Репродуктология ғылыми-көпшілік журнал БарлыҒы әйелдер мен ерлер денсаулыҒы туралы арзан және



жүктеу 327.18 Kb.

бет1/4
Дата28.02.2017
өлшемі327.18 Kb.
  1   2   3   4

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Ғылыми-көпшілік журнал

БарлыҒы  әйелдер мен 

ерлер денсаулыҒы туралы

арзан және 

қауіпсіз дтҰ 

4 б.

Жүкті болуға 

не көмектеседі, 

не кедергі

 болады?  

8 б.

мини-дтҰ деген 

не?  

12 б.

№1(8) 2013

Репродуктология

2

3

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

уәкілдігін асыра қолдану

Маған кейде жақындарым ұрысады. Олардың ай-

туынша: мен өз мойныма шамадан тыс мәселелерді 

жүктеймін. Мысалы, мемлекетте репродуктолог ма-

мандар жетіспейтін жағдайда, мен үнемі ДТҰ-ның 

қол жетімді бағдарлама болу мәселесін көтеремін.

Мені тіпті түннің ортасында тұрғызып жіберсе 

мен: ДТҰ-ның біздің Қазақстандықтарға әлдеқайда 

қолжетімді болуға мүмкіндігі бар екенін айта ала-

мын. Тек біздің орталыққа бір күнге болса да, осы 

мәселелерді шешуге қатысы бар шенеуніктер келіп 

қарап кетсе екен, - деп ойлаймын. Олар бізге келген 

емделушілердің көз жасын, олардың үмітін көрсе ғой, - 

деймін. Себебі біз күнде алыс шалғайлардан бар үмітін 

осы ДТҰ-ға арнап келетін келіншектерді көреміз. Олар 

бізге бұл бағдарлама өмірлеріндегі өте маңызды сәт 

екенін айтады. Өйткені бұл мәселе олардың өмірінде 

өмір мен өлімнің бір кезеңі сияқты болады. Сондықтан 

қаражаты аз адамдарға біз барынша көмектесіп тек ең 

маңызды деген тексерулерге ғана жіберуге тырыса-

мыз. Егер мұндай жағдайда ол әйел бала көтермесе өте 

қатты күйзеліске ұшырайды. Ал көптен күткен сәбиді 

қолына алса, сөзбен түсіндіре алмайтын көздерінде бір 

шексіз қуаныш пайда болады.

Бірақ мұндай бейнені күнде тек қана дәрігерлер 

көріп, өздерінен өткізе алады. Ал біздің саламыз-

да шешім қабылдайтын шенеуніктермен тек өз 

кабинетінде сөйлесуге тура келеді. Оларға мына 

бір мәселені түсіндіру керек. Егер бізге кедендегі 

терімдерді азайтса, жаңа дәрілер біздің нарыққа 

өз уақытында келсе, лабораторияда қажет құрал 

жабдықтарды аларда жеңілдіктер болса елімізде 

тағы қаншама бала дүниеге келер еді. Және бұл 

оқиғаның арқасында баланы көп уақыт күткен 

барлық отбасы қуанышқа кенелер еді.

Мұндай әңгімелер өте керек. Тіпті мұны конферен-

ция да дәлелдеді. Бірақ шын мәнінде оның тақырыбы 

көбінесе маңызды ғылыми тақырыптарға арналды.



Байқошқарова 

Салтанат Бер­

де нқызы - «Ре-

про дук то   ло  гия» 

жу р  на лының 

бас редакторы, 

биология ғы-

лымдарының док-

торы, Қазақ стан-

дағы алғашқы ДТҰ «Экомед» 

емханасының не гізін салушы және 

жетекшісі, Қазақстан Республи-

касы Прези дентінің жа нындағы 

әйел дер істері және отбасылық-

демографиялық саясат жөніндегі 

Ұлттық комиссияның мү шесі. 



ЗдановСкий 

валерий Мстис­

лавович (Ре -

сей) - медицина 

ғылым дарының 

докторы, про-

фессор, жоғарғы 

дәрежелі 

дәрігер акушер-

гинеколог, бедеулікті дене-

ден тыс ұрық тан дыру әдісімен 

емдеуді енгізгені үшін Ресей 

Үкіметінің премиясының лауреа-

ты, «Лера» медицина орталығы 

және «ЭКО» бедеулікті емдеу 

орталықтарының бас директоры, 

Москва қаласы.

дов Фельд Берг 

(Израиль) - про-

фессор, медици-

на ғылымдарының 

докторы (MD), 

Helen Schneider  

Rabin Medical 

Center (Тель-Авив 

Университеттік 

клиникасы, Израиль) әйелдер 

госпи та лінің Вице-орынбасары, 

дү   ни е  жүзілік репродуктивті меди -

цина ассоциациясының (World 

Association of  Reproductive Me-

dicine - WARM) Вице-Президенті,  

репродуктивті медицина бой-

ынша 150-ден астам ғылыми 

жұмыстардың авторы.



раиСова Әдебиет 

Темірболатқызы 

- ҚМҒА коррес-

пондент-мүшесі, 

медицина ғылым-

дарының до к-

то ры, профес-

сор, Қазақстан-Ре сей медици-

на университетінің акушерия 

және гинекология кафедрасының 

меңгерушісі.



МұСТаФаев 

Сәдуақас 

Үмбетәліұлы - 

медицина ғылым-

дарының док-

торы, профес-

сор, «Профес-

сор Сәдуақас 

Үмбетәліұлы 

Мұстафаев басшылығындағы 

клиникалық ор та лықтың» бас ди-

ректоры.


аМанжолова 

Зәуреш жұма на­

лықызы - ме-

дицина ғы лым-

дарының док торы, 

Алматы қа ласы 

әкімінің орынба-

сары.


иСаченко вла­

димир (Германия) 

-  PhD, Кёльн 

Университетінің 

акушерия және 

гинекология 

кафедрасының 

репродуктивті ме-

дицина ғылыми-

зерттеу бөлімінің меңгерушісі 

(Германия).



копылова 

Татьяна пав­

ловна ­ жоғарғы 

дәрежелі дәрігер 

акушер-гинеколог, 

«Медицинский 

центр Копыло-

вой» медицина 

орталығының 

жетекшісі.



қараБалин 

нұр лан Серікұлы 

- Қазақстандағы 

«Ферринг фарма-

цевтикалс С. А.» 

өкілдігінің бас-

шысы, медицина 

ғылымдарының 

кандидаты.



репродуктология

Ғылыми-көпшілік журнал



Бас редакторы

с.Б.  Байқошқарова

биология ғылымдарының докторы



Бас редактордың орынбасары:

а. Пак,

медицина ғылымдарының кандидаты



Шеф-редактор

к. евдокименко

Редакциялық кеңес:

в. м. Здановский (ресей),  

д. ФельдБерг (иЗраиль),

в. исаченко (германия),

ә.т. раисова, с.Ү. мҰстаФаев,

З.Ж. аманЖолова,  

т.П. коПылова, н.с. қараБалин

Жауапты хатшы

с.о. ерҒалиева 

№ 1(8) 2013

«Репродуктология»

Қазақстан адам ұрпағын өрбіту 

ассоциациясының

квартал сайынғы ғылыми-көпшілік 

журналы


Басылымда 2009 жылдан 

Журналды меншіктенуші  - 

«Экомед» ЖШС

Журнал ҚР мәдениет және ақпарат 

Министрлігінде тіркелген 

Тіркеу номері 7430-ж

редакция мекенжайы: 

Алматы қ-сы, Гагарин д-лы, 78

Тел. (327) 277-55-73, 375-90-04

Материалдарды жариялауға  

байланысты сұрақтар бойынша  

жауапты хатшыға хабарласыңыз

Эл. пошта:  info@kahr.kz

Жарияланған материалдардың мазмұнына 

авторлары жауапты.

Жарнама материалдарына жарнама беруші 

жауапты.

Жарияланған материалдарды көшіріп  

немесе өңдеп басу үшін біздің редакцияның 

жазбаша рұқсаты қажет.

Журналдан цитат келтіргенде сілтеме  

жасалуы міндетті.



тираЖ 1000 экЗ.

редактордыҢ атынан:

осы санда 

оқитындарыҢыЗ:

 

Арзан және қауіпсіз ДТҰ



6  

Доктор Роберт Эдвардстың 

 тарихы

7  

Жүкті болуға қандай кедергілер  

 

болады және не көмектеседі?



 

Жатыр түтікшелері жоқ әйел 

 

де бала көтереді! 



10   Наразылық кітапшасын   

 

 беріңізші! 



12   Мини-ДТҰ деген не?

14   Бүгінгі ісіңді ертеңге қалдырма! 

15   Жүкті болуға не әсер етеді?

16   Ұлдың туылуын қалайсыз ба,    

 

әлде қыз баланы    



 

 

 



армандайсыз ба?

17   Жаңа технологиялар –    

 

 



жаңа мүмкіндіктер

18   Сұрақ-жауап

19   Мүмкін емес!

20   Оқиғалар

4

5

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Іс­шара

арзан және қауіпсіз дтҰ

осы жазда экомед клиникасы «әйел және ер адам бедеулігінің диагностика-

сы мен емдеуіндегі маңызды сұрақтар.қосымша  репродуктивті технологиялар» 

атты халықаралық конференцияны өткізуге ұсыныс жасады. астанадағы форум 

репродуктология саласындағы әлемдегі ең атақты мамандар мен отандық маман-

дарды жинап, өте маңызды кеш өткізді. Бұл форумның арқасында қазақстандық 

репродуктологтар шенеуніктерге жаңа технологияны қолданудың маңыздылығы 

өте жоғары екендігін, қарапайым адамдардың  да жасанды ұрықтандыруға қолы 

жететіндей дтҰ бағдарламасының арзан болуы жайлы мәліметтерді жеткізуге тыры-

сты. ерекше конференцияда қандай маңызды сұрақтардың талқыланғаны жайлы 

конференцияның ұйымдастырушысы, әрі экомед клиникасының басқарушысы 

салтанат Байқошқарова айтып береді:

- Жаңа заманның репродуктологта-

ры ДТҰ-ның екі ең маңызды бөлімдерін 

қарастыруда. Оның біріншісі денеден 

тыс ұрықтандыруды арзандату болса, 

екіншісі жақсы нәтиже мен қоса әйел 

адамның денсаулығына аса қамқорлық 

жасау мәселесі. Бұл бір жауыр болып 

кеткен тақырып емес, маңыздылығы өте 

жоғары мәселе. Оны қазір әлемнің түпкір-

түпкіріндегі дәрігерлер терең талқылап, 

оның пайдалы жолдарын іздеуде. Сол се-

бептен біз үшін маңыздысы басқа елдер-

мен тәжірибені салыстырып, мәселені 

жан-жақты ойлармен бөлісу болды. 

 

Біздің конференцияға репродуктология 



саласындағы жетік білетін мамандар 

қатысты. Олардың қатарына Израилдің 

дәрігері Дов Фельдберг, Германиядан 

Маркус Ницшке, АҚШ-тан Джей Стет-

сон, Ресейден Сергей Яковенко келді. 

Барлық  жаңа мәліметтерді  отандық ма-

мандар осы кісілердің өз аузынан естіді. 

Бұл біз үшін өте маңызды.



- салтанат Берденқызы, сіз қалай 

ойлайсыз,  дтҰ бағдарламасын 

қа  лайша 

арзандатуға 

болады? 

аны 

ғына келсек, клиника жа-

ңадан технологиялы керек құрал 

жабдықтарды сатып алып, олар-

мен жұмыс істеуді үйретуге де 

қаражаттар бөліп жатыр. ал мұндай 

жағдайда  қаражатты шектеу мүмкін 

болмайды...

- ДТҰ-дың мүлде жаңа амалдарға 

өтуін, көп салаларға бөлінуі жайлы және 

қымбат жоғары технологиялар туралы 

біздің журналдың беттерінен «мини-

ДТҰ-ға» арналған мақалалардан оқи 

аласыздар.  Оның үстіне бұл тәсілдерден 

бөлек ДТҰ-ды арзандатудың көптеген 

жолдары бар.  Мысалы, Израилде біздің 

әріптестер бір гормональді дәрінің жаңа 

шыққан түрінен гөрі, алғаш пайда болған 

сол іспеттес әсер ететін әлде қайда ар-

зан түрін қолданады. Бізге ондай дәрі-

дәрімек әкелінбейді. Біз оның нақты 

жауабын отандық фармацевттерден 

біле алмай жүрміз. Мүмкін бұл мәселе 

жоғары дәрежеде, заңды түрде шешілу 

керек шығар. Мен Израилдің маман-

дары нашар дәрілерді қолданады, - деп 

ойламаймын. Бұл мәселенің барлығы 

әлі күнге дейін тек сөзбен ғана айтылып 

жүргенде, мен күнде жоқ-жітік адамдар-

ды көріп жатам. Клиникамызға өте кедей 

отбасынан шыққан әйелдер келіп, өзінің 

және барша туысқандарымен қосылып 

жинаған ақшасына бағдарламаны 

өткізеді. Осы ақшама ДТҰ-да бір амал-

дан нәтиже болама, - деген үреймен 

мен олардың көздерінен көз жасын, 

үмітсіздігін, қорқынышын көремін. 

Өйткені, егер бірден болмай қалса 

олардың мүлде өмірде үміті қалмайды. 

Ия, біз емделушілерге Біріккен Араб 

Әмірлігінен арзан дәрі алып келе ала-

тыны жайлы айтып, кеңес береміз. Сол  

дәрінің көмегімен біз дәл сол қымбат 

дәрі-дәрмектермен  жасаған сияқты ДТҰ 

бағдарламасын жүргізе аламыз. Бірақ 

барлық Қазақстандықтардың ондай 

елге  баруға мүмкіншілігі жоқ.



- Біздің жоғарыда отырған заң-

герлерімізге  сіз тағы қандай сұрақ-

тарды айтып жеткіздіңіз?

- Біздің жұмысымызға қажетті 

құрал-жабдықтарымыз өте қымбат 

болып келеді.  Бұл көбіне ұзақ 

уақыт, әрі қымбатқа түсетін ем-шара 

құралдарын сертификациялаудың әсе-

рінен болады. Сондықтан менің ой-

ымша мұны жеңілдетуге болады. Еу-

ропада ірі зауыттар сертификациядан 

өткізгендіктен, құралдарды Еуроодақ 

пен Израиль қолдана алады. Мүмкін 

бізге қайтадан сол ем-шараға арналған 

құралдарды тексеруден өткізудің қажеті 

жоқ болар. Біздің зертханалардың 

қуаттылығы үнемі толыққанды жоғары 

технологиялық өнімді тексеруге 

мүмкіндік бермейді. Шамалап айтатын 

болсақ, оны жай ғана қағаз жүзінде жа-

сайды.  Мысалы, бұрындары бір партия-

дан 10 сынақтан тексеруге алынса, қазір 

30 сынақтан өткізуге тура келеді. Есесіне 

мұны қолданушы төлейді. Сонда біз ба-

ласы жоқ жұптардың бар ақшасын соған 

жұмсағандай боламыз. Менің грузиндық 

әріптестерім мына мәселені айтқанда 

таң қалдым. Мәселен, оларда Еуроодақта 

тіркелген заттың бәрін  пайдалануға бо-

лады. Яғни өздерінде  артық тексерудің 

керек емес екенін түсінеді. Оның үстіне 

бізде өтетін  тексеру сатысы өте баяу 

жүреді. Мысалы, бізге эмбрион жақсы 

дамып жетілетін «орта» келді делік. Оны 

тіркеу үшін бізде екі жыл уақыт өтеді! 

Солайша әрең тіркеуден өтіп болғанда, 

басқа да күшті жетілген орталар пай-

да бола бастайды. Сондықтан онсыз 

да бақытсыз отбасылар үшін бұл үлкен 

шығындарды азайту үшін жаңа техно-

логияларды қол жетімді ғып өзгертуіміз 

керек. Біздің мемлекет кеден одағына 

кіргелі бері біздің кедендік шығынымыз 

өте көп. Тіпті мынадай жағдайлар бо-

лады. Мысалы, біз 1 млн. тенгеге сатып 

алған құрал-жабдығымыздың бағасы 

шекараны кесіп өткенде екі есеге өсіп 

жатады. Осылайша кедендік бақылаудан 

өткенше өз бағасынан бірнеше есе  асып 

кететін кездер де болады.



- дтҰ-ны арзандатудың тағы да 

бір қарапайым  жеңіл жолдары бар 

ма?

- Бұл сұраққа жай ғана ойлансақ 

болғаны, арзандатудың қаншалықты 

мүмкіндіктері көп екенін көреміз. Тағы 

да бір мысал келтіріп өтсек. Қазір 

Қазақстанда ДТҰ-дан өтуге дайында-

лып жүрген емделушілерді өте көп тек-

серуден өткізіп жатады. Бұл бір кенетсіз 

зардапқа ұшырататын соғысқа дай-

ындалып жатқанның көрінісі сияқты. 

Орта есеппен  ең аз дегенде ерлі-

зайыптыға тексерістерге 100 мың теңге 

көлемінде қаражат жұмсалады. Тіпті 

мемлекеттік жеңілдік алғанның өзінде 

әр емделушінің тексерістен өтуіне өз 

қаражаты  кетеді. Тағы бір мәселені ай-

тып өту керек. Тапсырылған анализдер 

өте тез ескіреді. Сондықтан оны бірнеше 

рет жасауға тура келеді. Біздің отандық 

гинекологтар емделушілердің әр түрлі 

 

жыныстық жұқпалы ауруларын ДТҰ 



бағдарламасына кедергі келтіретіне не 

келтірмесіне қарамастан ұзақ жылдар 

бойы емдегенді ұнатады. Бірақ Еуропада 

мүлдем басқаша. Ол жердегі тексерілетін 

жұқпалардың тізімі екі есе аз. Сондықтан 

ойланудың да жөні бар.

Елбасымыздың өзі «ең дамыған 

мемлекеттің қатарына кіру үшін» 

бізге өте үлкен міндеттер қойып 

отырғанын ескеру қажет.  Онда неге біз 

әлемдік тәжірибесі мол қолданыстағы 

мүмкіндіктерді қолдануға қорқамыз. 

 

Сондықтан менің ойымша бұл мәселеге 



көңіл аудару қажет. Осыған орай, біз  

өткен конференциямызда тек қана аса 

маңызды медициналық аспектілерді 

қарастырып қана қоймай, сонымен 

бірге  әлеуметтік факторларға да көңіл 

бөлдік. Ол да біз үшін маңызды. Менің 

ойымша,  біз тек қана өзіміздің кәсіби 

ортамызда мұңайып, бұл мәселені 

түсінбей отырғанша,  осындай күрделі 

сұрақтарды  жиі қозғап, оның бір 

шешімге келуіне бірге қол жеткізуіміз 

керек!   

Қазір Қазақстанда 

ДТҰ-дан өтуге 

дайындалып жүрген 

емделушілерді өте көп 

тексеруден өткізіп 

жатады.


Профессор Д. Фельдберг,  докторлар: С. Байқошқарова, И. Айзикович, 

Э. Гирш, Б. Бекмұсаев (солдан оңға қарай)

6

7

Репродуктология - ғылыми-көпшілік журнал

Тұлға

Роберт Эдвардс 1925 жылы Ман-

честер қаласында туылған. Мектепті 

бітірген соң әскерге аттанады, ал 

екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда, 

майданға кетеді. Фашистік Герма-

ния жеңіліс тапқаннан кейін, ғылыми 

қызметпен шұғылданады және қалған 

өмірін репродуктология саласына ар-

найды. Көбінде ғалымды бедеулікпен 

күресу әдістері қызықтырды және ол 

осы мәселенің шешімін табуға тыры-

сты.

ХХ ғасырдың басынан бастап 



зерттеушілер аналық жасушаны 

құтыда ұрықтандыру мүмкіндігін 

талқыға салады. Тек алпысыншы жыл-

дары ғана осы батыл ой жүзеге аса 

бастайды. Еш қиындығы жоқ секілді 

болғанымен, кездескен қиындықтар 

аз болған жоқ. Ооциттердің жетілу 

процессін қалай бақылауға болады? 

Құтыдағы қажетті шарттарды қалай 

жасайды? Эмбрионның дұрыс жабысу-

ына қалай ықпал жасау қажет? Доктор 

Эдвардс бедеулікпен күресу жұмысын 

Лондонның Ұлттық Медициналық 

зерттеу институтында бастайды және 

онда ол ұрықтандыру жайлы үлкен 

білім жинақтайды. Ол өзінің жолын әрі 

қарай жалғастыру үшін мінсіз дайын 

болады. Оның ең алғашқы  мақсаты 

ұрықтандыруға дайын ооциттерді алу 

болатын. Аналық ұрықтың бөлініп 

алынуына  дейін 37 сағат ішінде 

 

пісіп жетілетінін нақты анықтау үшін 



Эдвардсқа бірнеше жыл кетті.

ооЦит - жаңадан дамып келе 

жатқан аналық жасуша. Оның жетілуін 

гормондар басқарады. Қыз бала 

туылған кезінде оның ағзасында 

300-400 мың ооциттер «дайындала-

ды», бірақ қыз бала жыныстық жетілу 

кезінде олардың саны шамамен 16 

мыңға дейін төмендейді. Жыныстық 

жетілгеннен кейін, адамның 

ағзасы гормондардың әсерінен бір 

менструалдық циклде бір ооциттен 

жұмсай бастайды.Жетілу кезеңіне 

қарай аналық ұрық аналық бездегі до-

минантты ең үлкен фолликулда орна-

ласады.  Овуляция кезінде  бұл фолли-

кул жарылып, жетілген аналық жасуша 

ұрықтану үшін фаллопиев түтікшесіне 

түседі. Сондықтан мақсат осы фол-

ликул жарылмай тұрып, аналық 

жасушаның  әбден пісіп- жетілген осы  

сәтін анықтап, оны ұстап алу еді.

Ақырында Эдвардс аналық жасу-

шаны ұрықтандыру әдісін жүргізеді, 

бірақ эмбриондар әрі қарай дамуға 

талпыныс жасамай қояды. Сәтсіздіктің 

себебі, ол ооциттің денеден тыс ұзақ 

уақыт болатындығы еді. Сондықтан 

асқан шеберлікпен  әйел ағзасында 

пісіп-жетілген аналық ұрықтың доми-

нантты фолликулдан жарылып шығуын 

нақты есептеу қажет болды. 

Зерттеуші ғалымдар техникалық 

қателіктерге көп ұрынды.Себебі олар 

аналық бездегі  ооциттердің белгілі 

бір мөлшерін қажетті даму сатысын-

да алу методикасын әлі игермеген 

еді. Осы кезде Эдвардсқа (Кембридж 

Профессоры болған кезінде) гинеко-

лог дәрігер Патрик Стептоу көмекке 

келеді. Стептоуды - британдық 

лапароскопияның әкесі деп атаған. 

Лапароскопия әдісі - ол оптикалық 

құрылғылардың көмегімен кіндіктің 

төңірегін тесу арқылы, кіші жамбас 

қуысындағы ішкі жыныс мүшелерінің 

жағдайын тексеру әдісі. Дәл осы  ла-

пароскопия әдісінің көмегімен дер 

кезінде сапалы пісіп-жетілген ооцитті 

алуға болатындығын Эдвардс  түсінді.

Сөйтіп, Эдвардстің кезекті хабарлама-

сы мынадай болды: тұңғыш тарихта 

өңделген аталық ұрықтың көмегімен 

пісіп- жетілген аналық жасушасын 

құтыда ұрықтандыру нәтижесінде сегіз 

жасушалы эмбрион дамып шықты. 

Содан бастап кейінгі екі жыл та-

рихи бетбұрыстарға толы жылдар 

болды. Дәрігер Эдвардстің көптеген 

зерттеулері 1971 жылға қарай 

ұрықтанған мыңдаған жасушалардың 

бластоциста сатысына дейін дами ба-

стауына ықпал етті.Содан бастап, Эд-

вардс пен Стептоу  емделушінің жаты-

рына  эмбриондарды бластоциста даму 

сатысында салу техникасын дамыта 

бастады.


БластоЦиста - эмбрионның ерте 

даму сатысындағы түрі . Бұл - әрі қарай 

дамуға құрылымдық қызметі бар, 

мыңдаған жасушасы бар шар. Оның 

құрамында ұрықтың бойында ұлпа 

түзетін жасушалары болады. Және ДТҰ 

үшін ең маңыздысы бластоцистаның  

жатырға бекіну мүмкіншілігінің жоғары 

екендігі болып табылады.

1970 жылдар - Эдвардстың ғылыми 

тарихында тоқырауға ұшыраған кезі. 

Барлық алынған жүктіліктер өздігінен 

ерте мезгілде дамымай қалып жатты. 

Себебі емделуші әйелдердің аналық 

жасушасының дамуына ықпал жасай-

тын гормондар кейін келе  жатырда 

бекінген эмбриондардың ары қарай 

дамуына бөгет жасаған. Гормондармен 

емдеу хаттамасына өзгеріс енгіздіріп, 

Эдвардс пен Стептоу алғашқы сәтті 

жүктілікті алады. Бірақ ол жүктілік 

жатырға түсуге тиісті болғанмен жа-

тыр түтікшесіне бітіп, жатырдан тыс 

жүктілік дамыды...

 Сол себепті Эдвардс пен Степ-

тоу аналық бездің қызметін гор-

монды ынталандырудан бас тартып, 

емделушілердің табиғи овуляциясының  

болу кезеңін дәл табуға тырысады. 

Солайша, құтыда ұрықтандыруға бір 

етеккір циклында өздігінен жетілген 

бір фолликулдан алынған бір ғана 

аналық жасуша тиесілі болды.

Осылайша, 1978 жылдың 25 

шілденің түнінде Олдхэм клиникасын-

да Лесли мен Джон Браунның Луиза 

атты «құтыдан туған қызы» дүниеге 

дәрігер роберт 

эдвардстың тарихы

2013 жылдың сәуірінде профессор 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал