Ресей империясы қҰрамы



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/14
Дата06.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
 
 
 
ӘОЖ 342 ,,19”(574+438)  
 
 
 
 
 
Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
БОТАГАРИН РУСЛАН БАҚЫТ 
 
 
ХХ ғасырдағы Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасындағы 
ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы 
 
 
6D030100 – Құқықтану 
 
 
Философия докторы (PhD) дәрежесін  
алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
 
Ғылыми кеңесші: 
заң ғылымдарының докторы, 
профессор Ғ.З.Қожахметов 
 
Шетелдік ғылыми кеңесші: 
заң ғылымдарының докторы,  
профессор К. Цомплак  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Қарағанды, 2017 
 

2
 
 
МАЗМҰНЫ 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР....................................................... 

КІРІСПЕ.............................................................................................................. 

1 РЕСЕЙ  ИМПЕРИЯСЫ  ҚҰРАМЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН  МЕН 
ПОЛЬШАНЫҢ ОТАРЛЫҚ МӘРТЕБЕСІ................................................... 
 
12 
1.1  Дала  облыстарын  отарлауды  тереңдету  және  Қазақстанды  Ресейдің 
ішкі губерниясына айналдыру бойынша патша саясаты................................. 
 
12 
1.2  Отарлық  кезеңіндегі  Польша  Патшалығының  саяси-құқықтық 
жағдайы................................................................................................................. 
   
  23 
1.3  Саяси  партиялар  мен  қоғамдық  бірлестіктер  және  олардың  Польша 
мен Қазақстанның ұлттық мемлекеттілігіне қатынасы.................................... 
 
37 
1.4  Польшадағы  егеменді  мемлекетті  қалыптастырудағы  Юзеф 
Пилсудскидің мемлекеттік-саяси қызметі......................................................... 
 
53 
2  СОЦИАЛИЗМ  ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚСТАН 
МЕН ПОЛЬШАНЫҢ ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ............................... 
 
66 
2.1 
ХХ 
ғасырдың 
20-40 
жылдарындағы 
Қазақстанның 
автономизациялануы 
және 
Польша 
Республикасындағы 
ұлттық 
мемлекеттіліктің қалыптасуы............................................................................. 
 
   
  66 
2.2  Әлемдік  социалистік  жүйені  құрудағы  Қазақ  КСР  мен  Польшаның 
орны және КОКП ХХ съезінен кейін социалистік лагерь мемлекеттерінің 
саяси жүйелерін ырықтандыруы........................................................................ 
 
 
79 
2.3  Социализм  дағдарысының  ұлғаюы  жағдайындағы  кеңестік 
Қазақстанның сот, құқық және құқық қорғау жүйелерінің эволюциясы....... 
 
94 
2.4 Кеңестік экономика: оны жандандыру әрекеттері және сәтсіздік...........  109 
3  СОЦИАЛИЗМНІҢ  КҮЙРЕУІ  ЖӘНЕ  ЕГЕМЕНДІ  ҚАЗАҚСТАН 
МЕН ПОЛЬША МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ................................. 
 
119 
3.1  Кеңестік  Социалистік  республикалар  Одағының  ыдырауы  және 
Қазақстанда тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы................................................ 
 
119 
3.2 Құқықтық мемлекет негіздерін нығайтудағы Президент билігі...............  130 
3.3  Қазақстан  Республикасы  мен  Польша  Республикаларының  өкілетті 
билік  мекемелері  және  ұлттық  мемлекеттілік  құрылысындағы  олардың 
рөлі........................................................................................................................ 
 
 
140 
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................  150 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................  155 
 
 

3
 
 
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР ПМ 
Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты 
БТК 
Бүкілресейлік Төтенше Комиссия 
ӘРК 
Әскери - Революциялық Комитет 
БОАК 
Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті  
(б) БКП 
большевиктердің Бүкілресейлік Коммунистік партиясы 
БЛКЖО 
Бүкілодақтық Лениншіл Коммунистік жастар Одағы 
ХШЖК 
Халық шаруашылығының Жоғарғы Кеңесі 
БСЗИ 
Бүкілодақтық сыртқы заң институты 
ЖК 
Жоғарғы Кеңес 
БСБ 
Бас саяси басқарма 
ЛАГББ 
Лагерлер Бас басқармасы 
БҰК 
Бас ұлттық комитет 
ЕЭҚ 
Еуропалық экономикалық қауымдастық 
ҚазАКСР 
Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы 
ҚОАК 
Қазақ Орталық Атқару Комитеті 
ПЖКП 
Поляк жұмысшыларының коммунистік партиясы 
ЛКЖО 
Лениншіл Коммунистік жастар Одағы 
МТС 
Машина-трактор станциясы 
ҚТҚМ 
Қоғамдық тәртіпті қорғау Министрлігі 
Халжұмкөм 
Халықаралық жұмысшылар көмегі 
ӘХК 
Әділет Халық Коммисариаты 
ҰХК 
Ұлт істері жөніндегі Халық Комиссариаты 
МҚХК 
Мемлекеттік қауіпсіздік Халық Комиссариаты 
ББСБ 
Біріккен Бас саяси басқарма 
РСДЖП 
Ресей социал-демократтарының жұмысшы партиясы  
РКЖО 
Ресей Коммунистік жастар Одағы 
КСРО 
Кеңестік Социалистік республикалар одағы 
ХКК 
Халық Комиссарларының Кеңесі  
ПКжЛСД 
Польша Корольдігінің және Литваның Социал демократтары 
ӨЭК 
Өзара экономикалық көмек Кеңесі 
ЖБӨС 
Жерді бірлесіп өңдеу Серіктестігі 
Түрксіб 
Түркістан-Сібір темір жолы 
КОКП ОК 
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық   Комитеті  
ОБК 
Орталық Бақылау Комиссиясы 
РФ ОМТМ 
Ресей Федерациясының Орталық Мемлекеттік Тарихы мұрағаты  
ҚР ОММ 
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағаты 
ЮНЕСКО 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Білім,  Ғылым  және  Мәдениет 
жөніндегі Ұйымы 
 
 
 

4
 
 
КІРІСПЕ 
 
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 1995 
жылғы  Конституциясының  қабылданғанына  жиырма  жыл  және  Қазақ 
хандығының  құрылғанына  550  жыл  толуы  қарсаңында  ұлттық  мемлекеттілік 
қалыптасуының  тарихы  сұрақтарына  оралу  өте  өзекті  болып  табылады.  Біз 
мемлекет  дамуының  әлеуметтік,  экономикалық  және  саяси  кезеңдерін  зерттей 
отырып өздерінің егеменділігі пен тәуелсіздігін сақтап қалуы жолында тұрақты 
күрестер  жүргізіліп  келген  өткен  ғасырларға  еріксіз  көз  саламыз.  Біздің  және 
шет  елдердің  тарихындағы  өткен  сабақтар  азаматтық  қоғам  негізін  қалаушы 
мемлекет институттарын құруда, демократия және халық билігін нығайту үшін 
маңызды мәнге ие. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің «Қазақстан–
2030» [1] және «Қазақстан-2050» Жолдауларында былай деп атап өтеді: «…біз 
өзге  елдердің  тәжірибелерін  зерттеуіміз  керек  және  де  зерттей  аламыз, 
халықаралық  қауымдастықтағы  оң  тенденцияларды  пайдалана  аламыз,  қазіргі 
қазақстандық  мемлекеттің  дамуындағы  басым  бағыттарды  шешуде  шет 
елдерінің озық тәжірибелерін пайдалануымыз қажет» [2]. 
Бұл  зерттеу  Қазақстан  Республикасы  мен  Польша  Республикасындағы 
ұлттық  мемлекеттіліктің  қалыптасуына  арналған.  Ұлттық  мемлекеттілік 
негізінің  қалыптасуы  оңай  болған  жоқ,  ол  қазақ  халқы  үшін  де,  поляк  халқы 
үшін де күрделі үдеріс болды. Поляк және қазақ мемлекеттілігінің негізін құру 
және  оны  сақтап  қалу  тек  сыртқы  басқыншы  көршілермен  болған  күрес 
нәтижесінде  келген  жоқ,  ол  сонымен  қатар  сепаратистік  бағыттағы  ішкі 
дворяндық 
ақсүйектер 
мен 
бағынбайтын 
қазақ 
сұлтандары 
және 
рубасыларымен жүргізілген тұрақты күрестің арқасында келді. 
Қазақстан Ресей бодандығын қабылдау туралы келісімге қол қойған сәттен 
бастап  патшалықтың  біртіндеп,  жоспарлы  түрде  Қазақстан  мен  Сібірдегі  ірі 
өзендер  бойында  бекіністер  мен  казак  станицаларын  сала  бастағаны  белгілі. 
Олар Орталық Азияны отарлауды үдетудегі болашақ алаң болып табылды. 
Патшалық  үшін  ыңғайлы  әлеуметтік-саяси  жағдай  тудырған  хандық 
биліктің жойылуы Қазақстан мен Ресейдің өзара қарым-қатынасының бастапқы 
нүктесі болды. Осы кезеңнен бастап ХІХ ғасырдың аяғына дейін Қазақстан мен 
Түркістанның  оңтүстік  қалаларының  және  бекіністерінің  алынуы  аяқталып, 
қазақ  хандығының  ұлттық  мемлекеттілігінен  біртіндеп  айырыла  бастағаны 
туралы есепті жүргізуге болады. 
Патшалықтың  әскери  күшінің  сапасы  мен  санының  артықшылығына 
қарамастан  19-жүзжылдықтың  бірінші  жартысы  өздерінің  тәуелсіздігін  қорғау 
үшін  күрескен  қарапайым  халықтың  ерлігімен  және  қантөгіс  шайқастармен 
белгілі.  
Тарихта  көшпенділер  арасында көптен  күткен бостандыққа  қол  жеткізуге 
үміттерін  нығайтқан,  аттары  аңызға  айналған  қара  халық  пен  ақсүйектер 
қатарынан шыққан ұлы қолбасшылардың болғаны белгілі. 
Аудармасы  Республика  деген  мағынаны  білдіретін  Реч  Посполитаның  да 
тағдырының қайғылы тұстары кем емес. Еуропаның қақ ортасында орналасқан 

5
 
 
Реч Посполита XVII ғасырда Еуропаның ірі державалары бәсекелесе алмайтын 
демократиялық  мемлекеттік  құрылымға  ие  болған.  Сонымен  қатар,  Сеймге 
тәуелді  король  билігі,  өзге  де  орталық  және  жергілікті  демократиялық 
мекемелердің елдегі әскери-саяси сұрақтарды жедел шешуге мүмкіндік бермеуі 
Польшаның жеңілуінің еріксіз себептеріне айналған. Оның үстіне, Польша бір 
мезгілде  үш  бірдей  империямен  күрес  жүргізуге  мәжбүр  болады,  бұл  өз 
кезегінде  жеңіске  ешбір  мүмкіндік  бермеді.  Осылайша,  Реч  Посполита  XVII 
ғасырдан 1918 жылға дейін  Австрияның, Пруссияның және Ресейдің билігінде 
болды. 
Зерттеудің  өзектілігі  біздің  сол  кездегі  Ресей  империясының  шетіндегі, 
кейін Қазақстан мен Польша сияқты Кеңестік Одақтағы ұлттар тағдырының бір 
екендігін  объективті  әрі  жан-жақты  көрсетуге  тырысуымыздан  көрінеді. 
Ұлттық  шеттерді  толық  бақылаған  отарлау  билігі,  патша  үкіметінің 
отаршылдық  және  орыстандыру  саясатын  ашамыз.  Империя  органдары 
халықты ырқына көндіріп басқарудың нақты жүйесін құрған. Бірте-бірте дінге, 
ұлттық  мәдениетке,  дәстүрге  қол  сұғылып,  ана  тілін  оқуға  тыйым  салына 
бастады, үкіметке жарамсыз тұлғалар қудалануға ұшырады. 
Польшада  саяси  белсенділік  Ресейдің  өзге  шеттерімен  салыстырғанда 
бұрынырақ басталады, онда жоғалтқан тәуелсіздігін қайтаруға тырысқан поляк 
жұмысшылар  партиясы  құрылады.  ХХ  ғасырдың  басында  саяси  партиялар 
негізгі  күшттерін  қарапайым  халық  арасында  ағартушылық  пен  үгіт 
жұмыстарына  және  де  жаңа  көтерілістер  үшін  қажет  қаражаттар  мен  қару-
жарақтарды  жинауға  салды.  Саяси  партиялар  арасында  мемлекеттік  құрылым 
бойынша  үнемі  әртүрлі  пікірлер  болатын,  нәтижесінде  1917  жылы  ақпан 
төңкерісінен  кейін  поляк  қозғалысы  түпкілікті  бөлінді.  Олардың  біраз  бөлігі 
большевиктер  қатарына  қосылса,  басқалары  коммунистердің  әлемдік 
пролетарлық төңкеріс идеясына сенбегендіктен кеңестер билігіне қарсы болды. 
Осы  бір  қиын  тарихи  кезеңде  кеңестер  билігі  мен  «Алаш»  партиясы 
тұрғысындағы  ұлттық-демократиялық  күштер  арасында  Қазақстанның 
тәуелсіздігі  үшін  күрестер  жүргізіліп  жатты.  Азаматтық  соғыс,  тұрақты 
әскерлерінің болмауы және өте қысқа мерзім «Алаш Орда» автономиясына өз 
позициясын  жас  мемлекеттілік  ретінде  нығайтуға  мүмкіндік  бермеді.  Ол  күш 
жағынан  өзінен  басым  болған  Қызыл  Әскер  мен  жақсы  ұйымдастырылған 
идеологиялық  жұмыстарын  жүргізген  Қазревком  және  Ұлт  істері  жөніндегі 
халық комиссариатының Қазақ бөлімшесі сияқты мекемемен бетпе-бет қалады.  
Республикалық басқаруда сан ғасырлық тәжірибесі бар Польшаны «Алаш 
Орда»  жас  ұлттық  мемлекеттік  құрылыммен  салыстыра  келе,  олардың 
Қазақстан  топырағына  егіп  кеткен  демократиялық  дәнінің  кейін  белгілі  бір 
уақыттар  өткен  соң  өсіп,  көптен  күткен  тәуелсіздік  өнімін  бергенін  айтуға 
болады. 
Біздің  халықтарды  тек  патшалық  тұсындағы  отарлық  заман  ғана 
біріктірген жоқ, сонымен қатар қазақ жері құшағына қарсы алған мыңдаған жер 
аударылып келгендер біріктірді, солардың ішіндегі көптеген поляк мамандары 
мен ғалымдары осында өмір сүріп, жұмыс істеумен бірге Ресей мен Еуропадағы 

6
 
 
жоғары  мектептерде  алған  құнды  білімдері  мен  тәржірибелерін  қазақ 
жастарына үйреткенін атап өту керек.  
Қазақ  және  поляк  халықтарының  сталиндік  диктатура  кезеңін,  Екінші 
Дүниежүзілік  соғыс қайғысын бастарынан өткізулеріне тура келді және КСРО 
сияқты  ірі  әлемдік  державаның,  Варшава  келісімі  елдерінің  көз  алдарында 
ыдырауының куәсі болды.  
Польша  ұлттық  мемлекеттілігінің  құрылысына  талдау  жасау  біз  үшін  өте 
маңызды,  өйткені  онда  демократия  мен  халық  билігінің  сан  ғасырлық 
дәстүрлері шоғырланған. Сондықтан жас егеменді Қазақстан үшін, заң ғылымы 
мен  оны  зерттеушілер  үшін  Польшаның  ұлттық  мемлекеттілігінің  тарихы  тек 
қана өзекті емес, ол сонымен қатар, оның ғылыми-танымдық және тәжірибелік 
тұрғыда пайдасы мол тарихи-құқықтық мәдениетін зерттеу үшін үлкен қазына. 
Зерттеу  тақырыбының  әзірлену  деңгейі.  Бұл  зерттеу  ХХ  ғасырдағы 
Қазақстан  мен  Польша  Республикаларындағы  ұлттық  мемлекеттіліктің 
қалыптасуына арналған, әрі осы сұрақтарды салыстырмалы-құқықтық қырынан 
қарастыратын отандық заң ғылымындағы алғашқы жұмыс болып табылады. 
Біздің 
зерттеуіміз 
үшін 
Қазақстандағы 
ұлттық 
мемлекеттілік 
мәселелерімен  айналысқан  С.З.  Зиманов,  С.С.  Сартаев,  М.  Құл-Мұхамед,  Т.А. 
Ағдарбеков,  Ғ.С.  Сапарғалиев,  С.О.  Даулетова,  М.А.  Биндер,  З.К.  Кенжалиев, 
Е.К. Көбеев, Н.С. Ахметова, Н.У. Усеров, Қ.К. Айтхожин, Ш.В. Тлепина, Е.М. 
Абайдельдинов,  С.К.  Амандыкова,  М.Х  Матаева,  Ғ.З.  Қожахметов  сияқты 
құқықтанушылар,  қазақстан  ғылымының  негізін  қалаушылардың  еңбектері 
маңызды болып табылады. 
Жұмыс  нақты  деректерді  зерттеу  барысында  біз  үшін  құнды  болып 
табылатын,  бізді  қызықтырған  тарихи  оқиғаларға  баламалы  көзқарастарын 
білдірген  тарихшылардың,  әлеуметтанушылардың,  саясаттанушылардың 
еңбектерінсіз  дайындалуы  мүмкін  емес.  Бұл  М.Т.  Бекмаханов,  Н.Г.  Апполова, 
М.Тәтімов,  Ж. Артықбаев, Е.Б. Бекмаханов, М. Қозыбаев, Ж. Абылхожин, Р.Б. 
Сулейменов,  В.А.  Моисеев,  В.П.  Осипов,  Г.Я.  Козлов,  Р.Б.  Куватова,  А.Д. 
Букешев,  И.Я.  Златкин,  С.Г.  Кляшторный,  Б.М.  Абдрахманова,  Т.И.  Султанов 
сияқты және өзге де ғалымдардың еңбектері. 
Өкілді  мекеме  жұмысының  әртүрлі  қырларын,  депутаттардың  құқықтық 
мәртебесін,  заң  шығару  үрдісі  қызметінің  нысаны  мен  тәсілдерін  жетілдіруді 
қамтыған  ҚР  Парламентінің  қызметіне  талдау  жасау  үшін  А.А.  Тарановтың, 
А.А.  Матюхиннің,  Ю.В.  Малышевтің,  Л.Т.  Жанузакованың,  В.В.  Волковтың, 
К.А. Колпаковтың еңбектері пайдаланылды. 
Польшаның ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасуын зерттеуде К. Цомплак, 
Д.  Наленч,  Т.  Наленч,  Л.Е.  Волькович,  Я.  Канцевич,  М.В.  Зелинский,  Ю. 
Мархлевский,  А.  Врублевский,  Ю.  Бардах,  Б.  Леснодорский,  М.  Пиетрчак,  А. 
Айненкель, Л. Гарлицкий, А. Пулло, Б. Банасяк, В. Соколевич, З. Зембиньский, 
Р. Венчорек, В. Осятыньский, Е. Летовский, П. Спивак, И. Грудзинский-Гросс, 
Л.Л. Гарлицкий және өзгеде поляк ғалымдарының еңбектері үлкен көмектерін 
тигізді. 

7
 
 
Мазмұны  бойынша  терең  материалдар,  фактологиялық  мәліметтер 
революцияға дейінгі және қазіргі ресей ғалымдары: Н.И. Костомаровтың, А.Е. 
Пресняковтың,  Г.  Матвеевтың,  Н.Н.  Пухловтың,  Феликса  Конның,  А.М. 
Ореховтың,  Д.А.  Аманжолованың,  М.В.  Зелинскидің,  Р.А.  Ермолаевтың,  А.Я. 
Манусевичтің,  А.Н.  Сахаровтың,  А.Тишковтың,  И.В.  Лукояновтың,  В.А. 
Дьяковтың,  В.Г.  Ревуненковтың,  А.А.  Головачевтың,  П.А.  Зайончковскидің, 
Д.А.  Милютиннің,  Н.В.  Бергтің,  Л.  Островердің,  Л.И.  Семенникованың,  Ф. 
Язьковтың,  Г. Яблонскидің,  Ф. Зуевтің,  Ю.  Лидердің,  Д.  Волкогоновтың,  П.Г. 
Лушевтің және өзгелердің еңбектерінен пайдаланылды. 
Пролетариат  диктатурасының  және  социалистік  қоғам  құрудың  негізгі 
қағидаларын  ұғыну  үшін  біз  осы  теориялық  идеяның  негізін  қалаушы  –  В.И. 
Лениннің, И.В. Сталиннің, Р. Люксенбургтің, Л.Д. Троцкидің, Н.И. Бухариннің 
еңбектерін,  және  де  сол  кездегі  партия  қайраткерлері  –  Ф.Э.  Дзержинскидің, 
Я.М.  Свердловтың,  Ф.И.  Голощекиннің,  Т.  Рысқұловтың  және  өзгелердің 
еңбектерін пайдаланбасқа болмады. 
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Аталған зерттеудің мақсаты тарихи 
және  нормативтік-құқықтық  қайнар  көздерді,  заң  актілерін  және  басқа  да 
заңдық  құжаттарға  кешенді  салыстырмалы-құқықтық  талдау  жасау  болып 
табылады. Олардың негізінде, біз XIV ғасырда Польша Корольдігінің біртұтас 
жалпымемлекеттік  белгіленуіндегі  құқықтық  ресімделуінен  және  XV 
ғасырдағы  Қазақ  хандығынан  бастап  бүгінгі  күнге  дейінгі  әртүрлі  тарихи 
кезеңдердегі  ұлттық  мемлекеттілікті  қалпына  келтіру  бойынша  негізгі 
міндеттерді шешуге тырыстық. 
Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін келесі міндеттер шешілді
-  Қазақстанды  Ресейдің  ішкі  губерниясына  айналдыру  бойынша  патша 
саясатын  көрсету  және  отарлық  тәуелділік  жағдайындағы  Польша 
Патшалығының саяси-құқықтық жағдайын зерттеу; 
-  мұрағат,  тарихи  және  нормативтік  материалдарды  зерттей  отырып 
Польша  мен  Қазақстан  аумақтарындағы  саяси  партиялардың  және  қоғамдық 
бірлестіктердің ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру бойынша қызметтеріне 
талдау жасау; 
-  белгілі  саясаткер  Маршал  Юзеф  Пилсудскидің  Польшадағы  егемен 
мемлекеттің қайта қалпына келуі және сақталуы жолындағы мемлекеттік-саяси 
қызметін ашу; 
-  тарихи,  мұрағаттағы  және  нормативтік-құқықтық  құжаттарға  талдау 
жасай келе әлемдік социалистік жүйені құрудағы Қазақ КСР-і мен Польшаның 
алатын орнын анықтау; 
- БКП (б) пленумы мен съездерінің жұмыстарының материалдарын зерттей 
келе,  КОКП-ның  ХХ  съезінен  кейінгі  Қазақ  КСР-дегі  саяси  жүйенің 
ырықтандырылуы жүзеге асқан уақыттағы жағдайды көрсету; 
-  дамыған  социализм  кезеңіндегі  Қазақ  КСР-і  мен  Польшадағы  кеңестік 
құқықтың  дамуына  баға  беру,  социализм  дағдарысы  тереңдеген  жағдайдағы 
кеңестік Қазақстанның сот және құқыққорғау жүйесінің эволюциясын көрсету; 

8
 
 
- Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауының себептерін 
анықтау және Қазақстандағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуын көрсету; 
-  президенттік  басқару  нысанының  қағидаларын  ҚР  Конституциясының 
кепілі ретінде көрсету, Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасының 
өкілетті  халық  билігі  мекемесінің  қалыптасуы  мен  қызметін  ашу,  олардың 
ұлттық мемлекет құрылысындағы рөлін анықтау. 
Осы  диссертациялық  зерттеудің  объектісі  польша  және  қазақ 
мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуының құрылғаннан бүгінгі күнге дейінгі 
кезеңдері,  екі  елдің  тәуелсіздіктерін  жоғалту  себептері,  олардың  ұлттық 
мемлекеттілікті қалпына келтірудегі күрестері және оны ары қарай құру болып 
табылады. 
Диссертациялық  зерттеудің  ғылыми  жаңалығы  салыстырмалы-
құқықтық  тұрғыда  Қазақстан  мен  Польшадағы  ұлттық  мемлекеттіліктің 
қалыптасуы  туралы  отандық  заң  ғылымындағы  алғашқы  кешенді  ғылыми 
зерттеу  болып  табылуында. Жұмыстың  жаңалығын  зерттеу  барысында  белгілі 
бір  жылдарда  орын  алып,  кеңестік  идеология  шеңберінде  ұзақ  уақыт  бойы 
жұртшылық  үшін  қол  жетімсіз  болған  нақты  оқиғалар  туралы  Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Польша 
Республикасындағы 
мұрағаттық 
және 
библиографиялық қайнар көздер құрайды.  
Соңғы  жылдары  Қазақстан  мен  Польша  арасындағы  өзара  қарым-
қатынастың  әртүрлі  сұрақтары  заң  ғылымындағы  зерттеулердің  объектісі 
болып  келді,  алайда,  олар  Қазақстан-Польша  қарым-қатынасының  белгілі  бір 
жақтарын ғана қамтыды, мысалы, сот жүйесі және т.б. Біз өз жұмысымызда заң 
ғылымының  демократиялық  тұрғысында  ұлттық  мемлекеттіліктің  қалыптасуы 
және  дамуының  ерекшеліктері  мен  жалпылығын,  олардың  демократия  және 
құқық  үстемдігі  қағидаларына  негізделген  мемлекеттік  билік  пен  басқару 
органдарын  көрсете  отырып,  кешенді  әрі  дәйекті  түрде  белгілі  және  онша 
белгілі емес тарихи деректер мен оқиғаларды көрсетуге тырыстық. 
Біз  жалпыға  мәлім  әдістерді  пайдалану  арқылы  сол  кездегі  Ресей 
империясының  ұлттық  шеттеріндегі,  кейін  Қазақстан  мен  Польша 
тұрғысындағы  Кеңес  Одағындағы  тағдырлардың  ортақтығын  көрсетуге 
тырыстық.  Өмір  сүру  нысанының,  әлеуметтік  институттарының,  рухани 
көріністерінің  өзгешелігімен  ерекшеленетін  екі  түрлі  географиялық 
аймақтардағы  ұлттық  мемлекеттіліктің  қалыптасуы  үдерісіне  салыстырмалы-
құқықтық талдау жүргізу сөзсіз жұмыстың жаңалығы болып табылады. 
Қорғауға ұсынылатын негізгі ережелер: 
1.
 
Қазақстанның  Ресей  бодандығын  қабылдауы  сол  кезеңдегі  қазақ 
этносын  және  қазақ  мемлекеттілігін  сақтау  үшін  мәжбүрлі  шара  болғаны 
анықталды.  Қалыптасқан  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  ортадан  тепкіш 
күштердің болмауы және қазақ хандықтарының саяси бытыраңқылығы  қолдау 
көрсетуші  қуатты  мемлекеттің  біртіндеп  дербестікті,  содан  кейін  ұлттық 
мемлекеттілікті  жоюына  себеп  болды.  Дала  өлкесімен  салыстырғанда 
орталықтандырылған билігі, демократиялық институттары және тұрақты әскері 
болған  Реч  Посполита  өзінің  тәуелсіздігін  әскери  жеңіліс  нәтижесінде 

9
 
 
жоғалтты.  Сондықтан,  Еуропадағы  дамыған  қоғамдық  өмірдің  арқасында 
Польшаның  саяси  белсенділігі  Қазақстанға  қарағанда  жоғарырақ  болды  деп 
айтуға болады. 
2.
 
Польша өзінің мемлекетінің 4 рет бөлінгенін басынан өткеріп, жоспарлы 
ассимиляция,  немістендіру  және  орыстандыру  әрекеттерін  жүргізген  үш 
империяның билігінде болса да ұлттық бірегейлігін, мәдениеті мен тілін сақтай 
алғаны  белгілі  болды.  Ең  бастысы,  әрбір  жеңіліске  ұшыраған  көтерілістер 
поляк  қоғамының  барлық  таптарын  бір  мақсат  –  ұлттық  мемлекеттілікті 
қалпына келтіру үшін біріктіре түсті. Ал рулық келіспеушіліктер мен бірқатар 
объективті себептерге байланысты қазақ хандары өз халқын жалпыұлттық идея 
үшін біріктіре алмады. 
3. Поляк және қазақ халықтарының тәуелсіздік үшін жүргізген көпжылдық 
күрестері  кезеңінде  ұлттық  мемлекеттілік  идеясы  жалпы  мақсат  ретінде  саяси 
көшбасшылар  мен  данышпан  ойшылдардың  санасында  пісіп  жетілгені 
анықталды.  Партиялар  мен  қозғалыстардың  елдердің  болашақ  дамуы  туралы 
жоспарлары  олардың  жобалары  мен  бағдарламаларында  жүзеге  асырылды. 
Әлемдік  тәжірибеден  әзірленген  және  пайдаланылған,  екі  мемлекет  үшін 
қолайлы  мемлекеттік  құрылыстың  элементтері  мен  құрылымдары  қазіргі 
заманғы  Польша  Республикасының  және  тәуелсіз  Қазақстанның  іргетасына 
айналды. 
4.  Мұрағат  материалдарын  және  арнайы  әдебиеттерді  зерттей  келе, 
кеңестік  тарихнамаларда  «пандық  Польша  диктаторы»  ретінде  белгілі  болған 
Юзеф  Пилсудскийдің  ел  үшін  қиын-қыстау  кезеңдерде  әскери  және  саяси 
тұрғыда  қуатты  Польша  мемлекетін  қайта  жаңғырта  алғаны  анықталды. 
Пилсудскидің  ұлы  Маршал,  өз  елінің  патриоты  және  көреген  саясаткер 
болғандығы көрсетіледі. Оның қатаң басқарушылығынан елдегі басталған қайта 
құруларды нығайту және Польшаның тәуелсіздігін қорғау үшін мәжбүрлі саяси 
қажеттілік екендігі белгілі болды. 
5.  Әлемдік  социалистік  жүйе  және  Варшава  келісімі  елдері,  өзара 
экономикалық  көмек  Кеңесі  сияқты  ұйымдар  құрылғаннан  кейін  бірде-бір 
маңызды  іс-шара  Мәскеудің  рұқсатынсыз  өткізілмейтін  жоспарлы  экономика 
тәсілдері  Шығыс  Еуропаға  да  көшті,  бұл  осы  елдердің  тұрғындарының  өмір 
сүру деңгейінің төмендеуіне әсер еткені анықталды. Кеңестер өз позицияларын 
Шығыс  Еуропаның  барлық  аумақтарында,  соның  ішінде  Польшада  нығайту 
үшін  кеңес  әскерлерінің  контингентін  орналастырып,  социализм  идеясы  және 
Шығыс  пен  Батыстың  арасындағы  соғыстың  ашылу  қаупі  белсенді 
насихатталды,  екі  лагерь  арасындағы  қару-жарақ  жарысында  тұрақты 
бәсекелестік  орын  алды  –  бұл  жағдайлар  әлемдегі  халықаралық  ахуалды 
күрделендіре және қауіпті арттыра түсті. 
6. 
ХХ-ғасырдың 
80-жылдарында 
КСРО-ның 
саяси 
жүйесін 
трансформациялауға  ұшыратқан  терең  дағдарыс  жайлағаны  белгілі  болды. 
М.Горбачев  бастаған  билік  етуші  элита  кеңес  мемлекетін  ұлттық 
республикаларға  мол  құқықтар  беру,  жұмысшылардың  мүдделерін  есепке  ала 
отырып  модернизациалау  арқылы  экономикаға  жан  бітіргісі  келген.  Алайда 

10
 
 
демократиялық  үдерістер  реттелмейтін  жағдайға  жетіп,  ұлы  державаның 
ыдырауына алып келді. 
7.  Біздің  еліміздегі  Президент  институты  Қазақстан  үшін  күрделі  саяси 
және экономикалық жағдайда қалыптасып, дамығандықтан ерекше тарихқа ие. 
Қазақстан мемлекетінің Басшысы бастаған демократиялық реформаларын теріс 
жаққа бұруды қалаған деструктивті күштер Республиканы президенттік басқару 
нысанына ауысуына мәжбүрледі. Ол демократиялық үдерістердің үздіксіздігін 
қамтамасыз  етуде  және  Қазақстан  Республикасындағы  ұлттық  мемлекеттілік 
құрылысын одан әрі жалғастыруда маңызды рөлді ойнады 
8. Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы басқарудың әртүрлі 
нысандары  –  президенттік  және  парламенттік  нысандарына  ие  екендіктерін 
ескерсек,  сәйкесінше  өкілетті  мекемелерді  ұйымдастыруда  белгілі  бір 
айырмашылықтар  бар.  Алайда,  Қазақстан  парламенттік  республика  құру 
мақсатына  Парламент  өкілеттігін  ұлғайтуға  байланысты  реформаларды 
Конституцияға  біртіндеп  енгізу  арқылы  келе  жатыр.  Екі  елдің  өкілді 
мекемелеріне  салыстырмалы  талдау  жасаған  кезде  польша  Сеймінің  ежелгі 
дәстүрге  ие  екендігі  және  қазақстандық  парламентаризмнің  дамуындағы 
тәжірибелік қызметі үшін мысал бола алатыны анықталды. 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал