Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ



жүктеу 0.59 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.59 Mb.
1   2   3   4   5   6

Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ, 

әдебиеттанушы, филология ғылымының 

докторы, профессор:

– Қасымның көп аударған ақыны Мая-

ковский болды. Маяковский сол жылдар 

әдебиетіндегі үлкен фигура еді. Одан 

аударған өлеңдері 1941 жылы «Бар да уыс-

пен» деген атпен жа рық көрді. Бұдан кейін 

оның орыс әде бие тіне жалтақтауы бірте-

бірте жүйеге түсе бастайды. 1947-1948 

жылдары Пуш 

киннің көп шығар 

ма 

сын 

аударады. Пушкинді аудару үстін де Қасым 

ұлы орыс ақынының дүние та нымындағы 

құ пияларды  меңгеру  қажет тіг ін  аңға ра ды. 

Ол Белинскийдің Пушкин туралы жазған 

атақты мақаласымен та ны сып, соны жүйелі 

түрде оқиды. Пуш кин поэзия сы ның негізгі 

арналары жай лы терең оқып білуі кейін оны 

аударуға көп мүмкіндік берген. Қасымның 

өте жақ сы аударған ақыны – Лермонтов. 

Бұл екеуінің шы ғар машылық тұлға ре тінде 

мінездері ұқсас болатын. Орыстың еркіндікті 

аңсаған ерке көңілді ақынын аударуда 

Қасым талай шеберлікті мең 

гереді. Біз 

«Қасым керемет, Қасым ке ре мет» деп көп 

айтамыз. Бірақ оның не  сі мен керемет екенін 

ойланып айтуды ұмы тып кетеміз. Қасым – 

көркем аудар ма сала сына зор үлес қосқан 

адам. Ал әлі күнге дейін оның аудармаларын 

зер 

делейтін бірде-бір еңбек жазылған 

жоқ.

ҚА

ЛТ



АРЫС

ТҮРТКІ


Ол туынды бертінге дейін жүрді. Ал енді 

шындап келгенде, Қасым – қалай мақтасаң 

да, соған тұратын ақын. Күні кеше 80 

жылдығын дүрілдетіп өткізген Мұқағали 

Мақатаевтың өзі Қасымды ұстаз тұтқан. 

Жұмекен Нәжімеденовтің де «Маған 

Есениннің де, басқаның да керегі жоқ, 

Қасым болса болғаны» деген мағынада 

өлеңі бар. Өз тұстастары, ағалары, інілері 

өресін мойындаған, тіпті алдына жүгінген 

Қасымның, өкінішке қарай, насихаты кем 

болды. Енді соның есесін ақынның 100 

жылдығында қайтара ма деп жатырмыз. 

Бірақ, меніңше, осы мерейтой қарсаңында 

Қасым өмірі жайлы бір деректі фильм 

түсірсе де жақсы еді ғой, әйтпесе Абайды, 

тіпті одан арғы Абылайдай ханымызды 

түсіре алмай жүргенде, Қасекеңдерге 

қайда?... Тұқым аузына таянған осы кезде 

кім де болса керемет көркем фильм түсіре 

қояды дегенге өз басым сенбеймін...

(күрсінді). Әйтпесе киноға сұранып тұрған 

тұлғаларымыз жетеді ғой. 

ҚАСЫМТАНУШЫЛАРДЫҢ 

ҚАРАП ЖАТУҒА 

ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!..

«Жалпы, кісімсігендердің аспандағы 

кілтіне қол жеткізуге құмар емес еді» дейді 

Қасымның көзін көргендер. Әлгіндейлердің 

әділ жазасын Жаратқанға қалдырған ақын 

да тек отты өлеңімен болды, поэзиясын 

періштедей қорғап, соған селкеу түсірмеуді 

ғана ойлаған сыңайлы. Сондықтан өзін 

жақтырмай, шеттеткен ортадан ол да 

алыстау  ұзағандай. Қасымның байыз 

тауып, байсалды, байыпты, қай жағынан 

алсаң да, мазмұнды тұлғаға айналған 

жылдары Оралда өмір сүрген кездері екен. 

Қалған уақытының бәрінде кемшілік, 

жоқшылық, қиын-қыстау жолдармен өткен 

тұлғаның өмірі ең құрығанда бір қалам гер-

дің қалам ұшына оралмады, ең құрығанда 

бір киногердің объективіне ілікпеді екен? 

Бәлкім, кезінде сценарий ұсынып, онысы 

көркемдік кеңестен өтпей қалды ма? Бұл 

туралы, бәлкім, бір білсе, кезінде «Қазақ-

фильмде» сценарийлермен жұмыс істеген 

жазушы Смағұл ағамыз білер деген оймен 

қаламгерге қоңырау шалдық. 



Смағұл ЕЛУБАЙ, 

жазушы, киносценарийші: 

– Фильм мәселесіне келсек, рас, мен 

сол «Қазақфильмде» өмір бойы жұмыс 

істеп жүргендердің бірімін деуге болады. 

Жалпы, киноның тақырыбы боларлық тұл-

ғалар бізде өте көп. Мысалы, Алаш арыста-

ры енді ақталған тұста алдымен Мағжанның 

«Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша 

көркем фильмнің қолға алынғанын 

білесіздер. Ойлап қарасақ, Мағжанның өз 

өмірі де киноға татырлық қой?.. Сондай-ақ 

Әуе зовтің, Сәкеннің өмірлері де қандай 

күрделі, көркем фильмге сұранып тұр. 

Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, Халел мен 

Жанша Досмұхамедовтердің де өмірі 

сұмдық, осылардың бәрі киноға да, театрға 

да арқау болуға тұрарлық тақырып екеніне 

дау жоқ. Әрине, әрқайсысы жайлы 

жазылуға тиіс, көрсетілуге тиіс. Алайда 

олай болмай жатыр ғой. Екінші бір 

жағынан, тұлғалардың бәрі түгел көркем 

фильмге арқау болуға міндетті де емес. 

Кейбіріне деректі фильмдер түсірілді, бірақ 

ішінде Қасым жоқ. Көркем фильм түсіру 

өте қымбат болғандықтан, оған жол 

ашылмай отыр деуге болады. Қаржы 

бірінші фактор болса, екінші жағынан, 

қазіргі саясат, көрермен, осындай үш 

бірдей үлкен фактор, төртінші жағынан, 

автордың білігі де жетіспей тұр. Осындай 

себептерден Қасымның өмірі тіптен деректі 

фильмге де арқау бола алмай қалыпты. 

Экран деген қазір әлемді билеп тұр. Ең 

алдымен Қасым туралы деректі фильм 

керек. Ал деректі фильмді түсіруге тіптен 

кәсіби сценарийші болудың қажеті де жоқ, 

кез кел ген ғалым оны қолға ала алады. 

Міндетті түрде кинорежиссер емес, 

телережис серлердің де қолынан келеді. 

Сондықтан қасымтанушылардың қарап 

жатуға қақысы жоқ дер едім.

Расында, әуелі Қасым өмірінің тал бе-

сіктен жер бесікке дейінгі аралығын 

қамтитын мазмұнды бір деректі фильм 

түсірілсе ғой... Газетіміздің шілде айындағы 

нөмірлерінің бірінде біз «Қазақстан» 

ұлттық арнасының бастамасымен «Дариға, 

сол қыз...» атты Қасым өлеңдерінің желісі 

бойын ша тележоба жасалғанын жазғанбыз. 

Бірақ ол тек ақын өлеңдерімен көмкерілген 

соғыс жайлы дүние, бірақ соның өзін 

алдағы бір дүмпудің алғашқы белгісі деп 

қабылдау керек сияқты. «Қасым жайлы 

неге не бір деректі, не бір көркем фильм 

жоқ?» деген сауалды біз «Қазақфильмнің» 

қазіргі бас редакторы, жазушы Дидар 

Амантайға да қойғаны 

мызда, көркем 

фильм нің қолға алынбағанын, алайда де-

ректі фильмнің соңғы нүктесі қойылуға 

дайын тұрғанын айтты. Қасымның осы 

қыркүйекте Қарқаралыда болатын торқалы 

тойына бұл да болса бір тарту. Алайда біз 

бәрібір жарқ еткен жай бір жасын емес, 

гүрс ете түскенде жүректі жаналқымға 

алып келетіндей найзағай мінез, найзағай 

жырдың, дәл солай буырқанып бірде ойға, 

бірде қырға бастаған дауыл-тағдырдың 

иесі Қасым Аманжоловтың қайталанбас 

бейнесінің киноэкран арқылы тірілгенін, 

қазақтың тамырына қан жүгіртіп, рухына 

қанат бергенін қалар едік. Мүмкін, 

мелодрама, мүмкін, трагедия, жанр жағын 

режиссер шеше жатар, бірақ біздің айта-

рымыз, бүгінде, әйтеуір, көркем фильм 

түсіруге дарыны да, қарымы да жететін 

шығармашылық иелері, техника, техно-

логия бәрі де бар. 



Қасым туралы 

көркем фильм 

неге жоқ?

Басы 1-бетте

Болатбек МҰХТАРОВ

Аманжол Рақымжанның Қасымымын, 

Аманжол Рақымжанның Қасымымын, 

Мен қалған бір атаның ғасырымын. 

Мен қалған бір атаның ғасырымын. 

Біреуге жұртта қалған жасығымын, 

Біреуге жұртта қалған жасығымын

Біреуге аспандағы асылымын. 

Біреуге аспандағы асылымын. 

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, 

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, 

Көрінер көлеңкесі келбетімде. 

Көрінер көлеңкесі келбетімде. 

Қай жерде үзіледі қайран сапар, 

Қай жерде үзіледі қайран сапар, 

Түйін боп өмірімнің бір шетінде? 

Түйін боп өмірімнің бір шетінде? 

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, 

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, 

Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ? 

Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ? 

Немесе бастармын ба екінші өмір, 

Немесе бастармын ба екінші өмір, 

Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

Басы 1-бетте

ТҰЛҒА


Басы 1-бетте

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 



27.08.2011 жыл 

сенбі


www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

3

ТАҒЗЫМ



   

Қасымның отансүйгіштік жырларының насихаты неге кем?



Мамай АХЕТ, 

Алматы қалалық 

тілдерді дамыту, 

мұрағат және 

құжаттама 

басқармасының 

бастығы:

Қансейіт 

ӘБДЕЗҰЛЫ, 

Әл-

Фараби атындағы Қа-

зақ ұлттық универси-

теті филология 

факультетінің деканы, 

профессор:

?

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

А Л А Ш Т Ы   А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н   С А У А Л

– Бұл – тек Қасымға ғана емес, С.Мәу-

ленов, С.Жиенбаев, Қ.Шаңғыт 

баев, 


Ә.Тә жібаев сынды ХХ ғасыр дағы қазақ 

поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің 

көпшілігіне қатысты мәселе. Заманымы з-

дың құндылық 

тарының өзгеруіне, ка-

питалистік жү 

йе 

нің орнығуына байла-



нысты поэзия ға, өнерге деген көзқарас 

өзгерді. Қа сымның бірден көзге көрініп 

қалуы ұлт тық поэзияда бетбұрыс жасаған 

ақын болуынан болар. Әйтпесе бұл сол 

кездегі барлық поэзия өкілдеріне тән дер 

едім.  


– Қасым шығармаларының алтын арқауы – ұлттық 

рух, ұлтымыздың тарихы, құндылықтары. Кеңестік 

кезеңде ұлттық сипаты басым өлеңдерге «адамның 

ұлттық сезімін көтереді, партиялық, таптық тәрбиеге 

қайшы келеді» деген мақсатпен жол ашылмады. 

Қасым сияқты таза ұлттық сипаттағы ақындардың 

шығармалары ол кезде «модада» болған жоқ. 

«Мәдени мұра» бағдарламасы шыққаннан бері соңғы 

10 жылда шынайы ұлттық сипаттағы ұлтты 

мадақтайтын, ұлттың рухына қызмет жасайтын 

шығармаларды тануға, ашып алуға  санамыз жетті.  

Шын мәніндегі қасымтану енді басталды десек 

болады. Дәстүрлі қазақ поэзиясының жыраулық үлгісін 

өз тұсында қайта жаңғыртқан, қайта белеске көтерген 

– Қасым. Қасым поэзиясы  – қазақ әдебиетіндегі 

айрықша феномен. 



Дайындаған 

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

ҰСЫНЫС 


Басы 1-бетте

ОЙ-КӨКПАР



Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан 

Жазушылар одағы төрағасының бірінші 

орынбасары, Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының лауреаты, ақын

Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын 

өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе?

ТАМЫР


Қасым жұрты – ұлттық рухтың бесігі

Ел аузында «Аманжол қорасы» аталған 

ескі жұрт басында «Қасым туған үй – осы» 

деген тақта тұр. Бірер онжылдық ешкім 

тұрмаған соң әрі Арқа қысының қытымыр 

мінезі салдарынан ақын шыр етіп дүниеге 

келген боз орда жермен-жексен. Жыл 

аралатып барып тұратын қастерлі өңір 

болған соң, әр барғанымызда іргетасы 

шөгіп, табиғат өзі берген дүниесін 

қайтарып аларына көзіміз жете түседі. 

Қасымның кеңестік кезеңде жазылған 

«ресми», «бейресми» өмірбаянында сол 

кезгі дәстүрмен «сіңірі шыққан кедей 

әулетінде туған» деп жазылады. 

Шындығында солай ма? Әлбетте, шы-

ғармашылығы мен ғұмырының өзі көзі 

қарақты жан үшін үлгі болар азамат 

ақынның ата-бабасын тергеп, бақ-байлық 

жарыстыру мақсатымыз емес. Дегенмен ел 

білетін, кейіндері бұрмаланған шын 

жайттарды жаңғырту керек қой. Оның 

сыртында зайырлы, салауатты 

мемлекеттердің барлығында дерлік ұлы 

тұлғаларының ғұмыр тарихы мен жеті 

атасынан бергі тек-шежіресін таратып-ақ 

қойған. Шежіре – қазаққа жат құбылыс 

емес. Өкініштісі, білу үшін емес, бөлу үшін, 

солақай сөз өрбіту үшін қызмет етіп 

қалатыны бар. Сонымен, Қасымның туған 

үйінің жұртына қарасақ, анау айтқан 

тобанаяқ кедей тұратын үй емес тәрізді. 

Орналасқан қыр бөктерінен көз ұшындағы 

кеңістік қолдың саласындай жазылып, 

көрініп-ақ жатыр. Сол сала-саладағы қыр-

қырат желкесіне шыққан жолаушыға да 

«менмұндалап» қиядан шалынады. Тар 

қолаттың қуысына тығылып жататын 

жалшының жаппасы мұндай болмаса 

керек. Он екі қанат орданың орнындай үй 

таудың қызыл тасынан өрілген. Дәуірінде 

еңсесі едәуір биік болған сыңайлы – 

үйіндісінің өзі бала бойынан асардай. 

Үйдің қыр желкесіндегі қабырғасына 

арқардың сыңар мүйізі қоса өріліп 

қаланыпты. Ел мұны Рахымжан сері ел 

аралап қайтқанда атын байлайтын орын 

деседі. Қасымның әкесі Рахымжан 

шынтуайтында ел аралап, өнер ұстаған, ат 

баптап, ит жүгірткен сері адам болыпты. 

Аты жусағанда, жібек арқанмен байлайды 

екен. Қарқаралылық белгілі өлкетанушы 

Ю.Попов Қасымның аталары мен 

нағашыларының ауқатты, белді әулет 

болғанын айтады. Өлкетанушы келтірген 

сол дәуірдегі статистикалық санақ деректері 

Аманжол қорасында тұрған әулеттің мал-

мүлкінің есебіне дейін тізіп береді... 

Қасымның әкесі Рахымжан сері өмірден 

ертерек озып кетеді. Жетім қалған Қасым 

мен ағасы Тайжанның тағдыры ақын жыр-

ларында бірқыдыру суреттелген. Ағалы-

інілі қос жетім өгей ортадан қашып, жылап 

барып, түнеп қалатын Аманжол мен 

Рахымжан бейіті де ақын туған үйден бірер 

шақырым жерде жатыр. Қазір жермен-

жексен болып орны ғана қалған. Басында 

белгі жоқ! Бірер жылда жымы білінбей, 

қара жердің қыртысына сіңіп кетер түрі 

бар. Еуропаның зайырлы мемлекеттерінің 

бірі болсақ, басында елі қойған елеулі 

ескерткіш тұрар ма еді! Бізде ол жоқ. «Алаш 

айнасының» ұлтымыздың ұлы тұлғалары-

ның ғұмыр тарихына арнап ұйымдастырып 

келе жатқан қаншама мақалаларында бұл 

Дулат ИСАБЕКОВ, 

жазушы,

драматург

Негізі, жаппай киіз үйді тігіп, ішіп-жеп 

тарқаған тойды жаратпаймын. Сондай-ақ 

тойда ақындар айтысын өткізу, ол айтыста 

кім қандай орын алатынын алдын ала 

белгілеп қою, ақын өлеңдерін жаппай 

жатқа оқу деген сценарийлерден халық 

жалықты. Мұндай жаттанды әрекеттер 

халықтың ашу-ызасын да тудырады. 

Сондықтан бүгінгі күні өткізіліп жүрген 

тойдағы іс-шаралардан таңдаулыларын, 

халық қалайтындарын таңдап алып, өткізу 

қажет. Ерекше бір жаңаша қалыпқа кө-

шудің де қажеті жоқ, тек ысырапшыл дық-

тан абай болып, жинақы қалыпта өт кізе 

білсек болғаны. Негізі, мұның бәрі – ұйым-

дастырушыларға байланысты дүние. Айта 

кетер жайт, ақын оқуларын өткізудің маңы-

зы зор. Сондықтан жаппай барлық ақын-

ның мерейтойы кезінде оқуларының өтуін 

қадағалауымыз қажет. Жаңаша қа 

лып 


іздеп жерді қазып, көкті шарлаудың қа  жеті 

жоқ. Тек оларды неғұрлым биік дең  гейде 

өткізуге тырысып, дұрыс ұйым 

дас 


тыра 

білсек болғаны.  

Кейде шектен тыс ысырапшылдық той-

дың сәнін бұзады. Осыдан абай болсақ 

екен. Жалпы алғанда, қаламгерлердің ме-

рей тойын өткізу кезінде шығармаларын 

жа рық көргізу, оқуларын өткізу, аллеяларын 

ашу, ескерткішін тұрғызу секілді бүгінгі күні 

атқа рылып жатқан нәрселер көпшіліктің 

кө ңі лінен шығады. Сондай-ақ олардың ту-

ғ ан жерінде мерейтойларын өткізу кезінде 

қойнауда жатқан ауылдардың өзі түлеп 

шы ға келеді. Жолдары жөнделіп, мұражай-

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы, драматург:

– Әрине, қаламгерлеріміздің аруағына ас беріліп, мерейтойын өткізген дұрыс. Бірақ олардың қадірін тірі кезінде біліп, тойын 

да көзі тірі кезінде неге дүрілдетіп өткізбеске?! Бүгінде жас ақын-жазушыларымыз үйсіз-күйсіз жүр. Жасы келгендерінің 

мерейтойы елеусіз қалып жатады. Ал өлген соң аста-төк ысырапшылдықпен жоқтаймыз. Одан да сол құрметті көзі тірі кезінде 

неге көрсетпеске? Көзі тірі кезінде не үймен қамтамасыз етпейміз, не жарытып қаламақы төлемейміз. Тірісінде құрметтен 

жұрдай етеміз де, өлген соң басымызға көтереміз. Бұдан кімге қандай пайда?! Егер біз ақын-жазушыларымызға деген осы 

көзқарасымызды өзгертпесек, бүгінгі мәдениет пен әдебиет тоқырайды. Сондықтан көзі тірі кезінде барлық өзіне лайықты 

марапатты көрсетіп, олардың әдебиетке, қоғамға берерін алып қалсақ, әлдеқайда дұрыс болар еді. Оларға жағдай жасау 

қазақ әдебиетіне жағдай жасаумен бірдей. Басында баспанасы, балаларының ішерге тамағы жоқ адам қолына қалам ұстай 

ма? Осыны ескеруіміз қажет. 

БЕЙТАРАП ПІКІР

Есте қалмас ескі дәуірлерден бері халық жадына «Бес қазылық таулары» 

деген атпен сіңген Қарқаралы, Бақты, Қу, Кент, Қызыларай тауларының 

өзгесінен шоқтығы биік Кент қазылығы мен Қызыларай қазылығының 

тура ортасында – Қызыл – Көшен қырқаларының бір бөктерінде Қасым 

Аманжолов дүниеге келді. Өткен ғасырдағы ақ пен қызыл шарпысының 

қарсаңы, аталас ағайыны Угар Жәнібековтің Ленадағы қырғынға қат ы-

са   ры   нан бір жыл бұрынғы қоңыр күз екен. Қасым туған үй – сол дәуірде 

тау-қырат қолаттарына ұйлығыса мекен тепкен қазақы қоржын там, 

қызыл тасына қына бедер салған табиғаттың төл туындысы тәрізді...

лары ның, мектептерінің қайта жөндеуден 

өткізілуі ауылдың ажарын аша түседі. Бұл 

– өте жақсы нәрсе. Яғни олардың тойының 

өткізілуі туған жерлеріне де оң әсер етеді. 

Жоқ нәрсені іздеп тырысудың да қажеті 

жоқ. Тек бүгінгі күні мерейтой кезінде 

атқарылып жатқан іс-шаралардың өз 

дәрежесінде іске асырылуын қолдауымыз 

қажет.  


Дайындаған

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Аталмыш той Украинаның көптеген қа-

ласын қамтып, жергілікті шығармашылық 

адамдары мен зиялы қауым өкілдері, 

сырт 

тан келген қонақтар бірлесіп, сол 



өлкелердің тұрғындарымен талай қызықты 

кездесулер өткізді. Бұл тойдың қатысушы-

ларға бергені мол болды. Рас, бізде де 

талай той өтіп жатыр. Оның әрқайсы сы на 

тоқталып, артық-кем өтті деп айтпай-ақ 

қояйын. Бірақ сол тойларға қарап, біз дің 

елімізде той өткізудің жаңаша қалпын қа-

лыптастыратын уақыт жеткен-ау деп ой лап 

қалатыным жасырын емес. Енді, міне, 

Қарағандыда Қасым ағамыздың тойы 

өткі зілгелі жатыр. Мені ерекше қуантып 

тұр ғаны – той алдында Қасымға арналған 

ескерткіштің бой көтеруі. Сондай-ақ Қасым 

аллеясының ашылуы да жаныма қуаныш 

сыйлап тұр. Өйткені мұндай игі істің қай-

қайсысының да келешек  ұрпаққа қалар 

мұра екені даусыз, тұлғаның даңқын ас-

қақ тата түсетіні хақ. Әрбір той өткізілуі 

кезінде ұйымдастырушылар кейінге естелік 

ретінде қалатын осындай шаралардың ат-

қа рылуын қолға алса, дұрыс болар еді. 

Айта кетер жайт, осы тойдың аясында Қа-

сым Аманжоловтың академиялық жинағы 

шығуы керек еді. Мұндай істер тойдың 

абыройын асқақтата түсері сөзсіз. Сондай-

ақ Мұқағали ағамыздың мерейто йы кеше 

туған жері – Қарасазда өтті. Қасымның да 

негізгі тойы Қарқаралыда өтейін деп тұр. 

Артынан Алматыда қорытынды жиыны 

ғана өтеді. Осыған орай айтайын дегенім, 

Махамбеттің тойы батыс өңірінде, Абайдың 

тойы Семейде, Мұқағалидың тойы 

Райымбек ауданында өте беретін болса, 

бәрімізге ортақ құндылық саналатын 

тұлғаларымызды меншіктеп алғандай 

болатын секілдіміз. Сондықтан бір күнді 

республика бойынша Қасым күні немесе 

Абай күні деп жариялаудың маңызы зор 

болар еді. Әрбір қаламызда мектеп терден 

бастап ЖОО-ға дейін дәл осы күні тұлғаның 

мерейтойына өз үлесін қосып жатса, 

керемет болар еді. Бұған бәлендей көп 

қаржы да кетпейді. Тек ұйымдастыра білу 

керек.


Той деген дабырлап барып, ішіп-жеп 

кететін жиын болмауы қажет. Осы орайда 

той өткен соң олардың әрқайсысына баға 

бе рілгені жөн дер едім. Ең бастысы, той 

өт кізу кезінде тұлғаларымызды жаңа ұр-

пақ тың бойында қалай қалыптастыруды 

ой  ластыруымыз қажет. Негізі, тойды өткізу-

дің формаларын әртүрлі қылып жетілдіруге 

болады. Тек соның пайдалырағын таңдай 

білсек болғаны. Өйткені той өткіземіз деп, 

кейде үлкен тұлғаларымызды бәсекелес-

тікке салынып, кішірейтіп ала жаздаймыз. 

Осыдан аулақ болсақ екен.     

Қазақтың ауыз әдебиетін әлемдік дең-

гейге көтерген қазақ ақындарының бірі 

Қасым Аманжолов екені анық. Сондықтан 

Қасым ақынның 100 жылдығын ұрпақтары 

қалай атап өтіп жатқаны – маңызды мә-

селе. Себебі Қасым шығармашылығы – 

өткен дә уір дің ғана жәдігері емес, дәл бү-

гін гі ұр пақ қа да қажет болып отырған нәрлі 

сусын. Бір кездері бүтіндей қазақ жастарына 

қай 

рат берген, жігер дарытқан ақын 



шығар ма шылығы  қазіргі  замандастары-

мыз 


ды да қанаттандыруға жетерліктей 

қуат ты. Ен деше, ақын Қасымның мерей то-

йын қалай ұлық тасақ та жарасатын шы-

ғар. 


Қасымның ұлтына, туған жеріне деген 

ыстық махаббатының бір себебі саяхаттан, 

тоқтаусыз жол жүруден туындаған бо лар. 

Жастайынан жетім қалып, ата-анасы ның, 

отбасының қызығынан құр қалған кіш-

кентай Қасым 13 жасында үйінен білім 

іздеу ге аттанып, содан кейінгі бар өмірін ел 

мен жерді аралаумен өткізеді деуге бола-

ды. Киелі қазақ жерінде Қасым танымайтын 

то пырақ жоқ деседі көзін көргендер. Өмір-

баянына көз жүгіртсек, оны-мұны сапар-

ларын айтпағанның өзінде, қоныс еткен 

қа лаларының өзі біршама екен. 

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды 

облысының Қарқаралы ауданындағы Қы-

зыл деген жерде дүниеге келеді. Алғашқы 

сапары 13 жасында басталады. Қасым 

білім алу үшін Семей қаласына аттанады. 

Үш жыл дық интернатты тамамдаған соң, 

Семей малдәрі герлік техникумында оқиды. 

Осылайша бас-аяғы алты жылдан кейін, 

1930 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл 

жас» газетінде жұмыс істейді. Алматыда 

бір жылдай ғана тұрақтаған ол 1931 жылы 

Ленинградқа кетеді. Онда орман 

шаруашылығы  институ ты на  түсіп,  оқуын 

жалғастырады. Бірақ ден 

саулығына 

байланысты және түскен оқуын да онша 

ұната қоймағандықтан, бірер жылдан 

кейін елге оралып, Орал қаласындағы 

«Екпінді құрылыс» газетіне қызметке 

орналасады. Әншілік, әртістік өнерге бейім, 

домбыра, мандолин бастаған бір сыпыра 

музыкалық аспаптарда еркін ой 

найтын 


ақкөңіл, жайсаң жанды «ерке Қа сым ның» 

Оралда болған, әсіресе 1935-1936 

жылдары Оралдағы қазақ театрын да ғы 

қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қы-

зықты, қымбат шағы болып қалады. Ақын 

1941 жылы әскер қатарына шақыры ла ды.  

Ұлы Отан соғысының 1941-1943 жыл да-

рында Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 

жылы батыстағы майданға ауыстыры лады

содан соғыс аяқталғанға дейін «қан ды 

қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» бо ла-

ды. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал