Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Эльбрус тедеев, Украинаның



жүктеу 0.6 Mb.

бет6/6
Дата05.06.2017
өлшемі0.6 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жалпы есірткі тасымалы мен 

саудасы қазір қандай деңгейде? 

– Әрине, есірткі саудасы, өндірісі, тасы-

малы жайлы сөз еткенде, ең алдымен ау-

зы мызға Ауғанстан оралады. Бүгінгі таңда 

Ауғанстандағы героин, апиын, басқа есірткі 

өндірісін жою мүмкін болмай отыр. Оның 

зардабы тек бір елге емес, әлем елдеріне 

тиіп жатыр. Сондай-ақ соңғы уақытта атал-

ған елде гашиштің көп себілуі байқалады. 

Сондықтан бұл мәселені бір сөзбен өте 

күрделі деп айтуға болады. 

– Ауғанстандағы есірткі 

өндірісін, саудасын тоқтатуға не 

кедергі, сіздің ойыңызша?

– Ауғанстанда есірткі айналымын тіз-

гіндеуге ең алдымен парақорлық, жем қор-

лық сынды теріс әрекеттер кедергі келтіріп 

отыр. 2010 жылдың 19 қаңтарында 

UNODC-тың Ауғанстандағы есірткі қыл-

мысына қатысты баяндамасы жария етілді. 

Онда Ауғанстанның заңының орындалуын 

қадағалайтын құзырлы орындары пара алу 

арқылы заңсыздыққа жол беріп жатқанды-

ғы айтылды. Бұлардың қатарына полицей-

лер, соттар және Үкіметтің жауапты қызмет-

керлері жатады. Баяндама авторлары 

Ау ғанс тан Президентін жемқорлық пен 

парақорлыққа қарсы күресті күшейтуге 

шақырды. UNODC-тың аталған баяндамасы 

Ауғанстанның 12 провинциясында және 

1,6 мың ауылдық жерлерінде жүргізілген 

сауалнама нәтижесінде әзірленген. 

UNODC- тың бұрынғы атқарушы директоры 

Антонио Мариа Костаның айтуынша, Ау-

ғанс тан Ислам Республикасының тұрғын-

дары ауған қоғамындағы ең басты мәселе 

– парақорлық деп есептейді. Аталған 

құжатта халықтың 59 пайызы шындықтың 

жоқтығына алаңдаулы екендігі жазылған. 

Костаның сөзіне қарағанда, Ауғанстанда 

әрбір қызмет көрсету үшін пара беру қажет 

екен. Коста Ауғанстандағы парақорлықты 

қоғамды іштен жеп бара жатқан оба 

ауруына ұқсатты. Оның сөзіне қарағанда, 

бұл ауруды тек сауықтыру ғана емес, хирур-

гиялық жолмен де емдеу қажет. Ал БҰҰ-

ның есептеуінше, Ауғанстанда парақор-

лық тың жоғары болуы есірткі айналымының 

жоғары болуына және терроризмнің кең 

қанат жаюына әсер етіп жатыр. 

– Жақында БҰҰ есірткі және 

қылмыс жөніндегі басқармасы 

Ауғанстанда апиын шығымдылығы 

төмен екенін, мұндай жағдай соңғы 

жеті жылда болып көрген емес деп 

мәлімдеді. Жалпы апиын шығым-

ды лығының төменділігін немен 

байланыстыруға болады? Бұл оған 

қарсы жүргізіліп жатқан шаралар-

дың нәтижесі ме, әлде есірткіге 

сұраныстың азайғанының 

көрсеткіші ме? 

– Бір сөзбен айтқанда, Ауғанстандағы 

есірткі бағасы, оны өндіру көлемі елдің ішкі 

жағдайымен және есірткіге сұраныс, ұсы-

ныс пен тікелей байланысты дер едім. Мә-

се лен, соңғы төрт жылда осы елде апиын-

ның бағасы екі есеге дейін төмендеді. Егер 

2006 жылы онда шикі апиынның бір келісі 

100 доллар көлемінде тұрса, 2009 жылы 

оның бағасы 50 долларды құрады. Құрғақ 

апиын 2006 жылы 120, 2009 жылы 64 

долларға арзандады. Сонымен бірге басқа 

есірткі түрлерінің де бағасы арзандап 

отырғаны байқалады. Осы жылы Ауғанс-

танда апиын өндіру көлемінің азайуымен 

қатар, құрғақ апиын мен героинның бағасы 

қымбаттағаны байқалады. Ағымдағы 

жылдың сәуір айында құрғақ апиынның 

бір келісінің бағасы 100 долларға жетті. Ал 

гашишке келер болсақ, қазіргі күні 

Ауғанстанда бұл есірткі түріне сұраныс та, 

ұсыныс та жоғары болып тұр. UNODC-тың 

мәліметіне қарағанда, гашиштің бір келісі 

оның сапасына байланысты орташа есеп-

пен 20-дан 58 долларды құрады. Демек, 

мұнан шығатын қорытынды, халықаралық 

ұйымдар есірткіге қарсы күресті мықтап 

қолға алған. 



– Ал енді елдегі жағдайды сөз 

етсек, жуырда Алматыда Шанхай 

ынтымақтастық ұйымы аймақтық 

лаңкестікке қарсы құрылым 

орталығымен өзара келісімшартқа 

қол қойдыңыздар. Бұл 

келісімшарттың қаншалықты 

маңызы бар?

– Бұрынғы уақыттарда біз бұл орталық-

пен тек қана қажетті кезде, белгілі бір 

уақыттарда ғана мәлімет алмасатынбыз. 

Ендігі күннен бастап, қол қойғаннан кейін 

біз үнемі өзара байланысты болып, тұрақты 

түрде бірлесіп жұмыс істейтін боламыз. 

Мәселен, егер бізде терроризмді қаржы-

лан дыруға немесе оны қолдауға қатысты 

ақпарттар болатын болса, дереу оны 

лаңкестікке қарсы орталыққа хабарлаймыз 

және бірлесіп қимыл жасаймыз. Егер қан-

дай да бір лаңкестік қауіп төніп тұрғаны 

белгілі болса, лаңкестікке қарсы орталық 

дереу мемлекеттерге мәлімет таратады. 

Сонымен бірге, аталған келісімшарттың 

маңызды болатын себебі, ШЫҰ-ға кіретін 

Қытайдан өзге елдердің барлығы ақпарат-

тық үйлестіру орталығына мүше болып 

табылады. 



– Сонда Қытаймен есірткі 

айналымына қарсы күрес 

бағытында өзара ортақ жұмыстар 

жолға қойылмаған ба?

– Бұлай айтуға болмайды, біз Қытаймен 

де осы бағытта тығыз қарым-қатынаста 

жұмыс істеп жатырмыз. Құқық қорғау, 

атал ған елдің басқа да арнайы қызмет тері-

мен әріптестік байланыстар жолға қойыл-

ған. Менің ойымша, жақын күндерде Қы-

тай да бұл орталыққа мүшелікке кіруге 

келісім береді. Себебі күн өткен сайын 

ұйымның қызметі кеңейіп, жұмыс ауқымы 

артуда. Мәселен, ақпараттық үйлестіру 

орталығына кіретін жеті елден басқа орта-

лықта он бір мемлекет бақылаушы міндетін 

атқарып отыр. Олардың қатарында Түркия, 

АҚШ, Финляндия, Франция, Германия 

сынды республикалар бар. Мен бүгінде 

«біздің орталық алдына қойған міндеттері 

мен мақсаттарын толық орындап жатыр» 

деп нық сеніммен айта аламын. Енді ШЫҰ 

аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым 

орталығымен бірлесіп қимылдауға қатысты 

келісімшартқа қол қойғаннан кейін жұмы-

сымыз тіпті күшейе түседі деген ойдамын. 

Біз біріншіден, терроризмге, екіншіден, 

есірткі бизнесіне қарсы күрес жүргіземіз. 

Жұмыс негізінен осы екі бағыт бойынша 

атқарылады. 

– Нақтылап кетсеңіз, аталған 

келісімшарт арқылы бірінші кезекте 

қандай бірлескен шараларды қолға 

аласыздар?

– Мен сұрағыңызға былай жауап бергім 

келеді, терроризмге, экстремизмге, сепара-

тизмге және есірткі агрессиясына қарсы 

тұру адамзат баласының ортақ міндеті 

болып табылады. Бұл індетке қарсы мемле-

кеттер, ұйымдар тек бірігіп қимылдағанда 

ғана нәтиже шығатынын заманның өзі 

көрсетіп отыр. Аталған келісімшарт бізді 

жаңа жетістіктер мен табыстарға жеткізеді 

деп ойлаймын. Әрине, лаңкестердің өз 

әрекетін қашан жасайтынын алдын ала 

ешкім білмейді. Сондықтан лаңкестікке 

қарсы жұмыстарды белгілі бір кезеңдерге, 

операцияларға бөліп тастауға болмайды. 

Қажетті шаралар кез келген уақытта, кез 

кел ген жерде ұйымдастырылуы мүмкін. 

Мәселен, бізде терроризм қаупіне байла-

нысты қандай да бір ақпарат болатын 

болса, ол ақпарттарды комитетке беріп, де-

реу арнайы шара әзірлейміз. Сондай-ақ 

комитет біздің мемлекетте және ұйымға 

мүше елдерде қандай да бір есірткі каналы 

анықталса, бізге хабарлайды. 



 – Қазақстан үшін Шу алқабына 

себілген қара сора үлкен қауіп 

төндіріп тұр? Мұндағы жағдайды 

баяндап кетсеңіз?

– Шудағы 150 мың шаршы метр есірткі 

алқабы бізге қауіп төндіріп тұрғаны рас. 

Бүгінде әлем елдері Ауғанстандағы есірткіге 

қатты алаңдаушылық білдіріп, өз іштерін-

дегі жағдайға онша көңіл бөлмейді. Шу 

алқабы туралы да осыны айтуға болады. 

Дегенмен соңғы Жарлыққа байланысты 

есірткіге қарсы күрес жұмыстары Ішкі істер 

министрлігінде бекітілді. Қазір министрлікте 

есірткіге қарсы күрес ұйымдары мен 

бөлімдері көбейіп, ондағы қызметкерлер-

дің саны артып отыр. Демек, бізде есірткіге 

қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр деп айту-

ға болады. 

– Статистикалық мәліметтерге 

қарағанда, Қазақстанда есірткі 

қолданушылар қатары жасарып 

барады. Бұл туралы не айтасыз?

– Ресми мәліметтерге қарағанда, жыл 

сайын Қазақстанда есірткіге тәуелді 50 

мыңнан астам адам тіркеледі екен. Ең сора-

қысы, олардың дені – жастар. Менің ойым-

ша, соңғы жылдары есірткіге тәуелді жас-

тардың қатары тіптен артып бара жатқан 

сияқты. Мәселен, «елдегі түнгі клуб, басқа 

да көңіл көтеретін орталықтарда тегін есірт-

кі тарата ды» дегенді естиміз. Бұған қарсы 

мемле кет тік органдар мықтап жұмыс істеуі 

қа жет. 


– Есірткіге тәуелді жастардың 

санын азайту үшін не істеу керек 

деп ойлайсыз?

– Бұл індетпен күресетін мемлекеттің 

арнайы саясаты болуы керек. Мәселен, 

Ішкі істер министрлігі нашақорлықпен 

айна лысатындарды ұстап қамайды, ал 

олар біраз уақыттан кейін босап шығып, 

қайта осы іспен айналысады. Яғни, мемле-

кеттік органдар өзара бірлесіп қимылдауы 

керек. Есірткі айналымына қарсы тек бір 

органның күші жеткіліксіз, мұнда мәдениет, 

денсаулық салалары және басқа да меке-

мелердің үлкен күші керек. 



– Есірткі тасымалы терроризмге 

алып келеді дегенді айттыңыз. Біздің 

елде терроризм қаупі бар ма?

– Жоқ. Ондай қауіп жоқ. Біздің басшы-

ларымыздың жүргізіп отырған тиімді сая-

сатының арқасында бізге терроризм қаупі 

төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ біз лаңкестікке 

қарсы жұмыстарды тоқтатпауымыз керек.



– Әңгімеңізге рақмет!

 Сұхбаттасқан

Нұрмұхаммед МАМЫРБЕКОВ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№189 (415) 2.11.2010 жыл, сейсенбі



www.alashainasy.kz

7

e-mail: info@alashainasy.kz

 

? Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Б I Л Г I М   К Е Л Г Е Н   Б I Р   С Џ Р А Ћ

Азиаданы үйімдегі көк жәшіктен көре аламын ба? Ел чемпиондары мен жүлдегерлері



Мен шалғайдағы ауылды жерде тұрамын. Сондықтан не Алматыға, не 

Астанаға барып, VІІ қысқы Азия ойындарын көзбе-көз көруге мүмкіндік болмай 

тұр. Ендігі бар үмітім – төргі үйдегі көк жәшікте. Осынау дүбірлі доданы қай 

телеарна арқылы толық көруге болады?

 Аманжол БЕКАРЫСОВ, БҚО, Тайпақ ауылы

Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін VІІ 

қыс қы  Азия  ойындарының  ұйым дас ты ру  жә-

не  өткізу  комитетінің  ди рек ция сы мен  ха бар-

ластық. Олардың берген мәлі метіне сүйенсек, 

қазақ жерінде алғаш рет өтетін Азия ойын-

дарынан тікелей және жазып алып репор таж-

дар ұйым дас ты руды еліміздің белді үш 

арнасы өз мін де тіне алып отыр. Олар: «Қазақ-

стан» ұлт тық арнасы, «Хабар» және «Еларна». 

Бұлардың әрқайсысы спорттың төрт түрінен 

репортаж жүргізетін болады. Яғни тепе-тең 

бөліп алған. Ал негізгі тү 

сі 


рі 

лімдерді 

шетелдерге тарату құқына Азия олим-

пиадалық одағының шешімімен оңтүс-

тіккореялық «Сань Йон» компаниясы ие 

болыпты. Сондықтан уайымдамаңыз, Азия 

ойын дарының толық нұсқасын алаң сыз үйі-

ңізде отырып-ақ, тамашалауыңызға бо лады. 

Тек газет беттерінде жарияланатын теле бағ-

дар лама кестесін сатып алсаңыз болғаны.



Футболдан Қазақстан чемпионатының премьер-лигадағы соңғы ойын-

дары шектен тыс қызықты өтуде. Қайсысы чемпион болар екен деп, ты қыр-

шып жүрміз. Достарыммен бұған дейін чемпион болған клубтарды тізіп 

шығып едік, біраз шатастық. Ел чемпиондарын атап шықсаңыздар екен.

Әлібек САДАҚБАЕВ, Ақтау қаласы

Біз сіз үшін ел чемпионатының бар-

лық жүлдегерлерінің тізімін беріп отыр -

мыз. Бірінші жазылғандар чем пион да, 

одан кейінгілер – күміс және қо ла жүл-

де герлер: 



1992 жыл: «Қайрат» (Алматы), «СКИФ-

Арсенал» (Шымкент), «Трактор» (Пав ло-

дар)

1993 жыл: «Аңсат» (Павлодар), «Ба-

тыр» (Екібастұз), «Горняк» (Хромтау)



1994 жыл: «Елімай» (Семей), «Аң сат», 

«Жігер» (Шымкент)



1995 жыл: «Елімай», «Тараз», «Шах тер» 

(Қарағанды)



1996 жыл: «Тараз», «Ертіс» (Пав ло дар), 

«Елімай»


1997 жыл: «Ертіс», «Тараз», «Қай рат»

1998 жыл: «Елімай», «Батыр», «Ертіс»

1999 жыл: «Ертіс-Бастау», «Аксесс-Есіл» 

(Петропавл), «Қайрат»



2000 жыл: «Жеңіс» (Астана), «Ак сесс-

Голден Грейн» (Петропавл), «Ертіс»

ДОДА

КҮРЕС


ВО

ЛЕЙБО


Л

БОКС


ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Жапонияда волейболдан 

әйелдер арасындағы 2010 

жылғы әлем чемпионаты 

басталып, алғашқы 

сатысындағы топтық 

ойындар бел ортасынан ауды.

Алматыда еліміздің 

танымал спортшыларына 

«Нұр Отан» ХДП-ның 

партиялық билеттерін сал та-

нат ты табыс ету рәсімі өтті. 

Үш мәрте 

сүріндік

Балуандар 

партияға өтті

Алматыда волейболдан 

ерлер арасындағы 2010 жылғы 

Қазақстан кубогының ақтық 

ойындары аяқталды. Екі күнгі 

тартысты додада «Атырау» 

клубының асығы алшысынан 

түсті.

Ел кубогын 

«Атырау» алды

Жартылай финалда Атыраудың өзі 

аттас клубы ширек финалдық додада бі-

рін ші орын алған «ТНК Қазхром» (Хром-

тау) клубымен кездесіп, өте шиеленісті 

өткен матчта 3:2 (25:20, 16:25, 26:24, 

21:25, 17:15) есебімен жеңіске жетті. 

Екінші жұпта Петропавлдың «Есілі» Орал-

дың «Конденсатын» 3:1 (25:19, 27:25, 

20:25, 25:19) есебімен тізерлетті.

Финалда «Атырау» тағы да тер төгіп, 

«Есілді» 3:2 (25:22, 24:26, 26:24, 20:25, 

15:9) есебімен ұтты да, ел кубогының 

иеге рі атанды. Ал үшінші орын үшін өткен 

шек тен тыс тартысты матчта «Конденсат» 

хром таулықтарды 3:2 (25:21, 33:35, 

26:28, 25:15, 15:9) есебімен ұтты.

ҚР волейбол федерациясы ақтық 

ойын дардан соң осы матчтардағы әр ко-

ман даның ең үздік ойыншыларын атады. 

«Атырау» сапынан Владимир Пономарев, 

«Есіл» құрамынан Родион Шмиль үздік 

таныл са, «Конденсаттан» Қайрат Байбеков, 

ал «ТНК Қазхромнан» Алексей Андреев 

тең дессіз ойыншылар ретінде аталды.

Айқын ЖАППАР

Қарағандыда Қазақстан бокс 

федерациясы  кубо гы ның  соңғы 

ширек финал дық кездесуі өтіп, 

кеншілер қаласының құрама ко-

ман дасы  Қостанай  бокс шы ла ры-

нан 5,5:4,5 есебімен басым түсті.

Қарағанды 

Қостанайды 

құзға жықты

Бұл кеште рингке бес елдің боксшылары 

шықты. Қарағанды облысы өз құрамын 

Өзбекстан жігіттерімен нығайтып (Нозим-

жан Собиров және Атабек Ибрагимов), 

аса ауыр салмақта Беларусь боксшысына 

иек арты. Қостанай да олардан қалысқан 

жоқ. Ауыр салмақтарда Украина құра ма-

сының үш боксшысына (Роман Капи то-

ненко, Александр Усик, Иван Сенай), ал 

екінші жеңіл салмақта Ресей жігітіне сенім 

артты. Бұларға өзіміздің боксшы ла ры мыз-

ды қоссаңыз, Қарағанды шаршы ала ңын-

дағы айқастардың қаншалықты тартысты 

өткендігін аңғаруға болады. Себебі осы 

кеште шаршы алаңға шыққан бокс шы лар-

дың арасында жоғарыда аталған елдердің 

кейбіреулерінің чемпиондары, әлем 

чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа 

чемпионы және басқа да халықаралық 

турнирлердің жеңімпаздары мен жүл-

дегерлері шықты. Бірақ кезек ауыр сал-

мақ тағы легионерлерге жеткенше, кездесу 

тағдыры  негізінен  өз  бокс шы ла рымыз 

арасындағы жекпе-жектерде шешілді. 

«Солтүстік» дивизион, 1/4 финалы

Қарағанды – Қостанай – 5,5:4,5

(жалпы есеп – 16:13)

49 келі:

 Теміртас Жүсіпов – Мардан 

Берікбаев – 5:2

52 келі:

 Олжас Сәттібаев – Евгений 

Гусев – 9:2

56 келі:

 Мұхит Амантаев – Миржан 

Рақымжанов – 6:6

60 келі:

 Айдар Әмірзақов – Андрей 

Пальник – 5:1

64 келі:

 Думан Сүлейменов – Әділет 

Егізеков – 3:9

69 келі:

 Нозимжан Собиров – Шоқан 

Төребаев – 8:4

75 келі:

 Әліби Нұрматов – Антон 

Пинчук – 9:1 

81 келі:

 Атабек Ибрагимов – Иван 

Сенай – 1:9 

91 келі:

 Алексей Севостьянов – 

Александр Усик – 1:10 (айқын 

басымдықпен) 



+91 келі:

 Юрий Быховцев – Роман 

Капитоненко – 1:9 

Жартылай финал

13 қараша, Шымкент: Оңтүстік 

Қазақстан – Маңғыстау

27 қараша, Астана: Астана – 

Қарағанды

Финал

 16 желтоқсан, Астана: ? – ?



Әлихан ЖАППАР

Бүкіләлемдік әуе доп додасында бақ 

сынап жатқан Қазақстан құрамасының 

қыздары үш ойын өткізіп, үшеуінде де 

жеңі лістің кермек дәмін татты. Әуелі неміс 

қыз дарымен додаға түскен-ді. Бұл матчта 

біздің қыздар бірінші сетте ғана терезесі 

тең дәрежеде ойнап, қалған екі сетте екпін 

алған неміс қыздарына төтеп бере алмай 

қалды.


Одан соң Таиланд құрамасымен кез-

десіп, біраз тайталасты. Десек те, бір кез-

дері өздері ұтып жүрген тай қыздарын тай-

сақ тата алмады. Бұдан соң өздері сияқты 

алғашқы екі ойында жеңіліске ұшыраған 

Куба қыздарымен кездесті. Осы матчта 

жеңіске жетуге болушы еді. Алайда Нелли 

Щербакова жаттықтыратын аруларымыз 

матчты жоғары қарқында бастаған да ры-

мен, ойын аяғына дейін сол деңгейде өнер 

көрсете алмады. Бірде құйындай орап 

соғып, бірде кежегелері кейін тартып, 

қате ліктер жіберіп қойып, бұл кездесуде де 

ұтылып қалды. Баз-базында қыздарымыз 

абдырып та қалатындай. Ойын өрнектері 

әлі де үйлеспей жүргендей... 

Біздің құрама бақ сынайтын «С» то-

бын да әзірше 6 ұпаймен АҚШ арулары топ 

бастап келеді. Олар үш ойында да жеңіске 

жетті. Одан соң – Таиланд және Германия 

қыздары. Бұлар екі рет жеңіске жетіп, бір 

рет ұтылды. Керісінше, бір рет жеңіске 

жетіп, екі мәрте ұтылған Куба және Хор ва-

тия қыздары «С» тобында төртінші-бесінші 

орындарды бөлісіп тұр. Біздің қыздар – 3 

ұпаймен көш соңында. «Бәлкім, хорват 

қыздарын ұтар» деген үміттеміз. 

Қазақстан – Германия – 0:3 (21:25, 

14:25, 16:25)



Қазақстан – Таиланд – 1:3 (16:25, 

18:25, 25:20, 16:25)



Қазақстан – Куба – 2:3 (25:20, 15:25, 

25:27, 25:23, 10:15)



Айқын ЖАППАР

Бұл шараға «Нұр Отан» ХДП саяси 

кеңесінің мүшесі Дәулет Тұрлыханов, ҚР 

Туризм және спорт министрлігінің аппарат 

бас шысы Әлішер Пірімбетов, аталмыш 

пар тияның хатшысы Сергей Громов қатыс-

ты. Еліміздегі беделді партияның қатарына 

100-ден астам балуан қабылданды. 

Сонымен қатар ҚР күрес федерациясының 

президенті Абай Садықов та партия билетін 

алды. «Нұр Отан» ХДП қатарына өткендер 

арасында жас балуандар көп болды. Атап 

айтар болсақ, олардың арасында биыл 

Мәскеуде өткен әлем чемпионатының 

қола жүлдегері Алмат Кебісбаев, жастар 

ара сындағы әлем чемпионы Артур Үмбет-

қалиев және ұлттық құраманың бапкерлер 

құрамы бар. 



Тоғызқұмалақтан

әлем чемпионаты басталды

ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Мәселен, бүгін Астанада тоғыз құ ма-

лақ тан тұңғыш әлем біріншілігі басталды. 

Осы біріншілікке қатысу үшін 16 мем-

лекеттен ойыншылар келді. Арасында 

сонау Антигуа-Барбуда аралының да 

ойын шылары бар. Олар да бас бәйгеден 

дәмелі. Сол Антигуа-Барбуда мемлекетінің 

өкілі сізге келіп: «Тоғызқұмалақ ойнау 

білесіз бе?» деп сұрап қалса, тоғыз құ-

малақтың тақтасын өмірі ұстап көрмеген 

сіз не деп жауап берер едіңіз? Ендеше 

ақыл-ойын ұштап, кемелденуге жетелейтін 

осындай ұлттық ойынын Алаш баласының 

да жетік біліп, дәріптей алғаны абзал 

болар. Сондықтан бүгінгі тұңғыш әлем 

чем пионатын сол төл ойынымызды ешкім 

өзіне меншіктеп алмай тұрғанда ертерек 

қолға алынған игі мақсаттағы сүйінішті 

қадам деп бағаладық. Себебі барымызды 

дәріптей алмай жүргендігімізден, біраз 

сыбағамыз шетелдіктер арқылы патенттеліп 

жатқаны да ащы шындық. Осы тұрғыдан 

алғанда, өздерінде өзгеше ойнағанымен, 

Қазақстанға келіп әлем чемпионатында 

қазақтың ережесі бойынша жарысатын 

Антигуа-Барбуда, Испания, Швейцария, 

Чехия, Украина, Мысырыңыз ертеңгі күні 

БОК


С

«Арландар» стамбулдықтарды ойсырата ұтты

Дәл қазір Алматыда 

АІВА (Халықаралық бокс 

федерациясы) конгресі 

өтуде. Бұл жиынның 

маңы зы ерекше. Өйткені 

мұнда АІВА президенті 

сайланады. 

Әзірше бізге белгілісі, қазіргі АІВА пре-

зи денті өз кандидатурасын қайта ұсынып 

отырған көрінеді. Одан басқа пре зи дент-

тіктен үміткерлер болса, конгресс өтетін 

күні қосымша жарияланады. Конгресс бас-

талмас бұрын бес құрлықтан келген 400 

делегат конфедерацияларға бөлініп, өзінің 

ішкі жиындарын өткізді. Онда әр феде ра-

ция конгреске қатысатын өз делегаттарын 

анықтады. Бір айта кетерлігі, бұл бас қо су-

ла р да тек конфедерациялардың ішкі мәсе-

ле лері талқыланғандықтан, олардың бәрі 

де жабық есік жағдайында өтті. Ешқандай 

БАҚ өкілдері қатысқан жоқ. Ал әр кон фе-

де рацияда қандай мәселелер талқы лан-

ған дығы АІВА конгресі аяқталғаннан кейін 

ғана жарияланады. Нақтырақ айтқанда, 3 

қараша күні әр конфедерация жеке-жеке 

бас пасөз мәслихатын өткізетін болады. 

Алқалы басқосуларға жиналғандар 

қыс қы Азия ойындарына қарсы қайта құ-

ры лымдаудан өткен Алматыдағы «Балуан 

Шолақ» атындағы спорт кешенінде, жек-

сен бінің кешінде бокс кешін тамашалады. 

АІВА-ның тың жобасы WSB бүкіләлемдік 

бокс сериясының таныстырылымдық жек-

пе-жектері өтті. Шаршы алаң бәсекесін 

АІВА пре зиденті Чин Ко Ву мырза құттықтау 

сөз бен ашып, бұл жобаның болашағы зор 

екен дігіне тоқтала кетті. Ол өз сөзінде: «Біз 

үлкен спорттан қол үзіп, қолғабын шегеге 

ілген былғары қолғап шеберлеріне екінші 

мәрте мүмкіндік беріп отырмыз. Сонымен 

қатар бүкіләлемдік бокс сериясының жеке-

лей есептегі айқастарында жеңіске жеткен 

бокс шылар Лондон Олимпиадасының 

лицен зиясына қол жеткізеді. Бұрын-соңды 

мұндай тың жоба бірде-бір басқа олим-

пиа далық спорт түрінде болған емес. Біз 

бірінші болып жүзеге асырмақшымыз. Үш 

құр лықтан 12 команда қатысады. Сонымен 

іске сәт», – деді. 

Бұл әуесқой және кәсіпқой бокс ара-

сын 

дағы жаңа үлгідегі жекпе-жектер 



болды. АІВА-ның осы жобаны ұсы ну шы-

лары 100 федерация өкілдеріне WSB жай-

лы өз идеялары мен түсініктемелерін жет-

кі зіп, соның бәрін іс жүзінде шаршы 

алаң дағы жекпе-жектер арқылы көрсетуге 

тырысты. Бұл жобадан кімнің қандай ойда 

екені де белгісіз, әзірше.

WSB-ның таныстырылымдық кезде-

суін де қазақстандық Astana arlans клу-

бының боксшылары түріктің Istanbulls 

клубының жігіттерімен кездесті. WSB 

бәсекелері бес салмақ дәрежесінде өте тін-

дігін бұған дейін жазғанбыз. Әрі әрбір 

жек пе-жек үш минуттан бес раундқа со зы-

ла ды. 

54 келі салмақ дәрежесіндегі жекпе-



жек те ел намысын Бағдат Әлімбеков қор-

ғады. Ол Абуллах Дүрсінмен қолғап түйіс-

тір ді. Екеуара жекпе-жек бір қалыпты 

жағ 


дайда өтіп, 50:45, 49:46, 50:45 

есебімен жеңіс ке жерлесіміз жетті.

61 келіге дейінгі салмақта Ержан Муса-

фи  ров  бірінші  раундта-ақ  қарсыласын 

соқ қының астына алды. Нағыз кәсіп қой-

лар  ға тән жекпе-жек өткізген Ержанның 

ше бер лігіне  жиналғандар  ризашылықпен 

қол соқты. Ержан өз қарсыласын бұрыш-

тан-бұрышқа тығып, бас-көз демей, соқ-

қы  ның астына алғанда, түрік боксшысының 

бап кері шыдай алмай, рингке орамал лақ-

ты рып, өз шәкіртін осылай арашалап ал-

ды.

Бұдан кейін қазақстандық клуб сапын-



дағы ганалық легионер Максвелл Ампон-

сах түрік Ондер Озгюлмен айқасып, 

48:47, 47:47, 48:47 есебімен жеңіске 

жетті. 


91 келіден жоғары ең ауыр салмақта 

қазақстандық клубтың сербиялық легио-

нері Милутин Станкович Istanbulls клу бы-

ның марокколық легионері Мохамад 

Ард  жауимен айқасты. Бұл жекпе-жекте 

50:45, 48:47, 48:47 есебімен жеңіс Asta-

na arlans клубының боксшысына беріл ді.

Осылайша қазақстандық боксшылар 

5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан кейінгі айқасты жиналған жұрт-

шылық тағатсыздана күтті. Өйткені рингке 

Бей 


жің Олимпиадасының чемпионы 

Бақыт Сәр секбаев шығуы керек болатын. 

Оның қарсыласы – түрік Өнер Шипал. 

Екеуара жек 

пе-жек жанкүйерлердің 

айызын қандырмаса да, қазақстандық 

былғары қолғап шеберінің жеңісімен 

аяқталды. Есеп – 49:46, 49:46, 49:46. 

Кездесуден кейін тілдескенімізде 

Бақыт «Бұл – менің Бейжің шаршы 

алаңынан кейін гі алғашқы жекпе-жегім. 

Өзіме-өзім енді келген секілдімін. Аздап 

шаршап тұр мын», – деді.

«бұл ойын біздікі еді» деп талас қыла ал-

май  тын  болады. 

Жарыс алты күнге созылады. Мемле-

кет тік жаттықтырушы Мақсат Шотаев тың 

айтуынша, ойын екі жүйе бойынша 

жүрмек: «Біріншісі – классикалық, екіншісі 

– шапшаң ойнау жүйесі бойынша. 

Классикалық жүйеде әр ойыншыға бір 

ойынды бітіру үшін 1,5 сағаттан уақыт 

бері леді. Ал шапшаң ойында әр ойыншыға 

7 минуттан беріледі», – дейді ол. 

Туризм және спорт комитеті төраға сы-

ның орынбасары Мәдік Сапашевтың сөзіне 

сенсек, ойын жүйесінің шапшаң түрі теле-

арналарда тікелей эфирден көр се тілмек. Ал 

осынау жарыста ел намысын Ғалымжан 

Темірбаев, Айдос Сейітжанов, Батырхан 

Әбілбеков, Диана Кенина, Әсель Далиева, 

Салтанат Сапар бекова сынды тоғыз құ ма-

лақ шыларымыз қорғағалы отыр. 

Астана

Тоғызқұмалақ тақтасы 

әр қазақтың төрінде тұруы 

тиіс және әр қазақ оны 

ойнай білуі керек. Себебі 

қазақты әлемге танытатын 

интеллектуалдық 

ойынның бірі осы – 

тоғызқұмалақ. Ал сіз «Осы 

мен тоғызқұмалақ ойнау 

білем бе?» деп өзіңізге 

сұрақ қойып көрдіңіз бе?

Салтан СӘКЕН

Телжан КҮДЕРОВ

2001 жыл: «Жеңіс», «Атырау», «Есіл-

Бога тырь»  (Петропавл)



2002 жыл: «Ертіс», «Атырау», «Тобыл» 

(Қос танай)



2003 жыл: «Ертіс», «Тобыл», «Жеңіс»

2004 жыл: «Қайрат-Алматы ҚТЖ», «Ер-

тіс», «Тобыл»



2005 жыл: «Ақтөбе», «Тобыл», «Қайрат-

Алма ты  ҚТЖ»



2006 жыл: «Астана» (Астана), «Ақтөбе», 

«То был»


2007 жыл: «Ақтөбе», «Тобыл», «Шах-

тер»


2008 жыл: «Ақтөбе», «Тобыл», «Ертіс»

2009 жыл: «Ақтөбе», «Локомотив» 

(Астана), «Шахтер».

САМБО

Прагада (Чехия) самбодан 

ардагерлер арасындағы әлем 

чемпионаты аяқталды.

Ардагерлер 

жүлде алды

Аталмыш бүкіләлемдік біріншілікке 

қатысқан Қазақстан құрамасы туған елге 

олжалы оралды. 35-40 жас аралығындағы 

ауыр салмақ дәрежесінде белдескен 

Мүсілім Оңдағанов әлем чемпионы атан-

ды. Ол Прага боз кілемінде Ресей, Беларусь, 

Чехия балуандарын ұтып, финалды ағыл-

шын Майкл Хоффменді таза жеңді. Соны-

мен қатар Сергей Волобуев, Борис Төле ге-

нов сынды жерлестеріміз күміс медаль 

еншіледі. 



Телмұхамет ЗЕКЕН

Не айтасыз, Арти Сандлер есімді шетел азаматы 2007 жылы 

тоғызқұмалақтың электронды нұсқасын жасап шығарған көрі неді. Сондағы 

тоғызқұмалақтың ере жесінде «тұздық», «қазан» терминдері сол күйі қазақ 

тілінде жазылған. Тоғыз құ ма лақ ты интернеттен ойнағыңыз келсе,

www.iggamecenter.com

 сайтына кіріңіз.

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№189 (415) 2.11.2010 жыл, сейсенбі             



www.alashainasy.kz

8

e-mail: info@alashainasy.kz

ДУМАН

№189 (415) 2.11.2010 жыл, сейсенбі                



www.alashainasy.kz

8

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ



e-mail: info@alashainasy.kz

Ке

зекшi  ред



ак

тор – Нұрмұх

аммед МАМЫРБЕК

ОВ 


Республикалық қоғамдық-саяси  ақпараттық газет

Бас редактор  – Серiк ЖАНБОЛАТ 

Мұратқали ДҮЙСЕНБАЕВ  Бас ред

ак

тордың бiрiншi орынб



ас

ары


Мақсат ӘДIЛХАН  Бас ред

ак

тордың орынб



ас

ары


Айдын ҚАБ

А – ж


ау

апты х


атшы

Талға


т КIРШIБ

АЕВ  – 


ж

ау

апты х



атшының орынб

ас

ары



Нұрлыб

ай ИТЕКБ


АЕВ  – 

те

х.ред



ак

тор


Күләш НАҚЫПОВ

А – 


аға к

оррек


тор, т

ел.: 


388-80-76

Газе


т 2008 жылдың 17 қар

ашасынд


а ҚР Мәдение

т және ақпар

ат  

минис


трлiгiнде тiрк

елiп, бұқар

алық ақпар

ат құр


алын есепк

е қою 


тур

алы №9650-Г  к

уәлiгi берiлг

ен.


Ред

акция авт

орлар мақаласы мен ж

арнама мазмұнына ж

ау

ап 


бермейдi.

Авт


орлар қо

лж

азб



асы өңде

лмейдi және к

ерi қайт

арылмайды.

Көлемi екi к

омпью


терлiк бе

тт

ен (14 к



ег

ль) ас


атын ма

териалд


ар 

қабылд


анб

айды.


«Алаш айнасынд

а» ж


арияланған ма

териалд


ар мен с

уре


тт

ердi 


көшiрiп немесе өңдеп б

ас

у үшiн ред



акцияның ж

азб


аша рұқс

аты 


алынып, г

азе


тк

е сiлт


еме ж

ас

алуы мiнде



ттi.

Құрылтайшысы және меншiк 

иесi – «ТОЛҒАУ» ЖШС

Директор –  

Александр Филимонович АН

Тар


ат

у қызме


тi 

те

л.: 



8 (727) 388-80-88

Ж

арнама бөлімі



те

л.: 


8 (727) 388-81-00

Алма


ты  қаласы «Дәуiр» РПБК ЖШС 

Қалд


аяқов көшесi, 17-үй. Т

ел.: 


8 

(727) 273-12-04, 273-12-54

Тапсырыс – №1053

Ас

тана  қаласы «А



ст

ана-По


лигр

афия»,


Бр

усиловский көшесi, 87-үй. Т

ел.: 

8 

(7172) 37-05-59

Тапсырыс – №1657

Шымк

ент қаласы «Оңтүс



тiк по

лигр


афия» б

аспалар үйi» ЖШС

Байтұрсынұлы  көшесi, 18-үй. Т

ел.: 


8 

(7252) 30-03-30, 30-03-31

Тапсырыс – №11102 

 

 

 



   

Бағасы  к

елiсiмдi

Таралымы – 10 000 дана

Газе


т сейсенбi, сәрсенбi, бейсенбi, жұма, сенбi күндерi шығады.

«А

ла



ш а

йн

ас



ы» г

аз

ет



е ж


аз

ыл

у и



нд

екс


i: 6

42

59



Ре

да

кц



ия

ны

ң ме



ке

нж

ай



ы:

 

Ал



ма

ты

 қ



ал

ас

ы,05



00

51

, Б



ег

ал

ин



 кө

ш

ес



і, 1

48

/1 А



Те

ле

фо



н:

 8(



72

7)

38

8-8

0-

60

, ф


акс

8(



72

7)

38

8-8

0-

61

e-

m



ail

inf



o@

alashainas

y.

kz

Аймақтағы тiлшiлер:

Атыр


ау – Нарғыз ҒАБДУ

ЛЛИНА, т


ел.: 8702 5876587

Қар


ағанды – Серiк САҒЫНТ

АЙ, т


ел.: 8777 3909779

Ж

амбыл – Гүлж



ан КӨШЕРОВ

А, т


ел.: 8701 7711648

Қызылж


ар – Ерб

ақыт АМАНТ

АЙ, т

ел.: 8 705 4418255



Қызылорд

а – Әділж

ан ҮМБЕ

Т, т


ел.: 8777 7054466

Өск


емен – Елмейір А

ХМЕД, т


ел.: 8777 5797090

Шымк


ент – Шадияр МО

ЛДАБЕК, т

ел.: 8705 9877799

Бөлiм редакторлары: Құб

аш МЕҢДIҒА

ЛИЕВ – с

аяси бюро, т

ел.: 

388-80-72

Берiк ӘШIМОВ – нарық, т

ел.: 

388-80-69

Қалд


ар КӨМЕКБ

АЕВ – қоғам, т

ел.:

 388-80-65

Алма


т ИСӘДIЛ – өрк

ение


т, т

ел.: 


388-80-64

Нұрғазы СА

САЕВ – дод

а (спор


т), т

ел.: 


388-80-74

Бо

ла



тбек МҰХТ

АРОВ – ж


аңалықт

ар, т


ел.: 

388-80-68

Дарх


ан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ – меншiк

тi 


тiлшiлер қосыны, т

ел.: 


388-80-62

Шығуы 

 

        Ұзақтығы 

 

          Батуы

 07:28  

 

            10.15 

 

           17:43    

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ 

ТАРАЗЫ

Сізге қалтаңызда қалған 

қаржыны үнемдеп жұмсау 

қажет, себебі бүгін ша ма ңыз-

ға қарамай, бос шығын шы-

ғарып алуыңыз ықтимал. Жақын 

күндері аса ма ңызды істерге қо-

мақ ты қаражат қажет болатынын 

ескерте міз. 

САРЫШАЯН

Осы күні жеке өміріңізде 

көптеген өзгерістер орын 

ала ды. Карьералық әрі шы-

ғар  машылық  жағынан  та бы с-

тарға кенелуіңіз әбден мүмкін. 

Ең бастысы, ресми келісімдер 

мен құжаттарға қол қойған кезде 

аса сақ болғаныңыз жөн.

МЕРГЕН

Бұл күніңіз кәсіби және 

жеке мәселелерді оңды ше-

шу ге қолайлы болмақ. Дұрыс 

шешім табу оңайға соқпай-

ды, бірақ сіздің ішкі сезіміңіз бен 

түйсігіңіз қалай әрекет ету керек 

екенін тиісті бағытта айтып оты-

ра ды. Өзіңізге сеніңіз!

ТАУЕШКІ

Егер сіз биіктен көрінгіңіз 

келсе, бұл күні басшылықпен 

қарсыласпағаныңыз абзал. 

Қиын сәттерде сол басшылар 

мен қызметтес әріптестеріңіз 

сізді қолдағанын ұмытпаңыз. 

Қай салада еңбек етсеңіз де, 

қайырымды бола біліңіз.

СУҚҰЙҒЫШ 

Бүгін сіз айналаңыздағы 

адамдарды тартымды қылы-

ғы ңызбен еріксіз баурап ала-

сыз. Сондай-ақ жылдам әрекет 

етіп, тез шешім қабылдайтын 

қасиетіңіздің арқасында көп 

жерде жақсы қабылдайды. Тек 

дандайсып кетпесеңіз болғаны.

БАЛЫҚТАР

Бұл күн қызықты да, өте 

пайдалы өтуі үшін сізге бүгін 

көп еңбек етуге тура келеді. 

Ұнамды кездесулерге, пайда-

лы таныстықтарға, жақсы жаңа-

лық тарға кенелесіз. Оқу мәселе-

сіне көңіл бөлуге, біліміңізді 

тереңдетуге оңтайлы күн.

ТОҚТЫ

Бұл күні іскерлік серіктес-

теріңізбен немесе басшылар-

мен қарым-қатынаста қиын-

дық туындауы мүмкін. Алайда 

бұлардың барлығы үлкен кәсіби 

табыстарға жетуге кедергі келтір-

мейді. Жоспарыңызды жүзеге 

асыра беріңіз.

ТОРПАҚ

Сізді осы күні күтетін ше ші-

луге тиісті мәселелерді асыра 

бағалауға бейімсіз. Өз сәтсіз-

діктеріңізге кінәні біреулерден 

іздегеннен гөрі, кездескен кедер-

гіні жеңудің жолын табыңыз. Со н-

дай-ақ романтикалық толқуды 

бастан өткізесіз.

ЕГІЗДЕР

Осы күні кәсіби салада ай-

тар лықтай жетістіктерге жете-

сіз. Сіздің қайтпас қайсарлы-

ғыңыз жақсы нәтиже береді, 

белсенділігіңізді көтеріп, беде-

ліңізді асырады. Жоспарыңызды 

кез келгенмен бөліспеген жөн.



ШАЯН

Бұл күні сіздің уәдеге бе-

рік тігіңізді  айналаңыздағы 

адамдар үлкен сынға салады. 

Егер сіз біреулерге берген уәде-

ңіз ді орындағыңыз келмей, көңі-

лін қалдырсаңыз, жұлдыздар да 

сіздің тілегіңізді қабыл алмай, 

теріс айналады. 

АРЫСТАН

Бұл күніңіз күрделі. Соң ғы 

кезде айналаңыздағы адам-

дардың көңілі сізден болмашы 

нәрсеге бола суып қалуы ғажап 

емес. Сіз көбіне тек өз пайдаңыз-

ды ойлайсыз. Ал сізге керек кезде 

олар да көмек көрсетуден бас 

тартуы мүмкін. 

БИКЕШ

Бүгін қызметте сізді маңыз-

ды әрі қуанышты жаңалықтар 

күтеді. Мәселен, егер іссапарға 

барып келген болсаңыз, өзіңіз 

күткен үмітті толық ақтайды. 

Мақ сатыңызға жеткіңіз келсе, 

оған көп күш салуыңыз қажет. 



Астана бюросы: Мек

енж


айы: Сейфу

ллин көшесi, 31, офис 215

Те

л.:


 8 (7172)  54-27-31

E-mail: aa_as

tana@mail.ru

Айбын ШАҒА

ЛАҚОВ – 

Ас

тана бюросының ж



ет

екшiсi 


Салт

ан СӘКЕН – тiлшi

Бүркiт НҰР

АСЫЛ – тiлшi

Қана

т Т


ОҚАБ

АЕВ – тілші

Эльвир

а ЕРКІНБЕК



ОВ

А – үйлес

тір

уші


БҮГІН:

Қарашаның 2-сі

Туған күн иелері

Сәкен Қарпықов (1936) – Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс 

академиясының проректоры, профессор;



Мұратбек Қасенов (1941) – М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік 

университеті аймақтық экономика ғылыми-зерттеу орталығының 

директоры, экономика ғылымының докторы, профессор;

Көпбосын Дүйсенбиев (1948) – Жамбыл облыстық құрылыс 

басқармасы бастығының орынбасары;



Дулат Құсдәулетов (1952) – әділет вице-министрі, аға әділет 

кеңесшісі; 



Сауырбай Есжанов (1961) – Мәжіліс депутаты;

Айман Үмбетова (1968) – «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік 

корпорациясы қаржы департаментінің директоры;



Елдар Әбдіразақов (1972) – Centras Securities компаниясы директор-

лар кеңесінің төрағасы;



Әділ Қожықов (1978) – Президент баспасөз хатшысының 

орынбасары;



Еркежан Әпсеметова (1981) – «Халықаралық бағдарламалар 

орталығы» АҚ вице-президенті.



Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, 

мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

КӨПБОСЫН – ырымды ныспы. Қазақ – балажан халық. Шаңырақта 

сәбилер күлкісінің көп болғанын қалайды. Сол себепті де дүниеге 

жаңадан келген сәбиге «баламның артынан көп іні-қарындасы ерсін, 

үлкен әулет болып өссін» деген ниетпен осы есімді беретін болған. Ел 

ішінде сирек кездеседі. 

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

Ср

Бс



Жм

Сн

Жк



Дс

Сс

Ср



Бс

Жм

Сн



Жк

Дс

Сс



Ср

Бс

Жм



Сн

Жк

Дс



Сс

ҚАРАША

1

2



3

4

5



6

7

8



9

10

11



12

13

14



15

16

17



18

19

20



21

22

23



24

25

26



27

28

29



30

Хабарландыру:

Бас бапкердің ауысуына байланысты 

футболдан Қазақстан құрамасы жаңа 

ойыншыларға іріктеу жасайды. 

Қойылатын талаптар:

– үміткерлер футболды кемінде компью-

тер ден ойнап көрген болуы керек;

– доппен бірге қарсыласты да тебе білуі 

керек;

– мемлекеттік тіл білу шарт емес;

– әр матчта бірінші таймға шыдап берсе 

же те ді;

– қарсыласқа гол соғу міндетті емес.

***

Қысқартуға ұшырауы мүмкін мемлекеттік 

қызметкерге психологиялық кеңес:

«Қысқартуға бойыңызды үйрету үшін ал-

ды мен шашыңызды, сосын шылым шегіп, 

арақ ішуді, үйге не болса соны алуды, 

бас ты ғыңызға ғай бат сөз айтуды және 

күні-тү ні қыдыруды, қо нақ қа баруды әрі 

оларды шақыруды қысқар ты ңыз».

***

Нарық нақыштары:

– Дағдарыстан қалай өтіп кеттік осы?

– Ол бәліш жеген сияқты.

– Қалайша?

– Бәлішті тістеп жеп отырып, ішіндегі еті-

нен қалай өтіп кеткеніңді білмей қаласың 

ғой... 

Әзіл-шыны аралас

 

 

  



СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Манхэттеннің іскерлік аудандарының бірінде иттерге 

арналған диско-клуб ашылды. Қожайыны үйде қалдырып 

кеткен хайуандар осында жиналып, көңіл көтеретін болады.

Соңғы 20 жыл ішінде 

дүниежүзінде семіздік ауруына 

шалдыққан балдырғандардың 

қатары 60 пайызға ұлғайыпты. 

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау 

ұйымының мәліметінше, мұндай 

кесел негізінен Солтүстік Африка 

елдері есебінен белең алып отыр.

Ұйым жүргізген зерттеу әлемнің 144 

мемл е кетін қамтиды. Оның ішінде 

Қазақ стан да бар. Мамандар бала 

денсаулығына қатыс ты 450 түрлі әлеу-

меттік сауалнама ал ған. Белгілі болған 

қорытындыға қарағанда, бүгінде бес 

жасқа дейінгі сәбилердің 6,7 пайы зы 

артық салмаққа ие. 1990 жылы бұл 

көрсеткіш 4,2 % болған. Ғалым дар 

алда ғы 10 жыл ішінде се міз дікпен 

ауыратын бүлдіршін дердің қатары 9,1 

пайызға ұлғаюы мүмкін екенін болжап 

отыр. Мектеп жасына дейінгі балалар 

арасындағы семіздік әсіресе Солтүстік 

Африка елдерінде кең етек алған. Мәсе-

лен, Мысыр мен Ливияда балабақша 

тәрбиелену шіле рінің 20 пайыздан аста-

мы семіз. Бұл зерт теу қазіргі медицина-

ның сәбилер арасындағы артық салмақ 

ауруы мәселе сіне айрықша көңіл ауда-

руы керектігін көрсетеді.

Әлемде семіз сәбилер 

көбейіп барады

Иттер диско-клубта 

тынығатын болады

New York Post басы-

лы  мының  мәліметінше, 

көңіл көтеру орны Fetch 

Club деп аталады. Бұл 

жерде үй жануарлары 

музыка тыңдап қана 

қой  май,  небір  жұмсақ 

жиһаздар мен кілем-

дер 

де жатып демала 



алады. Ең бастысы, клу б-

тағы иттердің тіл үйірер 

тағамдарды то йып жеуі-

не мүмкіндігі бар. Fetch 

Club иттерге жалпыға 

ортақ  бағдар ла мадан 

бөлек, жеке ойын-сауы қ-

тар да ұсынады.



Газетіміздің №187(413) санында жарияланған сканвордтың жауабы 

КӨЛДЕНЕҢІНЕН:

 

Мақам. Ақи. «Қоян». Агора. Аба. Анод. Азимут. Ритон. Пинта. Анабас. Орал. Таяқ. Ыза. Ка. Тыс. Қосу.



ТІГІНЕН: 

 Сайгез. Иприт. Иен. Мақрұм. Талыс. Моа. Уран. Ати. Атақ. Жанан. Таба. Бодо. «Аякс». Жиһад. Нұсқау.



Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙ

СКАНВОРД


Хат 

соңындағы 

қосымша 

жазу


Допты 

спорт


Құлақ 

ауруы


1934-71жж. 

Франция 


автокөлігі

Жапон 


тағамы

Дунай 


(ерте)

Құс 


баспанасы

Ошақ


Томас

Мор 


шығармасы

Көп 


көмегі

Аудан 


өлшемі

Қарт


Залым

Әже


Сауда 

орны


Теңіз 

компасының 

1/32 бөлігі

Сүйретпелі 

көлік

Клеопатра-



ның нөкері

Мезгілден 

бұрын

Бұршақ 


түрі

Орденнің 

сипаты, 

тағу 


ережесі

Италия. Ірі 

өзен

Ақық 


түйме

Жүндес 


қозы 

терісі


Гитлер

әскері


Жеңген елдің 

жеңілгеннен 

алатын 

алымы


Памир, 

Алтай


Норвегия

Жотаға 


басатын 

дәрігерлік 



банкі

Үлкен


Маймыл 

түрі

Document Outline

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал