Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ



жүктеу 0.59 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Серік САҒЫНТАЙ,

Қарағанды

Қанат ҚАЗЫ

Қойдым енді, сірә, мен үй алмаспын, 

Қойдым енді, сірә, мен үй алмаспын, 

Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. 

Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. 

Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, 

Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, 

Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын. 

Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын. 

Аспан мен жер – бәрі де үйім менің, 

Аспан мен жер – бәрі де үйім менің, 

Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. 

Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. 

Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, 

Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, 

He қиындық болса да, иілмедім.

He қиындық болса да, иілмедім.

болады. Басы ашық тағы бір мәселе, ол – 

Қасым ақынның қазақ поэзиясында берік 

орныққан шеберлік мектебінің қырларын 

ашу. Тәуелсіздік идеясы, ұлттық поэзиядағы 

Қасым поэзиясы дәстүрінің қаншалықты 

дәрежеде жаңашылдыққа ұласуы. Мұндай 

дүниелердің жете зерделеніп, жұртшы-

лыққа кеңінен таныстырылуы ақынды тағы 

бір қырынан тануға септігін тигізері анық. 

Тар заманда өмір сүріп, халық тағдырын 

мүмкіндігінше жырлаған Қасым – қазақ 

поэзиясының алтын тамырынан нәр алып 

шыққан ұлы өнердің қайнар бұлағы. 

Сондықтан да әлі күнге толық ашылмаған 

Қасым – қазақ оқырмандары үшін әлі де 

жұмбақ. Осыны қайта қарау, жыр-дастан-

дарын жаңа заманның көзқарасымен ұш-

тастыру лазым. Бір сөзбен айтқанда, ақын-

ды өз биігінен талдап, өз биігінен қарауға 

тиістіміз. 

Мұқағалидың өзі Қасымның әлі талай-

ды табындыратынын айтып, ондай тұл-

ғамен мәңгі санасу керектігін сипаттап, 

былай дейді: 

«Бір күй бар домбырамда...»

(Иесі Қасым)

Қасым солай болмаса несі Қасым?!

Жыр бәйгеге аттанған адам болса,

Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:

– Қазіргі біздің ақындарда образды 

сөйлеу, бейнелеп айту жоқ. Бар болса 

да, оған соншалықты мән берілмей, 

осы жол жоғалу үстінде. Сондықтан да 

кейінгі кездері ақын өлеңі қарапайым 

бір мақаланы жазып шыққандай ғана 

әсер береді. Ал Қасымның да, Мұқа-

ғали дың да ірілігі сонда – олар образ-

бен айтуды терең меңгерді. Реті кел-

меген тұстарын тұспалдап жеткізуді 

әбден игерді. Мәселен, Пушкиннен 

аудармасында Қасым «ол да мені 

тырнағымнан таныды, мен де оны 

құла ғынан таныдым» дейді. Ал біздің 

ақындарымыз мұндайды «мен айбарлы 

жолбарыспын, сен салпаңқұлақ есек-

сің» деп төтесінен баяндаушы еді. 

Осын дағы Қасымның жазған екі жолы-

ның өзі бүкіл бір балладаға бергісіз. 

Яғни біздің бүгінгі ақындарда бейнелеп 

айтып, аз сөзбен көп мағына беру, 

астарлап сөйлеу, шешендік таныта түсу 

мәнері сұйылып барады. Дәстүрлі сөз 

жүйесінен тайқып та жүргендейміз. Тіп-

ті таза, тұнық келетін ұлттық тілдегі 

бояу ды да сұйылтып жатқандаймыз. 

Бұл назаландырады. 

леппен көріне білді. Қайталаймыз, ұлттық 

құндылықтар алдымен орыс поэзиясын да-

ғы мысалдармен, «частушкаларды» Есе-

нин нің мүлдем жаңа қалпында көрсету 

дәуірі болса, біздің әдебиетте де Қасым 

поэзиясы жыр-дастандар, шешендік сөз-

дердің «ма йын ішкен», одан кейін, әлбетте, 

оларды жаңаша қалыпта реформалаған 

поэзия болды. Ақын лирикасындағы жаңа 

өжет пафос оның соғыстан кейінгі шығар-

ма шылығын да сол тұстағы көп шығарма-

лардан көш бойы оқшаулап, оздырып 

шыққаны белгілі. Біздің мақсат тұтып 

отырған «Есенин мен Аманжолов» тарауы 

осымен бітті деуге тіпті де келмейді. Қасым 

соғыс өлеңдерін жазуда да адамгершіліктің, 

гуманизмнің соғысына дендеп кіреді. Ал 

Есенинде бұл тақырып ол соғысты көрмесе 

де, оның негізгі тақырыбы болып қала бе-

реді. Қасымға ойысар болсақ, ресми атал-

мағанымен, оның ең негізгі ұстазы Мағжан 

Жұмабаев болғаны белгілі, нақтырақ 

айтсақ, оның өлеңдері. Ақын өз шығар ма-

шылығы арқылы 37-нің от дауылынан 

кейін жермен-жексен болған киелі Алаш 

топырағында алауыздардың айтқа нына 

көніп, айдағанына жүретін мәңгүрт өлең-

ші лер ғана емес, от ауызды, орақ тілді 

ақынның барлығын айта келген шайыр еді. 

Неге екенін білмедік, бірақ жалғыз адам-

ның атымен аталатын дәуір тек осы Қасым-

дар дәуірі еді. Мәселен, Абайлар немесе 

Мағжандар дәуірі деп айтылмас, ал Қа-

сымдар дәуірі мәңгі мызғып жанған кез. 

Себебі Қасым кейін өз сөзін батыл айта 

білетін К.Мырзабеков, Ж.Нәжімеде нов, 

М.Мақатаев, Т.Айбергенов т.б. ақындардың 

шығуына мүмкіндік жасаған еді.

Ардақ ҚҰЛТАЙ

РУХ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 



27.08.2011 жыл 

сенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

6

АЛАШ АЗАМАТЫ



?

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Ақын ғаламторға «көшіп алды»



АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...

Қадыр ақынның «Талантты тірісінде бағалаңдар» деген бір сөзі бар. Керемет 

айтылған. Әрине, басқаларға тән қазақтың да жақсылығы мен жамандығы бар. 

Алайда бізді бір тілек, бір жүрек қылатын бірлігіміз жетіспей жатады. Ұлттық тұрғыда 

ойлайтын санамыз жетілмей жатыр. Біз көзі тірісінде таланттарымызды түсіне алмаймыз. 

Түсінеміз-ау, бірақ түсінгіміз келмейді. Абай 44 жасында неге жылады? «Қартайдық, 

қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп. Бар-жоғы 44-тегі Абайдың жүрегі неге қарияның 

жүрегіндей қан жылап тұр? Мағжан мен Қасымды да өз кезінде түсінбей қор қылып 

алдық қой. Сұлтанмахмұтты да, тірісінде Мұқағалиды да ұшпаққа шығармадық. 

Сондықтан да енді бізге асылдарымызды дер кезінде ардақтап, таланттарымызды 

уақытында түсінетіндей тәуелсіз сана керек.

«Қасым» журналы жарық көреді

Ақын тойының қарсаңында Қараған-

дыда «Қасым» атты республикалық 

әдеби-қоғамдық журнал жарық көрмек-

ші. Екі айда бір рет жарық көретін жур-

налдың құрылтайшылары – Қара ғанды 

облысы әкімдігі мен қазақ әде 

биетін 

қолдау мақсатында құрылған «Ақсораң» 



қоғам дық қоры. Қыркүйектің 9-ы күні 

мерейтойға қатысты Е.Бөкетов атындағы 

университетте журналдың тұсаукесері 

өткізілмекші. Ал журналдың алғашқы 

санында Қасым туралы заман дастары 

мен қаламдастарының естелік 

тері, 

ақынның жырлары, аудар 



малары 

топтастырылады. Сондай-ақ бірқатар 

танымал қаламгерлердің өз шығар-

малары, жас ақындардың өлең 

дері, 

әдебиет танушылардың,  өнертану шы-



лардың зерттеу мақалалары жарық 

көреді. Мерейтой өткізілген бетте жур-

налға келер 2012 жылға жазылу ұйым-

дас тырылмақ.



Мұқағали Мақатаевтың мұрасын зерттеп, халыққа ұсынып отыратын 

«Мұқағали» деген журнал бар екенін білеміз. Осы ретте білгім келгені, 

биыл «Қасым» әдеби журналы шығарылды ма?

Қамбар ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ, Астана

– Өмірхан Әбдиманұлы, алғашқы 

сауалымызды сан ұрпақты өзінің дауыл-

 ды жырымен, алдаспан өлең дерімен 

тәрбиелеп келген Қасым по эзиясының 

құдіреттілігі жайынан бас тасақ. Ақын өз 

дәуірін айшықты сөзбен өрнектеді, 

көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, 

төл әдебиетіміздің тари хында қалатын 

мәңгілік туын дылар жазды. Шығарма-

шы лық адамы үшін ең үлкен бақыт бұл 

көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын 

алып, қалың оқырманның құрметін 

сезіну болса керек. Қасым ақын көзі 

тірісінде шы ғармашылығына лайықты 

бағасын ала алды ма? 

– Қазақ әдебиеті тарихында Қасым өзіне 

лайықты бағасын ала алған жоқ. Көзі 

тірісінде де, қайтыс болғаннан соң да. Менің 

ойымша, қазақ әдебиеті әр жарты ғасыр 

сайын керемет ақындарды дүниеге әкеліп 

отырды. Асанқайғыдан бастасақ, біраз 

ақындар шығады. Әрқайсысы бір-бір белес. 

Мы салға алатын болсақ, XVIII ғасырдағы 

жы рау ларымыздың 

барлығы 

мықты. 


Тегеурінді. Сөздері жалынды. Алайда 

солардың ішінде Бұқар жыраудың орны 

ерекше. ХІХ ға сырдың басын алатын болсақ, 

Дулат та, Шортанбай да, басқа да мықты 

ақындар бар. Бірақ Махамбеттің жөні бөлек. 

ХІХ ғасырдың екінші жартысын алыңыз, ол 

кезде де өз деңгейіндегі ақындар болды. 

Дегенмен Абайдың өресі, шоқтығы биік. 

Енді ХХ ғасырға келейік. Ғасыр басында 

ғаламат, сұрапыл ақындар болды. Ал 

шындап келсек, Мағжанның ақындығы 

басым. Сұлтанмахмұт та арынды ақын, 

алайда өмірден ерте кетіп қалды. Сәбит 

Мұқановтың «Абай – ақылдың ақыны, 

Мағжан – ақынның ақыны» деп айт қаны 

бар ғой. Бұған ешкім таласа алмайды. ХХ 

ғасырдың екінші жартысына ауыссақ, әрине, 

бірден Қасым Аман 

жоловты айта 

мыз. 


Әбділда да, Сырбай да қандай қуатты 

ақындар. Соғыстан кейінгі буын. Бірақ 

Қасым жырының салмағы басымдау. Себебі 

Қасым өз дәуірінің бүкіл болмысын жү-

регінен өткізіп, соны өлең қылып сығып 

шығарды. Ол қоғамдық өмірдің шындығын 

жазды және оны өнердегі шындыққа айнал-

дырды. Ал Қасымдардан кейінгі толқынның 

ішінде өзгеше өлеңдерінің болмысымен 

дара 


ланып шыққан ақын – Мұқағали. 

Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұ манбай ақын-

дар дың әрқайсысының өз ерекшеліктері 

бар. Қадыр – ойдың, Төлеген – тебіреністің, 

Жұмекен – терең фило софияның, мәннің, 

ал Тұманбай – сезімнің ақыны. Алайда сол 

ерекшеліктердің барлығын Мұқағали өз 

бойына жинай білген.

Енді Қасым неге өз дәуірінде лайықты 

бағасын ала алмады дегенге келейік. Негізін-

де, әдебиетшілер қауымы Қасымның ке-

ремет ақын екенін білді. 



– Тек әдеби қауым ғана бағалады ма 

сонда?

– Әдеби қауыммен қатар, жұртшылық та 

оның бағасын, ақындық қуатын білді, сезді, 

тамсанды. Өйткені Қасым жарқ етіп шықты. 

Қазақ поэзиясы аспанында Қасым өлеңдері 

жасындай жарқылдады. Төгіліп тұрды. Әл-

Фараби айтады ғой: «Ақынның үш түрі бар. 

Біріншісі – ақын болуға талпы нып, еліктеп 

жүретін ақын. Екіншісі – бойын 

да бар 


кішкен тай ғана дарынды өлең жазудың бүкіл 

амал-әдістерімен көркем 

деп, керемет 

туынды жасап шығарады. Екеуі де мықты 

ақынға айнала 

ды, алайда олар тума 

таланттар емес. Ал нағыз ақын – бұл тұнба 

табиғаттың өзінен жаралған ақын» деп. Мен 

Қасымды осы үшінші топқа жатқызамын. 

Қасымды Құдай ақын қылып жаратқан. Ол 

жазайын деп жазбайды өлеңді, арғы 

жағындағы тылсым дүние жазғызады. Не 

жазса да, төгіліп түседі. Қиналмай жазады. 

Дәл осындай ерекшелік Мұқағалида да бар. 

Екеуі де өлеңді ойнап отырып жазған сияқты. 

Қиналып, ойланып, толғанып, жазғанын 

өңдеп отырмаған секілді. Алайда өлең 

олардың терең тебіренісінен туады. Бұл – 

Алланың оларға берген ерекше сыйы. 

Өлеңді күшеніп жазбайды, жүректен 

шығарады. Міне, Қасым осындай құдіретке 

ие. 


Қасымды өз қатарластары, достары 

қатты құрметтеді, сыйлады. Алайда Қа-

сымның тікмінезділігі, кей сәтте идеологияға 

қиғаштау кеп, қарсы сөйлеп қалатын кездері 

жиі болған. Ақын болған соң үндемей қала 

алмайды. Осындай сәтті оның бақталастары 

жақсы пайдаланды. Бәрі де Қасымның 

талантын қызғанудан басталған. «Әр кәл-

ләда бір қиял» демекші, менмендік басым 

болған соң бәрі өзін Қасыммен теңестірді, 

қатар қойды. Сондықтан олар Қасым ның 

кемш ілігін тізбелеп отырды. Дегенмен ақын-

ды қарапайым оқырман жақсы баға лады. 

Тамсанып оқыды. Осы кезде-ақ Қасымның 

құдіретті ақын екендігі айтылып қалып 

жатты. Бірақ сұрапыл идеологиялық машина 

– кеңестік биліктің жанында қарапайым 

халықтың, оқыр манның пікірі ескерілмеді.

Мұқағалидың бақыты – ол өмірден 

өткен соң барлық шындық ашылды. Ол ақын 

ретінде, азамат ретінде, жалпы, тұлға ретінде 

өзіне тән толық бағасын алды. Ал Қасымға 

тиістіні айта алмадық. Қасым тірісінде де, 

пәниден озған соң да оның дарынын, 

көркемсөздегі құдіретті талант екендігін 

толық жарқыратып көрсете алмадық. 

Біріншіден, Қасым өмірден ерте өтті. 1955 

жыл – халықтың соғыстан кейін жаңадан 

еңсе көтеріп, есін енді жия бастаған кез. Сол 

кездің өзінде Қасымды зерттеуге бет 

бұрғандар болды. Бірақ та 1958-59 

жылдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан-

сүгіров сынды ұлы таланттарымыз ақталды. 

Елдің де, ғалым біткеннің назары бірден сол 

жаққа ауды. Жалпы, қазақ еліктегіш 

халықпыз ғой. Жаппай соған бет бұрдық. 

Тума талант, ғаламат ақынымыз өстіп тасада 

қалып қойды. 1970 жылдары, біздің студент 

кезімізде Қасым қайта дүрк етіп көтерілді. 

«Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Ақын 

өлімі туралы аңыз» сынды өлең-поэмалары 

елдің аузында жүрді. Концерт болсын, 

жастар жиыны болсын Қасымның өлеңдері 

міндетті түрде оқылып жатты. Сөйтіп, 

қайтадан халықтың Қасым шығармашы-

лығына деген қызығушылығы артты. Оны 

көтерген – ақындардың өздері. Мұқағалидың 

«Қасым олай болмаса, несі Қасым, 

Қасымның басқалардан мысы басым» деген 

өлеңінен бастап, жас бөрілер, жас таланттар 

халықтың ықыласын Қасымға бұрды. Сол 

кезеңде жаңадан шыққан отты ақындардың 

басында басқа емес, осы Қасым тұрды. Сөз 

Қасымнан басталып, Мұхтар Шахановтан 

аяқталды. Қазақ әдебиеті тарихында сол 

1970 жылдары сұмдық өрлеу болды, 

оқырман ның поэзияға деген құштарлығы 

артты. Қасым енді ғылыми тұрғыда 

зерттеледі деп жүргенде Алаш арыстары 

ашылды. 1980 жылдардың аяғында, 

Тәуелсіздіктің басын 

да елдің бәрі алаш-

танушы, ахметтанушы, әлихантанушы болып 

көрінгісі келді де, Қасым тағы да ұмыт қалып 

қойды. Сәкенді де, Сәбитті де ысыра 

бастадық. 



Сонда тарихтың ақтаңдақ бетін 

аршып аламыз деп екінші бір ардақ-

тымызды, арысымызды жоғалтып 

отырдық па?

– Иә, өкінішке қарай, солай болды. 

Қоламтада жатқан шоқты үрлеуіміз керек 

еді. Оның қызуы, жылуы керемет, алайда 

үрлесең ол лаулап жанатын еді ғой. Өкі нішке 

қарай, біздің ғалымдарымыз мерей тойға 

жұмыс істеп кетті. Өздерінің атақтарын 

тезірек шығарғысы келді. 

Қасым өзінің беретінін толық бере 

алмады. Өзі айтпақшы, «Кенімді кеудемдегі 

жаба тұрдым, Азырақ әуре болып жөтел-

менен» дегендей, жазатынын жазып біт педі. 

Оған мүмкіндік болмады. 

– Сіз Қасым шығармашылығына 

біраз зерттеу жасадыңыз. Белгілі бір 

тұлғаны тереңірек таныған сайын оның 

белгісіз сырлары ашыла түседі емес пе, 

Қасым Аманжоловты сіз қай қырынан 

таныдыңыз? 

– Мен Қасымды қазақ әдебиетіндегі 

лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі 

атасы деп білемін. Қасым поэзиясының бір 

кереметі – сыр мен сезімнің тоғысуы. Әри не, 

бұл кезде Мағжан жабық тақырып бола тын. 

Халық оны әлі оқымаған, тұ шынбаған еді. 

Осы Мағжандағы ғаламат дәстүрді поэзияға 

Қасым әкелді. Бұл – біріншіден. 

Екіншіден, оның азаматтық позициясы. 

Ол қазақ поэзиясына азаматтық рухты алып 

келді. Өткір ой, өткір пікір, азаматтық 

ұстаным Қасымның өлеңдерінде айқын 

танылып тұрады. Тайсалмайтын, жүректі, 

жалынды сөздер. Қасым поэзиясының сұлу 

жырдан құйылған тас мүсіндей болатын-

дығы осы. Өлеңдерінде сезім бар, сыр тұнып 

тұр, ойы ашық. Мен Қасымды осы екі 

қырынан таныдым десем де болады.

– Аға, халық жүрегіндегі тұлғаның 

жарқын ісін, мәңгілік туындысын ға-

сырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа 

жалғау – бұл іргелі ғылымның қалыпта-

суымен ғана мүмкін болады емес пе. 

Осы ретте «Қасымтанудың пробле-

малары қандай?» деген сауал туындап 

отыр... 

– Есмағамбет Смайыловтың «Өлең және 

өмір» деген Қасым туралы үлкен ма қаласы 

бар. Қасымның өмірі, шығар 

машы 

лығы 


туралы ең алғаш рет ашық жазған – осы кісі. 

Кейіннен Әбділда Тәжі баев, Мұхамеджан 

Қаратаев, Серік Қира баевтар зерттеді. Ал 

қасымтануда сүбелі еңбек жасаған 

Тұрсынхан Әбдірах манова болды. Қасым 

Аманжолов поэ 

тикасынан доктор 

лық 


диссертация қор ғады. Осы диссер тацияда 

бұл кісі Қасымның қазақ әдебиетіне өзгеше 

леп әкелген ақын екендігін дәлелдеп шықты. 

Оның тіліне, көркемдік деңгейіне, ақындық 

әлеміне жақсы талдау жасады. Ал кейіннен 

Қарағандыда біраз ғалымдар Қасымды 

зерттеу объектісіне айналдырды. Сосын 

Бекен Ыбырайым Қасымды жақсы зерттеп 

жүр. Соңғы кездердегі шоқтығы биік зерт теу 

деп осы Бекеннің еңбегін айтуға тиіспіз. 

Алайда, қарап отырсақ, кейінгі толқын-

нан ақын шығармашылығын ғана емес, 

оның тұлғалық болмысын түпкілікті, жан-

жақты зерттеп жүрген ға лым дарды көріп 

тұрған жоқпыз. Адами, азаматтық, ақындық 

болмысы толық ашыл май, оның қоғамдағы 

орнын анық тамай, зерттеу өз дәрежесінде 

деп айтуға келмес. Сондықтан да қасымтану 

проб лемасы десек, онда алдымен айтарым, 

ақынның тұлғалық болмысын толық ашу дың 

күрделі мәселе 

лерін айтқан болар едім. 

Алла қаласа, осы қыркүйек айының аяғына 

қарай біздің ҚазҰУ-де Қасымның 100 

жылдығына орай халықаралық кон-

ференция өткізбекпіз. Сонда қасымтанудың 

проблемалары жан-жақты көтеріледі деп 

ойлаймын. 



– Кеңестің кесірі көбінесе шығар-

машылық адамдарына тиді десек ар тық 

айтқандық болмас. Қатаң цен 

зура, 

тырнақ астынан кір іздеу – әсіресе сөз 

өнерімен ауырған жандарға ауыр тиді. 

Бұл қасіреттен Қасым да қашып құтыла 

алмады. Оның өлеңдерінің текстоло-

гиялық өзгеруі, өңделуі туралы не 

білесіз?

– Ақынның 90 жылдығы қарсаңында 

болса керек, оның екі томдық жинағы 

шықты. Сол екі томдықта барлығы қалпына 

келтірілді деп ойлаймын. Әрине, Қасымның 

өлеңдері отты, жалынды еді. Тіпті сол 

кезеңнің үнімен қабыспай жататын жерлері 

де болды. Кезінде идеологияға да, саясатқа 

да жақпайтын сөздер мен ойларды шы-

ғарушылар күзеп, түзеп, өзгертіп отырғаны 

шындық. Алайда оның бәрі Тәуелсіздік 

кезеңінде өз орнына келді деп ойлаймын. 



– Өмірхан аға, Қасымның «Шың-

ғыстауда» деген өлеңі бар. «Ағасы 

ақындардың туған жерге, Біз келдік 

інілік бір міндетпенен» деп Абай ауы-

лына барыпты. Қасым Абайды өзіне 

ұстаз тұтқан секілді...

– Абай ауылына Қасым бірнеше мәрте 

барған секілді. Өзі арнайы жеке барған, 

мерейтойына да барды. Өйткені өзі де 

Семейде бірнеше жыл тұрды, оқып білім 

алды емес пе. ХХ ғасырдың басында Абайды 

Мағжан «хәкім», Сұлтанмахмұт «ақындар-

дың пайғамбары», Шәкерім «ұстаз», Ахмет 

«бас ақын» деп атады. Сол секілді Қасым 

өзінің бағасын, ақындық биігін білді, Абайды 

өзіне ұстаз тұтты, шығармашылық дос 

санады. Сондықтан да ол Абайдың басына 

тәу етуге барды. 

«Абайға айтарым» өлеңінде ақын:



Абай десе Абайсың,

Абайладың жан-жақты,

Риза еттің жарайсың,

«Қалың елің – қазақты», – деп жыр лады. 

«Абай десе Абайсың» деген сөзінде-ақ 

ұғатын адамға бірталай сыр жатқандығын 

аңғартады емес пе?! 



– Ақынның «Жамбыл тойында» 

деген поэмасы жайлы арагідік бір 

пікірлер айтылып қалып жатады. Осы 

поэма жоғалған деседі. Оны табу мүмкін 

бе? Бәлкім, мұрағаттардың бірінде 

сақталған шығар. Қанша дегенмен ол да 

ақын мұрасының бір бөлшегі саналады 

ғой? 

– Рас, 1938 жылы Қасым «Жамбыл 

тойында» деген поэмасынан үзінді оқыды 

деген пікірлер бар. Бірақ өтірік айтып 

қайтемін, өз басым оны таппадым, көр-

медім. Бәлкім, басқа мұрағаттарда сақталған 

болуы мүмкін. Бірақ Қасымның 1946 жылы 

жазған «Жамбыл» деген өлеңі бар. Бұл 

өлеңінде ақын Жамбылға аман даса барған-

дығын жазады. Жамбылдың ақындығын 

керемет бағалайды. «Есімде, дәл осыдан он 

жыл бұрын, Бос тастап жүрген кезім ой 

шылбырын, Ақындық аспанынан қалдым 

көріп, Жарқ еткен ақ жамбыдай Жамбыл 

жырын» деп жырлауы – бұл Жамбыл 

жырына берілген үлкен баға деп есептеймін. 

Ал егер де жаңағы аталған «Жамбыл 

тойында» поэмасы жас зерттеушілердің 

ізденісімен табылып қалып жатса, нұр үстіне 

нұр, ал табылмаған күнде де Қасымның 

ұтылатын ештеңесі жоқ. Өйткені Жамбылды 

қалай құрметтегені, оның шығармашылығын 

қалай үлгі тұтқаны бізге белгілі. Жазба 

әдебиетінің ұлы тұлғасы – Абайды да, халық 

ауыз әдебиетінің ұлы өкілі, Асанқайғылардан 

басталған жыраулық өнердің көзі тірі 

жалғасы – Жамбылды да Қасым жақсы 

түсінді. Қал-қадарынша бағалады. 



– Ақтаңгер ақын Ғафу Қайырбеков 

«Қасым – ұлттық ақын» деп айтып 

кеткен еді. Бұл пікір әлі өзінің маңыз-

дылығын жойған жоқ па? Сұрағым 

келгені, Қасым поэзиясының құдірет-

тілігі әлі осы тұғырында тұр ма? Оның 

өлеңіне деген халықтың сүйіспеншілігі 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал