Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Александр лукашенко, Беларусь Президенті: – Кейде менен «Президент қа лай ұйықтайды?»



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/6
Дата05.03.2017
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

Александр ЛУКАШЕНКО, 

Беларусь Президенті:

– Кейде менен «Президент 

қа  лай ұйықтайды?» деп сұ райды. 

Сонда мен: «Мүмкін, кім мен жа-

та сыз деп те сұрайтын шы ғар-

сыз?» — деймін. Мен жауап бе-

ремін: «Теле 

фонмен жатамын. 

Те ле дидар,  телефондар...» 

(www.tengrinews.kz сайтынан)

№90 (542) 

27 мамыр

жұма


2011 жыл

...де

дiм-ай, а

у!

2-бет

5-бет

7-бет

Талантты жас 

бапкерден айырылып 

қалған жоқпыз ба?

«Ақсәулемнің» 

авторы табылды

Улы ойыншықтарды 

шекарадан 

аттатпайтын 

заң керек

АУ

А Р


АЙЫ

Былтыр жазда алматылық-

тар арасында біраз әңгіме 

болған таудағы мұзды көлдің 

тасуы жайлы қауесеттің 

биыл да басылмайтын түрі 

бар. Мәншүк Мәметова есімі 

беріл ген мұздық түбіндегі 

қорым тасты көлдің қаупін 

тағы да белгілі сарапшы, гео-

граф ғалым Борис Степанов 

көпшіліктің есіне салып отыр. 

Осы кезге дейін төтенше жағ-

дайларға жауапты мамандар 

оны көл деңгейінің төмендеп 

келе жатқанын айтып сабасы-

на түсіруге әрекеттенсе, енді 

ғалым көл суының азаюынан 

да алматылықтарға қауіп төнуі 

мүмкін екенін болжайды.

ДАТ!

6-б

етте

Аманкелді САДАНОВ:

Микробиологиялық 

зертханадан 

қорқудың


қажеті жоқ

ТҮЙТКІЛ


www.аlashainasy.kz

e-mail: info@аlashainasy.kz

145,17

205,49

5,15

22,36

1,41

12394,66

1813,95

1597,57

115,00

1529,5

Жорамалдарынан жұрт үркетін про-

фессор Борис Сергеевич біршама уақыт 

жұмыссыз қалғандықтан, оны әрең іздеп 

таптық. География ғылымының докторы 

бізге алдымен өзінің сөзін кейбір 

республикалық газеттердің зорайтып жа-

затынын айтты. Бірақ ғалым соңғы уақытта 

көл суының азаюынан қауіптену керектігін 

жасырмайды. Оның айтуынша, биіктегі 

судың қайда және қалай ағып кетіп жат-

қаны зерттеуді қажет етеді. «Қазіргі мезгіл-

де көл қауіп төндіріп тұрған жоқ. Бірақ 

мұздықтар ери бастаса және көл суы толса, 

қауіп күшеюі мүмкін. Мәселен, жаздың 

аптабында мұздықтар міндетті түрде ериді. 

Қыс бойы көл түгелдей судан босады. Бұл 

– көл суы қорымтасқа немесе бір арыққа 

сүзіліп жатыр деген сөз, сүзілу процесі 

қалай жүзеге асатыны әзірше белгісіз, 

мұны зерттеу керек», – дейді ғалым. Был-

тыр Мәншүк Мәметова мұздығы тү біндегі 

көлдің табиғатын жан-жақты зерт теу Білім 

және ғылым министрлігінің Гео графия ин-

ститутына тапсырылған болатын. Институт 

мамандары мұзды көлге қатысты дәл қазір 

алаңдауға негіз жоқ екенін айтады, деген-

мен Степановтың бір жорамалының 

ықтималдығын мойындайды. 

Ахметқал МЕДЕУ, 

ҚР Білім және ғылым министрлігі 

География институтының директоры, 

география ғылымының докторы:

– Қыстыгүні біздің мамандар 

тауға екі рет көтеріліп, №6 көлдің 

деңгейін қарады. Оның деңгейі 

әжептәуір төмен түскен екен. Көл 

суының табиғаты сондай, егер қыс-

тыгүні онда қосымша су келмесе, 

судың астындағы «таликовая зона-

дан», яғни жібіген тоң аймағынан су 

төмен қарай ақырындап аға береді. 

Біздің мамандар қыста су бетінде-

гі мұзды бұрғылап, температурасын 

өлшеді, деңгейін анықтады, әйтеуір, 

белгілі болғаны – көлдің деңгейі 

ақы рын-ақырын  төмендеп  жатыр. 

Бірақ Степановтың бір сөзінің жаны 

бар – ондағы судың төмендеуінен де 

бір қа уіп болуы мүмкін: ол – төмен 

қарай құлдилаған су жер астынан құ-

быр сияқты арналы жол салып кетеді, 

сондай құбырлар белгілі бір кездері 

бітеліп қалуы мүмкін, сондай жағдай-

да көлдің деңгейі бірден көтері леді. 

Бірақ дәл қазіргі уақытта біз ондай 

жағ дайды байқап отырған жоқпыз. 

Бұл аймақта «Қазселденқорғау» ме-

ке ме сінің тұрақтары жұмыс істейді

біздің мамандар да көлге ғылыми 

шараларды атқарып жатыр. Әлі де 

зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет, 

әрине. Табиғаттың құпиясын білу өте 

қиын. 

Төтенше жағдайлар қызметі маман да-

рының қолындағы мәліметке қара ған да, 

теңіз деңгейінен 3600 м биіктікте гі көл дің 

көлемі 200 мың текше метр ден асад ы. 

Бірақ мұздық түбіндегі көл суы ның деңгейі 

мен таудағы ауа тем пера турасының ауыт-

қуына байланысты оның батимет риялық 

өлшемдері де бірнеше мәрте өзгеріп оты-

рады. 


ОЙ-КӨКПАР 

Қырғызстандағы Киров суқоймасының қауіпсіздігін Қазақстан өз қолына алуы керек пе?

ИӘ

– Осы аптада ғана аталған мәселеге 

қатысты екі ел арасындағы бір жиналыс-

та болып едім. Қазақстан мен Қырғызстан 

суды пайдалану жөніндегі өзара келісім 

жасасқанына он жыл болыпты. Қазір бұл су-

қойманың мәселесі қауіпті жағдайда тұр. Ол 

қырғыз халқынан гөрі қазақстандықтарға, 

дәлірек айтқанда, бүтіндей Тараз қаласының 

тұрғындарына қауіп төндіріп тұр. Сондықтан 

бұл мәселеге қырғыз емес, алдымен біздің 

алаңдауымыз заңдылық. Бұл дамбаның қа-

уіп сіздігін бақылауға, негізінен, біз мүдде-

ліміз. Меніңше, оның қауіпсіздігін бақылауды 

біздің әскери азаматтар қамтамасыз ете алар 

еді. Бірақ мұны қырғыз тарапы оккупация 

ретінде қабылдайтыны айтылып жүр. Мыса-

лы, өзіміздегі Жалаңаш көлінің оқиғасы есі-

міз де. 

3-бетте

Болат ӘУЕЛБАЙ, 

ҚР Президенті 

жанындағы Қазақстан стратегиялық зерт-

теулер институтының бөлім меңгерушісі:

Амангелді МОМЫШЕВ, 

Мәжіліс депутаты:

Талас өзенінен су жинайтын Қырғызстандағы 

Киров суқоймасы көбіне электр өндірісі 

үшін пайдаланылады. Қойма суға лықа 

толған соң, ол Өзбекстан мен Қазақстанға 

үлестіріледі. Бірақ сол қойманың дамбасы 

бірер жыл бойы тараздықтардың ұйқысын 

қашырды. Жергілікті ақсақалдар астан 

кейінгі батасына «қырғыздың суы тасы-

масын» деген тіркесті қосатын болыпты. 

Өткен жылы қырғыз ағайындар үкіметін 

төңкеріп, тұрақсыздықтарға ұрынып 

жатқан сәтте шекараның бергі бетінде Тараз 

тұрғындарының «судың астында қаламыз» 

деген қауіппен қаладан қашып әуреге түскені 

бар еді. Осы мәселені сарапшылардың аузына 

салып көріп едік...

ЖОҚ

– Қырғызстан – тәуелсіз мемлекет. Егер 

біз суқоймаларды күзету үшін Қырғызстанға 

әскер енгізетін болсақ, бұл жергілікті халық 

тарапынан да, әлемдік қауымдастық тара-

пынан да жағымсыз қабылданар еді. Сон-

дықтан суқоймаларды күзету мәселесі 

Қыр ғызстанның өз иелігінде қалуы керек. 

Мәсе лен, көз алдарыңызға елестетіп көрі-

ңіздер, Қазақстанның да дәл осындай бір 

объектісі Қытай тұрғындарына қауіп төн-

дірді делік. Егер Қытай соны сылтау етіп, 

әс керін шекарадан алып кірсе, біз қалай 

қа былдар едік? Әрине, сес көрсету, қоқан-

лоқы деп қабылдайды. Ал қырғыз үкіметі 

өздері қол ұшын беру жөнінде өтініш жол-

даса, онда әңгіме басқа болар еді. Бірақ су-

қойманы қаскөйлерден, терроршылардан 

күзету үшін олардың әскерінің де, күш құры-

лымдарының да шамасы әбден жетеді. 



Биліктің халыққа көрсететін 

қызметі қандай болуы тиіс?

Болатбек МҰХТАРОВ

«Қазгидромет» кәсіпорны мамандарының мәлі-

ме тінше, Шығыс Қазақстан облысында екпіні секун-

ды на 22 метрге дейін жететін жел тұрып, жаңбыр 

жауа ды. Өңірдің кей жерлерінде күндіз бұршақ жаууы 

мүм кін. Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмо ла, Қос-

танай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маң ғыс тау 

облыстарында да екпінді жел соғады. Маман дар-

дың мәліметінше, алдағы тәуліктерде Шығыс Қа-

зақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан об лыс-

тарындағы өзендерде су деңгейі көтеріледі.

Болатбек МҰХТАРОВ

Шығыс Қазақстан 

облысында 

бұршақ жауады

Еліміздің батысы мен шығыс бөлігінің ауа 

райына атмосфералық таралымдар әсер етпек. 

Соның әсерінен бұл өңірлерде жаңбыр жауып, жел 

күшейеді. Шығыс Қазақстан облысы аумағында 

бұршақ жаууы мүмкін.

Жалғасы 2-бетте 

Таудағы көлдер қашан зерттеледі?!

Бұған дейін Әділет министрлігінде, со-

сын жергілікті әкімдіктердің құзыретінде 

болған Халыққа қызмет көрсету 

орталықтары (ХҚО) қайтадан орталық 

орган – Байланыс және ақпарат минис-

трлігіне өткенінен жұрт хабардар. Мем-

лекет тарапынан бұқараға көрсетілетін 

қызметтің сапасы сын көтермей, өрісі 

кетіп, терісі артқан орталықтарды қайта 

түлету үшін Мемлекет басшысы осын-

дай тапсырма жүктеген еді. Кеше Пар-

ламент Сенатында депутаттар ХҚО-ны 

дамытудың бұдан арғы құқықтық тетігін 

талқылап, қызмет сапасын жақсарту 

мәселесіне біршама бас қатырды.

Халыққа қызмет көрсету – биліктің бас-

ты міндеттерінің бірі. Орталықтарды құрудағы 

мақсат билік көрсететін сол қызметтің сапа-

сын жақсарту бола-тұғын. Алайда ХҚО құ рыл-

ғалы бері қызмет көрсетудің сапасында толық-

қандылық пен шапшаңдық бәлендей арта қой-

мағаны шындық. Нақтылай айтсақ, 2005-2009 

жылдары Әділет министрлігінің құзы 

ретінде 


болған Халыққа қызмет көрсету орта лықтары 

«қызмет сапасын одан әрі жақсарту» желе-

уімен 2010 жылы жергілікті әкімдіктерге бе-

рілген еді. Алайда сапа жақсармады, керісінше, 

сыбайлас жемқорлыққа қатысты сын өршіді. 

Әуелгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың жо-

лын кесу болғанымен, бұл міндет кері қарай 

кет ті. Орталықтардағы ұзын-сонар кезектің бір 

ұшы нан «бармақ басты, көз қысты» «қызметі» 

де іске қосылғанын жұрт біледі. Сондықтан да 

әкім дікке өтіп, басы даудан арылмаған ХҚО ор-

талық органға қайта қайтарылған. Мәжіліс де пу-

таттарының бастамашылдығымен дүниеге кел ген 

заң жобасы да осы мәселені қамтыған еді. 



ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ 

ТЕТІГІ МЕН КЕТІГІ

Тетігі – халыққа қызмет көрсету орталық-

тарының қызметін ұйымдастыруды жергілікті 

атқарушы органдардың құзыретінен алып, Бай-

ланыс және ақпарат министрлігіне беру. 

Қанат ҚАЗЫ

Жалғасы 3-бетте 

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№90 (542) 27.05.2011 жыл, жұма           



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

ҚОҒАМ

МӘСЕЛЕ


ЖИЫН

Улы ойыншықтарды шекарадан 

аттатпайтын заң керек

Егер сырттан келетін тауарлар арнайы 

мекеменің тексерісінен өтетін болса, оның 

сапасы толығымен тексеріліп, қауіпті сана-

латын тауарларға сапа сертификаты беріл-

мейді. Алайда мұндай мекемелердің тек-

серуін айналып өтіп, шекарамыздан заңсыз 

жолмен аттайтын тауарларға істер айла 

табылмай тұр.

Ал көрші елдің ең арзан дүниесін әкеліп, 

халықтың саулығынан гөрі қалта сының 

қамын күйттейтін саудагерлерді тауар са-

пасы ойландырған емес. Елімізде тек ірі 

сауда орындарында сатылатын кейбір 

тауарлар ғана Техникалық реттеу және 

метрология комитеті маман дарының тек-

серісінен өтеді екен. Осы орайда сырттан 

келетін тауарларға мүлдем тыйым салу 

немесе тауардың сапасын тексеруге деген 

тиісті орындардың құзыретін заң арқылы 

кеңейту мәселесі тиісті орындарды ойлантар 

емес. Сон дықтан әзірге мамандар дабыл 

қағып отыруға ғана мәжбүр. 

Мамандар әсіресе болашақ ұрпақ 

қолданатын ойыншықтардың сапасына 

ерекше алаңдаушылық білдіруде. Осыған 

дейін еліміздегі сатылымдағы ойын шық-

тардың балаларға қауіптілігі жайлы сани-

тарлық-эпидемиологиялық қадағалау бө-

лімі мамандары мен психологтер де жарыса 

айтқан еді. Өйткені базарлардағы баланың 

сілекейіне бояуы ери жөнелетін ойын-

шықтардың көбеюі мамандарды алаң-

датуда. Балалардың барлығы қолына 

түскен затты аузына апаруға құштар екенін 

ескерсек, бояуы ағып кетер ойыншық-

тардың шекарадан қалай өтіп жүргені 

түсініксіз. Бояудың құрамындағы зиянды 

заттар баланың ішкі ағзаларына өтіп, 

асқазан, ішек жолдарын ауруға ұшыратуы 

ықтимал. Сондай-ақ құрамында зиянды 

заттары бар ойыншықтардан баланың им-

му нитеті әлсіреп, ауруға бейімділігі арта ды 

екен. 


Анар САДЫРБАЕВА, 

Алатау аудандық МСЭҚБ Мектепке дейінгі 

балалар мен білім беру ұйымдарының 

санитарлық-гигиеналық қадағалау 

бөлімінің жетекші маманы: 

– Сапасы күмәнді ойыншықтар мен 

балалар киімдері санитарлық-эпиде-

миологиялық сараптау орталығында 

ор ганолептикалық,  санитарлық-химия-

лық, токсиколо гиялық зерттеуге алынуы 

керек. Тексеру барысында біз базардағы 

ойыншықтардың сапасы туралы еш-

қандай құжаттары жоқ екендігіне, са-

нитарлық жағдайы ешқандай сын кө-

термейтін орындарда сатылып жат-

қандығына, ойыншықтардың қай елде 

жасалғандығы туралы, қай жастағы ба-

ла ларға арналған, қолдану тәсілі туралы 

ешқандай түсініктемесі жоқ, тіпті жа-

рамдылық мерзімі көрсетілмеген ойын-

шықтардың сатылып жатқандығына жиі 

куә боламыз. Өткір иісті, құрамында 

хлорсутек пен формальдегиді шамадан 

тыс көп ойыншықтармен ойнаған бала-

лардың ағзасында ұзақ уақыт бойы 

жиналып, бала денсаулығына кері 

әсерін тигізеді, яғни тыныс алу орган-

дарын және теріні тітіркендіріп, түрлі 

аллергиялық ауруларға әкеліп соқтыруы 

мүмкін. Сол себепті ойын шықты алған 

кезде оның сыртқы әдемілігіне ғана 

қарамай, оның химиялық және уыт-

тылық әсеріне де назар аударған жөн. 

Егер ойыншыққа назар салып қараса-

ңыз, оның сапасы жөнінде айтарлықтай 

мәлімет алуға болады. 

 Сонымен қатар егер ойыншықтар 

арнайы тексеруден өтпеген болса, шама дан 

тыс мөлшері көп ауыр металдар мен тұзы 

бар ойыншықтардың ағзаға тигізетін кері 

әсері орасан зор екен. Олар бүйрек, бауыр, 

ішек, нерв жүйелерінің жасуша ларын за-

қымдап, баланың жүрегі айнып лоқсуына, 

ауыз қуысында металдың дәмі келуіне, 

жұтынғанда өңеші мен іші ауыруы, тыныс 

алу қабілеті төмендеуі сияқты белгілер 

пайда болатын көрінеді. Сынап пен қор-

ғасынмен уланған жағдайда тістің босауы, 

жұтынғанда ауырып, езудің қанауы секілді 

жағдайлар да кездесуі мүмкін. Сондықтан 

ойыншық сатып аларда міндетті түрде 

мамандар кеңесіне құлақ асқан жөн. Осы 

орайда Алатау аудандық МСЭҚБ Мектепке 

дейінгі балалар мен білім беру ұйым-

дарының санитарлық-гигиеналық қадаға-

лау бөлімінің жетекші маманы Анар 

САДЫРБАЕВА: 

– Ойыншықтарға қойылатын негізгі 

талаптарды атап өтер болсақ, оның 

сыртқы түрі арналған мақсатқа және 

эстетикалық талғамдарға сәйкес болуы 

керек. Ойыншықтың үстіңгі жағы бір 

тегіс және дөңгеленген формамен, 

бояулары төзімді жасалуы тиіс. Ойын-

шықтың сал мағы және өлшемі бала ның 

жасына сәйкес келуі де маңызды рөл 

атқарады. Ойын шық тардағы иіс деңгейі 

2 балдан, ал бөл меде ойнауға арналған 

ойын шық тардан шығатын дыбыс 65 

дБА, ал ашық ауада ойнауға арналған 

ойын шықтарда 75 дБА (бұл мәліметтер 

қораптардағы жапсыр 

маларда көр-

сетіледі) аспауы керек. Ойын шықтардың 

сәнді және қор ғаныш жабын дылары 

сілекейге, терге және ылғалды тазалауға 

берік болуы қажет. Ойын шық тардан 

моно мер лер,  пластифи каторлар,  резең-

кенің қоспа лары кан церогенді, мута-

генді және тератогенді белсенділік туды-

ратын және аллергиялық әсер ететін 

заттар бөлінбеуі керек. Әрбір ойын-

шықта дайын даушының толық атауы, 

нор мативті-техникалық  құжат тарға  сәй-

кестігі және ойыншықтың қандай 

жастағы балаларға арналған 

дығы 

туралы мәліметтер көр сетілген тұты-

нушы қорабы және жап сырмасы бо луы 

тиіс.

Осылайша мамандар ойыншық сатып 

аламын деп, опық жеп қалмас үшін ата-

аналардың міндетті түрде мұқият болуы 

қажеттігін ескертіп отыр. Айта кетер жайт 

– Қытай тауарлары Қазақстан нарығын 

ғана емес, бүкіл әлем елдерін жаулап алған. 

Бірақ кейінгі жылдары Америка, Ресей 

елдері Қытай ойыншықтарын зерттеу нәти-

жесінде оның құрамында улы химиялық 

заттардың көптігін анықтаған соң, ойын-

шықтарды кері қайтарып, тіпті оны шек-

арадан бері аттатпау туралы арнайы заң 

қабылдаған. Аталмыш заң бойынша ойын-

шықтар нарығындағы қауіпсіздік ере-

желерін нығайтуға айрықша күш салынған. 

Сондай-ақ бүгінде Солтүстік Америка мен 

Австралияның дүкендерінде Қытайда 

шығарылған ойыншықтардың сатылуына 

тыйым салынған. Ал біздің елімізде заңдық 

тұрғыда мұндай қауіпсіздік шаралары сақ-

талмағаннан кейін, әзірге мамандар пікіріне 

құлақ түруге ғана тура келеді.

Имандылық – ислам құндылығының көрсеткіші

Конференцияны университет ректоры, 

профессор, доктор Сабри Хизметли ашты. 

Ол: «Қазақстан қоғамда рухани келісім 

мен өзара түсіністіктің орын алуымен ерек-

шеленеді. Ол халықаралық деңгейде 

мойын далып отыр. Қазіргі кезде елімізде 

әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің 

IV съезін өткізуге байланысты дайындық 

жүріп жатыр. Бүгін дін десе, әсіресе ислам 

діні туралы сөз бола қалса, ол дінді ұстану-

шыларға «экстремист, террорист» дегенді 

таңатындар көбейді. Зайырлы мемлекет 

азамат тары мейірімділік, елжандылық, 

сабыр лылықты уағыздайтын діннің қол-

дауына мұқтаж», – дей келе, білім және 

ғылым жүйесіне байланысты Тәуелсіз ді-

гіміздің 20 жылдығы қарсаңында ат-

қарылатын іс-шараларға тоқталып өтті.

Қазақстан – бүгінде ислам мемлекеті. 

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше. 

Биыл сол ұйымға төрағалық етеді. Ислам 

– күнделікті тіршілік, өмір салты ғана емес, 

ол мәдениет, өмірлік позиция, дүниетаным, 

бір сөзбен айтқанда, тұтас өркениет 

ретінде енді қайта дами бастады. Сөз жоқ, 

діни наным-сенім бостандығы – азаматтық 

қоғамның басты қағидасы. 

Америкада дүниежүзіндегі 100 даныш-

пан туралы кітап жарық көрді. Онда ең бі-

рінші болып – Мұхаммед пайғамбар, екін-

ші орында – Ньютон, 70-90-орындарда 

Сталин, Ленин, Маркстер тұрған екен. 

Сон да «Неге Мұхаммед пайғамбар алда 

тұр?» дегенде: «Ол – тек дін таратқан 

пайғамбар ғана емес, мемлекет құрған, 

халық бірлігін ұстаған адам», – деп дәлел-

дейді. 


Әбсаттар қажы ДЕРБІСӘЛІ, 

Қазақстан мұсылмандары діни 

басқармасының төрағасы: 

– Ислам діні – адамгершілікке, 

пара саттылыққа тәрбиелейтін дін. 

Қазақ халқы – ислам дінін таратуға, 

уағыздауға және ислам дінін дамыту 

үшін көптеген ғұламаларды дүниеге 

әкелген халық. Мысалы, әл-

Фарабидің өзін ғана алсақ, ІХ 

ғасырда Еуропа әлі ұйықтап 

жатқанда, ол қазіргі ғылымдардың 

барлығының дамуына үлесін қосып, 

музыкаға нота жазған. Махмұд 

Қашқари, Жүсіп Бала сағұни, 

Мұхаммед Хайдар Дулати тағы басқа 

ғұламалар – халықтың рухани 

дамуына, отансүйгіштік қасиетін 

тәрбие леуге бар ғұмырын арнаған 

ғалымдар. 

Ата Заң бойынша дін мемлекеттен бө-

лек әрі азаматтардың діни наным-сені міне 

еркіндік берілген. Соңғы кездері қоғамда 

осы мәселенің жақсылығынан гөрі жаман-

дығын көбірек сезінудеміз. Біздің қоғам 

бұған алаңдаушылық біл діруде. Содан да 

«құбылаға жүзіңді бұр» деуге мәжбүрміз. 

Діни сенім бостандығын бүркемелеп, 

әртүрлі сарындағы бірлестіктердің «секта», 

«балама діндер», «жаңа ғасыр діндері» 

әлемге таралуда. Олар жаңадан пайда 

болған жоқ, тек қазақ топырағына шетел-

дерден келген, біздің елде ғана жаңа діни 

ағымдар. Бұлар – тәжірибе жинаған, 

арбау, азғыру әдістерін терең меңгерген, 

шетел дерде арнайы дайындықтан өткен 

ма мандар. Бүгін миссионерлердің тәжіри-

бесін жинақтайтын, стратегия мен так-

тикасын талдайтын миссология ілімі қа-

лыптасты. Миссионерлердің шамадан тыс 

белсенділігінен, Еуропадан қуылған діни 

ағымдарды Қазақстанға тықпалауынан 

біздің қоғам бүгін алаңдауда.

Бүгінде Қазақстанда 25 елден 367 

миссионер жұмыс жасайды. Олар – АҚШ, 

Израиль, Словакия, Польша, ФРГ, Украина, 

Италия, Ресей Федерациясынан т.б. елден 

келгендер. Бұлар сырттан жылына 20 млрд 

долларға дейін қаржылық қолдау алады. 

Ең бір қиындығы, сол қаржыны бақылауға 

біздің мемлекеттің мүмкіндігі жоқ. Себебі 

қаржы жеке адамдардың банкідегі 

есепшотына түседі. Ал заң бойынша оны 

бақылауға тыйым салынған. 

Қазақстан бүгін олар үшін дін жағы нан 

игеретін «тың» территория болып отыр. 

Ашығын айтсақ, діни ағымдардың біздің 

елде кең қанат жаю себебі, бір жа ғы нан, 

діни заң тұрғысынан да сауа ты мыздың 

таяздығынан болса, екінші жа 

ғынан, 


дәстүрлі дін өкілдерінің білімінің жетіл-

мегендігінен болып отыр. 

Қазақстанға ағылып келіп жатқан әр-

түрлі жаңа діни ағымдар ертең ел басқаруға 

келетін жастарды өздерінің дін жолына 

аударуға көп мән беруде. Олардың бойына 

батыстық мәдени, саяси құнды лықтарды 

діни әдебиет, теледидар, радио, интернет, 

жарнамалар арқылы сіңіруде. Мәселен, 

Иегова куәгерлері діни әдебиетті 300 тілде 

таратады, оның ішінде қазақ тілі де бар. 

Радио 211 тілде аптасына 8500 сағат ха-

бар таратады. Жуық арада радио әлемнің 

97 пайы зын қамтитын болады. Жерсерік-

тері арқылы әлемді түгел қамтуға еван-

гелистер мүмкіндік алып отыр. 

Біз өмір сүріп отырған қазіргі қоғам 

«орыстану» атты созылмалы дерттен айы-

ғамын деп жүріп, «батыс» ауруын жұқ-

тырған адам ағзасына ұқсайды. Бойында 

екі дерті бар адамды емдеу, қатарға қосу 

да оңай емес. 

Иман жолына шақыруды мақсат еткен 

бұл конференцияда дінтану мамандығына 

байланысты өзекті мәселелердің қаралуы 

көңілге қонарлық. Бірқатар мұсылман 

елдерінде өтетін іс-шара аталмыш уни-

верситетте игі дәстүр ретінде жалғасын 

тауып жатыр. Мектепте дінтану пәнін 

оқыту, жас буын бойына имандылық дәнін 

себу, рухани адамгершілік ізгіліктерді 

қалыптастыру, дінтану пәнінің оқу бағдар-

ламасын жасау мәселелері сөз болды.

 М.М.МОЛДАБАЕВА, 



Шет тілдер және іскерлік

 карьера университетінің профессоры


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал