күләш Байсейітова, Шара 

Жиенқұлова сынды апаларымыз бірі ән 

айта жүріп, екіншісі билей жүріп, сонымен 

қатар драмалық та рөлдер сомдай бергенін 

тарихи деректер айғақтайды. 

«ТАМАШАНЫҢ» ТҰСЫНДА

Алайда, біздің айтпағымыз, әйел актри-

салар емес, әйел рөлін сомдаған ерлер 

жайы болып тұрғандықтан, келе-келе әйел 

образын ерлердің сомдауы деген көбіне 

Қазақта алғаш театр пайда болған тарихи күн – 1926 жылдың          

13 қаңтары. Әуезовтің әйгілі «Еңлік-Кебегімен» ашылған сахнада, ә 

дегеннен-ақ, бір күрделі мәселе қылаң берген. Ол – әйелдің рөлін 

сомдайтын әртістің жоқтығы еді. Демек, бұл Кебек бар да, Еңлік жоқ 

деген сөз емес пе? Ал онда ол қалай толыққанды қойылым болмақ, 

жартыкеш дүниені кім көрмек? Бірақ енді әйел әртіс жоқ екен деп, 

қазақта театр өнері болмай қалуға әсте тиіс емес қой. Осы ретте 

барлық жүк ер-азаматтардың мойнына ілініп, етектілер бейнесін 

етіктілер сомдауға тәуекел еткен.  

сатираның еншісіне көшті. Көш басында 

Құдайберген Сұлтанбаев ағамыз тұр. 

Адуын ды әйел, шалын сөзбен қағытып, 

елді күлкіге қарық қылатын кейуа 

на 


Құдайберген әлі күнге қазақ көрерменінің 

көз алдында. Сондай-ақ  Уәйіс Сұлтанға-

зин нің сұсымен келіндерін зыр жүгіртетін 

үлкен келін бейнесі қандай еді?!. «Келіндер 

уставының» әр әзілі ду күлдіргенімен, 

уытты астары сұмдық еді-ау. Ал осы екі 

актер де әйел бейнесін қалай алып шығушы 

еді? Кәдімгі кесек тұлғалы бәйбіше, айбы-

ны асқан абысын, – міне, қазақ өмірінің 

бөлінбес бөлшектері. Бүгін осылардың 

орны ойсырап тұрғандай. 

«ЧАЙКАЛАР» МЕН 

«ЖЕЗӨКШЕГЕ» ӨКПЕЛЕР ЕК, 

КҮЛПАШ ҚҰТҚАРМАҒАНДА

Әрине әр заманның өз кейіпкерлері, 

олардың өзіндік мінездері бар. Дегенмен, 

қазіргі қыз-келіншектердің образын еркек 

әртістеріміз қандай деңгейде алып шығуда 

деген сауал туындайды. Барлығы бірдей 

болмаса да, көбі дерлік басына жалбыра-

ған парик киген, санын жалтыратып мини 

юб ка дағы жезөкше әйел бейнесінде, бол-

маса мақау, сақау, күйеуге өтпей жүрген 

ақымақ біреу, тіпті болмағанда шетелден 

алып келген негр ме, шүршіт пе сондай бір 

келін. Әлде қазіргі әйел бейнесін сатирик-

тер солай көре ме, болмаса еркек актерлер 

әйелдерде кеткен кегін солай қайтара ма 

екен? Мәселен, телеарнада берілетін 

«Наша KZ-шада» да екі жігіт жоғарыда 

айтқандай әлем-жәлем киініп, «чайка» 

қыздарды тұрақты түрде салумен келеді. 

Шыны керек, басында күлкі шақыратын, 

бірақ келе-келе жауыр боп, тіпті қазір қыз 

атаулының намысына тие бастағандай.

Ешкімді ренжітпейтін әрі күлкіге де 

қарық қылатын бір бейне бар, ол – Күлпаш 

келін. Берік Тұрсынбеков сомдайтын сол 

бір бейне халыққа несімен ұнамды дегенге 

келсек, оны актердің өзі былай түсіндіріпті:  

(«Айқын» газетіндегі сұхбатынан) «Күлпаш 

өте әзілқой, қан ша өзінің алаңғасарлығы, 

жын дылығы болса да, үлкенді үл кен деп 

танып, кішіні кіші деп құр меттей алады. 

Кіммен, қалай әзіл де суді біледі. Әйел бол-

ғаннан ке йін қанша жерден өсек айтып, 

құрбыларымен ұрсысып, дол данып жүр-

генімен, арғы жа ғында тазалық, ақкөңіл-

ділік, дар хандық бар. 

Сондай-ақ соңғы кездері көрерменді 

риясыз күлкіге қарқ қылатын бір бейне 

бар, ол – Тұрсынбек Қабатовтың «Базар 

жоқ» жобасындағы Ерболат Төлегеновтің 

кемпір мен ене бейнесі. Бір құлағын ашып

жаулық тағып, көзіне лупа сынды көзілдірік 

киетін кем пірдің жүріс-тұрысы, әр сөзі 

күлкі шақырар лық. Бірақ онысына қарап 

ешкім де оны кемпірді әжуалап тұр демей-

ді, қазақша айт қанда «күлсең, кәріге күл-

дің» дегеннің нақ өзіндей. Әсіресе «Базар 

жоқ» жоба сындағы «Айгүл мен Серіктің 

тойы» атты әзілі жерге аунатып күлдіреді. 

Мәриям ӘБСАТТАР 

ТҰСАУКЕСЕР



«Кармен» – қазақ 

сахнасында

Газетімізге берген таяудағы сұхбатында 

режиссер Талғат Теменов көктемге салым 

көрерменді жаңа туындымен қуанту үшін 

жұмыс жасап жатқандығын айтқаны 

естеріңізде болар. Міне, сол шақ та туды, 

яғни ақпанның соңғы күні мен наурыздың 

алғашқы күнінде Ғ.Мүсірепов атындағы 

Қазақ мемлекеттік академиялық балалар 

мен жасөспірімдер театрында «Кармен-

сита» атты жаңа туындының тұңғыш қойы-

лымы өтіп жатыр. Режиссер оған Проспер 

Мерименің «Кармен» повесіне фантазия 

деген ат беріпті. Расында, классикаға 

айнал ған әйгілі шығармасының заманауи 

нұсқасы қалай, біз сол жайлы сыншылар 

мен өнер қайраткерлерінің  өз аузынан 

естісек.  



Ахметжан ҚАДЫРОВ, өнертанушы 

ғалым, Т. Жүргенов атындағы Қазақ 

ұлттық өнер академиясының 

профессоры: 

– Мен қашанда бұл  театрға 

асығып тұрамын, себебі келген сайын 

бір жаңалық, өсу байқаймын. Бүгін де 

сол пікіріме көз жеткізе түспесем, одан 

қайтқаным жоқ. Маған бүгін сахна 

ашылғаннан көрерменді бірден өзіне 

баурап алып, қаныңды қыздырып, 

жүректі толқытып, түрлі күйде бірақ 

қойылым соңына дейін бір деммен 

ұстап тұрған сахналық атмосфера 

қатты ұнады. Кейіпкерлермен біте 

қайнасып, әсіресе Кармен мен Хосе, 

Кармен мен матадордың оңаша 

қалған сәттерінде солардың әр сәттегі 

сезімін бірге кешкендей болдым.  

Бастан-аяқ қимылдан тұратын 

қойылымның биіне ерекше назар 

аударғым келеді. Өте керемет билер, 

дегенмен актерлер тарапынан 

синхрондылық жетпей жатқандай, 

яғни бірдей билеп, бір нүктеге түсе 

алмаушылық байқалды аздап. Осы 

жағын әлі пісіре түссе. Ал басты 

кейіпкер Карменді сомдаған актриса 

Жанар Мақашеваның шеберлігіне 

тәнті болдым, ол өз рөлін бастапқы 

нүктесінен соңғы нүктесіне дейін 

жеткізді, сол жолда барын салғанын 

сезіндік біз. Сондай-ақ Карменге 

барынша сахнада дем бере алған, 

Карменмен бір болып кеткен Матадор 

– Бейбіт Қамарановты да құттықтағым 

келеді. Оның қасында бас кейіпкер 

Хосені ойнаған актер өз кейіпкерінің 

ішкі жан дүниесіне сонша терең 

бойлай алмағандай көрінді, бірақ, 

бұл – менің жеке пікірім. Сөз соңында 

сахнаның безендірілуіне тоқталғым 

келеді. Себебі алғаш перде 

ашылғанда көрермен ең алғаш 

актерді, режиссерді де емес, суретшіні 

көреді. Суретшінің сахнадағы 

жұмысына, қолтаңбасына қарап 

қойылымға да іштей баға беріп 

үлгереді. Бүгін осы «Карменде» сонау 

классикалық нұсқасы мен заманауи 

нұсқасын біріктіру идеясын түсініп, 

соны суретші көзімен бере білген жас 

суретші Ерлан Тұяқовтың 

шығармашылығына да бас игім 

келеді. 

Дариға ТҰРАНҚҰЛОВА, өнертанушы 

ғалым:  

– Мен Хосэ мен матадор, яғни, 

Эскамильоға қатысты өз пікірімді 

білдіргім келеді. Режиссер ол екеуін 

бір-біріне қарама-қарсы мінез бере 

отырып, өте ұтымды шешім шығарған. 

Әлгінде ағамыз матадор жарқ етіп 

көзге түсетін келбетті ер екенін айтса, 

Хосе оның қасында кейінгі планға 

түсіп қалғандай дейді. Ал мен айтар 

едім, екеуі – тіпті салыстыруға 

келмейтін екі бөлек мінез, екі бөлем 

бітім мен болмыс иесі. Эскамильо 

көзге бірден түсетін ер және соған сай 

қыз-келіншектерге өтімді жігіт болса, 

Хосе жаңадан өмір бастап келе 

жатқандықтан, алғаш рет қыз 

атаулыны сүйген пәк жігіт. Сол себепті 

оның нәзіктігі байқалуы шарт. 

Жігіттердің де сүюде Хосенікі секілді 

тазалығын, махаббатқа деген іңкәрлігі    

болуы керек. Мына жерде режиссер 

екеуін екі түрлі етіп, солайша 

қойылымды тартысқа құра алған. Ал 

Хосені сомдаған жігіт Дархан 

Сүлейменов те өз рөлін сондай 

тамаша сомдап, көз алдымызда 

барынша таза сүйе білетін, сол жолда 

барын құрбандық ете білген бейнені 

көрсетті. 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал