Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



жүктеу 0.65 Mb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

Жалғасы 2-бетте 

ТАБИҒИ АПА

Т

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі маман да рының 



хабарлауынша, алдағы төрт тәулікте Сырдарияның 

Көктөбе гидрологиялық тұрағынан төменгі тұсында, 

Шу өзенінде және Алматы облысының аласа таулы 

өңір  леріндегі өзендерде мұз қабатының еріп, бұзы-

луына байланысты су деңгейінің көтерілуі ықтимал. 

Де генмен Қайраққұм суқоймасынан жіберілетін су 

көлемінің азаюына байланысты Шардараға құйылатын 

ағын әдетте гіден көп болмайды. Оңтүстік Қазақстан, 

Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында 

өзендер деңгейінің тербелуі байқалады. Соның ішінде 

Алматы облысында күрделі ахуал қалып тасуы мүмкін. 

Мамандардың айтуынша, күндізгі ауа температура-

сының жоғарылауына және жауын-шашынның түсуіне 

бай ланысты облыс аумағында қар жіті еріп, жекелеген 

өңірлерде су тасу қаупі күшейеді.

Болатбек МҰХТАРОВ

Алматы 

облысында тасқын 

қаупі күшейді

«АЛАШ АЙНАСЫ» ГАЗЕТІ МЕН СТВ ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ 



Ресми мамандықтар тізіміне үй шаруасындағы әйел мамандығын енгізу керек пе?

Гендер әйелдердің құрсағын құлыптамаса екен...

Дәрігерлер бүгінде перзентханада 

дүниеге келетін сәбилердің онының 

алтауы қыз бала екендігін айтады. 

Статистер болса олардың саны алда ғы 

уақытта бұдан үш еселеп артатынын 

айтуда. «Еркектерден әйелдерді көп 

дей ді. Бола берсін, бола берсін көп, 

мейлі». Келісесіз ғой. Еліміздегі әйел-

дер дің басым бөлігі жоғары білімді. 

Уни 

верситеттің табақтай дипломы 



бұйыр мады дегендеріңнің өзінде орта 

арнаулы оқу орындарын бітіргендігі 

туралы куәлігі бар. Олар 62 пайызды 

құрайды. Қорасында қарасы жоғының 

өзі несие алса да, қызын оқытуға құм-

был. Болашағы бар. Әсіресе ер тең гі 

күні біреудің босағасына барып кі рер 

бойжеткенінің  келешегін әріден ой-

лай тын ата-ана қызын мұғалімдікке 

не болмаса дәрігердің оқуына түсіруге 

барын салады. Өйткені ауылдық жер-

лер де нәпақа табуға болатыны – осы 

ма мандықтар ғана. Дегенмен әйелдер 

қауымы көптеп жұмыс істейтін әлеу-

мет тік сала, яғни медицина мен білім 

беру жүйесінде жалақы қалта том-

пайт қанымен, көңіл толтырарлықтай 

емес. Әрі барлық істі тап-тұйнақтай 

ете тін қаракөздеріміздің дені ерлерден 

гөрі жалақыны аз алады. Жыл сайын 

жоғары оқу орындарында білім нәрі-

мен сусындауға білек сыбана кірі се-

тін дердің 77 пайызы – қыздар. Жо-

ғары білім деңгейлері жөніндегі 

көр    сеткіш  бойынша  ер-азаматтар 

ара   сында 11,5 пайыз болса, әйел дер-

де 12,9 пайызды құрайды. 

Еліміздегі мемлекеттік қыз мет кер-

лер дің жартысына  жуығы – әйелдер. 

Бір өкініштісі, осы уақытқа дейін об-

лыс тар ды бірде-бір әкім әйел басқар-

мап ты.


Оларға  орынбасарлықтан басқа 

әзір ге кресло бұйырмай тұр. Әйел дер ді 

көтермелеу бағытында Швеция мем-

лекеті бізге мысал бола алады. Өйт кені 

бұл елдің 30-дан астам ми нистрлігінің 

60 пайызын әйелдер бас қарып отыр. 

Спикерлері де – әйел. Бү гін де шве-

циялық әйелдер елдің саяси өміріне 

бел сене араласып, көп табыс қа жетіп 

отыр. Әсіресе олар заң шы ға ру про це-

сінде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. 

Бұл елде ұлттық заң міндетті түрде ген-

дерлік сараптамадан өтеді. Бір ерек-

шелігі, әрбір заң әйелдердің мүдделері 

ес ке ріле  отырып  қа был да на ды.  Қазір 

Шве  ция ның  пар ла мен тін де  40  па-

йыздан астам әйел депутат ман датына 

ие болса, 50 пайызы үкі мет құрылымын-

дағы орындарды ием денген.

Бұл дегеніңіз биліктің бәрін әйел-

дерге беріп қойсын деген сөз емес. 

Ақыл-парасатымен, ұлылығымен ұл-

тын ұйыта білген әйел аналарымыз 

өткен. Бүгінгі сол аналарымыздың із-

ба сарлары сол биігінен түскен жоқ. 

Әйел дер биліктің басында болса да, 

от ба сының  қасында болса да, қашан-

да халықтың жоқтаушысы болып қала 

бер  мек...

Бүгінде әйелдердің белсенділігі тым 

артып тұр. Оған гендерлік саясаттың ықпалы 

зор екендігін айтпай кетсек, обал болар. 

Билік басын да ақ жаулықтыларымыз 

«жаулап» ала бастады. Кәсіпкерлік салада да 

тасын өрге домалатып жүргендер жетерлік. 

Темір тұлпарларды шырқ үйіріп жүргендер 

де – әйелдер. Тіпті айға да ұшып, көшеде 

жол тәртібін қадағалап тұратын ала таяқты 

аруларымыз да көбейді. Қысқасы, төмен 

етектілер тізгінін ұстамаған сала кемде-кем. 

Ендігі жерде «байталдың бәйге алатынына» 

күмән келтірушілердің ол ойларынан бас 

тартуына тура келіп тұр. Өйткені алда 

матриархат дәуірі басталып, нәзікжандылар 

бастаған көш озатын түрі бар. Мысал да 

жетерлік...

«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, 

екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді 

қазақ. Немесе «ұлды тәрбиелегенің 

– азаматты тәрбиелегенің, қызды 

тәрбиелегенің – адамзатты 

тәрбиелегенің» деген де қанатты сөз 

бар. Қандай жақсы теңеу айтсаң да, 

әйел заты үшін бәрі жарасымды. Себебі 

әйел – өмірдің ажары, көңілдің базары. 

Сондықтан да қазақ аналарға ерекше 

тағзым жасап, күллі мұсылман әлемі 

жұмақты ананың табанының астына 

салады. Осыған байланысты кеше 

Ақордада еліміздің аяулы жандарын 

құттықтау салтанатты шарасында 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та күздің 

бір күнін «Аналарға тағзым күні» деп 

атауды ұсынды. 

МӘСЕЛЕ


Жалғасы 4-бетте 

Президенттің айтуынша, мұндай мереке 

әлемде кең тараған. 50-ден астам елде аналарға 

арналған атаулы күндер тойланып жатады. 

Сондықтан да Президент күзгі жиын-терім науқаны 

аяқталып, қамбамыз дәнге толған уақытта бір 

күнді ардақты аналарымызға арнау туралы жақсы 

бастама көтерді. Сондай-ақ «Мерейлі отбасы» деп 

те бір күнді атап, республика кө лемінде атап өту 

де артық етпейтінін ескертті. Өйткені қазіргі 

жастарымызға тәрбиенің көзі, адами 

құндылықтардың отбасында жатқанын ұғындыру 

қажет. Себебі батыстан келіп жатқан екпіні қатты 

небір мәдени ағын әр нәрсенің ығына жығылғыш 

жастарымызды сенделтіп жатқаны жасырын емес. 

Осының бәрі Елбасыны қатты алаңдататыны 

байқалды. «Мұндай екпіннен  жастарымыз бағыт-

бағдарынан адасып қалып жатады. Кейін ғана есі 

кіріп, ержеткен соң нағыз адамға қажетті 

құндылықтың отбасында жатқанын түсіне 

бастайды», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. 

Жалпы, әйел заты қазақ қоғамы үшін, Қазақ 

мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған. 

Еліміздің де тең жартысы әйел қауымынан тұрады. 

Мемлекет басшысы да мемлекетіміздегі әйел-

дердің орнын айрықша атап өтіп, Қазақстан әйел-

дерін келе жатқан мерекесімен еліміздегі ерлердің 

атынан құттықтады. Президенттің айтуынша, біз-

дің әйелдер ошақ басындағы қа зан ның құлағын 

ға на емес, денсаулық сақтау, ағар ту шылық жү-

йенің, мемлекеттік қызметтің, сондай-ақ бизнестің 

де құлағын ұстап отыр. «Біздің де путаттардың 22 

пайызы – әйелдер. Бұл Еу ро падағы көрсеткіштен 

де жоғары болып саналады. Ал Үкіметте үш 

министр – әйел. Ол да – жоғарғы көр сеткіш. 

Несиенің де 40 пайызын бизнесте жүрген әйелдер 

үшін береміз. Сондай-ақ білім және денсаулық 

саласында да 90 пайыз – әйел қауымы.



Салтан СӘКЕН

Гүлжан КӨШЕРОВА

ИƏ

-бетте

3

ЖОҚ

Мен бұл пікірмен келісе ал-

май мын. Үй шаруасындағы әйел-

дің жұмы сын ресмилендіруге қар-

  сы  мын. 

Ресми 

мамандықтар 



ті   зі міне  үй  шаруасындағы  әйел  ма-

мандығын ен гізу, ай сайын жалақы 

тө леп,  зей нет ақы  жарнасын  ау да-

рып отыру бір қарағанда дұрыс 

бо 

лып көрінуі мүмкін. Салтанат 



Бер денқызы да рес ми мамандықтар 

ті зіміне үй ша руа сындағы әйел ма-

ман дығын  ен гізу  арқылы  де мо гра-

фияға ықпал ету ге болады деген 

уә жін келтіріп отыр. Бірақ, менің 

ойымша, бұл әйел дер арасында 

теңсіздік қа лыптастырады. Себебі 

үй шаруасымен үйде отырған 

әйел дер ғана емес, 8-10 сағаттап 

жұ мыс істеп жүрген әйелдер де ай-

н а лысады. 

– Үй шаруасындағы әйелдің де 

ең бегін ескеріп, оны арнайы ресми 

ма мандықтар тізіміне енгізуіміз қа-

жет. Өйткені біздің еліміз жер көлемі 

жө нінен үлкен болғанымен, адам са-

ны жағынан кішкентай мем лекетке 

жа тады. Қазақстанда бар болғаны 

17 миллиондай ғана халық бар. 

Соң ғы кездері халқымыздың санын 

қайтсек 20 миллионға жеткіземіз 

деп бас қатырып жатырмыз. Ал 

халықтың 51 пайызы әйелдер болса, 

49 пайызы – еркектер. Шын мәнінде, 

әйелдің иығына артылар жүк оңай 

емес. Ана ретінде үйдің тірлігін істеп, 

ертелі-кеш тамақ дайындап, әрі 

ұрпақ санын да көбейтіп, тіпті ара-

сында қоғамдық жұмысқа да ара ла-

сып, кәсіби міндетін де атқарып үл-

ге руі  тиіс. 

Қоғамдағы қордаланған мәселелерді әртүрлі көзқарастағы 

азаматтардың пікірімен саралайтын «Алаш айнасы» газеті 

мен СТВ арнасының бірлескен жобасы аясында жарық 

көрген бағдарламаның кезекті тақырыбы – «Ресми 

мамандықтар тізіміне үй шаруасындағы әйел 

мамандығын енгізу керек пе?» Қоғамдағы орын алып 

жатқан кез келген мәселеден шет қалмауды 

көздейтін кезекті бағдарламаның көрсетілімі 

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне 

орай әйелдер мәселесіне арналып отыр. Біздің 

елімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде 

де талқыға салынып жүрген тақырыпты 

әйелдер мерекесі қарсаңында да 

таразылап көргенді жөн көрдік. Сонымен, 

ресми мамандықтар тізіміне үй 

шаруасындағы әйел мамандығын 

енгізу керек пе?

Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ:

ДАТ!

Сара ШАЯХМЕТҚЫЗЫ:

Дүниені ақ-қара 

немесе сұлу-көріксіз 

деп бөлмейтін бір адам 

болса, ол – Ана

Елбасы «Аналарға тағзым 

күнін» атап өтуді ұсынды

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, ҚР 

Президенті жанындағы отбасы және 

әйелдер істері жөніндегі ұлттық 

комиссияның мүшесі, биология 

ғылымының докторы:

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, 

саяси ғылымдар докторы, 

профессор:

бетте

6

Наурыздың 8-11-і күндері Алматы облысында 



су тасқыны қаупі күшейеді. Күннің жылынуы, 

жауын-шашын мен қардың еруі өзен-сулар 

деңгейінің көтерілуіне әсер етеді.

№41 (723) 

8 наурыз, бейсенбі

2012 жыл


Мансұр Х

АМИТ (фо


то)

№41 (723) 

8.03.2012 жыл, 

бейсенбі             

2

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

ӘЙЕЛ – АНА

 

«Темірдей леди» түсінігін 



ағылшын газеті қалыптастырған

Орталық Азиядағы ықпалды әйел – Роза Отынбаева



«Темір леди» немесе «темірдей ханым» тіркестері жиі қолданылады. Бұл теңеуді ақпарат 

құралдары қалыптастырған ба, әлде жекелеген саясаткерлер ме?

Алтынай ТАЛҒАТҚЫЗЫ, Алматы

«Iron lady» ағылшын тілінен аударғанда «темірдей 

ханым» дегенді білдіреді. Яғни темірдей тәртіппен, 

өзіндік қағидаларынан ауытқымайтын саясаткер 

ханымдарға қолданылады. Бұл теңеу ең алғаш рет 

1979 жылдың 25 қаңтарында ағылшынның «The 

Sunday Times» басылымында жазылды. Кеңестер 

одағы тұсында бұл теңеуді аударып, ең алғаш 

қолданған әскери саладағы журналист Юрия 

Гаврилова болды. Алғашқыда бұл сол кездегі 

Ұлыбританияның премьер-министрі Маргарет 

Тэтчерге қатысты айтылды. Ал қазіргі кезде аталған 

теңеу Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Голда Меир, 

Мадлен Олбрайт, Кондолиза Райс, Хиллари Клинтонға 

қатысты қолданылып жүр. Айта кетер жайт, былтырғы 

жылдың соңында Ұлыбританияда «Iron lady» атты 

фильм түсірілді. 13 млн долларға түсірілген 

өмірбаяндық драма ТМД шеңберінде наурыз айынан 

бастап көрсетіле бастады.

Соңғы мәліметтер бойынша әлемдегі ең ықпалды әйелдер кімдер болып танылды?

Айжан КӨБЕКБЕКОВА, Талғар

Америкалық Newsweek басылымының нұс-

қасы бо йын ша әлемдегі ең ықпалды 150 әйел  дің 

тізімі жасалды деп хабарлайды «Тен гриньюс» 

сайты. Жалпы, бұл тізімді New sweek  жур налы 

мен The Daily Beast желілік порта лы бір лесіп 

әзірлеген. Саясаткерлер, журналистер, әс ке ри-

лер, шоу-бизнес жұлдыздары, азаматтық бел-

сен ділер енген 150 ықпалды әйелдердің қата-

рында АҚШ-тың 52 өкілі, Ұлыбританияның төрт 

өкі лі, Иранның алты өкілі, Ре сей дің үш өкілі бар 

екен. Ор талық Азия бойынша Қыр ғыз станның 

экс-пре зиденті Роза Отынбаева да бұл ті зім нің 

ор та сы нан та былды. Бұл тізімде АҚШ-тың Мем-

ле кеттік хатшысы Хил лари Клинтон, Германия 

кан цлері Ангела Меркель, Ха лықаралық валюта 

қорының жетекшісі Кристин Ла 

гард, әйгілі 

теннисші Серена Уильямс, актрисалар Анд же-

лина Джоли мен Мерил Стрип, әншілер Lady 

Gaga мен Адель, тележүргізуші Опра Уинфридің 

есімдері атал ды. Сондай-ақ Ресей тара пынан 

құқық қорғаушы Свет лана Ганнушкина, жур-

налист Маша Гессен, әнші Ан на Нетребко аме ри-

калық Newsweek басылымы жария ет кен тізімнен 

кө рінді.

МӘЖІЛІС

Еркек депутаттар әйелдер алдында «ерлік» жасады

Басқосуға енгізілген заң жобаларын 

тып-типыл талқылаған соң, кезек дәстүр 

бо йынша депутаттық сауалдарға келген 

еді. Ақпарат аңдып, соны сауалдар  күтіп 

отырған жазарман-жорналшы қауым үшін 

жал пы отырыстағы «қызықты» һәм қыл 

суыр тар қызу сәт енді басталуы тиіс бо ла-

тын-ды. Алайда сауалға кезек көше бас та-

ған тұста залдың қақ ортасынан төрдегі 

төр ағадан «дат» сұраған дауыс естілді. 

Сөйт сек, спикер Нұрлан Нығматулиннің 

сө зін бөлген депутат Нұртай Сабильянов 

екен. Былтыр Мәжілісті тарқатуға бірден-

бір бастаманы жасаған депутаттың бұл 

жолғы ұсынысы да төтенше болды. Де-

генмен ондай ұсыныс қалаулылар қа-

уымы 


ның басым бөлігіне бірден ұнай 

кеткен тә різді. «Бүгін – 8 наурыз күні! Ер-

кек тер қа уы мының бір ғана жұмысы болуы 

керек. Ол – әйелдерді, қыз-келіншектерді 

құт тық тау, оларға құрмет көрсету. Сон дық-

тан да уақыт үнемдейік, депутаттық сауал-

дар ды соз балақтатпай, қысқаша жолдауға 

ты  рыссақ. Тіпті мұны кейінге қалдырсақ та 

бо  латын еді», – деді Нұртай Салихұлы. 

Сол-ақ екен, жүзден астам депутат үдере 

дүр кірей жөнелді. Көпшілігі Сабильяновтың 

төтеншеден суырған «сыйлығына» тым 

тәнті болып жатқандай көрінді бізге. 

«Дұрыс» деп бір тоқтаған төрдегі төраға 

Нұрлан Зайроллаұлы, жан-жаққа жа мы-

ра ған жамағатты сабырға шақырып, қо-

лындағы қоңырауын қайта-қайта сылдыр 

қақ тырды (шатаспасақ, бұл бесінші Мә-



Мәжіліс кеше мереке 

алдындағы отырысын шат-

шадыман көңілде өткізді. 

Күн тәртібіндегі төрт жобаны 

айналдырған 1 сағаттың 

төңірегінде-ақ тауысқан 

депутаттар қыз-келіншек-

терді құттықтауға асығып

қалған мәселені мерекеден 

кейінгі кезеңге қарай ысырып 

тарқады.

жілісте спикердің депутаттарды сабырға 

шақырып соққан алғашқы қоңырауы – 

авт.). Сосын спикер: «Сабильянов алды-

мыз  ға ұсынысты бірінші болып тастады. 

Ен деше, меніңше, бүгін депутаттық сауал 

жолдауды ашпай-ақ қойған жөн. Әйтсе де 

ұсынысты демократияға сай дауысқа 

салып шешелік», – деп қайырды спикер. 

Да уыстың нәтижесі қандай болғаны бізге 

беймәлім, дегенмен мониторға көзін сал-

ған Нұрлан Зайроллаұлы бар эмо циясын 

аса ризашыл күлкісімен білдіре отырып 

«ну-у-у!» деп қана нүкте қойды. Сөйтіп, 

депутаттық сауалдарды кейінге ысырған 

қалаулылар залды тастап, нәзік 

жан-


дыларды құттықтауға асығыс аттанды.  

«ХАЛАЛДЫҢ» БАСЫМЫ САПА ҮШІН 

ЕМЕС, ЖАРНАМА ҮШІН ЖАСАЛАДЫ 

Отырыс барысында депутаттар бірінші 

оқылымда мақұлдаған заң жобасының 

бірі техникалық реттеу және метрология 

мәселелеріне қатысты болатын. Құжаттың 

негізгі мақсаты ұлттық заңнаманы халық-

аралық    шарттарға және ДСҰ талаптарына 

сәйкес келтіру болып табылады. Бұдан 

бөлек, заң жобасы өнімнің қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуді де қарастырады. Шағын 

және орта бизнестің дамуы үшін әкімшілік 

кедергілерді де сылып тастау қамтылыпты. 

Индустрия және жаңа технологиялар 

министрі Әсет Исекешев  құжаттың негізгі 

бағытымен таныстырып, бір-екі жайтқа 

баса тоқталған болатын. «Заң жобасымен 

аза маттарды қауіпсіз өнімдермен қамта-

масыз ету шаралары қарастырылады. 

Осы  ған орай, жауапкершілік нормалары 

қата  йып, айыппұл мөлшерлерін 2-3 есеге 

арт тыру ұсынылады. Қазақстандық на-

рыққа контрафакті өнімдерін енгізуді ба-

рынша шектемекпіз. Сол үшін жұртшылыққа 

кон трафактілі өнімдерді сатуға ты рыс қан-

дарды біз Ресей мен Беларусьтағы секілді 

айып пұл арқылы жазалаймыз, оның мөл-

шерін арттырамыз», – дейді Әсет Өрен тай-

ұлы. Дәл осы қауіпсіз өнімдерге қатысты 

іс-шараға бір топ депутаттың көңілі тол-

мады. Мәселен, депутат Светлана 

Романовская осы бағыттағы ведомствоға 

қарасты органдардағы олқылықты жіпке 

тізіп, бірден министрге дүрсе қоя берді. 

Оның айтуынша, еліміздегі барлық стан-

дарт 

тар, зертханалардың басымы ми-



нистрлікке қарасты комитетте болғанымен, 

одан еш пайда болмай отырған сыңай 

бар. 

Өнім қауіпсіздігіне қатысты және бір 



мә селе көтерген депутат Серік Оспанов 

жа нармай сапасына алаңдады. «Өткенде 

мұ най және газ министрі Мәжілісте жа нар-

май жайында есеп берді. Сөйтсек, бензин  

са пасына қатысты құзыретті орган сіздің 

ми нистрліктегі комитет екен ғой», – деп, 

мәселенің басын бірден ашып алған Серік 

Жәмекұлы, жанармай құятын авто бе кет-

тердегі өнімге қатысты өкінішін айтты. 

Айтып-айтпай не керек, ақыр аяғы әлгі 

бензинмен айналысатын пиғылы теріс 

компанияларды нашар жанармай сатқаны 

үшін жауапқа тартудың тетігі әлсіздігін бәрі 

де, министр де, депутат та білетін болып 

шықты. «Сапасыз бензин сататын жа нар-

май бекеттерін біз заң бойынша жылына 

бір рет қана, онда да тек прокуратураға 

ес кертіп, сосын алдын ала тексеріс туралы 

оның өзіне хабарлап қана тексере аламыз. 

Оу, олай болса, бензин сапасына қатысты 

объек тивті тексеріс болады деп кім айта 

алады?! Бұл қалай? Жалпы, жұртшылық 

ақшасын төлегендіктен, сапалы бензин ал-

уы керек. Бұл үшін бір өзгерістер қажет 

шы ғар. Не істейміз?» – деп түйіндеді сауа-

лын Серік Оспанов. Сөйтсек, әлгіндей заң-

ның олқылығынан Индустрия министрлігі 

де жапа шегіп отыр екен. Басшы Әсет Исе-

ке шев жыл сайын 300-ге тарта жанармай 

стан сылары тексерілетінін, онда да тек-

серулерге қатысты заңнаманы еш бұза ал-

май тынын қынжылыспен жеткізді. «Про-

ку 

ратураның рұқсатынсыз май құятын 



бе кеттерді тексере алмаймыз. Дегенмен 

бен зин  сапасына  қатысты  заң бұ зу шы-

лықтарды жиі анықтап жүрміз. Анықтай 

са лысымен тиісті шара қабылдап та жа-

тырмыз. Алайда бұл арқылы сапасыз бен-

зиннің саудасына тоқтам сала алмай отыр-

мыз. Неге дейсіз бе, өйткені заң талабы 

оған жол бермейді. Алда тағы талқылауға 

әзірміз», – дейді министр. Сөйтіп, өнім 

қауіпсіздігі мен жанармай сапасына қатыс-

ты мәселелер алдағы уақытта заң жобасын 

екін ші оқылымда қарау барысында кеңінен 

талқыланатын болып келісілді. Әзірше 

нақты тетік анықталған жоқ.



Қанат ҚАЗЫ

Сәкен КӨКЕНОВ

ТАҒЫЛЫМ


Тарихымызға үңілсек те, елдік істерге 

араласып, үйдегі балаларына ғана емес, 

түздегі халыққа қамқор болып, еңбегі сің-

ген аналарымыз аз емес екеніне көз жет-

кі земіз. Олар жайлы жазушы Мұхтар Ма-

ға 


уин былай деп қалам сілтеген еді: 

«Ежел гі эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа, 

Ақ жүніс пен Назым. Шежірелі тарихтағы 

До малақ-ене мен Қыз-ене, Айша-бибі 

мен Абақ-ана. Таңбалы тарихтағы Қасым 

ханның анасы Жақсы-бике, Абайдың 

анасы Ұлжан, арыдағы Алаштың тұлғасы 

болған тағы қаншама алыпты туғызған, 

есімдері сақталмаған әулие аналар, 

берідегі ел билеген Айғаным мен қол 

бастаған Бопай, қазақ әйелінің асқақ әрі 

нақты көрінісі сондай болды күні кешеге 

дейін».

Қазіргі қазақ қызы қоғамның кез келген 



саласына еркін араласып, қазан-ошақтың 

маңында ғана емес, елдік істердің басы-

қасында да жүр. «Әйел затының қоғамдық 

шаруаларға, мемлекеттік істерге көп 

араласуы елдің демографиясы мен 

ұрпаққа дәстүрлі тәрбие беру ісіне кедергі 

болады» деген пікір жиі айтылады. Бұл да 

дұрыс шығар. Дегенмен әйел жүрген жер-

де тәртіп бар деген пікірді де қоғам жиі 

айтады. 


Соңғы деректер бойынша, Қазақ-

стандағы мемлекеттік қызметкерлердің 51 

па йы зын әйелдер құрайды екен. Әйелдер-

дің үлес салмағы әр салада әртүрлі көр сет-



Қазақты қазақ еткен – әйел

кіштерге ие. Мәселен, судьялардың ара-

сында – 42 пайыздан, кәсіпкерлер 

ара сында 40 пайыздан асады.  Әсіресе ме-

дицина мен білім саласында әйелдердің 

са ны да, салмағы да басымдау: 80 пай ыз-

дан жоғары. Мемлекеттік қызметтегі үлес 

сал мағы 51 пайызды құрағанымен, олар-

дың құзырлы креслода отырғандары 11 

па йыз шамасында ғана екен. Денсаулық 

сақ тау министрлігi, Еңбек және халықты 

әлеу 


меттiк қорғау министрлігі, Эко 

но-


микалық интеграция істері жөніндегі ми-

нистрлік сияқты Үкіметтің үш негізгі ме ке-

ме сінің басшылығында әйел азаматтар 

отыр. Қазақстанда министрлік қызметке 

әйел азаматты қою  – біраз жыл бұрын 

басталған үрдіс. 

Әйел шенеуніктердің бір ерекшелігі: 

мекеменің қызметі қоғам үшін ашық 

болады. Мәселен, жұртшылық министр 

Гүлшара Әбдіқалықованы бұқаралық ақ-

парат құралдарынан қорықпайтын, ке-

рісінше, кез келген ісіне түсініктеме беруге 

да йын тұратын қайраткер ретінде таниды. 

Әсіресе қазақтілді баспасөздерге министр-

дің есігі қашанда ашық.  

Өкінішке қарай, облысқа әкім болып 

отырған әйел азаматтар жоқ екен. Ал 

орынбасарлық қызметте отырғандардан 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары 

Әлия Ғалымова, Ақтөбе облысы әкімінің 

орынбасары Сара Нұрқатованы және тағы 

басқаларды атауға болады. Бүгінде Қазақ-

стан қоғамында саясатта болсын, бизнесте 

бол 


сын, экономиканың барлық секто-

рында, шаруашылықтың әртүрлі сала-

ларында болсын, ер-азаматтармен қатар 

ең бекке белсене араласып, еліміздің эко-

номикасының, мәдениетінің, руха 

ния-


тының дамуына жол іздеп, қоғамның на-

за 


рында жүрген әйел қайраткерлер аз 

емес. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне 

ер-азаматтармен қатар тұрып, иық тірес-

тіре еңбек етіп, сүбелі үлестерін қосып 

жүр ген Светлана Жалмағамбетова, Зағипа 

Ба лиева, Алтыншаш Жағанова, Айгүл Со-

ловьева, Бірғаным Әйтімова, Шәмшә Бер-

кім баева, Бақыт Сыздықова, Асылы Осман, 

Гүлжан Қарағұсова, Бақыт Түменова, Сал-

танат Байқошқарова, Зейнеп Ахметова, 

ақындардан Фариза Оңғарсынова, Мар-

фу 


ға Айтқожина секілді, жас жур-

налистерден Жұлдыз Әбділдақызы, Кәм-

шат Тасболат, Гүлжан Көшерова  сияқты 

әйел қайраткерлерді тізе берсек, ұзын-со-

нар кесте шығатыны сөзсіз.

Мемлекеттiк басқару саласында, кәсiп-

керлiк пен өнеркәсiпте, бiлiм мен ғылымда 

қа жырлы еңбегiмен дүниежүзiне танылған 

азаматшаларымыз көп.

Мәселен, Чехияда адам құқықтары жә-

не ұлттық кемшiлiк министрi Жәмила Стех-

ли кованың аты Еуропа елдерiне тегiс мә-

лiм. Ал ресейлiк «Базовый элемент» 

хол дингiнiң бас директоры Гүлжан Мол да-

жанова әлемнiң ең ықпалды iскер әйел-

дерiнiң алғашқы ондығына еніп, Forbes 

журналы жариялаған әлемнiң ең ықпалды 

100 әйелiнiң тiзiмiнде 37-орында тұр 

екен.

Бүгінгі таңда мемлекетімізде гендерлік 



саясат бағытында қажетті шешімдер қа-

был данып, ауқымды шаралар орындалып 

жатыр. 1999 жылы Қазақстан Респу бли-

касында әйелдердің жағдайын жақсарту 

жө 

ніндегі алғашқы Ұлттық іс-қимыл 



жоспары бекітілді. Осы жылдары еліміз-

дің Парламенті БҰҰ-ның «Тұрмысқа 

шық 

қан әйел 



дің азаматтығы туралы» 

және «Әйел дің саяси құқықтары туралы» 

конвен ция сын, Халықаралық еңбек ұйы-

мының әйел дер мен балалар құқықта-

рына қатысты бір қатар келісімін ратифи-

ка 


циялады. Үкі 

мет басшысы Кәрім 

Мә сімовтің пікірінше, бүгінде Қазақстан 

алалаушылық пен кемсітушілікке тосқа-

уыл қою бойынша Еуропалық одақ құра-

мындағы Италия, Франция секілді 12 

мемлекетпен тең тұр.



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал