Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Мақаш ТӘтімов



жүктеу 0.63 Mb.

бет5/6
Дата08.06.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

***

Аттылы-жаяу өзің талай кезген қарт 

Қаратау қойнауының Қайнарбұлақ ауылы 

маңындағы талай жақсы мен жайсаңға 

мәңгілік мекен болған «Ақ ата» қорымында 

жұма күні сенің де жамбасың жерге тиді. 

Артыңда көзіне жасын алып, жарың Фарида 

және үш қыз, екі ұлың мен жиен, немерелерің 

қалды. 

Қош бол, бақұл бол, Бекет бауырым...



Жаның жаннатта болып, нұрың пейіште 

шалқысын...

...Көп нүктені көп, тым көп пайдаланыпсың 

дерсің, бәлкім... Көп нүктенің соңында аяқ-

талмаған ой, айтылмаған сыр жататынын өзің 

де жақсы білетін едің ғой.

Сен туралы айтылар ой, ақтарылар сыр 

алда. 


...Өзіңнің сүйікті аңшы мылтығың – 

қосауыздан атылып, шашырап түскен быты-

радай көп нүктемен соңғы сөйлемді аяқ-

тайын...


Әзірге осы...

Қалдыбек ҚҰРМАНӘЛІ

Марат, сіздің айтып отыр 

ға-

ныңыз – Жаркент қаласын 



дағы 

ме шіт-ме дресе.  Шегесіз  салынған 

бұл мешіт 1887-1892 жылдар 

ара лығында бой көтерген. Жер гі-

лік ті мұсылман қа уымның қаржы-

сына тұрғызылған атал мыш ғи ма-

рат 

сәулеті, 



құ ры лы мы 

және 


әше 

 

кейленуі жағынан Іле сыр 



ты 

өлке 


сінің, Қазақстан мен Ор 

та 


Азия құрылыс өнерінің әді 

сі 


мен 

әдіп  телген. Мешіт сырт жағынан 

га ле рея  арқылы  122  бағанаға  ті-

ре леді. 

Әртүрлі ағаштан қиылған эле-

мент терден – қарылар мен «доу» 

жә не «гун» деп аталатын маңдай-

ша ны қисайтып, «қайқы шатыр» 

етіп көр сететін үйлесімдерден тұ-

ра тын үй төбесінің құрылымы өте 

қызық. Мешіттегі тұтастай ағаш 

үйле сім де ріне  шеге  мүлдем  пай-



Алматы облысы аумағында қытай сәулеті негізінде шегесіз 

салынған мешіт-медресе бар деп естіген едім. Бой көтергеніне 

ғасырдан асқан деп жатады. Сол мешіт жайлы білсеңіздер, 

жазуларыңызды өтінемін. 

Марат ДАНДЫБАЕВ, Ақтөбе қаласы

да  ла ныл ма ған.  Сәулет  ғимараты-

нан шығыс ха лық тарының ою-өр-

нектерінің нұс 

қаларын, арабескі 

стиліндегі  әше  кейлі  жазуларды 

анық  бай қау ға  бо лады.  Мешіттің 

құ рылысы мен әшекейлендірілуін 

қы тай сәу лет шісі Хон Пик (жергілікті 

жұрт Мұ қан деп атап кеткен) бас-

қарған. Оған ұсталар Хасен Има-

нов, Тайыр Ысмайылов, Насретдин 

қа ри, Әбдіқадыр, Ұшыр бақы, Зай-

нутдин т.б. көмектескен. Мешіттің 

ұзын дығы – 54,5, ені – 29, биіктігі 

22 метр болады. Мешіт толық жөн-

деу 

ден өткен. Бүгінде мешіт-ме-



дре  се  мемлекеттің  қарауында.

жас тардың  ерекше  суб мә де ниетінің  қа-

лып тасуын тежеп тұр. 

• Негізі, жас адамдардың наным-сенім, 

өмір, бақыт, туыстарына деген махаббат, 

ден саулық, отбасы секілді құндылықтарға 

қа 

рым-қатынастары оның рухани-адам-



шылық ішкі күйзелісі мен өмірлік мақ сат-

та рын асыра бағалауымен байланысты.

Біріншіден, жастар субмәдениеті жас 

адамдардың өз қолдарымен жастар үшін 

құрылады. Одан барлық адам бірдей өт-

пейді және субмәдениет қазіргі әлеу-

меттік-мәдени ұстанымдарды жоюға 

емес, керісінше, жастарды сол қоғамның 

бөл  шегі  етуге  негізделеді.

Субмәдениет – бұл қоғамның жай 

кедергі жасамауына болатын жастардың 

әлеуметтік белсенділігінің алаңы. Менің 

жоғарыда айтып кеткенімдей, контр мә де-

ниет ке қатысты әңгіме басқа. Міне, қо-

ғамның мәдени аясын, өрісін және адам-

ның өзін де осы бұзады (сөз әртүрлі діни 

ағымдар, жүйесіз топтар туралы). 

• Қазіргі жастардың жеке, өзіндік өмір-

ге бүгінгі аса қиын және динамикалық

(қозғалысты, көп сырлы) кезеңде аяқ 

басатындығын ұмытпауымыз керек. Олар-

ға нағыз өмір туралы нақты кеңестер бе-

ріп, уақытында өз өмірлік тәжірибемізбен 

бө 


лісіп, олардың бастан кешіргендеріне 

сыйластықпен қарауымыз қажет. Буындар 

арасындағы түсініспеушілік, негізінен, сол 

кезеңнің әлеуметтік құрылымдарын, өмір 

тарихтарын білмегендіктен туындайды. 

Тарихтың белгілі бір кезеңіне қазіргі ғы-

лыми биіктен қарап, бүгінгі түсініктер тұр-

ғы 


сынан саралап, дәуір психологиясын 

ес 


кермей, мәселені сол заман адам-

дарының қандай көзқараспен таны 

ған-

дығын назардан тыс қалдырып жатамыз. 



Бүгінде мектеп, университет және от-

басы жастарға жай «бақылаушы» по зи-

ция 

сын ұстанбаулары керек, керісінше, 



же ке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру 

үшін жарыс мүмкіншілігіне тең дәрежеде 

ұм  тылу позициясын қамтамасыз ету ке-

рек.


Жазып алған 

Нәркес БАЛТОҒАЕВА

Зерттеушілердің нақты деректе-

ріне сүйенсек, «Айқап» журналы Ре-

сей дің Троицк қаласында 1911 жыл-

дың қаң 

тар айында тұсауы кесіліп, 

1915 жыл дың қыркүйек айына дейін 

шы ғып тұрды. Алаштың айтар ойын 

ашық жет кізген «Айқап» журналының 

шығуына қа 

зақтың белгілі ақыны, 

жур налист, жазушы Мұхаметжан Се-

ралин сынды қай раткер тұлғалар се-

бепкер болған. Қазақ ұлттық баспасөз 

та рихындағы тұң ғыш журнал ең ал-

дымен халықты оқу-білімге ша 

қы-

рып, ағартушылық дәстүрді нысана 



етті. 

Журналдың тұңғыш нөмірінде Ах-

мет Байтұрсыновтың әйгілі «Қазақ тың 

өкпесі» деген мақаласы жария лан  ды. 

«Айқап» журналы бас 

қар 


масында 

Мұ 


хаметжан Сералинмен бip 

гe сол 


тұстағы танымал ақын, жа зу шы, дра-

матург Әкірам Ғалымов, бел гілі ақын, 

жур налист  Мұха мед сәлім  Кәшімов, 

көр некті  ақын  Сұл тан махмұт  То рай-



Биыл «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толыпты. Бұл 

басылымда кімдер жұмыс атқарып, қандай мәселелер көтерілген?

Нұрлыбек, Қызылорда

ғыров еңбек етіп, өз шығармаларын 

жа риялап  тұрды.  Мағ жан  Жұ ма баев-

тың, Сәбит Дө 

нен 

таевтың, Сәкен 



Сей  фул линнің,  Tahиp  Жомарт баев-

тың, Мір жақып Дулатов тың, Қошке 

Ке  мең геровтің,  Ах мет  Мәметовтің, 

Мұстақым  Мал ды баевтың,  Кен же-

ғали  Ғаб дул лин нің,  Самат  Әбішевтің, 

Бай батыр 

Ер жановтың 

алғашқы 


өлең дері  «Ай қап та»  жарық  көрді. 

Жур нал  со ны мен  бip гe  аударма  әде-

биет ке де на зар ау дарды. Бұған Ә.

Фер доусидің  «Шах на ма»  эпо пея сы-

нан  ауда рыл ған  «Рүс тем-Зораб»  та-

ра уы,  жазушы  Ли  ха нов тың  «Манап» 

дра масы, И.Кры ловтың, М. Лер мон-

товтың, А. Пуш 

киннің, А.Че 

ховтің, 


А.Со ро кин нің  қа зақ ша лан ған  еңбек-

те рі мы сал бола алады.

Қазір Өскеменде бұл тарапта жұ мыс-

тар басталып та кеткен көрінеді. Барлық 

мек теп терге  хабарланған.  Бүгінде  қала 

бо йын ша мектептерде 400-ге жуық жем 

қо рап шалары ілінген. Сонымен қатар бұл 

ша раға саябақтар мен жоғары оқу орын-

да ры да бекітілген. 

Қала әкімі баспасөз қызметінің ай-

туынша, қанаттыларды қолдаған ізгі ша-

ра 1 сәуірге дейін жалғасады. Акция қо-

ры  тын дысы  Халықаралық  құстар  кү нін де 

шы ғарылмақ. 



Азамат ӘБІЛҰЛЫ, 

Өскемен

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№3 (455) 13.01.2011 жыл, бейсенбі                



www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

АЛАШ АЗАМАТЫ

?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Соңғы жылдары жолаушылар ұшақтарының апатқа ұшырауы жиіледі. 

Талай адамның өмірі әуе апаттарынан қиылып жатыр. Білейін дегенім, 

адамзат тарихындағы ең ірі әуе апаты қай жылы болды? 

 

     

Нұраддин, 

Ақтөбе қаласы

Азаматтық авиацияның дамуымен 

бірге соңғы кездері дүниежүзінде ірі әуе 

апат 


тарының да жиілеп кеткені рас. 

Сарапшылар адамзат тарихындағы ең 

үлкен әуе апаты деп 1977 жылы 

наурыздың 27-сі күні болған қайғылы 

оқиғаны айтады. Канар аралдарындағы 

Лос-Родеос әуежайында екі Боинг-747 

ұшағы соқты ғысып, соның салдарынан 

583 (!) адам опат болған еді. Мұндай 

адам шығыны бұған дейін, құдайға 

тәубе, одан кейін де болған жоқ. 2011 

жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-та болған 

атышулы лаңкестік әрекет те қазіргі 

заман тари хындағы ірі әуе апаттарының 

бірі саналады. Нью-Йорктегі Боинг ұшақ-

тарының Бүкіләлемдік сауда 

орталығының екі мұнарасына соғылуы 

салдарынан, ресми мәлімет бойынша 

3000-дай адам қаза болды. 

Тарихтағы ең ірі әуе апаты қайсы?

Кеше Алматыда қазақ халқының 

дара тұлғасы, Мемлекет және 

қоғам қайраткері, ғалым, академик 

Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың 

туған күніне орай «Д.А. Қонаев – тұғыры 

биік тұлға» атты тақырыпта іс-шара 

болып өтті. Шараға белгілі тұлғаның 

замандастары, артында қалған 

ұрпақтары, БАҚ өкілдері және басқа да 

қонақтар қатысты. Жиылған көпшілік 

Димекеңнің ескерткішіне гүл шоқтарына 

қойып, тұлға туралы құнды естеліктер 

айтты.

Алматыда 

Қонаевтың туған 

күні аталып өтті 

Гүл қою рәсімінен кейін қонақтар Д.Қо наев атындағы 

мұражайға жиналып, онда жасалып жатқан жұмыстарды 

көрді. Ең алдымен, жиналғандардың қаты суымен жаңа 

экспозициялық қызыл зал ашылып, «Д.А.Қонаевтың 

балалық шағы, жастық шағы, студенттік кездері мен 

еңбек жолының басталуы» атты тақырыпта көрме 

тамашаланды. Көрмеге бұрын келушілерге көрсетілмеген 

50-ге жуық жәдігер қойыл ған. Мұнан бөлек мұражайдың 

бірінші қабатында «Д.А.Қонаев және Қазақстан 

қалалары» атты карта ашылды. Онда Д.Қонаевтың 

кезінде бой көтерген қалалар орын алған. Келушілер 

заңғар тұлғаның сурет әлемінен құралған «Өз заманының 

заңғар ұлы» атты көркемдік галереяның, «Д.А.Қонаевтың 

жұмыс столы», «Ғылыми кітапхана» ат ты экспозициялық 

көк залдар дың да ашылу ына куә болды. Жиын со ңында 

қонақтарға Д.Қонаев туралы «С любовью по жизни» атты 

көркем фильм көрсетілді. 



Сұлтан ЖИЕНБАЕВ, 

мемлекет және қоғам қайраткері:

– Мен Димекеңмен бірге 25 жыл бойы жұмыс 

істедім. Димекең мінезге бай кісі еді. Ешкімге артық 

сөз айт пайтын, ауыр сөйлемейтін. Ол бас қарған 

жылдары Қазақстан ерекше гүлденді. Келер жылы 

Д.Қонаевтың 100 жылдығы аталып өтіледі. Қазір 

соның дайындығын жасап жатырмыз. Біз Елбасының 

алдына Д.Қонаевтың жаңа мұражайын салу үшін жер 

бөлу туралы мәселе қойдық. Мұнан бөлек көше, 

қалаларға тұлғаның есімін беру туралы мәселені де 

қарастырып жатырмыз. 

Кеңес АУХАДИЕВ, 

Алматы обком партиясының бұрынғы бірінші хатшысы

мемлекет қайраткері:

– Димекеңнің Алматыға деген ықыласы ерекше 

болатын. Ол уақытта Алматы Қазақстанның астанасы 

еді. Егер Алатаудың бөктерінен бас тап қа райтын 

болсақ, көптеген ірі құ ры  лыстардың барлығы Димекең 

басқарған жылдары салынды. «Ме деу» мұз айдыны, 

Республика сарайы, Оқушылар сарайы, оның төменгі 

жағындағы жиырма бес қабатты қонақ үй, мұның 

барлығы қазір Алматының символдарына айналды. 

Димекең артына осындай өлшеусіз еңбектер 

қалдырып кетті. 

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ

ШАРА


Кеден жайында кеңес 

беретін желі бар

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік 

бақылау комитеті мамандарының мәлі-

метінше, 2011 жылғы 1 қаңтардан бас-

тап, Кеден құжаттарының жаңа фор-

маттары мен құрылымдары күшіне еніп 

отыр. Осыған байланысты Кедендік 

бақылау комитетінде 2011 жылғы 6 – 

30 қаңтар аралығында кеден құжаттарын 

(тауарлар декларациясы және транзиттік 

декларация) толтыру мәселелері бойын-

ша кеңес алу үшін құрылған Call Centre 

жұмыс істейді. Сall Centre күн сайын 

10.00-ден 20.00-ге дейін 8 (7172) 79-

46-46 және 8 (7172) 79-46-99 теле-

фон 

дары бойынша жұмыс істейді. 



Қажеттілікке қарай байланыс желісінің 

жұмысы бұдан соң да жалғасуы мүм-

кін. 

Кедендік одақ құрылғалы бері кеден мен шекарадағы алыс-беріске 

қатысты сұрақтарымыз көбейді. Бізге қазіргі заманаға байланысты бір 

ақыл-кеңес беретін орталықтар бар ма екен?

 

   

 

Ермек 

БАЙЖҰМАЕВ, 

Алматы қаласы

Қонаев сыртқа білдірмей, 

Құдайға жүрегімен 

құлшылық етті

ДАТ!


Ораз ҚАУҒАБАЙ, 

жазушы-журналист, қонаевтанушы, профессор, ҚР мәдениет қайраткері:

– Дінмұхаммед Қонаевтың 

өмірі мен еңбек жолын ұзақ 

жылдардан бері зерттеп 

келесіз. Мемлекетіміздің бір 

кездегі басшысы, халық 

ардақтаған тұлға тағылымын 

қаншалықты танып-біліп 

жатырмыз?

– Димекеңнің тағылымға толы өмірі 

таусылмайды, ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғаса береді. Маған зерттеуші 

ретінде Қонаевты танып-білдік деп 

айту қиын. Ол кісі жайлы зерттеген 

сайын, ол кісіні білетін, көзін көрген 

ғалымдармен, басқа да зиялылармен 

әңгімелескен сайын Димекеңнің 

тұлғалық қасиеттері әр қырынан көріне 

береді. Димекеңнің тағылымы да, 

тәрбиесі де, қайраткерлігі де, 

кемеңгерлігі де, ол кісінің мен жиі 

айтатын әулиелігі де – барлығы жан-

жақты зерттеуді қажет етеді. Жалпы, ол 

кісі туралы естеліктер мен зерттеулер 

жиі жазылып жатыр. Ал менің жеке 

басым үшін Дінмұхаммед Ахметұлы 

туралы жазу – өте қызықты, керемет 

бір тылсым дүние. Жыл сайын осы 

кісінің өзім бұрын-соңды естімеген, 

білмеген қасиеттері жайлы естіп, 

қайран қалып отырамын. Қазақстанның 

Қонаевтың тұсындағы, 1970 жылдан 

1985 жыл аралығындағы дамуы – 

менің көз алдымда. Мен сол жылдары 

ҚазГУ-да Димекең салдырған 

қалашықта оқыдым. Содан кейін 

республикалық газетте жұмыс істедім. 

Ол кезеңнің экономикалық, әлеуметтік 

дамуындағы жетістіктерге өзім куәмін. 

Қазір жазушылар Қонаев дәуірін 

«әдебиеттің алтын ғасыры» деп атайды. 

Өйткені Димекеңнің кезінде Нобель 

сыйлығымен қатар тұратын Лениндік 

сыйлықты көптеген қаламгерлер алды, 

Ғабит Мүсірепов Социалистік Еңбек Ері 

атағына ие болды. Руханияттағы 

осындай жетістіктердің өзі соның бәрін 

көріп, біліп, бағалап отырған Димекеңе 

байланысты еді. Мысалы, Ілияс 

Есенберлиннің 70-жылдары біздің 

ұлттық санамызды оятқан 

«Көшпенділер» кітабы, оның ішіндегі 

«Қаһар» романы тікелей Димекеңнің 

қолдауымен шықты. Әйтпесе, Кенесары 

туралы зерттеген ғалымдар сот талып 

жатқан кез ғой. Димекеңнің тағылымы 

дегенде ең алдымен оның жеке 

басының тағылымын сөз етуге болады. 

Саяси Бюродағы жалғыз академик те, 

ең иманды адам да сол болған. Ол 

кісінің кезіндегі белгілі қоғам және 

мемлекет қайраткерлерімен, обком, 

ауком хатшыларымен жиі кездесіп, 

әңгімелесіп тұрамын. Сонда олардың 

бәрі ол кісінің таза, пәк, кіршіксіз 

қасиеттеріне бас иеді. Оның кісілігі 

жайлы ешкім бөтен пікірде болған 

емес. Бұл да – қай раткердің біз зерттеп 

тануымыз қажет тағылымы. Екіншіден, 

ашық кен өн діру жөнінде докторлық 

диссертация қорғаған, техника 

ғылымының док 

торы Димекеңнің 

ғылымдағы тағы лымы – өз алдына 

бөлек әңгіме. 

– Жалпы, бізде арыдағы 

емес, берідегі ірі мемлекеттік 

қайраткерлер туралы зерттеу ісі 

қаншалықты жүйелі?

– Қазір мемлекеттік қайраткерлер 

туралы естеліктер, жасыратыны жоқ, 

көп жазылып жүр. Бірақ, әрине, 

олардың ішінде қайраткерлердің жеке 

басына тереңірек тоқталатыны аз. 

Көбіне олардың белгілі еңбектері 

жайлы, әбден танылған қырлары 

жайлы айтылады. Мәселен, мынадай 

жылы туып еді, мынадай жерде өсіп

пәлен деген оқу орнын аяқтап еді, оның 

жетекшілігімен мұнша құрылыс, мұнша 

зауыт салынды деген сияқты... Сондай-

ақ зерттеушілердің көбі тұлғаның 

кемшіліктерін де айта білмейді. Бір 

кісінің кемшілігін айтамын деп, екінші 

бір қайраткермен араға от тастайды. 

Мұндай жайт халыққа сыйлы болған 

қайраткер туралы жаңсақ пікірлер дің 

қалыптасуына себепші. Айталық, 

өткенде Бауыржан Момышұлы мен 

Нұртас Оңдасыновтың арасында бол -

ған болмашы нәрсе үлкен дауға 

айналып кетті. Міне, қайраткерлер 

туралы зерттеулерде осындай мәдениет 

жағы жетіспей жатады. Бірыңғай өсек-

аяң мен ауызекі әңгімелерге құрылған 

естеліктер де бар. 



– Сіз – Қонаевтың 

діндарлығы, аузынан 

бісмілләсін тастамаған 

имандылығы жайлы алғаш 

айтқан адамдардың бірісіз. 

Айтыңызшы, атеистік көзқарас 

пен әкімшіл-әміршіл жүйе 

заманында Дінмұхаммед 

Ахметұлы діндарлығын 

жасыруға мәжбүр болған 

шығар?

Жақында мен Димекеңнің кітап-

ханасында болдым. Онда 5000-дай 

кітап болған екен, қазір 3000-ға жуығы 

қалыпты. Сол кітапханадағы тұтас бір 

бөлім діни әдебиеттерге арналған. 

Оның ішінен 10 түрлі Құран кітабын 

көрдім. Олардың біреуі – Сирияда, 

біреуі Мысырда шыққан. Дінмұхаммед 

Ахмет ұлы 70-жылдардың ортасында 

Кеңес үкіметі делегациясының құ-

рамында сол елдерге барғанда, осы 

елдердің мемлекет басшылары сыйға 

тартқан екен. Димекеңнің кітапхана-

сындағы 1979 жылы Нью-Йоркте орыс 

тілінде шыққан Құран Кәрім де – ерекше 

кітап. Қазір осы кітап жайында жеке 

зерттеу жазуды ойлап жүрмін. Жалпы, 

Қонаевтар әулеті о бастан діндар болған. 

Атасы Жұмабай – Меккеге екі рет барған 

қажы, әжесі Хадиша да – бес уақыт 

намазын қаза қылмаған инабатты, мейі-

рімді ана. Әкесі Меңліахмет Алматы 

мешітіне жұма сайын баратын, оның 

мешіттен шығып, көкбазардан қымыз 

ішіп жүретінін студент кезімізде өзіміз де 

көрдік. Дінмұхаммед Қонаевтың 

туғанынан дінге, имандылыққа жақын 

екенін еститінмін. Кейін қариялардан 

естіген ауызекі әңгімелер бойынша ол 

кісінің діндар екенін алғаш жазғаным 

рас. Димекең бала кезінде Алматыда 

болған алты мешіттің бірінде сауатын 

ашқан. Ол Қазан төңкерісіне дейін елде 

кең тараған Құранның қысқаша нұсқасы 

– «Әптиекті» тауысқан. Бұл туралы 

маған бұрынғы бас мүфти Рәтбек қажы 

Қонаевтың өз аузынан естігендері 

бойынша айтып берді. Димекеңнің 

естеліктерін оқып отырсаңыз, «Алла 

тағала», «Хақ тағала», «пері», «періште», 

«жын», көбіміз естіп білмеген тағы басқа 

діни ұғым-сөздер мен мақал-мәтелдерді 

өте көп кездестіресіз. Оның «қазақ 

болып туылғаныма Құ 

дайға шүкір 

деймін» деген сөзі бар. Басшылық 

қызметтегі Қонаевтың дін 

дарлығын 

ауыл ақсақалдары іштей біліп отыратын 

болған. Сол кезеңнің өзінде оның 

теледидардан сөйлеген сөздерін естіп, 

ақсақалдар «мына кісі тегін адам емес, 

бұл – иманды адам» дейді екен. Ал 

Димекең  70-жыл  дардың  ортасында 

араб елдеріне барғанда, мысалы, 

Мысырға, сол ел дің өкілдері ол кісінің 

атын естіп-ақ, «бұл кісінің Алланың 

сүйген құлы екені Дінмұхаммед деген 

атынан-ақ білініп тұр» деп ерекше 

құрмет көрсеткен. Тағы бір қызық дерек 

айтайын. Осыдан екі жыл бұрын 

еліміздің екі азаматы Меккеге Қонаевтың 

орнына бәдел қажылықты орындап 

келді. Өйткені Димекең өмірінің соңында 

қажылық сапар жасауға дайындалып 

жүрген, бірақ ол мақсатына жете алмай 

кетті ғой. 1942 жылы Димекең 

Министрлер кеңесі төрағасының 

орынбасары болды. Сол кезде теміржол 

саласын басқару жұмыстары бойынша 

Алматыдан Қазалыға жиі барып тұруға 

тура келгенде, жолда ол кісі Түркістанға 

мін детті түрде аялдап, Қожа Ахмет Ясау-

идің кесенесін көріп кетеді екен. 

Димекең кесенені асықпай аралап келіп

«құдықтағы судың тереңдігін білейік» 

деп, құдыққа тиын тастайтын бол ған. 

Сол сияқты айналасындағыларға біл-

дірмей, шырақшыларға да тиісті са-

дақасын тастап кетіп отырған кө рінеді. 

70-жылдары кесенеге Министрлер 

кеңесінің қаулысы бойынша жөндеу 

жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа 

Димекең ол тарихи ескерткіш 

болғандықтан емес, Ясауи әулие 

болғандықтан, оның тағылымы мен 

ілімін, әулиелігін халыққа ұғындыру 

мақсатымен мұрындық болған еді. Ол 

кісі мұсылмандықтың елімізге 

оралатынын сезген сияқты. Құранның 

жүрегі саналатын «Ясин» сүресін ол 

басынан-аяқ жатқа білген. Бірде Диме-

кеңнің әйелі Зуһра Шәріпқызы қайтыс 

бол 

ғаннан кейін туған-туысқандары 



көңіл айта келеді. Сонда молда болмай 

қалып, Димекең құранды өзі оқиды. 

Оны естіген адамдар «аяттарды оқуда 

ол кісінің өзіндік бір мақамы бар еді» 

деп еске алатын. Қазір «ол кісінің 

атеистік кезеңде діндар болуы мүмкін 

емес еді» деген пікірлер де айтылады. 

Расында, ол заманда Қонаевқа өзінің 

дінге сенімін төңірегіндегілерден жа-

сыруға тура келді. Көбіне сыртқа 

білдірмей, Құдайға жүрегімен құл-

шылық етті. Рәтбек қажымен болған 

сұхбатында: «Хазірет, заман солай 

болды, құдайсыздар дәуірі еді, атеистік 

сая сат болды. Бірақ мен өзім жүректе 

бір Алла деп жүрдім», – деген. Сол 

кезде Кремльде отырған Брежнев те 

дархан мінезді, «Құдай» деп сөйлейтін 

адам еді, Қонаев екеуі имандылығы 

мен жан жомарттығы жағынан жақын 

адамдар болатын. Осының да әсері 

болған шығар деп ойлаймын. Сонымен 

бірге, негізінде, кеңес өкіметі дінді түгел 

жоққа шығарған жоқ, оны қажет 

жағдайда өз саясатына пайдалана да 

білді. Мысалы, әлемде бейбітшілікті 

насихаттағаны үшін діндарлар 

қауымының өкілі болған шіркеу 

қызметкеріне Лениндік сыйлық берілгені 

белгілі. 




1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал