Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ



жүктеу 3.85 Mb.

бет15/29
Дата09.01.2017
өлшемі3.85 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29

Оқушылардың діни сауатын ашу – бүгінгі күннің басты талабы. Осы тұрғыда «Дінтану» пәні 

міндетті пән ретінде оқытылады деген хабар тарап еді. Бұл қаншалықты рас, қашаннан басталады?

Айгүл, ұстаз, Алматы облысы

Жуырда ҚР Бас прокуратурасында Діни экс тремизм-

мен және терроризммен күрес жөніндегі мем лекеттік 

бағдарлама талқыланды. Осы бағдарламаға орай, 

2017 жылға дейін Қазақстандағы барлық мектептердің 

9-сынып оқушылары «Дінтану» пәнін міндетті түрде 

оқиды. Бұл пән бұған дейін таңдаулы пән ретінде 

жүргізілген болатын.



Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, Астанадағы Әзірет 

Сұлтан мешітінің бас имамы:

– Бағдарламада «Дінтануды» міндетті пән ретінде 

оқыту, сондай-ақ осы пән аясында арнайы роликтер, 

фильмдер түсіру, кітаптар, кітапшалар шығарып, тарату, 

ғылыми-зерттеу институтын құру сияқты ауқымды 

жұмыстар қарастырылған.

Бағдарламаның жобасында жазылғандай, 2017 

жылға қарай техникалық, кәсіптік және жоғары оқу 

орындарында да жастардың дәстүрлі діндерді жан-

жақты түсініп, түрлі жат ағымдардан бойын аулақ 

ұстайтындай деңгейде діни білімді үйрету мәселесі де 

100 пайыз қамтамасыз етілетін болады.

Бағдарламадағы барлық мақсаттар экстремизм мен 

терроризмнің алдын алуға, жастардың діни сауатын 

ашуға, олардың жат ағымдардың жетегінде кетпеуіне 

бағытталған. 

«Кенжені» қашан көреміз?

Режиссер Ермек Тұрсынов бір сұхбатында «Кенже» атты фильм түсірмек ойы 

бар екенін айтқан еді? Сол фильм түсірілді ме? Егер түсірілсе, қашан көре аламыз?

Айбек СӘРСЕН, Қарағанды

Иә, белгілі режиссер Ермек Тұрсыновтың 

бұл картинасы өзі жоспарлаған 

трилогиясының соңғы бөлімі болып 

табылады. Бұған дейінгі «Келіні» мен 

«Шалы» арқылы қоғамда үлкен пікірталас 

тудырған Тұрсыновтың бұл дүниесін 

көрерменнің үлкен қызығушылықпен күтіп 

жүргені анық.

«Кенженің» негізгі бөлігі түсіріліп бітті. 

Ендігі шаруа – монтаж бен дыбыстау 

жұмыстары. Бұл кино Тайландта, Италияның 

Майорка аралында түсірілді. Ал әртүрлі 

трюктерді әйгілі «Көшпенділер» фильміне 

қатысқан Жайдарбек Күнғожиновтың 

каскадерлік тобы жасады. Фильмдегі басты 

рөлдерді қазақстандық актерлер Жандос 

Айбасов пен Айнұр Ниязовалар сомдады. 

Сондай-ақ көрермен қауым бұл кино 

арқылы ресейлік Ольга Зайцева, Михаил 

Хмуров сынды актерлардың ойындарын да 

тамашалай алады. 

Ел көрермендері «Кенже» картинасын 

үстіміздегі жылдың қараша айында көруге 

мүмкіндік алады.

БІРТУАР


Алаштан ән оздырған Әміре

КҮЗЕТТЕН КӨРМЕГЕ БІР ҚАДАМ

Семейдегі Абыралы болысы, Дегелең 

деген жердің тумасы Әміре он жас шама-

сында күнкөріс үшін ата-анасымен Семейге 

көшіп келеді. Қалада Қаражан Үкібаев 

есімді байдың қасабын басқаратын адам 

кішкентай Әмірені әкесінен күзет шілікке 

сұратады. Әміренің күзеттегі серігі де, 

семсері де немере ағасы Серік Тергеу-

байұлының тарту еткен домбырасы болады. 

Көршісі Шәкіманның үйіне келген туысы 

Нұрта деген әншіден «Ардақ» пен «Ақ сиса» 

әндерін үйренген Әміре Шәкіманнан алған 

гармонымен ән салып, Қаражанның қасап 

сарайын қазақ, татар әндерінің ұясына 

айналдырады. Әншінің жерлесі, жазушы 

Сапарғали Бегалин «Сахара сандуғаштары» 

атты кітабында «Ән асқары – Әміре» ес-

телігінде Әмірені екі рет көргендігін жазады. 

Серік ағасы елден барғанда үйіне түсетін 

саудагер Исабек Әміренің дауысын естіп: 

«Мына Қашаубайдың жайын ауыз ұлының 

көмейі бүлкілдейді ғой. Тағы, қайта айтшы» 

деп сүйсіне тыңдады. Сол күннен бастап 

Әміре Исабек атының делбесін ұстады. Қыр 

қазақтары, қала қазақтары, саудагерлер 

арасында көңіл көтерер гармоншы, әншісі 

Әміре болды», – деп жазады С.Бегалин. 

Жазушы Әміренің Па рижге дейін Иркутск 

халқын да таң-тамаша еткендігін осы 

кітапта жазады. 1919 жылы әнші Ақыш 

баласы Қабидің Иркутскідегі оқымысты 

татар танысы Идаятолла сол елдің оқыған 

ғалымы Турбашеевпен Әмірені таныс-

тырып, бір сауық кешінде қазақтың әндерін 

дүйім көрерменге тыңдатады. Әміре 

домбыра алып бармағандықтан, 18 бас-

палы гармонмен «Ағаш аяқ», «Екі жирен», 

«Жиырма бес» пен «Майраның әнін» 

орындаған. Клубқа жиналған жұрт «бис-

бис», «ой чуер» деп жібермей қойып ты. 

Міне, керемет! Демек, Әміре француз хал-

қынан бұрын буряттарды таңғалдырған. 

1925 жылы жазда Парижде дүние жү-

зілік өнер көрмесі өткені аян. Сол көрмеде 

қазақ елі атынан ән шырқауға Әміре 

таңдалып алынады. 1925 жылдың маусым 

айында Семейдің губерниялық оқу бөлі-

міне Москвадан мынадай телеграмма 

келген: «Семей қаласы, Шығыс көшесі 

№78 кварталда тұратын қырғыз (қазақ) 

әншісі Әміре Қашаубаев Париждегі 

дүниежүзілік көрменің этнографиялық 

концертіне қатысуға келісім берер ме екен? 

Жол қаражаты төленеді, мерзім – маусым, 

шілде айлары. РСФСР Халық ағарту комис-

сары Луначарский».

Байдың терісін күзетіп, саудагердің 

атының делбесін ұстаған, байлар мұрын-

дарын шүйіре, менсінбеген Қашаубайдың 

ұлы, осылайша Париж төрінен қазақ әнін 

шырқап, бір-ақ шықты.



ӘЙГІЛІ ПАРИЖ САПАРЫ

Париж сахнасындағы шымылдық, асыл 

тасты люстра Әміренің жүрегіне қорқыныш 

та ұялатқан-ды. Батыстың үздік кәсіби 

вокалистерін тыңдап, музыканың парқын 

біліп қалған көрермен басында тақиясы, 

үстінде шапаны, қолында домбырасы бар 

қазақтан алапат дүлей үн мен сазды да 

назды мелодиялық үндестікті күтпеген 

болар. «Қанапия», «Ағаш аяқ», «Қарағым» 

әндерін бірінен соң бірін төкпелегенде, 

француз халқы аузын ашып, таңырқағанын 

бұған дейінгі жазған зерттеушілердің 

кітабынан, сол уақытта шыққан мақала-

лардан оқығанымызбен, Әміренің өз 

дауысын естімесек, сенбес пе едік, кім 

білсін?! Күйші, музыкатанушы Жарқын 

Шәкәрімнің тірнектеп іздеп, табан тозды-

руының арқасында 1974 жылы 21 ақпанда 

асқақ әншінің фонографқа жазылған 

дауысын Мәскеу мұрағатынан табуы 

ерлікке парапар іс болды. Жарқын Шәкәрім 

К

ОНФЕРЕНЦИЯ



Батыс Қазақстан облыстық 

қазақ драма театрында 

«Исатай мен Махамбет: 

ізденістер, зерттеулер, 

көзқарастар» атты 

халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция 

өтті. Төл тарихымызды 

таразылап, ақиқатты ашып 

айтуды көздеген бұл шараға 

Отан тарихының мүйізі 

қарағайдай көрнекті өкілдері 

қатысып, баяндама жасады.

Махамбет Өтемісұлының туғанына – 

210 жыл, Исатай Тайманұлының туғанына 

222 жыл толуына орайластырылған 

конферен 

ция облыстық ішкі саясат 

басқармасының қолдауымен, «Исатай-

Махамбет» қоғам 

дық қорының және 

Батыс Қазақстан гуманитарлық академия-

сы ның ұйым дастыруымен өткенін айтуы-

мыз керек. Конференцияның пленар лық 

мәжілісінде сөз сөйлеген облыс әкімінің 

бірінші орынбасары Серік Шәпкенов 

азаттықты көксеген қозғалыс бүгінгі 

Тәуелсіздігіміздің бастауында тұрды деп 

баға берді. 

– Құрметті конференцияға қатысу-

шылар, ұлтымыздың айбыны Исатай мен 

Махамбеттің ерлігін насихаттауға арналған 

үлкен ғылыми шара, жалпы, Батыс 

Қазақстан өңірінің рухани өміріндегі елеулі 

оқиға деуге болады. Осы шарада жаңа 

тұжырымдар, жаңалықтар естиміз деген 

сенімдемін. Өткенді түгендемей, бола-

шаққа көз жүгірту қиын. «Бұл көтеріліс 

бізге не берді» деген сұрақтың да жауабы 

осы шара барысында беріледі деп 

есептеймін. Көрнекті тарихшы Н.Савичев 

Исатай батыр туралы былай деген екен: 

«Қара түнекте жарқырап ағып өтетін 

метеор жұлдыз болады. Исатай сондай 

жұлдыз еді. Ол да өзінің ғасырында жарқ 

етіп жанып, артынан жоқ болды». Енді 

келешек ұрпақ тарихымызды түгендеп, 

осы батыр баба 

лардың ерлігінен тәлім 

алса екен деген тілегіміз бар. Конференция 

сәтті өтсін, – деді Серік Жамбылұлы. 

XIX ғасыр – Қазақстандағы ұлт-азаттық 

қозғалыстың қазаны бұрқ-сарқ қайнаған 

уақыт. «Бодан болмаймыз» деп ереуіл атқа 

ер салған Махамбет пен Исатай бастаған 

Кіші жүздегі көтеріліс отаршыл орыс 

билігін ойлануға, қалың қазақ мүддесімен 

санасуға мәжбүр етті. Арада екі ғасыр өтсе 

де, «қара қазан, сары баланың қамы үшін» 

егеулі найза қолға алған қас батырлардың 

өмірі, талайлы тағдыры бүгінгі жас ұрпаққа 

үлгі-өнеге. 

Конференцияның пленарлық мәжі-

лісін де тарих ғылымының докторы Хан-

келді Әбжанов «Махамбет мұрасы және 

ұлт-азаттық қозғалысы», тарих ғылы-

мының докторы Мәмбет Қойгелдиев 

«Исатай Тайманұлы бастаған азаттық 

қозғалысы және оған бүгінгі көзқарас 

жөнінде», жазушы-драматург, ҚР Мем-

лекеттік сыйлығының иегері Әнес Сарай 

«1816 жылғы Өтеміс оқиғалары: тарихы 

мен кейінгі зардаптары», фило 

логия 


ғылымының докторы Сейіт Қасқабасов 

«Махамбеттанудың өзекті мәселелері» 

тақырыптарында құнды баяндамалар 

жасады. Қазақ драма театрына жиылған 

зерделі қауым башқұртстандық қос ғалым 

Шамил Нафиков пен Андрей Трегубовтың

жерлесіміз, тарих ғылымының докторы 

Тұяқбай Рысбековтің, ақтөбелік ғалым 

Алтай Тайжановтың баяндамаларын да 

қызығушылықпен тыңдап, жылы 

қабылдады.

Мәмбет ҚОЙГЕЛДИЕВ

тарих ғылымының докторы:

– Исатай-Махамбет қозғалысы 

секілді халықтың әлеуметтік теңдігін, 

әлеуметтік әділдікті көздеген қозғалыс 

болмаса, біздің бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 

деңгейі де дәл қазіргідей болмас еді. 

Бұл – халықтың рухани, саяси дамуын 

биік белеске көтеріп кеткен көтеріліс. 

Әрине, Жәңгір хан – өз заманында 

біраз елеулі өзгерістер жасаған адам. 

Бірақ іс-әрекеті қарама-қайшылыққа 

толы күрделі тұлға. Орыс патшасы 

мүддесіне қызмет істеген. Ал Махамбет 

пен Исатайдың ойлап жүргені – қара 

халықтың қамы. Қалай дегенде де 

тарихқа объективтілік керек. Ақты ақ, 

қараны қара деп нақты көрсеткен кезде 

ғана ақиқат салтанат құрады.

Шамил НАФИКОВ, 

филология ғылымының кандидаты (Уфа, 

Башқұртстан):

– Батыс Қазақстан – башқұрт еліне 

ең жақын орналасқан өңір. Бұл – бір 

ұқсастық. Екінші ұқсастық – қазақ және 

башқұрт халықтарының қос перзенті 

Махамбет Өтемісұлы мен Салауат 

Юлаевтың тағдыры. Екеуі де отар-

шылдарға қарсы күрескен әрі батыр, 

әрі ақын. Салауат Юлаев Еме льян Пуга-

чевтің қол астында күрескен. Мен өз 

баяндамамда қос халықтың қаһарман 

ұлдарының өміріндегі ұқсастықтарды 

тізбелеп бердім. Алдағы уақытта бұл 

бағыттағы ізденіс одан әрі дами береді 

деп ойлаймын.

Ел ерлерін еске алды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

журналистика факультетін 1993 жылы тамамдаған түлектер 

қайта бас қосты. Сол кездегі куратор Бауыржан Жақып 20 жыл 

бұрынғыдай студенттерін журнал бойынша түгендеп шықты. 

Символдық «нб» белгісін алғандар мен сабақтан «қашып 

кеткендер» де табылды. Бірақ бұл жолы ұстаз да, шәкірт те 

шат-шадыман. Түлектердің араға екі онжылдық салып кездесуі 

кезінде белгілі журналист Ермахан Шайхыұлының сол шақтағы 

естеліктерден құрастырған «Қолтаңба» жинағы көпшілікке 

таныстырылды.

Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінде «Туған ел» 

тақырыбында белгілі музыкатанушы, композитор, профессор Өмірбек 

Байділдаевтың 80 жылдығына арналған ІІІ қалалық патриоттық әндер 

байқауы табысты өтті.

БАЙҚАУ


Журфак түлектері университет 

тарихына қолтаңба қалдырды

Патриоттық әндер сыннан өтті

Қазақтың өзіндей асқақ, 

көзіндей отты, сөзіндей бай 

классикалық әндерін әлем 

сахнасына тұңғыш шығарған 

– Әміре Қашаубайұлы. 

Операны жоғары бағалайтын 

батыс музыка сыншылары 

мен баспасөз өкілдері 

музыкалық сауаты жоқ, 

қарапайым қазақтың 

Франция мен Германия 

сахнасында кәсіби деңгейде 

ән салғанына таңдай қағып, 

жарыса жазғандары мәлім. 

Ромен Роллан, Анри Барбюс, 

Александр Затаевич, Николай 

Анов сынды өзге ұлт өкілдері 

де Әміренің қасиеті мен 

қадірін бірден таныды. 

Тұрмысы кедей, шыққан 

тұғыры биік асыл ер алты 

Алашын алты құрлыққа 

мәшһүр етті. Биыл туғанына 

125 жыл толған Әміре әннен 

бағын тапқанымен, тағдыр 

тауқыметін де содан көрді. 

Білгеніміз бен білмесіміз әлі 

де баршылық. 

Оқу орнының Өнер және мәдениет 

факультетіне қарасты мәдени-бұқаралық 

жұмыстардың теориясы мен әдістемесі 

кафедрасының ұйымдастыруымен өткен 

қалалық ән байқауына Қыздар универ-

ситетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, 

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, 

Ж.Елебеков атындағы Алматы эстрада-

цирк өнері мен П.Чайковский атындағы 

Алматы музыкалық колледжінің студент-

тері, сонымен қатар К.Байсейітова атын-

дағы дарынды балаларға арналған рес-

публикалық мектеп-интернаты мен 

А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға 

арналған музыка мектебінің оқушылары 

қатысты. 

Ләйлә АМАНҚҰЛОВА, 

Қыздар педагогикалық университеті 

Мәдени-бұқаралық жұмыстардың 

теориясы мен әдістемесі кафедрасының 

аға оқытушысы:

– Көрнекті композитор Өмірбек 

Байділдаев – еліміздің музыка мәде-

ниетінде өзіне тән қолтаңбасымен 

даралан ған, кесек тұлғалы композитор, 

білімді ұстаз, сонымен қатар зерделі 

музыка зерттеушісі. Ол ұзақ жылдар 

Қазақ мемлекеттік қыздар педа-

гогикалық университетінде, Музыка 

теориясы және тарихы кафедрасының 

меңгерушісі болып қызмет атқарды. 

Сол жылдары музыка мәдениетінің 

тарихы мен теориясын қалыптастыруға 

атсалысты. Ән жанрында да үлкен 

жемісті еңбек етті. Бұл шара музыка, 

өнер саласына үлкен із қалдырған дара 

тұлғаның әндерін жастар арасында 

кеңінен таныту, насихаттау, сонымен 

қатар талантты жастарымыздың жолын 

ашу мақ са тында арнайы өткізіліп отыр.

Байқау талабы бойынша әрбір қаты-

сушы екі әннен орындады. Бірінші ән – 

Өмірбек Байділдаевтың шығармашы-

лығынан алынса, екінші ән – өз таңдауы 

бойынша патриоттық тақырыпқа арналды. 

Үміткерлер әндерді жанды дауыспен

аспаптардың сүйемелдеуімен орындады. 

Байқауға қатысушыларға елімізге танымал 

опера әншісі Дина Хамзина, ҚР мәдениет 

қайраткері Алпыс бай Көпбаев бастаған 

өнер саласының қайраткерлері қазылық 

жасады. 

Кеш барысында ақын өмірі мен шығар-

машылығы жайлы бейнефильм көрсетіліп, 

композитордың еліміздің музыка мәде-

ниетінде сіңірген еңбегі атап өтілді. Байқау 

қорытындысында жеңімпаз жас талант-

тарға жүлделер табыс етілді.

Таңатар АЙТҰЛЫ

Журналистика факультетіне 1988 жылы 

түсіп, оны 1993 жылы аяқтаған бұл топтың 

кураторы Бауыржан Жақып – бүгінде 

филология ғылымының докторы, ҚР 

Ұлттық ғылым академиясының коррес пон-

дент мүшесі, профессор, «Қазақ энцикло-

педиясы» баспасының бас директоры. 

Арада талай жыл, алдынан талай студент 

өтсе де, Бауыржан ағай сол тобындағы 

шәкірттерін ұмытпапты. Ол студенттерінің 

қазір қай жерде қызмет ететінін де жатқа 

біледі. Университетті бітіргеніне 20 жыл 

болған бұл топтың ішінде, Гүлжанат 

Иманғазина – Павлодар облыстық теле-

радио компаниясының  бас  редакторы, 

Нұржан Қуантайұлы – «Шығыс – Ақпарат» 

холдингінің бас директоры, Гәкку Сәтбаева 

– «Қазақстан – Көкшетау» телеком 

па-


ниясының аға редакторы, Қаныбек Әбдуов 

– «Дала мен қала» газетінің Қызылорда 

облысындағы меншікті тілшісі, Бауыржан 

Ғұбайдуллин – «Орал өңірі» газетінің бас 

редакторы, Нұрлан Қалқа – ҚР Президенті 

әкімшілігінің сектор меңгерушісі, Мұрат 

Қожамқұлов – «ҚазТрансГаз» компания-

сының департамент директоры, Айнабай 

Мәдиев – «Алматы ақшамы» газетінің 

бөлім меңгерушісі, Серікқали Мұқашев – 

ҚР Бас прокурорының көмекшісі, Ғабит 

Мүсірепов – «Нұр Астана» газетінің бас 

редакторы, Ермахан Шайхыұлы – сатирик, 

«Айқын» газеті бас редакторының орын-

басары, тізім осылай кете береді. Ара-

ларын да  «полковник»,  «подполковник» 

деген шені бар әскерилер көп. Темірбек 

Қожакеев атындағы мәжіліс залында өткен 

кездесуге 40-қа жуық түлек келді. Бір 

кездегі куратор оларды түгендеп шықты, 

аудиторияда болмаған Тамара Дәулет-

баева, Нұрлан Қалқа, Арыстан Заппаров, 

Мұхтар Түменбаев сияқты экс-студенттерге 

«нб» таңбасы қойылса, кездесудің басында 

жүз көрсетіп, жоқ болған түлек Ғазиз 

Тастаевты курстастары «қашып кеткені» 

үшін жазалау керек деп қалжыңдасты. 

Білім алған қара шаңырағында сағынысып 

бас қосқан түлектер студенттік кездегі 

естеліктерінен тұратын «Қолтаңба» атты 

жинақты жария етті. 360 беттен тұратын 

кітапты журналист Ермахан Шайхыұлы 

құрастырған. Студенттерін «баға жетпес 

байлығым» деп есептейтін Бауыржан 

Жақып кітапқа алғысөз жазыпты. Жинақ-

тың «Рух» деп аталатын бөлімі өмірден өтіп 

кеткен Темірбек Қожакеев, Марат Ысқақов 

сияқты ұстаздар мен автордың Мақсұт 

Дүйсеков, Біржан Белғара сынды 

курстастарына арналса, «Қалам мен 

қарым» деп аталатын бөліміне 1993 жылы 

оқу бітірген журналистердің өмірбаяны 

мен шығармалары енген. 

Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ, 

жазушы, журналист, «Айқын» газеті 

бас редакторының орынбасары:

– Курстастарымыздың бәрі респуб-

ликамыздың түкпір-түкпірінде қызмет ат-

қарып, Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуіне 

хал-қадірінше үлес қосып келеді. Көбі 

баспасөзде, телеарналар мен радиоларда 

бас редакторлық қызмет атқарып жүр. Біз 

курстастарымызбен мақтанамыз. «Қолтаң-

ба» аталатын жинақ осы түлек тердің бірі 

– Нұржан Қуантайұлы басқаратын «Шығыс 

– Ақпарат» холдингінің баспахасынан 

басылып шықты. 

Түлектер өздерінің №5 сүйікті жатақ-

ханасына жиһаз сыйға тартты. Сонымен 

бірге журналистика факультетінде оқитын 

бес студентке 100 мың теңге көлемінде 

шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақының 

үшеуі марқұм Мақсұт Дүйсеков, Біржан 

Белғара, Омарғали Мырзағалиевтердің 

атында, қалған екеуін «Шығыс – Ақпарат» 

холдингі мен «Өмір-ай» газеті ұсынып 

отыр. Ұлттық университеттің журналистика 

факультетінің қазіргі ұжымы бұл түлек-

тердің сыйына дән риза. Айта кету керек, 

он жылдан артық уақыттан бері мұнда 

түлектердің жиырма жылдан соңғы кез-

десулері дәстүрлі түрде үзілмей өтіп келеді.



Болатбек МҰХТАРОВ

ТӘЛІМ


ТҮЙІН

Шындығында, қазақ даласында сал-серілердің әндерін жеткізген Әміреден 

асқан әнші болмаған. Өнер атты құдіреттің өзі кез келгенге қонбаса керек-ті. 

Әншілігіне кісілік, адамшылығы да сай келген Әміренің мойнында артық 

дем жинап тұратын қосымша қалтасы да болыпты. Нысаналы туған 

перзенті хақында тек жарқын естеліктер қалды. Әміреден үзілмей жеткен 

әншілік дәстүр Әміре салған ізбен таза, мөлдір қалпымен таудан аққан 

бұлақтай сылдырап ғасырларға жалғаса берсін. Жалғыз тілек – осы!

Әміре шығармашылығын зерттеуге табаны 

күректей 30 жылдан астам уақытын 

арнапты. Зерттеулерінің бірінде концерттен 

соң Париж халқының Әміренің құшағын 

гүлге толтырып, журналистердің сұрақты 

тұс-тұстан жаудырғанын жазған-ды. 

Мұндай абыроймен қоса, қазақтың арда 

ұлына пәле де жабысты. Ол – Алаш арысы, 

«халық жауы» деген жалған жала жабылған 

Мұстафа Шоқаймен кездесуі. Саяси астары 

жоқ кездесу тоғыз жыл бойы Әміренің 

маңдайына сор болып жабысты. Ақыр 

соңында белгісіз жағдайда,1934 жылдың 

қарашасында, ән әлемінде еркін самғаған 

қыран құстың қанаты қайырылды. Алматы 

көшелерінің бірінен Әміренің өлі денесі 

табылды. 



БІР ПІКІР

Жарқын ШӘКӘРІМ, 

әміретанушы, күйші: 

– Консерваторияға түскеннен 

бастап, Әміре өмірін зерттеуге ден қой-

дым. 1974 жылы Мәскеудегі мемле-

кеттік орталық мұрағаттың жазылған 

дыбыстарды сақтау бөлімінен Әміренің 

50 жыл бойы тасада жатқан дауысын 

тапқанда менен бақытты адам болмады. 

Төрт валикте әнші орын дауында «Үш 

дос», «Жалғыз арша», «Ағаш аяқ», 

«Балқадиша», «Смет», «Бесқарагер», 

«Дудар-ай» әндері мен бір күй 

жазылған. Әміренің ізін басқан әнші 

қызы Күләшпен де хат алысып тұрдым. 

Әміреге қатысы бар адам дармен тіл-хат 

алысқан 600-ге жуық хатты әлі күнге 

дейін сақтап жүрмін. Әншінің ажалына 

Мұстафа Шоқаймен Парижде 

жолыққаны себеп болған. 40 жыл бойы 

Әміре атын атауға тиым салынды. 

Мәскеу, Петербург, Варшава, Берлин 

архивтерінен әнші жайлы дерек іздеген 

менің өзім оның ОГПУ тізімінде бол-

ғанын естімеппін. Ол тізімдегі адамның 

артынан жасырын аңду мен жазалау, өш 

алу қояды екен. Ұлт театрын бірге 

көтеріскен досы Серәлі Қожам 

құлов 

Әміренің Парижден келген соң, бір-екі 

айдай жұмысқа бет-аузы көгеріп, көзі 

ісіп келетіндігін айтқан еді. Бір айлы 

түнде Әміре Иса мен Серәліге түн 

жамылғанда қара киінген екеудің 

сүйреп әкетіп, таң атқанша қинап, 

Мұстафа жайлы сұрайтындығын айтып, 

еңкілдеп қоя берген екен. Мұны біреуге 

айтса, отбасын құртамыз деп  

қор-

қытыпты. «Есіңде жүрсін» дегендей, 

Серағаң мұны құлағыма сыбырлап қана 

айтып еді. Әміре туралы шындық 

кейінгілер есінде жүрсін дегені екен ғой. 


1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал