Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Мақаш ТӘтімов



жүктеу 0.63 Mb.

бет6/6
Дата08.06.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

– Қонаевтың «Өтті дәурен 

осылай» атты естелігінде 

қайраткердің өкініші басым 

сияқты көрінеді. Қонаев өзінің 

қайраткерлік ғұмырында 

діттегеніне жете алды ма?

– Жоқ, меніңше, бұл кітабында 

Қонаев өткеніне салауат айтады. 

Әсіресе, өз дәуірінде халық санының үш 

есе көбейгенін мақтаныш сезіммен 

жазады. Әрине, естелік кітабында 

кезінде өз қолымен тұрғызған өндіріс 

орындарының бірқатарының 

жекешелендіру жылдары күйреп 

жатқанына қатты қапаланады да. Бұл 

рас еді. Біз оны кейін мойындадық. 

Қонаев осы кітапта қазіргі экономика-

лық реформалардың нәтижесін көремін 

бе, көрмеймін бе деген де ой айтады. 

Бірақ ойын «Қазақстан бұл тығырықтан 

шығатынына толық сенімдімін» деп 

қорытады. Содан кейін және бір арманы 

болғаны белгілі, ол – Сібір өзендерін 

Қазақстанға бұруға қол жеткізу. Кезінде 

КСРО Ғылым Академиясы осы бағытта 

арнайы ғылыми жобаны қолға алған 

болатын, бірақ кейін Мәскеу тарапынан 

тоқтап қалды. Бұл мәселені биыл 

Елбасымыз Ресейдің алдында тағы 

көтеріп отыр. Сондай-ақ бұл кітабында 

Димекең: «Маған Нұрсұлтанның 

қылшылдаған жастық жігері мен 

қабілеті ұнады. Бізге болашақта өзі-

міздің ізбасарларымызды дайындау 

керек болатын», – дейді. Демек, ел 

басқарып жүргенде мемлекет қайрат-

кері өзінен кейін тізгінді бүгінгі 

Елбасымыздың алғанын қалаған. Ал 

енді бұл кісінің жеке басындағы өкінішке 

келсек, ол – меніңше, ұрпағының бол-

мауы. Қонаев қызметінен кеткеннен 

кейін ресми Мәскеудегі басшылар дың 

жарлықтарымен бұл кісінің еңбегін 

қаралау үрдісі қолға алынды. Тіпті 

Қонаевтың еңбегін түгел жоққа шығар-

мақшы да болды. Сол кезде жазылған 

мақалалар мен айтылған мәліметтер 

көп адамның санасына сіңіп қалды. 

Зиялы қауымымыздың кейбір өкілдері 

де сол кездегі саясатпен айтылған 

пікірлерді әлі күнге дейін өрбітіп жүр. 

Ал, шындығында, Дінмұхаммед 

Ахметұлының Қазақ станды өркендетуге 

қосқан үлесінің орасан екенін оның 

халқы жақсы біледі. КСРО көлеміндегі 

ең үздік монша – «Арасанның» 

құрылысын алайық. Нысан әлі күнге 

дейін халықтың игілігіне қызмет етіп 

отыр. Содан кейін Алматыда жиі болып 

тұратын селге Димекең тосқауыл қойды. 

Тәжірибелі ғалым дардың басын қосып, 

Медеу шатқалында жарылыс жасап, 

бөгесін салды. Әдетте ұзақ жылға 

созылуы тиіс құрылыс аз уақытта 

аяқталды. Өйткені Қонаев жарылыс 

арқылы селге қарсы шараның нәтижелі 

болатынына сенді. Міне, 70-жылдардың 

ортасынан бері алматылықтардың 

ұйқысы тыныш. Алматы облысының 

бірнеше ауданында егіншілікті дамытуға 

мүмкіндік берген Үлкен Алматы каналы 

мен шетелдік туристерді тартып отырған 

Қапшағай суқоймасының салынуы да 

– ол кісі атқарған үлкен жұмыстардың 

бірі. Қазақстанның астық пен мұнай 

державасына айналуы да Қонаев 

еңбегінің арқасы екені белгілі. 1975 

жылы «Қонаев облыстардың санын 20-

ға жеткізіп, Қазақстанды жер көлемі 

бойынша БҰҰ-ға мүше етеді» деген 

әңгіме шықты. 30 жыл бұрын айтылған 

осы әңгіменің мән-жайын мен 

Димекеңнің өмірбаянын зерттеп жүрген 

кезде белгілі саясаткерлерден сұрадым. 

Жалпы, әлемдік саясатқа байланысты 

Саяси Бюрода одақтас республикаларды 

БҰҰ-ға мүше ету жөнінде мәселе 

көтеріледі. Осыған байланысты 

Димекең алдымен Қазақстанды беделді 

халықаралық ұйымға мүше етудің 

мүмкіндігін ойлап, өз ниетін білдірген 

екен. Ол кезде Украина мен Беларусь 

қана БҰҰ-ға мүше болатын. Димекеңді 

қарапайым халық әлі құрметтейді, 

балалары мен немерелеріне ол кісінің 

атын беруінің өзі – қайраткердің 

халыққа сыйлы болғанының айғағы.



– Әңгімеңізге рақмет!

Әңгімелескен 

Болатбек МҰХТАРОВ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№3 (455) 13.01.2011 жыл, бейсенбі                



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Стадионға келушілер саны артыпты

«Шайба талапайдан» Новотны озық 

VІІ қысқы Азия ойындары 

тақаған тұста осынау дүбірлі 

дода қарсаңындағы қарбалас 

күн өткен сайын қыза түсуде.

Сары ала доп 

жыл бойы 

дедектейді

Тойдың 

боладысының 

құпиялары

Бұл эстафетаның құндылығы сол – 

тұңғыш рет алау дүбірлі доданы қабыл-

дайтын елде емес, Азия олимпиадалық 

кеңесінің (АОК) бас штабы орналасқан әл-

Кувейт қаласында тұтатылды. Яғни 

осындай игі бастамадан кейін болашақта 

екі елдің ынтымақтастығы бұдан әрі арта 

түсетіні анық. Тіпті қазірдің өзінде 

Қазақстанның бұл бастамасына ризашы-

лығын білдірген АОК президенті шейх 

Ахмад әл-Фахад әл-Сабах алдағы уақытта 

елімізге арнайы іссапармен келетінін 

айтты. Ал бұрын Азиада алауы қалай 

тұтатылатын деп ойлап отырған болар-

сыздар. Ендеше, Алматы қаласының әкімі 

Ахметжан Есімовтің айтқанына назар 

аударыңыздар.

–Осыған дейін Азиада ойындарын 

қабылдайтын елдің өздері алауды өз 

жерінде тұтата салатын. Біз бұл тұрғыда 

аздап өзгеріс енгізуді жөн санап, өз 

ұсынысымызды Азия олимпиадалық 

кеңесіне жеткіздік. Олар ұсынысымызды 

қуана қабылдады. Енді бұдан былай 

Азиада ойындарының алауы Кувейттің әл-

Кувейт қаласында тұтанатын болады, – 

деді Алматы қаласының әкімі. Сондай-ақ 

Ахметжан Смағұлұлы неліктен Азиада 

алауының эстафетасы Астанадан емес, 

басқа қаладан емес, Алматыдан 

басталғанына да тоқталды:

«Азиада алауы эстафетасының Алма-

тыдан басталып отырғаны – біріншіден, 

мақтаныш, екінші жағынан, заңдылық. 

Себебі VII қысқы Азия ойындарын өткізу 

құқын  Астана емес, басқа қала емес, 

Алматы жеңіп алды». 

Сонымен, Ахметжан Есімов пен ҚР 

туризм және спорт министрі Темірхан 

Досмұхамедовтің ақ тілегінен кейін қала 

әкімі Азиада алауын өзінің орынбасары 

Серік Сейдумановқа ұстатты. Тұғырдан 

секіру кешенінің алаңын бір айналып 

жүгіріп өткен Серік Сейдумановтан алауды 

шаңғымен трамплиннен секіруден КСРО 

чемпионы болған Андрей Вервейкин 

қабыл алды. Сөйтіп, Тұғырдан секіру 

кешенінен бастау алған алау эстафетасының 

АҚ АЗИАДА АЛАУЫ

шарықтау шегі ескі алаңда аяқталып, арты 

мерекелік концертке ұласты.

«Сын түзелмей, мін түзелмейді» деп 

жатамыз ғой. Жасыратыны жоқ, бұл жолы 

да ұйымдастырушылық тұрғыда 

кемшіліктер аз болмады. Мәселен, Азиада 

алауы эстафетасының барысында ешқан-

дай салтанатты шараның куәсі бола 

алмадық. Рас, Кувейтке барып-қайтқан 

өкілдердің айтуынша, әл-Кувейтте бәрі 

тамаша болыпты. Керемет мерекелік 

концерт қойылып, Қазақстаннан арнайы 

барған эстрада топтары өз өнерлерін 

көрсеткен екен. Бір сөзбен айтқанда, бәрі 

жоғары деңгейде болған. Мұны 

телетрансляция барысында өзіміз де 

көрдік. Дегенмен, өкінішке қарай, 

Алматыдан мұндай кереметтерді көре 

алмадық. Құдды бір, қарапайым қатардағы 

шаралардың бірін өткізе салғандай әсерде 

қалғанымыз да жасырын емес. Сондай-ақ 

алау шырағданының да бәріне ортақ 

біреу-ақ болғаны таңғалдырды. Салыс-

тырмалы түрде айтар болсақ, Қытайда 

өткен XVI жазғы Азия ойындарының алау 

эстафетасы кезінде әрбір қатысушыда бір-

бір шырағдан болып, отты бір-бірінен 

тұтатқан еді. Алайда ұнжырғамызды 

ПІКІР МЕН ПАЙЫМ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ



Азиада алауы – қазақ топырағында! 

ШАЙБ


А

ЛЫ ХОККЕЙ

Ел чемпионатының бірінші кезеңін де 

барлық командалар 36 ойыннан өткізді. 

Жаңа жыл мерекесінен кейін, яғни 5 қаң-

тардан бастап ел біріншілігінің екінші 

кезеңі басталды. Чемпионаттың екінші 

жартысында барлық командалар 18 ойын-

нан өткізеді. Ел біріншілігінің ойындары 

«сыңар кездесу» үлгісінде өтетіндігін ескер-

сек, төл чемпионатымыздың екінші кезеңі 

бір айналымдық жүйемен шектелмек. 

Яғни 10 команда бір-бірімен бір-ақ рет 

кездесіп, екі матчтан өткізеді. Мұнда 

алғашқы бестікке орналасудың пайдасы 

тиеді. Себебі алғашқы бестіктегі команда-

лар осы 18 ойынның 10-ын өз айдынында 

өткізіп, қалған 8-ін түзде өткізеді. Басқаша 

айтқанда, қалған тоғыз команданың 

бесеуін өз айдынында қабылдайды да, 

төртеуіне қонаққа барады. Ал қай команда 

қайда қонаққа барады, қайсысын өз 

айдынында қабылдайды оны Қазақстан 

хоккей федерациясы маусым басында 

бекіткен. Спорттық жарыстарда қалыптас-

қан үлгі бойынша цифрлап тастаған. 

Мысалы, «бірінші орын алған команда өз 

айдынында 10-орын алған команданы 

қабылдайды да, 9-орынға орналасқан 

командаға қонаққа барады» деп. Бұл – 

чемпионат басында бекітіліп, шешіліп 

қойған іс. Сондықтан ешкімнің өкпесі жоқ. 

Алған орындарына байланысты осы 

күнтізбе бойынша екінші кезең өтуде. 

22 қаңтардан бастап, 8 ақпанға дейін 

ел чемпионатында бірнеше күндік үзіліс 

болады. Себебі осы аралықта, дәлірек 

айтқанда, 24 қаңтардан 7 ақпанға дейін 

VІІ қысқы Азия ойындары бағдарламасында 

шайбалы хоккей додасы өтеді. Өздері ңіз 



Шайбалы хоккейден 

Қазақстан чемпионатының 

бірінші кезеңі аяқталып, 

екіншісі басталды.

Нұрғазы САСАЕВ

Мұзайдын додасы көмбеге тақады

Әйелдер арасындағы «Ұлттық лигада» 

бақ сынайтын алты команда Алматыда 

екінші турдың ойындарын бастап та кетті. 

Бірінші турда барлық қарсыластарын 

қоғадай жапырған «Жетісу» арулары 

екінші турды да жеңіспен бастады. Ал 

бірінші турда тек талдықорғандықтардан 

ұтылған «Қарағанды» қыздары Алатау 

бөктерінде «Астана» аруларынан төрт 

партияда ұтылып қалып, жаза басты. 

Бірінші турда үшінші орынға ие болған 

«Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) 

өздерінің өкшесін басып келе жатқан 

«Алматы» клубымен болған тартысты 

ойында жеңіске жетіп, басты бәсекелестерін 

сан соқтырды. Соңғы орындағы 

Теміртаудың «Металлург АМТ» атты клубы 

екінші турды да жеңіліспен бастады. 

Жалпы, екінші турдың ойындары 16 қаңтар 

күні тамамдалады.

Ал ерлер арасындағы «Ұлттық лигада» 

өнер көрсететін еліміздің маңдайалды 

алты командасы екінші турды Петропавлда 

өткізеді. Бұл дода сенбі күні басталады. 

Бірінші турдың қорытындысы бойынша 

«Алматы» клубы 10 ұпаймен бірінші 

орынды меншіктеген. Хромтаудың «ТНК 

Қазхром» деп аталатын клубы тоғыз 

ұпаймен екінші орында тұр. Өскеменнің 

«Шығыс-СвинецСтрой» деген атауы 

шұбалаңқы ұжымы сегіз ұпаймен үшінші 

орынға жайғасқан. Бұдан кейінгі орын-

дарда «Есіл» (Петропавл), «Конденсат» 

(Орал), «Атырау» (Атырау) волей-

болшылары сап түзеп тұр.

Әйелдер арасындағы және ерлер 

арасындағы биылғы ел чемпионаты 

айналымдық жүйемен алты турға бөлініп 

өткізіледі. Яғни екі «Ұлттық лигадағы» 

алты команданың әрқайсысы өз жерінде 

(алаңында) бір турдың ойындарын 

өткізеді.

Әлихан ЖАППАР

Дәл қазір елордамыздың әкім-қара-

лары мен Астана қалалық ұйымдас тыру 

комитеті VІІ қысқы Азия ойындарының 

ашылу салтанатына дайындалып, сабы-

луда. Жақында Астана қаласының әкімі 

Иманғали Тасмағамбетов: «Бұған дейін 

дайындық жұмыстары әр сала бойынша 

жеке-жеке жүргізілді, «Астана-Арена» 

стадионында жабдықтарды орналастырып, 

құрылымдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, 

12 қаңтардан бастап дайындықтарымызды 

жинақтап, бәрін нақты іс жүзінде жүргізе 

бастаймыз», – деген болатын. Ең қызығы, 

әкім дайындық жұмыстары кезінде 

ақпараттық қауіпсіздікке баса көңіл аудару 

керек екендігін ескертті. Тіпті ұялы теле-

фондарды өшіріп тастау талап етілуде. 

Ондағы негізгі мақсат – ешкімнің де 

дайындық барысын бейнежазба ретінде 

түсіріп алмауына жол бермеу. Бұл орайда 

Астана әкімі: «Ешқандай да ақпараттың 

жайылып кетуіне жол бермей, дегбірді 

алған үлкен тойдың қызығын (интриганы) 

соңына дейін сақтауымыз керек», – деп 

кесіп айтты.



Айқын ЖАППАР

білесіздер, Қазақстан ұлттық құрамасына 

бұл додада тек бірінші орын алу жүктеліп 

отыр. Ұлттық құрама сапына ел чемпио-

натында ойнайтын хоккейшілер алынбаса 

да (негізі, қайсыбіреулерінің ілігіп қалуы 

да ғажап емес), ел чемпионатында үзіліс 

болады.


Содан соң екінші кезең жалғасып, 28 

ақпан күні ақырғы турдың соңғы ойындары 

өтеді. Ал 5 наурыздан бастап ел чем-

пионатының үшінші кезеңі басталады. 

Яғни алғашқы сегіздікке ие болған 

командалар ширек финалдық ойындарды 

бастайды. Мұны басқаша плей-офф ойын-

дары деп те жүрміз. Әрі қарай олим-

пиадалық жүйемен биылғы маусымдағы 

ел чемпионатының жүлдегерлері анық-

талады (суретте).

Әр жұп арасындағы ширек финалдық 

ойындар үш жеңіске дейін, ал жартылай 

финалдық кездесулер төрт жеңіске дейін 

жалғасады. Үшінші орын үшін өтетін 

текетірес екі жеңіске дейін, финал төрт 

жеңіске дейін созылады.

Дәл қазір ел чемпионатының турнирлік 

кестесі төмендегідей (осыған қарап-ақ 

негізгі бәсеке қай командалар арасында 

өрбитіндігін топшылай беруге болады): 

Хош дейік. Бірақ сауалнама қоры-

тындысын оқып, ыршып түстік. Аталмыш 

журнал әйелдер арасында Светлана Подо-

бедованы (ауыр атлетика), ал ерлер 

арасында Александр Винокуровты 

(велоспорт) еліміздің 2010 жылғы үздік 

спортшылары деп таныпты. 12 жыл сарыла 

күткен қысқы Олимпиада жүлдесін әперген 

биатлоншы Елена Хрусталева екінші орын-

да қалып қойған. Ұпайларының арасы тым 

алшақ. Ал жабық иммараттағы әлем 

чемпионы, әлем кубогының жеңімпазы 

және «әлемнің ең үздік жаңіл атлеті» 

атағынан үміткер болған, сондай-ақ XVI 

жазғы Азия ойындарынан бір алтын және 

бір күміс олжалаған Ольга Рыпакова – 

төртінші орында. Біз 2010 жылғы екі үздік 

спортшы қызымыз деп санайтын 

саңлақтарымыздың арасына теннисші 

Ярослава Шведова сына қаққан. Абырой 

болғанда, номинанттар арасында Зәуреш 

Байбосынова бар екен. XVI жазғы Азия 

ойындарының чемпионы болған қызымыз 

соңғы орынға табан тірепті. Жеңімпаз – 

жоғарыда айтқаны 

мыздай, Светлана 

Подобедова (әлем чемпионы және XVI 

жазғы Азия ойын дарының жеңімпазы).

Жарайды, мүмкін баз біреулер үшін 

Подобедованың жеңісі қымбат та шығар. 

Ал ерлер арасындағы сауалнаманың 

қорытындысын қалай түсінуге болады? 

Аталмыш журнал Александр Винокуровты 

еліміздің 2010 жылғы үздік спортшысы 

деп таныған. Не үшін? Азия ойындарына 

бармағаны үшін бе? Ел намысы таразыға 

тартылатын дүбірлі додадан жалтарғаны 

үшін бе? Түсінбедік. Винокуров екінші 

орындағы футболшы Нұрбол Жұмас-

қалиевті үш орап аларлықтай алшақтықпен 

қара үзіпті-мыс. Одан кейінгі орындарда 

– Данияр Елеусінов (бокс), Илья Ильин 

(ауыр атлетика), Андрей Голубев (теннис). 

Ванкуверде өткен қысқы Олимпиада 

ойындарында екі рет бесінші орын алған, 

сонымен қатар әлем кубогының төртінші 

кезеңдік жарысында (15 шақырымдық) 

топ жарған Алексей Полторанин қайда? 

Әлем чемпионатында грек-рим күресінен 

қола медаль алған Нұрмахан Тыналиев 

пен Алмат Кебісбаев ше? Самбодан әлем-

нің бірнеше дүркін чемпионы Ерболат 

Байбатыров та ілікпеген номинанттар 

қатарына. Велоспорттан Азия чемпионы 

болған Андрей Мизуров та көрінбейді. 

Түгендей берсек, өткен жылы ерен 

жетістікке қол жеткізген, үздіктер тізіміне 

ілігуге лайық ұл-қыздарымыз көп-ақ. Жоқ, 

әлде, осы сауалнамаға қатысушылар 

спортшылардың танымалдығына мән 

берді ме екен?!



Дархан ӨМІРЗАҚ

Жанкүйерді 

шатастырған 

сауалнама

Кеше Sport Review деп 

аталатын журналдан хат 

алдық. Аталмыш басылым 

сауалнама жүргізіп, 

Қазақстанның 2010 жылғы 

үздік спортшыларын 

анықтапты.

ВО

ЛЕЙБО



Л

Қазақстан футбол федерациясы өкіл-

дерінің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, 2009 

жылмен салыстырғанда 2010 жылы стадионда 

көрермен саны 367 адамға арт қан. Яғни өткен 

жылы премьер-лиганың әр ойынын стадион-

нан орташа 4137 адам та ма шалаған. Бұл 

соңғы бес жылдағы ең жо ғарғы көрсеткіш 

болып саналады. Айта кетейік, 2006 жылы 

премьер-лиганың әр ойынына орташа есеппен 

3951 адам жинал ған болса, 2007 жылы 3578 

адамды құрап ты. Ал 2008 жылы көрсеткіш 

3307-ге дейін тө мендеген. 

Өткен маусымда бәрінен де Ақтөбе қа-

ласында стадионға жанкүйерлер көп жинал-

ған. Естеріңізде болса, 2009 жылы «Ақтөбе-

нің» әр ойынын орташа есеппен 6823 

көрермен тамашалаған болатын. Ал 2010 

жылы бұл көрсеткіш 6888 адамды құрапты. 

Сондай-ақ Қостанайда да футбол сүйер қауым 

едәуір көбейген. Ал Қарағанды да керісінше, 

стадионға келушілер саны күрт төмендеп 

кетіпті. 

«Бұрынғы жылдармен салыстырғанда өткен маусымда ел футболының премьер-

лига ойындарында көрермен көп болды» дегенді жиі естіп жүрміз. Сонда стадиондағы 

көрермендер саны қаншалықты көбейген?

Қуаныш СМАҒҰЛОВ, Семей қаласы

Шынымен-ақ «Барыстың» че-

хия лық шабуылшысы Иржи Но-

вотны төрешілер шайбаны ойын ға 

қосқанда, оны қарсыла 

сынан 


бұрын қақшып алуға шебер. Өзіңіз 

айтқандай, бұл тұрғыда Құрлықтық 

хоккей лигасында одан асқан 

ешкім жоқ. Осы маусымда, бүгінге 

дейін 42 ойын өткізген Иржи 1039 

рет ойынға қосылған шайбаға 

таласып, оның 644-інде «қара 

снарядты» өз команда ластарына 

алып берді. Дәл осы көрсеткіш 

жағынан Новотныға тең келер еш-



Астананың «Барысының» шабуылшысы Иржи Новотны 

төрешілер шайбаны ойынға қосқанда, оны «қарсыласынан 

бұрын қақшып алуға шебер» деп естідім. Бұл тұрғыда 

Құрлықтық хоккей лигасында одан асқан ешкім жоқ көрінеді. 

Шынымен-ақ солай ма? Бұл жағынан статистикалық 

көрсеткіштері қандай екен?

Ербол ӨМІРЗАҚ, Қарағанды облысы

кім жоқ, әзірше. Ал оның «шайба 

талапайдағы» қарсыласын қапы 

қалдырған пайыздық көрсеткіші – 

62,0.

Жалпы, Құрлықтық хоккей лига-



сының рекорды «Локомотив» (Яро-

славль) клубының чехиялық шабуыл-

шысы Йозеф Вашиекке тиесілі екен. 

Иржи Новотныдың отандасы Құрлық-

тық хоккей лигасының тырнақалды 

маусымында 1256 рет ойынға қосыл-

ған шайбаға таласыпты. Мау 

сым 


аяғына дейін Иржидің Йозефтің 

рекордын жаңартуы ғажап емес. Тек 

осы бетінен таймасын, жарақаттан 

аман болсын дейік.



Жазғы спорт түрлері 

өкілдерінің көбісі демалып 

жатқанда волейболшы 

қыз-жігіттеріміз ел 

чемпионатының екінші турын 

бастады.

ДОДА


Клуб

Әр ойындағы 

кө рер  мендердің 

орташа саны (2010 ж)

Әр ойындағы 

көрер мен дер дің 

орташа саны (2009 ж)

Айырмашылық

«Ақтөбе»

6 888


6 823

+ 65


«Тобыл»

5 531


4 000

+ 1 531


«Шахтер»

5 406


6 446

- 1 040


«Атырау»

5 000


4 385

+ 615


«Локомотив»

4 788


4 215

+ 573


«Ертіс»

4 769


4 485

+ 284


«Ақжайық»

4 688


2 685

+ 2 003


«Тараз»

4 188


3 638

+ 550


«Ордабасы»

3 688


4 038

- 350


«Жетісу»

1 981


2 846

- 865


«Оқжетпес»

1 600


2 727

- 1 127


«Қайрат»

1 116


658

+ 458


Ескерту: 

О – өткізген ойындары, Ж – жеңістері, ОЖ – овертаймдағы жеңістері, БЖ 

– буллиттегі жеңістері, БҰ – буллиттегі ұтылыстары, ОҰ – овертаймдағы ұтылыстары, Ұ – 

ұтылыстары, Ш/А – шайба айырмасы, ҰП – ұпайы.

Тұралап тұрмыз

Ф

У



ТБО

Л

Кеше ФИФА төрткүл 



дүниедегі ұлттық құрамалардың 

қаңтар айындағы рейтингін 

жариялады. Бұл тізімде 

Қазақстан ұлттық құрамасы 137-

орынға табан тіреді.

Бұл жолы сол бұрынғы орнымызда қа-

лыппыз деуге болады. Өйткені бұған дейін 

138-орында болғанбыз. Еншімізде 161 

ұпай бар.

Испания әлі бірінші орында тұр. 

Қоржынында 1887 ұпай бар. Үздік үштікке 

Нидерланды (1723) және Германия 

(1485) футболшылары іліккен. Бразилия 

(1446) мен Аргентина (1338) – төртінші-

бесінші орындарда.

2012 жылғы Еуропа чемпионатының 

електік додасы аясында Қазақстан құ-

рамасымен «А» тобында ойнайтын елдер-

дің ұлттық құрамаларының жағдайы тө-

мендегідей: Германия 3-орында (1485 

ұпай), Түркия 31-орында (741 ұпай), 

Австрия 46-орында (569 ұпай), Бельгия 

58-орында (526 ұпай), Әзірбайжан 97-

орында (343 ұпай).

Жалпы, ФИФА-ның ұлттық құрамалар 

арасындағы рейтингінде барлығы 207 

мемлекет тіркелген. Келесі рейтинг 2 ақпан 

күні жарияланады.



Нұрғазы САСАЕВ

12 қаңтарға дейінгі жағдай

о

ж



ож

бж

бұ



оұ

ұ

ш/а



ұп

1. «Сарыарқа»

 (Қарағанды)

39

30



3

2

0



1

3

167-170



101

2. «Бейбарыс» (Атырау)

38

26

1



1

1

1



8

128-71


84

3. «Ертіс-Павлодар»

(Павлодар)

40

21



0

4

3



0

12

139-103



74

4. «Арлан» (Көкшетау)

39

16

2



2

3

0



16

116-114


59

5. «Горняк» (Рудный)

39

17

1



0

2

2



17

122-121


57

6. «Арыстан» (Теміртау)

40

14

2



4

0

2



18

131-115


56

7. «Барыс-2» (Астана)

40

14

1



3

4

1



17

120-159


55

8. «Қазақмыс» (Сәтбаев)

38

12

1



1

2

3



19

117-131


45

9. «Алматы» (Алматы)

39

9

2



0

3

2



23

109-142


36

10. «Қазцинк-Торпедо-2»

(Өскемен)

40

5



0

2

1



1

31

78-201



21

Басы 1-бетте

Елдос ТІЛЕБАЛДИЕВ, 

көкпардан ҚР спорт 

шебері, Ақ Азиада алауы 

эстафетасына қатысушы:

– Досай деген 

сәйгүлігім екеуміз бұл 

шараға дайындықты 

бір ай бұрын 

бастағанбыз. Атымды 

толық дайындап 

келдім. Шынымды 

айтсам, қанша 

дайындалсам да 

қобалжып отырмын. 

Екі секундтың ішінде 

алауды қолыма алуым 

керек болды. Ал одан 

кейін атпен өзіме 

берілген қашықтықты 

жүріп өттім. Алған 

әсерімді сөзбен айтып 

жеткізе де алар 

емеспін. 

• Ақ Азиада алауы сақталған құтымен бірге Кувейттен Қазақстанға 

аттанған ұшақ теңіз деңгейінен 11 мың метр биіктікте ұшқан. Ал 

жылдамдығы сағатына 900 шақырымға дейін жетіпті.

• Алматыдағы эстафетадан кейін Ақ Азиада алауы чартерлік 

рейспен Таразға аттанды.

• Алматыдағы эстафетаға қатысушылар дың ең жасы 17 жасар 

мектеп оқушысы болса, ең егдесі 81 жасар ҚР еңбек сіңірген 

жаттықтырушысы Михаил Горанько болды.

• Ақ Азиада алауы шырағданының авторы – Астана қаласының 

әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

түсіруге болмас. Барлық кереметтер 

осындай кемшіліктерден, кемшіліктерді 

түзеуден басталатыны анық. Ендеше, 

Азиада алауы эстафетасының, жалпы Азия 

ойындарының есте қаларлықтай өтуіне сіз 

болып, біз болып атсалысқанымыз дұрыс 

болар.


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№3 (455) 13.01.2011 жыл, бейсенбі                



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№3 (455) 13.01.2011 жыл, бейсенбі        



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

К

езекшi  ред



ак

тор –Серік  ЖҰМАБ

АЕВ

Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат  

минис


трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №862

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №47

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №1122 

 

 

 



   

Бағасы  к

елiсiмдi

Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ы

лу



 и

нд

екс



i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы

А



лм

ат

ы



 қ

ал

ас



ы

,05


00

51

, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



Те

ле

ф



он

8(



72

7)

38

8-8

0-

60

, ф


акс

8(



72

7)

38

8-8

0-

61

e-

m



ail

inf



o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

А

тыр



ау – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т


ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 8777 5797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Астана бюросы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:


 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

А

ст



ана бюросының ж

ет

екшiсi 



Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

А

СЫЛ – тiлшi



Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

ҚАҢТАР

1

2

3



4

5

6



7

8

9



10

11

12



13

14

15



16

17

18



19

20

21



22

23

24



25

26

27



28

29

30



31

 

 



  

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?



Армяндардың жүзімнен шарап жасауды адамзат тәжірибесіне ең алғаш 

енгізген халық екенін дәлелдейтін тағы бір тарихи айғақ пайда болды. Біздің 

дәуірімізге дейінгі 4000 жылы қолданыста болған көне шарапхананың 

орнын Калифорния университетінің археологтары тапты.

«Новости» агенттігінің ха бар-

лауынша, көне шарап хана Ар ме-

нияның  оңтүстік-шы ғы сын дағы  тау 

үңгірінен табылып отыр. Тарихи 

орында археолог Ханс Барнард 

бастаған топ кешенді зерттеу жүр-

гізіп жатыр. Бұл жерден құ мы ра-

лар, жемісті сығуға арнал 

ған 


құрал дар мен жүзім сүйектері де 

табылған. Ғалым 

дардың мәлі-

метінше, спиртті ішімдік өндірісі 

адамзаттың палеолиттен неолитке 

ауысар кезеңінде дамыған. Бұған 

жүзім өсіруді кең қолдану мен 

көзешілік кәсіптің өркендеуі себеп 

болды.

Ең көне шарапхана табылды



Шешендер қыз алып қашуды 

қойып, құда түсетін болды



Шешенстанда қыз алып қашуға түбегейлі тыйым 

салынатын болды. Республика басшысы Рамзан Қадыров 

елде бұдан былай үйлену тойын жастардың өзара келісімі 

негізінде өткізуді талап етіп отыр.

Шешенстан Президенті баспасөз қыз-

метінің хабарлауынша, қызды қа лың-

дыққа ұрлау деректері елдің ты ныштығы 

мен тұрақтылығына қауіп төн 

діруде. 


Осындай соңғы дерек Курчалоев ауда-

нының Гелдаген елді мекенінде болды. 

Президенттің пікірінше, мұндай жағ-

дайлар жергілікті әкімқаралардың нашар 

жұмыс істейтінін көрсетеді. «Біз мұсыл-

мандықты ұстанатын елміз, ал біздің 

дініміз әйел затының рұқсатынсыз жасал-

ған некені құптамайды. Бұдан бұрын да айтып жүргенімдей, біз 

болашақта қоғам өмірінен қыз алып қашу деректерін түпкілікті 

жоюымыз қажет», – дейді Р.Қадыров.



Сәтбаев көшесі

Абай даңғылы

Құрманғазы көшесі

Қабанбай батыр көшесі

Достық даңғылы

Луганский көшесі

Бегалин көшесі

Бегалин көшесі

«Алаш айнасы» газетiне жазылу индексi: 64259

Редакцияның мекенжайы:

Алматы қаласы, Бегалин көшесі, 148 а

Телефон: 8(727)388-80-60,

Факс: 8(727)388-80-61

e-mail: info@alashainasy.kz

Республика

сарайы

Коккинаки көшесі

Байтасов көшесі

«АЛАШ АЙНАСЫ»

Бегалин

көшесі, 148 а

Қаңтардың 13-і

Ала

штың атаулы күні

• 1926 жылы Қазақ драма театры (кейіннен М.Әуезов атындағы 

Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры) Қошке Кемеңгеровтің 

«Алтын сақина» атты пьесасын қойып, ресми түрде ашылды.



Туған күн иелері

Ұзаққали Елеубаев (1947) – Мәжіліс депутаты;

Ахмедия Мәдиев (1950) – Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы 

басқармасының бастығы;



Дәулет Сиқымбаев (1952) – қауіпсіздік қызметінің ардагері, 

полковник;



Серік Темірболатов (1954) – Мәжіліс депутаты;

Жақсыкелді Қырықбаев (1955) – профессор;

Самат Ордабаев (1958) – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өкіл-

кеңесшісі;



Сәкен Әбдиев (1976) – «7 арнадағы» «Нысана» бағдарламасының 

жетекшісі;



Карина Абдуллина (1976) – әнші.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

СӘКЕН – еркелеткен есім. Сағид бин Әбудқас (Сәдуақас) 

ныспысының қысқарған түрі. Арабшадан аударғанда «Сәъд» (бақыт) 

және «Әбуд» (құл) «Қас» (кішіпейіл) деген мағына береді. «Алланың 

сүйген, кішіпейіл құлы болсын, хақ жолында бақытқа кенелсін» деген 

ниетпен қойылады бұл есім. Қазақ әдебиетінің классигі, Алаштың 

аяулы ұлы Сәкен Сейфуллиннің құрметіне қойылады көбіне. Ел ішінде 

жиі кездеседі. 

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 08:22  

 

            9.17 

 

           17:39    

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Сіз бұл күніңіздің айтар-

лықтай бөлігін босқа 

өткізесіз. Өзіңізге мүлдем 

қызық емес және келешегі 

жоқ істермен айналысасыз. 

Дұшпан дарыңыз дың  жолы-

ңызға қойған қақпанына түспей, 

айналып өту үшін сізге көп еңбек 

етуге тура келеді. Алайда кешке 

кездесуге барып, жағымды 

сәттерді бастан кешесіз. 



САРЫШАЯН

Бұл күні жұлдыздар сізді 

сынақтан өткізуі ғажап емес. 

Сізге бүгін өзіңіз дің қызмет-

тегі  болаша ғыңыз ға  байла-

нысты ма ңызды шешім қабыл-

дау қажет. Сонымен қатар 

серік тес теріңізбен 

біріккен 

жобаны алға дамыту туралы 

жина лыс өткізу де – сіздің мой-

ныңызда. Жаңа таныстарға сене 

бермеген абзал. 

МЕРГЕН

Жолға шығуға, саяхат-

тауға қолайлы күн. Сонымен 

қатар айналаңызда тұрған 

жиһаз дардың орнын ауыс-

тырып, қажетсіз заттар 

дан 

арылғаныңыз абзал. Өз өмірі-



ңізге бүгін қан шалықты жаңа 

дүние енгіз сеңіз, сонша лықты 

өзіңізді жақсы сезінесіз. Алға 

жылжуға кедергі келтіретін 

әдеттеріңізді өзгерткен жөн.

ТАУЕШКІ

Бұл күннің басым бөлігін 

жұмыстан гөрі отбасыңызға 

арнайсыз. Үйіңіздегі үйлесім-

ділік пен отбасындағы орын 

алған өзара түсіністік сіздің кө-

ңіліңізді көкке жеткізеді. Бұл күні 

сізге ешқандай қиындық қор-

қынышты емес, жолыңызда кез-

дескен кез келген кедергіні 

мойымай жеңіп шыға аласыз.

СУҚҰЙҒЫШ

Осы күннің оқиғалары 

өміріңізге елеулі өзгерістер 

алып келеді. Онымен қоса 

өмір туралы көзқарасыңыз 

да өзгереді. Бірақ бүгін әдет-

тегіден гөрі өзіңізге онша сенімді 

емессіз. Егер мұны басқалар 

байқаса, әсіресе күмәнді іскерлік 

серік тестеріңіз білсе, өз пай-

даларына жара тады. Сол үшін 

батыл бо лыңыз.



БАЛЫҚТАР

Сізді сәтті күн күтеді. 

Өзіңіз бұрыннан бері 

сарылып күткен оқиғалар 

орын алуы мүмкін. Есіңізде 

болсын, бүгінгі қы зықты болып 

көрінген жоспарыңыз жүзеге 

асқаннан кейін пайда әкел-

геннен гөрі, бос әурешілік әкелуі 

мүмкін. Тез дұрыс ше шімге келе 

білетін қасиетіңізді осы күні іске 

қосқаныңыз жөн. 



ТОҚТЫ

Бұл күні бойыңыздан кү-

шіңіз тасып, белсенділігіңіз 

ар 


тып тұрғанымен, оған 

лайық 


ты жұмыс табыла 

қоймайды. Сіз қазірше әрекет 

етудің қажеті жоғын түсінсеңіз 

де, шыдамдылық таныта тұру 

қияметтей болып көрінеді. 

Бірақ қанша қаласаңыз да, 

маңызды мәселелердің шешімін 

кейінге қалдыру қажет. 



ТОРПАҚ

 Бұл күні сізге тіпті өте қа-

рапайым деген мәселелер-

дің шешіміне үлкен күш 

салуға тура келеді. Өзіңіз 

бірнеше рет тәжірибеден 

өткізген, бұрыннан таныс жол-

дың өзінен кедергілер кездесуі 

мүмкін. Сондықтан бүкіл жос-

парыңыз тез жүзеге асады деп 

сенбеңіз және жеңіске жету 

оңай деп ойламағаныңыз жөн.



ЕГІЗДЕР

Күніңіз қызықты, болжап 

болмайтын оқиғаларға толы 

болып қалыптасады. Оларға 

сіздің көңіліңіз толықтай то-

лары сөзсіз. Міндетті түрде бас-

шыларға өзіңізді жақсы жағы-

ңыздан көрсетіп қалуға 

мүмкіндік туады. Бірақ ол үшін 

әріптесіңіздің бірін немесе 

б ұ р ы н ғ ы   с е р і к 

те с і ң і зд і 

ығыстыруға тура келеді.

ШАЯН

Көп істі тындырып тас-

тауға үлгересіз. Бірақ күн нің 

соңын да  қоры тындылай 

келе, соның кейбірі көңіл бөлуге 

де  тұр май тынын  тү сінесіз. 

Көптеген іскерлік бай ланыста 

әр нәр 


сенің парқын білетін 

талғам паздық, сергектік және 

де ептілік қажет. Қызметтегі 

мансабы ңыз дың  өсуі  тікелей 

осыған бай ланысты. 

АРЫСТАН

Алға қойған мақсат-

тарыңызға жету үшін қа-

жырлы еңбек етуге арналған 

күн. Сіз бүгін өз мүддеңіз 

үшін батыл әрекеттерге барудан 

тайынбайсыз. Егер сіз уақы-

тыңызды шын мәні нде ма ңызды 

істерге жіберсеңіз, еңбегіңіз 

ақталады. Сондай-ақ сізге 

көптен бері маза бермей жүрген 

отбасы мәселелері ше шіледі.



БИКЕШ

 

Күніңіздің алғашқы жар-



тысы қарбалас жұмысқа 

толы болғанымен, өте сәтті 

болып қалыптасады. Осы сәтті 

пай даланып,  құжаттары ңызды 

ретке келтіріп, қаржылық 

жоспар жасағаныңыз жөн. Өз 

идеяңыздың дұрыстығын дә-

лел деп беретін келіссөз өт кіз-

сеңіз де болады. 

Кешке көңілді 

кездесулерге барасыз.

Ауа райы

 -15 -17

о

 

  -23 -24

о

 

-10 -13



о

 

 

-14 -15



о

 

-15 -17



о

 

 

-18 -20



о

 -5 -6

о

 

 -15 -16

о

 

 0 +3



о

 

 

-4 -5



о

 -13 -16

о

 

 -23 -24

о

         



-14 -16

о

 

 

-18 -19



о

 -5  -8

о

 

  -14 -16

о

 

-4  -7



о

 

-11-12

о

 

-5  -8



о

 

 -7 -10

о

-12 -15

о

 

  -19 -20

о

 -16 -19

о

 

  -20 -22

о

  

-12 -15

о

 

 -21 -22

о

 

-11 -16

о

 

 -23 -30

о

 

-2  -8

о

 

 -10 -12

о

 

-6 -10

о

 

 -11 -14

о

 -8 -12

о

 

    -15 -18

о

          



-14 -16

о

 

 

-17 -20



о

Бір масты МАИ қызметкері ұстап алады:

– Мен рульде емеспін, мені ұстауға хақың жоқ.

– Жарайды, бара бер, бәрібір ертең «перегармен» 

ұсталасың...

***


Әкімдіктің жаңа нұсқауы:

«Су тасқыны қаупі бар елді мекен тұрғындары суға 

жүзуді үйрену үйірмесіне жаппай жазылсын!»

***


Кеңседегі жағдай.  Бастық жұмысқа кешігіп келеді. 

Хатшы қыз:

– Қайда жүрсіз?  Жоғарыдан қатты іздеп жатыр 

сізді...


– Таңертең менен бұрын тұрып, оятпай кетіпсің ғой. 

***


Шетелдің музыкасын бар дауысына қойып, көлігімен 

заулап келе жатқан жігітті МАИ тоқтатады:

– Басеке, бәрі дұрыс қой, жібере салыңызшы...

– Көлігіңде неге қазақша ән тыңдамайсың?

Әзіл-шыны аралас

Газетіміздің  №2 (454) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН: 

Экспорт. Атау. Пинта. Руна. Киви. Дәме. Ұры. Тән. Кіре. Үстірт. Төл. Мистика. Илеу. Қатпар. Уа. Іс. «Герника».



ТІГІНЕН:

 

Эквилибристика. Төс. Тур. Апатрид. Кілтипан. Отау. Әтір. Ила. Ұра. Нәмәрт. Керік. Тура. Ене. Қау. «СА».



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Бытыра

Сүзгі


Ежелгі грек 

жиналысы


Киіктің 

лағы


Момын

Ащы 


дауысты 

тау құсы


Құдайы

Садриддин

Саид-

Мурадзода



Жауынгер

Тайпа


Күш

Тура, дәл

Ақ (ант.)

Дзюдо 


ұпайы

Ағаш


Грек 

әрпі


Сатылы 

сарқырама

Тылсым 

қасиет


А.Байтұр-

сынұлының 

өлеңдер 

жинағы


Ет

Қарауылға

алынған зат

Шырақ


Беттің

қызылы


Сауал

Ұлттық


тағам

Кеме жыл дам-

дығын  өлшей  -

тін құрал



Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал