Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ



жүктеу 3.85 Mb.

бет19/29
Дата09.01.2017
өлшемі3.85 Mb.
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29

– Еліміздің ғылым саласында жаса-

лып жатқан жағдайға көңіліңіз тола ма?

– Білімді күшейтетін нәрсе – ғылым. Білім 

мен ғылым бір медалдың екі беті секілді. 

Бірінсіз бірін елестету мүмкін емес. Білім 

болмаса, ғылым қайдан шығады? Ғылым-

ның іргетасы – білім. Сондықтан білім мен 

ғылымға қатар жағдай жасау керек. Ол 

үшін барлық университеттердің жанында 

ғылыми орталықтары болуы керек. ҚазҰУ-

де 10 жылдай ректор бол дым. Сол 10 жыл-

дың ішінде 16-17 ғылы ми-зерттеу инсти ту-

тын аштық. Ол кезде ғылыми-зерттеу ин с-

титуттарының қол жет  кізген нәтижесі оқу 

процесіне енгізіліп отыратын. Мәселен, 

ғылыми-зерттеу  ин сти тутының  қызметкері 

өзінің қол жет кіз ген табыстарын дәрісхана-

да сабақ беру кезінде тәлімгерлеріне жан-

жақты түсінді руіне мүмкіндік берілді. Сөй-

тіп, ұстаз білім мен ғылымды ұштастырып, 

білімді жетіл діріп отырады. Ғылымның өз 

міндеті бар. Менің ше, ғылымның ең басты 

міндеті – бі лімді дамы ту. Одан соң қоғамы-

мыз ды дамы ту, эко номиканы дамыта оты-

рып, жаңа лық тарды енгізу, технологияны 

да мы ту секілді міндеттері бар. Егер ғылым, 

 

ҰБТ қай жерлерде өтеді?



білімді дамыта алса, байыта алса, онда бі-

лім алған жастар жұмыс істеп қызметке тұр-

ғанда соны кәде сіне асырады. Өкініш тісі 

сол, кезінде біз ғы лымды таратып ал дық. 

Кеңес Одағы тара ған соң ғылымнан береке 

қашты. Ұлттық ғы лым академиясы қоғам-

дық академияға айналды. Көптеген ғылы-

ми мекемелер жа былды. Ғалымдар бас қа 

жұмысқа ауысып, ғалымдарымыз дың са-

нын азайтып алдық. Сондықтан ен ді сол ға-

лымдарымыздың ор нын толты рып, ғылым-

ды дамыту ісін қай та жолға қою ке рекпіз. 



– Осы 75 жылдық ғұмырыңызда 

қан дай ісіңізді өзіңіз ерекше мақтан 

тұтар едіңіз?

– Менің барлық саналы ғұмырым осы 

бі лім саласында өтіп жатыр. 1960 жылы 

ҚазҰУ-ді бітіргенмін. Мәскеуде үш жыл ас-

пирантураны оқығаннан кейін Халық шар-

уашылығы институтында 12 жылдай жұ-

мыс істедім. Жай ұстаздықтан бастап про-

ректорлыққа дейін көтеріліп, Білім беру 

министрлігінің орынбасары болып ауыс-

тым, одан соң министр болдым. Ми нистр 

болып істеп жүрген кезімде 1986 жылғы 

Желтоқсан оқиғасы орын алды. Ұлт шыл 

ми нистр атанып, орнымнан алын дым. Не-

гізі, біздің қазақта ұлтшылдық жоқ. Қазақ 

ұлтшыл халық емес. Керісінше, қа зақ ин-

тер ноционал халық. «Ұлтшыл, қа зақ хал-

қын көп оқытты» дегенде бұлар бәрін дұ-

рыс түсінбеді. Тіпті түсінгісі келме ді. Мәс-

кеу ден комиссия келіп, мені ша қырт ты да: 

«Неге сен қазақты көп оқыттың?» – деді. 

Мен: «Қазақ қайта аз оқып жатыр, оқитын 

қа зақ тар жетпей жатыр», – дедім. Соң ғы 

рет ол уақытта 1959 жылы санақ бол ған. 

Сол санақ бойынша есептеп, қа зақ тардың 

үлесі 36 пайыз деп санады. Орыс 42 пайыз. 

Олар 


дың ойынша, қазақ студенттердің 

саны да 36 пайыз, орыс сту денттері 42 

пайыз болуы керек көрінеді. Ал сол кездегі 

біздің қазақ студенттерінің саны 53 пайыз 

болатын. Соны көріп, міне, қазақ студент-

терінің саны басым дейді. Мен: «Институтқа 

жасы келгендер, құры лыс шылар, шопан-

дар түспейді. Оқуға тү се тін балалар мек-

тепті енді бітіргендер. Сондықтан біз мек-

теп бітіретін қазақ жас 

та 

рының үлесін 



анық тап алуымыз керек. Егер сол үлес сал-

мағынан асып жатса – сөз бас қа», – деп 

қар сы дау айттым. 1985-1986 жылдары 

мек теп бітірген балалар дың 60 пайызы 

қазақ 

тың балалары бола 



тын. Егер осы 

үлеспен санайтын болсақ, онда ЖОО-да 

білім алып жат қан сол кездегі қазақ жаста-

ры ның саны, керісінше, жетпей ді. Қазақ 

жас тары ның білім алуы үшін ке зін де осын-

дай да күрес жүрген. Осы кезге дейін біздің 

алға қой ған мақсатымыз ұлт тық кадр даяр-

лау болатын. Көптеген сала ларға қазақ 

кадр ла ры  жетіспейтіні  айты латын.  Машина 

жа сау,  құрылыс,  транс порт,  бай ла ныс  са-

ла сын да  мамандар  да йын дау  керек  бо-

латын. Олар ды дайындау ға Мәс кеуге, Омск, 

Томск, Киевке жіберу ке рек бола тын. Одан 

гөрі, өзі мізде да йындау тиім ді болатынын 

біле тұрып, мені «қазақ балаларын көп оқыт-

тың» деп ұлтшыл деген айдар тақты. Айты сып-

тартысып, пікі рім дәлелді болса да, мені 

тыңдамады. Со сын министрліктен ке тіп, екі-

үш жыл ака 

де 


мия 

да жұмыс жаса 

дым. 

Министрліктен кет кен соң ұлтшыл болып



екі-үш жыл кө ңі лім жабырқап жүр ді. Ақи-

қатты қоғамға түсіндіре алмағаны ма, қа зақ-

тың жоғын жоқ тауға келгенде қо лым нан 

ештеңе  кел 

мегеніне ренжідім. Бұрын 

араласып жүр гендер араласпай, көшеде 

көріп қалса, бұрылып кететін. Бұрын ара-

ласып жүрген жол дастар да жоламай кетті. 

Кейін Елба сы мыз билікке келгеннен кейін 

бәрін орын-орнына қой ды. Арнайы шақы-

рып, ҚазҰУ-де істің алға жылжымай жат-

қа нын айтып, ректорлық қызметке шақыр-

ды. Айта кетер жайт, осы жоғарыдағы қыз-

мет тердің  ішін де  өзіме  ыстығы,  қызметтегі 

өмі рімнің жар қын ке зеңі деп ҚазҰУ-де 

істеген 10 жы лымды ай тар едім. Сол кезең-

де ҚазҰУ-ге авто номды статус, дербестік 

алып бер дік. Ол кезде бұл статус тек Мәс-

кеу  мем ле кеттік  уни версите тінде  ғана  бар 

бола тын. Жалғыз атал мыш оқу орны ғана 

өзін-өзі  бас қара тын.  Елба сы мыз  өзінің  қау-

лы сы мен ҚазҰУ-ге ар найы дербестік ста ту-

сын берді. Ол бізге үл кен жәрдем болды. 

Бірін шіден, бізге қаржыны Білім министр-

лігі емес, тікелей мемлекеттік бюджеттен 

ауда рылатын бол ды. Одан соң ҚазҰУ-дің 

Телефонмен шағым 

түсірсем деп едім

– Білім саласына түбі реформа қажет. 

Қо ғам дамып, өзгеріске түскен сайын бі лім 

сол қоғамның талабына сай болуы ке рек. 

Қоғам сұранысының деңгейінен шы ға тын 

маман кадрлар дайындау қажет. Бі лім тіпті 

қоғамның алдында дамып, қо ғам да болып 

жатқан өзгерістерден оқ бо йы озық тұруы 

тиіс, яғни білім қоғамды ал ға сүйреуі ке-

рек. Өйткені сол білімнің ар қасында, білім-

нің нәтижесінде қоғам дамиды. Білім бол-

маса, қоғам ешқашан дами алмайды. Бі-

рақ біз соны бағалай ал маймыз. Білімге 

көп саланың бірі ретінде қа раймыз. Содан 

кейін мемлекет тарапы нан қаржы бөлгенде 

әйтәуір қаржының сарқытын беріп, білім 

саласын асырап келеміз. Бұл – өте үлкен 

қате. Мемлекетті дамытамыз десек, бізге 

бі лім ді алдыңғы орынға қою керек. Мем-

лекетіміз үлкен іргелі мемлекет болып, 

дамыған елдердің қатарына қосылсын 

десек, білім мен ғы лым саласына аса көп 

мән беруіміз қажет. Өкінішке қарай, білім 

саласымен Білім ми нистрлігі айналыссын 

деп ысыра салуға бейімбіз. Негізі, біліммен 

барша қоғам ай на лысуы керек. Білім сала-

сы Білім ми нистр лігінің жекеменшігі емес. 

Барлық са ла ның назары білімде болуы 

керек. Өйт кені білім саласының дамуымен 

ғана қал ған салалар алға дамиды. Қоғам-

ның жаңаруына орай, бізге жаңа білім жү-

йесі керек. Бұрынғы білім жүйесінің кемші-

лігі идеологияға негізделген еді. Бар мақ-

саты партияны мақтау, дәріптеу, партия-

ның айт қанын орындау болатын. Бірақ осы 

бір білім жүйесінен де біз алып қала алатын 

нәрсе бар еді. Бірақ біз соның бәріне қол-

ды бір-ақ сілтедік. Сол кездегі білім беру 

саласынан бір ескере кететін нәрсе – іргелі 

білім берудің нәтижесінде орта мектепті 

бітірген баланың білім деңгейі шетелдегі 

университет бітірген баланың деңгейімен 

бірдей болатын. Бізге соны сақтап қалу ке-

рек еді. Сақтап қала алмадық. Бұл – өте 

өкі нішті жайт. Осыған орай біздің білім жү-

йемізге реформа керек. Ел болған соң, 

барыс-келіс, араласу болады, сондықтан 

ше телдік білім беру жүйесінің озық жүйе-

ле рін біз өзімізге алу керекпіз. Бірақ біздің 

бір кемшілігіміз, біз шетелдің жүйесін түбі-

рімен көшіріп ала саламыз. Өзімізден еш-

теңе қоспаймыз. Біздің жоғары білім ре-

фор масының жалғыз мақсаты шетелдің 

барлық талап-тілектерін өздерінен бұрын 

орындап, айтқандарын екі етпей іске асы ру 

сияқты. Сонда біз Еуропа оқу кеңiстігіне кім 

болып кіреміз? Білім жүйесінің ұлттық си-

паты қалыптаспаған, естіп-білгенін ел ек тен 

өткізіп өлшемей, бәрін бойына сіңіре сала-

тын, басқа елдердің жүрген жолын ойлан-

бай қайталай қоятын жасанды, елік тегіш 

ұлт ретінде кіреміз бе? Мысалы, ше тел дің 

Баллон процесін алдық. Бірақ біз сол өз-

геріске кезең-кезеңімен баруымыз ке рек 

еді. Ең алдымен мектебімізді дайын дап

орта білім беру жүйесін түгелдей 12 жыл-

дыққа өткізіп алу қажет еді. Сонда қазіргі 

уақытта университетте 1-2-курс тарда оқы-

тылатын көптеген пәндер мек теп те оқы-

тылып, жоғары оқу орнында тү бе гейлі бі-

лім беретін іргелі ғылыми дәріс тер мен 

кәсі 

би мамандық беретін жалпы жә 



не 

арнайы пәндерді жүйелі түрде терең детіп 

оқытуға мүмкіндік туар еді. ЖОО-да ғы 

біраз пәндерді мектепке көшіріп, ЖОО-да 

кәсіби мамандық беретін жүйе енгі зуі міз 

керек-тін. Ал бүгінгі күні біз Баллон про-

цесін жоғарғы білім жүйесіне қабыл дап 

алып барып мектепті көшіреміз бе деп 

жүр міз. Қазір біздің қиындығымыз ос ын да 

болып отыр. ЖОО-дағы біраз пән дер ді оқу 

орнының бағдарламасынан алып таста-

дық, бірақ оны мектеп қабыр ғасында ен-

гіз бедік. Осылайша көптеген пән деріміз не 

анда, не мұнда жоқ күй кешу де. Не мек-

тепте, не ЖОО-да өтпеген соң, ол пәндер 

қазір мүлдем оқытылмауда. 

Сондай-ақ маман дайындағанда ой-

өрі сі кең, қоғамның даму заңдылықта ры-

нан хабары бар маман дайындау керекпіз. 

Және оқу орындарының бағдарламасы 

ұлт тық құндылықтарға негізделуі қажет. 

Ұлттық құндылық болмаған жағдайда 

жұтаң, бірыңғай білім баланы көгертпейді. 

Ұлттық құндылықтарын меңгермеген бала 

әлемдік дәрежеге шыға алмайды. Сондық-

тан әлемдік өркениеттің негізін қалайтын 

ұлт тық құндылықтар екенін біз ескеруіміз 

керек. Ал біз әлі күнге соны жоғары мек-

тептің оқу бағдарламасына енгізе алмай 

отырмыз. Талпыныс бар, бірақ нәтиже 

жоқ. Соңғы кездері реформа бір ізге түс кен 

Алматыда Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы қай жерлерде өтеді? Сол 

туралы нақты ақпарат берсеңіздер екен.

Самал БЕКБОЛАТОВА, Алматы қаласы

Алматыда ҰБТ маусымның 3-7 ара-

лығында жеті ЖОО базасында өтеді:

Алатау ауданы бойынша – Халық-

аралық білім беру корпорациясы;

Алмалы ауданы бойынша – Орталық 

Азия университеті;

Әуезов ауданы бойынша – Қазақ 

ұлттық аграрлық университеті;

Бостандық ауданы бойынша – Әл-

Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни вер-

ситеті;


Жетісу ауданы бойынша – Қ.Сәтбаев 

атындағы Қазақ ұлттық техникалық уни-

верситеті;

Медеу ауданы бойынша – Абай атын-

дағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни-

вер ситеті;

Түрксіб ауданы бойынша – Алматы 

энергетика және байланыс университеті.

Айта кетейік, Алматы қаласы бойынша 

ҰБТ тапсыруға 5914 мектеп бітіруші өтініш 

білдірген, демек, түлектердің 80%-ы ҰБТ 

тапсырады. 138 мектеп бітірушінің үздік 

аттестаттан үміті бар.

АЛАШ-АҚПАРАТ

жағ дайы күрт жақ сара бастады. Ұстазда-

ры ның да айлы ғы бұрынғыдан екі есе кө-

те рілді. Қарапа йым қызметкерден бастап 

профес сор ла рының  да  жалақысы  жоғары-

лады. Бұ рынғы кетіп қалған ғалым дар қай-

тып орал ды. Сөйтіп, ҚазҰУ-де тұрақтылық 

пай да  болып,  көркейе  бастады.  Заман  сұ-

ра нысына қарай халықаралық қатынастар, 

халықаралық байланыс, әлемдік эконо ми-

ка, менеджмент, маркетинг секілді ма ман 

дайындайтын факультеттер аша бас тадық. 

Шығыстану факультетін ашып, ол жерде 

араб, парсы, кәріс, қытай, жа пон, түрік тіл-

дері оқытыла бастады. Ол фа куль теттің 

студенттері оқып жатқан тілдері бо йынша 

сол елдерге барып, сол жерде оқып, елдің 

мәдениетімен, әдебиетімен жа қын таны-

сып, тілдерін ширатуды жолға қойдық. Ол 

кезде аталмыш университет Ки ров атын-

дағы ҚазҰУ болатын, кейін әл-Фараби 

атамыздың атын алып бердік. Мұ ның өзі 

оңайға түспеді. Өйткені көп адам қарсы 

болды. Тағы Елбасының қабылда 

уына 


кіріп: «Өзбектер, тәжіктер «Фараби біздікі» 

деп жатыр бабамызды. Өз топыра ғымызда 

туған ұлымыз ғой. Жан-жақты эн цик лопе-

дист ғалым. Физик, математик, фило соф, 

тарихшы адам. Әл-Фарабидің аты біздің 

университетке лайық. Бізде сон дай фа-

куль теттер бар», – деп едім, ол кісі Үкіметке 

дереу тапсырма беріп, мен рек тор болып 

сайланған соң, 4-5 айдан кейін ҚазҰУ 

Фара 


би атамыздың атын иеленді. Сол 

кезде Кеңес Одағында 38 ЖОО-ның аты 

Киров атында болған екен. Фарабидің 

атын алғаннан кейін оны ақтау керек. Со-

сын университеттен фарабитану ғылыми-

зерттеу орталығын құрдым. Онда Фараби-

дің мұрасын зерттедік. Ағын Қасымжанов 

атты фарабитанушы ғалымды сол орта-

лық тың директоры етіп сайладым. Ол әл-

Фарабидің көптеген еңбектерін зерттеп, 

осы мақсатқа жастарды жинап, кітаптарын 

басып шығарды. Одан кейінгі істеген ең бе-

гіміз университеттің барлық факульте тіне 

фарабитану дейтін сабақ кіргіздік. Әр 

факультет Фарабидің еңбегін оқытады. 

Сонда барлық студент университетті бітір-

генде Фарабидің кім екенін біліп шығады. 

Әйтеуір осы ҚазҰУ-ді басқарған кезім өзі-

ме  ыстық. Ондағы атқарған әрбір істерім 

жаныма жақын. Әрине, бұл басқа қызме-

тім қызмет емес деген сөз емес. Министр-

лік орын, мәселен, үлкен қызмет. Министр 

бо лып жүрген кезімде 3-4 институт, 12-13 

техникум ашып, көптеген жатақхана, оқу 

ғимараттарын салдырдым. Бірақ осы 

ҚазҰУ-ді басқарып жүрген кезімде ұлты-

ма, білім саласына көп нәрсе істей алдым 

деп ойлаймын. Бірақ артыма көз жіберіп 

қа рағанда, көңілім жайланып еске алатын, 

қанағаттанатын қызмет осы ҚазҰУ-де істе-

ген кезім, сол қызметім бір төбе.

– Қазір дүниежүзін алаңдатып отыр-

ған мәселе – жаһандануға ұмтыламыз 

деп ұлттық құндылықтардан айыры-

лып қалғанымыз. Осы орайда білім 

мен ұлттық құндылықты қалай қатар 

қоюға болады?

– Ұлттық тәрбие дейтін пән мектеп қа-

быр ғасында жүруі керек. Ұлттық тәрбие 

отба сынан басталады. Кейін балабақшада, 

мектепте, ЖОО-да толығуы керек. Білімнің 

ұлт тық мәйегі ретінде барлық болашақ ма-

мандық иелеріне қазақтың төл мәде ние-

тін, рухани қазыналарын дәріптейтін дә ріс-

тер беру керек. Балабақшадан бастап уни-

верситет бітіргенше Отан – ел тарихы, 

фоль клор, мәдениет пен ұлттық өнер, ұлт-

тық спорт ойындары, халықтың салт-дәс-

түр лері, ұлттық педагогика мен психология

ұлттық кәсіпкерлік пен шаруашылық үлгі-

лері және т.б. толып жатқан ұлттық сана-

сезімді қалыптастыратын пәндер мен тәр-

бие түрлерін оқытып-үйрету қажет. Қазақ-

стан білімін дүниежүзілік жүйеден, бүкіл 

адамзаттық рухани, мәдени байлықтары-

нан бөліп, ажыратып алу емес, керісінше, 

сол адамзаттық ортақ өркениетке өз тегі-

міз, өз рухани төлтума құндылықтарымыз-

бен барып кіргеніміз абзал. Сонда ғана 

тағ дырымызды, мәдениетімізді, тіліміз бен 

ділімізді, тағы да басқа қадірлі қасиеттері-

мізді сақтап қаламыз. Өз халқының рухани 

мұраларын меңгермеген азаматтың бүкіл 

адамзаттық өркениеттің биігіне шығуы екі-

талай.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Білім беру жүйесі арқылы әрбір жас ұр-

пақ тың тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, 

олардың танымдық әрекетін дамытумен 

қатар ғаламдық ой-санасын қалыптасты ру-

ға ерекше назар аударылып жатқаны, әри-

не, қуантады. Біле-білсек, бізге білім бәсе-

кесіне бейім жастарды тәрбиелеу де аса 

қажет, қажет емес-ау шарт болып тұр. Өйт-

кені тыңға біткен отаудай кеше ғана бой 

тік се де, әлем картасынан ойып орын ала тын 

Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы мен 

саясатының, білім мен ғылымының тұт қасын 

өзге емес, өз еліміздің азаматтары ның ұста-

ғандарын қалайды емеспіз бе. Ал оның 

негізін бүгіннен қаламаса тағы бол майды. 

Біз дарынды, қабілетті қоғам құруға тиіспіз.

Осы орайда, мына бір игі істі ескерусіз 

қал дыруға болмайды деп ойлаймыз. «Шев-

рон» компаниясы мен Британ кеңесі әлеу-

меттік жағдайы төмен топ арасындағы жас-

тарды табысты іске жетелеуге және әлеу меттену 

сатыларында қажетті білім алуларына, сон-

дай-ақ білім-біліктерін одан әрмен ұштауға 

негізделген арнайы тың  «Әлеуметтік инно-

вациялар» жобасын ұсын ды. 

Жоба аясында республиканың 300-ге 

тарта студенті әлеуметтік кәсіпкерлік пен 

жо балық менеджмент тренингтеріне қаты-

сып қана қоймай, әлеуметтік шаралар ұй-

ым 

дастыруға, өндірістік іс-тәжірибе ал-



масуға, тіпті өз жобаларын жүзеге асыруға 

мүмкіндік алмақ. Тренингтер мен шаралар-

дың мақсаты – қатысушылардың коммуни-

кативтік дағдыларын жақсарту, қарым-

қабілетін арттыру, ағылшын тілін меңгеру 

жә не компьютерлік сауаттылықты жетілдіру. 

Жоба – Астана қаласындағы №7 көпсалалы 

кол леджімен, Алматы қаласындағы рес-

пуб ликалық медицина колледжі және Ал-

маты облысы, Текелі қаласындағы Орта лық 

Азия университеттерімен қоян-қолтық се-

рік тестікте  жүзеге  асырылмақ. 

Айта кетейік, Британ кеңесі (British 

Coun cil) – барша әлемдегі ұлттар үшін ха-

лық 

аралық мүмкіндіктерді ашады және 



Ұлыбритания мен басқа елдердің ара сын-

дағы достық қарым-қатынастардың орны-

ғуына, оның жан-жақты тиімді қалып та суы на 

мүмкіндік туғызады. Британ кеңесі – білім-



ге және мәдени байланыстарға ор на-

туға Ұлыбританияның халықара 

лық 

ұйы мы. Олар ағылшын тіліне үйретіп, ем-

тихан дық қызметтер ұсынып, білім және өнер 

саласында 100-ден астам елде маман дар мен 

де, лауазымды тұлғалармен де жә не мил-

лиондаған жастармен жұмыс істеуде. 

«Шеврон» компаниясының Қазақ-

стандағы өкілдігінің Үкіметпен және жұрт-

шы лықпен байланыс жөніндегі директоры 

Еркін Зікібаев: 

– Қазақстан халқының кәсіпкерлік әле-

уетін дамытуға мүмкіндіктер туғызу – біздің 

компаниямыздың басты қызметтері нің бірі. 

Айрықша тоқталып айта кетпегім, осы сын-

ды жобаларды жасап және оларды жүзеге 

асыру дағдыларын дамыту, жетек шілікке 

баулу, жас ұрпақты нарықтық қаты нас тарға 

даярлаудың ең нәтижелі әдісі болып та-

былады, – дейді. 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, 

жоба жастардың еңбек нарығындағы бәсе-

келестік қабілетін арттыруға көмектес пек. 

«Британ кеңесінің» директоры Саймон 

Уильямс тың сөзін алға тартсақ, ол: «Жо-

баның мақсаты – Қазақстан жастарына әл-

ем дік стандартқа сай білім беру. «Британ 

кеңесі» ұйымының ағылшын тілі саласын-

дағы тәжірибесі мен британдық кәсіптік 

білім беру саласындағы озық үлгілі тәжіри-

белерін қолдана отырып, біз Қазақстанның 

экономикалық және әлеуметтік дамуына өз 

үлесімізді қосамыз», – деген еді.

«Әлеуметтік инновациялар» жобасы 

Қазақстанның әлеуметтік модернизация-

лан дыру бағдарламасына сәйкес әзірлен-

ген. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаттары-

ның бірі – әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік 

прогреске ауысу және қоғамды, яғни жас-

тар ды белсенді өмір сүруге бейімдеп, олар-

дың арасындағы жұмыссыздыққа қарсы 

күрес. «Бағдарламаға сәйкес, жас тарды, 

былайша айтқанда, студенттерді жа һан дық 

заманға тәрбиелеп, өз мүмкін діктерін ашу-

ға және олардың жетістікке жетулері үшін, 

ең алдымен, оқу үдерістерін практикалық 

жаңашыл курстармен толық тыру қажет», 

– дейді ұйымдастырушылар. Сонымен 

қатар бұл жоба – Қазақстан Республи ка-

сын дағы білім беруді дамытудың 2011-

2020 жылдарға арналған мем лекеттік бағ-

дарламасын жүзеге асырудың бір қадамы. 



Ләззат БИЛАН

Қазір білім беру жүйесіне 

айрықша көңіл бөлініп 

отыр. Еліміз егемендік алған 

жылдардан бастап-ақ бүгінгі 

күнге дейін кезең-кезеңімен, 

кезек-кезегімен білім беру 

ісінде ақталған да, датталған да 

реформалар болып жатты. Бүгінгі 

ғаламдастыру дәуірінің талабы 

да сол болса керек.

Жаңа 

«әлеуметтік 

жобаның» 

тұсауы кесілді

Прокуратура органы қызметкерлерінің тарапынан 

заңсыздықтар жасалған кезде қайда шағымдануға 

болады? Телефонмен шағым түсіруге бола ма?

Жанна, Ақмола облысы

ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, мұндай жағдайда 

прокуратура органдарының сенім телефонына хабарласуға 

болады.


Ұлт тағдыры білімге тікелей 

байланысты, сондықтан бізге 

білім беру жүйесінің ұлттық 

моделін жасау қажет

Астана қаласы

(7172) 71 24 48

Алматы қаласы

(727) 250 42 70 

(727) 250 44 28

Ақмола облысы

(7162) 25 52 71 

(7162) 25 52 71

Ақтөбе облысы

(7132) 21 29 80

Алматы облысы

(7282) 27 16 91, 27 10 33

Атырау облысы

(7122) 55-86-56 

Шығыс Қазақстан облысы

(7232) 26 48 02

Жамбыл облысы

(7262) 43 65 50

Батыс Қазақстан облысы

(7112) 50 79 74

Қарағанды облысы

(7212) 77 10 92

Қостанай облысы

(7142) 54 77 74 

Қызылорда облысы

(7242) 26 16 71 

Маңғыстау облысы

(7292) 42 34 14

Павлодар облысы

(7182) 31 50 81

Солтүстік Қазақстан облысы

(7152) 36 04 94

Оңтүстік Қазақстан облысы

(7252) 53 77 05

№87 (998) 



28

28

.0

.0

5.

5.

20

20

13

13


1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал