Реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылады. Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен



жүктеу 0.68 Mb.

бет1/6
Дата05.06.2017
өлшемі0.68 Mb.
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6

 

Әбдікәрімұлы  Б.,  Сарбасова  Қ.А.  М.Қашқари  педагогикасы:  Оқу 

құралы . –  Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008.  - 96 бет. 

 

Оқу құралында М.Қашқаридің педагогикалық мұрасына 



қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп 

қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында бақылау 

сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер 

беріледі. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді 

жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған 

реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар 

ұсынылады. 

Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен 

магистранттарға, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымы саласының 

мамандарына арналған.  

 

 

 



 

Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының 

                                докторы, профессор С.Т.Каргин

 

        педагогика ғылымдарының 



                                докторы, профессор С.К.Кариев 

 

 



                                      

ISBN    9965-604-80-0

 

  

 

                         



 Әбдікәрімұлы Б., 



                                            Сарбасова Қ. А.,                                            

 

2008  

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

Еуразия гуманитарлық институтының Ғылыми-

әдістемелік Кеңесі ұсынған 

 

 

 

Әбдікәрімұлы Болат 

 Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы 

 

М.Қашқари педагогикасы 

 

 (оқу құралы) 

 

 



 

 

 

 

 

Кіріспе 

 

Қоғамымыздың  жаңа  қарқынмен  алға  өркендеуi, 



егемендi  елiмiздiң  болашақтағы  дамуы  келешек  жастар 

тәрбиесіне  байланысты.      Қазақ  халқы  өзінің  бүгінгі  күнін 

бағалай  отырып,    өткен  өміріне  көз  салуды,    тарихи 

тәжірибеден сабақ алуды,  мәдени дәстүрлерін,  озық әдет-

ғұрпын,    өмір  салтын  зерттеуді,    оларды  ұрпақтан  ұрпаққа 

мұра  етіп  жеткізуді  әрқашан  мақсат  етіп  қойғаны  белгілі. 

Халықтың ғасырлар бойы жинаған осынау бай тәжірибесін 

бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесінде  аса  тиімді,    шығармашылықпен 

қолдана білу - әрбір ұстаздың міндеті. 

Мемлекетіміздің ертеңгі болашағы - мектеп жасындағы 

жас  жеткіншектер.  Оларды  халықтық  салт-дәстүрді,    әдет-

ғұрыпты  қастерлеуге,    құрметтеуге  үйреткен  абзал.  Өз 

халқының  мәдени  мол  мұрасын,    ұлттық  ерекшеліктерін 

білудің оқушы тұлғасын қалыптастыруда маңызы зор.      

Бүгiнгi таңда ұрпақ тәрбиесiнiң ерекше мәнге ие болуы 

қазақ  педагогика  ғылымының  қайнар  көздерін  қайтадан 

саралап,  шынайы  мазмұнын  анықтауды  талап  етедi. 

Танымдық  ұлағаты  мол  мәдениет  пен  терең  ақыл-ойдың 

мектебі  болып  табылатын  М.Қашқаридің  педагогикалық 

мұрасындағы  жетекші  идеялардың  жаңа  заманның 

адамдарын тәрбиелеудегі құндылығы жоғары. 

ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  түрік  ғұламасы,  даналардың 

данасы  Махмұт  Қашқаридің  «Түрік  сөздігі»  еңбегі  барлық 

түрік  өркениетінің  шежіресі  ретінде  ерекше  бағаланады. 

Бұл  еңбек  жалпыадамзаттық,  ұлттық  және  адами 

құндылықтардың  жүйесі  ретінде  педагогика  ғылымының 

төрінен  орын  алады.  Философиялық,  әрі  педагогикалық 

трактат  пен  тілі  білімінің  негізін  тұжырымдаған  аталмыш 



еңбек  барлық  түрік  мәдениетін  әлемдік  деңгейге  көтеріп, 

оның құндылығын айқындай түседі. 

Ұсынылып 

отырған 


оқу 

құралында 

Махмұт 

Қашқаридің  «Түрік  сөздігіндегі»  педагогикалық  мәселелер 



талданып,  оның  қазіргі  педагогикамен  байланысы  ашып 

көрсетіледі. 

Оқу  құралы  6  тақырыптан  тұрады.  Әрбір  тақырыпты 

терең  оқып-үйрену  М.Қашқаридің  педагогикасын  жан-

жақты меңгеруге мүмкіндік береді.  

Бірінші тақырып ұлы ойшылдың өмірі мен оның атақты 

еңбегі  «Диуани  лұғат-ит-түрк»  («Түрік  сөздігі»)  туралы 

мағлұматтарды,  екінші  тақырып  М.Қашқари  мұрасы 

бойынша  жүргізілген  зерттеулер  туралы  материалдарды 

қамтиды.  Қалған  тақырыптардың  мазмұнын  ұлы  ұстаздың 

педагогикалық  ой-пікірлеріне  жасалынған  жан-жақты,  әрі 

терең талдау құрайды. 

Білімді  тексеру  оқу  материалын  меңгерудің  нәтижесін 

көрсетеді.  Осы  мақсатпен  әрбір  тақырып  соңында 

ұсынылатын  бақылау  сұрақтары  студенттердің  білімін 

тексеруді көздейді. 

Тест 

сұрақтары, 



реферат 

тақырыптары 

және 

шығармашылық  тапсырмалар  болашақ  мамандардың 



дүниетанымдық  ой-өрісін,  шығармашылық  белсенділігін 

және ғылыми ізденімпаздығын дамытуды көздейді. 

Қосымша материалдарда М.Қашқаридің «Түрік сөздігі» 

еңбегінен үзінділер беріледі.  Сонымен бірге оқу құралында 

ұлы  ойшылдың  педагогикасын  өз  бетімен  терең  оқып-

үйрену үшін әдебиеттер тізімі ұсынылады. 

Оқу  құралы  тек  студенттерге  ғана  емес,  мектеп 

мұғалімдеріне  және  ғылым  тарихымен  әуестенуші  барша 

оқырманға да пайдалы болады деп сенеміз. 

 


Тақырып  1.  Данышпан  ғалым,  кемеңгер  ұстаз 

М.Қашқаридің  өмірі  мен  оның  атақты  еңбегі  «Диуани 

лұғат-ит-түрк» («Түрік сөздігі») 

 

Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік 



еткен  данышпан  ғалым,  кемеңгер  ұстаз  Махмұт  Қашқари 

шамамен 1029-1030 жылдары туған деген болжам бар [1; 2].  

Оның 

әкесі 


Құсайын 

ибн 


Мұхаммед 

Қараханид 

мемлекетінің  әмірі  Насыр  ибн  Әлидің  мұрагері  болған, 

Ыстықкөл  көлінің  жағалауында  орналасқан  Барсхан 

(Барсған)    қаласында  туған.  Құсайынның  ұлы  Махмұт  та 

құнарлы  Талас,  Шу  топырағында,  Барсхан  (Барсған) 

қаласында  дүниеге  келген.  Қаланың  аталуы  туралы  ғұлама 

былай деп жазады: «Барсған  – Афрасиабтың ұлының есімі. 

Барсған қаласын салдырған сол. Бұл Махмұдтың атасының 

шаһары. Бағзы біреулер ұйғыр хақанының Барсған есімді ат 

бағары болушы еді. Осы жердің ауасы жақсы болғандықтан, 

жылқыны сол жерде бағушы еді, кейін келе соның есімі осы 

жердің  атағына  айналған  деседі.  Сөйтіп,  Барсған  аталып 

кетті  дейді»  [3.Б.155].  Барсхан  Шу  өзенінің  жоғары 

ағысындағы,  осы  күнгі  Қырғызстанның  Тоқпақ  қаласының 

жоғарғы  жағында,  Ыстықкөлге  баратын  тас  жолдың 

бойындағы ортағасырлық ескерткіш [4.Б.42]. М.Қашқаридің 

ата  тегі  туралы  ғалым  Әмір  Наджип  өзінің  «Исследования 

по  истории  тюркских  языков  ХІ-ХІV  вв.»  деген  еңбегінде: 

«Оның  Қашқари  деген  лақап  аты  Қашғарда  дәріс  алып, 

сонда  тұрғандығын  ғана  аңғартады.  Автордың  өзінің  сөзі 

бойынша,  ол  ортаазиялық  әскери  қолбасшы,  белгілі 

отбасынан, оғыз ортасынан шыққан. Ол жайында өзі «Біздің 

бек бабамыз «әмір» деген сөзді «хамир» деп атайды. Себебі, 

оғыздардың  «әмір»  деген  сөзді  айтуға  тілі  келмейді. 


Сондықтан олар міндетті  түрде  «хамир» деп айтады»  - деп 

жазған [5.Б.33]. 

М.Қашқаридің  ұлы  тұлға  болып  қалыптасуына  отбасы 

тәрбиесі мен Қараханидтер дәуірінің ықпалы зор болды. Ол 

бек тұқымы бола тұра, әскери және әкімшілік қызметтен бас 

тартып,  күрделі  жолды  –  білім-іліммен  шұғылдануды 

таңдады.  Қараханидтердің  басқару  кезеңі  ғылым,  мәдениет 

және  ағарту  саласының  біршама  дамыған  уақыты  болды. 

Махмұттың  шешесі  Бюби  Рабияның  әкесі  Мұхаммед  ибн 

Жүсіп  өзінің  жалғыз  қызын  ерте  жастан  сауаттылыққа 

үйретуге  тырысты,  қатаң  адамгершілік  ережелерді  оқытты. 

Мұның өзі Бюби Рабияға ұлы Махмұтқа жан-жақты тәрбие 

мен  білім  беруге  мүмкіндік  берді  [2.Б.124].  Соның 

нәтижесінде  күллі  батыс  пен  шығысты  аузына  қаратқан 

Қарахандар  заманындағы  өркениеттің  ең  үздік  туындысы 

дүниеге  келді.  Ол  түрік  өркениетінің  тәлімдік-тәрбиелік 

тәжірибесін  паш  ететін  өте  құнды  мәдени  мұра  -  «Диуани 

лұғат-ит-түрк»  («Түрік  сөздігі»)  атты  кемеңгер

 

ойшыл 


М.Қашқаридің еңбегі. Осы еңбегінде ғұлама өзі және кітап 

жазудағы мақсаты туралы былай дейді: «Сонымен, мен сол 

түріктердің  қызыл  тілге  ең  шешендерінен,  ең  әдемі 

әңгімешілерінен,  ең  бір  зеректерінен,  ең  білгірлерінен, 

ежелгі  асыл  тайпаларынан  уа  соғыс  ісінде  мықты 

найзагерлерінен болғандығымнан, олардың шаһарлары  мен 

сахарасын бастан-аяқ аралап шықтым. Түрік, түркмен, оғыз, 

шығыл,  йағма,  қырғыздардың  сөздерін  және  (сөздерінің) 

қасиет, 

құпияларын 

анықтап 

шықтым, 


оларды 

пайдаландым.  Мен  бұл  істерді  осы  тілдердегі  әрбір 

кішігірім  айырмашылықтарды  парықтап  білу  үшін  істедім. 

Сонымен  олардың  әрқайсысының  тілі  менің  көңілімде 

ұялап,  берік  сақталып  қалды.  Мен  оларды  мұқият  реттеп, 

әбден тәртіпке келтіріп, жүйелеп шықтым. Бұл бір мәңгілік 



жәдігерлік уа таусылмас-түгесілмес, азып-тозбас бір байлық 

болсын  деп,  бір  Тәңірге  сыйынып,  осы  кітапты  түзіп 

шықтым да, оған  «Диуани лұғат-ит-түрк – Түрік тілдерінің 

диуаны» деген ат бердім» [6. Б.8]. 

М.Қашқаридің өзіне берген мінездемесінен оның әйгілі 

түркі  тайпаларынан  шыққанын,  ұлағатты  тәрбие  алып, 

білімнің  қыр-сырын  меңгерген  текті,  парасатты,  данышпан 

адам екенін аңғаруға болады. Ол ғылымның терең түкпіріне 

үңіле  отырып,  түрік  өркениетінің  тарихын,  географиясын 

және  мәдениетін  жетік  игеру  үшін  түркі  елдерін  аралап, 

құнды  дерек  көздерін  жинақтаған,  алған  білімі  мен  мол 

тәжірибесі  негізінде  кейінгі  ұрпақ  тәрбиесінде  баға  жетпес 

құнды,  мәңгі  жасайтын  еңбек  қалдырған  ғалым  болып 

табылады. Оның «Түрік сөздігін» жазудағы негізгі мақсаты 

түрік елінің ұлылығын таныту, түрік тілінің жасампаздығын 

жариялау  және  түрік  өркениетінің  рухани  күш-жігерін, 

елдік  парасатын  және  ғылыми  дүниетанымын  паш  ету 

екенін еңбектің кіріспесіндегі мына ой-пікірлер дәлелдейді:

 

«Мен  тәңірінің  дәулет  ұясын  түріктер  бұржысында 



жаратқандығын  және  ғарышты  солардың  заманы  үстінде 

айналдырғанын  көрдім.  Тәңірі  оларды  «Түрік»  деп  атады. 

Заманымыздың  хақандарын  түріктерден  шығарып,  дәуір, 

халықтың  ақыл-ерік  тізгінін  солардың  қолына  ұстатты; 

оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; 

олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен 

соларды  барша  тілектеріне  жеткізіп,  жамандардан, 

зұлымдардан  қорғады...Пайғамбарымыз  қиямет  белгілері, 

ақырзаман  бітінәләрі  және  оғыз  түріктерінің  жорыққа 

шыққандығы  туралы  айтқанда:  «Түрік  тілін  үйреніңіздер, 

сонда  олардың  егелігі  ұзақ  дәуірлі  болмақ,»  -  деген  екен. 

Бұл  хадистің  (қағида  сөздің)  дұрыс-бұрыстығына  сол 

айтушы  кісілердің  өздері  жауапкер.  Бұл  сөз  шын  болса, 


түрік  тілін  үйрену  уәжіп,  білген  абзал,  шын  болмаған 

жағдайда,  түрік  тілін  үйренудің  зияндылығын  ақыл 

ажыратар»  [6.Б.30].  Сонымен  бірге  М.Қашқари  өз  еңбегін 

мұсылмандардың  ерекше  құрметтеген  адамы  Абдолла 

Мұқтади  би  Әміролла  құзыретіне  арнағанын  айтады:  «Бұл 

кітапты  пайғамбарымыздың  мәртебелі  орнында  отырған, 

Қасым ұрпағынан уа Аббастар әулетінен көшбасшы болған 

иеміз, 


ұлығымз, 

әпендіміз, 

момындардың 

(мұсылмандардың)  әмірі  уа  Тәңірінің  қалпесі  Мұхаммед 

ұғлы Әбілқасым, Абдолла Мұқтади би Әміролла құзыретіне 

арнадым.  Тәңірі  мәртебесін  өсірсін,  бақытты-ырысты  ұзақ 

ғұмыр берсін!..» [6. Б.31]. 

Махмұт 


Қашқаридің 

«Диуани 


лұғат-ит-түрк» 

энциклопедиялық  еңбегін  тұңғыш  рет  қазақша  аударған 

белгілі  түркітанушы  ғалым  А.Қ.Егеубай  аталмыш  еңбектің 

алғы  сөзінде:  «Барша  түрік  әулетіндегі  халықтардың 

қатарында қазақ елінің мәдениетіне, тіліне, өнеріне тікелей 

қатысты  ұлы  ескерткіштердің  ішінде  осы  «Түрік  тілдері 

жинағының»  үш  томдығы  да  ерекше  шоқтықты  биігінде 

бағаланады.  Жүсіп  Баласағұнның  атақты  «Құтадғу  білік» 

дастаны  хижра  бойынша  462-жылы  жазылса,  Махмұт 

Қашқарлы  бұл  үш  жинаққа  топтастырылған,  сегіз  кітаптан 

тұратын  тілтану  жайлы  еңбегін  хижра  бойынша  464  жылы 

бастап,  466  жылы  аяқтап  шыққан»  деп  тұжырым  жасайды 

[6. Б.9]. 

«Диуани лұғат-ит-түрк» еңбегінің бүгінгі күнге жалғыз 

қолжазбасы  жеткен,  ол  Стамбулда  Миллет  Генель 

кітапханасында  сақтаулы  тұр.  Қолжазба  319  парақтан 

тұрады,  өлшемі  шамамен  239  x  165  мм,  барлығы  638  бет 

бар,  бұл  беттер  ХХ  ғасырда  нөмірленген.  Ғұлама  еңбекті 

хижра  бойынша  466  жылы,  біздің  жыл  қайыруымыз 

бойынша  1074  жылы  аяқтаса,  қолжазбада  сақталынған 



мәтін түпнұсқадан екі ғасыр өткеннен кейін хижра бойынша 

664  жылы,  біздің  жыл  қайыруымыз  бойынша  1266  жылы 

көшірілген [7.Б.13]. Оны көшіруші Мұхаммед ибн Әбубәкір 

Әбл  Фатих  Махмұт  Қашқаридің  өз  қолымен  жазған  түпкі 

нұсқасынан  тікелей  көшірілгенін  куәландырып,  хаттаған. 

«Бұл  кітапты  түпнұсқадан  көшіріп  болған  күн  644  жылғы 

шәууәлінің  27  күнгі  базар  еді»  деп,  осы  кітаптың  соңында 

жазған,  бұл  қазіргі  жыл  санау  бойынша  1-тамыз  1266  жыл 

болады.  

Қолжазбаның  сыртқы  бетіндегі  жазбаға  қарағанда,  ол 

1400-1401  жылдары  Каирде  тұратын  Мұхаммед  ибн  Ахмад 

Хатиб  Дараййа  деген  адамға  тиеселі  болған.  Стамбулға 

қолжазба 1517 жылы мамлюк мемлекетін Осман империясы 

басып алғаннан кейін әкелінген болу керек. Өйткені кейбір 

ескертулер  мен  түзетулер  қатары  осман  дәуірінде 

жасалынғаны  анық  байқалады.  ХХ  ғасырдың  басында 

қолжазба  Түркияда  тұратын  Назиф  Паша  деген  адамға 

тиеселі  болады,  ол  оны  өзінің  туысқанына  бағалы  зат 

ретінде  сыйға  тартады.  Шамамен  1917  жылы  кітап 

Стамбулдағы  кітап  базарына  саудаға  шығарылады,  одан 

белгілі түрік ғалымы Әли Әмір сатып алады. Кейіннен кітап 

(Әли  Әмірдің  барлық  жинағандарымен)  Стамбулда,  Фатих 

ауданында  орналасқан  Миллет  Генель  кітапханасына 

түседі. Мұнда ол күні бүгінге дейін сақтаулы [7.Б.14]. Міне, 

осылайша М.Қашқаридің еңбегіне Уақыт ерекше тағдырды 

несібе етті,  дегенмен қанша ғасыр өтсе де, білім мен шабыт 

көзі  болып  табылатын  баға  жетпес  асыл  мұра  өзінің 

оқырмандарынан 

адаспай, 

әрқашан 


ғылым-біліммен 

нәрлендіріп тұратын қазына ретінде өміршеңдігін дәлелдеп, 

бүгінгі күнге де жетті.   

 

 



Бақылау сұрақтары: 

 

1.

 



 Ұлы 

бабамыз  М.Қашқари  шамамен  қай 

жылдары өмір сүрген? 

2.

 



 М.Қашқаридің  атақты  еңбегі  «Түрік  сөздігі» 

қай жылдары жазылған? 

3.

 

 М.Қашқаридің туған жерінің тарихы туралы не 



білесіз? 

4.

 



 М.Қашқаридің шыққан тегі мен ортасы туралы 

не білесіз? 

5.

 

«Диуани  лұғат-ит-түрк»  еңбегінің  бүгінгі  күнге 



жеткен қолжазбасы туралы не білесіз? 

 

Тапсырмалар: 



 

1.

 



«М.Қашқаридің  ұлы  тұлға  болып  қалыптасуына 

отбасы  тәрбиесінің  әсері»  тақырыбына  баяндама 

дайындаңыз. 

2.

 



http://www.peoples.r

  сайтынан  ұлы  бабамыздың 

өміріне қатысты материалдарды жинақтаңыз. 

3.

 



«Диуани  лұғат-ит-түрк»  еңбегінің  бүгінгі  күнге 

жеткен қолжазбасы туралы хабарлама дайындаңыз. 

 

 

Ұсынылатын әдебиеттер: 



 

1.

 



Қашқари  М.  Түрік  тілінің  сөздігі:  (Диуани  лұғат-ит-

түрк): 3 томдық шығармалар жинағы. Т.1. / Қазақ тіліне 

аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазған 

А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1997. – 592 б. 

2.

 

Қашқари  М.  Түрік  тілінің  сөздігі:  (Диуани  лұғат-ит-



түрк): 3 томдық шығармалар жинағы. Т.2. / Қазақ тіліне 

аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазған 

А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1997. – 528 б. 

3.

 

Қашқари  М.  Түрік  тілінің  сөздігі:  (Диуани  лұғат-ит-



түрк): 3 томдық шығармалар жинағы. Т.3. / Қазақ тіліне 

аударған,  алғы  сөзі  мен  ғылыми  түсініктерін  жазған 

А.Егеубай. – Алматы: ХАНТ, 1998. – 600 б. 

4.

 



Кешин  К.  Судьба  и  наследие  первого  тюрколога.    – 

Простор. – 2006. - №1. – С.123-128.

 

5.

 



Махмуд  ал-Кашгари.  Диван  Лугат  ат-Турк  /  Перевод, 

предисловие  и  комментарии  З.-А.М.Ауезовой.  Индексы 

составлены Р.Эрмерсом. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 

1288 с. 


6.

 

Қалиева  К.М.  Махмұд  Қашғаридың  педагогикалық 



идеялары: пед.ғыл.канд. ...дисс. - Алматы, 2003. – 132 б. 

7.

 



Кононов  А.Н.  Изучение  «ДивануЛугат  ит-Турк» 

Махмуда Кашгарского в СССР // Советская тюркология. 

- 1973. - № 1.- С. 4. 

8.

 



Халидов А. Б. «Диван Лугат ит-Турк» в сравнительном 

освещении  с  его  арабским  прототипом.  -  Советская 

тюркология. - 1984. Т. 4. - С. 85-90. 

9.

 



Ирмуханов  Б.Б.  Прошлое  Казахстана  в  письменных 

источниках V в.до н.э. – ХV в. н.э. – Алматы, 1998. – 240 

с. 

10.


 

Ирмуханов  Б.Б.  Тюрки:  Судьба  эноса  и  этнонима.  – 

Мысль. – 2006. - №1. – С.72-79.

 

11.



 

Ирмуханов  Б.Б.  «Диван  лугат  ат-тюрк»  Махмуда  ал-

Кашгари как исторический источник. - – Мысль. – 2007. 

- №6. – С.68-79.

 

 

 



Тақырып 2. Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат-ит-

түрк»  («Түрік  сөздігі»)  атақты  еңбегі  бойынша 

зерттеулер 

 

ХХ  ғасырдың  басында  ғұламаның  ұлы  еңбегі  бүкіл 

әлемге  әйгілі  болды,  оның  айғағы  -  жарық  көрген 

басылымдар ( Кесте 1). 

 

Кесте 1 – «Диуани лұғат-ит-түрк» басылымдары 



 

р/с  Баспадан 

шыққан 

уақыты 

Аудармашының 

аты-жөні 

Жазылу 

тілі 

Баспа

дан 

шыққ

ан елі 

1. 


1915-

1917 жж. 

К.Рифат 

түрік 


Түркия 

2. 


1939-

1941 жж. 

Б.Аталай 

түрік 


Түркия 

3. 


1960-

1963 жж. 

С.Муталлибов 

өзбек 


Өзбек-

стан 


4. 

1981-


1984 жж. 

Ибрахим  Мутии 

Имин 

Турсун 


және т.б. 

ұйғыр 


Қытай 

5. 


1982-

1985 жж. 

Р.Дэнкоффом 

Дж.Келли 

ағылшын  АҚШ 

6. 


1997-

1998 жж. 

А.Егеубай 

қазақ 


Қазақ-

стан 


7. 

2005 ж. 


З.-А.М.Әуезова 

орыс 


Қазақ-

стан 


 

 


ХХ  ғасырда    «Диуани  лұғат-ит-түрк»  еңбегі  түрік 

дүниесінің  әлемдік  ғылым  қазынасына  қосқан  ұлы  мұрасы 

ретінде  танылып,  ғалымдардың  зерттеу  еңбектеріне  арқау 

болды.  Оның  1915-1917  жж.  жарық  көрген  бірінші 

басылымының  (К.Рифат)  өзі  халықаралық  ғылыми 

қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырды.  

Атақты  неміс  ғалымы,  шығыстанушы  К.Брокельманн 

1918  жылдардан  бастап,  М.Қашқари  еңбегінде  келтірілген 

түрік тайпаларының өмірі мен жергілікті тілдеріне қатысты 

грамматикалық  ерекшеліктер,  мақал-мәтелдер,  мәліметтер 

туралы  бірнеше  мақалалар  жазды  [8;9;10].  Сонымен  бірге 

1928  жылы  К.Рифаттың  басылымы  негізінде  «Орта  түрік 

тілінің  сөздігін»  [11]  құрастырды.  1921  жылы  неміс 

шығыстанушысы  Г.Бергштрессер  «Диуани  лұғат-ит-түрк» 

құрылымына  арналған  мақала  жазды,  онда  «Диуани  лұғат-

ит-түрк»  құрылымын  әл-Фарабидің  «Диуани  әл-Адаб» 

еңбегінің құрылымымен салыстырды [12]. Мұнда түсіндіре 

кететін жайт, «Диуани әл-Адам» («Әдеби жинақ») еңбегінің 

авторы  Фараб  қаласынан  шыққан  оқымыстылардың  бірі 

Әбу  Ибраһим  Исхақ  ибн  Ибраһим  әл-Фараби  деген  ғалым. 

Оны  ғылым  әлеміне  танытқан  аталмыш  еңбегі  1974-1978 

жылдары  Каирде  4  том  болып  жарияланған,  бұл  еңбекте 

автор  тіл  білімінің  көптеген  мәселелерін  қорытып,  поэзия 

мен проза, мақал мен нақыл сөздердің анықтамасын береді, 

тіл, әдебиет салалары бойынша тың ой-пікілер айтады [113. 

Б.15]. 1923 жылы Ф.Хоммел  «Түрік сөздігінде» келтірілген 

ежелгі түрік мақал-мәтелдері туралы мақала жазды [14]. 

Орыс  шығыстанушысы  В.В.Бартольд  1921  жылы 

Петроградта  Орыс  Археологиялық  қоғамы  Шығыс 

бөлімінің  мәжілісінде  «ХІ  ғасырдағы  түрік-араб  сөздігі» 

атты баяндама жасады. Сонымен бірге «Түрік сөздігіндегі» 

тарихи-этнографиялық  материал  В.В.Бартольдтің  Орта 



Азиядағы  түрік  халықтарының  тарихы  бойынша  атақты 

дәрістерінде 

баяндалған 

түріктер 

тарихының 

тұжырымдамасын  жасауға  негіз  болды.  Осы  жылы  орыс 

түркітанушысы  С.Е.Малов  өзінің  ежелгі  түрік  әдебиеті 

бойынша  хрестоматиясына  [16]  «Түрік  сөздігінен»  орысша 

аударып,  бірнеше  өлеңдер  енгізді,  ал  1951  жылы  «Ежелгі 

түрік жазбаларының ескерткіштері» атты зерттеу жұмысын 

дайындады,  онда  «Түрік  сөздігін»  оқып-үйренуге  қатысты 

көптеген материалдар келтірілген. 

20-жылдары  «Түрік  сөздігі»  кеңестік  ғалымдардың 

назарын  аударып,  Азербайжанда  Б.Чобанзаде  [17]  мен 

П.К.Жузенің  [18],  Татарстанда  Дж.Велидовтың  [19], 

Өзбекстанда  А.Фитраттың  [20]  ғылыми  еңбектері  жарық 

көреді. 

30-жылдардан 

бастап 

түрік 


шығыстанушысы 

М.Ф.Копрюлю  «Түрік  сөздігі»  материалдарына  сүйене 

отырып,  түрік  тілдерінің  тарихына  арналған  бірнеше 

еңбектер  жазды  [21;22;23;24].  Басқа  түрік  оқымыстысы 

А.З.Валиди  Тоган  1932  жылы  «Түрік  сөздігінің»  жазылу 

мерзімін  нақтылау  және  М.Қашқаридің  өмірбаянын  қайта 

жасау мақсатымен мақалалар жазды [25; 26]. 

1935 жылы А.Геррманн «Түрік сөздігіне» енген әлемнің 

ең  ежелгі  түрік  картасы  ретінде  белгілі  М.Қашқаридің 

дөңгелек картасы туралы мақала жариялайды [27]. Бірнеше 

жылдар  өткен  соң  Кеңес  Одағында  бұл  тақырып  бойынша 

И.И.Умняков  [28]  айналысады.  1939  жылы  КСРО-да 

«Түркмендер 

мен 


Түркмения 

тарихы 


бойынша 

материалдар»  деген  ғылыми  жинақ  жарық  көрді  [29],  оған 

М.Қашқари  және  оның  еңбегі  туралы  мәлімет  келтірген 

В.И.Беляевтің  еңбегі,  «Түрік  сөздігінен»  И.Н.Лемановтың 

орыс тіліне аударған түркмен-оғыздарға арналған үзінділері 

енгізілген.  



Б.Аталайдың  аударған  түрік  тіліндегі  «Түрік  сөздігі» 

басылымының  жарық  көруі  (1939-1941  жж.)  түрік  тілін 

меңгерген ғалымдардың М.Қашқари еңбегін терең, әрі жан-

жақты  оқып-үйренуіне  мүмкіндік  берді.  Бұл  туралы 

көрнекті  кеңестік  түркітанушы  ғалым  А.Н.Кононов  былай 

дейді:  «Аталайдың  аудармасы  түркітанушылардың  қолына 

терең  ой-пікірлер  мен  маңызды  қорытындыларға  бай 

материалдары  бар  еңбекті  ұсына  отырып,  түркітанудың 

дамуында  айрықша  роль  атқарды»  [30].    «Түрік  сөздігін» 

зерттеу тарихында Б.Аталайдың қолжазбаның факсимильді 

басылымын  (1941  ж)  және  индекс  сөздігін  (1943  ж.) 

жарыққа  шығаруы  маңызды  оқиға  болды.  50-жылдары 

О.Прицак  қараханидтер  тарихы  мен  М.Қашқаридің 

өмірбаяны туралы дау тудыратын мәселеге арналған мақала 

жазды  [31].  1956  жылы  А.Бомбачи  «Түрік  әдебиетінің 

тарихының»  бір  бөлімін  «Түрік  сөздігінде»  келтірілген 

поэтикалық нақыл сөздерге арнады [32]. 1958 жылы «Түрік 

сөздігі»  материалдарымен  байланысты  қазіргі  түрік 

тілдерінің тарихына арналған С.Ахаллының зерттеуі жарық 

көрді  [33].  1959  жылы  «Түрік  сөздігі»  материалдары 

негізінде 

қазақ 


тілінің 

жасалу 


тарихы 

туралы 


С.К.Ибарагимов  пен  В.С.Храковский  зерттеулер  жүргізді 

[34].    

Кеңестік  түркітану  ғылымының  тарихында  «Түрік 

сөздігінің»  С.Муталлибовтың  өзбек  тіліне  аударған 

басылымының  жарық  көруі  маңызды  оқиға  болып,  түрік 

тілінің  тарихы  бойынша  бірнеше  тың  зерттеулерге  жол 

ашты.  1960-70  жылдары  М.Қашқари  мен  оның  ұлы  еңбегі 

«Түрік  сөздігінің»  әртүрлі  салаларын  қарастырған  бірнеше 

зерттеулер 

жүргізілді. 

Олардың 

көпшілігі 

тілтану 

мәселесіне,  түркі  тілдерінің  тарихы  мен  жіктемесін  оқып-

үйренуге  арналған  (олар  туралы  нақты  мәліметтерді 


А.Н.Кононовтың  мақаласынан  алуға  болады  [35].  Олардың 

ішінде  «Түрік  сөздігіндегі»  түркі  ауыз  әдебиетінің  дамуын 

зерттеген  түркітанушы  ғалым  И.В.Стеблеваның  еңбегін 

ерекше  атауға  болады  [36].  Ал  Х.Хасанов  Орта  Азия 

ғалымдарының  географиялық  мұрасын  зерттей  отырып, 

М.Қашқари  еңбегіндегі  түрік  жұртының  географиялық 

жағдайына талдау жасады [37]. 

1970  жылдары  американдық  ғалымдар  Р.Дэнкофф  пен 

Дж.Келли  «Түрік  сөздігі»  туралы  бірнеше  мақалалар 

жариялады  [38;39;40;41],  ал  1982-1985  жж.  оның  ағылшын 

тіліндегі аудармасын басып шығарды. 

1980 


жылдары 

«Түрік 


сөздігі» 

материалдары 

қарастырылған  еңбектердің  ішінен  Х.Короглының  ежелгі 

түрік  әдебиеті  туралы  еңбегін  [42],  сонымен  бірге 

петербургтық  шығыстанушы  А.Б.Халидовтың  «Диуани 

лұғат-ит-түрк»  пен  әл-Фарабидің  «Диуани  әл-Адаб» 

кітабын  салыстырған  зерттеуін  ерекше  атап  өтуге  болады 

[43].  


Қазақстанда да М.Қашқари мұрасына ғалымдар ерекше 

назар аударып, оны әр салада қарастырды. Олардың ішінде 

белгілі  тарихшы  ғалым  Б.Ирмухановтың  «Түрік  сөздігін» 

тарихтың  қайнар  көзі  ретінде  қарастыратын  еңбектерінің 

[44;  45;  46]  құндылығы  жоғары  деп  айтуға  болады.  Тіл 

ғылымы 


тарапынан 

да 


«Түрік 

сөздігі» 

бірнеше 

диссертациялардың  (М.  Жүнісова  «Ескі  түркі  тіліндегі  етіс 

категориясы (М. Қашқари сөздігі бойынша)», М. Бейсенова 

«М.  Қашқаридың  «Диуани  лұғат-ит-түрк»  еңбегіндегі  төрт 

түлік мал атаулары», т.б.) зерттеу нысаны болды. Сонымен 

бірге 


А.Қ.Құрышжанов 

[47], 


Ә.Қоңыратбаев 

[48], 


Х.Сүйіншәлиев  [49],  М.Томанов  [50],  Қ.Өмірәлиев  [51], 

Г.Г.Мұсабаев  [52],  Н.Ысқақова  [53],  А.Т.Қайдаров  [54], 

А.Оразбеков  [55],  Қ.Аманжолов  [56],  т.б.  еңбектері 


ғұламаның  өмірінің  өнеге  екендігін  және  оның  мәңгілік 

мұрасында 

ана 

тіліміздің, 



туған 

әдебиетіміз 

бен 

мәдениетіміздің  түп  негіздері,  төл  заңдылықтары  ғылыми 



тұрғыдан 

тұжырымдалғанын 

дәлелдейді. 

Қазақ 


ғалымдарының  айтары  мол,  құнды  еңбектерінен  ежелгі 

әдебиеттен  жалғасқан  дәстүрлі  үрдіс  мәселесі  жайында  да 

салмақты  пікірлер  табуға  болады.  Дәстүр  жалғастығын 

басты  нысан  ретінде  ұстанған  Н.Келімбетовтің  «Ежелгі 

түркі  поэзиясы  және  қазақ  әдебиетіндегі  көркемдік  дәстүр 

жалғастығы»  [57],  А.Егеубайдың  «Ежелгі  дәуірдегі  қазақ 

әдебиетінің  көркемдік  жүйесі  (X-XII  ғасырлар)»  [58]  атты 

докторлық  диссертациялары  М.Қашқари  мұрасын  зерттеу 

бойынша  Қазақстанда  орындалған  қомақты  зерттеулер 

болып  табылады.  Сонымен  бірге  А.Егеубайдың  «Диуани 

лұғат-ит-түрікті» 

қазақ 


тіліне 

аударуы 


[3;5;59] 

М.Қашқаридің  мұрасын  қазақ  халқының  мәдениеті  мен 

тарихына  қатысты  терең  оқып-үйренуге  мүмкіндік  беріп, 

тың зерттеулер жүргізуге жол ашатынына сеніміміз мол. 




  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал