РепрессияғА Ұшыраған қ а з а қ с т а н



жүктеу 0.62 Mb.

бет1/15
Дата10.09.2017
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

РЕПРЕССИЯҒА ҰШЫРАҒАН
Қ
а з а қ с т а н
 
з и я л ы л а р ы н ы ң
 
м ұ р а с ы н
ЗЕРТТЕЙТІН  «АРЫС»  ҚОРЫ
Махмет ТЕМІРҰЛЫ 
АЗАТТЫҚ АҢСАП 
АЗАП 
ШЕККЕНДЕР

УДК  821.  512.  122 
ББК  84  Қаз  7-44 
Т  33
ТЕМІРҰЛЫ  М.
  Азаттық аңсап азап шеккендер. -  Алматы:  «Арыс»,
— 2013. - 240 бет.
ISBN  978-601-291-133-6
Кітап  авторы  көрнекті  ғалым,  қоғам  қайраткері 
Бүркіт ЬІсқақовтың өмір жолын тілге тиек ете отырып, 
к азақ халкының басынан өткен ауыр тарихи ш ы н д ы қ - 
қызыл империя әкелген зұлмат аштық, касіретті  куғын- 
сүргін,  қайғылы  соғыс  тауқыметін  баяндайды.  Небір 
тар жол, тайға қ  кешуді бірге кешкен, жастық шақтарын 
азаппен  абақтыда  өткізген тағдырластар бір-ақ жолды 
таңдайды.  Ол — ел тәуелсіздігі еді. Тәуелсіздік жолында 
жанджары  құрбан  болған  ерлер  есімі  кейінгі  ұрпақка 
үлгі-өнеге  болмақ.
К өпш ілік  қауымға  ұсынылып  отырған  Махмұт 
Темірұлының бұл еңбегі өмірі мен еңбегін халқына арнап 
өткен  Б. Ысқақовқа қойылған үлкен  ескерткіші.
УДК  821.  512.  122 
ББК  84  Қаз  7-44
© Темірұлы М., 2013 
ISBN 978-601-291-133-6 
© «Арыс» баспасы, 2013

АЛҒЫ  СӨЗ  О РН Ы Н А
Қай адамны ң өмірінде болса да ұмытылмайтын, әрдайым 
есінде  жүретін  қилы  кезеңдер  болады  ғой.  М іне,  сондай 
жағдайдың  бірін  мен  де  көрген  адаммын.  Оған  көп  уақыт 
өтіп  кетсе  де,  күні  кешегідей  көз  алдыма  елестеп  келеді  де 
тұрады.
Бұл  ел  өміріндегі  қаралы оқиғалардың ең ауырларының 
бірі  —  кейіннен  куғын-сүргін  жылы  болып  аталған  1937 
жылдың  күз  айлары ның  бірінде  болған  жағдай  еді.
Ол  кезде  ж а н -ж а қ т а н   келіп   о қ и т ы н д а р   м ек те п тің  
ж атақханасы нда  ж атам ы з.  Бір  күні  м ектептегі  б арлы қ 
мұғалімдер мен окушылардың басын қосқан үлкен жиналыс 
өткізілді.  М ұнда  мектеп  директоры  Коммунистік  партия 
мен  Кеңес өкіметінің “қырағылығының” арқасында көпте- 
ген  «халық  ж аулары ны ң”  әш керел еніп  ж атқаны  туралы 
хабарлады.  Олардың  ішінде  кітаптарын  үнемі  сүйіп  оқып 
жүрген беліілі ақын -жазушылар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет 
М айлин,  Ілияс  Ж ансүгіровтер де  бар  екен.  Алғашқы  кезде 
таңғалып,  абыржып  қалсақ  та,  директордың  жан-жақты 
“түсіндіруінен” кейін әлгі есімдері датталғандардың “нағыз 
жау”  екендігіне  толы қ сеніп  қалғандай  күй  кештік...
Ж иналыстан  кейінгі  ж ұмысымыз  олардың  кітаптарын 
өртен,  құрту  болды.
Күндізгі  кітап  өртегенімізді  малданы п ,  біздер  де  үлкен 
бір  ж ұм ы с  ты н д ы р ған д ай   ж атақ х ан ад а  ш ы рт  ұ й қы да 
ж атқанбыз.  Бір  уақытта  бір  бөлмеде  ж а тқан  бә ріміз  де: 
“Ойбай,  Сәкен өртеніп кетті-ау” , — деген дауыстан ш ош ып 
ояндық.  Бөлменің  іші  тастай  қараңғы.  Ж аға  қоятын  шам 
жоқ.  Қ араңғыда  кім нің  ұй қ ысырап  айғайлап  ж атқаны н 
бірден  аң дай  алмай  қалдық.  “О йбай-ай,  бәрі  де  өр теніп 
кетті-ау” ,  —  қайта-қайта  дауыстап,  артынан  өксіп-өксіп 
жылайды.  Дауыс  ш ы кқан  ж аққа  жүгіріп  барып  байқасақ, 
бұл ұйқысырап өксіп-өксіп жылап,  а й ғ а л а п  жатқан  Бүркіт 
ЬІсқақов  екен.
“ О й ,  с а ған   не  б ол ды ,  б ә р ім ізд і  ш о ш ы ты п ,  ш ы рт
3

ұйқымыздан  ояты п? ”  —  дейміз  оған  не  болғанын  біле 
алмай.
Сөйтсек,  біздер ойымызда ештеңе жоқ, жай  ғана  күліп- 
ойнап,  кітаптарды  быт-шыт  қылып   жыртып,  өртегенге 
мәз болып жүрсек, ол күндізгі  өртеніп кеткен кітаптарға да, 
оның  авторларына  да  жаны  ашып,  қатты  күйзеліп  жүрген 
екен  ғой.
Біздер  тәтті  ұйқыда  жатқанда  ол  көп  уақыт  көз  ілмей 
жатыпты. Әбден қалжырап  қалғып кеткенде, түсінде Сәкен, 
Бейімбет, Ілиястар маздаған оттың ортасында лаулап жанып 
жатса  керек.  Тіпті  Сәкеннің:  “Құтқарыңдаршы? ”  — деген 
даусын  естиді.  Бұл  оны  кұтқарып  алайын  десе,  орнынан 
екі аяғын басып тұра алмай қалады.  Олар лапылдап өртеніп 
жатыр.  Жаны  қатты  ашиды,  бірақ  оларды  құтқара  алмай, 
амалсыздан  шыңғырып  жіберген  екен  ғой.
Осы  көрген  түсінен  кейін  Бүркіт  көпке  дейін  ойын- 
күлкісіз,  оңала  алмай  жүрді.  Тіпті  өзінің  жақын  туыстары 
қайтыс  болғандай  кайғырды.  Кейде  біздерге:  “Соларды 
жазалағандардың өздерін жазаласа  ғой,  шіркін”,  — дейтін.
О н ы ң   бұл  сө зін е  б асқ а л ар ы м ы з  таң д ан а  қар ап : 
“Мынаның  халық  жауларына  жаны  ашығаны  несі  екен- 
ей? ”  —  деп  ойлайтынбыз.  Ол  кезде  мұғалімдер  не  айтса, 
біздер  соның  бөріне  калтқысыз  сенетінбіз.  Сондықтан  біз 
оған  үрке  қарап:  “Өй,  сенің  бұл  айтып  жүргенің  не,  мұны 
естісе мұғалімдер ұрсады ғой”, — дегенде, ол бізге сабырлы, 
байсалды  түрде:  “Сәкендердің халыққа жасаған  ешқандай 
қиянаттары да, қастықтары да жоқ.  Осының бәрі де оларды 
көре  алмаушылардың жаласынан  болып  отыр”,  — дейтін.
Бүркіттің бұл сөздері  бұрын естігеніміздің бәріне бірдей 
сене  беретін,  ештеңе  ойламайтын  біздерді  де  қалың  ойға 
батырды.  “Мұның  да  айтып  жүргені  дұрыс  шығар”  деген 
пікірге  келе бастадық.  Ақыры  оның айткандарын күн  сай- 
ын естіп жүріп, бірыңғай оның ықпалына көштік.  Сөйтсек, 
сол кездегі қоғамнын әділетсіздігін, халықтың басына түсіп 
отырған  қиынш ылықтарды  жастайынан  ұға  білген  Бүркіт 
алғыр да  аңғарғыш  жан  екен.
Кейінгі студент болған жылдарымызда ол бізге тіпті қатар 
жүрген  кұрбы  емес,  көп  затты  көрсетіп,  үйретіп  жүрген 
ұстаздай  болды.  О ның  көп  білетіндігіне,  алғырлығына 
еліктей  жүріп,  ол  “Елін  сүйген  ерлер  партиясын”  (ЕСЕП) 
құрған  кезде  біз  оны  куана жүріп  қабылдадық.
4

Бүркіг  өз  қатарынан  ой-өрісі  жоғары  болуы  арқасында 
бірыңғай  коммунистік 
рухта  тәрбиеленген  жастардың 
ұлттык-патриоттық  санасын  оятып,  оларды  өз  маңайына 
топтастыра  білді.
Ол уакытта әбден ұмыт болуға айналған алашордашылардың 
өлеңдерін  тауып  алы п,  оқы п  беретін.  Бүркіт   Алаш 
партиясына  мүше  болғандар  казақ  халқына  нағыз  жаны 
ашыған  адамдар  деп  түсіндіретін.  “ Егер  де  Кеңес  өкіметі 
болмай,  Қазақстанды  Алашорда  үкіметі  билеп  тұрса, 
қазақ  халқы  ешқандай  қырғынға  да,  қиыншылыққа  да 
ұшырамаған  болар  еді” ,  — деп  отыратын.
Жастайынан-ақ  туған елінің азаттығын аңсаған, жалын- 
даған жастық өмірінің бәрін де осы арман жолында өткізген 
абзал азамат туралы көпшілік көбірек білсе ғой деген оймен 
қолға қалам алуға тура келді.
Бірақ ойға алғанды  толық орындауға келгенде  менің де 
мүмкіндігім аз болып шықты.  Ең алдымен айткан
д а ,   Бүркіт 
Ысқақұлы  —  ақын.  Сондықтан  ол  Жазушылар  одағында 
топтасқан  көрнекті ақын-жазуіпьшармен тығыз байланыс- 
та  болды.  Олармен  қандай жағдайда және  қалай байланыс 
жасады,  араларында  айтарлықтай  қандай  қызғылықты 
ж ағдайлар  болды,  бұл  ж ағы  м аған  көм ескілеу  екен. 
Екінші  жағынан  алғанда,  ол  —  ғалым.  Қазақстан  Ғылым 
академиясындағы  атақты  ғалымдармен  де  таныс  болды. 
Олармен  де  кандай  қарым-қатьнтаста  болды...  білмей ді 
екенмін.
1956  жылы  л агер ьд ен   б осан ы п   к ел ген н ен   к ей ін  
біз  б ір -б ір ім ізб ен   си рек  кездесуге  у ә д ел ескен   едік. 
Өйткені  “көрінбес  көлеңкелер”  соңымыздан  бір  кадам  да 
қалмайтын.  Екеуміздің  басымыз  қосылып  кетсе-ақ  олар 
“Қасеқен  сау күндегі  әнге  басты”  деп  ойлауы  айдан  анық 
еді.  Сондықтан  орынсыз  күдік  туғызып,  өзімізді  қайтадан 
олардың  нысанасына  алдырып  қайтеміз дестік.
Бүркіт  М ХК-нің  (КГБ-ның)  тыңшыларын  “көрінбес 
көлеңкелер” деп айтатын.  Өйткені олар ешкімге сездірмей, 
к өрін б ей-ақ  аңдыған  адамның  соңы нан  бір  қадам  да 
қалмайтын.  “Аузы  күйген  үрлеп  іш еді”  дегендей,  біз 
оларға  тіпті  араздасып  кеткен  адамдардай  болып  көрінуге 
тырыстық.
5

Ол  кезде  бүкіл  дүниені  дүрліктіріп  тұрған  қызыл  импе- 
рия  күл-талқан  болып  күйреп  шыға  келеді  деп  кім  ойла- 
ған.  Енді  қатыгез  жаудың  қармағына  ілігіп,  құр  орынсыз 
қор  болмайық деген  оймен  мен  ауылда,  ол  қалада  тұрып, 
жиырма жылдай бір-бірімізбен жақсы қатынас жасай алмай 
“бейбіт”  өткен  кездерді  қозғамай-ақ,  бала  жастан  бірге 
өскен  т әтті  арман-қиялдарды  бірге  бөліскен,  есейе  келе 
тағдыр  тауқыметін  де  бірге  көрген  қилы  кезендерді  ғана 
шамам  келгенше  қағаз  бетіне  түсіруге  тырыстым.  Бұрын 
мұндайды  жазып  машықтанбағандықтан  және  кәріліктен 
бойға  сіңген  ұмытшақтық  бөгет  болып ,  тұқы рға  берсе  де 
кеңілге алған ойды  қалай болса да аяқтап шығу керек болды. 
Бүркіт  туралы  өз  білгенімді  жазып  және  оны  жария  ете 
алсам,  сонда  ғана  мен  оның достық қарызынан  құтылады 
екенмін.
Ол жай ғана көптің бірі болып, ескерусіз қала салатындай 
адам  емес  қой.  Оның жұдырықтай жүрегінде  таудай  талап, 
асыл  арман  ұялаған.  Сырттай  көрген,  бақылаған  адамға 
басқалардан  асып  тұрған  ерекшелігі  жоқ  сияқты.  Алайда 
оның  сол  шағын  бойына  біткен  адамгершілігі  кімді  болса 
да  сүйсіндірмей  қоймайтын.  Оның  бойында  тәкаппарлық 
мінез затымен болған емес.  Керісінше кішіпейілділік оның 
бойына біткен  негізгі қасиеті болды.  Ол қай жерде,  қандай 
ортада  болса да,  кіммен  сойлессе де  жылдам  үйлесе  кетіп, 
бәрімен  де  ортақ  тіл  таба  білетін.  Үлкенді  аға,  кішіні  іні 
тұтып,  ой-өрісі  бар  адамдарды  ерекше  бағалап  отыратын.
Қазақ арасында  кездесетін жақсылыққа  жаны  сүйсініп, 
жамандыққа  ылғи  да  жаны  күйзелетін.
Басынан  кешкен  ауыр  азап  та,  үнемі  оны  бақылауға 
алып,  қыр  соңынан  қалмаған  “көрінбес  көлеңкелер'?  де 
оның ұлттық-патриоттық сезімін жойып жібере алмады.  Ол 
өмірінің  ақырына дейін  туған  елін де,  жерін  де  қалтқысыз 
сүйіп,  көз  жұмған  адам.
Менің  осы  еңбегім  жарық  көріп,  басылып  шықса,  ол 
қазақтың  саналы  қауымына  тараса,  олар  Бүркіт  туралы 
дұрыс  түсінік  ала  алса,  мен  өзімнің  к өздеген  мақсатымды 
толық орындап  шықтым деп  есептер  едім.  Бүркітпен  бірге 
қызметтес  болғандардың  арасынан  ол  туралы  оздерінің 
көріген-білгендерін жазатындар шыға қалса, кандай ғанибет 
болар  еді.  Өйткені  олар  Б.  Ысқақовты  басқа  қырынан  —
6

бейбіт уақыттағы  өмірімен таныстырып,  көп  мәлімет бере 
алар  еді.
Бүркітте  кімге  болса  ұнай  кететін  ерекше  бір  сүйкімді 
мінез 
болатын.  Ол біреуге  кек сақтап,  одан  өш  алу дегенді 
тіпті  білмейтін.
Біздер  1951  жылы ауыр жазаға кесіліп, сотталып кетерде 
өзім ізбен 
бірге болы п,  бірге жүрген кейбір достарымыздың 
бізге  қарсы  шығып,  куә  болғандары  бол ды.  Біз  айдаудан 
босанып,  қайтып келгенде олардын бәрі де аман-сау жүріп 
ж атыр  екен.  Олардың  біздерді  көргенде  имене  де,  үрке  де 
қарағаны бар.  Бірақ Бүркіт кек сақтамай-ақ, ерекше ештеңе 
болмағандай  олармен  қайтадан  қоян-қолтық жақынд асы п  
кетті. Ол маған да ескертіп:  “Махмет, сен, өзіңе карсы куәлік 
берген  бұрынғы достарын  кездесе  қалса,  оларға  ешқандай 
реніш білдірмей-ақ қой.  Бұрынғы достык қалпыңды сақтап 
жүре бер.  Біздің сотталып кетуімізге бірыңғай олар айыпты 
емес.  Өйткені олар  қарсы  куөлік бермеймін десе,  олардың 
өздерін соттап жіберетін еді. Ал біздерге қарсы басқа куәлар 
тауып  ала  салу  оларға  он-оңай.  Мұның  бәріне  де  кінәлі 
заман ағымы.  Олар да  заманның ыңғайына қарай  амалсыз 
сондай  іс  істеуге  мәжбүр  болды”,  — дейтін.
Бүркіт біреуге  қатты  ренжігенде де оған дөрекілік мінез 
көрсетпейтін.  Оның  істеген  жағымсыз  қьшықтары  болса: 
“ Мынау  тіпті  дұрыс  болмаған  екен.  Оны  былай  істеу  ке- 
рек  еді  ғой”,  — деп,  ақыл  айтып,  жай  ғана  түсіндіріп  оты- 
ратын.
Туған  елінің  азаттығын  аңсап,  жастық  албырттықпен 
қауіп-қатерді  де  еске  алмай  арындаған  абзал  азаматтың 
ұлы  арманы  орындалып  отыр.  Қазір  де  Қазақ  елі  тәуелсіз 
мемлекет болып, есейіп келе жатқанда оның сүйікті Отаны 
Бүркітті  де және ол қырта берсе де көңілге алған ойды қалай 
болса да  аяқтап  шйымдастырған  “ЕСЕП ”-ті де  еске  алып, 
лайықты  бағалай  білсе,  қандай  ғанибет  болар  еді.
7

Бірінші  бөлім
АЗАТТЫҚ АҢСАП 
АЗАП  ШЕККЕНДЕР

Ғасырлар бойы отарлық бұғаудың азабын көрін,  өзгенің 
тепкісінде  зар еңіреп келген қ а за қ  халқы бүгін
д е  өзгелермен 
терезесі  тең  егеменді  ел  болы п,  ш аруаш ылығы  дам ы п , 
ө ркенд еп  өсіп  келеді.  Б ұры н  ш етелдердің  еш қай сы сы  
білмейтін де, тіпті ешкім ескеріп елемейтін де  Қазақстанды 
және  оны ң  байырғы  халқы  —  қазақтарды  бүкіл  әлем  біліп 
отыр.  Мә скеудің  ашса  алақанында,  жұмса  жұдырығында 
болып  келген  еліміз  бүгінде  өз  шаруасын  өзі  басқарып , 
өз  байлығына  өзі  ие.  Б ұл  жағдайға  жегуіміз  өз  алдымызға 
дербес  ел  болуы м ы зды ң  арқасы н да  болы п  отыр.  Осы 
азаттықты  аңсап,  бостандық үшін  күресіп,  казақты ң  талай 
абзал  азаматтары  м ерт  болды.
К еңес  үкіметі  өзін ің   орнаған  алғаш қы  ж ы лдары нан 
бастап-ақ  қазақ  халқына  қанды  шеңгелін  батыра  салып, 
м а л д а р ы н ,  а з ы қ - т ү л ік т е р ін   т а р т ы п   а л ы п ,  1921—22 
жылдары  батыстағы,  әсіресе  Ақтөбе  өңіріндегі  қазақтарды 
аш ты ққа  ұш ыратып,  босытып  жіберді.  1930  жылдардағы 
колхоздасты ру  кезеңінде  күн  көріп   оты рған  малдарын 
жаппай  сыпырьш  алып,  халықты  а ш а р ш ы л
ы
қ  қырғынына 
ұш ыратты.
Қ азақ тарихында  1932—1933 жылдардағы а ш т ы қ  алапаты 
бүкіл қазақ халқын құрты п жіберуге  айналған орны толмас 
ең  қайғылы  оқиға  болды.  1929-30  жылдары  жүргізілген 
коллективтендіру  кезеңінде  малмен  ғана күнелтіп  отырған 
бүкіл  қазақты ң  малдарын  аш а  т ұя қ   қалды рмай  тарты п 
алып, халықты жаппай аштыққа ұшыратты.  Ішетін нәр таба 
алмай аш ыкқан хал ы қ жаппай қырылып ж атты. Далбасалап 
шұбырған  халық  жолш ыбай  аштан  өліп ,  көмусіз  сасып - 
шіріп,  сүйектері  айдалада  ш аш ылып  қалды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда,  1915 жылдың қарсаңында 
бүкіл  қазақтард ы ң   саны   6  м и лли он  болған  екен .  Сол 
мәліметтерде  Ресейге  қарайтын  түріктілдес  халыктардың 
ең  көбі  қазақтар  болған.
1916  жылғы  көтерілістен  бастап  қазақтар  саны  кеми 
бастаған.
К еңес  өкім еті  кезінде  қазақтар  ауыр  апаттарға  ж иі 
ұш ыраған .  1921—1922  жылдардағы  бір  миллионнан  а р ты қ 
адам  өліп  ж әне  босып  кетті.
1932—33 жылдарда а ш ты қ  кезінде 2  миллион 200 мыңдай
10

адам  қырылып,  1  миллион  100  мың  адам  босып  кетті. 
1937—38  жылдары  “халық  жаулары”  деген  сылтаумен  100 
мыңнан  астам  адам  атылды,  айдалып  кетті.  1941 — 1945 
жылдардағы  соғыста  жарты  миллионға  жуық  қазақ  опат 
болды.  Осындай  апаттардың  салдарынан  1915  жылдары 
карсаңында  6  миллион  болған  қазақтан  1945  жылы  2, 5 
м иллион  ғана  қалған.  1960  жылдары  Қ азақстандағы  
қазақтардын  үлес  салмағы  29%-ға  дейін  кеміді.  Осындай 
апаттарға  ұшырамағанда  қазір  қазақ  халқының  саны  ең 
кем  деғенде  20-25 
миллион
 
адам  болып,  тіліміз  де,  әдет- 
ғұрпымыз да  бұзылмай  сақталатын  еді.
1937—38  жылдардағы  “халық  жауларын  әш керелеу” 
науқаны   К еңес  Одағы  бойы нш а  ж ап п ай   ж үргізілді. 
Мәскеуден  басталған  куғын-сүргін  Қазақстанға  жеткенде 
сұрапыл дауылға айналды.  Қазақтың қамын жейтін ең асыл 
азаматтарын  тұтасымен  құртып  жіберді.  Бұларды  құртып 
жіберу  аз  көрініп,  осылардың  ж ақы н-ж ұқыны,  таныс- 
тамыры деген сылтаулармен ел ішіндегі қақ-соқпен жұмысы 
жоқ  момын  сауатсыз  адамдарды  да  қамауға  алып ,  “халық 
жауы”  деп  қисынсыз  жала  жауып ,  соттап,  оларды  азап 
лагерьлеріне жіберді. Мұнд а  олар аш, жалаңаш, қысы-жазы 
ауыр жұмыс істеп, аштықтап да, суықтан да қырылып жатты. 
Сөйтіп “халық жауларын әшкерелеу” науқаны қазақтар үшін 
1930 жылдардағы  аштық алапатынан  кейінгі үлкен  қаралы 
оқиға болды.  Кеңес өкіметі қатал тәртіп орнатып,  халықты 
қояндай қорғалатып, бұқтырып тастаса да қазақтың саналы 
жастары  өзінің  туған  халқының  ұлттық  қалпын  сақтай 
алмай,  ана  тілінің  де,  салт-дәстүрінің  де  жоғалып  бара 
жатқанын  аңғара  бастады.  Олар  Кеңес  Одағында  тұратын 
барлық  халықтар,  барлық  ұлттар  өздерінің  аз,  көптігіне 
қарамастан  тең  құқықты,  тең  дәрежелі  деген
д е р і   жалған 
үгіт  екенін  білді.
 С. М. Торайғыровтың:
Әділдік,  ар,  адамдық  деген  сөздер,
Әлсіздерді алдауға  қылған  амал,  — 
деп  айтқанын
д а й ,   күштілер  әлсіздерді  күшпен  де,  алдау- 
арбаумен де, олардың өз арасына жік салып әлсіретумен де 
өздеріне тәуел
д і  етіп алатынын тіпті жеке ұлт есебінде өмір
11

сүре алмайтынын сезді.  Кейбір студент жастар қылышынан 
қан  тамып  тұрған  кеңестік  тоталитарлық  катал  тәртіпке 
қарамастан  әділетсіз  қоғамға  наразы  болып,  жасырын 
ұйымдар құрған.  Олар коммунизм насихатымен әбден миы 
уланған  өз  қатарлы  жастарға  дұрыс  бағыт  беріп,  олардың 
ұлттық рухын  көтеріп ,  ұлттық  намысын  оятып,  қоғамның 
өділетсіздігін өшкерелеген, оның қазақ сияқты ұсақ ұлттарға 
жасап отырған қиянатым, қорлығын түсіндірген. Азаттықты 
армандап, үгіт жүргізген ұйымдарына мүше болуға өздерінің 
сенімді деген  достарын,  құрбыларын,  тағы  басқа  пікірлес 
болуға  лайы қ деген  жастарды  тартып  отырған.
1940-1941  оқу жылында Нұра ауданындағы  Қазгородок 
(қазіргі Кертінді) орта мектебін бітірген бір топ оқушылар 
Қарағандыдағы  екі  жылдық  о қ ы тушылар  институтына 
келіп,  оқуға  түстік.  Бәрім із  де  бір  бөлмеде  жатамыз. 
Ауылдағы  мектепте  радио  ж оқ  еді.  Мұнда  келгеннен 
кей ін   радио  ты ң д ап ,  газет,  ж урналдар  оқи  алатын 
болдық.  Тіпті  қызыкты  жағдайға  белшемізден  батып 
кеткендейміз.  Ауылда  тауып  оқи  алмайтын  кітаптарды 
қала кітапханаларынан, тағы басқа жерлерден тауып алып 
оқитын  болдық.
И н сти ту тта  б ізд ер ге  қ а з а қ   ә д еб и е тін ен   А йтбай 
Нәрешев  лекция  оқитын.  Ол  лекция  оқығанда  бәріміз 
де  ұйып  тыңдап,  елтіп  қалғандай  болатынбыз.  Өйткені 
қағазға  да,  кітапқа  да  карамай  ақындардын  өлеңдерін 
үнемі мәнерлеп жатқа айтып беретін.  Институттағы  “Жас 
қалам”  деп  аталатын  үйірмеге  өзі  басшылық  етті.  Онда 
оқып талдайтын  кітаптарды да  өзі әкеліп отыратын.  Оның 
тікелей  көмекшісі  Бүркіт  Ысқақов  болды.
Бір  күні  ол  ауырып  қалып,  институтқа  келмеген  соң, 
Бүркіт  екеуміз  үйіне  бардық.  Төсек  тартып  жатыр  екен. 
Амандық-саулық  сұрасқаннан  кейін  інісі  Рамазанға  кітап 
сөресінен  бізге  бір-екі  кітап  алғызып  берді.  Оның  жеке 
кітапханасындағы  кітаптардың  көптігі  бұрын  мұндайды 
көрм еген  біздерді  қатты  таңғалдырды.  А ш ық  тұрған 
кітаптарды  ерінбей  тегіс  қызыға  қарап  ш ықтық.  Енді 
кілттеулі жабық тұрған кітаптарды  көргіміз келіп еді,  оған 
рұқсат  бермеді.  Рамазанға  жалынып  жүріп,  ол  кітаптарды 
да  көріп  шықтық.  Сөйтсек,  мұнда  Алаш  акындарының: 
Ахмет Байтұрсыновтың “Қ ы ры қ мысал”, “Маса” кітаптары,
12

Міржақып  Дулатовтың  “Оян,  қазақ! ”  сияқты  кітаптары 
сақтаулы  екен.  Бұлар  араб  әріптерімен  жазылған.  Бүркіт 
көре сала қызығып оқи кетті.  Ол төте окуды жақсы білетін. 
Мен  мұны  кейін үйрендім.
Бүркітті де, мені де ерекше қызықтырған тағы бір кітап — 
Сәбит Мұқановтың “XX ғасырдағы қазақ әдебиеті” (1-бөлім, 
ұлтш ылдық-байшылдық дәуір.  “ Қазақстан”  баспасы,  1932 
жыл.  Қызылорда)  деген  кітабы  болды.  Мұны  Рамазаннан 
қолқалап  сұрап  алып,  Бүркіт  екеуміз  ғана  жасырын  оқып 
ш ы қтық.  Оның  бізге  ұнағаны  сондай,  оны  бірнеше  күн 
дамыл таппай оқып шығып, өзімізге ұнаган өлендерді калың 
дәпгерге  көшіріп  алдық.
Алаш  ақындары  мен  олардың  қайраткерлері  жайында 
түсінік  алып,  олардың  не  үшін  күрескенік  білгеніміз  — 
б ізд е р д ің   ұл т т ы қ   н ам ы сы м ы зд ы   қ о зд ы р ы п ,  ер екш е 
рухтандырып  жіберді.  Алдағы  уақытта  сол  Алаш  азамат- 
тарының жолын куып, туған еліміздің  азатгығы, бостандығы 
үшін  күресуге  бел  будық.
Елім-ау,  бір сен  үшін міндік а т қ а ,
Қолдан  ж ем   қылмаймыз деп  сені ж а т қ а .
Қолға  алып Алаш туы н  ұрандадық,
Қарамай  шапқан қылыш,  а тқ а н   оққа.
М.  Д у л а то в ты ң ,  тағы   б а с қ а л а р д ы ң   о сы   сар ы н д ас 
ө л е ң д е р ін   о қ ы п   ш ы қ қ ан н ан   к е й ін   х ал ы қты ң   н а ғыз 
жанашырлары Алаш азаматтары екен ғой деген тұжырымға 
келдік.  Елімізді Коммунист партиясы емес, Алаш партиясы 
билесе,  қазақ  халқы  еш қандай  күйзеліске  ұш ырамаған 
болар  еді.  Қазақгар  аштықтан  жатпай  қырылып  жатқанда 
Компартия ешқандай көңіл аудармай,  “Біздің елде  бәрі де 
бар,  бәрі де  тамаша”  деп  жүре  берді.  Қазақтар  біржолата 
құрып  кетсе де  қиналып,  кайғыратын  түрі  болмады.
Келешекте елін шексіз сүйетін, тек қана халықтың қамын 
ойлайтын,  халық  үшін  жан  аямай  қызмет  ететін  партия 
керек.  Ендеше  сондай  партияны  өзіміз  құрып  алуымыз 
керек дестік.  Ондай партияны қалай атауымыз керек деген 
ой көп голғандырды. Әуелі “Жас Алаш” деп атамақ болдық. 
Мұны  қойып  “Жас  қазақ  ”  демек  болдық.  Ақыры  “Елін 
сүйген  ерлер  партиясы”  (ЕСЕП ) деп  атадық.
13

Өзінің  аты  көрсетіп  тұрғандай-ақ,  біздің  партия,  біздің 
ұйым нағыз халыққа қызмет ететін партия болмай ма? — деді 
Бүркіт  маған  күлімдеп  қарап.
И ә ,  партия емес,  сол партияның мүшелері өзіміз қызмет 
етпейміз бе?  — деймін әзілдеп күліп.  Екеуміз де мәз болып, 
күліп  а лдық.
Енді  мұны  пікірлес  достарымызға жария  етпек болдық. 
Өзіміз жаткан жатақхананың бір бөлмесіне тегіс жиналдық. 
Бәріміз  отырдық.  Бүркіт  ортамызда  түрегеп  тұр.  Оның 
күлімдеген  түрінен  барлығы  да  бір  жаңа  хабар  күткендей 
тып-тыныш   бола  қалды.  Ол  өзінің  әңгімесінде  Кеңес 
үкіметінің  қазақ  байларын  зар  жылатып  жан-тәнін  салып 
өсірген  малын,  мүлкін  тартып  алып,  байларды  ғана  емес, 
олардың  жұмысын  істеп,  бала-шағаларын  асырап  жүрген 
кедейлерді  де  ауыр  жағдайға  ұшыратқанын  айтып  берді. 
1930  жылдары  колхоздастырамыз  деп  бүкіл  қазақтың 
күнелтіп отырған малын тартып алып, бүкіл халықты аштық 
алапатына,  жаппай  қырғынға  ұшыратқанын  тәптіштеп 
түсіндірді.  Мұнан  кейін  есеңгіреп  қалған  елдің  есін  толық 
жиғызбай,  “халық  жауларын  әшкерелеу”  деген  сұмдық 
науқанды  бастап ,  ж азы қсы з  талай  адамдарды  қуғын- 
сүргінге  ұшыратқанын  айтты.  Қатынасқандардың  бәрі  де 
ұйып  тыңдап  отыр.  Сөзінің  соңында:  “Халықтың  басына 
түскен  осындай  ауыртпалықтарға,  қайғылы  оқиғаларға 
кім  кінәлі? ”  -   деп  сұрақ  қойды.  Ешкім  үндей  қоймады. 
Ендеше  деп  ә рі  қарай  жалғастырды  өзінің  айтар  пікірін: 
“Бұған  бүкіл  елді  билеп-төстан  тұрған  Компартия  айыпты. 
Егер  ол  халықтың  қамын  ойлап  қызмет  атқарса,  ел  мұндай 
күйзеліске  ұшырамас  еді.  Сондықтан  бүкіл  халыққа,  әсіресе 
қазақ  халқына  елін  сүйіп  қызмет  ететін  ғана  партия  керек. 
Сондай  жаңа  партияны  өзіміз  құруымыз  керек”,  —  деді. 
Бүркіттің  бұл  соны  пікірі  отырғандарды  тегіс  қызықтыра 
да,  ынтықтыра  түсті.  Олардың  қарсылық  көрсетпейтінін 
білгеннен  кейін  шабыттана түсіп:  “Жолдастар  — деді ол,  — 
біздің  партиям ы з  “ Елін  сүйген  ерлер  партиясы ”  д еп 
аталады.  Оны  қысқаша  айтқанда  “Е С Е П ”  дейміз.  Осы 
о тырған  бәріміз  бүгіннен  бастап  осы  жаңа  партияның 
мүшесіміз”, — деп тұжырымдады өзінің пікірін,  Отырғаңдар 
тіпті риза болып,  қол шапалақтап жіберді. Сөйтіп, өзіміз бір
14

жаңа  саяси  партия  қ ұрып  алды қ деп   қуаныстық.  Алдағы 
уақытта  о н ы ң   бағдарлам асы н  д а,  ж арғы сы н   да  ж азы п 
шығарып  қабылдаймыз  д еп  келістік.  Осы  к үн н ен  бастап 
студенттер, қызметтегі жастар, тіпті оқушылар арасында үгіт 
жүргізіп,  пікірлестеріміздің санын өсіре  беруге  талпындық. 
“ Е С Е П ”  партиясы ны ң  қазіргі  мүшелері  деп  мыналарды 
есептедік:  Б үркіт  Ы сқақо в  (к ө с ем і),  М ахм ет  Т ем іров 
(оры нбасары ),  Елеш  Б им ағанбетов,  Д ә к е н   Ш алабеков, 
А м ан ж ол   Д ү й с е н б а ев ,  Ә ш ім   С ү л е й м ен о в ,  Ж а н а й д а р  
Әубөкіров.  Бұлар  —  институтта  оқы п  жүрген  студенттер. 
Бұлардан  басқа  ауылда  тұраты н  пікірлес  достары м ы з  да 
партия мүшелері деп  есептеледі.  Олар:  Рақыш  Бұйрабеков, 
К әм әли  Рахметов,  Қ ажікен  Тінтаев,  А ққош қар  Мұқанов, 
Б ай д ал и   Б о қ аев,  А қаш   М ұ қ а н о в ,  Б алап ан   С ә к іб а е в , 
Орынбай Сауқанов, Сайдали Кенжебаев (кейіннен  Макуов), 
Дә улетбек Әкімбеков,  Қыздарбек Әкімбековтер еді.  Құпия 
түрде  болса  да  біздін  тілектестеріміз  біртіндеп  өсе  берді. 
Бүркіт бірге оқып жүрген студенттерге ғана емес, сол кездегі 
бүкіл  Қарағанды  қаласындағы  Ж амбыл  атындағы  жалғыз 
қазақ   мектебіне  барып,  өз  п ікірін  айтып,  оқуш ылардың 
ұлтты қ намысын оятуға бар күшін салып жүрді.  Бұл м е к теп 
ескі  қалада.  Бүркіт  екеуміз  Ж аңа  қаладан  жаяу  келеміз. 
С өйтіп  п ікірлестер  ш оғыры  м ектеп  оқуш ы лары н ы ң   да 
арасы н ан   ш ы ға  бастады .  Бүркіт  и н с титуттағы  б арлы қ 
студенттермен  әңгімелесіп,  олардың  пікірлерін  біліп ,  өз 
жағына  тартуға  тырысатын.  Біздермен  пікірлес  деп  тарих 
факультетінің  студенттері  Н үркен ов  Ахметжан,  С е й ітов 
Қ айлеш ,  А м анбаев  М ұқаш ,  Әубә к іров  Х айритдендерді 
атайтын.  Институтта  Бүркітпен  жақсы  дос  болғандардын 
бірі  — Ж аппар  Ө мірбеков  еді.
Бүркіттің әңгімесін естіп,  тындаған құрд астары ны ң бәрі 
дерлік оның пікірін қолдап шыға  келетін.  Олардың  ішінен 
ерекш е  атай ты н д ары :  О ң а й б е к   Қ ұд ы ш ұл ы ,  О р ы н б ай  
Айтмағанбеговтер еді.  Біздің тілектестеріміз күн-күн сайын 
өсе  берді.  Осылай  ш абыттана  қатарымызды  өсіріп  жүрген 
кезімізде Германиямен сұрапыл соғыс басталып кетті.  “ Енді 
не болар екен? ”  деген ой тілімізге қай та-кайта орала береді. 
“Осы  соғыста  кай  жағы  жеңеді?  Кімнің  күші басы м? ”  Осы 
ойлар  қ а тты  мазалай  бастады.
15

Таңертеңгі  тамақты  ішкеннен  кейін  Бүркіг  екеуміз 
оңаша  бөлініп  кеттік.  Енді  ғана  басталған  соғыс  туралы 
пікірлесіп  жүрміз.
— Бүл  соғыста  қай  жағының  жеңгені  біздер  үшін 
пайдалы  деп  есептейсің?  — деп  сұрады  менен.
— Менің пікірімше,  Кеңес  Одағының  жеңілгені  д ұрыс 
қой  деп  ойлаймын,  — дедім.
— Әрине  солай.  Солай  болуға  тиіс,  — дегі  өз  пікірін  әрі 
қарай  жалғастырды.  Қазақ  халқы  ғасырлар  бойы  патша 
өкіметінің отары болып, зар жылан келді.  Сөйтігі жүргенде 
Қазан төңкерісінде өмірден түңіліп жүрген халықтарға жылт 
еткен  үміт  сәулесі  көрінгендей  болды.  Бірақ  бүл  үміт  те 
ақталмады.  Қазақ халқы  сорлағанның  үстіне  сорлай  берді. 
Енді міне, біздің халықты құртатын қырғын тағы басталды. 
Қ азірде  қазақ  халқы н ың  еркектер  саны  әйелдерден 
әлдеқайда  көп.  Соның  ә скер  жасындағыларын  соғысқа 
айдап апарып  қырады.  Халықты  аман  сақтап  қалу үшін  не 
істеу  керек?  Қілай  ойлайсың?  -   деп  маған  сұрақ  қойды. 
Мен  ойланып  қалдым.  Менің  жауабымды  күтпей-ақ,  өзі 
әрі  қарай  айта  берді.
— Ендеше, — деді өл, — мүмкіндігі болса,  соғысқа бармау 
керек.  Біз кімді қорған,  кім үшін, не үшін соғысамыз.  Бізде 
жанды  салып  қорғайтындай  —  төуелсіз  болып  отырған 
өз  мемлекетіміз  бар  ма?  Әрине  жоқ.  Кеңес  Одағы  деп 
отырғанымыз еріксіз қамалған халықтардың абақтысы.  Сол 
абақты  күйрегеңде  ғана  ішіндегі  қамалғандар  еркіндікке 
шығады.
Міне,  соғыс  туралы  біздің  пікіріміз  осындай  болып 
еді.  Кеңес  өкіметі  қазақтарды  ылғи  қырғыннан  қырғынға 
ұшыратып келеді.  Олай болса, өзімізді  құртып  келе жатқан, 
тіпті біржолата жок қылатын ойы бар қоғамды,  мемлекетті 
не  үшін  қорғаймыз?  Бізге  оның  аман  қалуы  емес,  күйреп 
жеңілуі керек, отарлық бұғауда отырған халықтар сонда ғана 
бостандыққа  шыға  алады  деген  пікірге  тоқтадық.
1942 жылдың жаз айлары.  Кеңес Одағының оңгүстігінде 
Сталинград бағытында  қырғын  соғыс  жүріп  жатқан  кез. 
Енді  Бүркіт  екеуміз  де  майданға  аттанбақпыз.  Алдағы 
уақытта біз не істейміз? деген сұраққа -  әуелі, сен,  мынаны 
тыңда деп  мынау өлең  жолдарын  оқып  берді:
16

Жастарды  айдап  ұрысқа,
Қарттарды  айдап  жұмысқа.
Отырғаны  Советтің 
Ойлаңдаршы  дұрыс  па?!
Оған жауапты  өзі  қайырды!
Жоқ,  бұл  жатпайды  дұрысқа,
Жатпаса  бұл  дұрысқа,
Барма  жастар  ұрысқа!
Барма  қарттар  жұмысқа!
Біздер әскерге бармауды өзімізден бастадық.  Бала жастан 
бірге  өскен  Бүркіт  екеуміздің  ойымыз  да,  арманымыз  да 
бірдей  болатын.  Ол  қандай  іс  бастаса  да,  жаңа  бір  ойлар 
келсе  де  маған  айтып,  ақылдасатын.  Бұл  жолы  да  екеуіміз 
ақылдаса  келе  қатерлі  іске  қадам  бастық.  Оның:
— Сен осы жолда қиыншылық көрсең ренжімейсің бе? — 
деген  сөзіне  мен  оған:
— Бүркіт,  сен  не  көрсең  мен де  соны  көруге дайынмын. 
Сен  бастай  бер,  мен  қостай  берейін.  “Исатай  басшы,  мен 
қосшы” дегенді  кімнің айтқанын өзің білесің ғой,  — дедім, 
Ол  менің  бұл  сөзіме  өте  риза  болып,  мені  құш ақ тай  алды.
Бүркіт  екеуміз  сол  кездің  өзінде-ақ  Кеңес  өкіметінің 
күйреп, оның бұғауында қысым коріп отырған қазақ сияқты 
халықтардың  азаттық  алғанын  армандаған  едік.  Кеңес 
өкіметі де  фашистік  Германия  сияқты  басқа  халықтардың 
қас  жауы  болды.
Ендеше  алыста жатқан  жаудан  гөрі таяуда  қоян-қолтық  
жатқан  жау  әлдеқайда  қауіпті  деп  есептедік.  Бұған  Кеңес 
өкіметінің үстемдігі кезінде қазақ 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал