Республика казахстан названия административно территориальных единиц



жүктеу 6.65 Mb.

бет1/44
Дата07.09.2017
өлшемі6.65 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕР 

АТАУЛАРЫ 

 

 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН 

НАЗВАНИЯ АДМИНИСТРАТИВНО-

ТЕРРИТОРИАЛЬНЫХ ЕДИНИЦ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты осы еңбегін Қазақстан 



Республикасы  тәуелсіздігінің  25  жылдық  мерейтойына  тарту  ретінде 

ұсынады. 

 

 

Институт языкознания им. А.Байтурсынова посвящает данный труд 25 



летию независимости Республики Казахстан. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 



БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ 

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ТІЛ БІЛІМІ ИНСТИТУТЫ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ 

ТІЛ КОМИТЕТІ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ 

ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІКТЕР АТАУЛАРЫ 

 

АНЫҚТАМАЛЫҚ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ұйымдастырушы  басшы:  Қ.Қ.Рысберген,  филология  ғылымының 

докторы, доцент 

 

Жалпы  редакциясын  басқарған:  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 



сыйлығының  лауреаты  және  Ш.Уәлиханов  атындағы  сыйлықтың  лауреаты, 

филология ғылымының докторы, профессор Т.Жанұзақов. 

 

 

 



 

 

Алматы, 2016 



 

 

 



 

А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының  Ғылыми  кеңесі 

ұсынған. 

«Қазақстан  Республикасы.  Әкімшілік-аумақтық  бірліктер  атаулары. 

Анықтамалық», 2016 ж. 

 

Редакциялық  алқа  мүшелері:  Ә.Т.Қайдар,  ҰҒА-ның  академигі, 



Ө.А.Айтбаев,  ҰҒА-ның  академигі,  К.Ш.Хұсайын,  филология  ғылымының 

докторы,  профессор,  З.М.Базарбаева,  ҰҒА-ның  корр.  мүшесі,  филология 

ғылымының  докторы,  профессор,  М.М.Малбақов,  филология  ғылымының 

докторы,  профессор,  А.М.Фазылжанова,  филология  ғылымының кандидаты, 

Т.Жанұзақов, филология ғылымының докторы, профессор, Ш.К.Құрманбаев, 

ҰҒА-ның  корр.  мүшесі,  филология  ғылымының  докторы,  Қ.Қ.Рысберген, 

филология ғылымының докторы, доцент. 

 

Құрастырушылар:  Т.Жанұзақов,  Қ.Қ.Рысберген,  Н.Б.Оңғарбаева, 



А.Д.Серікбаева, Н.Т.Бармешова. 

 

Пікір  жазғандар:  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор 



Н.Уәли,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  А.Қ.Жұбанов, 

география ғылымдарының докторы, профессор К.Д.Қалимулдинова. 

 

Назарларыңызға  ұсынылып  отырған  бұл  еңбекте  республикамыздың 



әкімшілік-аумақтық  бірліктеріндегі  19  мыңға  жуық  атауларды  (елді  мекен 

атаулары мен басқа да нысандарды) қамтып, олардың мемлекеттік қазақ тілі 

мен ресми орыс тіліндегі дұрыс жазылу нұсқаларын ұсынып отырмыз. 

Еліміздегі  ономастиканың  бүгінгі  таңдағы  қолдану  аясы  мен  жұмсалу 

қызметінің  арта  түсуі,  оның  топонимия  саласының  мемлекеттік  мекемелер 

мен акционерлік қоғамдар, ауыл шаруашылық саласы мен білім беру ісінде, 

ғылыми-зерттеу  мекемелерінде,  картографиялық,  геодезиялық  және  әскери 

штабтар  мен  бұқаралық  ақпарат  құралдары  және  заң  орындарында  кеңінен 

пайдалануымен, 

әсіресе 


халықаралық 

мәнінің 


күшейіп, 

шетел 


мемлекеттерінде жиі қарым-қатынасқа түсуімен ерекше сипат алуда. 

Бұл  анықтамалық  –  Республикамыздың  елді  мекен  атауларын 

мемлекеттік қазақ тілінде, оның орысшасын ресми орыс тілінде көпшіліктің 

дұрыс жазуына арналған аса қажетті құрал.   

 

 

 



© А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2016 ж. 

 

 



 

 

 

 



 

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

КОМИТЕТ НАУКИ 

ИНСТИТУТ ЯЗЫКОЗНАНИЯ ИМ. А.БАЙТУРСЫНОВА 

МИНИСТЕРСТВО КУЛЬТУРЫ И СПОРТА 

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН 

КОМИТЕТ ПО ЯЗЫКАМ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН 

НАЗВАНИЯ АДМИНИСТРАТИВНО-ТЕРРИТОРИАЛЬНЫХ ЕДИНИЦ 

 

СПРАВОЧНИК 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Руководитель темы: К.К.Рысберген, доктор филологических наук, доцент 



 

Под общей редакцией:  Лауреата Государственной  премии Республики 

Казахстан  и  лауреата  премии  им.  Ч.Ч.Валиханова,  доктора  филологических 

наук, профессора Т.Джанузакова  

 

 

 



 

Алматы, 2016 



 

 



 

Рекомендован  Ученым  советом  Института  языкознания  им. 

А.Байтурсынова. 

«Республика  Казахстан.  Названия  административно-территориальных 

единиц», 2016 г. 

 

Редакционная  коллегия:  А.Т.Кайдар,  академик  НАН,  У.А.Айтбаев, 



академик  НАН,  К.Ш.Хусаин,  доктор  филологических  наук,  профессор, 

З.М.Базарбаева,  член-корр.  НАН,  доктор  филологических  наук,  профессор, 

М.М.Малбаков, 

доктор 


филологическаих 

наук, 


профессор, 

А.М.Фазылжанова,  кандидат  филологических  наук,  Т.Джанузаков,  доктор 

филологических наук, профессор, Ш.К.Курманбаев, член-корр. НАН, доктор 

филологических наук, К.К.Рысберген, доктор филологических наук, доцент. 

 

Составители: 



Т.Джанузаков, 

К.К.Рысберген, 

Н.Б.Онгарбаева, 

А.Д.Серикбаева, Н.Т.Бармешова. 

 

Рецензенты: 



 

Предлагаемая  вниманию  читателей  данная  работа  является  наиболее 

полным 

 сводом  новых  и  древних  наименований  населенных  пунктов  и 



крупных физико-географических  и других объектов, активно употребляемых 

и  широко функционирующих  в  общественно-политической,  экономической, 

научной сфере на территории Республики Казахстан. 

Справочником  охвачено  около  19  тысячи  топонимов  с  указанием  их 

правильного  написания  на  государственном  (казахском)  и  официальном 

(русском) языках.



 

Правильное написание топонимов республики на казахском и русском 

языках имеет не только исключительно научно-практическое значение, но и 

государственное,таккакпроблема  унификации  и  стандартизации  топонимов 

суверенного  государства  –  Республики  Казахстан  на  сегодня  является 

актуальной  в  связи  с  неизмеримовозросшимиконтактами  с  мировым 

сообществом,  выходом  его  на  международную  арену,  сотрудничеством  в 

различных сферах жизни общества. 

Данный  справочник  предназначается  для  всех,  интересующихся 

вопросами  правильного  написания  на  государственном  (казахском)  и 

официальном (русском) языках населенных пунктов Республики Казахстан.

 

 



 

© Институт языкознания им. А.Байтурсынова, 2016 г. 



 

 

 

 

Алғы сөз 



 

Халқымыздың  ғасырдан  ғасырға  ұласып  келе  жатқан  бай  мұрасының 

бір  сарасы  жер-су  аттары  (топонимия)  –  атадан  балаға,  ұрпақтан-ұрпаққа 

жетіп,  кейінгі  буындарға  мирас  болып  отырған  зор  байлығымыз.  Олардың 

құрамында  көне  замаңдардың  рухы  ретіңде  сақталған  жүздеген  «қарт» 

атаулармен  қатар  жаңа  дәуір  атаулары  да  сан  мың.  Бұл  атаулардың  өн 

бойында  жекелеген  сөздердің  ғана  тарихы  емес,  азаматтық  тарихтың, 

халықтың  болмысы  мен  мінез-құлқы,  тірлік-әрекетінің  сипаты,  әдет-ғұрып, 

салт-санасының, ел тарихының қат-қабат сыры жатыр. 

Олай  болса,  жер-су  аттары  –  халық  тілі  мен  мәдениетінің  кемел 

байлығы,  мәңгілік  тарихи  мұрасы.  Оларды  жаппай  жинап,  есепке  алып 

хаттау,  ана  тіліміз  бен  ұлттық  тарихымыздың  сыр-сипатын,  халқымыздың 

этномәдени  құбылыстарын  тереңдей  зерделеп  зерттеу  үшін  де  аса  қажетті, 

өте қымбат бағалы дерек болары сөзсіз. 

Жер-су  аттарының  шығу,  қалыптасып  дамуында  лингвистикалық 

факторлармен  қатар  табиғат  құбылыстарының,  жер  бедері  мен  көрік-

келбетінің ерекшелік сыр-сипаты, бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихи, 

әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  өзгерістердің  жай-жапсарлары  тайға 

таңба  басқандай  анық  та  айқын  көрініс  береді.  Олар  өткен  өміріміз  бен 

тірлік-болмысымыздың  рухани  байлығына  тән  мәдени  ескерткіш  ретінде 

ғана  құнды  емес,  бүгінгі  таңда да  стратегиялық  тұрғыдан зор  мән-мазмұнға 

ие.  Өйткені  әрбір  қоғам  өмірі  тарих  деңгейінде  қандай  да  бір  оқиға 

болмасын, жер-су аттарының қатысынсыз болған емес. Олар заман ағымына 

сай толысып, қазіргі өмірімізде де ерекше қызмет атқаруда. 

Республикамыздағы  миллиондаған  жер-су  аттарының  сыр-сипаттары 

мен  қойылу  себептері,  аталу  заңдылықтары,  тарихи  даму  жолдары 

ғасырлармен  үндес  жатыр.  Еліміздегі  көл  аттарының  саны  50  мыңнан  асып 

жатса, өзен аттарының 85 мың болуы ғажайып құбылыс емес пе?! 

А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  Институтының  кезіңде  бұл 

мәселеге  ден  қойып,  1981-1990  жылдары  210  мың  жер-су  атгарын  жинап, 

топонимиялық  картотека  қорының  негізін  қалауы,  ҚР  Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың  бастамасымен  1998  ж.  «Халықтар  бірлігі  және  ұлттық 

тарих  жылын»  өткізу  барысында  қазақ  халқының  этномәдени  мұрасын 

(фольклор,  этнография,  ономастика)  жинау  бойынша  кешенді  экспедиция 

ұйымдастырып, республикамыздың 14 облысының жер-су аттарын жинатуы 

нәтижесінде  мыңдаған  топонимдік  материалдар  әкелуі  Институтың 

топонимиялық картотека қорын молайта түсті. Бұл істі жалғастыра беру үшін 

Институтта  мемлекеттік  топонимиялық  каталог  құрудың  да  мәні  айрықша 

болмақ.  Бұрынғы  материаддар  негізіңде  соңғы  жылдары  докторлық, 

кандидаттық диссертациялар қорғалумен қатар «Орталық Қазақстанның жер-

су аттары» (1989), «Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған 

облысы» (1990), «Қазақстан географиялық атаулары. Ақмола облысы» (1998) 

және  «Атажұрт-Отечество»  (1998),  «Қазақстан  географиялық  атаулары. 


 

Алматы  облысы»  (Т.Жанұзақов  авторлығымен, 2005  ж.)  атты  жарық  көрген 



көлемді еңбектер зиялы ортаға кеңінен танымал. 

Институттың  топонимиялық  картотека  қорындағы,  сондай-ақ  1998 

жылғы  «Халықтар  бірлігі  және  ұлттық  тарих  жылы»  ұйымдастырылып 

жиналған  экспедиция  материалдары  негізінде»  А.Байтұрсынұлы  атындағы 

Тіл білімі институтының ономастика бөлімі 2001 ж. еліміздің тәуелсіздігінің 

10  жылдығына  арнап,  «Қазақстан  Республикасының  топонимиясы. 

Топонимия Республики Казахстан» атты жаңа еңбегін жарыққа шығарған еді. 

Егер де картотекалық қордағы бұл қыруар материалды дерлік қамтып, 

сөздік  шығарар  болсақ,  кемінде  ондаған  том  құрайтыны  сөзсіз.  Әлбетте,  ол 

материалдарды ғылыми електен өткізіп зерттеу және сөздік ретінде жариялау 

болашақта  да  орындала  берер  шаруа  болмақ.  Қолда  бар  мол  материалды 

сұрыптап, саралап екшей отырып, олардың ішінен қазіргі қоғам өмірінде жиі 

қолданылатын, кызмет аясы өте кең, мемлекет сұранымына тікелей қатысты 

атауларды  ғана,  атап  айтқанда,  республикамыздың  әкімшілік-аумақтық 

бірліктеріндегі  елді  мекендер  мен  ірі  физикалық-геофафиялық  объектілер 

атауларын  қамтып,  қазақ  және  орыс  тілдеріңде  жариялауды  жөн  көріп 

отырмыз.  

Облыстар  мен  аудаңдардың,  қалалар  мен  қалашық,  кенттердің 

(поселкелердің),  теміржол  стансалары  мен  байланыс  бөлімдерінің,  ауыл, 

село,  поселкелердін  аттарын  қамтып  отырмыз.  Бұл  атаулардың  барлығы  да 

республикалық,  облыстық,  аудандық  топокарталарда  берілумен  қатар, 

әкімшілік-аумақтық  бірліктерде,  тарихи-географиялық  анықтамаларда, 

оқулықтар  мен  оқу  құралдарыңда,  мемлекеттік  құрылымдардың  іс 

қағаздарыңда, байланыс бөлімдері мен транспорт (көлік) жүйелерінде, түрлі 

дипломатиялық  құжаттарда,  халықаралық  қатынас  жүйелерінде,  ішкі  істер 

мен  әділет  министрліктеріңде,  баспасөз  бен  бұқаралық  ақпараттарда,  білім 

беру  орындары  мен  ғылыми-зерттеу  институттарында  кеңінен  қолданылып

күнделікті өмірімізде ерекше қызмет атқаруда. 

Ол  атаулардың  мемлекеттік  тілде  айтылып,  жазылуы  ана  тіліміздің 

орфографиялық  ережесіне  сай,  әдеби  тіл  нормасына  лайық  болғанмен, 

орысша таңбаланып жазылуында кемшіліктерден құралақан емес еді. Мұның 

басты  себебі  –  күні  бүгінге  дейін  өздеріңізге  ұсынып  отырғандай  екі  тілді 

анықтама-кітаптың  үздіксіз  жарық  көрмей  келгендігі.  Қазақ  топонимдерін 

орыс  тілінде  транскрипциялаудың  ғылыми-  практикалық  мәнінің  ерекше 

екені  даусыз  мәселе  екені  баршаға  аян.  Өйткені  қазақ  топонимдерінің  орыс 

тіліндегі  транскрипциясын  нақты  беріп,  дұрыс  жазу  мемлекетіміздін  ішкі 

өмірінде  ғана  емес,  халықаралық  тұрғыдан  да  маңызды  мәселе. 

Республикамыздың әкімшілік-аумақтық бөліктеріндегі елді мекендер мен ірі 

физикалык-географиялық  объектілер  атаулары  әлем  тілдерінің  көбінде 

қарым-қатынасқа  түсіп,  халықаралық  дәрежеде  қызмет  атқарып  отырғаны 

баршаға  мәлім.  Осы  ретте  республика  топонимдерін  халықаралық  тұрғыда 

стандарттау  ұлттық  стандарттаумен  тығыз  байланысты  болып  келеді.  Бұл 

еңбектегі  қазақ  топонимдерінің  орысша  транскрипциясы,  олардың  орысша 

беріліп,  дұрыс  жазылуы  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 



10 

 

министрлгі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты және география 



институты,  Қазақстан  Республикасы  Агенттігінің  жер  байлығы  басқармасы 

тарапынан  2002  ж.  жарық  көрген  «Инструкция  по  русской  передаче 

казахских  и  казахской  передаче  русских  географических  названии 

Республики 

Казахстан» 

атты 


еңбек 

басшылыққа 

алынды. 

Бұл 


«Инструкцияның  кейбір  ережелері  мен  параграфтары  қазақ  тілі 

орфографиясының  жаңа  ережесіне  сай  және  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  «Қазақстан  Республикасы  бірліктерінің  атауларын  реттеу 

туралы»  Жарлығын  басшылыққа  ала  отырып,  филология  ғылымының 

докторлары  Т.Жанұзақов  және  Қ.Қ.Рысбергенова  тараптарынан  өңделіп, 

тиісті дәрежеде толықтырылды. 

1990-2015  жылдары  бұрынғы  Жоғарғы  Кеңес  Президиумы  мен 

Қазақстан 

Республикасы 

Президентінің 

Жарлықтары 

бойынша 


республикамызда  жүздеген  елді  мекендер  мен  темір  жол  стансаларының, 

сондай-ақ  байланыс  орындарының    аттары  өзгертіліп,  тарихи  атаулар 

қалпына  келтірілді.  Облыстар  мен  аудандардың  әкімшілік-аумақтық 

құрылыстарына  өзгертулер  енгізілді.  Осы  жағдайларды  толық  ескере  келіп, 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  1998  жылғы  5  қазандағы  №4106 

Жарлығындағы  «Тілдердің  қызмет  аясы  мен  даму  туралы  Мемлекеттік 

бағдарламасының»  Терминологиялық  және  ономастикалық  жұмыстар» 

туралы  6  бабының  47-тақырыпшасында  «Қазақстан  Республикасының 

әкімшілік-аумақтық  бірліктері  атауларының  анықтама-сөздігін»  дайындап, 

жүйелі түрде жиі-жиі шығарып тұру қамтамасыз етілсін» деп көрсетілді. 

Жоғарыда  көрсетілген  Жарлықтарды  басшылыққа  ала  отырып,  біздер 

Республикамызда  алғаш  рет  мемлекеттік  тілде  жазылған  «Қазақстан 

Республикасындағы  Мемлекеттік  және  әкімшілік-аумақтық  бірліктер 

атаулары» атты жаңа үлгіде жазылатын анықтама-сөздікті тәуелсіздігіміздің 

25  жылдық  мерекесіне  ұсынып  отырмыз.  Онда  қазақ  топонимдерін  орысша 

таңбалау мен қазақша нұсқасын қазақ тілінің орфографиялық ережесіне сай 

әдеби нормада жазу принциптері теориялық тұрғыдан қарастырылды. Жалпы 

бұл анықтама-сөздіктің қолданбалылық мәні ерекше. 

Демек,  бұл  анықтамалық  құралдың  көкейкестілігі  мен  өзектілігі 

Қазақстан  Респубикасындағы  мемлекеттік  және  әкімшілік-аумақтық 

бірліктердің атауларын дұрыс жазып, анық айтуға бағытталған жаңа да тың, 

қолданбалы мәні аса жоғары анықтағыш еңбек болып есептеледі. 

Қазақстан  топонимиясының  қазіргі  жағдайдағы  даму  кезеңі  –  оның 

саяси-қоғамдық,  әлеуметтік  қызметінің  арта  түсуімен,  атап  айтқанда,  алуан 

саладағы кәсіпорындар мен мекеме, ұйым, акционерлік қоғамдар мен бизнес, 

халықтық банктердің, жалпы мемлекеттік басқару орындарының мемлекеттік 

тілде  іс  қағаздарында  белсенді  түрде  тұрақты  қолданылуымен  тікелей 

байланысты.  Әсіресе  респуликамыздағы  әкімшілік-аумақтық  бірліктері 

атауларының  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  күнделікті  қарым-қатысасқа 

түсуі,  жоғары,  орта  білім  беру  орындары  мен  ғылыми-зерттеу 

институттарында,  картографиялық,  геодезиялық  және  әскери  штабтарда 

кеңінен қолданысқа ие болуы да толық айғақ. 



11 

 

Кемелденіп,  жер  жүзіне  белгілі  болған  қуатты  республикамыздың 



халықаралық аренаға шығып танылуы, қоғам өмірінің алуан салаларындағы 

жүргізіліп  жатқан  ынтымақтастықпен  байланысты  еліміздің  топонимдерін 

стандарттау, бір қалыпқа, нормаға түсіру өте көкейтесті де өзекті мәселенің 

бірінен  саналады.  Өйткені  ел,  жер-су,  елді  мекен  және  ірі  физикалық-

географиялық  нысандар  (объектілер)  атаулары  көптеген  әлем  елдерінде 

белсенді түрде қолданылып, қарым-қатынас аясында қызмет етуде. 

Жалпы  мемлекеттік,  қоғамдық-әлеуметтік,  саяси-мәдени    тұрғыдан 

маңызы жоғары осы жұмысты орындау барысында негізгі де басты материал 

проф.  Т.Жанұзақовтың  жалпы  редакциясымен,  еліміздің  тәуелсіздігінің  он 

жылдығына  орай  2001  ж.  жарық  көрген  «Қазақстан  Республикасының 

топонимдері. Топонимия Республики Казахстан» (А., 2001, 425 б.) атты еңбек 

болды.


 

Осы  еңбектегі  елді  мекен  атауларын  соңғы  жылдары  жарық  көрген 

бірнеше  облыстардың  атаулар  сөздіктерімен  салыстырып,  бұынғы 

еңбегімізге  енбей  қалған  кейбір  атауларды  қосып  толықтырдық.  Осымен 

қатар  Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  Тіл  комитеті  тарапынан  жарық 

көрген  «Атамекен  атаулары»  (Астана,  1999  ж.)  және  «Ономастикалық 

бюллетеньдерде»  жарияланған,  Үкімет  қаулыларымен  бекітілген  жаңа 

атауларды,  2015  ж.  Тіл  комитетінен  алған  2000-2015  жылдары  Үкімет 

қаулысымен бекітілген жаңа  атаулар бойынша көрсетілген 186 атауды тұтас 

енгіздік. Соның нәтижесінде «Қазақстан Республиикасы әкімшілік-аумақтық 

бірліктер  атаулары»  атты  жаңа  да  толымды  анықтамалық  құрал  дайындап, 

баспаға  ұсынып  отырмыз.  Оны  құрастырушылар  құрамы  негізінен  2001  ж. 

жарық  көрен  «Қазақстан  Республикасының  топонимдері»  атты  кітап 

авторлары Т.Жанұзақов, Қ.Рысберген, Н.Оңғарбаева болса,  олар ұсынылып 

отырған осы жаңа еңбекке де қатысып отыр. 

Т.Жанұзақов  осы  еңбектің  «Алғы  сөзін»  және  «Анықтаманың 

құрылысын»,  І  бөлімді  «Қазақстан  Республикасы  әкімшілік-аумақтық 

бөлінісін»  (қазақ,  орыс  тілдерінде),  ІІ  бөлім  «Әкімшілік-аумақтық  бірліктер 

атауларын»  (1,  2,  3,  4  баптар)  және  «Ақмола,  Ақтөбе,  Алматы,  Атырау, 

Маңғыстау  облыстары  атауларының  көрсеткіштерін»,  осымен  қатар 

қосымшаларды  даярлады.  Қ.Қ.Рысберген  «Оңтүстік  Қазақстан  облысы 

атауларының  көрсеткішін»,  Н.Б.Оңғарбаева  «Солтүстік  Қазақстан  және 

Шығыс  Қазақстан  облыстары  атауларының  көрсеткіштерін»  орындады. 

А.Д.Серікбаева  «Батыс  Қазақстан,  Қостанай,  Қызылорда  облыстары 

атауларының  көрсеткішін»,  осыған  қоса  Қостанай,  Қызылорда,  Маңғыстау, 

Оңтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  Солтүстік  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан 

облыстарындағы  ауылдық,  селолық  округтар  атауларының  көрсеткішін 

даярлап,  бұған  қоса  алты  облыс  материалын  комьютерден  шығарды. 

Н.Т.Бармешова  «Жамбыл,  Қарағанды,  Павлодар  облыстары  атауларының 

көрсеткіштерін» даярлаумен қатар, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс 

Қазақстан,  Жамбыл,  Қарағанды  облыстарының  ауыл,  село,  округтары 

көрсеткіштерін  орындап,  осымен  бірге  жалпы  саны  8  облыс  пен  ІҮ  бөлім 

«Қосымшалары»  (қазақ,  орыс  тілдерінде  компьютерден  шығарып,  үлкен  іс 


12 

 

атқарды. Ж.Тұрғынбаева жұмыстың «Алғы сөз», «Анықтаманың құрылысы» 



және  І-ІІ  бөлімдерді  (қазақ  және  орыс  тілдерінде),  Инструкцияны 

компьютерден шығарып беріп, үлкен еңбек сіңірді. 

Назарларыңызға ұсынып отырған «Қазақстан Республикасы әкімшілік- 

аумақтық  бірліктер  атаулары»  атты  анықтамалықта  қамтылған  нысан 

атаулары  мемлекеттік  қазақ  тілінде,  ал  ресми  тіл  орыс  тілінде  жазылу 

нұсқалары,  олардың  трансляция-траскрипциясы  беріліп  отыр.  Оның 

кемшіліктері  де,  олқылық  жақтары  да  болуы  сөзсіз.  Көпшілік  тарапынан 

байқалған кемшіліктер осы еңбектің келесі басылымдарында мұқият түзелері 

сөзсіз. 

Құрметті 

оқырман 

қауым! 

Қолдарыңыздағы 

«Қазақстан 

Республикасы  әкімшілік-аумақтық  бірліктер  атаулары.  Анықтамалық» 

қолданбалы  мәні  аса  жоғары  құнды  құрал  –  екі  тілде:  мемлекеттік  қазақ 

тілінде және ресми орыс тілдерінде жасалған пайдалы еңбек. Оның келешек 

басылымдары  бұдан  да  толық  әрі  сапалы  болып  шығуы  үшін  ақыл-кеңес, 

сын-ескертпе, ұтқыр ұсыныстарыңызды күтеміз. 

 

 



 

Мекен-жайымыз: 

Алматы 

қаласы, 


Құрманғазы 

көшесі, 


29, 

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты 

 

 

 



 

 



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал