Репродуктология ғылыми-көпшілік журнал Репродуктология №2(5) 2012 Ғылыми-көпшілік журнал Барлығы әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы



жүктеу 0.53 Mb.

бет1/5
Дата09.09.2017
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3   4   5

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Репродуктология

№2(5) 2012

Ғылыми-көпшілік журнал

Барлығы  әйелдер мен 

ерлер денсаулығы туралы

Дәрігер есінен 

адасып кетпеуі 

үшін 

4 б.

Сұрақтарыңызды

 қойыңыздар! 

7 б.

Біздің 

қонағымыз - 

Маркус Ницшке 

12 б.

Алғашқы болып 

жол салушылар 

21 б.

2

БайқошқаРова 

Салтанат Бер-

де нқызы - «Ре-

про дук то   ло  гия» 

жу р  на лының 

бас редакторы

биология ғы-

лымдарының док-

торы, Қазақ стан-

дағы алғашқы ДТҰ «Экомед» 

емханасының не гізін салушы және 

жетекшісі, Қазақстан Республи-

касы Прези дентінің жа нындағы 

әйел дер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі 

Ұлттық комиссияның мү шесі. 



ЗдановСкий 

валерий Мстис-

лавович (Ре -

сей) - медицина 

ғылым дарының 

докторы, про-

фессор, жоғарғы 

дәрежелі 

дәрігер акушер-

гинеколог, бедеулікті дене-

ден тыс ұрық тан дыру әдісімен 

емдеуді енгізгені үшін Ресей 

Үкіметінің премиясының лауреа-

ты, «Лера» медицина орталығы 

және «ЭКО» бедеулікті емдеу 

орталықтарының бас директоры, 

Москва қаласы.

дов Фельд БеРг 

(Израиль) - про-

фессор, медици-

на ғылымдарының 

докторы (MD), 

Helen Schneider  

Rabin Medical 

Center (Тель-Авив 

Университеттік 

клиникасы, Израиль) әйелдер 

госпи та лінің Вице-орынбасары

дү   ни е  жүзілік репродуктивті меди -

цина ассоциациясының (World 

Association of  Reproductive Me-

dicine - WARM) Вице-Президенті,  

репродуктивті медицина бой-

ынша 150-ден астам ғылыми 

жұмыстардың авторы.



РаиСова Әдебиет 

Темірболатқызы 

- ҚМҒА коррес-

пондент-мүшесі, 

медицина ғылым-

дарының до к-

то ры, профес-

сор, Қазақстан-Ре сей медици-

на университетінің акушерия 

және гинекология кафедрасының 

меңгерушісі.



МұСТаФаев 

Сәдуақас 

Үмбетәліұлы - 

медицина ғылым-

дарының док-

торы, профес-

сор, «Профес-

сор Сәдуақас 

Үмбетәліұлы 

Мұстафаев басшылығындағы 

клиникалық ор та лықтың» бас ди-

ректоры.


аМанжолова 

Зәуреш жұма-

на лықызы - ме-

дицина ғы лым-

дарының док торы, 

Алматы қа ласы 

Бостандық ау-

данының әкімі.



иСаченко вла-

димир (Герма-

ния) -  PhD, Кёльн 

Университетінің 

акушерия және 

гинекология 

кафедрасының 

репродуктивті ме-

дицина ғылыми-

зерттеу бөлімінің меңгерушісі (Гер-

мания).


копылова Та-

тьяна павлов-

на - жоғарғы 

дәрежелі дәрігер 

акушер-гинеколог, 

«Медицинский 

центр Копыло-

вой» медици-

на орталығының 

жетекшісі.



қаРаБалин 

нұр лан Серікұлы 

- Қазақстандағы 

«Ферринг фарма-

цевтикалс С. А.» 

өкілдігінің бас-

шысы, медици-

на ғылымдарының 

кандидаты.



Репродуктология

Ғылыми-көпшілік журнал



Бас редакторы

С.Б.  БайқошқаРова

биология ғылымдарының докторы



Бас редактордың орынбасары:

а. пак,

медицина ғылымдарының кандидаты



Шеф-редактор

к. евдокиМенко

Жауапты хатшы

С.о. еРғалиева 

Редакциялық кеңес:

в. М. ЗдановСкий (РеСей),  

д. ФельдБеРг (иЗРаиль),

в. иСаченко (геРМания),

Ә.Т. РаиСова, С.Ү. МұСТаФаев,

З.ж. аМанжолова,  

Т.п. копылова, н.С. қаРаБалин

№ 2(5) 2012

«Репродуктология»

Қазақстан адам ұрпағын өрбіту 

ассоциациясының

квартал сайынғы ғылыми-көпшілік 

журналы


Басылымда 2009 жылдан 

журналды меншіктенуші  - 

«Экомед» ЖШС

Журнал ҚР мәдениет және ақпарат 

Министрлігінде тіркелген 

Тіркеу номері 7430-ж

Редакция мекенжайы: 

Алматы қ-сы, Гагарин д-лы, 78

Тел. (327) 277-55-73, 375-90-04

Материалдарды жариялауға  

байланысты сұрақтар бойынша  

жауапты хатшыға хабарласыңыз

Эл. пошта: kahr2006@mail.ru

Жарияланған материалдардың 

мазмұнына авторлары жауапты.

Жарнама материалдарына жарнама 

беруші жауапты.

Жарияланған материалдарды көшіріп  

немесе өңдеп басу үшін біздің 

редакцияның жазбаша рұқсаты қажет.

Журналдан цитат келтіргенде сілтеме  

жасалуы міндетті.



ТиРаж 500 экЗ.

3

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Біздің  емделушілер  «өзінің»  дәрігерін  табудың 

қандай  маңызды  екенін  жақсы  біледі.  Дәрігеріңізге 

Сіз  мүлтіксіз  сенім  артуыңыз  керек,  ал  дәрігеріңіз 

өз  кезегінде  сізді  сәттілік  болатынына  сендіре  ала-

тын  және  сол  сәттілікке  алып  келетін  қиыншылығы 

зор  жолды  (кейде  тым  ұзақ  болатын)  соңына  дейін 

өтуге  күш-қайрат  беріп,  көмектесетін  маман  болуы 

керек. Алайда дәрігерге де емделушінің ем жүргізуге 

бағытталуы,  дайындылығы  және  оған  деген  сенімі 

өте  маңызды.  Себебі,  біз  де  өз  жұмысымыздың 

жемісін  көргіміз  келеді,  ал  оң  нәтижеге  жету  үшін 

емделуші  жағынан  түсіністік  болуы  керек.  Біз 

журналдың  осы  санын  дәрігер  мен  емделушінің 

серіктестігі тақырыбына арнауды жөн көрдік. 

Бізге  келетін  әр  жұптың  тағдыры  қиын,  көбінесе 

жылдар  бойы  емделуден  қажып,  үміттері  үзіліп 

келетінін мен жақсы түсінемін. Себебі, репродуктоло-

гия саласында қалыпты жағдайлар болмайды, біздің 

емханаға ат басын бұрған әр жұптың өз ерекшеліктері 

бар.  Осы  орайда,  мен  шет  елдік  әріптестерімізден 

«ДТҰ бағдарламасының бірінші талпынысы - бұл тек 

дәрігердің әйел ағзасымен танысып, әрі қарай емде-

уде дұрыс бағыт алуы» деген пікірлерін естуім бар. 

Бұл  салада  еңбек  ететін  дәрігерлер  де  бірегей. 

Дәрігерлер ғана емес, тіпті зертхана мамандары, мед-

бикелер,  ассистенттер  мен  басқа  да  қызметкерлері 

жылдар  бойы  дайындалған,  жұмыс  жүргізу  тәртібі 

жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біздің саладағы 

жұмыстың  ерекшелігі:  бір  жағадан  бас,  бір  жеңнен 

қол  шығарып,  топта  жұмыс  істеу  әдісі  болып  табы-

лады.    ДТҰ  бағдарламасы  бір  сәтте  жүргізілетін  ем 

емес,  бірнеше  сатыдан  тұратын,  1  айдай  уақытты 

қажет ететін күрделі әдіс болғандықтан, ем нәтижесі 

осы топтың әрбір мүшесіне байланысты болады. 

Журналдың  осы  санында  сіздер  емханадағы 

жұмыс  ерекшеліктері  туралы  толығырақ  біліп,  көп 

сұрақтарыңызға  жауап  ала  аласыздар.  Және  менің 

негізгі  ойым  -  біздің  дәрігерлерімізді  басқа  жаңаша 

қырынан  көрсеңіздер  деймін.  Әрқашан  сабырлы 

және жүздері күлімсіреген дәрігерлеріміз,  күнделікті 

тынымсыз еңбектерімен сіздерге ең басты ғажайып - 

баланың дүниеге келуін жақындата түседі. 

 

құрметпен, 

Салтанат БайқошқаРова

реДАКТОрДЫҢ АТЫНАН:

ОСЫ САНДА 

ОқиТЫНДАрЫҢЫз:

4  

Дәрігер есінен адасып 

 

кетпеуі үшін



6  

Емделушілерге арналған ақпарат



8  

Біздің мереке



9  

Емхана жұмысындағы 

 

жаңалықтар туралы



12   Болашақ ана мен баланың 

 

денінің саулығы үшін...



16   Бедеулік туралы қашан 

 

айтуға болады?



18   Нәтиже үшін жүргізілген жұмыс

19   Біздің лекторий

20   Кезедесулерді кім 

 

ұйымдастырады?



21   Алғашқы болып жол салушылар

22   Өзіңізге қиыншылық 

 

тудырмаңыз



23   Оқиғалар

4

нағыз маман

-  Әріптестеріміздің  штаттық  кестесін 

көргенде  таң  қалдық  -  деп  әңгімелейді 

Салтанат  Байқошкарова,  -  бедеулікті 

емдейтін 

әйгілі 


орта лық тардағы 

репродуктолог-маман дардың 

са ны 

біздегіден  аз  болмаса  көп  емес.  Бірақ 



олардың  жұмыс  өнімділігі  анағұрлым 

артығырақ.

Бұл  көргенімізден  жасаған  қоры-

тындымыз:    кеңес  дәуірінен  қалып-

тасқан  дәстүр  бойынша,  біз  әлі  де  ем-

хана немесе емдеу әдісінен гөрі дәрігер 

тұлғасына 

сенім 


артамыз. 

Біздің 


түсінігімізде  дәрігер  бізге  балаша  қарап, 

әрдайым  қасымыздан  табылуы  керек, 

сонда  ғана  біз  өзімізді  жайлы  сезінеміз. 

Мүмкіндігінше,  медбике  анализ  алып 

жатқанда да дәрігер дәлізден күлімсіреп 

қарап тұрса дейміз. Оған қоса, емханада 

қолданылатын  жаңа  технологиялар  біз 

үшін таңсық, сол себепті дәрігердің олар 

жайлы  ұзақ  және  толыққанды  мағлұмат 

бергенін,  ол  аздай  қолданылған  әрбір 

емдеу  әдісіне  түсініктеме  жасалғанын 

қалаймыз.  Сондай-ақ,  репродуктолог 

дәрігердің  бедеулік  мәселесі  бойынша 

алғашқы  қабылдауы  бір  сағатқа  созы-

лады (!). Сол уақыт аралығында дәрігер 

емделушінің  ауру  тарихымен  танысып 

қана  қоймай,  жеке  басының  жағдайын, 

отбасындағы  қарым-қатынасы  жайлы  да 

біліп жатады. Сондықтан емдеу барысын-

да  дәрігер  мен  емделуші  арасында  өте 

жақын,  тіпті  туыстық  қатынастай  байла-

ныс пайда болады. Онымен қоса, шұғыл 

жағдайларда  байланысу  үшін  дәрігердің 

ұялы телефонының нөмірін де аламыз.

Бірақ  болмашы  сұрақ  бойын-

ша  мазалап  жататын  кездеріміз  де  бо-

лады...  Жасыратын  несі  бар,  біздің 

қоғамда дәрігерге әрдайым тиісті кұрмет 

көрсетіле  бермейді.  Ақша  төлеп  жатыр 

екенбіз,  қалағанымызша  мазалай  ала-

мыз  деп  ойлаймыз.  Нәтижесінде  жыл-

дар бойы дайындалған бірегей мамандар 

жұмыстан шығып кетуге дайын болып не-

месе  жүйкесі  жұқарып  жүретінін  әркім 

біле бермейді.

-  Дәрігерлер,  көптеген  жылдар 

бойы  нәрестелі  болуды  аңсап  жүрген 

жұптардың  жай-күйін  түсінетін  маман 

және қарапайым адам болғаны үшін кінәлі 

емес, - дейді Салтанат Берденқызы, - ал 

біздің кей емделушілеріміз тіпті түн орта-

сында  көңіл-күйі  түсіп  кетсе  де  теле-

фон шалып жатады.  Біз емделушілердің 

де,  дәрігерлердің  де  психология-

сын  өзгертуіміз  керек.  ТМД  елдерінде 

емделушілер белгілі бір дәрігерге байла-

нып қалғандай болады. Ол дәрігерден ай-

ыру, нәрестені емшектен айырумен бірдей 

сияқты көрінеді. Дәрігерге үйренісіп қалу 

гинеколог,  стоматолог  немесе  тера-

певт  сияқты  мамандарға  қатысты  бол-

са, ол түсінікті жағдай, себебі, ем жүргізу 

көбінесе  бір  немесе  2-3  қабылдаумен 

шектеледі.  Бірақ  ДТҰ  бір  сәттік  немесе 



дәрігер есінен адасып кетпеуі үшін

Репродуктология саласындағы әртүрлі семинарлар мен кәсіби форумдарға 

қатысу,  шетелдік  әріптестердің  алдыңғы  қатарлы  жетістіктерімен  таны-

су,  жолсапарлар  мен  үздіксіз  білім  алу  –  мұның  бәрі  «экомед»  емханасы 

қызметкерлерінің  жұмысының  ажырамас  бір  бөлігі.  Мұның  себебі  дәрігер-

репродуктологтар әрдайым нәтижелі жұмыс әдістерін іздеу үстінде жүреді. 

ал  осы  жазда  біздің  дәрігерлердің  англияға  барған  жолсапарлары  ерек-

ше  болды,  мамандарымыз  осы  елдегі  дТұ  емханаларының  жұмысты 

ұйымдастыру, яғни, менеджменттегі тәжірибелерін зерттеуге барып қайтты.

5

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

бір қабылдаумен шектелетін бір сағаттық 

әдіс емес, бұл - бірнеше сатыдан тұратын, 

бір  айға  дейін  созылатын,  репродукто-

лог  дәрігермен  бірге  көптеген  басқа  да 

мамандарға  байланысты  бағдарлама. 

ДТҰ  -  ол  топтық  жұмыс,  бұл  терминді 

ағылшындық әріптестеріміз өз сөздерінде 

бірнеше  рет  қолданып,  еске  түсіріп  жат-

ты.  Бұл  бағдарламаның  жүзеге  асуында 

емделушінің  де  үлесі  мол.  Сол  себепті, 

бір  дәрігер  ДТҰ  әдісімен  емделу  бары-

сында  оның  барлық  сатыларын  басы-

нан аяғына дейін бүкіл емделушілерінде 

жүргізе алмайды.  

Сонымен,  «Экомедтегі»  репродук-

толог  дәрігерлердің  міндеті  қандай? 

Пациенттердің  алғашқы  қабыл дауын 

жүргізеді,  оған  бір  сағат  уақыт  бөлінген. 

Анализ  нәтижелерін  талдау,  емдеу  ба-

рысында  тексеру  мен  емдеу  тәсіліне 

өзгерістер  енгізулер  -  екінші  қабылдау 

кезінде  жарты  сағат  аралығында 

жүргізіледі.  Бірақ  бұл  жұмыс  кестесі, 

алдын-ала келуін жоспарлау мүмкін емес, 

етеккір циклы басталған емделушілердің 

келуіне байланысты өзгеріп жатады.  Яғни, 

бұл жағдайда дәрігер ДТҰ бағдарламасын 

бастауы қажет. Оған қоса, аналық ұрықты 

пункциямен алу және эмбриондарды жа-

тыр  қуысына  енгізу  операциялары  бар. 

Ол аздай, «күйеуіммен ұрысып қалдым», 

«жағындының  түсі  басқа  сияқты»  деген 

сұрақтармен  қоңыраулар  түсіп  жатады. 

Әрі біздің емделушілер «Экомед» емхана-

сына ДТҰ бағдарламасы барысында тегін 

ұсынылатын  психолог  дәрігердің  кеңесін 

керек етпейді. Соңында әйелдер барлық 

уайымдарымен, эмоцияларымен «өзінің» 

гинеколог  дәрігеріне  жүгіреді.  Соның 

салдарынан  дәрігерге  жүктеме  көбейіп 

кетеді. Бір қызығы - бізге шетелде сәтсіз 

ДТҰ  жасатқан  емделушілермен  жұмыс 

жасау  жеңілірек.  Себебі,  олар  Батыста 

дәрігер  емделушінің  күтушісі  тәріздес 

жүгірмейтінін,  қанша  ақша  берсең  де 

бала  «сатып  ала  алмайтыныңды»  және 

әлемнің  әйгілі  емханаларының  өзі      оң 

нәтижеге  кепіл  бермейтініне  көздері 

жеткен.  Олар  ДТҰ  жайлы  мағлұматтың 

бәрін  дерлік  біледі,  сол  себепті  орын-

сыз  дәрігерді  мазалай  бермейді.  Бір 

сөзбен  айтқанда,  дәрігерлерге  білімді, 

мағлұматтанған  емделушілермен  жұмыс 

істеу әлдеқайда жеңілірек. 

- Оған қоса, біздің менталитетіміз сон-

дай,  адамдар  алдын  ала  жазылмай-ақ, 

емханаға келу туралы шешім қабылдаған 

соң  бірден  таныстарына  телефон  ша-

лып,  кезексіз  қабылдауға  кіргісі  келеді. 

Дәрігерлердің  қолы  бос  емес  дегенді 

түсінбей,  тіпті  дандайсып  кетіпті  деп 

ренжиді.  Әрбір  репродуктолог  дәрігер  - 

бірегей,  жылдар  бойы  дайындалған  ма-

ман.  Мамандарға  қойылатын  талап-

тар да өте жоғары. Кәсіби біліктілігі мен 

тәжірибелілігіне  қоса  шет  тілдерін  білуі 

керек - қазақ, орыс және ағылшын тілін. 

Сонымен  қатар,  аналитикалық  ойлау, 

өздерінің  отбасылық  трагедияларымен 

келетін емделушілермен оңай тіл табысу 

сияқты қабілеттері болуы тиіс. 

Шетелдегі  мамандар  жұмыстарын 

қалай жүргізеді екен, мысалы Англиядағы 

ДТҰ  орталығының  дәрігерлері?    Ол 

жақта  емделушімен  жеке  дәрігер  емес, 

топ  болып  жұмыс  жасайды.  Алғашқы 

қабылдауды 

репродуктолог 

дәрігер 


жүргізеді,  УД  зерттеуді  техник  немесе 

медбике, эмбриондарды жатыр қуысына 

енгізуді  медбике  де  жасай  алады.  Ал 

жан күйзелістерімен психолог дәрігермен 

бөліседі.

-  Ағылшындық  әріптестеріміз  біз-

дегі  жұмыс  барысымен  танысқанда: 

«Дәрігерлеріңіз  қалайша  осыншама 

міндетті  атқарады»,  -  деп  таң  қалды. 

Батыстың  ешбір  дәрігері  тәуліктің  кез-

келген  уақытында  мазалау  былай 

тұрсын,  пациентке  телефон  номерін  де 

бермейді. Жоғарыда атап өткендей, бізге 

шетел  емханаларында  ем  алған  паци-

енттермен  жұмыс  істеу  жеңіл:  олар  бос 

сұрақтар  қойып,    дәрігер  неге  кезекті 

еңбек  демалысына  шығып  кетті  немесе 

неге  оны  басқа  дәрігер  алмастырып  жа-

тыр  деп  жүйкені  жұқартпайды.  Емхана 

жетекшісі  өзі  бақыласын  деген  талаптар 

да қоймайды. 

Және  де  шетел  емханаларында 

«жақсы»  дәрігер  немесе  «онша  жақсы 

емес» деп бөлу жоқ. Сондай-ақ, заманауи 

емханаларда есепке алу және құжаттарды 

жүргізу компьютерлендірілген. Кез-келген 

дәрігер  электронды  картаны  ашып,  ем 

жүргізу  жоспарын  және  сол  сәтте  емнің 

қандай  сатысында  екенін    көре  ала-

ды.  Оның  үстіне  қалай  десеңіз  де  емнің 

барысында  жалғыз  дәрігермен  шекте-

лу  мүмкін  емес.  Сізбен  андролог,  гине-

колог,  УДЗ  дәрігері  және  лаборатория 

қызметкерлері  жұмыс  жасайды.  Тіпті 

құпияның  басым  бөлігі  эмбриологтарда 

қалады.  Сіздің  репродуктологыңыздың 

жұмысы - әр пациентті итермелеу емес, 

жағдайды талдап, әрі қарай бағдар беру.   

-  Мен  дәрігерлерге  емханадағы 

жұмыс  барысын  ұйымдастыруға  осы 

шетел  әдісін  енгізіп,  оларға  түсетін 

жүктемені реттейтінімізді айтқанда, олар 

жеңілдікпен дем алды.    


6

енеден тыс  ұрықтандыру бір сәттік 

немесе бір күндік емдеу әдісі емес, 

әйелдің  етеккір  циклына  және 

аналық    ұрық  пен  эмбрионнның 

даму  ерекшеліктеріне  байланысты  бола-

тын,  бірнеше сатыдан тұратын бағдарлама 

болғандықтан,  емді  басынан  аяғына  дейін 

бір  дәрігердің  жүргізуі  кейде  мүмкін  емес. 

Сонымен қатар, емделушіге психологиялық 

қолдау  көрсету  қажет.  Бірақ,  дәрігер  де 

қарапайым адам екенін ұмытпағанымыз жөн, 

оның да жеке өмірімен айналысып,  демалу-

ына құқы бар. Ол еңбек демалысына шығу, іс 

сапарға немесе оқуға аттану, кейде ауырып 

қалуына  байланысты    ДТҰ  бағдарламасы 

сатыларының  біріне  қатыспауы  да  мүмкін. 

Гинеколог-репродуктолог  дәрігер  көп  айлар 

мен жылдар бойы дәрігердің де, психологтың 

да  жұмысын  өзі  атқарып,  үздіксіз  еңбек 

етуі  мүмкін  емес.  Әсіресе,  бұл  жағдайда 

жалғыз  емделуші  ғана  емес,  көптеген  ДТҰ 

бағдарламалары бірінен кейін бірі жүріп жа-

татынын ескерсек, бұл тіпті қиын. Жақында 

біз  бірнеше  қа зақ стандық  және  ресейлік 

ДТҰ емханалары жетекшілерімен бірігіп Ан-

глия  (Лондон,  Кембридж),  Европа  және 

Израильдің бетке ұстар адам ұрпағын өрбіту 

емханаларында болдық. Ол емханалардың 

менеджментін  зерттей  келе,  барлық  жер-

де  бір  жүйемен  жұмыс  істейтініне  көзіміз 

жетті:  ДТҰ  әдісімен  емдеу  топтық  жұмыс 

болған  соң,  жұмыстағы  барлық  міндеттер 

анық бөлінеді. Мысалы, Кембридждегі Берн 

Холл емханасында (бұл - ДТҰ әдісінің негізін 

қалаушы,  Нобель  сыйлығының  Лауреа-

ты, профессор Роберт Эдвардс еңбек еткен 

бүкіл әлемге әйгілі емхана) 55 адам жұмыс 

істейді.  Олардың  4-уі  кеңесші  (емханада 

гинеколог-репродуктолог  дәрігерлерді  осы-

лайша атайды екен), 2-3 психолог дәрігерлер, 

10-12  эмбриолог,  25  медбике  және  басқа 

да  әкімшілік  қызметкерлері  жұмыс  істейді. 

ДТҰ  бағдарламасында  «емдеуші  дәрігер», 

«қай дәрігердің емделушісі» деген ұғымдар 

жоқ.  Жұмыс  кестесінің  құрылу  тәртібінде 

1  күн  ішінде    барлық  операцияларды  - 

фолликулдың пункциясы, эмбрионды жатыр 

қуысына  енгізу,  жатыр  ішілік  инсеминация 

және т.б. -  бір дәрігер жүргізеді, келесі күні 

операциялық  бөлімде  екінші  дәрігер  бола-

ды, солай ауыса береді.  Екінші күні дәрігер 

алғашқы келген емделушілерді қабылдайды. 

Үшінші күні  емделушілермен емнің соңында 

болған  оң  немесе  теріс  нәтижелерді  тал-

дап,  әрі  қарай  емді  жалғастыру  тәртібін 

анықтайды.  Дәрігердің  4  басты  жұмыс 

міндеттері бар:

Бедеулік  мәселесі  бойынша  алғашқы 

қабылдау  -  бұл  ең  қиыны,  келген  жұптың 

ауру  және  емделу  тарихы  зерттеледі, 

гинекологиялық 

қарап 

тексеру 


мен 

ультрадыбыстық  зерттеу  жүргізіледі,  ары 

қарай  емнің  жүргізілу  тәртібі  анықталып, 

аналық 


ұрықты 

ынталандыру 

әдісі 

таңдалады  және  т.б.  Дәрігер  медбикеге 



емделушіні әрі қарай жүргізу туралы ақпарат 

береді. 


Екінші - аналық ұрық пункциясы.

Үшінші  -  эмбрионды  жатыр  қуысына 

енгізу (бірақ, бұл операцияны емханада ар-

найы оқытылған медбикелер де жүргізеді).

Және де емделушімен соңғы оң немесе 

теріс нәтижелерді талдау мен алдағы емдеу 

тәсілін анықтау. 

Алайда,  ДТҰ  бағдарламасының  бары-

сында осы 4 сатыда дәрігер бір емделушімен 

бірге болу керек деген түсінік жоқ. Дәрігерлер 

график  бойынша  ауысып  тұрады,  сол  се-

бептен  алғашқы  қабылдауды  бір  дәрігер, 

пункцияны  екінші,  эмбрионды  жатырға 

енгізуді үшінші дәрігер, ал нәтижені талдау-

ды төртінші дәрігер жүргізуі де әбден мүмкін. 

Емханада  дәрігерлер  бір-бірінің  міндетін 

оңай  атқарады,  емделу  барысындағы 

емделуші 

туралы 

барлық 


ақпарат 

компьютерлік базада сақталады, сондықтан 

бәрі  де  жайғастырылған.  Емделушілерге 

психологиялық  қолдауды  психолог  дәрі-

герлер  көрсетеді,  бұл  мәселеге  репродук-

толог  дәрігерлер  уақытын  жоғалтпайды. 

Дәрігерлер  тек  медициналық  сұрақтармен 

айналысады.  Алғашқы  қабылдауда  ем 

жүргізу туралы мүмкіндігінше толық ақпарат 

берілгендіктен  дәрігерлер  өздерінің  жеке 

байланыс телефондарын ешкімге бермейді. 

Емделушілер  кез  келген  сұрақтармен 

дәрігерге  босқа  хабарласпайды,  әсіресе 

жұмыс  уақытынан  тыс  уақытта.  Бұндай 

жұмыс  тәртібі  барлық  Европа  және  Англия 

ДТҰ емханаларында қолданысқа енгізілген. 

Лондондағы Hammersmith емханасының 

қаланың  әр  ауданында  орналасқан  екі 

орталығы  бар:  бірі  -  мемлекеттік,  екіншісі 

-  жеке  меншік  орталық.    ДТҰ  зертханасы 

мемлекеттік орталықта орналасқан, ол жерде 

ақылы да (ең арзан ДТҰ бағдарламасы шама-

мен 2000 фунт тұрады, бұл дәрі-дәрмектерді 

қоспай  санағандағы  баға)  ақысыз  да  ДТҰ 

бағдарламалары  жүргізіледі.  Жеке  меншік 

орталықта  ДТҰ  бағдарламасы  6-10  мың 

фунт  стерлинг  тұрады,  бірақ  ол  орталықта 

тек  дәрігер  қабылдаулары  жүргізіледі,  ал 

ДТҰ  бағдарламасының  зертханалық  бөлімі 

мемелекеттік  орталықта  өткізіледі.  Біз  ем-

хана басшыларынан ДТҰ бағдарламасы екі 

орталықта  бір  технологиямен  және  негізгі 

бөлімі бір емханада өткізілгенімен, неліктен 

бағалары әртүрлі деп сұрадық. Емхана бас-

шысы  емделушілер  бізге  жағымды  қарым-

қатынас,    дәрігердің  өз  уақытында  және 

толық  қанды  қабылдау  өткізуі,  дәрігердің 

ілтипаты, оған телефон шалу мүмкіндігі мен 

аналық  ұрық  пункциясы  және  эмбрионды 

жатыр қуысына енгізу операцияларын күтіп 

қалмауы үшін, яғни,  СЕРВИС үшін төлейді 

деп жауап берді.  Біздің емделушілеріміздің 

басым  бөлігіне  бұндай  жағдай  түсініксіз  де 

болатын  шығар.  Бұл  жерде  түсінікті  болу 

үшін, ұшақпен ұшуды мысалға келтіруге бо-

лады.  Ұшақта  бірінші  класс,  бизнес-класс 

және  эконом  класс  деген  бөліну  бар  екені 

бәрімізге  аян.  Жолаушылардың  барлығы 




  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал