Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ



жүктеу 3.85 Mb.

бет11/29
Дата09.01.2017
өлшемі3.85 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

ме

кт

кт

еп

еп б

б

іт

іт

ір

ір

уш

у

ілер ерекше 

дарын ды,  аса  білімді, 

ұйымшыл екендіктерін 

айтады.

Сандуғаш ӘЛІМЖАНОВА

№87 (998) 

28.05.2013 жыл, 

сейсенбі


www.alashainasy.kz

4

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

 

НАРЫҚ



Салық төлемеген жазаланады 

Салық органдары кейбір кәсіпкерлерге айыппұл салып жатыр деп естідік. Ол 

жаппай шара ма, әлде қандай да бір заң бұзғандарға қатысты шара ма? 

Досым БЕКНИЯЗОВ

Алматыда салық органдары Кеден 

одағына мүше елдерден жеткізген тауарын 

жария етпегендерді (декларация) анықтауға 

кірісті. Алматы салық департаментінің 

баспасөз қызметі хабарлағандай, мамыр 

айының басынан бері тауарын рәсімдемеген 

бес салықшыға 7 млн 700 мың теңге 

көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ 

импортқа жанама салық төлеу мерзімін бұз-

ған 32 салық төлеуші әкімшілік жауап-

кершілікке тартылды. 

Сондықтан салық мекемелері кәсіп-

керлерді тағы да ескертеді: еліміздің Салық 

кодексінің талаптарына сай, Кеден одағына 

мүше елдерден (Ресей Федерациясы мен 

Беларусь Респуб 

ликасы) тауар импорт-

тайтындар, атап айтқанда, кәсіпкерлік 

мақсатта тауар әкелетін заңды тұлғалар мен 

жеке тұлғалар, сондай-ақ адво каттар, жеке 

нотариустар және сот орын даушылары тауар 

әкелгеннен кейінгі айдың 20-сына дейін 

салық есебінің формасын өткізіп, қосымша 

құн салығын төлеуі тиіс.

Басы 1-бетте

Жолаушы жадына сақтайтын ереже



Жуырда демалысқа шығамын. Ресейге барып қайтсам деп едім. Бірінші рет шығайын деп 

отырғандықтан, қандай көлемде ақша не тауар алып өтуге болатынын білгім келіп еді. 

Жексен ШӘЙМЕРДЕН

Жаз айлары жақындап қалды, демек, демалысқа 

аттанатындар саны көбейеді. Осы орайда Кедендік 

бақылау комитеті шекарадан тауар алып өту 

нормаларын еске салады. Комитеттің ақпарына 

сәйкес, Кеден одағы аумағында жеке тұлғалардың 

өзіне пайдалануға алған заттарын алып жүрудегі 

тәртіп бірдей. 

Соған сәйкес, әуе көлігімен құны 10 000 евродан, 

салмағы 50 келіден аспайтын тауарларға баж 

салынбайды. Жер үстіндегі көлікпен жүргендер құны 

1500 евродан, салмағы 50 келіден аспайтын тауарды 

төлемсіз алып өтуге рұқсат. Өз кезегінде бұл 

талаптардың сапар кезінде керек болатын жеке пай-

далануға арналған заттарға қатысты екенін ұмытпаған 

жөн. 


Қаржы жағына келсек, 10 мың доллардан 

аспайтын соманы декларациялаудың қажеті жоқ. Ал 

құнды қағаздар мен вексельдер міндетті түрде 

декларацияда көрсетіледі. 

Сондай-ақ ішімдік пен темекі өнімдерін алып 

жүруге байланысты ереже де белгіленген.Оған сәйкес 

әр адамның (18-ге толған) сыраны қосқанда 3 литр 

ішімдік өнімдерін, 200 сигарет немесе 50 сигара алып 

жүруіне рұқсат етілген. 

Кедендік құны 25 мың доллардан аспайтын қымбат 

металдар мен қымбат тастарды, 5 келі шамасында 

балық пен теңіз өнімдерін (бекіре уылдырығынан 

басқа), жеке ыдысқа құйылған 10 л отынды еш 

төлемсіз алып өтуге болады. 

Кей кезде азаматтар шекара арқылы картина, мүсін 

немесе икона алып өтуге болады деп ойлайды. Бұл 

заттар мәдени құндылық саналғандықтан, оларды 

сыртқа алып шығуға шектеу қойылады, не мүлде 

тыйым салынады. Сондықтан ондай экспонтатты ҚР 

Мәдениет министрлігі немесе оның аймақтық 

органдарының арнайы анықтамасымен ғана шығаруға 

болады.


ШАР

А

Теңіз флотының халықаралық деңгейдегі кәсіби 



мамандары өзімізде даярланатын болады

Таяуда ҚР Президенті жанындағы Ше-

тел дік инвесторлар кеңесінің 26-пленарлық 

отырысы барысында Мемлекет басшысы 

Н.Назарбаев еліміздің білім беру жүйесін 

инновацияны қамтамасыз ететін қажетті 

кадрларды даярлауға бейімдеу керектігін, 

Германия тәжірибесі бойынша ірі кәсіп-

орындар аясында білім берудің дуальдық 

жүйесі секілді тәжірибені кеңінен қолдану 

қажеттігін шетел инвесторлары назарын 

бұра мәлімдеген еді. Әсіресе аталған тә-

жірибені мұнай-газ саласында қолдануға 

басымдық беру керектігін айтқан Елбасы 

бұл ретте бірнеше мысалмен қатар, Қазақ-

Британ техникалық университетінің бас-

тамасымен құрылған Қазақстан теңіз ака-

демиясына демеуші боп отырған 

«Те ңіз шевройл» ЖШС-ні үлгі ретінде алға 

тартқан болатын. Білуімізше, академияны 

құру жобасына компания 25 млн доллар 

қаржысын жұмсапты. Аталған оң үрдіс 

кеңінен қолданысқа енгізілсе, халықаралық 

деңгейдегі мамандарды даярлау үшін 

біздің елімізге жастарды шетелге жөнелтудің 

де қажеті болмай қалатын секілді. Осы 

жағынан алғанда, бұл мемлекетіміз үшін 

үлкен үнем, білім саласына құйылатын мол 

қор болары анық.

– Қазақстан теңіз академиясын ашу 

еліміздің Каспий аймағын дамыту жөніндегі 

міндеттерден туындап отыр. Мұнда палуба 

мен машина бөлімінің ұжымдық құра-

мындағы халықаралық деңгейдегі жоғары 

білікті қазақстандық мамандар даярланады. 

Ірі экспортшының бірі болып табылатын 

біздің кәсіпорын үшін Қазақстанның жо-

ғары білікті кадрларды тек мұнай-газ сала-

сында ғана емес, барлық бағытта иеленгені 

маңызды. Сондықтан да біз Қазақстан теңіз 

академиясының бас серіктесі болдық. 

Академияның ашылуы Қазақстан эко-

номикасының көшбасшы лары ның бірі – 

ТШО-ның 20 жылдық мерей тойымен тұс-

па-тұс келуі бізді қуантады, – дейді 

«Те ңіз шевройл» ЖШС-нің бас директоры 

Тим Миллер.

Жалпы, еліміздің теңіз саласы кадрға 

өте зәру. «Егер бүгіндері теңіз флотында 

1800 маман жұмыс істеп жатыр десек

оның тең жартысы, яғни 50 пайызы ғана 

қазақстандықтар. Демек, отандық теңіз 

флоты тағы 900 маманмен толығуды қажет 

етеді», – дейді аталған шараға қатысқан 

Көлік және коммуникация министрлігінің 

өкілі Қасым Тілепов. Алдында осындай зор 

мақсат бар Қазақстан теңіз академиясының 

түлектері дүниежүзінің әр түкпірінде 

қазақстандық және шетелдік кемелерде 

қызмет атқара алатын, жоғары қабілетті 

және білікті отандық теңізшілер тобын 

құрып, еліміздің Жер шарындағы ұзақ мер-

зімді бәсекелестігін қалыптастыруға көмек-

теседі әрі Көлік және коммуникация ми-

нистр лігіне Халықаралық теңіз ұйымы ның 

«Ақ тізіміне» енуіне мүмкіндік береді деп 

күтіліп отыр. Бұл тізімге ену Қазақстан теңіз-

шілерінің өз территориясынан тыс елдердің 

суларына жүзуіне рұқсат береді.

Халықаралық деңгейдегі теңізші атану 

үшін ағылшын тілін және математика пәнін 

жетік білу міндетті екен.

«Бірыңғай ұлттық тестілеуден өткеннен 

кейін абитуриенттер ҚБТУ-ға өз құжатын 

тапсырады. Одан кейін олар теңізшілерге 

арналған халықаралық талаптарға сәйкес, 

медициналық тексерістен өтеді, ағылшын 

тілі және математика пәні бойынша жекелей 

тест тапсырып, мамандармен көзбе-көз 

әңгімелесуге шақырылады. Осылайша 

болашақ теңізшілер таңдалып алынады. 

Биыл 25 грант белгіленген. Былтыр алғаш-

қы 20 кадет (14 ұл және 6 қыз) бірінші 

курсқа қабылданған болатын. Мұнда екі 

мамандық бойынша: кеме жүргізушілер 

және кеме механиктері даярланады. 

Бакалавр бағдарламасы төрт жылдан 

тұрады, бірінші курста-ақ студенттер 6-8 

аптаға Нидерландыға өндірістік тәжірибеге 

жіберіледі. Екінші курстың білім алу үдерісі 

ҚБТУ қабырғасында өтеді. Үшінші курсқа 

365 күндік теңіздегі тәжірибе енгізілген. 

Төртінші курста студенттер Отанына ора-

лып, диплом жұмысын қорғайды. Одан 

кейін біздің түлектер Көлік және коммуни-

кация министрлігінің арнайы лицензиясын 

алып, нағыз теңізші болып шығады. Олар 

елімізде де, шетелде де жұмыс істей 

алады», – дейді Қазақстан теңіз ака-

демиясының деканы Дмитрий Ковтуненко. 

Қысқаша қайырғанда, мұндағы сту-

денттер уақытының көп бөлігін Жер шары-

ның телегей суларында өткізіп, шетелдік 

кемелерде білігін ұштайды. Бұл ретте 

аталған академияның халықаралық әріптесі 

STC-Group компаниясының көмегі ұшан-

теңіз екенін баса айта кетелік.

Ерік МАҚСҰТОВ, 

Қазақстан теңіз академиясының студенті:

– Біз қаңтар айының соңында 

Роттердамдағы теңіз білімі саласындағы 

STC-Group компаниясының оқу кор пу-

сына бардық. Ол арада екі апта бойына 

Голлан 

дияның теңіз мәдениеті 

мен 

танысып, жат 

тығу оқуларынан өттік. 

Автоматты қондырғыларда кемені 

жүргізуге ма шық тан дық. Одан кейін осы 

алған білімімізді сегіз апта бойына ашық 

теңізде тәжірибе жүзінде сынадық, 

Эйндрахт кемесіндегі голланд теңізшілері 

және STC-Group нұсқаушыларымен 

Атлант мұхитын бетке алдық. Канар, 

Азов аралдарын, Францияны артқа 

тастап, Роттердамға қайтып келдік. Бұл 

мен үшін өмірімнің ұмытылмайтын әрі ең 

қызық сәттері деп ойлаймын. Теңізші 

мамандығын таңдағаныма еш өкін-

беймін.

Ағылшынның атақты ақы 

ны Байрон 

«менің нағашым те 

ңізші болса да, мен 

мақтанбай 

мын» деген екен. Осыдан-ақ 

аспанға қарсы таласып жатқан шексіз көкті 

ауыздықтаушы ақ шағаладай мундир-

дегілердікі қаншалықты абыройлы да 

асқақ мамандық екенін ауызбен жеткізу 

мүмкін емес екенін анық аңғаруға болады. 

Ендеше, халықаралық деңгейдегі осындай 

элиталы кәсіп иесінің өз елімізде даярлануы, 

сөз жоқ, барлық мақтан мен қолдау-

қолпашқа ие.



Кәмшат САТИЕВА

ИГІ ІС


Саны шектеулі, техникасы мен тех но-

логиясы заманына сай,  үлгісі аса талғам-

паздықпен жасалған, қызмет көрсету 

функциясы сәнді-салтанатты көк періштесін 

өз көзімізбен көргенде, сөз жоқ,   «қазақтың 

кішкентай еркесі» деп аталып кеткен, сұлу-

лықты ерекше сүйетін апамыздың аты-

жөнін беру дұрыс шешім дестік. Иә, «ұшқыр 

қыранды» зауыттан тапсырысшының қа-

был дау шарасына қатысу үшін «Эйр Астана» 

авиакомпаниясының өкілдері Белла 

Тормышева мен Тілек Адрахимов бастаған 

бірқатар отандық журналистер Фран ция-

ның Тулуза қаласына ұшып барған едік. Бұл 

қаладағы зауыт «Airbus» халықаралық 

концернінің орталығы болып табылады. 

Жалпы, зеңгір аспанды жаулағыш техника-

ны жасап шығаратын бірегей компанияның 

әлемнің әр түкпірінде 16 зауыты бар екен. 

Мәселен, осы ғасырдың инженер-техник-

тері ертегі құсап тамсана айтатын  таңғажа-

йып ұшағы – «Airbus» туындысының, әуе 

жүк техникасының қанаттары Ұлыбри-

таниядағы зауытта жасалынса, Испанияда 

оның теңдігін сақтайтын тігінінен орналасуы 

тиіс стабилизаторлары, сондай-ақ Герма-

нияда көлденең қойылатын стабилиза-

торлары және жонындағы қалқанша бөлік-

тері әзірленеді. Ұшақтың қалай жасалып 

шығатынын таныстыру үшін арнайы цехқа 

алып барған «Airbus» концернінің Шығыс 

Еуропа және Орталық Азия бойынша 

маркетинг  директоры Bruno Charveron мұ-

ның барлығы 40 жылдық тәжірибенің, 

55,6 мың қызметкердің, 300 әуе 

ком-


паниясы әріптестерінің, 7,7 мың тасымал-

данған азаматтық және әскери мақсаттағы 

ұшақтың және 12,7 мың алынған тап-

сырыстың арқасы деп атап өтті. Таныстыру 

кезегі зауыт техниктері арасында су алыбы 

– акулаға теңелетін біз меншіктеген А320 

маркасына да келіп тиді. Нақтырақ 

айтқанда, бұл ұшақ А320-шарклеті деп 

таңбаланады. Ал ағылшын шадан алғанда 

shark – акула, яғни ызғытып келе жатқан 

акуланың жотасы дегенді білдіретін көрі-

неді.


Bruno Charveron, Шығыс Еуропа және 

Орталық Азия бойынша маркетинг 

директоры: 

– Бірнеше жыл бұрын Airbus әлемдегі 

ең танымал лайнерді жетілдіру туралы 

шешім қабылдады. Сөйтіп, инженерлер 

А320-шарклеттің қанатына жаңа реңк 

берді. Бейнелеп айтқанда, ұшақтың ұзын-

нан жатқан қанатының басы қайырылып 

тұрған секілді әсер береді. Әрине, бұл сән 

үшін жасалды десеңіздер, қателесесіздер. 

Әлгі қайырылған қанат ұшы ұшақтың 

аэродинамикалық мүмкіндігін арттырып, ол 

бұрынғысынан 200 шақырымды артық 

игеріп, қосымша 450 келіден аса жүк пен 

жолаушыларды өзіне отырғыза алады. Ең 

бастысы, енгізілген жаңа өзгеріс отын 

шығынын ұқыпты жұмсауға мүмкіндік 

береді. Әуе отынының ұдайы қымбаттауы 

кезеңінде бұл тартымды жайт дегіміз келеді. 

Осы жағынан алғанда, мұндай ұшақ әуе 

компаниясына отынның  4 пайызын, яғни 

жылына бірнеше мыңдаған долларды 

үнемдеуге көмектеседі.Сондай-ақ бұл 

ауаға жылына 1 мың тоннадан астам 

көмірқышқыл газының кем шығары-

латындығын білдіреді. Ең алғашқы А320 

ұшағын тапсырысшы 2012 жылы 

меншіктеді.

Бұл – халықаралық ірі концерн, Airbus-

тың бас кеңсесінде болған бірінші күнімізге 

қатыстысы.

Екінші күні ұшақтардың жасалуын өз 

көзімізбен көруге бардық. Зауыт 

аймағының ішімен автобуспен жүрдік. 

Сөйтсек, Тулузадағы «Airbus» зауыты 700 

гектар алапты алып жатыр екен. Жаяу 

аралап шығу мүмкін емес. Цех ішімен 

танысуға арналған арнайы жолақ бар. 

Одан аспау керек әрі өзіңмен бірге тамақ, 

сусын алып жүруге қатаң тыйым салынады. 

«Өйткені тазалық пен тәртіп – машина 

құрастыру қауіпсіздігінің басты кепілі» деп 

Есімін қондырып қанатына,

Ән-ерке  оралды  Алматыға          

түсіндірді жанымыздағы зауыт өкілдері.

Анадайдан құрастырылып жатқан 

әлемдегі ең ірі жолаушылар тасымалдаушы 

А380 ұшағын көзіміз шалды. 276 тоннаны 

құрайтын алыптың бортында жүрген 

 

адамдарды байқадық. Сөйтсек, А380 



ұшағы 4 млн бөлшектен құралады екен, 

оның басым бөлігі қолмен орнатылатын 

көрінеді. Одан кейін тапсырыс жиі берілетін 

А330 және А320 маркасындағы лайнерлер 

үлкен жұмыс процесінен өтіп жатты. Ақыры 

басты мақсатымыз – 148 жолаушыны 

тасымалдауға арналған А320 ұшағын 

даярлаушы цехқа да келіп жеттік. Ұшақтың 

қайырылған қанаты сырттан қарапайым да 

кішкентай болып көрінгенімен, жанына 

келгенде, шарклеттің нақты ұзындығы 2,4 

метр, ал салмағы 1 центнерден астам 

екенін түсіндік. Мұнда сауыт-сайманмен 

жарақтанғандар, негізінен, жастар екені  

байқалып тұр. «Airbus концерні аясында 14 

жастан бастап жасөспірімдерді 

қабылдайтын бірнеше мектеп бар. Ондағы 

жалпыға ортақ білім беру курсын 

тәмамдағандар ұшақтың не екенін, оның 

қандай бөлшектерден, жабдықтардан 

тұратынын нақты біледі, ал одан кейін 

оларға арнайы авиациялық білім алу 

оңайға соғады. Мысалы, өткен жылы 

концерн шамамен 2 мың жас маманды 

жұмысқа алды. Бір сөзбен айтқанда, 

Өткен апта соңында 

Елбасының тапсырмасы 

бойынша теңіздегі мұнай-газ 

кен алаңдарын игеру және 

қазақстандықтарды 

жұмыспен қамту мақсатында 

іргетасын қалаған еліміздегі 

тұңғыш Қазақстан теңіз 

академиясының ресми ашылу 

салтанаты болды. 

Алматыдағы Қазақ-Британ 

техникалық университеті 

аясындағы халықаралық 

деңгейдегі теңізшілерді 

даярлаушы аталған академия 

«Теңізшевройл» ЖШС-нің 

қаржылық қолдауымен 

құрылған екен. Бастысы, бұл 

елімізде ірі кәсіпорындар 

шеңберінде білім берудің 

дуальдық жүйесін 

қалыптастыру үрдісінің бастау 

алғанын білдіреді.

 «Ах, Самара городок», 

«Кестелі орамал» әндерін 

құлағымыз шалғанда бірден 

еліміздің біртуар жарық 

жұлдызы – Роза апамыз еске 

түседі. Енді әуелеткен әні 

секілді көкте қалықтап, соңғы 

нотасында жер бауырлай 

қонған А320 Airbus ұшағын 

көзге ұшыратқанда да 

отандастарымызға осы ой 

оралатын болуы керек. Себебі 

таяуда «Эйр Астана» ұлттық 

әуе компаниясы әлем 

бойынша 30-ақ данасы бар, 

соңғы үлгідегі аталған жаңа 

ұшақты арнайы тапсырыспен 

алдырып, оған қоңырау 

сыңғыр үнімен, қан 

майданның ортасында 

жерлестеріміздің рухын 

көтерген ерлік-жігерімен аты 

аңызға айналып үлгерген 

әнші апайымыз – Роза 

Бағланованың атын берген 

екен... 

техниктерімізді, негізінен, өзімізде әзірлеп, 

өзімізге жұмысқа орналастырамыз», – 

дейді Airbus концернінің Еуропа және 

Орталық Азия бойынша аймақтық сатылым 

жөніндегі директоры Antoine Comte. 

Antoine мырзаның айтуына қарағанда, 

концерн ұшақтарына деген тапсырыс 

ерекше көрінеді. Өздерінің басты 

бәсекелестері «Боинг» өнімдерімен 

арадағы бәсекелестікте жұлдыздырының 

жанып тұрғанын ерекше мақтанышпен 

әңгімелеп берді. Әлемді аузына қаратқан 

алып концерннің білікті мамандарының бірі 

болып саналатын ол Қазақстан жайлы

өзара қарым-қатынасқа ұйытқы болып 

отырған «Эйр Астана» компаниясы туралы 

жылы лебіз білдірді. Comte мырза «Эйр 

Астана» компаниясын сенімді әріптес 

ретінде бағалайтынын жеткізіп, алдағы 

уақытты да бұл дәстүр жалғасын таба-

тынына сенімді екендігін сездірді.

Ұшақты қабылдап алатын орталықта 

біздің лайнерді ұшқыштар тамашалап жүр 

екен. Жаңашылдықтарына тамсанып 

жатыр. Біз де өзгешелігін білуге тырысып, 

оларды әңгімеге тарттық. Сөздерінен 

ұққанымыз, мысалы, ұшқыштар бұрын 

өзімен бірге құжаттар салынған қорапты 

алып жүруі керек болған. Бір нәрсені ұмы-

тып қалса, сол құжаттағы ұшақ тетіктерінің 

қызмет тізбектеріне үңіледі. Ал мына 

жаңасында компьютер-планшет орнатыл-

ған. Мониторды түртсеңіз, ішінен керек 

дерегіңізде лезде тауып аласыз. Сол секілді 

ұшқыштар жермен жазбаша хабарласуына 

мүмкіндік беретін электронды тақтайша да 

орнатылыпты. «Бұл радиоэфирге түсетін 

салмақты кәдімгідей азайтады», – дейді 

мамандар.  

Қалай дегенмен де таяу күндері 

қазақстандықтарды тасымалдауға көшетін 

ұшақтың су жаңа, заманауи болуы бізді 

қатты қуантты. Бастысы, «Эйр Астана» 

ұлттық әуе компаниясы жыл соңына дейін 

тағы осындай үш «көк перісін» сатып 

алмақшы екен.  Әрине, жолаушылар 

тасымалдайтын көліктің жаңалануы еліміз 

үшін жақсы нышан екені сөзсіз. Өткен жылы 

ғана «Хиуаз Доспанованы»  қазақ көгіне 

көтерген «Эйр Астана» енді «Роза 

Бағланованы» үкілеп, аспанға әуелете тағы 

бір игілікті істің бетін қайырды. Осындай ел 

қуантар жылы хабарларды мемлекетіміздің 

ең ірі әуе компаниясы тарапынан жиі 

еститін болсақ, нұр үстіне нұр болар еді...

    М. ЕРАЛИН



Немістердің Алматы облысы 

экономикасына салатын 

инвестициясының көлемі артуы 

мүмкін. Германияның 

Алматыдағы бас консулы 

Михаэль Граудың Талдықорған 

қаласында болып, облыс әкімінің 

орынбасары Серікжан 

Бескемпіровпен жүздесуі кезінде 

екі ел арасындағы экономикалық 

ынтымақтастықтың жаңа 

мүмкіндіктері туралы сөз болды. 

Делегация құрамында елімізде жұмыс 

істеуге мүдделі шетелдік компаниялардың 

жетекшілері, атап айтқанда, DQS 

Certification KZ сертификаттау, Phaeton 

дистрибуциялық компанияларының 

өкілдері де бар.

Жалпы, облыс көлемінде германиялық 

компаниялардың қатысуымен және 

қаржы лан дыруымен жұмыс істеп жатқан 

өнеркәсіпте, коммуналдық және туризм 

салаларында бірлескен нысандар бар-

шылық. Солардың қатарында Текелідегі 

мырыш өндіретін германиялық «Тиссен 

Груп» зауытын айтуға болады.  

Шетелдік делегация Талдықорған, 

 

Текелі  қалаларындағы өндірістік нысандар-



ды аралап, Қаратал ГЭС-інде, Ескелді ауда-

нындағы  «Хильниченько и К» серік тес-

тігінде болды. Осы кездесуден кейін 

 

кон 



сулдың шақыруымен жетісулықтар 

қазан айында Алматыда  болатын  Германия 

күндеріне қатысуы да ықтимал. 

Михаэль  ГРАУ,  Германия  Федеративті  

Республикасының Алматы қаласындағы бас 

консулы:   

– Мен бұл жүздесуге өзіммен бірге 

экономист мамандарды да ертіп   келдім. 

Алматы облысының экономикалық дамуы 

мен болашақтағы әлеуеті бізді қызық-

тырғандықтан, мамандар осы өңірдегі 

перспективалы инвестициялық жобалар-

мен таныспақ. Және бұл жоба ларды мен 

Германиядағы кәсіпкерлік палатасына 

жіберем. Ондағы талқыдан өткен жоба-

ларға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер 

Алматыдағы Германия күндеріне арнайы 

келетін болады. Жалпы,  бұл шараға 300-

ден астам кәсіпкер келеді деп күтілуде. Бұл  

қос тарап үшін де тиімді болмақ.



1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал