Реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар ұсынылады. Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/7
Дата09.09.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7

Әбдікәрімұлы  Б.,  Сарбасова  Қ.А.  әл-Фараби  педагогикасы:  Оқу 
құралы . –  Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008.  - 126 бет. 
 
Оқу құралында әл-Фарабидің педагогикалық мұрасына 
қатысты материалдар бірнеше тақырыптарға бөлініп 
қарастырылады. Сонымен қатар әрбір тақырыптың соңында бақылау 
сұрақтары, тапсырмалар және қолдануға ұсынылатын әдебиеттер 
беріледі. Өзін-өзі тексеруге тест сұрақтары, өз бетімен білімді 
жетілдіруге және ғылыми шығармашылықты дамытуға бағытталған 
реферат тақырыптары мен шығармашылық тапсырмалар 
ұсынылады. 
Оқу құралы жоғары оқу орнының студенттері мен 
магистранттарға, сондай-ақ жалпы педагогика ғылымы саласының 
мамандарына арналған.  
 
Пікір жазғандар: педагогика ғылымдарының 
                                докторы, профессор С.Т.Каргин
 
        педагогика ғылымдарының 
                                докторы, профессор М.С.Мәлібекова 
 
 
                                      
                         ISBN  9965-604-83-5    
 
 
 
 

 Әбдікәрімұлы Б., 
                                            Сарбасова Қ. А.,                                            
 
2008  
 
 
 
 

 
 
 
 
Еуразия гуманитарлық институтының Ғылыми-
әдістемелік Кеңесі ұсынған 
 
 
 
Әбдікәрімұлы Болат 
 Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы 
 
әл-Фараби педагогикасы 
 
 (оқу құралы) 
 
  
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 
 
Қасиетті  қазақ даласы  талай ұлы ғұламаларды дүниеге 
алып  келді.  Қазақ  топырағының  көкірегі  ояу,  көзі  ашық, 
ойшыл  азаматтары  бүкіл  шығыс  араб-парсы  мәдениетін 
меңгеріп,  өз  шығармаларын  көпке  ортақ  тілде  жаза  біліп, 
кейінгі  ұрпақтарына  мұра  етіп  қалдырды.  Олардың  ішінде 
аты  әлемге  жайылғандары  да  аз  емес.  Солардың  бірі  - 
Аристотельден  кейінгі  дүниежүзі  білімі  мен  мәдениетінің 
екінші  ұстазы  атанған  данышпан,  ғалым  Әбу  Насыр  әл-
Фараби.  Ол  өз  заманындағы  дамыған  ғылым  салаларына, 
өнеріне  өзіндік  үлес  қосқан  ғұлама  болып  табылады.  Әл-
Фарабидің  ғылыми  еңбектері  160-тан  асады.  Қазақстанда 
тек  өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  ғана  баба  мұрасын 
түбегейлі  зерттеу  ғалым  Ақжан  Машанидің  бастамасымен 
қолға алынған болатын. 
Барша  адамзаттың  ұлы  ұстазы  әл-Фараби  мұрасында 
адам  тәрбиесіне  де  қатысты  құнды  дүниелер  жетерлік. 
Оларды  қазіргі  таңда  ғаламдық  өзекті  мәселеге  айналып 
отырған  жаһандану  процесі  барысында  адамның  рухани 
мәдениетін қалыптастыру мақсатында пайдалану аса қажет. 
Сондықтан  оқу  құралында  әл-Фарабидің  еңбектеріне  және 
жүргізілген  зерттеулерге  сүйене  отырып,  ұлы  ғалымның 
педагогикасын  қазіргі  педагогикамен  өзара  байланыста 
көпшілікке таныту міндеті қойылды. 
Ұсынылып отырған оқу құралында әл-Фарабидің өмірі 
туралы  қысқаша  мағлұмат  беріледі,    оның  тәлімдік  ой-
пікірлері 
бүгінгі 
күндегі 
педагогика 
ғылымының 
теорияларымен 
байланыста 
қарастырылып, 
ұрпақ 
тәрбиесіндегі маңыздылығы ашып көрсетіледі. 

Оқу  құралы  7  тақырыптан  тұрады.  Әрбір  тақырыпты 
терең  оқып-үйрену  ғұламаның  педагогикасын  жан-жақты 
меңгеруге мүмкіндік береді.  
Бірінші  тақырып  ғұламаның  шығу  тегі  туралы 
мағлұматтарды  қамтиды,  екінші  тақырып  әл-Фараби 
мұрасын 
зерттеу 
деңгейін 
айқындайды. 
Қалған 
тақырыптардың мазмұнын ұлы ұстаздың педагогикалық ой-
пікірлеріне  жасалынған  жан-жақты,  әрі  терең  талдау 
құрайды. 
Білімді  тексеру  оқу  материалын  меңгерудің  нәтижесін 
көрсетеді.  Осы  мақсатпен  тақырып  бойынша  ұсынылатын 
бақылау  сұрақтары  студенттердің  білімін  тексеруді 
көздейді. 
Оқу  құралының  соңында  берілген  тест  сұрақтары, 
реферат  тақырыптары  және  шығармашылық  тапсырмалар 
болашақ 
мамандардың 
дүниетанымдық 
ой-өрісін, 
шығармашылық 
белсенділігін 
және 
ғылыми 
ізденімпаздығын дамытуды көздейді. 
Қосымша  материалдар  әл-Фарабиді  әр  қырынан  тани 
отырып,  оның  мұрасын  оқып-үйренуге  қызығушылықты 
ояту мақсатында беріліп отыр.  
Сонымен 
бірге 
оқу 
құралында 
ғұламаның 
педагогикасын  өз  бетімен  терең  оқып-үйрену  үшін 
әдебиеттер тізімі ұсынылады. 
Оқу  құралы  тек  студенттерге  ғана  емес,  мектеп 
мұғалімдеріне  және  ғылым  тарихымен  әуестенуші  барша 
оқырманға да пайдалы болады деп сенеміз. 
 
 
 
 
 

Тақырып  1.  Ұлттың  ұлы  ұстазы  Әбу  Насыр  әл-
Фарабидің шығу тегі туралы 
 
Өз  заманында  Аристотельден  кейінгі  «Екінші  ұстаз» 
атанған  әлемге  әйгілі  ойшыл,  ғұлама  ғалым,  халқымызға 
білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы кемеңгері Әбу Насыр әл-
Фарабидің шығу тегіне тоқталайық. 
Ұлы ұстаздың толық есімі бүгінгі таңда оның өз Отаны-
Қазақстанда да әр түрлі жазылып келеді. Ең алғашқы Қазақ 
Кеңес  энциклопедиясында  ол:  «Әбу  Наср  әл-Фараби 
(Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани)» деген атпен 
берілсе  (1970,  2-том,  9-бет),  ал  сексенінші  жылдардың 
соңында 
жарық 
көрген 
«Қазақ 
ССР» 
қысқаша 
энциклопедиясында:  «Әл-Фараби,  Фараби,  Әбу  Наср 
Мұхаммед  ибн  Тархан  әл-Фараби»  деген  нұсқада  берілген 
(1988,  3-том,  109-бет).  Тәуелсіздік  жылдарында  басылған 
«Қазақстан»  энциклопедиясында:  «Әбу  Наср  әл-Фараби, 
Әбу  Наср  Мұхаммед  ибн  Тархан  ибн  Узлағ  әл-Фараби» 
делінген 
(1998, 
1-том, 
613-бет). 
Бір 
елдің 
үш 
энциклопедиясында  бабамыздың  толық  аты-жөні  үш  түрлі 
жазылған.  Сонымен  ұстаздың  көзі  тірісінде-ақ  әлем 
мойындаған толық есімі қандай болған?  
Дамаск  қаласының  Баб  ас-Сағир  қорымындағы  баба 
зиратында  араб  тілінде  алты  жолдан  тұратын  мынадай 
сөздер жазылған: Фатиха (1-ші жол) Бисмиллаһи ир-рахман 
(2-ші жол) һаза зарих аль-алим уа аль-файласуф уа аль-адаб 
уа  аль-мусиқи  аль-ислами  (3-ші  жол)  Мұхаммед  бин 
Мұхаммед  бин  Тархан  бин  Узлағ  (4-ші  жол)  аль-машһур 
Абу  Наср  аль-Фараби  (5-ші  жол)  улиғам  260  хижра  фи 
Фараб  уа туффари фи  Димашқ 329 хижра (6-шы жол).  Бұл 
сөздердің  аудармасы:  Фатиха  (Құран  кәрімнің  бірінші 
сүресі-1-ші  жол),  рахымды  Алла  атымен  бастаймын  (2-ші 

жол),  бұл  зират  мұсылман  ғалымы  және  философы  және 
әдебиетшісі  және  музыканты  (3-ші  жол),  Мұхаммед  бин 
Мұхаммед  бин  Тархан  бин  Узлағ  (4-ші  жол),  мәшһүр  Әбу 
Наср  Әл-Фараби  (5-ші  жол)  хижраның  260  жылы  Фарабта 
туды  және  хижраның  329  жылы  Дамаскіде  опат  болды  (6-
шы жол). 
Бұл  жазу  баба  зиратына  ол  қайтыс  болғаннан  кейін 
қойылған.  Арада  бірнеше  жүздеген  жылдар  өтіп,  жазу 
өшуге 
айналғанда 
оның 
бірде-бір 
сөзі, 
таңбасы 
өзгертілместен  ақ  мәрмәр  тақтаға  көшіріліп,  құлпытастың 
бас  жағына  орнатылған.  Зираттағы  жазудан  шығар 
қорытынды:  оның  шын  аты  –  Мұхаммед,  әкесінің  есімі  – 
Мұхаммед, атасының ныспысы – Тархан, бабасы Узлағ екен 
(бабамыз  есімінің  қазақша  қалыптасқан  айтылуы  мен 
жазылуы Әбу Насыр екені белгілі) [1. Б.4].  
Ұлы  бабамыздың  шыққан  тегі  оның  туған  жеріне  де 
байланысты.  Бұл  жөнінде  де  біздің  ғалымдарымыз 
зерттеулер  жүргізіп,  оның  қазақ  жерінің  топырағында 
туғанын  дәлелдеген.  Олардың  алғашқысы  -  қазақтың 
«қазақ»  атанып,  тарих  сахнасына  шығудан  600  жылдай 
бұрын  –  орта  ғасырдың  басында  туған  әл-Фарабиді  қазақ 
еткен  ғұлама  әл-Машани  Ақжан  Жақсыбекұлы  [2.  Б.5].  Ол 
ғұламаның  туған  жеріне  байланысты  былай  деп  жазады: 
«әл-Фарабидің  туған  жері  Сырдария  бойындағы  Фараб 
(Отырар)  екенін  дәлдеп  жазып,  картаға  түсірген  атақты 
ғалым-географ  ибн-Хаукал.  Ол  өзінің  «Китаб  Масалик  уа 
мамалик»  аталатын  географиялық  еңбегінде  Түркістан 
аймағының сипатын берген, қалаларын картаға түсірген. Ол 
Отырарды  жазғанда,  картаға  түсіргенде  әдейі  арнайы 
тоқтап:  «Бұл  жер  атақты  ғұлама,  асқан  философ  әл-
Фарабидің  туған  жері»,  -  деп  жазған.  Ибн-Хаукал  әл-
Фарабидің  шамалы  кіші  замандасы  және  екеуі  бірін-бірі 

жақсы  білген,  екеуі  де  Сирияның  сол  кездегі  атақты  әмірі 
Сайф-ад-даула  сарайында  қызмет  еткен  адамдар.  Ибн-
Хаукалдың  сол  кездегі  жасаған  картасы  біздің  қолымызда. 
Оны  қазіргі  картамен  салыстырғанда,  ғажайып  дәлдікті 
көреміз.  Демек,  әл-Фарабидің  туған  жері  туралы  ешбір 
күмән  болмаса  керек.  Мұны  дәлелдеп,  анықтап  көрсету 
себебіміз:  кейбір  адамдар  әл-Фарабидің  туған  жерін 
бұлдыратып,  оны  Қазақстаннан  алыстату  қарекетін  жасап, 
шатасатындары бар [3. Б.52]. Бұлай шатастыруға да өзіндік 
негіз  бар.  Себебі,  сол  дәуірде  Орта  Азияда  бір  емес,  екі 
Фараб  болған.  Ежелгі  Фарабтың  бірі  Әмударияның 
жағасында  орналасқан  екен.  Академик  В.В.Бартольдтің  «К 
истории орошения Туркестана»  атты еңбегінің Әмударияға 
арналған 
бөлімінде 
Макдиси, 
Балазури, 
Нершахи 
еңбектеріндегі  деректер  бойынша:  «в  середине  века  здесь 
были  город  Амуль  на  левой  стороне  реки  и  Феребр,  или 
Фараб, на правой. О Фарабе еще говорится, что в половодье 
расстояние  между  ним  и  рекой  уменшалось  до  ½  фарсаха, 
иногда  река  доходила  до  самого  города.  Фараб,  как 
известно,  сохранил  до  сих  пор  свое  средневековое 
название»,  -  деп  жазылған  [4.  Б.161-162].  Бұл  қала  қазіргі 
Түркіменстанның  Шарджоу  облысында,  В.В.Бартольд 
жазғандай, 
Әмудың 
оң 
жағалауында 
орналасқан, 
ортағасырлық  атын  күні  бүгінге  дейін  сақтап,  Фараб  деп 
аталады.  Ал  әл-Фарабидің  туған  жері  туралы  ол 
ортағасырлық  араб  тарихшылары  Ибн  Халликан,  Ибн 
Хаукаль,  Истархи,  Яқут,  т.б.  еңбектерін  талдай  отырып, 
былай деп жазады: «Фараб...округ...в среднем течении Сыр-
Дарьи,  по  обеим  ее  берегам,  там,  где  в  нее  справа  впадает 
Арыс.  ...Главный  город  (касаба)  назывался  Кедер  и 
лежал...восточнее  Сыр-Дарьи,  следовательно,  его  следует 
искать  западнее  руин  позднейшего  Отрара;  от  Сыр-Дарьи 

до  Отрара  нужно  было  проехать  2  фарсаха.  На  западном 
берегу  Сыр-Дарьи,  в  2  фарсахах  ниже  Кедера,  лежал 
Весидж,  согласно  Ибн  Хаукалью,  родиной  философа  Абу 
Насра аль-Фараби. Согласно Макдиси (273), главный город 
назывался  так  же  как  и  сам  округ.  Фараб...следует  считать 
новым  городом,  а  Кедер-старым;  даже  позднейший  Отрар 
постоянно отождествлялся с городом Фарабом. ...Ислам был 
принесен  в  Фараб,  очевидно,  лишь  в  саманидское  время, 
после  покорения  Асбиджаба  (или  Исфиджаба)  Нухом 
б.Асадом в 225/839-40 г.» [4. Б.525-526]. 
Сонымен  Фараб,  ең  алдымен,  округтың  аты  (нақтырақ 
болу  үшін  округ:  Мақдисиде  -  рустақ,  Яқутта  -  вилайа); 
екіншіден,  осы  аттас  округтің  басты  қаласы;  үшіншіден, 
Фараб өзіне дейінгі ескі қала Кедердің орнына салынған, ал 
Весидж  Кедердің  іргесіндегі  шағын  қалашық  болып 
табылады.  Сондықтан  ортағасырлық  араб  ғалымдарының 
әл-Фарабиді  бірде  Весидж  (дұрысы  -  Уасидж),  бірде  – 
Кедер,  бірде  –  Фараб,  ал  кейінірек  Отырарда  туған  деп 
жазуындағы  бәрінің  айтып  жүргені  мұсылман  дүниесінде 
Фараб  деген  атпен  танылған  өлкедегі  осы  аттас  қала  мен 
округ болып шығады [1.Б.4]. 
Отырар  (арабтар  оны  Фараб  деп  атаған)  –  орта  ғасыр 
заманындағы  –  Оңтүстік  Қазақстанның  ғана  емес,  бүкіл 
Орта  Азияның  мәдени,  ғылыми  және  саяси  ірі 
орталықтарының  бірі.  1956  жылы  Мәскеуде  жарық  көрген 
көп  томды  «Дүниежүзілік  тарихта»  біздің  заманымыздың 
ІІІ-ІV  ғасырларында  Отырар  өлкесі  мәдениетінің  жоғары 
болғаны айтылған. 
Отырар 
шаһары 
ежелден 
келе 
жатқан 
түркі 
халықтарының,  оның  ішінде  қаңлы,  үйсін,  қыпшақ,  т.б. 
тайпалардың мекені болған. М.Қашқари «Диуани Луғат ат-

түрік»  атты  еңбегінде  «Фараб  қаласының  түрікше  аты-
Қарашоқы» деген [5. Б.6.]. 
Ал енді ру жағына келгенде әл-Фарабидей ұлы адамды 
халық адамы деп тану керек. Оның кезіндегі рулар басқаша 
болған. Сондықтан оны ұсақ руға байланыстыру шатастыру 
болады.  Шындығында,  әл-Фараби  түркі  нәсілдес  тайпадан 
шыққан, туған жері Сыр бойы, Отырар десе болғаны, сонда 
ол өзінен өзі  қазақ болып жатыр. Кейде оның жалпы руын 
қыпшақ  деп  кетеді.  Бірақ  әл-Фараби  заманындағы  қыпшақ 
сол  кездегі,  онан  да  бұрынғы  түркі  нәсілді  халықтардың 
бәріне ортақ мемлекеттік, хандық ат, аңыздағы Өгіз ханның 
Қыпшағы деп білу керек [3. Б.59].  Осының дәлеліндей әл-
Фараби  есейген  шағында  Шам  шаһарында  жүргенде  мына 
өлең жолдарын жазған: 
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп
Шықтым, жұртым, шалғай ғылым атты шам іздеп... 
Айналайын атам Қыпшақ, туған жерім, сағындым, 
Өз атыңа, үрметіне қайда жүрсем табындым [6. Б.6]. 
Ұлы  бабамыздың  аты-жөні  мен  туған  жерін  анықтап 
алған  соң,  оның  туған  жылына  қатысты  мағлұматтарды  да 
беруді жөн көрдік. 
Ұлы  ұстаз  туралы  неміс,  ағылшын,  француз,  т.б. 
тілдердегі  батыс  авторлары,  орыс  ғылыми  әдебиеттері  мен 
энциклопедияларда оны 870 жылы туып, 950 жылы қайтыс 
болған 
деп 
жазады. 
Осы 
деректер 
Қазақ 
энциклопедияларының 
барлық 
басылымдарында 
да 
қайталанып,  көптеген  зерттеушілер  еңбегінде  де  осы  дата 
өзгеріссіз  беріліп  отырады.  Мұның  заң  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  2003  жылы  Дамаск  қаласындағы  баба 
зиратына барып қайтқан қоғам қайраткері М.Құл-Мұхаммед 
«жаңылыс есептен туған жаңсақ дерек» екенін айтады [35]. 
Оның  туындауына  төмендегідей  жағдай  себеп  болғанын 

атап көрсетеді: «Ортағасырлық араб зерттеушілері көбінесе 
әл-Фарабиді 80 жасқа келіп қайтыс болды деп жазады. Әл-
Фараби  зиратының  басындағы  жазуда  ол  хижраның  260 
жылында  туып,  339  жылдың  реджеб  айында,  яғни 
желтоқсанның  аяғы,  қаңтардың  басында,  басқаша  айтсақ, 
79-дан  асып,  80-ге  қараған  шағында  қайтыс  болғаны  анық 
көрсетілген.  ...Араб  авторлары  әл-Фарабидің  туған,  өлген 
жылдарын  хижра  бойынша  көрсеткен.  Біздің  қазіргі 
қолданып жүрген григориан күнтізбесі бойынша хижраның 
алғашқы  жылы  622  жылға  сәйкес  келеді,  нақтырақ  айтсақ, 
622 жылдың шілде айының 15-інен 16-сына қараған түнге.... 
Хижра бойынша әрбір 30 жылдың 11 жылы 355 күннен, ал 
19  жылы  354  күннен  тұрса,  григорианда  365-366  күннен 
тұрады.  Айырма  -11  күн.  Сол  себепті  мұсылмандық  жыл 
есебі  32-33  жылда  григорианнан  бір  жыл  қалып  отырады. 
Сондықтан  екі  күнтізбедегі  айырымды  төмендегідей 
формуламен анықтауға болады: 260-260:33-622=874,12. Осы 
есеп  бойынша  әл-Фараби  қазір  біз  қолданып  жүрген 
григориан күнтізбесі бойынша осы күнге дейін батыс және 
орыс  энциклопедиялары  жазып  жүргендей  870  жылы  емес 
(нақты  мысал  үшін:  «Оксфорд»  энциклопедиясы,  7-том, 
2002,  304-бет;  «Российский  энциклопедический  словарь», 
БРЭ, 2001, 2-том, с.1656), 874 жылдың басында туған болып 
шығады. Зират басындағы жазу бойынша ол хижраның 339 
жылы қайтыс болған. Жоғарыдағы формула бойынша: 339-
339:33+622=950,72.  Демек,  әл-Фараби,  григориан  бойынша 
950  жылдың  екінші  жартысында  77-ге  қараған  жасында 
қайтыс болған» [1. Б.4]. 
Қазіргі  таңда  педагогика  ғылымының  әдіснамасын 
жетілдіру  және  мазмұнын  байыту  үшін  ғасырлар  бойы 
ұрпақтан-ұрпаққа  жетіп,  өзінің  жалпыадамзаттық  және 
педагогикалық 
құндылығын 
жоғалтпаған 
рухани 

мұраларымызды 
пайдаланудың 
теориялық 
және 
практикалық мәні зор. Теориялық тұрғыдан алатын болсақ, 
жалпыадамзаттық  педагогикалық  құндылықтар  білім  беру 
мазмұнын  жаңа  сапаға  көтереді,  педагогика  ғылымының 
қайнар  көздерін  анықтайды,    тұжырымдамалық  негіздерін 
айқындайды. 
Практикалық 
тұрғыдан 
педагогика 
ғылымының  қолданбалы  қызметін  іске  асырып,  тұлғаның 
үйлесімді дамуын қамтамасыз етеді.   
Ұлттық  мәдениеттің  тарихи  аясының  кеңейіп,  қайта 
жаңғырып  өркендеуі,  халықтың  рухани  мұрасы  мен 
дәстүрлерін  бүгінгі  күннің  игілігіне  жарату  оның 
дүниежүзілік  өркениеттер  арасындағы  өзіндік  дербестігін 
айғақтайды.  Осы  көшпелі  өркениеттің  тіршілік  тынысына 
үлес  қосып,  биіктерге  көтеретін  болмыс  –  Адам.  Бұл 
жөнінде  түркітанушы  ғалым  А.Егеубаев  былайша  ой 
тұжырымдайды:  «Осыдан  он  ғасыр  бұрынғы  бабалар  сөзі 
көңілге  үйірілгенде,  көне  дәуір  ғұламаларының  ой-
толғамдары  ұшқын  атып  санаға  сіңгенде  Адам  баласының 
қарапайым,  ғажайып  даналығына,  құдыретті  мәңгілік 
қымбат  қасиеттеріне  үнсіз  мойынсұнасың.  Өмірдің  өзіндей 
мәңгілік даналық. Тарихтың көзі де, өзі де – адам. Дамудың 
лүп-лүп  соққан  ыстық  жүрегі  де  -  адам.  Адам  пендесінің 
құйттай  әжімді  алақанынан  нұр  шашып  жатқан  тас  дәуірі 
мен  атом  ғасырының  небір  кереметтері  тарих  атты  ұлы 
көштің құс жолындай жарқырайды» [7. Б.5]. 
Философиялық  тұрғыдан  адам  үшін  пайдалы  мәнге  ие 
болатындардың  барлығы,  яғни  адамзат  қоғамының  іргелі 
дамуы  мен  адамның  жеке  тұлғасын  жетілдіруге  тиімді 
ықпал ететіндердің барлығы құндылық болып табылады. 
Қазіргі 
кезде 
мыңжылдық 
тарихы 
бар, 
ұлы 
бабаларымыздың қолымен жазылып, бүгінгі ұрпаққа жеткен 
құнды дүниелер даналықтың, парасаттылықтың құндылығы 

ретінде 
жоғары 
бағаланып 
отыр. 
Олардың 
жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  мәнін  былай  ашып 
көрсетуге болады: 
-  біріншіден,  адамгершілік,  руханилық,  әсемдік, 
ақиқат,  ізгілік,  еркіндік,  рахымшылдық,  кешірімділік, 
тәуелсіздік сияқты жалпы құндылықтар жүйесі; 
-  екіншіден,  ұлттың  өз  мәдениетін  меңгере  отырып, 
әлемдік 
рухани 
ынтымақтастық 
рухта 
дүниежүзі 
мәдениетімен  байланысын  қамтамасыз  ететін  ұлттық 
құндылықтар жүйесі; 
-  үшіншіден,  тұлғаның  жан  дүниесін  байытатын  адами 
құндылықтар жүйесі. 
Мұның  өзі  ортағасырда  өмір  сүрген  ұлы  ғұлама  әл-
Фарабидің  еңбектерінің  жалпы,  ұлттық  және  адами 
құндылықтар  жүйесі  ретінде  жалпыадамзаттық  құндылық 
болып табылатындығын дәлелдейді. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1.
 
 Ұлы  бабамыз  әл-Фарабидің  әлем  мойындаған 
толық есімі қандай болған? 
2.
 
 әл-Фарабидің туған жері туралы не білесіз? 
3.
 
 әл-Фарабиді қазақ еткен ғалым кім? 
4.
 
 әл-Фарабидің 
Отаны  Отырар  қаласының 
тарихы туралы не білесіз? 
5.
 
 әл-Фарабидің зираты қай жерде орналасқан? 
6.
 
 әл-Фарабидің өмір сүрген жылдарын атаңыз. 
 
 
 
 
 

 
Тапсырмалар: 
 
1.
 
«әл-Фараби  Отаны  –  Отырар»  тақырыбына 
баяндама дайындаңыз. 
2.
 
http://www.peoples.r
  сайтынан  ұлы  бабамыздың 
өміріне қатысты материалдарды жинақтаңыз. 
3.
 
06.11.2007  жылы 
Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың 
Дамаскідегі 
Әл-Фараби 
тарихи-мәдени 
орталығының  іргетасын  қалау  рәсімі  туралы 
материалдар бойынша хабарлама дайындаңыз. 
4.
 
әл-Фарабидің  туған  жері  Отырар  қаласының 
тарихына байланысты фотоальбом дайындаңыз. 
 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
 
1.
 
Қазақтың  тәлімдік  ой-пікір  антологиясы:  І  том.  // 
Құраст.: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. – Алматы: Рауан, 1994. 
– 320 б. 
2.
 
Құл-Мұхаммед  М.  Ұлттың  ұлы  ұстазы.  –  Егемен 
Қазақстан. – 2003. – 12 желтоқсан.  – Б.3-4. 
3.
 
Абдраман Ш. Әл-Фараби және Әл-Машани // Әл-Фараби 
көпірі. – Алматы: Алатау, 2005. – 352 б. 
4.
 
Машанов  А.  Әл-Фараби  және  Абай.  –  Алматы: 
Қазақстан, 1994. – 192 б. 
5.
 
Бартольд В.В. Работы по исторической географии. – М., 
2002.  
6.
 
Көбесов  А.  Әл-Фарабидің  ашылмаған  әлемі.  –  Алматы: 
Санат, 2002. – 176 б. 
7.
 
Әдекенұлы  М.  Ұстаз  ұлағаты.  –  Орталық  Қазақстан.  – 
2006. – 4 сәуір. – Б.6. 

Тақырып 2.  Фарабитану мәселелері 
 
Жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  ұлттың  ұлы 
ұстазы  әл-Фарабидің  өмірі  мен  ғылыми  мұрасы  бүгінде 
әлемнің  алуан  тілде  жазатын  аса  ірі  ойшылдар  еңбегімен 
толығып,  «Фарабитану»  атты  тұтас  бір  ғылым  саласына 
айналды.  Фарабитануды  құрайтын  мол  мұраны  шартты 
түрде бес топқа жіктеуге болады. 
Бірінші 
топқа 
ортағасырлық 
араб, 
парсы 
оқымыстыларының жазбалары кіреді. Олардың бастауында 
ХІІ  ғасырда  өмір  сүрген  араб  тарихшысы  Абдул  Хасан  әл-
Байхақидің «Даналық сөздерге толықтырма», Ибн Саид әл-
Қифтидің  «Ғұламалар  мен  ойшылдар  туралы  ақпарлар», 
Ибн  Аби  Усайбиғаның  «Тәуіптер  біліктілігі  туралы 
мағлұматтар  қайнары»,  Ибн  Халликанның  «Белгілі 
адамдардың  опат  болуы  мен  замана  перзенттері  туралы 
мағлұматтар» атты еңбектері тұрады. 
Екінші топқа ХІХ-ХХ ғасырдағы Египет, Сирия, Ливан, 
Иран  және  Ауғаныстан  ғалымдарының  еңбектері  жатады. 
Олардың  ішінде  Ш.Сами,  Ю.Кумер,  Д.Салиб,  О.Амин,  әл-
Фақұр,  әл-Жарр,  А.әл-Ихвани,  И.Мадқұр,  К.Раджаби, 
Табризи, З.Сафа, М.Мехрдада, О.Фаррух, т.б. бар. 
Фарабитанудағы  үшінші  топты  батыс  авторлары 
құрайды.  Бұл  саладағы  ұстаз  мұрасына  ықылас  ХV 
ғасырдан 
басталады. 
Оларды 
А.Шмельдерс, 
М.Штейншнейдер,  Ф.Дитерици,  О.Шпенглер  еңбектері 
құрайды.  Сонымен  бірге  ХІХ-ХХ  ғасырлардағы  батыс 
ғалымдары  ішінде  неміс  М.Хортен,  Ф.Кирхнер,  голланд  де 
Буур,  француздар  И.Форгет,  С.Дугат,  Л.Гухтер,  М.Мунк, 
Э.Ренан,  И.Финнеген,  итальяндар  А.Нагу,  К.Наллино, 
Г.Куадри,  А.Кортабарин,  испандықтар  А.Г.Паленсия, 
М.Алонсо, 
американдық 
Г.Сартон, 
Р.Хаммонд, 

Д.М.Дунлоп,  Г.Фармер,  Н.Решер,  т.б.  ғалымдар  еңбектерін 
ерекше атап өтуге болады.   
Фарабитанудағы  төртінші  үлкен  топты  патша  және 
кеңес  заманындағы  орыс  шығыстанушылары  құрайды. 
Олардың ішінде В.В.Бартольд, В.В.Розен, М.Е.Оболенский, 
М.М.Филлипов,  Е.Э.Бертельс,  С.Н.Григорян,  А.В.Сагдеев 
және тәжіктің көрнекті ғалымы Б.Ғафуровтар бар.  
Фарабитану  ғылымының  бесінші  тобына  түркі  тілдес 
халықтар  ғалымдарының  еңбектерін  жатқызуға  болады. 
Өткен  ғасырдың  ортасында  бұл  іске  түрік  оқымыстылары 
белсене  атсалысты.  Олардың  ішінде  А.Атеш,  К.Бурслан, 
Н.Кеклик,  С.Ануар,  Х.Үлкендер  бар.  Әсіресе,  Ахмед 
Атештің  «Фараби  шығармаларының  библиографиясы» 
(1951),  Зия  Үлкеннің  «Ислам  философиясының  тарихы» 
(1957), Нихат Кекликтің «Мантық тарихы» (1969) еңбектері 
-  түрік  фарабитануының  көш  басында  тұрған  дүниелер. 
Профессор  А.Атештің  библиографиясында  әл-Фарабидің 
160  трактатының  аты  аталып,  олардың  қашан,  қай  жерде 
жарық  көргені  немесе  қайда  сақталғаны  жөнінде  толық 
мағлұматтар келтірілген. 
Өткен  ғасырдың  60-70  жылдарында  Қазақстан 
фарабитанудың  әлемдегі  ең  ірі  орталықтарының  біріне 
айналды.  Қазақ  фарабитанушыларының  көш  басында 
академик  А.Машанов  пен  педагог-ғалым  А.Көбесов 
тұрғанын  ерекше  атап  өткен  жөн.  Сонымен  бірге  өткен 
ғасырдың  соңғы  ширегінде  А.Қасымжанов,  М.Бурабаев, 
Ә.Дербісалиев, 
Қ.Жарықбаев, 
Г.Шаймұхамбетова, 
С.Сатыбековалардың 
еңбектері 
қазақстандық 
фарабитанудың көкжиегін кеңейте түсті. 
Фарабитану 
ғылымына 
өзбек 
ғалымдары 
М.Хайруллаев,  О.Матякубов,  тәжік  ғалымы  А.Джахид,  т.б. 
өзіндік үлестерін қосты [1. Б.3]. 

әл-Фараби 
мұрасының 
педагогика 
ғылымында 
жалпыадамзаттық  құндылық  ретінде  мәні  орасан  зор. 
Себебі,  ғұламаның  еңбектері  педагогика  ғылымының 
қайнар  көзі  бола  отырып,  оның  философиядан  бөлініп 
шығуы  мен  ғылыми  жүйеге  енуіне  негіз  болып  табылады. 
әл-Фарабиді  ірі  педагог-ғалым  ретінде  неміс  педагогы 
К.Шмидт өзінің көптомдық «Педагогика тарихы» еңбегінде 
атап  өткен  [8].  Ғұламаның  педагогикалық  көзқарастары 
туралы  кеңестік  педагогика  тарихында  ең  алғаш  рет 
А.Саади  «Шығыстың  педагогикалық  ой-пікірлері»  атты 
баяндамасында 
мәлімдеме 
жасады 
[9]. 
Ол 
тезис 
формасында әл-Фарабидің тәрбиеге байланысты айтқан ой-
пікірлеріне 
қорытындылар 
жасайды, 
оның 
ұрпақ 
тәрбиесіндегі  маңыздылығын  атап  көрсетеді,  бірақ 
ғұламаның  педагогикалық  көзқарастарын  оның  нақты  ой-
пікірлері  арқылы  мазмұндық  тұрғыдан  ашып  көрсетпейді. 
Сонымен  бірге  әл-Фарабидің  педагогикалық  ой-пікірлері 
туралы Қ.Б.Жарықбаевтың [10;11], Х.Х.Тллашевтің [12;13], 
М.М.Хайруллаевтың 
[14] 
жекеленген 
еңбектерінде 
қарастырылып,  ғұламаның  адам  мәселесі  мен  оның 
тәрбиесі,  тәрбиенің  мақсаты  мен  құралдары,  ғылыми  білім 
алу  әдістері,  оқушы  мен  мұғалім  арасындағы  қатынастар 
және  т.б.  айтқан  идеяларына  шолу  жасалынады,  олардың 
әлеуметтік  міндеттерді  шешудегі  және  ұрпақ  тәрбиесіндегі 
құндылығына баса назар аударылады. 
Қазақстандық 
көрнекті 
ғалым 
А.Көбесов 
«әл-
Фарабидің педагогикалық  мұрасы»  тақырыбына орындаған 
докторлық 
диссертациясында 
[15] 
ғұламаның 
педагогикалық  көзқарастарын  ғылыми  тұрғыдан  анықтап, 
педагогика  ғылымының  қалыптасу  тарихына  тың  серпін 
берді. Ол зерттеу аумағында жүзден астам еңбектер жазып, 
ғұламаның  белгілі  еңбектері  мен  оның  ғылыми-

философиялық  мұрасы  бойынша  жарияланған  басылымдар 
негізінде ұлы ойшылдың атақты педагог, әдіснамашы және 
әдіскер  ретіндегі  бейнесін  жасап  берді.  А.Көбесовтың   
«Педагогическое  наследие  аль-Фараби»  [16]  «әл-Фараби» 
[17], 
«Математическое  наследие  аль-Фараби»  [18], 
«Астрономия  в  трудах  аль-Фараби»  [19],  «Сөнбес 
жұлдыздар» [20], «әл-Фарабидің ашылмаған әлемі» [21], т.б 
еңбектерінде  әл-Фарабидің  Шығыс  Ренессансы  дәуірінде 
философия, ғылым және ағарту ісінің алғашқыларының бірі 
болып,  ортағасырлық  таяу  және  орта  Шығыста  педагогика 
мен  ғылыми  білімнің  философиялық  негізін  қалағанын, 
оның  өзінің  алдындағы,  әсіресе  Платон  мен  Аристотельдің 
педагогикалық  мұраларын  шығармашылықпен  дамыту 
арқылы  өзіне  тән  тәрбие  мен  білім  беру  туралы  ілімді 
жасағанын  анықтайды,  әл-Фарабидің  дидактикаға  қосқан 
ерекше  үлесін  бөліп  көрсетеді,  оның  ғылымдар  жіктемесін 
ұсынғанын,  олардың  мазмұнын  анықтағанын  ғылыми 
тұрғыдан  тұжырымдайды,  «Музыканың  ұлы  кітабы»  атты 
еңбегінің  оқу-педагогикалық  шығарма  екендігін  дәлелдей 
отырып,  дидактикалық  құндылығын  ашып  көрсетеді, 
ғұламаның математика, астрономия, әдіснама және әдістеме 
ғылымының қалыптасуына қосқан үлесін айқындайды және 
өзінен  кейінгі  таяу  және  орта  шығыста,  Европада 
педагогикалық  ойлардың  дамуына  тигізген  ықпалына 
ғылыми негіздеме береді. әл-Фарабиді  ұлы педагог ретінде 
анықтап,  педагогика  ғылымының  әдіснамасын  дамыту 
бойынша  зерттеу  жүргізіген  көрнекті  ғалым  А.Көбесовтың 
еңбегі  орасан  зор,  ешқашан  құндылығын  жоғалтпайтын 
рухани  мұра  болып  табылады.  Дегенмен,  бүгінгі  таңда  әл-
Фарабидің  педагогикалық  идеялары  әрқырынан  терең 
қарастырылып  отырған  шақта  оның  педагогиканың  ғылым 
ретінде  қалыптасуының  бастау-бұлағы,  қайнар  көзі 

екендігін ашып көрсету қажеттілігі артып отыр. Сондықтан 
қазіргі кезде педагогиканың арнайы зерттеу пәні бар ғылым 
ретінде  қалыптасуы  әл-Фараби  есімімен  байланысты 
екендігін  дәлелді  түрде  негіздеу,  Фараби  еңбектерінің 
педагогика 
ғылымының 
әдіснамасын 
жасаудағы 
практикалық  мәнін  ашып  көрсету,  ұрпақ  тәрбиесі  туралы 
тұжырымдамалық  идеяларының  негіздерін  айқындау, 
әлемдік  педагогикамен  үндестігі  мен  сабақтастығын 
анықтау,  бүгінгі  таңдағы  педагогика  теориясы  мен 
практикасында  алатын  орнын  бөліп  көрсету,  оларды  білім 
беру  жүйесінде  қолдану  бойынша  нақты  ғылыми-
әдістемелік  ұсыныстар  жасау  заман  талабынан  туындайды. 
Ұлттық 
педагогиканың 
адамзаттық 
өркениет 
құбылыстарымен  терең  байланыстылығы,  ол  үрдісті  өз 
мәнінде зерделеу егеменді еліміздің жалпыадамзаттық даму 
жолындағы  үлесін  айқындап,  рухани  өсудің  болашақ 
белестерін  саралап  көрсетеді.  әл-Фарабидің  педагогикалық 
мұрасы  сонау  көне  заманнан  бүгінгі  күнге  дейін  жеткен 
рухани  даму  үрдісінің  үздіксіз  желісін  үзбей  келе  жатқан 
педагогика  ғылымындағы  жалпыадамзаттық  құндылық 
ретінде әрқашан биіктерде тұратынын анық. 
 


  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал