Республикалық ақпараттық қ басылым



жүктеу 156.3 Kb.

Дата10.09.2017
өлшемі156.3 Kb.

Денсаулық

сыры

Адамның саулығы қоғамның байлығы

-

Республикалық

ақпараттық

қ

басылым

- танымды

№22  (24)  01

(

і)

шілде сейсенб 2014 жыл



densaulyk.syry.13@mail.ru

Әлемнің көптеген елдерін алаңдатып отырған короновирус

инфекциясы әсіресе Таяу Шығыс, Сауд Арабиясы, Иордания, БАӘ және

Ұлыбритания елдерінде белең алған. Ал, біздің елімізде эпидемиологиялық

жағдай тұрақты. Дегенмен, санитарлық мамандар арқаны кеңге салуға

болмайтындығын айтады.

Қарлығаш ОСПАНОВА

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" демекші, мамандар да

короновирус эпидемиясы жайында тұрғындарға ақпарат таратуда. Себебі, қазір

жаз айларында шетелге шығып демалушылардың да саны артады. Сондықтан,

мамандар сақтықта қорлық жоқ екендігін ескертеді.

– Бұл басқа инфекцияларға қарағанда аса қауіпті және оның қайдан

туындағаны әлі күнге дейін нақты анықталмаған. Бұл жоғарыда аталған елдерде

көп тарап отыр, мәселен тіркелген 688 жағдайдың 282-сі өліммен аяқталған. Бұл

вирусты жұқтыру көзі науқас адам мен жануарлар болып табылады.

Короновирус инфекциясы біздің елімізде кездескен жоқ, бірақ бұл қауіп жоқ

деген сөз емес. Себебі, шекара асып жатқан қазақстандықтар осы ауруға

шалдығуы әбден мүмкін. Бұл тұрмыстық қатынастардан, судан пайда болатын

инфекция, – дейді облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің

бөлім бастығы Н.Леонова.

Қазір дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары бұл

вирусқа жан-жақты зерттеу жүргізіп, ұқсас ауруларды анықтау үстінде. Әзірге

аталмыш вирусқа қарсы вакцина табылған жоқ. Тек, инфекцияға қарсы күрестің

ең басты жолы оның алдын алу ғана көрінеді. Сондықтан әр адам ауруды

жұқтырмаудың қамын жасауы керек, болмаса мамандар бұл мақсатта түсіндіру-

ақпараттандыру жұ-мыстарын жүргізіп, кеңестер береді.

Сондай-ақ, мамандар Қытайдан бастау алған құс тұмауы, сары безгек

(желтая лихорадка), түйнек (холера), оба (чума) індеттерінің де әлі де әлемге

қауіп төндіріп отырғандығын айтады. Сонымен қатар, конго-қырым безгегі де

қауіпті дерттердің бірі саналады. Аталмыш дертке байланысты Ресей, Грузия,

Пәкістанда барлығы 21 жағдай тіркеліп, 5 адам көз жұмған. Біздің елімізде де осы

конго-қырым дертіне орай екі жағдай тіркеліп, абырой болғанда дәрігерлердің

дертті дер кезінде ауыздықтауының арқасында қайғылы жағдай орын алған жоқ.

Дегенмен, мамандар әсіресе туристерге шетелге шығар алдында сақтық

шараларына аса абай болып, міндетті түрде жол дәрі қобдишасын ұмытпауды

ескертеді.



Эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Кейбір микроэлементтердің адам және жануарлар ағзасына көптеген

биологиялық маңызы бар. Олар – темір, марганец, йод, мырыш, мыс,

кальций, никель, селен, ваннадий, кобальт, молибден. Басқа микроэлементтер

дербес қасиетті болса,үшінші топтағы микроэлементтердің улы қасиеттері

бар.Осындай улы қасиетті микроэлементтерге сынап пен кадмий жатады.

– жер шарында сирек кездесетін элементтердің бірі болса да өте улы

металлдардың бірі.Атомдық техникада,пластмасса,бояулар жасау

өндірісінде,кадмий-никельдік аккумуляторларда пайдаланылады.Автомобиль

жолдарының жанында өскен өсімдіктерде кадмийдің мөлшері 1,5 есе фон

мөлшерінен артық.Топырақтың кадмиймен 44 мг/кг-ға дейін ластануы бақша

өнімдерінде кадмийдің шектеулі мөлшерден асуына әкеп соқтырады.50 жаста

адам ағзасында 20-30 мг-ға дейін кадмий жиналады.Адам ағзасынан кіші және

үлкен дәрет арқылы 10-30 жылға дейін шығады.Кадмий және оның тұздары

бүйректің жедел іріңдеуіне,бауыр мен жүректің майлануына,анемияға,ішек

қанауына әкеліп соқтырады және канцерогендік қасиеті бар.

Кадмий мен уланудың диагностикасында кіші дәреттегі және қандағы кадмий

мөлшерін анықтау үлкен роль атқарады.Кіші дәреттегі кадмий мөлшерінің 10

мкг/л болуы бүйрек каналдарының зақымданғанын,ал кандағы 10 мкг/л адам

ағзасына үлкен зиянды әсерінің барының айғағы.

- тек өзі ғана емес оның тұздары да өте жоғары улы.Сынаптың көп

мөлшері қоршаған ортаға көмірден,цемент өндірісінен және түсті металлдар

рудасынан түседі.Сынаптың булары мұнай өнімдерін өңдеуде,күшті күндізгі

светті лампаларды жасауда қолданылады.Сынаптың қосындылары

гальванопластикада катализатор ретінде,ацетиленнен этил спиртін алуда,көз

және тері ауруларының антис ептика лық майларын жас ауда

пайдаланылады.Адам ағзасына орташа есеппен тәулігіне тамақпен және

сұйықтармен 15 мкг және ауамен 1 мкг сынап түседі.Сынап

бүйректе,бауырда,мида,қанда,кіші дәретте,емшек сүтінде,шашта

жиналады.Сынаппен уланғанда сынап адам ағзасынынң барлық мүшелерінде

кездеседі,әсіресе бүйректе көп мөлшерде жиналады.Егер өндіріс орындарының

ауасында сынаптың мөлшері үнемі көп бөлінетін болса профессионалдық

улануға әкеп соқтырады,яғни нерв жүйесінің бұзылуына (қол саусақтарының

д і р і л д е у і , п с и х и к а л ы қ ө з г е р і с т е р ) , а с қ о р ы т у м ү ш е л е р і н і ң

(стоматит,энтероколит),несеп жолдарының (тоқ ішек,сілекей бездері,бүйрек)

зақымдануына әкеп соқтырады.Сынаптың еритін тұздарының 0,2-0,3 г мөлшері

өлімге дейін апарады.Диагностикада сынаппен улануды анықтауда қан мен кіші

дәреттегі сынаптың мөлшерін білу керек.Кіші дәреттегі 50 мкг/л және қандағы

10-20 мкг/л ағзаның сынаппен улануы болып табылады.

Ақылбекова Ж.А ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау Агенттігі

«ҚОСЭСО» РМҚК Сырдария аудандық филиалысанитарлық-гигиеналық

зертхана дәрігер-сарапшысы



Кадмий

Сынап

Ауыр металлдардың

қоршаған ортаға әсері

Алла тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін

парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді

орындауымыз керек:

1. Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету

күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды.

2. Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза

екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз

керек. Ораза мінез-құлықты бұзбай, керісінше оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен

шығарады. Алла елшісі с.а.с. «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса,

Аллаға оның жеп-

ішуден тыйылуының

қ а же т і жо қ » , - д е п

айтқан.

3. Қалжыңдап болса



д а ж а ма н с ө зд е р

а й т п ау. Ә й т п е с е

тұтқан оразамыз зая

кетеді. Алла елшісінің

с.а.с.: «Қайсыбіріңнің

ораза тұтатын күні

болса, онда бұзықтық

істемесін, айғай-шу

шығармасын, ал егер

біреу оны балағаттаса

немесе оған соқтықса:

«Мен ораза тұтқан

адаммын» десін»,-деп

айтқанын әрдайым есте ұстау қажет.

4.Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын

темекіні тастауға ораза кезді пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтап,

ұстамдылық танытып, темекіні күндіз шекпегендей түнде де шекпеу қажет. Сонда

денсаулығымызды сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз.

5. Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын

кемітеді, әрі денсаулыққа зиян тигізеді.

6. Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар

мен фильмдерді қарамау.

7. Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ

отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы. Алла елшісі (с.а.с.):

«Аллаһым! Үмбетім үшін ерте таңдарын берекелі еткейсің!» – деген.

8. Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды

ұнатпайтын. Ол кісі (с.а.с.) ерте жатып, ерте тұратын.

9. Туған-туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар

алу және араздасқандармен татуласу.

10. Алланы жиі еске алу, Құран оқу, оны тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған

амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Алла елшісінің (с.а.с.)

сүннеті бойынша рамазанның соңғы күндерінде мешітте иғтикафқа отыру.

11.Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай ауыз ашу. Алла елшісі (с.а.с.)

«Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар.

Егер кепкен құрма таппаса, сумен (ашсын), өйткені ол-таза». «Адамдар ауыз ашарды

асықтырған сайын игілікте болады»,-деген. Алла елшісі (с.а.с.) ауыз ашарда:

«Аллаһумма ләкә сумту уә ъалә ризқикә әфтарту, зәһәбәз-замә-у уәбтәлләтил-ъуруқу, уә

сәбәтәл-ажру инша Аллаһ[5]»-деп айтқан.

12. Сәресіні ішу. Алла елшісі (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке

бар»,-деген.

13. Оразаның үкімдерін білу үшін ол жайлы жазылған кітаптарды оқу. Ол

кітаптардан ұмытып тамақ жеп, су ішіп қою оразаны бұзбайтыны, түнде жүніп болу

ораза тұтуға кедергі жасамайтыны және т.с.с. нәрселер баяндалған.

14. Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше

ораза түтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бұзудан

сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және рамазан айында күндізгі уақытта

әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын

өтейді .


15. Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің

өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау Аллаға қарсы келу,

Исламға ат үсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза

тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен

құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді, ал ораза

тұтпаған адам бұл қуаныштан мақрұм қалады.



Ораза ұстаушыға 15 кеңес

Денсаулық

сыры

2

Д

енс

ау

лық

ж

аңалықтары

Балаларға нәресте кезінен бастап түсте 20 минут ұйықтау әдетін қалыптастыру есте

сақтау қабілетіне пайдалы.

Жуырда АҚШ-тың «Мемлекеттік ғылым академиясы журналы» жариялаған

мақалада түсте

ұ й ы қ т а у

балалардың есте

сақтау қабілетіне

ерекше пайдалы

екендігі айтылған.

А Қ Ш Б о с т о н

М а с с а ч у с е т с

университетінің

А м х е р с т

и н с т и т у т ы

суреттерді айыру

ойынын ойнату

арқылы 3-5 жас

а р а л ы ғ ы н д а ғ ы

балаларға сынақ

жүргізген. Мұнда

б а л а л а р д а н

суретті, сөзсіз,

дұрыс айыру талап етілген. Нәтижеде түсте ұйықтауды әдетке айналдырған балалардың

суретті есте сақтау салыстырмасы түсте ұйықтамайтын балаларға қарағанда әлдеқайда

жоғары болған. Жарысқа қатысқан балаларға ми электр толқыны арқылы тексеру

жүргізгенде түскі ұйықтау балалардың үлкен миының есте сақтау уақытын ұзартады екен.

Түсте ұйықтағанда үлкен мидың қызметі қалыпқа түседі

Зерттеушілер мынаны ескертеді: кейбір балалар түсте ұйықтауды әдетке

айналдырмаған. Ата-аналары да бұған қатты көңіл бөлмейді. Алайда, зерттеу нәтижесінде

түскі ұйқының балалардың есте сақтау қабілетін тіпті де бекемдей түсуде маңызды рөл

атқарып қалмастан, үйренген білімдерін миына толық қабылдауына пайдалы, мұнан сырт,

балалар әр күні жаңа білім қабылдайтындықтан, түскі ұйқы балалардың үлкен миының

қызметін онан ары жақсартып, есте сақтау уақытын ұзартып, жаңа білімдерді қабылдауына

септігін тигізеді екен. Сол үшін балаларға, сөзсіз, нәресте кезінен бастап түсте 20 минут

ұйықтау әдетін қалыптастырған дұрыс.



Сұңқар Ақбоз

Т ү с к і ұ й қ ы б а л а л а рд ы ң

есте сақтау қабілетіне пайдалы

Сіздің беліңіз ауыра ма? Бұл ауру мыңдаған адамның бойынан

табылады. Бірақ бұл емделмейді деген сөз емес. Ол белгілі бір жарақаттың

немесе қартаюдың нәтижесінде пайда болса да, одан арылуға болады. Егер

осы ауру түрі ұзақ уақытқа созылған болса, арнайы дәрігер маманға

жолығыңыз.

Алдымен аурудың себебін анықтаңыз. Көбінесе белдің ауырғаны

б і р н е ш е

а п т а н ы ң

і ш і н д е

ө з д і г і н е н

жазылады.

Егер 2 апта

і ш і н д е

жазылмаса,

т е р а п е в т

д ә р і г е р г е

жолығыңыз.

Ә д е т т е

а р қ а н ы ң

т ө м е н г і

бөлігі ауырады. Омыртқа емес, омыртқаны ұстап тұратын бұлшық еттер

шаршайды.

Себебі төмендегідей болуы мүмкін:

Қартаю;

Артрит;


Еттің өсуі;

Сынық;


Сколиоз секілді аурулар және т.б.;

Жақсылап демалыңыз. Күнделікті жүрген кезде, еңкейіп,

шалқайғанда, спортпен айналысқанда бел тұсындағы бұлшық ет жұмыс

істейді. Ол қанша мықты болса, соншалықты демалысты талап етеді.

Сондықтан төсекке жатып демалуды ұмытпаңыз.

- Қырыңызбен жатсаңыз беліңіз ауырмайды;

- Аяғыңыздың ортасына жастық қойып ұйықтап көріңіз;

- Орташа қаттылықтағы матрастарды сатып алуға тырысыңыз. Ол

белге түсетін салмақты жеңілдетеді.

·

·



·

·

·



Беліңіз ауырса...

Біз


,

сақтық


шараларын айтқан болатынбыз. Ендігі кезекте кеңестерге құлақ аспай, күн

сәулесінің астында көп жүріп, қорғанбай қалып, өздерін нашар сезінетін

жандарға қалай жәрдемдесу керектігін айтамыз.

Оның себебі ыстық желкеден миға әсер етеді, сондықтан да әр түрлі

белгілер біліне бастайды. Бас айналып, жүрегі қағып, тамыр соғуы жиілейді,

ентігеді, кейде лоқсып құсады. Бет қызыл-көк тартып алаулап кетеді.

Мұндай жағдайға қалай жәрдемдесу керек?

Басын жоғары көтеріп, астына сүлгі, киім-

кешекті жастық қылып жастайды. Киімдерінің түймесін ағытып, тыныс

алуға көмектеседі. Ауру есін жинап, өз-өзіне келсе, оған суық су ішкізіп,

басына суық суға малынған шүберек басады. Есі кіргенше бетіне суық су

бүркіп, мүсәтір спиртін иіскету қажет. Мүмкін болса бір-екі кесе кофе не

ащы шәй ішкізген жөн. Ол жүрек қан тамырларының жұмысын жақсартады.

Осыдан кейін дәрігер шақырту керек немесе жақын арадағы медициналық

бөлімшеге апару қажет.

Денеңізді қаймақ, сүт

немесе креммен сылап қойыңыз. Міндетті түрде, салқын су ішіп, көлеңке

жерде тынығып демалыңыз. Кері жағдайда күнсіп қалуыңыз мүмкін.

Алдымен көлеңкеде отырып, ыстықты басып алыңыз. Себебі,

күн сәулесінің әсерінен қан тамыры кеңиіп, суға түскен жағдайда олар

тарылып кетеді. Бұл жүрекке қатты әсер етеді.

Толық әйелдер арық әйелдерге қарағанда сезімтал келетінін

ғалымдар дәлелдеген. Бірақ та, күн сәулесіне әсер ету әр адамның

ағзасының төзімділігіне байланысты;

Әйелдер ерлерден гөрі күн сәулесіне шыдамды келеді. Алайда,

бұған қарамастан, аптап ыстықта ер адамдарға да, әйел адамдарға да күннен

қорғануы тиіс. Күн астында ұзақ жүруге тура келсе басқа жиегі жалпақ

қалпақ киіп немесе шашты орамалмен орап алу керек.

Аптап ыстықта нейлон, синтетика сынды маталардан тігілген

киімдерден аулақ болған жөн;

Сөмкеңіздің ішінде ылғалды майлықтардың болған абзал.

Ыстықтаған кезде денеңізді сүртіп, ылғалдап қойыңыз.

Күн көзі барлық адамдарға жаға бермейді. Қан қысымы жоғары,

қант диабеті, жүрек ауруы, ревматизм, туберкулез, қалқанша без сырқаты,

өкпе эмфиземасы, жүйке жүйе ауруларына шалдыққан жандардың күн

астында ұзақ жүрмегені абзал. Бұл жандар тіпті, күнге қыздырынбас бұрын

дәрігерге, жолығып, оның ақыл-кеңесіне сүйенгені жөн.

Ғазиза Ұзақ



Басын қорғамай, «күн өткен» кезде адам баласы күнсіп

қалады.

Алдымен, запа шеккен адамды көлеңкеге, жел соғып тұрған

жерге апарып жатқызу керек.

Жағажайда демалып, қатты қыздырынып, күн сәулесінен күйіп

қалған жағдайда, денеңізді суық сумен шайыңыз.

Күнге қыздырынған қалыпта бірден суға түсуге

болмайды.

Күн астында жүрместен бұрын, мына жайттарға назар

аударыңыз:

·

·



·

·

·



ыстық күннен қорғану күн сәулесін өтпес үшін

Күн өтіп кетсе...

Алматы облысы Ұйғыр аудандық Салық

басқармасының бұрынғы басшысы қағып

кеткен жүкті әйел мен оның 3 жасар ұлы

жақын арада ауруханадан шығарылмайды.

Бұл туралы №4 ҚКА-ның емдеу ісі жөніндегі

бас дәрігердің орынбасары Ж.Молдақұлов

мәлімдеді

Еске сала кетсек, Алматыда Жансүгіров

және Жұмабаев көшелерінің қиылысында Lexus

жол талғамайтын көлігінің жүргізушісі Бақыт

Құрмашев жүктіліктің 9 айында жүрген әйел мен оның 3 жасар ұлын қағып кетті.

Қазіргі таңда әйелдің халі орташа, ал балының халі ауыр. ЖКО-дан кейін шенеунік

оқиға орнынан ізін суытпақ болды. Тексеріс барысында жүргізушінің мас болғаны

анықталды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары

жүргізілуде

Алматыда шенеунік қағып кеткен

жүкті әйел ауруханадан әлі шығарылмайды

Қазақстанда жұмыс істейтін қазақстандықтардың 38%-ы өз

денсаулықтарына алаңдайды. HeadHunter Kazakhstan жүргізген зерттеу осындай

қорытынды шығарды, деп хабарлайды

тілшісі аталмыш компанияның

баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауалнамаға сәйкес, hh.kz жұмыс істейтін пайдаланушыларының жартысынан

астамы –59%-ы – жұмыста түскі ас ішу үшін бөлінген

уақытқа көңілдері толады. Респонденттердің төрттен

бірі (25%) түскі асқа жасалып отырған жағдай одан да

жақсы бола алатынын атап өтті. Ал 16%-ы жұмыста

тамақтануға арналған уақытқа, тамақ пен орынға

көңілдері толмайтынын айтты.

Сауалнамаға

қатысқандардың үштен бірінен астамы (34%) түскі

асты үйлерінен әкелуді жөн санайтынын жеткізді.

Тағы 28%-ы жақын маңдағы дәмхана, мейрамхана

немесе асханадан тамақтанады екен. Ал

қызметкерлердің 12%-ы түскі ас уақытында үйлеріне

барып, асықпай тамақтанып келуге үлгеретін

көрінеді. Ал 1%-ы мүлде түскі ас ішпейді. «Тамақтануға байланысты өз денсаулығыңыз

туралы ойланып көрдіңіз бе?» деген сауалға қазақстандықтардың 38%-ы өз

жағдайларына алаңдаушылық білдіретінін, алайда режимді өзгертуге мүмкіндіктері жоқ

екенін айтса, әрбір бесінші жұмысшы денсаулығында кінәрат бар екенін мәлімдеді.

Дегенмен де әрбір үшінші респондент түскі асты уақытында ішіп, дұрыс

тамақтанатынын, сондықтан алаңдауға еш себеп жоқ екенін жеткізді. Ал 11%-ы

денсаулықтарының мықты екеніне және организмдерінің барлығына төтеп беретініне

сенімді.Сауалнамаға ағымдағы жылдың 9-30 маусым аралығында 2,7 мыңнан астам адам

қ

а



т

ы

с



т

ы

.



BNews.kz

Жұмыс істейтін қазақстандықтардың

үштен бірі өз денсаулығына алаңдайды

№22  (24)  01

(

і)

шілде сейсенб 2014 жыл



Денсаулық

сыры

7

Қазір дәрі-дәрмектің түрі көп. Халық

дәріханалардан кез келген дәріні ешқандай

кедергісіз еркін сатып ала алады. Оның ішінде

маманның нұсқауынсыз берілмейтін препараттар

да бар. Ал мұндай ашық сауда халықтың дәріні өз

бетімен тұтынуына әкеліп соғады. Әсіресе,

көпшілік дәрігердің кеңесінсіз антибиотиктерді жиі

қолданады. Тіпті түшкірсе де осы дәрі түрінің

көмегіне жүгінетіндер бар. Ал

М.Оспанов

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина

университетінің №1 ішкі аурулар кафедрасының

жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты,

жоғары санатты дәрігер терапевт, кардиолог,

гастроэнтеролог Ерлан Базарғалиев пен кафедра

ассистенті, медицина ғылымының кандидаты

Айгүл Сартаева антибиотиктерді ретсіз тұтыну түбі

жақсылыққа апармайтынын айтады.

әртүрлі бактерияларға

б а й л а н ы с т ы т у ы н д а ғ а н

инфекцияларды емдеу кезінде

қолданылады және

адамның

барлық ағзаларына күшті әсерін

т и г і з е д і . Ә с і р е с е , а у ы р

инфекциялық аурулардан зардап

шеккендер осы дәрі түрі арқылы

ғана сауыға алады. Алайда, бұл кез

к е л г е н с ы р қ а т т ы ж а з у ғ а

көмектеседі дегенді білдірмейді.

Бірақ бүгінде ауырғанның бәрі

антибиотиктің көмегіне жүгінетін

болды. Ал дәріні жүйесіз қолдану

денсаулыққа қауіп төндіретіні

анық.

Е р л а н

Базарғалиевтің

Айгүл Сартаева.

І

Антибиотиктерді жиі пайдалану және

аталған дәрі түрінің бақылаусыз сатылуы

инфекциялық ауруларды емдеуде қиындықтар

тудырып отыр. Мамандар мәселенің алдын алмаса,

адам өміріне қауіп төнетінін айтады. Оның ішінде

дәрі-дәрмек сатылымына шектеу болуы қажет. Осы

ретте құзырлы орындар тарапынан антибиотик

саудасына қатаң қадағалау керек екені анық. Себебі

қазір әлемде бұл жайт ұлттық қауіпсіздік

мәселесімен қатар тұр деп айтуға болады.

Кәмшат ҚОПАЕВА

«Антибиотик» сөзі грек

тілінен аударғанда «autі» — қарсы

және «bіos» — тіршілік дегенді

б і л д і р е д і . А н т и б и о т и к т е р

микроорганизмдердің өсуін, көбеюін

тежейтін өсімдіктер мен жануарлар

жасушасынан алынған органикалық

зат. Олар

М.Оспанов атындағы Батыс

Қазақстан мемлекеттік медицина

университетінің №1 ішкі аурулар

кафедрасының жетекшісі, медицина

ғылымының кандидаты жоғары

санатты дәрігер терапевт, кардиолог,

г а с т р о э н т е р о л о г

айтуынша, бұл

мәселе тек қана біздің елдің емес,

Кеңес үкіметінің құрамында болған барлық

мемлекеттердің басында бар. Салыстырмалы түрде

алып қарасақ, бұл елдер

Еуропаға


қарағанда

антибиотикті төрт есе көп қолданады. Себебі біздің

елімізде ашық медициналық жүйе қалыптасқан, яғни

дәрі-дәрмектің барлығы дәріханаларда еркін

саудаланады. Ал Еуропа елдерінде

дәрі-дәрмек

сатылымы шектеулі, бұл мемлекет тарапынан қатаң

б а қ ы л ау ғ а а л ы н ғ а н . Н ау қ а с д ә р і г е р д і ң

нұсқаулығынсыз ешқандай антибиотикті сатып ала

алмайды.


дейді Ерлан Шаймерденұлы.



Антибиотиктерді өз еркімен жиі пайдалану ағзаның

микробтарға қарсы препараттарға төзімділігін

(резистенттілігін) арттырып, антибактериалды дәрілік

заттардың инфекциялық ауруларға қарсы тиімсіз

болуына әкеліп соғады.

дейді



Дәрігер антибиотиктерді қолданғанда оның

сапасына да ерекше мән беру керектігін айтады. Оның

ішінде түпнұсқа дәрілерді пайдаланған жөн. Алайда,

қазір дженериктер өтімді болып тұр. Ал дженерик

дегеніміз — патенттік мерзімі аяқталған дәрілердің

өндірісі. Мәселен, дәрі жасап шығарушы жаңа дәрі

ойлап тапқанда, оны алдағы жиырма жыл ішінде

өндіріп, сатуға тыйым салатын патентті иеленеді.

Сөйтіп, түпнұсқа дәрілерді шығарады. Ал жиырма

жылдан соң патент мерзімі аяқталып, дәріні шығаруға

басқалар да мүмкіндік алады. Сөйтіп, дәрінің

формуласы өзгереді. Технологияны жетілдіруге көп

шығын жұмсалмайтындықтан, әлгі дәрі дәл сондай са-

памен шықпауы ықтимал. Бірақ дженериктердің

бағасы сәл арзан. Түпнұсқа дәрілерді Ұлыбритания,

Швейцария, Голландия елдері шығарса, дженериктерді

өндіруде Қытай мен Үндістан алда келеді.

.



, —

дейді Айгүл Шынбергенқызы.

Е р л а н Б а з а р ғ а л и е в т ы ң а й т у ы н ш а ,

антибиотиктер бактериядан туындаған инфекциялық

аурулар кезінде тағайындалады. Бұндай дәрі түрі

суық тию немесе тұмау сияқты вирустық инфекциялар

кезінде тиімсіз. Мәселен, жөтел пайда болып, қызуы

көтеріліп, тұмаудың алғашқы белгілері байқала

бастаған сәттен-ақ дәрігердің кеңесінсіз антибиотик

қабылдауға дайын тұратындар бар. Алайда, бұл дәрі

түрі тұмаудан айығуды тездетпейді және аурудың басқа

адамдарға таралуын тоқтатпайды, қайта ауруды

емдеуді қиындата түседі.

дейді


Ерлан Базарғалиев.

Антибиотиктер ағзадағы

з и я н д ы ж ә н е п а й д а л ы

екендіктеріне қарамастан барлық

тірі микроорганизмдерді өлтіреді.

Сондықтан антибиотиктерді

қ а б ы л д а ғ а н к е з д е і ш е к

м и к р о фл о р а с ы н р е т т е й т і н ,

қ ұ р а м ы н д а б и ф и д о ,

л а к т о б а к т е р и я л а р ы б а р

препараттарды бірге ішкен жөн. Себебі антибиотиктер

ішектегі қажетті микроорганизмдерді жойып, ішектің

микрофлорасын бұзады. Ал иммунды жүйені

қалыптастыруға, организмге қажетті дәрумендердің

сіңірілуіне байланысты ішек микрофлорасының

атқаратын қызметі өте зор. Мәселен, ішкен асты өңеш

асқазанға жеткізсе, асқазан арқылы он екі елі ішек пен

аш ішекте сіңірілу процесі жүреді. Ал қажетті

микрофлора жойылып кеткен кезде адам түрлі асқазан-

ішек ауруына шалдығады. Пайдалы микрофлораны

қайта қалпына келтіру өте қиын. Қазіргі таңда бұндай

жағдай балалар арасында да бар. Ата-аналар

балаларына антибиотикті жиі береді. Жас

нәрестелерде қажетті микрофлоралар ана сүті арқылы

қалыптасып, өмір бойы сақталады. Ал антибиотиктер

баланың ішек микрофлорасын бұзып, ішек

дисбактериозының туындауына соқтырады. Соның

салдарынан балалардың іші қатады немесе іші өтеді.

Баланың иммунды жүйесі әлсіреп, инфекциялық

ауруларға төзімділігі төмендеп, аурушаң болады.



Шетелдегі шектеу

Антибиотиктердің пайдасы мен зияны

бірге жүреді. Ол іштегі зиянды және ағзаға қажетті

микроорганизмдерді қатар жояды. Сондықтан тек

қана дәрігердің нұсқауымен қабылдаған жөн. Себебі

маман емделушіні жан-жақты тексеруден өткізеді

және бұрын қандай аурумен ауырғанын, қазіргі

ауруының жағдайы қандай екенін анықтап, дәрі

тағайындайды. Осындай жағдайда ғана пациенттің

денсаулығы үшін терапияның тиімділігі артады,

Кез келген дәрі бауыр мен бүйрек арқылы

сыртқа шығарылады және олардың жағымды,

жағымсыз әсерл ері бол ады. С ол сияқты

антибиотиктердің де екі жақты әсері бар. Егер

оларды дәрігердің нұсқауынсыз пайдаланатын болсақ,

ағзаның өзге бір жерін ауруға шалдықтыруымыз

мүмкін.

Сондай-ақ, белгілі бір антибиотикті жиі

қабылдаған кезде сол препаратқа төзімділік артады,

яғни келесі ауырғанда ол дәрі көмектеспейді. Бұған

қоса ол адамның микробы антибиотикті мүлде

қабылдамаған адамға әсер етеді. Мәселен, өмірінде

антибиотик тұтынбаған адам ауырған кезде ол

антибиотикті ішсе пайдасы болмайды. Себебі

айналадағы адамдардың барлығы сол дәрі түрін

қабылдаған, микробтардың оған төзімділігі жоғары,

яғни өліп болмайды. Ол микроб

антибиотик

қабылдамаған адамға келген уақытта әлгі дәрі түрін

«біледі», «таниды», сөйтіп өте төзімді микробқа

айналады. Ал қажетті дәрінің пайдасы болмаған

кезде науқасқа көмектесу өте қиын. Сондықтан

дәрігерлер антибиотик тағайындаған кезде науқасты

жан-жақты тексеруден өткізіп, оның қандай

антибиотикке сезімталдығы бар екенін анықтауы

керек. Қазір әлемде «DOTS» бағдарламасы бойынша

туберкулезге қарсы төрт антибиотик қолданылады.

Алайда, ұзақ жылдардан бері белгілі бір дәрі түрлерін

қолданусол препараттарға төзімділікті арттырған.

Қазір медицина мамандары аталған ауру түрін

емдеуде

қиындықтарға тап болып отыр, —

Мәселен, халқының әлеуметтік жағдайы

төмен елдерде пенициллин тәрізді арзан, ал бай

мемлекеттерде қымбат антибиотиктерге төзімділік

жоғары болады. Халық дәріні әлеуметтік жағдайына

байланысты тұтынады Біздің елімізде дәрінің екі

түрі де бірдей қолданылады. Бірақ маман ретінде

түпнұсқа дәріні тұтынуға кеңес беремін. Түпнұсқаны

қарапайым адамдар ажырата алмайды. Оны дәрігер

ғана біледі. Сондықтан дәрігерге түпнұсқа дәрі

жазып беруін сұрағанның ешқандай айыбы жоқ

— Мәселен, дәрігерге келген науқастың

жөтелі бар, қызуы жоқ. Бірақ мамандардың көпшілігі

жөтелдің қандай екенін түбіне дейін анықтай

бермейді. Ол аллергиялық па, бактериалдық па,

нақтыланбайды. Бұған қоса антибактериалды

терапияның өзі амбулаторлық және стационарлық

болып екіге бөлінеді. Мәселен, өкпе қабынуы ауруының

қ о з д ы р ғ ы ш т а р ы н а б а й л а н ы с т ы о л а р ғ а

антибиотиктер әртүрлі тағайындалады. Себебі

бірінші, екінші қатардағы және резервтегі

препараттар бар. Аурудың қоздырғышына

байланысты алғашқыда бірінші қатардағы

антибиотиктер тағайындалуы мүмкін. Бірақ көп

жағдайда осы тәртіп сақтала

б е рм е й д і . Д ә р і г е р н е м е с е

фармацевт науқасқа бірінші

қатардағы емес, аса қиын

жағдайда қолданатын резервтегі

антибиотик түрін беруі мүмкін.

Б ұ ғ а н қ о с а д ә р і н і н і ң і ш у

ұ з а қ т ы ғ ы н са қ т а м а й т ы н ,

уақытында қабылдамайтын

н а у қ а с т а р б а р . М ә с е л е н ,

антибиотиктің бір түрін сегіз

сағат сайын қабылдауқажет

болса, екіншісінің ұзақтығы он екі

сағат болады. Науқастар осы

тәртіпті бұзған жағдайда

қ а н д а ғ ы ж а ғ ы м с ы з

м и к р о о р г а н и з м д е р б і р е с е

төмендеп, біресе жоғарылап, өте

т ө з і м д і м и к р о о р г а н и з м г е

айналады. Осыдан кейін науқасты

емдеуқиынға түседі, —

Дженерик түпнұсқа бола ала ма?

шек микрофлорасына антибиотиктің

әсері

Антибиотик те ауру тудырады

№22  (24)  01

(

і)

шілде сейсенб 2014 жыл



Меншік иесі:

жауапкерлігі

шектеулі серіктестігі

Бас редактор

Гүлназ Абдраманова

Тілші


“Алтын Бесік

Қызылорда”

Ақтолқын Нұрыбаева

Газет Қазақстан

Республикасы

Байланыс және

ақпарат Министрлігі

Ақпарат және

мұрағат комитетінде

жылдың

сәуірінде тіркеліп,



тіркеу туралы

куәлігі



берілген.

2013


2

13490-Г


индекс

65119


Редакцияны

25

ң мекен



жайы: Қызылорда

қаласы, Панфилов

көшесі, №

үй

Телефон-факс:



23-18-00

Таралымы


6000 дана

Таралу аймағы:

Қазақстан Республикасы

Жекелеген

авторлардың пікірі

редакцияның көзқарасын

білдірмейді,

қолжазбалар

қайтарылмайды,

“Денсаулық сыры”

газетінде

жарияланған

мақала көшіріліп

басылса,


сілтеме жасалуы

міндетті.

Г

49

8 7242 27-61-62



азет редакцияның

компьютер орталығында

теріліп, беттелді.

“ПРИНТ” баспаханасында

басылды.

Қызылорда қаласы,

Байтұрсынов көшесі,

үй

Телефон:



E-mail:

densaulyk.syry.13@mail.ru

Денсаулық

сыры

8

Қолдың дірілдеуі немесе қалтырауы – сырт

көзден жасыруға келмейтін аса жағымсыз құбылыс. Ол

жүйке жүйесінің бұзылғандығын білдіріп, көптеген

жағымсыз аурулардың белгісі болуы мүмкін. Бөгде

адамдар мұны әшкереленуден қорқыныш деп немесе

алкогольді сусындарды шамадан тыс тұтынатын адам

деп қабылдауы мүмкін, алайда шындығында олай

емес. Қалай болғанда да қолдардың қалтырауы – уақыт

салмай дәрігерге қаралуға себеп.

Ең көп таралған қалтыраулардың бірі –

ешқандай аурумен байланысы жоқ қатерсіз қалтырау.

Ол көбіне жасөспірімдік шақта немесе жастық кезеңде

көп кездеседі. Бастапқыда қатты сезілгенімен, кейін із-

түзсіз өзі кетіп қалады. Кейде бір қол қалтырап бастап,

екінші қолға өтеді, ал кейде тіпті иек, тіл, бас та бірге

дірілдеуі мүмкін. Мұндай жағдайда адамның қандайда

бір әрекет жасауы қиындай түседі, тіпті кесе ұстауға да

икемі келмей қалады. Ал уайымдаған кезде немесе

алкогольді ішімдіктер ішкенде қалтырау тіпті үдей

түседі. Егер қалтыраудың себебі уайымшылдықтан

болса, көбіне жүйке жүйесін тыныштандыратын

препараттар ұсынылады.

Қол қалтыраудың тағы бір түрі – постуральді

қалтырау. Ол тұқым қуалаудан, әсіре мазасыздық

салдарынан немесе қалқанша безі функциясының

бұзылуынан болуы мүмкін. Қалтыраудың бұл түрі

абстиненция салдарынан көбіне маскүнемдер мен

нашақорларда болады. Кейбір күшті әсер ететін

дәрілерді шектен тыс пайдалану да постуралды

қалтырауға себеп болуы мүмкін. Мұндай дәрілерге

есуастандырғыш препараттар мен бронхты кеңейтетін

дәрілер жатады. Сонымен қатар сынап сияқты ауыр

металлдардың тұздарымен улану да осындай

қалтырауға себеп бола алады. Жағдайды бақылауда

ұстауға тырысу мен қолдың дірілін азайтуға күш салу

оның одан бетер үдей түсуіне ықпал етеді.

Қалтыраудың бұл түрі ұсақ аршынды болып келеді,

мұны аурудың қолын алдыға созып, саусақтары жаюлы

күйінде жақсы байқауға болады.

Интенционды қалтырау – мишық ауруының

салдарынан болады. Ол әсіресе қимыл-қозғалыс

аяқталып, нысанаға жақындай түскен кезде байқалады

(мысалы, көз жұмулы қалпында саусақпен мұрынның

ұшына тигізуге тырысу). Қалтыраудың бұл түріне

астериксис, немесе флеппинг-

тремор жатады. Бұлар тұқым

қуалайтын қатты аурулардың

бірі – Вильсон-Коновалов

ауруының белгісі болуы

мүмкін, сонымен қатар

бүйрек, бауыр және орталық

м и з а қ ы м д а н у ы н ы ң

салдарынан да болып жатады.

Мұндай қатты ауруларға

П а р к и н с о н ау р у ы н д а

жатқызуға болады. Аурудың

негізгі белгісі – қолдардың

әрдайым дірілдеп тұруы. Қалтыраудың бұл түрі 60-

тан асқанда, яғни егде жаста пайда болады және

жазылмас дерттің бірінші белгісі болып табылады.

Қазіргі таңда дәрігерлер бұл аурудың таралуын

баяулата ғана алады, сондықтан Паркинсонды

уақытында анықтап, емдік шараларды ертерек

бастау маңызды.

Егер қолдардың дірілдеуі маскүнемдік

немесе Парксинон ауруының салдарынан болмаса,

ол мидың зақымдану салдарынан, сонымен қатар

жүйке жүйесінің бұзылуынан: стресс, күйзеліс,

эмоционалды және психикалық ауыртпалықтан да

болады. Кейде ол көп кофе ішетін адамдарда пайда

болады. Мұндай жағдайда ол спонтанды, қолдардың

жыбырлап дірілдеуі сияқты білінеді.

Көпшілік алдында сөз сөйлеуден болатын

толқу немесе ұрыс-керіс кезінде алынатын қатты

стресс көбіне таныс. Мұндай сәтте бұрын білінбеген

болса да көптеген адамдардың қолдары дірілдеп,

қалшылдай бастайды. Алайда бұдан қорқудың

қажеті жоқ – бұл ағзада орын алған табиғи

физиологиялық реакция. Қанға кенеттен енген көп

м ө л ш е р д е г і с т р е с с г о р м о н ы а ғ з а н ы

м о б и л и з а ц и я л а н д ы р ы п , ф и з и к а л ы қ

мүмкіндіктерінен шектен тыс жұмыс істеуіне

итермелейді. Мәселе қолдардың жеңіл дірілімен

аяқталса жақсы. Егер денеңіз қатты қалшылдап, оған

қоса қолдарыңыз қалтырай бастаса мұндай

реакцияны истерикалық деуге болады, бұл жүйке

жүйесінің функционалды бұзылуын білдіреді және

тез арада дәрігерге қаралу ұсынылады.

Егер толқу салдарынан қолдарыңыз қалтырайтын

болса, дәрігерге тек ара-тұра, маңызды оқиғалардың

алдына ғана тұтынуға болатын препараттар жазып

беруін сұрауға болады.

Егер жүйкенің жұқаруы қолдардың

қалтырауын тудырса, сабырға келуге тырысып,

психологиялық зақымға ұрындырған жағдайдан

барынша көңіліңіз бөлінуін қадағалаңыз.

Ақыл-ой еңбегімен айналысқан жағдайда

және эмоционалды шаршағандықтан қолдардың

дірілдеуі пайда болғанын сезсеңіз, миды сергітуге

тырысыңыз. Эмоционалды шаршағандықты толықтай

босаңсу мен медитация арқылы басуға болады.

Физикалық жаттығулар жасаңыз: бассейнде жүзіңіз

немесе алаңда 5-10 км жүгірсеңіз болады.

Қолдардың қалтырауы ағзаға физикалық күш

түсу салдарынан болғанда, эфир майлары қосылған

денені босаңсытатын жылы ванна қабылдауға

тырысыңыз. Сонымен қатар жүйкені баяу әуендер,

орманның шуы, құстардың сайрауы, теңіз суының

ағынын тыңдау арқылы да тыныштандыруға болады.

Егер қолдар ауыр күш түсіру жаттығуларынан

дірілдейтін болса, дереу үзіліс жасаңыз – мұндай

жаттығулар бәрібір пайда әкелмейді, керісінше

орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әсер етуі мүмкін.

Қалған жағдайларда, ешқандай себеп көріп тұрмаған

болсаңыз немесе қолдарыңыз қандайда бір аурудың

салдарынан дірілдеп жүргенін сезсеңіз, невролог пен

эндокринологқа қаралғаныңыз жөн, екіншісі

қалқанша безінің жұмысын тексерістен өткізеді.

Қол дірілінің түрлері

Қалтыраудың себептері

Қол қалтыраса не істеу керек?

Анар Мұстафина

Қол дірілдесе...

Дәрігерлер мен психологтардың кеңесі

Ақтөбеде жыл басынан бері 239 адам жұқпалы жедел ішек

дертімен ауырса, оның 80%-ы – балалар.

Сальмонеллез ауруын 18 адам жұқтырған. Оның 10-ы –

жеткіншектер. Жалпы көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен

салыстырғанда 14%-ға төмендегенімен, ауруға бой алдыратын

балалардың көбеюі алаңдаушылық тудырып отыр. Ішек

ауруының 16%-ы науқастарға ет пен сүт өнімдерінен, 38%-ы

салат пен жұмыртқадан жұққан. Мамандардың айтуынша, дертті

үй жағдайында жұқтыратындар көбейген. Мейірім Сұлтанова,

Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

- Екі жасқа дейінгі балалар көбінесе жедел ішек ауруларының

арасында тіркеліп отыр. Өйткені ата-аналары жеке бас

гигиенасын дұрыс сақтамай, жуылмаған жеміс жидекті,

тағамдарды беруі байқалып отыр.

Қайтыс болған азамат

__

_



_

қайтыс болған күні _

_,

Қызылорда қаласының нотариусы



М.К.Бердалиевада мұралық істің

ашылғандығын хабарлаймын.

Мұрагерлер болса

мына мекен-жайға хабарласуын сұраймын:

Қызылорда қаласы,

Шұғыла мөлтек ауданы, №25 үй,пәтер

№81/82 тел-факс: 20-15-81

сот: 8-702-777-27-22; 8-701-478-02-49

Қасымханов Абильдахан

13.10.2013ж



Ақтөбеде балалар арасында жұқпалы дерт көбейген

№22  (24)  01



(

і)

шілде сейсенб 2014 жыл






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал