Рәміздер-тәуелсіздік белгісі-деген атты тәрбие сағатына талдау. Өтілу мерзімі: 12. 12. 2014. Жауапты: Каюпова К. С. Қатысқан: 5 «а»-9 «а» сынып оқушылары



жүктеу 23.95 Kb.

Дата19.05.2017
өлшемі23.95 Kb.

 

Рәміздер-тәуелсіздік белгісі-деген атты тәрбие сағатына талдау. 

Өтілу мерзімі:12.12.2014. 

Жауапты:Каюпова К.С. 

Қатысқан: 5 «а»-9 «а» сынып оқушылары. 

Мақсаты:  Туған  ел,  Отан,  Қазақстан  туралыбілімдерін  кеңейту,  тәуелсіздік 

туралы  түсінік  беру,Отанға  деген  сүйіспеншілік  сезімін  арттыру,  мемлекеттік 

рәміздерді құрметтеуге, оның құрылу тарихын, мемлекеттік атрибуттардың мәні мен 

ролін  зерделету,  авторларымен  таныстыру.  Тәрбие  сағаты  еліміздің  әнұранымен 

басталды.Мұғалім  балалардың  назарын  Қазақстан  картасына  аударады.  Сұрақ-

жауап арқылы тәрбие сағаты жалғасады. Тәуелсіздік деген не?.Қандай мемлекеттік 

белгілері  бар?.Рәміздердің  авторлары  кім?.Рәміздер  мемлекетке  не  үшін  керек?                                                                                                                                    

Сұрақтарға  жауап  беріп,ӛз  пікірлерімен  бӛлісті.Солай  әнұран,ту,елтаңба 

рәміздерінің 

құрылуы,тарихы 

туралы 


кӛп 

мәлімет 


алды.                                                    

Осы  тәрбие  сағатына  белсенді  қатысқан:  Кабдрашит  Г,  Вакбаева  А,  Шамкенова 

А,Темиргалиева Қ, Ныгметова С.Тәрбие сағаты қызықты ӛтті. 

 

Рәміздер – тәуелсіздік белгісі 

Сабақтың мақсаты:  

1. Туған ел, Отан, Қазақстан туралы 

білімдерін кеңейту, тәуелсіздік туралы түсінік 

беру, сӛздік қорларын байытып, тіл 

мәдениетін жетілдіру. Қазақстан 

Республикасының рәміздері жӛнінде 

түсініктер беру және білімдерін бекіту. Мақал 

– мәтелдер, ӛлең, тақпақтар арқылы сӛздік 

қорын дамыту. Түсіну, есте сақтау, жаттап алу 

қабілеттерін қалыптастыру. Отанға деген 

сүйіспеншілік сезімін арттыру, мемлекеттік 

тілді, рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, ел 

азаматы атағына лайықты елінің патриоты болуға тәрбиелеу. 

Кӛрнектіліктер: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ. Р. рәміздері, 

дидактикалық ойындарға атрибуттар. 

Сабақ барысы: 

1. Сабақ еліміздің әнұранымен басталады. 

- Бейбіт таңдар арайланып атады

Туған жерді аймалады шапағы, 

Байтақ елім, Қазақстан! 

Ең бақытты балалардың Отаны! 

- Балалар, барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ 

жеріміз (Қазақстанның жерін картадан кӛрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, 

жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай 

жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар, теңіз, кӛл, қазына байлықтары бар екендігін 

картадан білеміз. 

Ал, сендер қай қалада тұрасыңдар? (балалар жауабы: Біз Қарағанды қаласында 

тұрамыз). Қарағанды қандай қала? (балалар жауабы: Қарағанды – әдемі, таза қала). 

- Балалар, айтыңызшы біздің Қазақстанның жері қандай? (балалар жауабы: 



Қазақстанның жері бай, үлкен, әдемі). 

- Қазақстанның жерінде не бар? (балалар жауабы: Қазақстанның жерінде үлкен 

қалалар, ауылдар, кӛп үйлер бар, жасыл орман, биік таулар, теңіз, ӛзендер бар). 

Менің елім Қазақстан 

Бар ғой онда бәрі де: 

Ӛзен де бар, кӛл де бар, 

Орман да бар, тау да бар, 

Жайнаған сансыз қаласы бар, 

Жайқалған жомарт даласы бар. 

Таңғажайып атында дәл табылды, 

Табылда талай жұртқа танылды

Туған елім, кӛкке жетті кӛк туын 

Сен, Тәуелсіз мемлекетсің кәдімгі! 

2. Сергіту сәті: Кӛк жалау желбіре (екі қолымен екі жаққа бұлғайды) 

Асқақтап аспанда (екі қолдарын кӛкке созады), 

Жас ұлан, ел бірге 

Сап түзе, жасқанба (маршрут). 

- Балалар, сендер «Тәуелсіздік» дегенді қалай түсінесіңдер? (балалар жауабы: 

Тәуелсіздік алдық дегеніміз – ӛзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, 

Елтаңбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар). 

Бабамның да арманы, 

Осы еді ғой аңсаған, 

Тәуелсіздік таңдары 

Бақ береді баршаға 

Кӛк туымды қолыма 

Бүгін берік ұстадым 

Түсті бақыт жолыма 

Менің Қазақстаным! 

- Әр мемлекеттің ӛзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар 

жауабы) 


- Әр мемлекеттің ӛзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті 

белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме? (балалар жауабы) 

- Дұрыс, мемлекеттік рәміздері: елтаңба (герб), ту (флаг), әнұран (гимн) жатады. Осы 

рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың 

түсі аспанның түсіне ұқсайды – кӛк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс ұшып 

келе жатыр. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ӛмірі күндей жарқырап, 

қырандай самғай берсін дегені. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының ав-

торы сүретші Шәкен Ниязбеков.

 

 

Тақпақ: «Біздің ту» 



Айнымайды аспаннан 

Біздің тудың бояуы, 

Оны халық қашанда 

Биікке іліп қояды 

3. Дидактикалық ойын: «Ӛз туынды тауып ал» 

- Рәміздер Мемлекетке не үшін керек? 

(балалар жауабы: Әр мемлекеттің ӛзіндік ерекшелік белгілері болады. Еліміздегі 

халықтарды біріктіру үшін.) 



- Еліміздің туын қайдан кӛруге болады (балалар жауабы: Үлкен мемлекеттік 

ғимараттардан, біздің балабақшаның тӛбесінде де ту бар, мереке күндері тулармен 

кӛшелерді сәндейді). 

- Жарайсыңдар, балалар. Тамаша! 

- Ал, балалар, Қазақстан Республикасы қазірге кезде бай да бақытты, болашағы зор, 

тәуелсіз, егеменді ел. Олай болса, осындай мемлекетте тұратын бізде бақыттымыз. Ба-

лалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілің 

кұрметтеу керек, ӛз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек. Сонда 

ғана – ақ азамат, азаматша болып ер жетесіңдер. 

Туған тілді білу парыз. 

Туған жерді сүю парыз. 

Отанды қорғау парыз. 

4. Қорытынды. 

5. Мадақтау. 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал