Репродуктология ғылыми-көпшілік журнал барлығЫ Әйелдер мен ерлер денсаулығы туралы



жүктеу 233.98 Kb.

бет1/3
Дата28.02.2017
өлшемі233.98 Kb.
  1   2   3

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Ғылыми-көпшілік журнал

БАРЛЫҒЫ  ӘЙЕЛДЕР МЕН 

ЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫ ТУРАЛЫ

№№3-4 (11-12) 2013

Репродуктология

Барлық 

мүмкіндікті 

қолдану

4 б.

Ер азаматтар 

арасындағы 

әңгіме

11 б.      

Әр нәрсенің 

өз уақыты

бар!  

12 б.

2

3

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Менен кейде сұрайды - біздің емханада «VIP» 

клиент деген көзқарас бар ма? -  деп. Осы са-

ланы толық білмейтіндер емханада клиенттер 

емес, барлығы емделушілер екенін түсіндіріп 

айту қиын. Маңызды немесе маңызды емес 

 

емделуші жоқ. Мұнда келгендер өте қайратты 



адамдар. Олар тағдырдың басына жазған 

қиындықтарына қарамастан осындай шағын 

мүмкіндіктің өзін пайдалануға тырысады. 

Мен бір нәрсе айтайын. Осы уақытқа дейін 

емханамыз көптеген қиындықтардан өтті. Жеке 

жағдайлар, заң өзгерді. Бірде қолымыз түсіп, 

енді бірде еңсемізді көтере білдік. Өзімнің жеке 

кабинетімде отырып, ойға салынып осы жа-

санды ұрықтандыру арқылы дүниеге келген 

кішкентай ғана бүлдіршіндердің суреттеріне 

қарағанда барлығы жәй емес екенін түсінемін. 

Сондықтан әйелдерге айтарым әрқашан 

үміттеріңіз сөнбесін. Барлық қиындықтар 

ұмтылады, бойдағы қорқыныш пен ішкі 

күйзелістер артта қалады. 

Ал сіздер барлықтарыңыз шыныменде «VIP» 

клиентсіздер! Мәселе мен баланы көп күтудің 

қаншалықты қиын екенін білуімде емес.  Немесе 

біздің дәрігерлер олимпияданың  спортсмендері 

сияқты тек бір мақсатқа жету  үшін мұның бәрін 

жасап жатқанында емес. Ойланып  көріңіздерші 

- ДТҰ - жаңа технологиялар әлемі.  Медицинаның 

өзге салаларында мұндай  қарқынды ізденістер 

аса орын ала бермейді,  жоғары технологиялық 

құралдар жетілдіріліп жатқан  жоқ. Сондықтан 

сіз бен біздің балаларымыз жәй ғана сәби емес, 

ол бізге берілген ғажайып  бір үлкен сый.

БАЙҚОШҚАРОВА 

Салтанат Бер­

де нқызы - «Ре-

про дук то   ло  гия» 

жу р  на лының 

бас редакторы, 

биология ғы-

лымдарының док-

торы, Қазақ стан-

дағы алғашқы ДТҰ «Экомед» 

емханасының не гізін салушы және 

жетекшісі, Қазақстан Республи-

касы Прези дентінің жа нындағы 

әйел дер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі 

Ұлттық комиссияның мү шесі. 



ЗДАНОВСКИЙ 

Валерий Мстис­

лавович (Ре -

сей) - медицина 

ғылым дарының 

докторы, про-

фессор, жоғарғы 

дәрежелі 

дәрігер акушер-

гинеколог, бедеулікті дене-

ден тыс ұрық тан дыру әдісімен 

емдеуді енгізгені үшін Ресей 

Үкіметінің премиясының лауреа-

ты, «Лера» медицина орталығы 

және «ЭКО» бедеулікті емдеу 

орталықтарының бас директоры, 

Москва қаласы.

Дов ФЕЛЬД БЕРГ 

(Израиль) - про-

фессор, медици-

на ғылымдарының 

докторы (MD), 

Helen Schneider  

Rabin Medical 

Center (Тель-Авив 

Университеттік 

клиникасы, Израиль) әйелдер 

госпи та лінің Вице-орынбасары, 

дү   ни е  жүзілік репродуктивті меди -

цина ассоциациясының (World 

Association of  Reproductive Me-

dicine - WARM) Вице-Президенті,  

репродуктивті медицина бой-

ынша 150-ден астам ғылыми 

жұмыстардың авторы.



РАИСОВА Әдебиет 

Темірболатқызы 

- ҚМҒА коррес-

пондент-мүшесі, 

медицина ғылым-

дарының до к-

то ры, профес-

сор, Қазақстан-Ре сей медици-

на университетінің акушерия 

және гинекология кафедрасының 

меңгерушісі.



МҰСТАФАЕВ 

Сәдуақас 

Үмбетәліұлы - 

медицина ғылым-

дарының док-

торы, профес-

сор, «Профес-

сор Сәдуақас 

Үмбетәліұлы 

Мұстафаев басшылығындағы 

клиникалық ор та лықтың» бас ди-

ректоры.


АМАНЖОЛОВА 

Зәуреш Жұма на­

лықызы - ме-

дицина ғы лым-

дарының док торы, 

Алматы қа ласы 

әкімінің орынба-

сары.


ИСАЧЕНКО Вла­

димир (Германия) 

-  PhD, Кёльн 

Университетінің 

акушерия және 

гинекология 

кафедрасының 

репродуктивті ме-

дицина ғылыми-

зерттеу бөлімінің меңгерушісі 

(Германия).



КОПЫЛОВА 

Татьяна Пав­

ловна ­ жоғарғы 

дәрежелі дәрігер 

акушер-гинеколог, 

«Медицинский 

центр Копыло-

вой» медицина 

орталығының 

жетекшісі.



ҚАРАБАЛИН 

Нұр лан Серікұлы 

- Қазақстандағы 

«Ферринг фарма-

цевтикалс С. А.» 

өкілдігінің бас-

шысы, медицина 

ғылымдарының 

кандидаты.



Репродуктология

Ғылыми-көпшілік журнал



Бас редакторы

С.Б.  БАЙҚОШҚАРОВА

биология ғылымдарының докторы



Бас редактордың орынбасары:

А. ПАК,

медицина ғылымдарының кандидаты



Шеф-редактор

А. АРАЛБАЕВА

Редакциялық кеңес:

В. М. ЗДАНОВСКИЙ (РЕСЕЙ),  

Д. ФЕЛЬДБЕРГ (ИЗРАИЛЬ),

В. ИСАЧЕНКО (ГЕРМАНИЯ),

Ә.Т. РАИСОВА, С.Ү. МҰСТАФАЕВ,

З.Ж. АМАНЖОЛОВА,  

Т.П. КОПЫЛОВА, Н.С. ҚАРАБАЛИН

Корректор-редактор 

А.Б. ҚЫРЫҚБАЕВА

Жауапты хатшы

С.О. ЕРҒАЛИЕВА 

№№ 3-4 (11-12) 2013

«Репродуктология»

Қазақстан адам ұрпағын өрбіту 

ассоциациясының

квартал сайынғы ғылыми-көпшілік 

журналы


Басылымда 2009 жылдан 

Журналды меншіктенуші  - 

«Экомед» ЖШС

Журнал ҚР мәдениет және ақпарат 

Министрлігінде тіркелген 

Тіркеу номері 7430-ж

Редакция мекенжайы: 

Алматы қ-сы, Гагарин д-лы, 78

Тел. (327) 277-55-73, 375-90-04

Материалдарды жариялауға  

байланысты сұрақтар бойынша  

жауапты хатшыға хабарласыңыз

Эл. пошта:  info@kahr.kz

Жарияланған материалдардың мазмұнына 

авторлары жауапты.

Жарнама материалдарына жарнама беруші 

жауапты.

Жарияланған материалдарды көшіріп  

немесе өңдеп басу үшін біздің редакцияның жаз-

баша рұқсаты қажет.

Журналдан цитат келтіргенде сілтеме  

жасалуы міндетті. 

Журнал «Алем Принт» типографиясында 

басылып шығарылған

Алматы, Глазунова к-сі, 44а

тел: 8(727)328-38-07, 294-30-73

+7 705 399 8800

ТИРАЖ 1000 ЭКЗ.

РЕДАКТОРДЫҢ АТЫНАН:

ОСЫ САНДА 

ОҚИТЫНДАРЫҢЫЗ:

 

Барлық мүмкіндікті қолдану

 

6  

Санаға сыймайтын сұрақтар 



8  

Жақсы нәтижеге қол жеткізу    

 

үшін көп жұмыс істеу керек



 

Егер сіз ана болуды  

 

 жоспарласаңыз…



10   Жатырдағы ұрық дұрыс 

 

дамуы үшін...



11   Ер азаматтар арасындағы әңгіме 

12   Әр нәрсенің өз уақыты бар!  

13   Тағдырдың берген сыйы

14   Кеш туған жұлдызды аналар

15   Овуляция өз уақытында 

 

болмаса бала көтеру мүмкін бе?



16  Оқиғалар

4

5

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Ең жаңа технологиялар

Барлық мүмкіндікті қолдану 

ЭКОМЕД емханасы тағы бір өте 

маңызды жаңа технологияға 

қаражат бөлді. Енді дәрігерлер 

бос фолликул синдромымен 

күресе алады. 

Көп жағдайларда біз дәрігерлерді 

адамға қызмет жасаушы ретінде 

қарап, емделушілер олардан көп 

затты талап етеді. Емге ақшасын 

төлегеннен кейін бәрі сонымен 

шешіледі - деп ойлайды. Сондықтан 

уақытты артқа өткізіп, тоздырған 

денсаулықты қалпына келтіріп, 

мүмкін емес нәрсені жасауды талап 

етеді. Міне сондықтан болса керек 

репродуктологтарға қойылатын ең 

ауыр сұрақ: «Неге жүктілік болмай 

жатыр?» Дәрігерлер емделушілерге 

қолдан келіп жатқанын, тіпті 

шамадан тыс жасап жатқанын 

түсіндіруден жалығады. Өмірдегі 

ғажайып дүниелерге басқа күш жа-

уап беретінін де айтады. Әйтседе 

жаңа заман технологиялары да 

ғажап нәрселер жасаудың сатысы-

на жетіп қалды. 

Бірде бір емделуші дәрігер 

репродуктологқа айқайлап, у-шу 

шығарды. Оның айтуынша: Мен 

дәрігердің барлық жазып бергенін 

істедім, неге сіздер аналық 

ұрықтарды ала алмадыңыздар? 

Бұл жағдайды бас дәрігер Салтанат 

Байқошқарованың бөлмесінде ше-

шуге тура келді. 

- Ия шыныменде бос фолликул 

атты синдром бар. Бұл дегеніміз не? 

Емделушілердің көз қарасы бой-

ынша бұл құр босқа кеткен уақыт, 

жасы, әйтпесе ақшасы сияқты 

болып көрінеді. Тіпті табиғат 

алдағандай күйзеліс пен дәрігердің 

бір істемей қалған жұмысы - деп 

есептейді. Кейде барлық хаттама-

лардан кейін, стимуляторларды 

қабылдап болған соң біз фолли-

кулаларды аламыз. Бірақ оның 

ішінен аналық ұрықтарды таппай 

қаламыз. 

Медициналық тұрғыдан 

қарасақ бұл өте қарапайым 

құбылыс. Мәселен аналық клет-

ка өз уақытында фолликулдың 

қабырғасынан бөлініп, оны тол-

тырып тұрған сұйықтықтың ішіне 

кіру керек. Бұл ұрықтануға дайын 

дегенді білдіреді. ДТҰ кезеңдері 

бойынша дәл осы уақытта  пункция 

жасалады. Яғни өте жіңішке инемен 

УДЗ аппаратының бақылауымен 

аналық бездегі фолликул-

дан сұйықтықпен қоса аналық 

ұрық алынады. Егер ДТҰ табиғи 

цикл кезеңінде жүргізілсе,яғни 

ешқандай гормоналдық дәрі-дәр-

мектерді қабылдамай жүргізсе, 

тек бір фолликулды ғана пункция 

жасайды. Егер аналық бездерді 

гормондармен стимуляция,яғни 

жұмысына ынталандыру жасал-

са, онда 20 фолликулға дейін да-

муы мүмкін. Өздеріңіз елестеп 

көріңіздерші, осындай жақсы 

көрсеткішпен жұмыс істей отырып, 

нәтиже өте төмен болса, емделуші 

мен дәрігердің жағдайы қандай 

болмақ. 

 - Мұндай жағдайды біз көбіне 

жасы үлкен емделушілерден және 

табиғи цикл кезеңінде байқаймыз, 

- дейді Салтанат Берденқызы. Кей-

де әйелдер фолликуламыз бітіп 

қалды ма? - деп қобалжи бастайды. 

Бірақ ол дұрыс емес ой. Кейде он-

дай жағдайлар болады. Жақында 

болған мысалды келтіріп өтейін. 

Біз аналық клетканың донорын бір 

емделушіге  таңдап алдық. Әйел 

барлық керек дәрі-дәрімектерді 

қабылдады. Ал аналық ұрық 

болған жоқ. Донор әділетті түрде 

жұмысына төлену керек. Өйткені 

ол міндетті нәрсенің барлығын 

орындады ғой. Ал емделуші бол-

са күткен қорытындының жүзеге 

аспай қалғаны үшін ақша төлеуден 

бас тартады. Ең соңында кім жа-

ман? Біз дәрігерлер нашар болып 

шығамыз.  

Ия, ақ халатты жандар кей-

де табиғатты алдауға тырысып, 

фолликулды бірнеше рет жуу 

арқасында аналық клетканы 

шығаруға тырысады. Бірақ ол 

сұйықтықпен артқа қайтып кетуі 

мүмкін немесе инеде тұрып қалады, 

арнайы ерітіндімен жалғастыратын 

манипуляциямен жұмыс жасағанда  

температураның түсіп кетуінен са-

пасын жоғалтып алу мүмкін. Оның 

үстіне мұндай жағдай арнайы жұқа 

екі  каналды инемен істелетіндіктен 

көп мөлшерде сұйықтықтың 

толығымен жақсы түсуіне кедергі 

болады.  Яғни бұл да сұрақтың 

 

шешімі емес. 



- Соңғы жылдары біз аздап 

стимуляциялау  бағдарламалары 

бойынша жұмыс істеп жатыр-

мыз және табиғи цикл кезеңінде 

қолдануға тырысамыз. Сондықтан 

бұл мәселемен жиі кезігеміз. Әрине 

стимуляцияның арқасында көп 

фолликул алатынымыз белгілі. Он-

дай кезде аналық клетканы да көп 

алатынымыз түсінікті. Ал фолликул  

аз цикл үшін бұл лоторея сияқты. 

Міне, сондықтан ЭКОМЕД ем-

ханасы осы жаңа технологияға 

қызықты. Бұл арнайы құрал фолли-

куланы жуған кезде арнайы темпе-

ратураны  сақтап және турбулентті 

жұмыс істеуінің арқасында  аналық 

ұрық фолликулдың қабырғасында 

жабысып қалып қою қаупі азай-

татыны дәлелденді. Емхананың 

шетелдік әріптесі дәрігер Занг ар-

найы мастер-класс өткізіп, фолли-

кулды жуудың 7-8 циклын қолдана 

отырып,  98%-дық  оң нәтижеге қол 

жеткізуге болатынын дәлелдеді! 

Бұл құрал шамамен 5 миллион тен-

ге тұрады. Бірақ сынақ өткізудің 

бірінші айында -ақ ол дәрігерлердің 

жұмысында көп көмегін тигізіп, 

қазір Астанадағы емханаға да 

осындай құрал алу жоспарлануда. 

- Біздің бір нәрсеге көзіміз жетті. 

Тек өте сирек жағдайда фолликула-

да аналық клетка болмайды. Тіпті 

дені сау, бала көтеруге қабілетті 

әйелдің өзінде жылына 3-4рет бос 

фолликулды цикл болады. Фол-

ликулда аналық ұрық болмаған 

жағдайда немесе оның фолликул 

қабырғаларынан  бөлініп кетпеген 

жағдайға қарап отырып, әйелдің 

кез-келген айда көтере алмайты-

нын дәлелдейтін жағдай. Әрине 

бұл технология көп қаражатты та-

лап етеді. Өйткені бұл апараттан 

бөлек қосымша мәселелер бар: 

құнарландыратын орталар,  шыны 

түтікшелерге де ақша кетеді. Бірақ 

біз бүгінгі заманда жүкті болу үшін 

берілген барлық мүмкіндіктерді 

толыққанды қолдандық деп айта 

аламыз. Айтпақшы аппарат дәл со-

лай «XXI ғасырдағы аналық ұрықты 

жинау «аппараты деп аталады. 

Кейде әйелдерде 

фолликулдары енді 

болмайды деген үрей 

орын алады.



6

7

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Дәрігерді ести білу

Санаға сыймайтын сұрақтар 

«Күйеуіме айтпастан ДТҰ-

жасауға болады ма?»  

Ол мүмкін емес. Себебі ДТҰ 

жасағанда әр түрлі қиындықтар туу 

мүмкін. Көп жағдайларда кездесетін 

аналық бездің гиперстимуля-

ция синдромына кезігуі ықтимал. 

Әйтпесе аналық жасушаны алу әдісі 

жасалып жатқанда қан тамырға тиіп 

кетіп, қан сырау мүмкін. Бұл сирек 

болатын жағдай. Бірақ теориялық 

тұрғыда әбден болатын жағдай.  Он-

дай кезде шұғыл түрде ота жасауға 

тұра келсе дәрігерлер бұл жағдайды 

қалай туыстарына немесе күйеуіне 

кенеттен айтады? 

Күйеуім дәрігерлік талдауға 

шәуетін тапсыруға мүлде қарсы. 

Оның рұқсатынсыз шәуетті 

мүшеқапта (презервативте) 

алып келуге болады ма?  

Алып келуге болады. Бірақ 

ол тексеріске жарамай қалады. 

Себебі презерватив арнайы спер-

мициттермен өңделеді. Ол аталық 

ұрықтарды өлтіріп тастайды. Кей-

де әйелдер шәуетті ауызда алып 

келуге болады ма? - деп сұрайды. 

Ондай жағдайда да тексеріске 

жіберілмейді - дейді репродук-

тологтар. Өйткені ондайда ауыз 

қуыстағы микрофлоралар кедергі 

болады. Егер күйеуіңіз келуге мүлде 

қарсылық білідіріп жатса сіздің 

бір ғана мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін 

таңертең ер адамыңызбен төсектік 

қатынасқа түсіп, бірден дәрігерге 

келіп қынаптан жағынды (мазок) 

тапсырыңыз. Мұндай жағдайда 

да  жүз пайыз оның қаншалықты 

жақсы екенін тексере алмайды. 

Бірақ шәуеттің белсенділігін тексе-

руге мүмкіндік бар. Шын мәнінде 

ер азаматтар өзінің бедеулігін 

мойындағысы келмейді. Тіпті 

бірінші некеден балалары болса, 

менде ол жағынан қиыншылықтар 

болады - деп ойламайды.  



Дәрігерлерге кейде бір түрлі күтпеген сұрақтар қояды. Сол кезде шыныменде оның қаншалықты санаға 

сыймайтынын айтуға болады. Бірақ ондай сұрақтар қойылғаннан кейін ақ халатты жандардың оған жауап 

беруіне тура келеді. Ең қызығы дәл сондай кенеттен қойылған сұрақтардың астарында бір мән болады.

«Күйеуіме айтпай емханаға 

оның ұрығын презерватив-

те  алып келіп, инсемина-

ция жасауға болады ма? 

 

Мұндай жағдайда әйелдің 

денсаулығына қауіп төнбейді 

ме...? 

Әрине, инсеминация ең жеңіл 

ем шара болып есептеледі. Ондай 

жағдайда қиындықтар тек заңды 

тұрғыда пайда болуы мүмкін. 

Мәселен, инсеминация жасау үшін 

міндетті түрде ерінің келісімі керек. 

ЭКОМЕД емханасында шәуетті ин-

семинация жасау әдісінде қатаң 

тәртіп сақталады. Егер шәуетті 

сізге анализ тапсыру үшін ғана 

керек болса үйденде алып келу-

ге болады. Ал аналық жасушаны 

ұрықтандыру үшін міндетті түрде 

емханаға жеке куәлікпен келу ке-

рек. Мұндай кезде құжатты бірнеше 

рет қарап, сол жердегі сурет пен 

қолтаңбаны салыстыра отырып, ер 

адамның шын мәнінде өз келісімін 

бергеніне көз жеткізіп, оның инсе-

минация жасатуға еш қарсылық 

білдірмейтіні жәйлі айтқаны 

тексеріледі.  

«ДТҰ бағдарламасын Сал-

танат Берденқызының өзіне 

жасатуға болады ма? Ол қанша 

тенге тұрады? Әлде ол тек 

қалталыларға ғана жасалады 

ма? » 

Ия, шыныменде көптеген 

емделушілер, әсіресе ДТҰ-дан 

жағымсыз әсер алған адамдар 

емхананың басшысы ғана олардың 

балалы болу арманын орындай 

алады - деп ойлайды.  «ДТҰ бұл бір 

топтың жұмысы, репродуктологтар 

бала бағушылар емес, олар мимен 

қызмет  етеді», - дейді Салтанат 

Байқошқарова. Мұндай жағдайда 

олар есіктен есікке сіздердің 

қолдарыңыздан ұстап, шамадан 

тыс күлу керек деп ойласаңыздар 

қателесесіздер. Әрине жеке 

дара бір сұраныстар болып жа-

тады. Ондай жағдайда Салтанат 

Берденқызы қол ұшын береді. 

Бірақ әдетте жұмыс барысын басқа 

қаладан басқарады. Өйткені көбіне 

сапарлармен әр түрлі қалаларда 

жүреді. Мұндай жағдайда қосымша 

ақша төленбейді. 

Мен үшін дәрежесі жоғары , 



яғни «VIP» кісі деген көз қарас жоқ. 

Мен үшін барлығы бірдей. Өйткені 

әрбір келген адамның арманы бір – 

перзент сүю.



«ДТҰ жасар алдында 

кемінде қанша әрекет жасауға 

тура келетіні жәйлі айтып 

берсеңіз?»

Соңғы кездері емханада 

АҚШ-тың әріптестері жүргізген 

тәжірибені мысалға келтіре оты-

рып, бірден ескерте отырып, ор-

таша есеппен алты әрекет жасауы 

мүмкін - дейді. Статистика бойын-

ша көбіне 5 – 6 талпыныстан кейін 

ғана 80%-ы жасанды жолмен 

көтереді.  Әрине бірінші әрекеттен 

кейінде көтеріп жатады. Ал болмай 

қалған жағдайдағы емделуші мен 

дәрігердің есірігі жүйкеге тиеді. Он-

дай кезде қиын әрине. 



«ДТҰ-ны өткізуге болмайтын 

бір қарама қайшылықтар бар 

ма?» 

Бар, ол денсаулық сақтау ми-

нистірлігінің жарлығымен ескер-

тілген. Мәселен оның ем деуге келетін 

және мүлде жасауға болмайтын 

кездері болады. Біріншісіне суық 

тиіп немесе терапевтің қандайда 

бір айтылған сырқауларын емде-

уге келетін жағдайлар. Ал кейбір 

психологиялық жағынан ауру не-

месе онкологиялық дерттерге 

шалдыққан, сонымен қатар ана 

мен балаға қауіпті жағдайларда 

мүлде ДТҰ жасауға рұқсат жоқ. 



«ДТҰ жасағанда халықтық 

медицинадан нені қолдануға 

рұқсат бар?» 

Мұндай қиын жұмыс бары-

сында ондай әрекеттерді репро-

дуктологтар мүлде қолданбауға 

кеңес береді. Сондықтан басқа 

әрекеттерге бармай түрлі дәрі- 

дәрімекетерден сақтану керек. ДТҰ 

жұмысы басталғанда дәрумендер 

 

мен баланың қалыпты дамуына 



көмектесетін фолий қышқылын ішу 

қажет.  


8

9

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

8

«Біздің дәрігер» айдары 

«Жақсы нәтижеге қол жеткізу 

үшін көп жұмыс істеу керек» 

Егер сіз ана болуды 

жоспарласаңыз…

Біздің бүгінгі кейіпкеріміздің 

аты-жөні Әбділманова  

Баян Жүнісқызы. Ол Аста-

на қаласындағы Экомед 

ауруханасының дәрігер репро-

дуктологы. Ақ халатты жанның 

айтуынша: «Ең бастысы әр әйелді 

жақсы нәтижеге қол жеткіздіруге  

талпындыра білу маңызды.  

Себебі ата-аналар артынан ұрпақ 

өрбітіп, қалдырмаса қартайған 

шақта оған қарап, бағатын, тіпті 

бір шыны су алып беретін адам 

болмай қалады жанында. Біз 

дәрігерлер арасында осы мысал-

ды жиі айтқанды жақсы көреміз. 

Соның арқасында келген 

емделушілерге көп жұмыс істеу 

керек - деп түсіндіреміз. 

Баян Жүнісова Целининград 

қаласындағы медициналық ака-

демияны оқып, бітірген білікті ма-

ман. Ол көп уақыт аралығында 

гинеколог-эндокринолог болып 

жұмыс істеген. Мұндай мамандық 

әйелдердің денсаулығына жоғары 

жауапкершілікпен қарап, нәзік 

жандардың құрылысындағы ең 

қиын бөліктерді дұрыс білу - деген 

мағынаны білдіреді. 



Баян Жүнісқызы: Бұл са-

ланы ұнатамын. Себебі біз 

әйелдерге көптен күткен жүктілікті 

шыныменде жүзеге асыруға 

көмектесеміз. Ана болу бақытына 

қол жеткіздіреміз. Дәстүрлі емге 

қарағанда репродуктология 

арқылы бұрымдылар құрсақ көтеру 

бақытына тезірек жетеді.  Әрине 

бізге келген емделушілірмен жұмыс 

істеу өте қиын. Себебі бірінші ке-

зекте олар психологиялық тұрғыда 

өте ауыр жағдайда науқас болып 

келеді. Бірақ қуанышқа ерекше 

бөлейтін көбіне ауыр жағдайлар 

болып келеді. Себебі ұзақ уақыт 

қиналып, түрлі амалдар іздеп, бірақ 

артынан жақсы бір амалын тауып 

дегеніне қол жеткізгенде бұл ерек-

ше сәт, шексіз бақытқа бөлейді. 

 

Мен өзімді бақыттымын деп санай-



мын. Өйткені күнде-күнде тыным-

сыз істеген жұмысымның  жақсы 

нәтижесін көремін. 

Баян Жүнісқызының отбасы 

бақытты. Оның екі үлкен баласы 

бар, ал күйеуі қаржыгер. Баласы 

әкесінің жолын қуып экономика 

мамандығын  таңдапты, ал қызы 

анасы сияқты медицина саласын 

оқып, тіс дәрігері болып шықты. 

Біздің дәрігер өмірінде бедеулік 

мәселесімен кездеспесе де, ол 

өзінің емделушілерін өте жақсы 

түсінеді. 




  1   2   3


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал