Репетиторлық мектебі



жүктеу 151.1 Kb.

Дата25.03.2017
өлшемі151.1 Kb.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ  ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 

РЕПЕТИТОРЛЫҚ МЕКТЕБІ 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2015 ж. 

 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақстан Республикасы 



Білім және  ғылым министрлігі 

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 

Репетиторлық мектеп 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЖАМПЕИСОВА Л.М. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ДАЙЫНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей, 2014 ж. 



 

 



Авторлары:  

Жампеисова Л.М. – аға оқытушы 

Мельник Т.В. – №19 мектептің тарих пәнінің оқытушысы 

Жазыбаева Д.Т. – дайындау бөлімінің оқытушысы 

 

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу дайындығына арналған әдістемелік нұсқаулар.- Қазақ 



инновациялық гуманитарлық-заң университеті, 2014 ж. 

 

                                                                    Пікір жазғандар: 



 

Ибраемова М.С.- Семей мемлекеттік  

                                                              педагогикалық институтының  

                                                                   Қазақстан тарихы кафедрасының  

                                                аға оқытушысы, тарих  

                                                        ғылымдарының кандидаты 

 

                                                                        



Солтанбекова О.Т.-педагогика                                                                                                                      

ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

Қазақстан  мектептерінің  мұғалімдерінің  алдына  қойған  негізгі  мақсаты  -  



оқушыларды ҰБТ-ге сапалы түрде дайындау. 

Оқу үрдісінде және емтихан тапсыру кезінде ең бастысы, біріншіден, білім, 

дәлірек айтсақ, не істеу керек екенін түсіне білу,екіншіден, білгеніңді тәжірибеде 

қолдана білу. Сондықтан мұғалімдерге оқу үрдісіне тест технологиясын белсенді 

қолдану керек. 

Тестпен  жұмыс  істеп  шыныққан  оқушылардың  ұпайы  жоғары  болатыны 

сөзсіз.  

Жинақ кітапшада ҰБТ-ға дайындалудың кешенді бағыты қамтылған. ҰБТ-

ға өз бетінше дайындық мониторинг жүйесі ұсынылған. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



МАЗМҰНЫ 



 

I ҰБТ-ға дайындаудың жалпы ұсыныстары ............................................................. 6 

 

II Түлектерге кеңес ...................................................................................................... 8 



 

2.1 ҰБТ-ны тапсырудың қиындықтарын жеңу жолдарының кейбір нұсқалары ... 8 

 

2.2 Емтиханды тапсыруға қалай дайындалу керек? ................................................ 9 



 

2.3 Тест тапсыруда компьютердің рөлі ..................................................................... 11 

 

III Ата-аналарға кеңес ................................................................................................. 12 



 

3.1 Емтиханға дайындық кезінде балаңызға қандай көмек беруге болады? ......... 12 

 

3.2  Ата-ана мен баланың  жақсы    қарым-қатынасы - емтиханда жоғары 



жетістікке жетудің кепілі ............................................................................................ 13 

 

IV Ұстаздарға нұсқау .................................................................................................. 14 



 

4.1 ҰБТ-ға дайындалу үрдісінде оқушыларға қалай көмек көрсету қажет ......... 14-16 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 Білім  беру  реформасы  табысының  басты  өлшемі  -  тиісті  білім  мен 



білік  алған  еліміздің  кез-келген  азаматы  әлемнің  әрбір  елінде  сұранысқа  сай 

маман  болатындай  деңгейге  көтерілуі  болып  табылады.  Біз  бүкіл  елімізде 

әлемдік стандарттың деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге 

тиіспіз ( Н.Ә.Назарбаев). 

 

Жалпы ұсыныс үш бағытты қамтиды: техникалық, әдістемелік, 

психологиялық, яғни мұғалімдерге,оқушыларға,  ата-аналарға. 

 

ҰБТ-ға дайындаудың техникалық,әдістемлік, психологиялық бағыттағы 

жалпы   ұсынысы. 

            І.ҰБТ-ға техникалық бағытта дайындау. 

  

Тестпен жұмыс кезінде оқушы әр ойын түсінікті жазу қажет емес,тек нақты 



мәселені қағазға түсіріп үйрену,оның білімінің сапасын көтере түсіреді. 

 

           ІІ. ҰБТ-ға  әдістемелік тұрғыда дайындау. 

Оқушыларды  дайындау  кезінде  өткен  жылдардағы  кеткен  қателіктермен 

жұмыс істеуді ұстанамыз, бірақ болашақта дәл сондай қателер кездесе бермейтіні 

мәлім. 

   


 1-іншіден, нұсқалар қайталанбайды; 

   


 2-іншіден,  мұндай  жағдайда  оқушылардың  тұрақты  жалпы  іс-әрекетіне 

қабілеттері қалыптаспайды. 

   

 3-іншіден,  оқушыларға  ауқымды  ,  әртүрлі  тапсырмаларды  игере  алу  өте 



қиын. 

Толық    оқулық  материалын  игермеген  оқушы  өткен  тақырыптарды  есіне 

түсіруге қиналып, сенімсіздік бойларын алады. Сондықтан оқушыларды ҰБТ-ға 

дайындауда жан-жақты әдіс-тәсілдерді қолданған жөн.  

 

                ҰБТ-ға әдістемелік дайындау жолдарының принциптері: 



1.  Тақырыптық.  Тақырыптарды  қарапайымнан  күрделісіне  дейін  бір-бірімен 

байланыстыра  отырып  қарастыру(айналма  ережесі).  Кешенді  тақырыптық 

тапсырмалардан бастап С бөліміне дейінгі мәселелерді қамту. 

2.  Тақырыптық  тестер  логикалық  байланысты  негізде  құрастырылуы  керек,  ол 

бүгінгі тест кешегі тестіні түсіну және дұрыс жауап беруі үшін жасалуы қажет. 

3.  Кешенді  тестке  көшу(сәуір-мамыр). Бұл  тек  қана  оқушы  жалпы  білімі  болып 

және  де  барлық  қиындықтағы  тестерге  жауап  бере  алатын  кезде  жүзеге  асқаны 

жөн. 


4.Барлық 

тест  жаттығуларын  шектеулі  уақытпен  белгілеп  үйренуге 

дағдыландыру. 

5.  Мазмұны  және  уақыты  жағынан  барлық  оқушыларға  түсірілетін  жүктеме  бір 

деңгейде. Бұл пункт тест қорытындысы объективті түрде болуы үшін қажет.  

 

 



 

 



            ІІІ. ҰБТ-ға психологиялық тұрғыда дайындау. 

1.Ең  алдымен  оқушыларды  келе  жатқан  ҰБТ-мен  қорқытуды  тоқтатып, 

оларға әлі де уақыт жеткілікті екендігін айта отырып жігерлендіру керек.Әрине, 

ҰБТ-ны  тапсыру  өте  оңай  деп  айтудың  қажеті  де  аз,  сонымен  қатар  нәтиже 

шығара алмайсың деп айтуға да болмайды.  

   

 Балаларға  жетістіктің  алғышарттарын  атап  өту  керек:  олар  өздерінің 



күштерінің шегін және шама-шарықтарын білу ; жетістіктің алғышарты – үміт. 

2. Алдына мақсат қоя біл. Ең алдымен «Әрқайсымыз ҰБТ-да қандай ұпай 

ала  аламыз?»,  деген  сұрақ  қою(  Мысалы,  100  ұпай  жинаймын).  Осы  тұрғыда 

оқудың жоспарланған нәтижесі шығады.Оқушы осындай жоспарды өзі жинақтап 

құрастырған  жөн.Алдына  қойылған  мақсатына  нық  сеніммен  жету  деген 

ұстаныммен  бағыт-бағдармен  жұмыс  атқарған  абзал,  ал  нағыз  мақсатқа 

қиыншылықтар арқылы жететіні белгілі, тек оларды жеңе білу қажет. Қай білім 

саласында  қате  жіберу  мүмкіншілігі  бар.  Қатеден  қорқудың  қажеті  жоқ,  сіздер 

үшін  тек  бір  жол  бар  және  ол  жеңіске  әкелетіні  кәміл.  Бұл  -  өзінше  бір  ғылым 

саласы, оған табандылықпен ғана жетесің. 

3.  Оқушыны  тест  тапсыру  техникасына  үйрету  қажет.  Ол  техника 

мыналардан тұрады: 

  

   а) уақытты үнемді пайдалануға дағдыландыру; 



             б) қиын тапсырмаларды таңдап оқып үйрену; 

  

   в) бір-бірімен байланысты тестерді шешіп үйрену. 



4. Оқушыны өзін-өзі басқару өнеріне үйрету. 

   


  ҰБТ  кезінде  оқушылар  күйгелектенуге  салынып,  баланың  денсаулығы 

нашарлап, жүйкесі жұқарып физиологиялық жағдайы төмендейді. Бұндай жағдай 

ушықпас үшін өзін-өзі басқаруды үйрену керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



 



 

Түлектерге кеңес! 

 

Қымбатты достым! 

Жыл аяғында сенің алдыңда маңызды сынақ тұр, ол – ҰБТ. Ол үшін саған 

есте  сақтау  қабілетіңді  тез  арада  бағдарлай  білу,  ойыңды  жинақтай  білу,  ішкі 

жандүниеңді бірқалыпта ұстай білуді үйренуің керек. 



 

ҰБТ-ны тапсырудың қиындықтарын жеңу жолдарының кейбір нұсқалары. 

 

1-қадам. Емтиханға дайындық  

- Сабырлық сақтап аз-аздан ақырындап алдын ала дайындала беру. 

- Керекті заттарды ғана қалдырып дайындық бұрышын даярлау. 

- Сары және күлгін түсті интерьерлер ойлау қабілетін арттырады. 

- Дайындық жоспарын құр. 

- Сен «жапалақ не бозторғай» екеніңді анықтап ал. 

- Күніне 8 сағаттан артық дайындалма. 

- Дайындықты ең қиын бөлімнен бастау керек. 

- 40 минут дайындық 10 минут үзіліс жаса. 

- Сағат, секундомермен жаттығып үйрен. 

- Қиялыңа тек жеңісті суреттеп үйрен. 

- Дәрумендер, калориялы рационды тағамдармен қоректен. 

- Емтихан алдында көп тамақ ішпеу керек. 

- Емтихан алдында қиын тақырыптарды қайталауға бір күн қалдыр немесе 

ұйықтап демалып ал. 

 

 2-қадам. Емтихан күні алдында. 

- Кештен бері дайындалуды тоқтат. 

- Душ қабылдап алып, қыдыр. 

- Кешікпе. 



 

3-қадам. Тест тапсыру алдында. 

- Ақпаратты толтыру кезінде тиянақты бол. 



 

4-қадам. Емтихан уақытында. 

- Жинақтал! Айналадағыларыңды ұмыт. 

- Мәтінге толық көз жүгіртіп шық. 

- Асықпай тез орында. 

- Үш айналымды жоспарла. 

- Оңайынан баста. 

- Қиындарын тастап отыр. 

- Сұрақты соңына дейін оқы. 

- Тек ағымдағы сұрақты ойла. 

- Тексер. 

- Қапаланба! 


 

 



 

Емтиханды тапсыруға қалай дайындалу керек? 

 

Емтиханға дайындық 

 

Ең  бірінші  дайындалатын  орныңды  ретке  келтір:  үстелден  артық 



заттарды 

алып 


тастап, 

қажетті 


құрал-жабдықтарды 

қою 


керек(қарындаш, қағаз, дәптер, дайындық жабдықтары). 

 

Интеллектуалдық белсенділікті арттыру үшін бөлмеге сары күлгін түсті 



интерьер кіргізуге болады, ол үшін осы түстері бар суреттерді іліп қою 

жеткілікті. 

 

Оқу жоспарын құр. Ең алдымен өзіңді «жапалақ не бозторғай» екеніңді 



анықтап алғаның дұрыс. Осыған байланысты таңғы не кешкі уақытыңды 

ұтымды қолдан.  

 

Әрбір күнге нақты не істейтініңді, не оқитыныңды жоспарлап отыр. Ең 



күрделі,  білмеймін  деген  бөлімнен  бастағаның  жөн.  Оны  қабылдау 

қиынға соқса қызықты деген бөлімнен бестағаның дұрыс.  

 

Оқу мен үзілісті алмастырып, 40 минут оқу, 10 минут үзіліс жасап, осы 



үзіліс  кезінде  ыдыс-аяқ  жуып,  гүл  суғарып,  жаттығу  жасап,  душ 

қабылдап бойыңды сергітіп ал. 

 

Оқулықтың  бар  мәселесін    жаттап  алуға  тырыспа,  одан  да  жоспармен 



оқулықтың материалын ретімен қағазға түсіріп, оқығаның абзал. 

 

Жоспар жасау қысқаша қайталауға өте тиімді. 



 

Пән бойынша басылып шыққан әртүрлі тестпен жұмыс жаса, ондай әдіс 

сіздің тест конструкциясымен жұмыс істеуіңізді дағдыландырады. 

 

Емтиханға дайындық кезінде тапсырманы орындай алмай қалатыныңды 



емес, керісінше, өзіңнің қиялыңда триумфқа жететініңді суретте. 

 

Емтиханға  бір  күн  қалғанда  қиын  деген  материалдарды  жоспармен 



қайталап шығуың өте дұрыс. 

 

Емтихан алдында 

 

 

Көп  оқушы  емтиханға  бір  күн  қалғанда  қобалжып,  дайындыққа  уақыт 



қалмады  деп  естері  шығады,  бұл,  әрине,  дұрыс  емес.  Сен  шаршадың, 

өзіңді қажыта берме. Керісінше, кештен бері оқи беруді тоқтатып, душ 

қабылдап,  серуенге  шық.  Ұйқыңды  әбден  қандырып,өзіңнің  толық  дем 

алғаныңа, күреске дайын екеніңе көзіңді жеткіз. 

 

Емтихан  -  ол  -  өзінше  бір  шайқас  алаңы,осы  шайқаста  бар  күш  – 



жігеріңді талабыңды көрсетіп, жеңіске жететініңді дәлелде. 

 

ҰБТ тапсыруға  уақытында, кешікпей жарты сағат бұрын келгенің жөн, 



өзіңмен  бірге  құрал-жабдықтарыңды(  сағат,  қаламсап,қарандаш  т.б,) 

және құжаттарыңды ала келуіңді ұмытпа. 

 

 

 



 

 

10 


 

Тестілеу сәтінде 

 

               Тестілеу кезінде жақсы көрсеткішке жету үшін төмендегідей кеңестер 



ұсынамыз. 

 

Жинақтал!  Үлгілерді  толтырып  болғаннан  кейін  ойыңды  жинақтап, 



айналадағыларды ұмытып, жұмысқа кіріс. Сен үшін тек тапсырма мәтіні 

және  уақытты  үнемдеу  мәселесә  ғана  қалу  керек.  Асықпай  тез 

орында.Уақыттың  тығыздығы  сенің  жауаптарыңның  сапалы  болуына 

кедергі жасамауы тиіс. 

 

 

Оңайынан баста, күрделі сұрақтарға бөгеліп қалғаннан гөрі өзіңнің сеніп 



тұрған тапсырмалардан бастап жауап бергенің жөн болады. Сонда сенің 

қобалжуың  басылып,  миыңның  жұмысы  анықталып,  жұмыс  істеу 

бағытына енесің. 

 

 



Тастап  отыр!  Күрделі  деген  тапсырмаға  бөгелмей  тастап  отырғаның 

дұрыс.  Есіңде  болсын,  мәтінде  сен  жауап  бере  алатын  тапсырмалар 

кездеседі.  Бір  сұрақта  бөгеліп  қалып,  қажетті  ұпай  жинай  алмай 

қалғаның нағыз ақымақтық болады. 

 

 

Тапсырманы соңына дейін оқып ал! 



 

 

Асығыстықпен  оңай  сұрақтарды  соңына  дейін  түсініп  алмай,  дұрыс 



жауап  бермей  қалу  кейін  қапаланатын  жағдайға  жеткізетіні  есіңде 

болсын. 


 

 

Тек  ағымдағы  тапсырманы  ойла!  Бір  тапсырма  мен  екіншіні 



араластырма.  Алдыңдағы  тапсырманы  оқығанда  осыған  дейінгі 

тапсырманы  ұмыта  тұр.  Өйткені  олар  бір-бірімен  тығыз  байланысты 

емес.  Бір  сұраққа  жауап  бере  алмасаң  келесі  сұраққа  жауап  таба 

алатыныңа сенгенің дұрыс.Әрбір жаңа тапсырма - сенің ұпай жинауыңа 

үлкен мүмкіндік. 

 

 



Екі  айналым  жоспарла!  Бірінші  айналым  оңай  тапсырмалар,  екінші 

айналым қиын тапсырмаларды орындауға қалғаны дұрыс.   

               

 

Тексер! Өзіңнің жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр. 



 

 

Таба біл! Егер сен өзіңнің жауабыңа сенімді болмасаң интуицияңа сеніп 



белгілеуіңе болады. 

 

 



Қапаланба! Барлық сұраққа жауап бер, бірақ ол іс жүзінде мүмкін емес 

екенін ұмытпа. 

 

 


 

11 


 

Тест тапсыруда компьютердің рөлі 

 

      


 Оқу  үрдісі  кезінде  ҰБТ-ға  өзбетінше  дайындалуы  үшін  СКГУ 

компьютерлік  тестілеу  жобасын  ұсынып  отыр.  Бұндай  тестілеу  өте  тиімді. 

Компьютерде отырып сұраққа жауап беруіңіздің, жауаптың дұрыс-қате екенінің 

тез арада көріп отырасыз. Дұрыс жауап жасыл, қате жауап қызыл түспен шығып 

отырады.  

      


Оқушылар тест тапсырудың бұл жолын өте тиімді деп құптап отыр, өйткені 

олар  тақырыпты  қаншалықты  меңгергенін  біле  отырып,  қай  тақырыпқа  көңіл 

бөлу керектігін анықтайды. Осыған орай уақыттарын да үнемдейді.  

 

Өздігінен дайындалуға жаттықтыру мәселесі 

   

  Тест  тапсыруға  тек  нық  білім  жағынан  дайындалып  қана  қоймай,  өзіңді 



психологиялық  тұрғыдан  бейімдеу  керек.  Ол  үшін  түрлі  тестерді  шешіп 

дағдылана  беру  ,  келе  жатқан  орталық  тестілеу  тәртібіне  бойыңды 

психологиялық  жағынан үйрете беру  өте  дұрыс.  Есте  сақтаңыз:  тесті  тек дұрыс 

жауабымен  жаттап  алу  дұрыс  емес,  жауапты  кітаптан  іздей  отыра,  логикалық 

жағынан  есте  сақтап  алғаныңыз  өте  тиімді.  Дайындалу  барысында  көмекші 

конспект(шпор) жасап алыңыз. « Шпор» өте қысқа, мағыналы болуы керек. Оны 

құраған кезде сіздің біліміңіз жүйеленеді. 

        Тест тапсырмаларына дұрыс жауаптарын табу дағдыларын үйлестіру үшін 

көп  тест  тапсырмаларын  шешуге  бағытталған  тренингтер  көмектеседі.  Тестке 

дайын  екендігіңді  бақылау  үшін  уақытты  қадағалай  отырып,  жинақ 

кітапшаларын  қолдану  тиімді.  ҰБТ-дан  жақсы  ұпай  алу  үшін  сізге  30  тест 

сұрағынан  тұратын  бір  нұсқаны  45  минут  ішінде  шешіп  үйрену  қажет.  Сіз 

емтихан  кезінде  күйзеліске  түспеу  үшін  -  өз  эмоцияңызды  бақылап,  миыңызды 

үйретіп, денеңізді сіздің бұйрығыңыз бойынша босаңсуға дағдыландыру қажет. 

   Осыған орай кеңестер: 

- мен босаңси аламын; 

 - мен жағдайымды қадағалай аламын; 

- мен бір нәрсеге бағыт ала аламын

- мен жетістіктерге жете аламын. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 


 

Ата-аналарға кеңес! 

 

Емтиханға дайындық кезінде балаңызға қандай көмек беруге болады? 

 

 

Балаңыздың ҰБТ-дағы ұпайы үшін қатты қобалжудың қажеті аз. Балаңызға 



ұпай өмірдегі ең маңызды мәселе емес екенін түсіндіріп жеткізіңіз.Баланы 

емтиханнан кейін сөкпеңіз. 

 

 

Баланың қобалжуына жол бермеңіз, ол үшін өз-өзіңізді ұстаңыз, сіздің 



мазасызданғаныңыз балаға беріліп, оның эмоциясы шектен шығып кетуі 

мүмкін. 


 

 

Баланы мадақтаңыз, әрбір жұмысына жақсы баға бере біліңіз. 



 

 

Баланың өз-өзіне деген сенімділігін арттырыңыз.  



 

 

Балаңыздың денсаулығына, қатты шаршауына жол бермеңіз, баланың 



шаршағанын сізден артық ешкім көріп, сезе алмайды. 

 

 



Баланың тамақтануына қатты көңіл бөліңіз, мидың жұмысын арттыратын 

балық, ірімшік, өрік және дәрумендер ішіп-жеуін қадағалаңыз. 

 

 

Күнделікті оқитын тақырыптарды таңдап бекітуіне көмектесіңіз. 



 

 

Баланы емтиханға дайындау әдісімен таныстырыңыз.Қиын материалдарға 



қысқаша кесте, сызбанұсқа жасап, ас бөлмесіне, жатын бөлмесіне, 

дайындық үстеліне іліп жүргеніңіз дұрыс. 

 

 

Баланы тестілеуге жаттықтырыңыз. Қазіргі таңда әртүрлі тест жинақ 



кітаптары өте көп, солармен жұмыс жасасын. 

 

 



Тест белгілегенде уақытты үнемдеуді үйрету қажет, бала сағат тақпайтын 

болса, онда емтиханға міндетті түрде сағат таққызыңыз. 

 

 

Емтихан күнінен бұрын ұйқысын қадағалап, толық демалуына көңіл 



бөліңіз.     

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

13 


 

Баланың емтиханда жоғары ұпай алуы ата-ананың оған деген жақсы    

қарым-қатынасынан көрінеді. 

 

 

Міндетті түрде жоғары ұпай алуы қажет еместігін балаңызға түсіндіріңіз. 



 

 

Емтихан тапсырар алдында баланың қобалжуына жол бермеңіз, өйткені 



бала өз эмоциясымен күресе алмай «шектен шығып» кетуі мүмкін. 

 

 



Үйде баланың дайындық бұрышын даярлап,үйдегілердің кедергі 

жасамауын қадағалаңыз. 

 

 

Дайындық уақытында балаға уақытты үнемді , тиімді пйдалануға үйрету 



керек. 

 

 



Дайындық күн тәртібін белгілеп, сол уақыттан артық дайындалмауын 

қадағалаңыз. 

 

 

Тамақтануына көңіл қатты бөліңіз, балық, ірімшік, жаңғақ, өрік сияқты 



тағамдардың ас мәзірінде көбірек болуын қадағалаңыз. 

 

 



Емтихан алдында бала ұйқысы қанып демалуы өте қажет. 

 

Есте сақтаңыз: баланың көңілі тыныш болуы керек және дайындық үшін 

баланың      жағдайы толық жасалуы қажет. 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 


 

Ұстаздарға нұсқау 

ҰБТ-ға дайындалу үрдісінде оқушыларға қалай көмек көрсету қажет 

 

 Білім үрдісінде  және  емтихан  тапсыру  кезінде, 1-іншіден,  білім, нақтырақ 

не істеу керек екенін, 2-іншіден, оны іс жүзінде қолдана білу. Мүғалімдерге тест 

технологиясын білім үрдісінде жиі қолдану қажет. 

        Тест  тапсырмаларының  типтік  конструкциясын  білсе,  оқушы  емтихан 

уақытында  инструкциясын  орындауға  уақытын  кетірмейді.  Мұндай  жаттығулар 

уақытында  оқушының  өзін-өзі  бақылауы,  психотехникалық  дағдысы  өсе  түседі. 

Психотехникалық  дағды  тек  емтиханды  жоғары  ұпаймен  тапсыруға  ғана 

көмектесіп  қоймай,  сонымен  қатар  емтиханға  дайындықты  күшейтеді,  қиын 

жағдайларда шешім қабылдауға, өз эмоциясын ұстап үйренуге көмектеседі. 

      

 Ақпаратты есте сақтау үшін ғана дайындық қажет емес, сонымен бірге оны 



іске асыру кезінде жақсы нәтиже шығару керек екенін психологтар жиі айтады. 

           Мұғалімдер  емтиханда  дұрыс  нәтиже  бермеу  себебін  білім  төмендігінен 

екенін  айтады,  бірақ  білімді  болып  қана  қоймай  оны  іс  жүзінде  көрсете  білу 

қажет.  Ол  үшін  емтихан  уақытында  қобалжу  және  үрейдің  бой  алдыртпауына 

бейімделу. 

          Өз-өзіне  деген    сенімділік,  міне,  осы  қажет!  Оқушылардың  өзіне  деген 

сенімділігін арттыру үшін ұзақ уақыт бойы психологиялық тренингтер жүргізілуі 

керек және ата - аналармен әдейіленген сұхбат жүргізіп отыру керек. Оны қалай 

істеуге болады? 

       1.  Егер  де  оқушы  емтиханнан  өте  алмайтындығы  туралы  айта  берсе,  онда 

оған жаман ойлардан арылу керектігін нұсқаған жөн.  Әрине, ол қиынға түседі. 

Оқушыға  болашақта  оған  жеңіл  әрі  сәтті  жауаптың  кездесетіндігін,  сыныпқа 

қалай қобалжып кіргендігін суреттеп беріңіз, сонда ол керісінше жеңілденіп, ойы 

тазарып,  жауаптары  есіне  түседі.  Оның  емтиханнан  өте  алмаймын  деген 

ойларының өзіне    кедергі жасап, үнемі үрейде жүруінің алғышарты болатынын 

айтып жеткізіңіз. 

       2.Түлек  қобалжудан  арыла  алмаса,  керісінше,  қатты  қорқыту  жаттығуларын 

жасатыңыз,  оны  екеулеп  жасаған  дұрыс.  Бір-біріңізді  қатты  шегіне  жеткенше 

қорқыту арқылы үрейді тудырып шын мәнінде ештеңеден қорқудың қажеті жоқ 

екеніне  көзін  жеткізіңіз.  Жоғары  сынып  оқушысында  ешқандай  қорқыныштың 

болмауы  да  дұрыс  емес,  себебі    емтиханда  жақсы  жауап  берудің  бір  жолы 

кішкене  болсын қобалжу болып табылады. 

      3.  Оқушы  емтихан  қабылдаушыны  өзінің  қас  жауы  есебінде  қабылдамауы 

керек, ол үшін оған ол соншалықты қатыгез емес екендігін және оның басында да 

мұндай  жағдайдың  болғандағын  атап  кеткен  дұрыс  болар.  Егер  оның  түсі  суық 

көрінсе,онда ол қатал болып көрінгісі келгендігін айту парыз. 

     4.  Өзіңіздің  жас  кезіңіздегі  емтихан  тапсырғандағы  қызықты  жағдайларды 

айтып еске түсіріңіз. Қолданған айла, әдіс- тәсілдеріңізді әңгіме қылыңыз. 

     5.  Тірек  конспектісімен  жұмыс  істеп  үйрету  қажет.  Тірек  конспектісі  ол 

кітаптағы бүкіл материалды көшіріп алу емес, тек қажетті мәселелерді қамтыған 

сызбанұсқа. Оқушымен бірлесе отырып, материалдың қажетті мәселелерін тыныс 


 

15 


белгілері  арқылы  белгілеп  үйрену  керек.  Жоғары  сынып  оқушылары  өздеріне 

ыңғайлы, қарапайым  тәсілдермен жұмыс істеуді қажетсінеді. 

    6.  Босаңсу  ішкі  қобалжуды  басып  және  оқушының  назарын  кеңейтіп,  еске 

сақтау  қабілетін  дамытады.  Ол  үшін  тыныс  алу  және  аутогенді  жаттығуларын  

жасау  қажет.  Ондай  жаттығуларды  алдымен  өзіңіз  жасап,  ал  сабақ  барысында 

оқушыларды  таныстарып  күнделікті  қолданысқа  енгізіңіз.  Бұл  жаттығуды 

бақылау жұмыстарының алдында  жасау өте тиімді. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

16 


 

 

Ұстаздарға кеңес 

 

 



Мұғалімдерге  «жағада  тұрып  жүзу  мүмкін  емес»  екендігін  есте  сақтай 

отырып,  тест  технологиясын  оқу  үрдісіне  енгізуі  қажет,  тақырыптық 

тестерді  қолдана  отырып,  оқушының  метериалды  меңгеруін  тексеру 

қолайлы және тестпен жұмыс істеп үйренуін жетілдіре түсіреді. 

 

 

Тестпен жұмыс балалардың ҰБТ тапсыру кезінде шынымен де жоғары 



ұпай  алуына  септігін  тигізеді.  Тест  тапсырмаларының  түрлі 

конструкцияларына  үйренген  оқушы  тест  инструкцияларына  уақытын 

кетірмейді. Осындай жұмыс істеу барысында оқушылар психологиялық 

бейімделе түседі. 

 

 

Сонымен  қатар  негізгі  бөлімін  дәл  емтихан  алдында  үйренбей,  алдын 



ала тақырыптық тестермен жұмыс істеп үйрену кезінде жүргізу керек. 

 

 



Психотеникалық  дағдыны  оқу  үрдісінде  тек  ҰБТ-ны  тиімді  тапсыру 

үшін  ғана  емес,  сонымен  бірге  оқушылардың  шешуші  ситуацияларда 

дұрыс  шешім  қабылдау,  өз  жеке  басының  эмоциясымен  жұмыс  істей 

алуын жетілдіреді.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

17 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

18 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

19 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



«Тенгри» баспаханасында басып шығарылған 

071410, Семей қаласы, Б. Тұрлыханов көшесі, 1. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

20 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал