Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Мақаш ТӘтімов



жүктеу 0.63 Mb.

бет3/6
Дата08.06.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6

Арман ЖУСАНБАЙ, Алматы қалалық 

ІІД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат 

басқармасының бас маманы: 

– Жаңа жыл алдында ІІД-нің қыз-

меткерлері базарлар мен түрлі сауда 

орындарындағы талапқа сай келмейтін 

пиротехникалық өнімдерді тәркілейді. 

Олардың тек қана рұқсат етілген дү-

кен дер мен сауда нүктелерінде ғана 

са тылымға шығарылуын бақылайды. 

Әйт се де, халықтың түгелдей қауіпсіз 

бо 

луын бақылау мүмкін емес. 

Сондықтан оқыс оқиғалар кездесіп 

жатыр. Қазіргі таңда Азиада ойындары 

кезінде пиротехникалық өнімдердің 

қолданылмауы үшін Қоғамдық қауіп-

сіздік басқармасы тарапынан сақтық 

шаралары жүргізіліп жатыр. Айта кетер 

жайт: пиротехникалық өнімдерді мүл-

дем қолданбау жөнінде арнайы заң-

дық күші бар нормативтік құжат керек. 

Тек арнайы алаңдарда арнайы қызмет-

керлердің көмегімен ғана атылуы 

туралы ереже керек. Әйтпесе, жыл өт-

кен сайын олардан келер қауіп күшейіп 

бара жатыр. 

ТӨТЕНШЕ Ж

АҒДАЙ

ОҚЫС ОҚИҒА



Жаңа жылдан кейінгі он 

шақты күнде Қызылжарда 26 

өрт оқиғасы тіркелген екен. 

Үш адам қаза тауып, екеуі 

түрлі деңгейдегі күйікпен 

ауруханаларға түскен. Бұл 

туралы төтенше жағдайлар 

жөніндегі департамент 

хабарлады.

Ресейдің Боинг-737 ұшағы 

күтпеген жерден Ақтөбе 

әуежайына аялдама жасауға 

мәжбүр болды. Жолаушылар 

арасындағы жүкті әйелдің 

кенеттен қысқан толғағы 

ұшақтағыларды ғана емес, 

бүкіл облыс жұртшылығын 

бір дүрліктіріп тастады. 

Жаңа 

жылдан кейін 

26 өрт болды

Қырғыз 

келіншек 

сәбиін Ақтөбе 

деп атағысы келді

Адам өлімімен аяқталған өрт Есіл және 

Мағ жан Жұмабаев аудандары мен Петро-

павл қаласында тіркелді. Тілсіз жау үш үй-

мен бірге олардың иелерін де жалмап кетті. 

Қа зіргі кезде негізгі себептері анықталып 

жа тыр. Жаңа жылды ішімдік ішіп тойлау, от 

ша шуды үйде пайдалану сияқты болжамдар 

да жоқ емес. 

Сондай-ақ соңғы он күндегі суық ауа 

райы да бірнеше өртке себеп болды. Суық-

тан болдырып, көліктерін оталдыра алма-

ған жүр гізушілер оны ашық отпен қыз ды-

ра мын деп опық жеді. Петропавлда – екі, 

Жам был жә не Тайынша аудандарында тағы 

екі темір тұл пар жанып кетті.



Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

21 жастағы қырғыз қызы Нұржан Ілия-

зова сәбиінің толғағы әуеде қысады деп 

ойламаса керек. Бұдан төрт жыл бұрын 

Оштан Мәскеуге көшіп келген ол айы-күні 

жетіп қалған шаранасын өз Отанында 

өмірге әкелуді ойлайды. Аман-есен бо-

сан са, сәбиі қатайғанша жарты жылдай 

ана сымен тұруға шешім қабылдаған ке-

лін шек еліне тез жетудің қамына кіріскен. 

Ал дымен дәрігерлермен, кейін жолда сы-

мен ақылдасқан Нұржан 9 қаңтар күні 

Мәс 

кеу-Ош бағытындағы ұшаққа билет 



алады. 

Нұржан ұшаққа отырмай тұрып-ақ өзін 

жайсыз сезіне бастапты. Жаңадан бас-

талған толғақты жолдасымен қоштас қан-

да ғы қимастығының әсерінен болған қо-

бал 


жу деп қабылдаған. Сөйтіп, толғақ 

жиі лей түскенде, амал жоқ, қа сын дағы-

лар дың көмегіне жүгінуге мәжбүр болады. 

Де 


реу көмекке келген стюардесса қыз 

қол дан келген көмегін көрсетіп, борт ка-

питанын шақырады. Ақыры Ақтөбе әуе-

жа йына шұғыл қонуға шешім қа был да-

нады. Шамамен таңғы сағат 6.40-та Ресей 

әуе кемесін «Жедел жәрдем» күтіп алып, 

Нұр жан Ілиязова әйелдер босанатын үйге 

жеткізілді. 



Анар АҚТАЕВА, 

босану бөлімінің меңгерушісі:

– Босандыру кезінде ешқандай 

қиыншылық болған жоқ. Нәресте айы-

күні жеткен. Бойы 50 см, салмағы 2 кг 

976 грамм. Уақытында туылды. Ана-

сы 

ның да денсаулығы жақсы. Бүгін 

Мәс кеуден әкесі келу керек. Жағдай-

лары қазіргідей жақсы болса, бір-екі 

күнде үйлеріне шығарып қаламыз.

Ақтөбе Жедел жәрдем ауруханасында 

дү ниеге келген қызын анасы босану ке-

зінде көмек көрсеткен акушер дәрігердің 

құр метіне Жұлдыз деп қойды. Келіншек 

мұның алдында: «Жолдасым Қайрат кел-

ген соң онымен ақылдасып, Ақтөбе деп 

атауымыз да мүмкін», – деген еді. 



Самал ҚАРАЖАН,

Ақтөбе облысы

МӘСЕЛЕ


ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰРЫҚ

Семей қаласындағы 

бірнеше аудандағы тұрғын 

үйлер жылудан ажырау 

себебінен тоқ жүйесіне күш 

түсіп, жарық желілері істен 

шығып жатыр.

Семей 

суқараңғыда 

отыр

Жаураған семейліктер электр құ 

рал-

дары арқылы пәтерлерін жылытуда. Әсі-



ресе, қаланың сол жағалауындағы бір не-

ше тұрғын үй қараңғылық құрсауында 

қал ды. Энергетиктердің айтуынша, бұл тұ-

ты ну шылардың  тоқты  шамадан  артық 

пай далануымен байланысты. Мөлшерден 

тыс энергияға шыдамаған тұрғын үйлердің 

электр желілері істен шығуда. 

Нұрлан АСЫЛОВ, 

«ВК РЭК» АҚ Абай өңірі бойынша 

директоры:

– Соңғы 10 күн ішінде біздің меке-

ме жұмысшылары тәулік бойы жұмыс 

іс теуде. Күнделікті ақауларды қалпына 

кел тіру үшін тоғыз бригада жұ мыл ды-

рыл ды. 1-10 қаңтар аралығында энер-

ге тиктер 224 сақтандырғыш құрылғы-

ны ауыс тырды. Үлкен электр желілері 

мен тоқ таратқыш шағын стансыларда 

бес ірі апат орын алды. Осындай жағ-

дай лардың  туындауына  жекеменшік 

пәтер ие 

лері кооперативтерінің де 

кінәсі бар. Өйт кені көп жағдайда электр 

қон дыр ғы лары талапқа сай емес. Осы 

күндері 330 нысандағы желіде қалпына 

келтіру жұ мыстары жүргізілді. 

Ал  Семей  қалалық  әкімші лігін де гі лер-

дің айтуынша, Семейдегі осындай жағдай 

әлі де ұзаққа созылуы мүмкін. ТЭЦ-1 жылу 

ор талығындағы апаттан кейін әлі де тұрғын 

үйлер жылына қойған жоқ. Қатты аяз ке-

зін де ғимараттарды суық алды. Сол се-

беп тен тұрғындар электр жылыту құ рал-

да рын пайдалануда. Әкімшіліктегілер тұр-

ғын дарды жарықты үнемдеуге шақыруда. 

Алайда қабырғаларын аяз керген пәтер 

тұр 


ғындарына тоқ арқылы жылынудан 

басқа амал жоқ. Семей қаласында электр 

энер гиясының тәуліктік мөлшері 140мВт 

бол са, қазір бұл қала бойынша 180 мВт-

ға жетіп отыр. 

Бауыржан МЫРЗА,

Семей

Жамбылдық полицейлер 

«Іздестіру» іс-шарасының 

аясында ұзақ уақыт бойы 

жасырынып, іздеуде жүрген 

11 қылмыскерді ұстады. 

Қашқындардың бесеуі ауыр 

қылмыс жасағаны үшін, 

соның ішінде адам өлтіру, 

қарақшылық шабуыл және 

ұрлық жасағаны үшін іздеуде 

жүрген.

«Іздестірудің» 

нәтижесі жаман 

емес

Тараз қаласы Жанабаев көшесі бойында 

қарулы қарақшылық шабуыл жасаған 

Жамбыл ауданы Өрнек ауылының 27 

жастағы тұрғыны ұсталды. Ол күш көрсету 

арқылы 300 000 теңге ақша иемденген. 

Қашқын өз ауылынан кетпекші болып, 

үйінде жақындарымен қоштасып жатқан 

кезде ұсталған. Екінші қарақшы бұрын 

Қаратау қаласындағы балалар үйінің 

тәрбиеленушісі болып шықты. Ол Алматы 

қаласының КПБ әріптестерімен бірге 

іздестіріліп табылған. Осы қалада 33 

жастағы Жамбыл облысының тұрғыны 

Тараз қаласында азаматты тонағандығы 

үшін іздестірілген. Жергілікті жедел 

уәкілдермен Шу қаласының орталық 

базары маңынан кісі өлімі және қарулы 

қарақшылығы үшін ОҚО полицейлерінің 

іздеуінде болған 28 жастағы қала тұрғынын 

құрықтады.

Дмитрий КУРБАНОВ,

Жамбыл облысы ІІД Криминалдық 

полиция басқармасы бастығының 

орынбасары, полиция полковнигі: 

– Өткен жылы облыс ІІД 

криминалдық полиция 

қызметкерлерімен әртүрлі 

қылмыстары үшін іздеуде жүрген 

348 тұлға ұсталған. Ұсталғандардың 

арасынан 58 адамға өткен жылы 

халықаралық іздеу жарияланған, 

оның ішінде10 кісі өлтіруші

12 зорлықшы, 40 қарақшылар мен 

тонаушылар бар. 

 Гүлжан КӨШЕРОВА


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№3 (455) 13.01.2011 жыл, бейсенбі



www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Жаңа бақ табиғатты қорғайды

Жуырда Үкіметтің қаулысымен Алматы об-

лысының оңтүстік-шығысында Жоңғар Ала-

тауы мемлекеттік ұлттық табиғи бағы құрылды. 

Бұл жоба айрықша экологиялық, генетикалық, 

тарихи және эстетикалық құндылығы бар био-

логиялық түрлер мен таулы ландшафты сақтау 

мақсатында құрылды. 

Жаңа табиғи бақ Алматы облысының Ала-

көл, Ақсу және Сарқан аудандарында орна-

ласқан және жалпы аумағы 356 022 гектарды 

құрайды. 

Мұнда 1600 өсімдік тіркелген, оның 76-сы 

Жоң ғар Алатауының жотасынан табылады. 

Одан басқа бақтағы хайуанаттар дүниесінде 

екі түрлі сүйекті балық, екі қос мекенді және 

сегіз бауырымен жорғалаушы, 238 құс, 

шамамен 58 сүтқоректі түрлері мекендейді. 

Бақ аумағында еліміздің Қызыл кітабына 

енгізілген, жойылудың аз алдында тұрған, си-

рек кездесетін өсімдіктер мен жан-жануарлар 

бар. Олардың ішінде Сиверс алма ағашы, боз-

ғылт түсті шіл, данат құрбақасы, қара ләйлек, 

бүр кіт, үкі, Тянь-Шань сұр аюы, Түркістан сі леу-

сіні, тасты сусар, барыс және т.б. бар.



Алматы облысында жаңа қорық ашылған көрінеді. Ол қай жерде орналасқан?

Мәдина ТАЛАПҚЫЗЫ, Алматы облысы

Ішімдік акцизі қымбаттады

НАРЫҚ

Б

АЙЫП



ҚАРЫМ МЕН ҚАБІЛЕТ

Сырдағы диқан қауымы күміс дәнді қамбаға құйып 

алғалы да екі-үш айдың жүзі болды. Қашаннан да 

ерте қам жасап жүрген егіншілер көктемгі қарекетке 

кірісіп кетті. Алайда көңілде алаң да бар. Өткен жылғы 

өнімді өткізу жайы толғандырады. Жыл бойы күріш 

өсірді. Ала жаздай белшеден бейнет кешті. Ендігі әрекет 

сол өнімді қолайлы бағамен өткізу екені белгілі. Ерте 

көктемнен жерге еңкейген егіншілер үшін бұл да оңай 

шаруа емес. Бұрын мемлекеттің өзі егінді жинап алатын. 

Қамбаға құйғаннан кейін диқандар бас ауыртпайтын еді. 

Қазіргі нарық заманы ауыртпалықты шаруаның өзіне 

салып отыр. Ашығын айтайық, қазір күріштің қанша 

пайызы өткізілді? Бұл деректі ешкім тап басып айта 

алмайды. Дегенмен қоймасында өнімін сақтап отырған 

диқандардың бар екенін ешкім жоққа шығармайды. 

Күрішші қауымды 

қолдайтын 

бағдарлама керек

КҮРІШ НЕГЕ СЫРТТАН ТАСЫЛАДЫ?

Сыр өңірінде жылма-жыл 100 мың тоннадан астам таза күріш жиналады. 

Бұл өнім еліміздің жұртшылығына аста-төк жететіні көзге көрініп тұр. Алайда 

өзіміздің күріш тұтынушы қолына жетіп жатыр ма? Аталмыш сауал осы сала 

мамандарын ойландырады. Дария бойындағы күріш өнімі Қазақстан 

халқын қамтамасыз етуге толық жетсе, оны сырттан арбалап тасудың қажеті 

қанша? Себебі қазір еліміздің базарларында алыс және жақын шетелден 

келген өнімдер толып тұр. Олардан көз сүрінеді десең де болады. Оған бас 

ауыртып жатқан кім бар? Әрине, бүгінгі заманда шекараны тас бекітіп отыра 

алмайсың. Еліміздің екі бүйіріндегі Ресей мен Қытай да күріш өсіреді. Бір 

қызығы, аталған елдерде халық саны көп болғанымен, олар өз өнімдерін 

экспортқа шығаруға да қол жеткізіп отыр. Өкінішке қарай, бізде өнімді 

жергілікті тұтынушыларға жеткізудің өзі қиямет-қайым. Біріншіден, біздің 

күріштің өзіндік құны қымбат. Шетелге шықты делік. Сөредегі бағасы 

аспандап тұрған тауарды кім ала қояды? Екіншіден, алыс-жақын өзге елдерге 

басы артық күріш бара ма? Қалай десек те, бұл тұрғыда ауызды қу шөппен 

сүртуден өзге амалымыз жоқ. 

СУБСИДИЯ ҚАШАН КӨБЕЙЕДІ?

Біздің елімізде күріш шаруашылығына деген көзқарас дұрыс болмай тұр. 

Құзырлы орындар тарапынан бидай дақылына маңыз беру жиі байқалады. 

Әрине, бидай мен күріш өсірудің әдісі екі бөлек. Жауынмен жерді көгертіп, 

бидайдан жоғары өнім алуға болады. Ал күріш жарықтық сусыз көктеп кете 

алмайды. Оған қанша су қажет екені де белгілі. Одан қалды, түрлі тыңайтқыш 

қажет етіледі. Тағы да басқа жұмсалатын шығындар баршылық. Айналып 

келгенде, осының барлығы өнімнің өзіндік құнының қымбат болуына әкеліп 

соғады. Сондықтан мемлекет тарапынан күрішші қауымды қолдайтын 

арнайы бағдарлама болуы бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі болып 

отыр. 

Соңғы жылдары күрішке берілетін субсидия біршама өсті. Оған да 



шүкірлік жасап жүрген жандар бар. Себебі бұрынғы жылдарда ол да жоқ 

еді. Дегенмен оның өзі де жыртықты жамауға жетер емес. Атап айтқанда, 

техникалар ескіріп барады. Қазір қолдағы техниканың небәрі төрттен бір 

бөлігі ғана жаңаланған. Қалғаны – бұрынғы темір-терсектер. Шаруалар 

енді қайтеді? Жағдайы сондай. Жамап-жасқап кәдеге жаратады. 

ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАЛА МА?

 Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күріштің де өз орны 

бар. Өнім өзімізде өндірілгеннен кейін оны сырттан алып келудің қажеті 

шамалы. Өкінішке қарай, бізде қазір осындай қамқорлық жетіспей тұр. 

Жалпы, Еуропаны Италия мемлекеті күрішпен қамтамасыз етеді екен. 

Естуімізше, итальян шаруалары өндіретін өнім біздегіден арзан емес. 

Дегенмен оған теріс қарап жүрген ешкім жоқ. Қайта сол өнімді алуға 

құлшыныс танытады. Өйткені сапалы өнімге қай кезде де сұраныс бар. Қазақ 

елінде мұндай қамқорлық жасала бермейді. Алыпсатарлар алып келген 

арзан өнімге қол созғанды қалаймыз. Сырдағы жұрттың негізгі тіршілік көзі 

– күріш шаруашылығы осындай қиындықты бастан өткізіп отыр.

Дария бойындағы диқандар кейде өз өнімін арзан бағаға өткізуге 

мәжбүр. Өйткені түрлі берешектен уақтылы есептесу керек. Осыны 

пайдаланғысы келген алыпсатарлар өзінің қалтасын ойлайды. Осының 

салдарынан қарапайым шаруа қауымы зиян шегіп қалады. 

Тағы да жаңа егін маусымы жақындап келеді. Өз өнімін өткізе алмай 

әуре-сарсаңға түскен диқандар ертеңгі күнін ойлайды. Қысқасы, күрішші 

қауымды қолтықтан демейтін кезең келген секілді. 



Біреудің меншігіне көз сүзетіндердің күдері үзілді

ОЙТҮРТКІ


Рейдерлік – әлемдік экономикада бұ рын-

нан бар құбылыс. Бірақ оның алғашқы үлгісіне 

қа тысты талас көп. Ең әйгілісі мынау: Жан де 

Батц деген барон һәм алаяқ (Д`Артаньянның 

ұр пағы деседі) Ұлы француз революциясы 

ке  зінде (1794 жылы) Ост-Индия компания-

сын ба сып алуға әрекет жасайды. Соның бас-

тамасымен компанияны жабу қажеттігі жө-

нін де баяндама жасалады. Қатты сасқан ак-

цио нер лер құнды қағаздарын нарыққа шы-

ғар ғанда, Батц пен оның сыбайластары олар-

ды тым арзанға сатып алады. Содан бері бұл 

тәсіл сан құбылды. 

ТМД аумағында классикалық рейдерліктің 

тұрақты үлгісі бар. Мәселен, табысы әжептәуір 

нысан бар делік. Қожайынның құжаттары 

дұрыс, қол астында көп адам жұмыс істейді, 

са лық уақытында төленеді. Төрт аяғын тең 

бас қан осындай кәсіпорынға кенеттен әлдекім 

келіп, нарықтағыдан төмен бағаға сатып алу 

жөнінде ұсыныс жасайды. Тіпті «сыйлай сал» 

деуі де ғажап емес. Әлбетте, меншік иесі өліс-

пей беріспейді. Осыдан кейін қаржы по ли-

ция сы, өрттен сақтау, сәулет-бақылау, та-

залық-індет сияқты мекемелер үсті-үстіне 

тек серуді қаптатады. Неден болса да, кішігірім 

кінәрат табу қиын емес. Меншік иесін бас 

бостандығынан айыру – бизнесті тартып 

алудың қуатты тетігі. Ал шенеуніктің көмегінсіз 

ірі бизнесті тартып алу мүмкін емес. 

Бізде рейдерлік көбіне бір нысанды екін-

ші сінің жұтып алуы жолымен жүзеге асы ры-

лады. Жасырын басқыншылық корпоративтік 

та лас түрінде жүреді. Кейбір мамандардың 

пікірінше, ірі бизнес монополияланғандықтан, 

рейдердің найзасына ілінетін – көбіне орта 

және шағын кәсіпорындар. 

Дағдарыс басталғанда құрылыспен бай ла-

нысты көптеген орташа кәсіпорын жұ мы  сын 

тоқтатуға мәжбүр болғаны белгілі. Сон  дықтан 

бизнестен шеттеп қалғандар бас қа нарыққа 

ұмтылады. Базбір сарапшылар әуелі азық-

түлік жүйесіндегі компаниялар осын 

дай 


шабуылға ұшырауы мүмкін дейді. Алай да бұл 

бизнес  түгел  дерлік  мо но по лия ланған,  сол 

себепті оған ену қиынға со ға ды. Демек, қыз-

мет көрсету жүйесіндегі мей рам хана, мей ман-

хана, шаштараз сияқты қызмет орын да ры на 

қы сым көрсетілуі әбден мүм кін. 

Ресейде рейдерліктің жолын кесу үшін 

заң наманы өзгертті. Арбитраж сотының тә жі-

рибесі көрсеткендей, дәлел ұсыну жүгі жаңа 

акционерге жүктеледі, яғни меншікті иемдену 

заңдылығын өздері дәлелдеуге міндетті. 

Біздің елімізде осы дертпен күресу үшін 

2008 жылы корпоративтік талас мәселелерін 

шешу туралы заңнаманың қабылданғаны 

белгілі. Алайда заңды тәжірибе жүзінде қол-

данғанда корпоративтік қатынастардың көп 

қырын реттей алмайтыны анықталды. Көп те-

ген корпоративтік тартыс меншіктің дұрыс 

бө 

лінбеуіне әкелді, әсіресе ол дағдарыс 



кезінде айқын көрінді. 

Соңғы үш жылдың ішінде кәсіпкерлікке 

заңсыз бөгет келтіруге байланысты қозғалған 

247 қылмыстық істің жетеуінде рейдерлік 

бел гі лері анықталған. Жалпы, қолданыстағы 

заң бо 


йынша, рейдерлердің іс-қимылы 

алаяқтық, боп 

салау, жалған құжаттарды 

пайдалану сияқ 

ты жалпы қылмыстық іс 

ретінде қа растырылатын. 

Өткен жылы күзде Парламент Мәжілісінде 

«Бизнес пен меншікті заңсыз басып алуға 

(рейдерлікке) қарсы күрес мәселелері бо-

йын  ша заңнамаға өзгерістер мен толық ты ру-

лар енгізу туралы» заңнама бірінші оқы лым-

нан-ақ мақұлданған болатын. Ұсынылған 

өз  герістер рейдерлерді басқыншылық әре-

кет тің бастапқы кезеңінде-ақ жауапкершілікке 

тар туға мүмкіндік береді. Одан басқа аза мат-

 тық-процессуалдық  заңнамада  «кор по ра тив-

тік та лас» ұғымына анағұрлым кең түсі ніктеме 

бе ріл ді. Сондай-ақ «Банкроттық туралы» 

заңға соттан тыс тәртіппен кепілдікке 

қойылған мү лік ті сатуға тыйым салу жөніндегі 

өзгеріс ен гізілді. 

Күзде Мәжілістен кейін Сенатқа түскен заң 

жобасы да бірінші оқылымнан мақұлданды. 

Құ  жатқа жоғарыда айтылған ұсыныстар ен гі-

зіл ген. 

Енді 90-жылдардың басында ендеген 

рей дерлікке қарсы күрес шындап қолға алы-

натын шығар. Бірақ оны тек заң арқылы кү-

ре сіп жеңеміз деуге келмейді. Ең әуелі рей-

дер лікке нәр беретін жемқорлықтан арылу 

қа жеттігін айтудан жалықпауымыз керек. 

Әйт  песе, ресейлік экономист Александр Со-

товтың «ТМД елдері рейдерлікке қанша жер-

ден тосқауыл қойса да, бұл бәледен тек 150 

жыл дан кейін ғана құтылады» деген болжамы 

шын дыққа айналуы мүмкін. 



Кеше Президент Нұрсұлтан 

Назарбаев «Бизнес пен 

меншікті заңсыз басып 

алуға (рейдерлікке) қарсы 

күрес мәселелері бойынша 

заңнамаға өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу туралы» 

заңға қол қойды. 

Бұл құжат біреудің 

иелігіндегі меншікті заңсыз 

басып алу әрекетіне қарсы 

бағытталады. 

Гүлнар АХМЕТОВА

Әділжан ҮМБЕТ

Қазақ менсінбейтін ешкіні Еуропа «еркелетіп» отыр

Құймақұлақ қарттардан ешкі 

жайында есті әңгіме естіп өстік. 

Сексек ата тұқымының адам 

өмірінде пайдасы зор екен. Бұл 

жайында көнекөз қариялар 

майын тамыза әңгімелеп 

отыратын. Ата-бабаларымыз 

ешқандай ғылымға сүйене 

қойған жоқ. Дертіне дауа 

іздегенде ешкінің сүтін ішті. 

Денсаулыққа жұғымды ас 

есебінде ешкі етінен де тартына 

қоймады. Оның терісі мен түбітін 

де қажетіне жаратты. Десе 

де, ешкіні түліктің түріне неге 

жатқыза қоймағаны түсініксіз. 

Қазекемнің көшпелі тіршілігінде 

басты мәнге ие болған төрт 

түліктің қатарында ешкі малы 

жоқ. Оны қой малымен қосарлап 

айтады.

Расында да, биылғы жылдың 1 қаң-

та  рынан бастап ішімдік өнімдеріне акциз 

мөл шерлемесі 60 пайызға өсті. Әрі ол 

жыл сайын 25 пайызға көтеріліп отыра-

ды. 


Сондай-ақ Кеден одағының Бірың-

ғай кеден кодексіне сәйкес, 2010 жыл-

дың 1 шілдесінен жанама салық, соның 

ішінде акциз де салық органдарына жүк-

телген. Сондықтан акциз еліміздің Са лық 

кодексі бекіткен мөл шер леме бойынша 

төленеді. Айта кету ке рек, өткен жылдың 

соңына дейін акцизді та 

уарлардың 

мөлшерле ме сі  өзгерген  жоқ-тұғын. 

ҚР Салық комитеті хабарлағандай, 

Беларусь пен Ресейден акцизді тауарлар-

ды импорттау үшін салық төлеушілер 

осындай тауарларды тіркегеннен кейін, 

келесі айдың 20-сына дейін тұрғылықты 

мекенжайы қа 

расты салық мекемесіне 

барып, жанама салық ту ралы деклара-

ция ға қоса, тауарларды әкелу және жа-

на  ма салықты төлеу жөніндегі өті ні шін 

өткізуі тиіс. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал