Редактордың бағанасын толтыру



жүктеу 389.44 Kb.

бет5/5
Дата22.02.2017
өлшемі389.44 Kb.
1   2   3   4   5

Sony Tablet Z

Мобильді құрылғылар өндірісіне жауап беретін жапондық 

компанияның Sony Mobile бөлімшесі CES 2013-те көрсетілген 

шаң мен ылғалдан қорғалған Sony Xperia Z смартфонының 

ізінше  Барселонадағы көрмеде   Sony Tablet Z планшетін 

ұсынды, олардың сыртқы түрі мен техникалық сипаттама-

лары да ұқсас болып келеді. Бұл жаңа өнім әлемдік нарықта  

Android 4.1.2 Jelly Bean негізінде алғашқы болып ұсынылған 

және қорғаныс деңгейі өте жоғары  планшеттердің бірі 

болып табылады. Планшетке  IP57 халықаралық сертифика-

ты берілген (шаң мен ластанудан қорғалған), осы қасиетінің 

арқасында сіз жарты сағат бойы Tablet Z-мен бірге бір метр 

тереңдікте бола аласыз! Өте жұқа — қалыңдығы небәрі 6,9 

мм — Tablet Z-ң дисплейі өте айқын және шолу бұрыштары 

өте жақсы өңделген,  жаңадан патенттелген  Sony Mobile 

BRAVIA Engine 2 технологиясын пайдалана отырып жасалған, 

диагоналі 10,1 дюйм және Full HD-кеңейтілуі 1920

×1200 


нүкте. Планшеттің салмағы небәрі 495 грамм. Планшеттің 

жылдамдық қасиетіне де қам жемеуге болады, флагмандық 

смартфон сияқты Tablet Z да Qualcomm-нан төрт ядролық 

жиілігі 1,5ГГц процессорымен,  Adreno 320 видеопроцес-



32

сорымен,  16 Гб ішке орнатылған және  2 Гб  жедел жады-

сымен мақтана алады, көлемі 64 Гб-ға дейінгі  MicroSD-

картаға арналған слоты та бар.  Барлық қарым-қатынас 

құралдарымен қатар (LTE, Bluetooth 4.0, Wi-Fi, MHL-мен 

microUSB, NFC, GLONASS-пен A-GPS) Sony планшетінен сіз 

өте қуатты стереодинамиктер мен 6000 мАч аккумуляторын 

таба аласыз, бұл компанияның растауы бойынша 10 сағаттық 

мультимедиа-контентке жетуі тиіс. Қазақстанға Sony Tablet Z 

жаз басында келуі тиіс. 



nokia lumia 720

Nokia компаниясы  көрмеде бірден 4 жаңа құрылғысын 

ұсынды: 2 қарапайым телефон (Nokia 105, Nokia 301) және 

Windows Phone 8 базасындағы қымбат тұрмайтын 2 смартфон 

— Lumia 720 және Lumia 520. Бірақ көрмеге қатысушылардың 

басым бөлігінің пікірі мен онлайн-сұрақ-жауап алу нәтижесі 

бойынша ұсынылған үлгілердің «ескісі» Lumia 720 барынша 

қызығушылық тудырды. Жұртшылық дәл осы үлгіге жәйдан 

жәй қызығушылық таныта қойған жоқ. Жарқ етіп пайда 

болған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін Nokia Lumia 720 

өзінің бағалық сегментінде ең үздік түсіру мүмкіндіктеріне ие 

болып табылады.  Өзіңіз сынап көріңіз: артқы бетіне финдік 

өңдеушілер f/1.9 бірегей аппаратурасымен қоса 6,7 Мп сен-

сорды орнатқан, бұл күндіз де, түнде де жақсы түсірілген сапа-

сы жоғары суреттерді алуға мүмкіндік береді. Смартфонның 

маңдайалды бөлігіне сенсоры 1,3 Мп-ні құрайтын 

инновациялық кең бұрышты маңдайалды  HD-камерасына 

арналған көзшені орнатқан, бұл көзше арқылы  бейнеқоңырау 

кезінде әңгімелесіп отырған адамның бетін ғана көріп қоймай 

оның айналасын да көре аласыз. Дәстүрлі Here навигациялық 

сервистермен және  Nokia Music сервисіндегі мыңдаған 

тегін тректерімен қатар NFC, сымсыз зарядтау    опциясы-

мен  айқын түсті ауыспалы панельдер, дисплейді саусақты 

қолғаппен басқару мүмкіндігі, керемет  Glam Me, Smartshoot, 

Creative Studio және Cinemagraph  қосымшалары тағы бар. Бұл  

құны 250 евро тұратын смартфон үшін өте кемел жиынтық 

екендігімен келісерсіз. Өзге техникалық сипаттамалары 

жағынан Lumia 720 пайдаланушылар да кенде қалмайды: 

жиілігі 1ГГц екі ядролық Qualcomm процессоры, GPU Adreno 

305, ішке орнатылған 8 Гб және  512 Мб жедел желі орташа 

баға санатындағы смартфондарға қойылатын талаптарға ба-

рынша  сәйкес келеді.  Lumia жаңа смартфонын осы жылдың 

екінші тоқсанында сатып алуға болады.  

Galaxy note 8.0

Samsung компаниясы MWC 2013 көрмесінде келешегі зор бір 

ғана өнімінің тұсаукесерімен  шектелуді шешті, бұл — Galaxy 

Note 8.0 планшеті, ол пайдаланушылар кеңінен қажет ететін 

Note желісі мен Galaxy S смартфондары интерфейсінің функ-

циялары мен элементтерін қамтиды. Samsung-ң сегіз дюймдік 

жаңалығы сырт қарағанда  Galaxy Note II-ң ұлғайтылған 

көлемін және Galaxy Note 10.1 планшетінің кішірейтілген 

көшірмесін елестетеді.   Бұл жерде сізге жаңа басқару функ-

циялары бар   S Pen стилусы да,  TouchWiz интерфейсінің ең 

соңғы нұсқасы да және Android 4.1.2 Jelly Bean де ұсынылады. 

Техникалық жағынан Samsung-ң жаңа құрылғысы әдеттегідей 

өзінің қуаттылығымен таң қалдырады:  жылтыр пластиктен 

жасалған қаңқасының ішінде жиілігі  1,6ГГц   төрт ядролық 

Samsung Exynos 4 процессоры, 2 ГБ жедел жады, 16 неме-

се 32 Гб ішке орнатылған жады және Wi-Fi, DLNA, төртінші 

буындағы Bluetooth сияқты түрлі байланыс арналары  және 

планшетті үй техникасын басқару тетігі ретінде пайдалануға 

мүмкіндік беретін инфра қызыл порт та жасырынып жатыр. 

Бағдарламалық жағынан  әрине қолмен енгізу мүмкіндігі, 

Smart Stay функциялары,  мультитерезелік интерфейс, 

Air View, Popup Play, AllShare Play және т.б. мүмкіндіктері 

толығымен қамтылған.  Модификациялардың бірі саналатын 

Note 8.0  ұялы байланыс модулімен жабдықталады, яғни 

қажет болған жағдайда планшеттен телефон да соғуға бола-

ды.  Бірақ бұл үшін  гарнитураны пайдалаған ыңғайлы болады 

деп ойлаймын. Galaxy Note 8.0-ң нарықтағы табысы күмән 

тудырмайды: планшеттің көптеген миллиондық тиражбен 

тарап кетері сөзсіз. Мені бір ғана сұрақ мазалайды: осындай 

техникалық ғажайып қазақстандық нарықта қандай бағамен 

ұсынылады екен. Біз бұны  өте жақын арада-жазда-ақ білетін 

боламыз.  

MWC 2013-ң табысы телекоммуникация нарығының 

қаншалықты жылдам өсетіндігінің, ал осы көрмеге 

қатысушылар шығаратын өнімдердің халық арасында 

қаншалықты қажет екендігінің және әлі ұзақ уақыт бойы 

сұранысқа ие болатындығының дәлелдемесі болды.  Сондай-

ақ көрме «смартфон құрылысы» мен телекоммуникация 

саласындағы ағымдағы және алдағы уақытта көзделген 

үдерістерді көрсетті: LTE, шаң мен ылғалдан жетілдірілген 

қорғаныс, сымсыз зарядтау құрылғылары және NFC — биыл 

шығарылған көптеген құрылғылардың ішінде көре алатын 

технологиялардың бірі. Солардың кейбіреуі туралы сіз VOX.

com беттерінен біле аласыз. ●



34

SMS адамдарды Лондонға 

қалай жібереді

Сәкен нығмашев



Kcell және Британдық кеңес 

ұйымдастырған «Күн cөз орамы» 

байқауы аяқталды. Биыл оның 

жеңімпазы болып астаналық 

Айжан Ошақбаева атанды, ол 

Лондонда ұмытылмас екі аптасын 

өткізеді. Британдық кеңес 

ағылшын тілін білу байқауын 

екінші жыл өткізуде. Оған 

қатысушылар саны жыл санап 

артып келеді. Осы жылы ол 

Business English жаңа деңгейін 

жетілдіру мақсатында 

өткізілді



Ағылшын тілін үйренуге

 

арналған SMS-қызметі Kcell мен Activ 



абоненттеріне үш жылдан бері қол 

жетімді болып табылады. Мұнда бірнеше 

деңгей бар - easy, medium, hard. Биылғы 

жазылушыларға оның көмегімен іскерлік 

ағылшын тілін үйрену және оған қосымша 

Ұлыбританиядағы тілдер курсына қатысу мүмкіндігін 



А

МаРКет

35

ұтып алу ұсынылды. Байқауға қатысу үшін «Күн сөз 

орамы» қызметіне жазылып, 1515 нөміріне Business 

сөзімен SMS жіберіп, содан кейін ағылшын тіліндегі өз сөз 

орамыңызды ұсыну керек.

Байқау барынша танымал болып табылады. Kcell-дің 

мәліметтері бойынша биыл байқауға 314 адам қатысты, 

оның ішінде ең белсенділері 300-ден 500-ге дейін SMS 

жіберген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірінші 

кезекте сөйлемдер санына көңіл бөлінді, бірақ, тек 

грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс 

сөйлемдер ғана есепке алынды. Осылайша, ең көп SMS 

пен дұрыс сөйлем жіберген 5 адам таңдалды. Ал Айжан 

Ошақбаева жеңімпаз атанды.

VOX.com Айжанмен хабарласып, оның жеңіске қалай 

жеткендігі туралы білді. 



— Айжан, өзіңіз туралы аздап айтып өтсеңіз.

— Менің жасым 19-да, студентпін. Тілдерді үйренгенді 

(дәлірек айтқанда, ағылшын, қытай және испан 

тілдерін

), кітап оқығанды, әлем елдерінің мәдениетімен 

танысқанды, йогамен шұғылданғанды, сонымен қатар 

музыкалық аспаптарда (домбырада, гитарада және 



соқпалы аспаптарда

) ойнағанды ұнатамын. 

Мен «Күн сөз орамы» қызметі туралы және 

тікелей байқау туралы British Council-дың Facebook 

әлеуметтік желісіндегі ресми беттен оқыдым. Байқау 

жарияланған сәттен бастап-ақ мен оған қатысамын 

деген шешім қабылдадым, себебі, байқаудың негізгі 

тақырыбы — іскерлік ағылшын тілі — маған өте жақын 

еді. Байқау процесінде мен ірі компаниялар мен фирма 

бөлімшелерінің негізгі функциялары, ұйымдастыру 

құрылымдары жайында өте көп білдім. Ал енді мен «бұқа» 

нарығын «аю» нарығынан сенімді ажырата аламын. 

Жалпы, менің сөздік қорым банктік іс, маркетинг, қаржы 

және инвестиция тақырыптарына қатысты айтарлықтай 

жақсарды.

Байқау аяқталғаннан кейін он күн өткен соң маған 

Алматыдағы Британдық кеңестің кеңсесінен қоңырау 

шалып, дәл менің жеңімпаз болғаным жайында хабарла-

ды! Әрине, мен шексіз бақыттымын — себебі, менің ал-

дымда Ұлыбританиядағы оқу күтіп тұр! Мен өз жеңісіме 

сенімді болдым ба? Сенімді болмаған шығармын, бірақ 

мен өз біліміме сенімді болдым және жеңісті ғана 

көздедім! 

— Ағылшын тілін осындай өзгеше әдіспен — SMS 

арқылы үйрену қаншалықты ыңғайлы?

— «Күн сөз орамы» - бұл шындығында ағылшын 

тілін үйренуге, тіпті, IELTS халықаралық емтиханына 

дайындалуға арналған үздік қор болып табылады. Сіз 

өзіңізге сай деңгейді таңдай аласыз: бастапқы, орта және 

ауыр. Жазылушы күнделікті мәтінді хабарлама арқылы 

жаңа сөз немесе сөйлем алып тұрады, ал аптаның 

соңында сұраққа жауап беріп және дұрыс сөз қойып, 

өз біліміңіздің қаншалықты ілгерілегенін тексеруге 

мүмкіндігіңіз бар. Қызмет шынында да өте ыңғайлы, 

икемделуі оңай және әлбетте, тіл үйренуде тиімді.

— Сіз Лондонда өзіңіз баратын жерлерді таңдап, 

нақты бағдар белгілеп қойдыңыз ба?

— Шекспир, Шерлок Холмс және ливерпульдік төртеудің 

еліне бару мүмкіндігінің өзі мені шабыттандырады! Мен 

қазірдің өзінде қаланың көркем жерлері мен барғым 

келетін жерлердің жоспарлы бағдарын жасап қойдым. 

Олар Тауэр көпірі, Трафальгар алаңы, Биг-Бен, Пикадил-

ли алаңы, атақты Лондонның Көзі. Тілді тереңдетіп оқуға 

расында да бірегей мүмкіндік ұсынғаны үшін Британдық 

кеңеске және Kcell компаниясына үлкен алғысымды 

білдіргім келеді. Ал барлық болашақ қатысушыларға 

тілегім келетіні: барынша күш салыңыздар және 

ағылшын тілін үйренудегі білімдеріңізді жетілдіріңіздер. 

Өздеріңізге сенімді болсаңыздар бәрі де болады! ●

Байқаудың өткізілуі кезінде қызметке 2639 адам жазылды

ақпан айында «Күн сөз орамы» қызметіне жазылушылардың

жалпы саны 14 282 адамды құрады.

Бұл қызметте 1 SMS жіберу бағасы 7 теңгені құрайды.

н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]



36

ФотоЖ аРиялаМа

н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]

37

«Маған жеңіске жетуге мүмкіндік 

  

беріңдер, ал егер жете алмасам, жетуге



    тырысқандардың арасында ең батылы болмақпын» 

Спешиал олимпикс — зияткерлік мүмкіндіктері шектелген 

балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық жаттығулар 

мен жарыстардың әлемдегі ең үлкен бағдарламасы

қазақстанда Спешиал 

Олимпикс 1991 жылы 

құрылған.  Қазақстандағы 

Спешиал Олимпикстің 

бас директоры әрі осы 

қозғалыстың негізін 

қалаушы болып Ольга 

Бахарева табылады.  

1992 жылы аталмыш 

қозғалыс ҚР Әділет 

министрлігінде тіркеліп, 

Спешиал Олимпикс Инк-те 

аккредитацияланған.   

Сакен нигмашев



38

зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі балалар мен 

жасөспірімдер 18 жазғы және қысқы Олимпиадалық 

спорт түрлері бойынша жергілікті және облыстық 

деңгейдегі жаттығулар  мен жарыстарға  қатысады. 



Жыл сайын республикалық турнирлер мен Арнайы 

Олимпиадалар өткізіліп отырады.   1991 жылдан бастап 

СпешиалОлимпикс Қазақстанда Бүкіләлемдік Арнайы 

Олимпиада ойындарына қатысып келеді.   



Спешиал олимпикс кәсіби спортшыларды дайындап, әлімдік 

рекодттарқа қол жеткізуді көздемейді. Бүгінгі таңда жабық меке-

мелерге күш салып, қаражат жұмсағаннан гөрі ерекше балаларды 

тәрбиелеп жатқан отбасыларына қолдау көрсету керектігін дәлелдей 

білу әлдеқайда маңызды. Бұндай балаларға өздерін Қазақстанның 

толыққанды азаматтары ретінде сезінуге мүмкіндік беру үшін спорттық 

алаңдарға шығып, спортпен шұғылдануға жол ашу керек.  


н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]

39

Kcell компаниясы  аталмыш қозғалысты негізі қаланған 

сәттен бастап қолдап келеді. Осы кезең ішінде еліміздің 

барлық қалаларында оның филиалдары ашылып, 

бағдарламаға 16 мыңнан астам адам қатыстырылды. Өткен 

2012 жылы   Kcell компаниясы Астанада өткен Қазақстанның 

Ашық қысқы Арнайы олимпиадасына қолдау көрсетті. 2013 

жылғы сәуір-мамыр айларында компанияның қолдауымен 

Алматы қаласында мини футболдан турнир өтеді.  

Бүгінгі таңда 3,5 миллионнан астам арнайы спорт-

шылар әлемнің 170 елінде жаттығып, өз бағын 



сынап жарысып жүр.   


1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал