Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.65 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6

«Әлемдегі ең сұлу – қазақ 

әйелі: менің жарым, менің 

анам, менің қызым. Қазақты 

қазақ қылған осы әйел 

болатын, сұлу ғана емес, 

сымбатты, мінезді, ақылды, 

адал жар, абзал ана, ағайынға 

қамқор, ауыл-аймаққа құт, 

ердің мақтаны, елдің көркі», – 

деп жазады жазушы Мұхтар 

Мағауин, әйел дегенде ең 

алдымен ойымызға «сұлулық», 

«мейірімділік», «нәзіктік» 

ұғымдары оралады. Бұл 

сипаттармен қоса, әйелдің 

темірдей төзімі мен 

қайраткерлігі – жиі көрініс 

беріп тұратын құбылыс.

АҚОРДА


Елбасы «Аналарға 

тағзым күнін» 

атап өтуді ұсынды

МАР


АПА

Т

Марапатқа ие болғандардың арасын-



да облыстық Абдуллиндер атындағы 

өнер колледжінің директоры Альмира 

Дүсі пова, І.Айтықов атындағы Ұлан ауда-

ны, Тарғын ауылының мектеп директоры 

Сәу ле Нұрсе йітова, «Облыстық балалар 

жә не  жас өспі рімдер  кітапханасының» 

бө лім меңгерушісі Эль мира Шағыраева, 

«Ана мен бала орта лы ғының» көз ми-

крохирургиясы бө лімінің меңгерушісі За-

рина Камасова бар. 

Шара барысында өткен Парламент 

Мәжілісі мен мәслихат сайлауында «Нұр 

Отан» ХДП сайлауалды компаниясында 

аза  маттық  белсенділік  танытқан  бір  топ 

әйел  дер қауымы Елбасы Нұрсұлтан НА-

ЗАР БАЕВ ТЫҢ қолы қойылған Алғыс хат-

п ен  марапатталды. 

Шығыстың шырайлылары 

марапатталды

Көріктілердің көркем мерекесі қарсаңында облыс әкімі Бердібек 

Сапарбаев өңірдің нәзікжандыларын мейрамдарымен құттықтап, 

«Әйел басқаратын ең үздік ұйым» байқауының жеңімпаздарын 

марапаттады.

Сондықтан Қазақстанның әйел аза мат-

 тарына жасап жатқан қамқорлығы зор деп 

санау керек. Десек те, еркектер әлемді 

басқара бермек. Бірақ әйелін басқара 

алмайды деген де бар», – дейді Нұрсұлтан 

Назарбаев. 

Президент әйел бар жерде тәртіп бар 

деп есептейді. «Өмірлік тәжірибемнен 

бай қағаным, еркектің орнына әйелді қой-

саң, сол жерде тәртіп орнайды. Олар се-

німді, қызметіне адал болады. Бұған ерле-

ріміз шамданбасын. Ақиқатында солай. 

Оны билікте отырған еркектер мойындау 

керек», – деген Елбасы әйел заты табиға-

тынан жауапкершілікті келетінін айтып, 

ағынан жарылды. 

Президентпен кездесуге әртүрлі сала-

дан 20-ға жуық әйел шақырылған екен. 

Олардың ішінде еңбек және халықты 

әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара 

Әбдіқалықова, Құрманғазы атындағы 

Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры 

Жәния Әубәкірқызы, «Ғашықтар әлемі» 

журналының бас редакторы, продюсер 

Баян Есентаева, 14 жасқа дейінгі қыздар 

арасындағы шахматтан әлем чемпионы 

Ди нара Сәдуақасова, киноактриса Әсел 

Са 

ға 


това секілді елге танымал жандар 

бар. 


Елбасы жиналғандармен еркін әңгімеге 

түсіп, олардың жылы лебіздерін тыңдады. 

Бұған қоса, еліміздің даму жолындағы 

басым бағыттарына да тоқталып кетуді жөн 

санады. Ақордаға келген әйелдердің 

арасында көпбалалы аналар да бар екен. 

Ол жеке кәсіпкер Жанна Рахманова мен 

Гүлмира Нышанбаева. Президент осындай 

орайлы сәтті пайдалана отырып, көпбалалы 

екі ананың мойнына «Күміс алқа» медалін 

ілді. 

Осы жерде айта кету керек. Бүгінде ана 



мен бала өлімін азайту үшін мемлекет 

қолдан келген барлық шараны жасауда. 

Ана мен бала ғана емес, барлық қазақстан-

дықтардың денсаулығы мен өмірі үшін 

елімізде қолайлы жағдай жасалып жат-

қанын айтпай кетпеске болмайды. Ел басы 

да осыны ескеріп: «Денсаулық саласы бо-

йынша біз қарқындап келеміз. Аналардың 

өлімі күрт төмендеді. Түбер кулез, жүрек-

қан тамыры аурулары да азая бастады. 

Адам дардың орташа өмір сүру жасы үш 

жыл ға созылды. Бұл – жақсы көр сет кіш, 

осы лайша алға жылжи береміз», – деді 

Нұр сұлтан  Әбішұлы.

 Ақордадағы салтанатты кездесу кешке 

қарай мерекелік концертке ұласты. Елбасы 

Конгресс-Холл сарайында 8 Наурыз – Ха-

лық 


аралық әйелдер мерекесіне орай 

ұйымдастырылған өнер жұлдыздарының 

концертін тамашалады. Сахнаға бұл күні 

негізінен қазақ эстрадасының ер-азаматтары 

– «Орда», «Асыл», «Дервиши», «МузАрт» 

жігіттері, Алмас Кішкенбаев, Сырым Исабаев, 

Еркін Мәулен, Жұбаныш Жексен ұлы шығып, 

аруларға ән-шашуларын арна ды. 



...Әрбір әйел – танылмаған планета. Жай ғана пла-

нета емес, әрқайсысы – мұңлы планета. Бүкіл дүниежү-

зінің ұлы ғалымдары жиналып, әйтеуір, бір кезде әлем-

нің құпияларын ашуы мүмкін, ал бірақ ешқандай 

ғы лым, ешқандай данышпан қарапайым әйел жанының 

құ пиясын аша алмайды. Әйел жаны әрқашан жаралы. 

Өйт кені ол таза да нәзік жаралған, сондықтан ауруға 

тез шалдығады. Әйел жанын таза сақтайтын қоғам жер 

бе тінде әлі құрылған жоқ, оған дақ түсірмей, аялай бі-

летін еркек әлі туылған жоқ...

 Дулат ИСАБЕКОВ

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

Азамат ҚАСЫМ, 

Өскемен

Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі: 

– Қазақта «Отан отбасынан басталады» деген керемет сөз бар. Отанның, оның 

ішінде отбасының негізгі ұйытқысына айналған сіздер адам баласына өмір сыйлап, 

оларды  тәрбиелейсіздер. Бұл – ұлы іс. Біздер, азаматтар, сіздердің алдарыңызда 

әрқашан бас иеміз. 

Нұршат АБДУЛЛИНА, Ұлан аудандық Ауыл шаруашылығы колледжінің 

директоры:

– Мен Әйел адамның қоғамдағы рөлін шынайы бағалап, оларға үнемі қолдау 

көрсетіп отырған ел саясатына, мемлекет басшысына үлкен алғысымды білдіремін. 

Облысымыздың барша нәзікжандылар қауымына шын жүректен отбасыларына 

бақыт пен береке, шаттық тілеймін. Әйел күліп жүрген отбасы бақытты деп 

есептеймін. Сол бақыттың негізі – балаларыңыз аман болсын, Алла сіздерді ер-

азаматтардың қолдауынан айырмасын!

Құдай мен табиғаттан кейінгі үшінші жа ратушы атанған әйел заты, 

расында, жасампаздыққа бейім. Себебі әйел – Ана. Қазақта «Отан-

Ана», «Жер-Ана», «ана тілі» сынды текті теңеулер бар. Бұлардың 

бар лығы да – адам баласы үшін ең ұлы ұғым дар. Бір сөзбен айтқанда, 

әйел-ананың адам заттың бүкіл асыл құндылығын ар қалап, ұлттың 

бар озық қасиетін жеткізуші, да рытушы, дамытушы тұлға болып келе 

жат қаны ақиқат. Біздің ұлттық ділімізде хал қымыз – ежелден-ақ әйел 

затын әл пеш теп, қыздарын құрметтеп, анасын ардақ тұтқан халық. 

Осынау үлгілі үрдіс заман талабына сай өз сабақтастығын бүгін де 

жоғалтқан жоқ.

Нұрғис


а ЕЛЕУБЕК

ОВ (фо


то)

Басы 1-бетте

№41 (723) 

8.03.2012 жыл, 

бейсенбі             



www.alashainasy.kz

3

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

 Әйел дәрігер немесе әйел 

ұс таз болсын, сырттағы жұ мы-

сын істеп келгеннен кейін үй-

дегі кірін жуып, та 

ма 


ғын 

істеуге мәжбүр. Алай 

да 

олар дың еңбегін баға ла-



май, үйде отырған әйелге 

арнайы бір ма ман дық 

иесі ретінде ай лық тө-

леу теңсіздік туын да-

та 

ды. Тіпті, мұн 



дай 

өз герістен 

кейін 

әйел дердің өзі екіге 



жа рылайын деп тұр.

 Бүгінгідей қарбалас заманда мұның бәрін қатар 

алып жүру оңай емес. Егер әрбір отбасында үш 

және одан да көп бала болса халық санының 

ұлғаюына ықпал ете алады. Ал көпшілікке екі ба-

ла лы болу ғана тән болса, онда мұнымен халық 

са нын көбейтеміз деп айта алмаймын. Өкінішке 

қа рай, аналарымыз көп жағдайда жұмыс іс-

теймін деп жүріп балалы болу мүмкіндігін 

шек тейді. Сондықтан біз үйде отыр ған ана-

ла рымызға қамқорлық жа сап, олардың не-

ғұр лым демографияға ық пал етуіне мүм-

кіндік тудыруымыз ке 

рек. Еуропаның 

көп теген  мем ле кет те рінде  бұл  мәселе  дұ-

рыс жолға қойыл ған. Бұған біздің елі міз-

дің де мүмкіндігі же теді деп ойлаймын.

ӘЙЕЛ – АРУ

Қазақ қыздарына ұлттық танымға жат есімдердің жиі қойылуының себебі неде?

Зейнеп 

АХМЕТОВА, 

этнограф:

Мекемтас 

МЫРЗАХМЕТОВ, 

абайтанушы, 

бауыржантанушы, 

филология ғылымының 

докторы, профессор:

–  Халықтың түсiнiгi бойынша, қыз балаға нәзiктiкке бесiктен құлағы үйренiп, 

жаны сұлу болып өсуi үшiн әуездi де әдемi есiмдер таңдалған. Сонымен бiрге 

өзгеден келер тiл-көз сұлу да нақышты қойылған есiмге ауып, нәрестенiң өзiне 

дарымайды деген де сенiм болған. Ер балаға ба тыр болсын деген ниетпен 

қаталдау дыбысталатын есімдер қойған. Ал қыз баланың есiмiне аспан әлемiнiң, 

жер үстiнiң ең сұлу да мөлдiр жа ратылыстары iрiктелiп алынған. Мәселен, 

Айман, Шолпан, Жұлдыз, Құ ралай, Тоты, Маржан, Алтынай, Күмiс, Жiбек, 

Мақпал, Шынар, Рау шан, Қызғалдақ деген секiлдi. Қазақстанның жерін жаулар 

жеті рет тап тап өткен. Жерімізге қытай, парсы, грек, араб, қалмақ, орыс елдері 

шап қын шылық жасады. Қазақтарға қытайлар есімі қойылмапты. Пар сылардың 

шамалы болса да мәдени ықпалы болған. Ал арабтардың жаулау кезінде 

есімдеріміз өте қатты өзгеріске ұшырапты. 50 пайыздан астам антропонимдер 

өзгеріске түскен. Сосын орыстардың аттары қазақ қа жиі қойыла бастады. Қазіргі 

жастарда батыстың есімдері көп. Жаһан дану әсерінен ұлттық дәстүрімізден 

айырылып қалған халықпыз. Өзіміздің түпкі түркілік, қазақы аттарымызды 

қайтаруымыз керек.

–  Осы күні ат қою мәселесінің қабырғасы қақырап кетті. 

Бар лық есім атаулы бұзылды. Бұған басты себеп – ұлттық қадір-

қасиет, тәлім-тәрбиеден ажырауымыз. Бізде еліктеушілік басым. 

Сырттың қаңсығын таңсық көреміз. Қазақ ат қоюға ше бер 

халық. Даламыздың бастау-бұлақтан бастап жылтырап аққан 

жылғаға дейін керемет атаулары бар. Текті, үлгілі, ақын-жы рау, 

балуан адамдардың есімін нәрестеге беру салты әлі күн ге 

сақталады. Солардай болсын, олардың шарапаты тисін деп 

ниеттенеді ата-ана. Сәбидің туған уақытына, бет-бей не сін дегі 

ерекшелікке бай ланысты да есім беріліп жатады. Кейін гі кезде 

қыздарының қазақ ша есімдеріне «а» әрпін қосып атаушылар 

артты. Түсініксіз шетелдік аттар көбейді. Бұл – қазақ тілін дұрыс 

меңгеріп, кәусарына қан бағанымыздың салдары. Ұлт тық сана-

сезімнің, намыстың жоқ тығы тағы бар. Қазақта «Ық тырмаң 

болмаса, желге өкпелеме» де ген нақыл бар. Ұлт тық санамыз 

қалыптаспай, жаһандануға төтеп бере алмаймыз.

Әзірлеген Арман СЕРІКҰЛЫ

Кәкен ҚАМЗИН, 

филология 

ғылымының 

докторы, профессор:

– Бұл мәселенің ең басты себебі – еліктеушілік. Екіншіден, 

төл мәдениетін бағаламаушылық түсініктің пайда болуынан 

деп білем. Үшіншіден, құлдық пиғылдан арыла алмай отыр-

ға нымыз бар. Төртіншіден, қазақтың басқа елдің мәде ние-

тінен, өр кение тінен, әдебиетінен хабардарлығы ескерілуі тиіс. 

Бе сіншіден, қазақ тың толеранттылығы басым. Бұл жерде 

қазақ қа қасірет болып отырған өзінің ұлттық танымын, тамы-

рын сый ламауы екені айдан анық. Елімізде дарынды адам-

дар дың атын ырымдап қою дәстүрі бар. Академик Мәлік 

Ғабдуллин, ҚазҰУ-дың бұ рын ғы ректорлары Асқар Закарин, 

Өмірбек Жол дас беков, жазушы Әнуар Әлімжанов сияқты 

азаматтардың есімі қайта жаңғырғанын қалар едім. Қыз 

балаларға тарихи тұл ға л арды өмірге әкелген ана лардың, 

өздері сондай барлығымен, ақы лымен әйгіленген ару лардың 

есімін бүгінгі өмірде қол да ныс қа енгізген жөн.

ЛЕБІЗ

Тіршіліктің бастауы – ару ана!

САУАЛНАМА



Есте қалған сыйлығыңыз? 

Басы 1-бетте

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА,

саяси ғылымдар докторы, 

профессор 

«Алаш айнасы» – «Ой-көкпар» бағдарламасының жазбаша нұсқасы.

Жүргізуші: Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ.

Бағдарлама ұзақтығы: 27 минут.

Эфирдегі уақыты: жұма күні сағат 22:30.

Хабар қонақтары: 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, ҚР Президенті жанындағы отбасы және әйелдер 

істері жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, биология ғылымының докторы.



Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, саяси ғылымдар докторы, профессор.

«Алаш айнасы» газеті мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы

САЙЫС БӨЛІМІ

ОЙТҮЙІН

ЖҮРГІЗУШІ:

– Бағдарлама қонақтарының ұстанымы айқындалды. 

Енді бағдарламамыздың «тартыс» бөліміне өтіп, ойымызды 

тарқатып айтсақ. Салтанат Берденқызы бұл мәселе 2009 

жылы Ресейде кеңінен талқыланды. Ресейдің 150 миллион 

халқының үш және одан да көп бала асырып отырған ана-

ларының саны екі миллионнан асатынын есептеп шығарған. 

Ал біздің 16 миллион халқымыздың 150 мыңдайы көп ба-

ла лы аналар санатында екен. Осы орайда біз үйде отырған 

осын 

ша көпбалалы аналарымыздың үйде отырған 

уақытына жалақы төлеуге шамамыз жете ме? 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА:

– Мемлекеттің қаржысы халықтың өсіміне арналса, 

оны шығын деп санамауымыз керек. Халқымыздың саны 

өсіп, мемлекет ретінде қалыптасуы үшін халық санының 

өс кені қажет. Қарсыласым Гүлшат ханымның «теңсіздік 

туын дауы мүмкін» дегеніне қосылмаймын. Әрбір, әлде 

қоғамдық жұмысқа белсене араласып, кәсіби жұмыста да 

жақсы маман екенін көрсеткісі келе ме, әркімнің өз қалауы 

болуы тиіс. Біздің халқымыздың негізгі өсімін көтеріп отыр-

ған – Оңтүстік Қазақстан облысы. Елімізде өмірге келетін 

сәбилердің әрбір төртіншісі осы облыста дүниеге келеді. 

Зерттеп қарасақ, бұл облыста 7-8 балаға дейін тәрбиелеп 

отырған отбасылар өте көп. Әрине, баланың көп болуына 

қа рай қиындығы да болатыны рас. Бала бағумен өседі. 

Алайда анасы осынша баланың тәрбиесін тастап, қалайша 

жұмысқа шығады? Сондықтан ол аналарға жағдай жасалуы 

керек. Бәлкім, біздің жағдайымызда үш немесе төрт және 

одан да көп бала тәрбиелеп, үйде отырған анаға мемлекет 

тарапынан арнайы жалақы тағайындалуы керек шығар. 

Анасы үйде отырған баланың тәрбиесінің де жақсы бо ла-

тыны анық. Сондықтан ана мемлекеттің демог ра фия сына 

үлес қосам деп үйде отырса, мемлекет оған қалайша 

қамқор болмасқа?!

ЖҮРГІЗУШІ:

– Гүлшат Рамазанқызы, балаларға арнайы балабақша 

ашып, оны керек-жарақтармен жабдықтап, тәрбиешілерге 

жалақы төлейтін ақшаны аналарға берсек, әлдеқайда 

пайдалы болар еді деген пікір айтып жүрген мамандар да 

бар. Бұл пікірге сіз қалай қарайсыз?

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА:

– Мұндай жағдайда әйелдерді санатқа бөле отырып 

ЖҮРГІЗУШІ:

– Бағдарламамыздың үшінші бөлімі «Сайыс» деп 

аталады. Осы тақырып бойынша қарсыластар өзара сұрақ-

жауап алмасады. 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА:

– Бүгін көтеріп отырған тақырыбымызға неге үзілді-

кесілді қарсысыз? Сіз үшін, бұл бастаманың еш пайдасы 

жоқ па? 

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА:

– Өз басым бүгінде белсенді жұмысқа араласып жүр-

ген діктен болар, бұл бастамаға түбегейлі қарсымын. Қан-

ша жерден сыртта жұмыс істеп келсем де үй шаруасымен 

өзім айналысамын. Үйде ешқандай қызметшім де жоқ. 

Шы нына келгенде, үйде бір әйелден артылатындай шаруа 

бар деп те санамаймын. Сондықтан үй шаруасындағы 

ЖҮРГІЗУШІ:

– Соңғы бөлім «ойтүйін» деп аталады. Бұл бөлімде 

екеуі ңізге де қойылар сұрақ ортақ. Қарсыласыңыздың 

ойы нан не түйдіңіз және оның ұстанымына өтіп кеткен жоқ-

сыз ба?

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА:

– Мен, шын мәнінде, еліміздің демографиялық мә се-

ле сінің өзекті екенін байқадым. Дегенмен демографияға 

Ресми мамандықтар тізіміне үй шаруасындағы 

әйел мамандығын енгізу керек пе?

қам қорлыққа алу дұрыс секілді. Мәселен, Салтанат Бер-

ден қызы әйелдерді баласының санына қарай жіктеу керек 

екенін айтып отыр. Жалпы, әйелдерді үйде отырғызып 

олар ға жалақы оған қоса ай-сайын зейнетақы жарнасын 

төлеу қанша бай мемлекет болсақ та оңай емес. Егер, шын 

мәнінде, осының бәрін демографияны дамыту үшін жа са-

ғы мыз келсе, халық санын арттыруға ынталандырудың 

жол дары көп. Мәселен, бала туғанда берілетін жәрдемақы 

мөл шерін көбейту демографияға жақсы әсер етер еді. 

Сон дай-ақ өзіңіз мысал келтіріп отырған, демография 

мәселесі ушығып тұрған Ресейдің өзінде үй шаруасындағы 

әйел мамандығын енгізуден гөрі «Ана капиталын» енгізу 

демографияға әлдеқайда жақсы әсер ететінін байқаған. 

Осы орайда үй шаруасындағы әйел мамандығын енгізу 

бізге еш пайда әкелмейді. 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА:

– Әрине, бұл мәселе тез арада іске асырыла қалар нәр-

се емес. Көпбалалы аналарымыздың нақты санын анықтап, 

қор дағы қаржының көлемін есептей отырып, кешенді түр-

де атқарылар шаруа. Дегенмен бұл бастаманың пай да сы-

ның үлкен боларына сенемін. Дания, Швейцария секілді 

дамыған мемлекеттерде үйде бала тәрбиесімен айналысып 

отырған аналарға ай сайын 650 евро көлемінде жәр дем-

ақы беріледі екен. Біздің ақшамен санағанда 130 мың 

тең геден асады. Бұл ақша аз емес. Бізде осы көлемде бол-

маса да аздаған мөлшерде болсын, осындай жәрдемақы 

тағайындау артықтық етпес еді. Және бұған біздің еліміздің 

шамасы жетеді деп ойлаймын. Көптеген елдер осындай 

жолдармен аналарды ынталандыруға күш салуда. Біздің 

елі мізде де балаларға арналған жәрдемақы бар. Бірақ оны 

Ресейдегі «Аналық капиталмен» салыстыруға келмейді. Ең 

болмаса, ауылдық жердегі аналарымызға үй шаруасындағы 

әйел ретінде жалақы тағайындалуы керек. Өйткені ауылдық 

жерлерде жұмыс жоқтың қасы. Халқымыздың санын кө-

бей тіп отырған, негізінен, ауылдағы әйелдер. Олар жұ мыс 

істегісі келсе де ауылда жұмыс жоқ. Менің, қамқорлық 

көрсетейік деп отырған себебім, халық санын көбейтуге 

үлес қосып отырған ол – аналар. 

ЖҮРГІЗУШІ:

– Гүлшат Рамазанқызы, сіз сөзіңіздің арасында егер үй 

шаруасындағы әйелдің жұмысын осындай жолмен бағалар 

болсақ, олар жікке бөлінеді деп айтып қалдыңыз. Өмір 

бойы үйде отырған әйел зейнеткерлік жасына жеткенде 

оның зейнетақысын қалай есептеуге болады?

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА:

– Әйел үй шаруасында үйде отырған жағдайда уақыт 

өте еңбекке араласып, зейнетақы жинақтау қорына қаржы 

аударып отыруы тиіс. Қарсыласым ауылдағы әйелдер 

мәселесін айтып отыр. Алайда ауылдағы жұмыссыздық 

мәселесі тек әйелдерге ғана қатысты емес. Сондықтан үйде 

отырған әйелдерге жалақы төлеуден гөрі ауылда жаппай 

жұмыс орындарын ашып, ауылдықтарды жұмысқа тарту 

қажет. Оларды одан әрі үйде қамап, жалақы тағайындаудан 

гөрі, ауылда жұмыс орындарын ашсақ, жаппай ауыл дық-

тардың бір мәселесін шешкеніміз болар еді. 

ЖҮРГІЗУШІ: 

– Германияда үй шаруасындағы әйел емес, үй шаруа-

сын дағы адам мамандығы бар екен. Осы орайда оларда 

осы мамандықтағы ер адамдар көптеп кездесетін көрінеді. 

Сон дықтан Гүлшат Рамазанқызы, үй шаруасындағы адам 

ма мандығына қалай қарайсыз? 

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА:

– Бұл мамандыққа біздің ер-азаматтарымыз келісе 

қоймайды. Өйткені ол біздің менталитетімізге сай емес. 

Сондықтан біздің елімізде мұндай мамандыққа сұраныс 

болады деп те айта алмаймын. Бұл сұрақты қоймас бұрын 

біздің ер-азаматтарымыз осы ұсынысқа келісе қояр ма 

екен, осыны ойлауымыз керек. Гендерлік саясатты ұстанып 

отырған елімізде мұндай қадамды ешкімнің де құптай 

қоймасы анық. 

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА,

ҚР Президенті жанындағы отбасы және 

әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның 

мүшесі, биология ғылымының докторы:

әйел ге мемлекет тарапынан қаржы бөлініп, қамқорлық 

көр сетілуі теңсіздік тудырады деп ойлаймын. Неге мен 

сырт та жұмыс істеп келіп, үй шаруасымен де өзім ай на-

лысуым керек? Ал базбіреулер үйде отырып-ақ сол жұмысы 

үшін жалақы алуы тиіс? Өз басым осындай бір теңсіздікті 

байқап қалдым. 

Ал қарсыласыма қояр сұрағым, демография деп отыр-

сыз. Сіздің «Экомед» орталығыңыз халық санын өсіруге 

қан шалықты үлес қосып отыр?


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал