Ресми рецензенттің 6Б020300 «Тарих» мамандығы бойынша философия докторы (РҺБ) ғылыми дәрежесін алу үшін Серубаева Аурика Темірханқызының «Ш. Ш. Уәлихановтың Орталық Азияның ежелгі және орта ғасыр тарихын зерттеуге қосқан үлесі»



жүктеу 59.69 Kb.

Дата09.06.2017
өлшемі59.69 Kb.

Ресми  рецензенттің  6Б020300  -   «Тарих»  мамандығы  бойынша 

философия  докторы  (РҺБ)  ғылыми  дәрежесін  алу  үшін  Серубаева 

Аурика  Темірханқызының  «Ш .Ш .  Уәлихановтың  Орталық  Азияның 

ежелгі  және  орта  ғасыр  тарихын  зерттеуге  қосқан  үлесі»  тақырыбында 

дайындалған диссертациясына

П ӀК ӀР

1. 

Зерттеу  тақырыбыиың  өзектілігі  және  оиың  жалпы  ғылыми  және 

жалпы  мемлекеттік  бағдарламалармен  (практиканың  және  ғылым  мен 

техника дамуының сүраныстарымен)  байланысы

Қазақ  халқының  тарихында  ғылыми  және  қоғамдық  ойдың  дамуына  зор 

үлес  қосқан  ғылым  мен  мәдениет  қайраткерлері  бар.  X IX   ғасырда  Шоқан 

Уәлиханов  пен  Абай  Құнанбаевтың  дүниеге  келуі  қазақ  халқының  рухани 

өмірін  биік  белестерге  көтергені  белгілі.  Елімізде  соңғы  жылдары  отан 

тарихының  мәселелерін  туған халқының тарихы  мен мәдениетін дамытуда із 

қаздырған  белгілі  қоғам  және  мемлекет  қайраткерлері,  ғалымдар,  ақындар 

мен  композиторлардың  өмірі  мен  қызметі  арқылы  зерделеу  белсенді  үдеріс 

алуда.  Осы  түрғыдан  алғанда  Ш .  Уәлихановтың  өмірі  мен  қызметін 

зерделеуде  оның  ғылым  мұраларын  зерттеу  маңызды  болып  табылады. 

Ш . Уәлиханов ең ал дымен шығыстанушы ғалым.

А .Т .  Серубаеваның  диссертациялық  тақырыбы  Шоқан  Уәлихановтың 

Орталық  Азияның  ежелгі  және  орта  ғасыр  тарихына  қатысты  зерттеулерін 

талдауға  арналған  күрделі  тақырып.  Ш .  Уәлихановтың  тұлғасына  және 

еңбектеріне  қатысты  жан-жақты  зерттеулер  осы  уақытқа  дейін  толастамай 

шығуда.  Алайда,  отандық  және  аймақтық  тарихты  жаңа  тарихи  таным  мен 

әдіснамалық  ұстанамдар  арнасында  қарастыру  шарттылықтары  кез-келген 

тақырып 


бойынша 

шектеулерге 

жол 

бермейді. 



Керісінш е, 

белгілі 


тұжырымдар  мен  қорытындылар  қайта  зерделеніп,  молыға  түседі  және 

ғылыми 


айналымға 

тың 


пікірлер 

енгізетіні 

анық. 

Осы 


тұрғыда 

А .Т .  Серубаеваның  зерттеу  тақырыбы  өзекті  болып  табылады.  Зерттеу 

тақырыбы  «Халық  тарих  толқынында»  атты  тарихи  зерттеулер  мемлекеттік 

бағдарламасының негізгі міндеттеріне жауап береді.

Отандық  тарих  ғылымында  Орталық  Азияның  ежелгі  және  орта  ғасыр 

тарихы  Ш .  Уәлихановтың  зерттеулері  негізінде  тұңғыш  рет  қарастырылып 

отыр.  Диссертант  зерттеу  жұмысының  алғашқы  тарауының  бірінші 

тармағында  мәселенің  тарихнамасына  қатысты  терең  зерттеулер  жасаған. 

Осы тараудың екінші тармағында деректік негізге талдау жасалынған. Мүнда 

ғалым еңбектерінің деректік жіктемесі талданып, жүйеленген. Автор дәстүрлі 

сыныптау  баптарына  сүйенген  және  осы  сыныптауға  ортағасырлық  шығыс 

ғалымдарының  еңбектерін  енгізгені  әбден  қисынды.  Өйткені,  ғалымның 

ғылыми  мұрасы  арқылы  ежелгі  және  орта  ғасырлардағы  Орталық  Азияның 

тарихын түзеу басты мәселе болңп табылады.

«Ш .  Уәлиханов  зерттеулеріндегі  Орталық  Азияның  ежелгі  және  орта 

ғасырлардағы 

этникалық-саяси 

мәселелері» 

тарауында 

үш 


мәселе

қарастырылған.  Онда  қазақ,  қырғыз,  ұйғыр  халықтарының  этногенез  жэне 

мемлекеттілік мэселелеріне терең талдаулар жасалған.

«Ш .  Уэлиханов  еңбектеріндегі  Орталық  Азияның  ежелгі  жэне  орта 

ғасырлардағы 

тарихи-географиялық, 

рухани-мэдени 

мэселелері» 

атты 


үш інш і  тарауда  Ш . 

Уэлихановтың  тарихи 

географиялық 

еңбектері 

сараланып,  оның  Орталық  Азия  халықтарының  мэдениетін  зерттеуге  қосқан 

үлесі дэйектелген.

Докторанттың  тарихи  танымы  мен  ғылыми  элеуетінің  көрсеткіші  Шоқан 

Уэлихановтай  бірегей  тұлғаның  ғылыми  мұрасы  арқылы  өзара  бір-бірімен 

байланысқан  күрделі  мэселелерді  шешуге  бағытталған  ғылыми  зерттеу 

жұмысы сэтті шыққан деп тұжырымдаймыз.



2. Диссертацияға қойылатын талап деңгейіндегі ғылыми нэтижелері

1  нәтиже.  Ш.  Уэлихановтың  зерттеулерін  жазуда  пайдаланған  деректер 

мен эдіс-тэсілдер анықталды.



2  нәтиже.  Ғалымның  зерттеулеріне  талдау  жасау  арқылы  қазақ  жэне 

қырғыз  сияқты  көшпелі  шаруашылықпен  айналысатын  қоғамда  синкреттік 

аралас шаруашылық түрлері болғандығы айқындалды.

3  нәтиже.  Шоқан  Уэлихановтың  зерттеулерінде  көшпелі  халықтардың 

озіне  тэн  ерекшелігі  жэне  мемлекет,  қалалар,  қоныстар,  жазу  өнері, 

материалдық жэне рухани мэдениеті биік болғандығы көрсетіледі.

4 нәтиже. Ғалымның еңбектерінде қазақ халқының этногенездік үрдісінің 

ерекшелігі  талданған  жэне  көшпелі  халықтардың  соның  ішінде  қазақ 

халқының ерекшелігі ретінде ру-тайпалық жүйе сипатталады.

5  нәтиже.  Шоқан  Уэлиханов  ғылымда  тұңғыш   рет  қыргыздардың 

тарихын,  рухани  жэне  материалдық  мэдениетінің  ерекшеліктерін  анықтап 

берді.

6  нәтиже.  Ш .  Уэлихановтың  шығармаларында  көшпелі  халықтардың 

қоршаған  табиғи  ортаны  өзіне  бейімдемей,  керісінше  табиғатпен  үйлесіп 

тұрмыс кешетіні айрықша көрсетіледі.

3.  Ӏзденушінің  диссертацияда  тұжырымдалған  әрбір  нәтижесінің, 

(ғылыми  қағидасының),  тұжырымдары  мен  қорытындыларының 

негізделу жэне шынайылық дәрежесі

1  нәтиже.  Негізделген  жэне  шынайы,  өйткені  Ш .  Уэлихановтың 

зерттеулеріне талдау жасай  отырып,  ғалымның түркі халықтарының тарихын 

зерттеуде 

пайдаланған 

жазба, 

соның 


ішінде 

ортағасырлық 

шығыс 

авторларының,  қытай  деректерін,  еуропалық  ғалымдардың  еңбектерін  жэне 



негізгі  дерек  көз  ретінде  халык;  ауыз  эдебиетінің  үлгілерін  пайдаланғаны 

айқындалған.



2  нәтиже.  Ӏзденуш і  Ш .  Уэлихановтың  зерттеулері  негізінде  қазақ  жэне 

қырғыз  сияқты  көшпелі  халықтарда  негізгі  шаруашылық  түрі  мал 

шауашылығынан  бастап  отырықшылық,  қалалар,  сауда-саттық,  қөлөнер 

тэрізді мәдени-шаруашылық түрлері болғандығын негіздеген.



3  нәтиже.  Докторант  ғалымның  еңбектерінде  тұжырымдалған  далалық 

өркениетке  сай  көшпелі  қоғамда  мемлекет,  қала,  қоныстар,  жазу-сызу  жэне 

рухани-материалдық  мэдениеті 

болғандығын 

археолог  жэне  этнолог 

ғапымдардың еңбектері арқылы негіздеген.





нәтиже. 

Ш. 

Уәлихановтың 

зерттеулеріндегі 

қазақ 


халқының 

этногенездік  үрдісінің  ерекшелігі  жэне  көшпелі  халықтардың  негізгі  діңгегі 

ру-тайпапық  жүйе  екендігі  салыстырмалы  зерттеулер  жасау  нэтижесінде 

негіз делді.





нәтиже. 

Ғанымның 

қазақ-қырғыз 

халықтарының 

ру-тайпалық 

жүйесінің, 

мэдениеті 

мен 


шаруашылық 

түрлеріне 

қатысты 

нақты 


көзқарастары  мен  тұжырымдары  қазіргі  кездегі  Қазақстан  жэне  Қырғыз 

Республикасының  ғалымдарының  еңбектеріне  талдау  жасау  негізінде 

шынайылығы анықталған.

6  нәтиже.  Автор  Шоқан  Уәлихановтың  зерттеулеріне  талдау  жасай 

отырып,  кез-келген  халықтың  түрмыс-тірш ілігі,  діни  сенімі,  шауашылық 

түрлері  географиялық  ортаға  тікелей  байланысты  дамитындығын  жэне 

көшпелі  халықтардың  ерекшелігін  жақсы  білгендіктен,  әрдайым  көшпелі 

қоғамды 

отырықшы 

қоғамнан 

өзіндік 


тарихи 

даму 


ерекшеліктері 

болғандығын нақты көрсете білген.



4. Ӏзденушінің  диссертацияда  тұжырымдалған  әрбір  нәтижесінің, 

(ғылыми  қағидасының),  тұжырымдары  мен  қорытындыларының 

жаңалық дәрежесі

1  нәтиже.  Жаңа  болып  табылады.  Себебі  Ш.  Уәлихановтың  осы 

диссертацияның  тақырыбына  сай  еңбектері  отандық  тарих  ғылымында 

тұңғыш рет жүйелі жэне кешенді түрде қарастырылып отыр.

2  нәтиже.  Жаңа болып  табылады.  Зерттеу жұмысында Ш.  Уәлихановтың 

еңбектерінде  тұңғыш  рет  қазақ  жэне  қырғыз  халықтары  көшпелі  емес, 

жартылай көшпелі халықтар деп тұжырымдалған.

3  нәтиже.  Жаңа  ғылыми  нәтиже  болып  табылады,  алғаш  рет 

ғалымның  зерттеулерінде  көшпелі  қоғамда  мемлекет,  қала,  жазу,  жоғары 

рухани мэдениет болғандығы баяндалған.

4  нәтиже.  Жаңа болып табылады.  Алғаш рет ғалымның шығармаларында 

қазақ  халқының  этногенездік  <үрдісі  жэне  қазақ  халқының  ру-тайпалық 

жүйесі  басты  ерекшелік  ретінде  негізделген.  Олардың  бір-біріне  деген 

қатынасы ағаның ініге деген қарым-қатынасымен сипатталған.



5  нәтиже.  Жаңа  ғылыми  нәтиже  болып  табылады.  Шоқан  Уәлихановтың 

зерттеулерінде  тұңғыш  рет  қырғыз  халқының  өздеріне  тэн  ерекшеліктері 

көрініс тапқан.

бнәтиже. Жаңа болып табылады.  Ш.  Уәлихановтың еңбектерінде тұңғыш 

рет көшпелі халықтардың отырықшы халықтарға  қарағанда қоршаған табиғи 

ортаға бейімделіп өмір сүретіндігі айтылады.

5.  Алынған нәтижелердің ішкі бірлігін бағалау.


Докторанттың 

аталған 


тдқырыптағы 

диссертациясының 

ғылыми 

айқындамалық  компоненттері  түгелдей  қамтылған  және  құрылымдық 



мазмұны 

ти істі 


талаптар 

деңгейіне 

сай 

құрылған. 



Диссертацияның 

кіріспесінде  тақырыптың  өзектілігі,  зерттелу  кең істігі,  зерттеудің  мақсаты 

мен  міндеттері  және  методологиялық  негізі  айқын  түйінделген.  Зерттеудің 

әрқайсысы жеті бастап тұратын ғылыми жаңалығы мен қорғауға ұсынылатын 

тұжырымдары  докторанттың  авторлық  ғылыми  ұстанымының  берік  әрі 

дәйекті  негізделгеніне  көз  жеткізеді.  Қорыта  келгенде,  диссертациялық 

зерттеуіміздің негізгі  қағидалары  бірін-бірі толықтырып,  жаңаша ой-елегінен 

өткізіліп,  өзіндік  айрықша  тұжырымдармен  Шоқан  Уәлихановтың  Орталық 

Азияның ежелгі және орта ғасыр тарихына қатысты көзқарасы нақтыланған.

6

 

-Ж- 



 



• 





 



. Ӏзденушінің  қол  жеткізген  нәтижелерінің  тиісті  өзекті  мәселені, 



теориялық және қолданбалы міндетті шешуге бағытталуы.

А .Т .  Серубаеваның  «Ш .Ш .  Уәлихановтың  Орталық Азияның  ежелгі  және 

орта  ғасыр  тарихын  зерттеуге  қосқан  үлесі»  атты  тақырыбындағы 

диссертациялық 

жұмысының 

теориялық 

құндылығы 

ж еткілікті. 

Диссертацияның  ғылыми  жаңалығын,  нәтижелері  мен  қорытындыларын 

Орталық  Азия 

халықтарының 

саяси-этникалық 

және 

рухани-мәдени 



мәселелерін  тереңірек  зерттеуге  арналған  ұжымдық  монографияларда, 

арнайы 


ғылыми 

жобалар, 

арнайы 

курстарды 



және 

оқу-әдістемелік 

құралдарды дайындауда маңызды болып табыдады..

7. 

Диссертацияның 

негізгі 

қағидаларының, 

нәтижелері 

мен 

қорытындыларының 

жариялануының 

жеткілікті 

толықтығына 

растама.

Зерттеу жұмысының ғылыми нәтижелері мен қорытындылары  11  ғылыми 

басылымдарда  жарияланған.  Нақтырақ  айтқанда  республикалық  және 

халықаралық 

конференция 

материалдарында, 

комитет 

бекіткен 

басылымдарда  және  жоғары  рейтингілі  Тһошзоп  Кеиіегз  базасына  кіретін 

импакт фактор лы журнал да  1  мақала жарық көрген.



8. Диссертация мазмұнындагы және рәсімделуіндегі кемшіліктер.

Үсынылған зерттеу жұмысы бойынша келесі кемшіліктер орын алған:

Біріншіден,  зерттеу  жұмысының  «Мәселенің  тарихнамасы  және  деректік 

негізі»  деп  аталатын  бірінші  тарауының  «Тарихнама»  атты  бірінші 

тармақшасында Ш .  Уәлихановтың өмірбаяны беріледі.  Соны қысқартып қана 

беру керек еді.

Екінш іден,  диссертациялық  жұмыста  Ш .  Уәлихановтың  тақырыпқа 

қатысты  кейбір  еңбектері  ұзақ  көлемде  баяндалған.  Мұны  докторанттың 

ғалымның  зерттеулерінің  тақырыпқа  қатысты  маңызды  тұстарын  толық 

көрсетуге мән беруінен деп түсінуге болады.

Үш інш іден, 

жүмыстың 

қолданбалық  маңызын 

және 


қабылдауын 

күшейтетін инфографиялық кестелер  қосымша ретінде  берілгенде жүмыстың 

маңызы арта түсетін еді.


9. 

Днссертацняның 

« Ғ  ылыми 

дэрежелер 

беру 

ережелерінде» 



қойылатын талантарға сай  келуі.

Қорыта 


айтқанда, 

Серубаева 

Аурика 

Темірханқызының 



«Ш .Ш .  Уэлихановтың  Орталық  Азияның  ежелгі  жэне  орта  ғасыр  тарихын 

зерттеуге  қосқан  үлесі»  тақырыбында дайындалған  диссертациялық жұмысы 

дербес,  бірегей  және  толық  аяқгалған  ғылыми  жұмыс  болып  есептеледі. 

Диссертациялық  зерттеу  «Гылыми  дэрежелер  беру  ережесінің»  қойылатын 

талаптарына  сай  келеді.  Докторант  А .Т .  Серубаева  60020300  -   «Тарих» 

мамандығы  бойынша  философия  докторы  (РҺӘ)  ғылыми  дорежесіне  лайық 

болып табылады.

Рецензент:

Ш .  Уәлиханов аты н дагы   Көкш етау 

мемлекеттік универсигетініц Отан  гарихы 

және  Қазақрган  халқы  Ассамблеясы

ка фед ра с і>ш 



ң

 ц н рофессо р ы , 

тарих ғы лы м дары ны н докторы 

К .К . Абуев



С и л >*   ; вI-

Л ? 

он  у


12  мамыр 2017 ж ыл 

К .К . Абүевгін қолын  растаймын:

м и н и с т р я іп н і

Н

Қ 0. П Ы Н  Р А С Т А Й М Ы Н   I






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал