Рефарат тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесі» Жоспар



жүктеу 18.55 Kb.
Дата08.11.2022
өлшемі18.55 Kb.
#23556
00,00

РЕФАРАТ
Тақырыбы: «Орталық жүйке жүйесі»

Жоспар

1.Кіріспе


1.1 Орталық жүйке жүйесі
2. Негізгі бөлім
2.1 Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
2.2 Сомалық және вегетативті жүйе
2.3 Жүйке орталығы
2.4 Физиологиялық тыныштық
2.5Физиологиялық белсенділік
3.Қортынды

1. Орталық жүйке жүйесі (systema nervosum centrale) – адам мен жануарлардың жүйке клеткалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі.Орталық жүйке жүйесі омыртқасыз жануарларда бір-бірімен тізбектеле орналасқан жүйке түйіндерінен (ганглийлерден)

Омыртқалы жануарларда жұлын мен мидан тұрады. Тірі организмді құрайтын түрлі органдар жүйелерінің қызметтерін үйлестіріп, реттеп отырады.Осы қызметтерді Орталық жүйке жүйесі жұлын жүйкелері (31 жұп) мен ми жүйкелері (12 жұп) арқылы атқарады. Бұл жүйкелер омыртқааралық және вегетативтік жүйке түйіндерімен бірге шеткі жүйке жүйесін құрады. Әр түрлі рецепторлардан тітіркену процесінде пайда болатын жүйке импульстары орталыққа тепкіш (афферентік) жүйке талшықтары арқылы орталық жүйке жүйесіне келеді. Бұл жерде импульс мәліметтері өңделіп, орталық жүйке жүйесінің орындаушы бөлімдері – орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйке талшықтары арқылы “бұйрықты” тиісті орнына жеткізеді. Нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің ең негізгі қызметі – рефлекстің жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

2.Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы – Орталық жүйке жүйесінің өз ішіндегі, сондай-ақ, оны организмнің барлық органдары және тіндерімен байланыстыратын өткізгіш жолдардың пайда болуына әкеледі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық (анималдық) және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.


2.2Сомалық жүйке жүйесі сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдайды және қаңқа бұлшық еттерінің қызметін басқарады, ол организмнің қимыл-қозғалысын, сыртқы ортада бір жерден екінші жерге жылжуын қамтамасыз етеді. Орталық ми қыртысында орналасқан – айқын шектелген шекарасы жоқ, ядро және шашыраған бөліктерден тұрады. Ми қыртысынан шыққан импульстер ми сабауы мен жұлындағы қозғалтқыш ядролар арқылы бұлшық еттерді қозғалысқа келтіреді.Вегетативтік жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің орта ми көпірінде, ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөздік бунағында; симпатикалық бөлігінің орталық жұлынның VІІІ мойындық, І – XІІ кеуделік, І – ІІ белдік бунағында орналасқан. Аталған екі бөліктің де қызметін біріктіріп басқаратын жоғ. вегетативтік орталық – мидың сұр затының құрамында болады. Адам мен жануарлардың ми сыңарларының қыртысы және қыртыс асты (базальді) ядролары Орталық жүйке жүйесінің жоғары дәрежелі жүйке қызметін іске асыратын орталығы болып табылады. Адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көріністері осы ми қыртысындағы шартты рефлекстер арқылы іске асады.
2.3Жүйке орталығы деп - бірыңғай қызмет атқаратын орталық жүйке жүйесінін белгілі бір жерінде топталған нейрондар жиынтығын айтады. Әрбір рефлекстің жүйке жүйесінде өз орталығы болады.

Орталық жүйке жүйесі көптеген жүйке орталықтарынан, орталықтар үркерлерінен тұрады. Орталық жүйке жүйесінде қозу тек түйіспелер арқылы тарайды. Сондықтан қозудың өткізу еректішеліктері түйіспелердің физиологиялық қасиеттеріне байланысты. Қозу әр түйіспеде 0,2-0,5 ме кідіріп, жүйке орталынғынан баяу өтеді.Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рефлекс (ferlescsus -латын сөзі –тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817 ж.). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин.


Рене Декарт Прохаска И.М. Сеченов И.П. Павлов П.К. Анохин.
2.4 Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді.
2.5 Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасуы артады, бірнеше мүшелер, жүйелер қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жұрек-қан тамырлар, тыныс, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, клеткаларды тітіркендіреді.

Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін тітіркену деп айтады.



3.Қортынды
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты
метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша
мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында
бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол
жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33
сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12
кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір
бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын
нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және
орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа
жотасынан
қысқалау
болғандықтан
аталған
бөлімдер
омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын
өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяққолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келгенде жүйке жүйесі адам денесіндегі барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін басқарып,оның әр –түрлі өзгерістерге бейімделуіне,тіршіліктің қалыпты жүруін қамтамасыз ететін аса маңызды жүйе болып табылады.
жүктеу 18.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет