Редактордың бағанасын толтыру



жүктеу 389.44 Kb.

бет4/5
Дата22.02.2017
өлшемі389.44 Kb.
1   2   3   4   5

Шолу

24


25

Өз тәжірибеме сүйене 

отырып, ақшаның көзге көрінбейтін 

күнделікті шығынға қаншалықты көп кететінін сенімді айта 

аламын: жұмыстағы түскі астар, қалада жүріп-тұру және ұялы 

байланыс шығыны тағы бар. Осындай шығындарға кезекті 

рет қанша ақша жұмсайтыныңды кейде өзің де білмейсің, ал 

егер отбасыңның қаржылық қамына жауап беретін болсаң, 

бұндай шығынды бақылау бірнеше есе күрделене түседі. 

Жақын уақыттан бері Kcell компаниясы өз клиенттеріне арнап 

енгізген «Автотөлем» қызметінің көмегімен осы мәселелердің 

бірін жеңілдетудің орайы түсті.

Өзіңе, өз отбасың мен достарыңа, әріптестеріңе арналған 

осы қызметті жеке тұлғаның атына ресімделген Activ, Kcell, 

Vegalineс нөмірін пайдаланатын және Visa, Mastercard, 

AmericanExpress банктік төлем картасы бар (карточка 

Интернеттегі төлемдер үшін ашылуы тиіс

) әрбір абонент қоса 

алады. Оның көмегімен өзіңізге ыңғайлы болатын мобильді ба-

лансты толықтыру әдісін де теңшеуге болады, бұл үшін небәрі: 

ұялы телефон мен карточка нөмірін, есепке алынуға тиісті 

соманы бір жолы ғана енгізу керек. 

Жаңа қызметтің артықшылықтары телегей теңіз, бірақ 

солардың ішінен менің ойымша ең маңызды болып табыла-

тын кейбіреуін ғана атап өтемін. Баланс белгіленген сомаға 

дейін төмендеген кезде кесте бойынша және USSD-сұрату 

бойынша бірден үш толықтыру нұсқасын таңдау мүмкіндігі 

осы қызметтің бірінші және ең маңызды артықшылығы болып 

табылады. 

Бұл іс жүзінде қалай көрінеді:

Баланс төмендеген кезде толықтыру 

Шоттағы баланс белгіленген ең төменгі мөлшерге, яғни 100 

теңгеге жеткен сайын сіз жүйеге қосқан карточкалардың 

бірінен мобильді шотқа автоматты түрде сіз белгілеген сома 

түсіп отырады. 

Кесте бойынша толықтыру

Осы толықтыру нұсқасын таңдаған кезде жүйе сіз белгілеген 

соманы сіз таңдаған карточкадан ұялы телефон нөміріне 

минутқа дейінгі дәлділікпен алдын ала белгіленген уақытта 

аударып отырады. Бұл ретте кестеге балансты ай сайын, апта 

сайын және тіпті күн сайын (ең әңгімешіл адамдар үшін) да 

толықтырып отыру уақытын белгілеуге болады. 

USSD бойынша толықтыру

Балансқа қаражат толықтырудың жоғарыда сипатталған екі 

әдісімен қатар USSD-командасының *911*2*2# көмегімен де 

қаражат «тастауға» болады. Бұл үшін осы сұратуды жолдайтын 

кезде есепке алынуға тиісті сома мен нөмірді ғана таңдау керек. 

Өзге қызметтердің қатарынан осы қызметті айрықша 

бөліп жарып көрсететін оның екінші артықшылығы — барлық 

теңшеулер жүргізілетін интерфейстің ыңғайлылығы. Оған қол 

жеткізу my.kcell.kz, my.activ.kz жеке кабинеттері арқылы жүзеге 

асырылады, өз нөмірі мен паролін пайдалана отырып, Activ, 

Kcell, Vegaline-ң барлық абоненттері осы кабинеттерге кіре 

алады. Бұл жерде барлығы барынша түсінікті әрі қарапайым 

және пайдаланушыға ыңғайлы болу үшін енгізілген теңшеулер 

санының көптігіне қарамастан теориялық тұрғыда қателесіп 

өзге батырманы басу мүмкін емес. Осылайша, кейіннен тиісті 

қаражаттың қай карточкадан және қайда кеткені туралы 

төлемдер тарихында барлығы түсінікті болсын десеңіз, әрбір 

карточка үшін, әрбір нөмірді толықтыру нұсқасын таңдау 

үшін оңай есте қалатын атау беруге болады. Әрбір толықтыру 

нұсқасында пайдаланушыға толықтыруға арналған дайын 

сомалар ұсынылады (500, 1000, 2000, 5000 теңге және т.б.), со-

нымен қатар өз төлем мөлшеріңізді де енгізуге болады. 

Автотөлем функциясының (USSD-сұратуларын 

қоспағанда

) роуминг режімінде де мүлдем тегін жұмыс істеуі 

осы қызметті пайдалануға итермелейтін тағы бір жағымды 

жәйт. Сондықтан тіпті іссапарда жүріп те жақындарыңыздың 

балансы таусылып қалмасына сенімді бола аласыз. 

«Автотөлем» жақында ғана енгізілген, бірақ осы қызметті 

пайдалана бастаған таныстарым ол туралы жақсы пікірде. Мен 

де олармен толығымен келісемін. Пайдалану ыңғайлылығын 

физикалық шамамен бағалау қиын, бірақ қаржылық және 

моральдық жағына сөз жетпейді. Сізге де осы қызметті пайдала-

нып көріп, жеке тәжірибеңіз арқылы көз жеткізуді ұсынамын. ●

«автотөлем» жақында ғана 

енгізілген, бірақ осы қызметті 

пайдалана бастаған таныстарым 

ол туралы жақсы пікірде

Ө

н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]



26

М

анатолий


Побияхо:

мен үшін беделді

адамдар әрдайым 

жанымда болды



Біз қазақстанның жетекші бизнесмендерімен 

бірге коммуникацияның заманауи іскерлік 

өмірдегі маңызы жөніндегі талқылауды 

жалғастырудамыз. Еуропадан 

электр жабдықтарын, жиһаз бен 

сантехниканы экспорттайтын,  

қазақстандықтардың сүйікті Line 

Brew сырасын өндіретін компания 

және аттас мейрамханалар желісі 

кіретін Line Group холдингі барлық 

нәрсеге қатысты перфекционизмді 

қолдайды. Бұл осы бірлестіктің 

басшысы — Қазақстанның ең жолы 

болғыш және менменшіл бизнесмені 

Анатолий Побияхомен кездескен кезде 

айрықша байқалады. Анатолий VOX.com-ға 

арналған сұхбатында өзінің өмірдегі біріншілік 

ұстанымдары, саясатқа деген көзқарасы және 

бизнестегі сыйластықтың орны туралы айтып 

берді


— Мен кез келген

 бизнестің адамдар арасындағы қарым-

қатынасқа негізделіп құрылатындығын ерте түсіндім, — деп 

әңгімеледі Анатолий Побияхо. — Ал, алғашқы маңызды тіл 

табысу шеберлігін мен мектептен кейін, 16 жасымда әскери 

училищеге түскен кезде меңгердім. Әрине, мен мектепте 

оқыған кезде-ақ айтарлықтай тәуелсіз едім. Бірақ, осы ерлер 

ұжымына түскен кез менің болашақ жолымның негізгі шығу 

нүктесі болды  деп есептеуге әбден болады. Мен тәрбие беруде 

ортаның үлкен рөл атқаратындығына сенімдімін және бұны 



Сұ хБат

м а р т   —   м а й   /   № 1  [2 5 ]

27

казармада жартысы менен үлкен елу шақты жігіттің арасын-



да ата-ананың қолдауынсыз қалған кезде алғаш рет сезіндім. 

Дәл сол жерде мен көптеген өмірлік кедергілерге соқтығысып,  

бірінші кезекте түрлі адамдармен тіл табыса білуді үйрендім. 

Байланыс — істің негізгі құраушысы. Білім де емес, ептілік те 

емес, тіпті сәттілік те емес. Дегенмен, сәттілікті кейде білімнен 

де жоғары қоюға болады — оны бақылау мүмкін емес, бірақ 

ұстап қалуға және мүмкіндікті пайдалануға болады...

— Сіз өзіңіздің іскерлік өміріңіз үшін беделді бо-

лып табылатын адамдарды қайдан іздедіңіз?

— Менің беделді деп есептеген адамдарым 

әрдайым жанымда болды. Мен ешқашан 

кітаптардан жол іздеген емеспін. Мен еліктеген адамдар әр 

кезеңде әр түрлі болатын. Ол адамдар өте табысты болғанына 

және айтуға тұрарлық іс-әрекеттеріне қарамастан, сырт 

көзге тым сыпайы. Әңгіме табыстың сыртқы көрсеткіштері 

— кемелер немесе ұшақтар жайында емес, ішкі жігері мен 

өктемділігінде. Әсіресе, ер адамның аз сөйлеп, көп істегені 

мен үшін жағымды қасиет болып табылады. Мен бизнесмен 

үшін де, кез келген басқа мамандықтағы ер адам үшін де 

осы қасиеттерді аса маңызды деп танимын. Адам өз беделін 

үстемдікпен емес, сыйластықпен құрған кезде ғана беделге ие 

болады. Мұны айтарлықтай үлкен жетістікке жете тұра, сені 

өзінің теңіндей көретін адамдармен араласқан кезде айрықша 

сезінесің.  Міне осындай сыйластықтың негізінде нағыз билік 

құрылады.

— Билік демекші, Раушан Илемесова атты 

оқырманымыздан сұрақ. Оны қызықтыратыны: сіз неге 

осы уақытқа дейін саясатпен айналыспай жүрсіз?

— Маған өмірімде бірінші рет осы сұрақты қойып отыр. Менің 

осы уақытқа дейін саясатпен айналыспауымның басты себебі, 

маған қазір айналысып жатқан ісіммен шұғылданған ұнайды. 

Саясат — менің салам емес, менің одан хабарым жоқ және ол 

мені қызықтырмайды да. Одан бөлек, мен үшін қолмен ұстап 

көре алатын өнім шығару маңызды. Әркімнің өмірінде ең 

маңызды қызығушылығы болады, менікі осындай. Егер біреу 

бизнестен саясатқа өтіп, одан ләззат алатын  болса, неге олай 

етпеске. Бірақ мен одан рахат алмаймын. Сонымен қатар, үлкен 

билік — бұл жеке бас еркіндігіне үлкен шектеу қояды, ал мен 

ондайға бара алмаймын,  менің өзімшілдігім өте зор.



— Сіздің алғашқы іскерлік келіссөз жүргізген кезіңіз 

есіңізде ме?

— Менің Еуропада өткен алғашқы келіссөзім ерекше есте қалды, 

онда біз шырақтарға қатысты келісім-шарт жасаған едік. Бұл 

1992 жыл немесе 1993 жыл болатын, мен 21 жасқа толғанмын. 

Алғашында мені жас бала секілді қабылдайтын, бірақ кейін 

сөзіме құлақ сала бастады — соңы келісім-шартпен аяқталды. 

Бұл менің тіл табысу шеберлігін дұрыс меңгеруімнің бірінші 

жетістігі болатын.



— Сіздің байланыс құралдарыңыз технологиялармен 

қаншалықты тығыз байланысқан?

— Мен ұялы телефонды жиі және көп қолданамын және осымен 

іс жүзінде технологиялар  аяқталады. Мен күніне ұялы теле-

фонмен 5—7 сағаттан аса сөйлесемін — ол маған қалалық 

телефонды толықтай алмастырады. Kcell-дің бұрынғы клиенті 

ретінде менде ерекше тиімді тариф болғаны қандай жақсы – 

егер қателеспесем, шығыс қоңыраулары лимитсіз. Айтпақшы, 

мен шетелде ұялы байланысты пайдаланбаймын – мұндай 

саяхаттарда мен жеке кездесулерге барынша көңіл бөлемін, 

ал қонақүйге келгенде байланыстарды қонақүйдегі Wi-Fi 

қызметімен шектеймін.

— Сіз ұялы телефонсыз өмір сүре алар ма едіңіз?

— Шынымда айтсам, ұялы телефонсыз өзімді елестете ал-

маймын — ол барлық жұмыс процесін тежейді. Ал егер 

барлығының телефоны бірден жоқ болып кетсе, әңгіме басқа 

— ондай болса (күлімдеді), әрине, жағдай басқаша болар еді, мен 

де одан шығудың қандай да бір жолын табар едім.



— Рахмет сізге, іске сәт! 

Сонымен қ

атар,

 үлкен билік 

— бұл ж

еке бас еркіндігіне 



үлкен шекте

у қояды, ал мен 

ондайға бара алмаймын,  менің 

өзімшілдігім өте зор



28

Ұ

Рейтинг

адам бейімделгіш болды. 

Біздің өмір сүру қарқынымыз 

әлдеқайда жылдамдады. 

Өйткені мың жылдықтар бойы 

қалыптасып келген адамдар 

арасындағы қарым-қатынас 

қағидаты ұялы байланыстың 

арқасында өзгерді. Бұл тарихи  

өзгерістерге кім және не әсер 

етті? Біз осы сұраққа жауап 

бере отырып, сіз бен біздің 

өміріміздің эволюциялық 

өзгерістерін революциялыққа 

айналдырған, аса маңызды 

және пайдалы ұялы байланыс 

саласындағы өнертабыстардың 

топ-10-ғын жасадық

ұялы телефон

Біздің рейтингіміздің көшбасшысы, әрине, ұялы телефон. 

www.bigmir.net порталы қызықты статистика жариялады. Top 

Computer Science Degrees-тің зерттеу мәліметтері бойынша 

қазір жер бетінде 6 млрд-қа жуық ұялы телефон бар. Егер 

олардың барлығының салмағын қосып есептесе, онда 4400 

көк киттің салмағына немесе 11 миллиард жұмыртқаның 

салмағына тең болады. Айтпақшы, бір телефонның 

құрамында 3% жуық алтын болады, сонда 6 млрд телефон 

26 мың тонна алтынды құрайды, ал долларға есептегенде, 

тиісінше — 1,1 триллионды құрайды. Ал егер Жердегі барлық 

телефондарды қосса, оның биіктігі 55 мың километрді құрап, 

ғарышқа жетуі әбден мүмкін. 

Бүгінгі таңда ұялы телефон барлығында бар деуге 

болады. Ericsson компаниясының зерттеу мәліметтері 

бойынша ұялы байланыстың жаппай енуі 2012 жылдың 

пайдалы өнертабыстардың 

 топ ондығы

ұялы байланыс: 

Сәкен нығмашев



м а р т   —   м а й   /   № 1  [2 5 ]

29

3-ші тоқсанында 91% құрады, бұл 6,4 



млрд жазылымға тең. Әрине, егер бір 

адамның бірнеше сим-картаны пай-

далана алатындығын ескерсек, нақты 

саны — 4,2 миллиардқа жуық. Осы 

жылы ұялы телефонның 40 жылдық 

мерейтойы. 1973 жылдың сәуір айында 

Motorola компаниясының бас инженері 

Мартин Купер алғашқы ұялы телефон-

нан қоңырау соғып, адамзаттың сымның 

көмегінсіз тез байланысу туралы арма-

нын іске асырды. Алайда, ұялы телефон 

өндірісі коммерциялық негізге тек 1983 

жылы ғана қойылды.

GSMстандарты

GSM (Global System for Mobile 

Communications) стандарты ұялы 

байланыстың сандық стандарты болып 

табылады. GSM желісіндегі ең алғашқы 

қоңырауды 1991 жылы Финляндияның 

премьер-министрі Гарри Холкери соқты. 

Айтпақшы, 1992 жылы дәл Финлян-

дияда алғашқы коммерциялық GSM 

желісі іске қосылды. Алайда, 5 жылдан 

кейін ғана, 1996 жылдан бастап ұялы 

телефондардың жаппай өндірісі және 

ұялы байланыстың GSM-желілерін 

әлемдік өрістету басталды. Қазақстанға 

бұл стандарт 14 жыл бұрын — 1999 

жылы келді. Өте қымбат аналогты 

операторды алмастырған GSM-

операторларының пайда болуымен 

ұялы байланыс бірден қол жетімді 

болғандығын біз жақсы білеміз.

Қазір GSM стандарты әлемдегі ең 

кең тараған ұялы байланыс стандарты 

болып табылады. Тіпті біздің елде де үш 

GSM операторға бір ғана CDMA опера-

тордан келеді. Қазіргі кезде Қазақстанда 

30 млн-ға жуық ұялы байланыс пайда-

ланушысы бар, оның 20 млн-нан астамы 

GSM пайдаланады.



Жоғары сыйымдылықты

аккумуляторлар

Америкадағы Невада шөлінде Сильвер 

Пик деген жер бар. Сол жерде ішінде 

қуатты электр заряды бар кішкентай 

батареялардың заманауи өндірісінің 

негізгі элементі — литий шығарылады. 

Литий-ең сирек кездесетін, белсенділігі 

жоғары металдардың бірі. Сонымен 

қатар ол Жердегі ең жеңіл металл болып 

табылады — тіпті суға да батпайды. 

Мобильді құрылғыларға келген кезде, 

салмақ — негізгі сипаты болып табылады. 

Батареясы жеңілдеген сайын, құрылғы 

да жеңілдей береді. Дәл осы литийдің 

арқасында жаңа технологиялардың шека-

расы кеңейді. Себебі, литийден жасалған 

аккумуляторлар қуаттандырусыз 12 

сағаттан ұзақ жұмыс істей алады.



SMS-хабарландырулар

Vodafon қызмет көрсету 

компаниясының қарапайым инженері 

Нейл Пэпуорс өзінің әріптестерін Рож-

дество мейрамымен құттықтамақшы 

болады, осылайша ең алғашқы қысқа 

мәтіндік хабарлама 1992 жылдың 

желтоқсан айында жіберіледі. 

Бұл қызмет тез дами бастады. 

Сөйлесулерде үнемдеуге тырысатын жа-

стар арасында ерекше танымал болған 

қысқа хабарламалар жіберуге ыңғайлы 

қызметті олар қуана-қуана меңгеріп 

алды. Одан бөлек, SMS-хабарламалар 

жастар үшін өзін өзі таныту тәсілдерінің 

бірі болды. Қазір де SMS бұрынғыдай 

ең қажетті қосымша қызметтердің 

бірі болып табылады. Kcell және Activ 

абоненттері күнделікті 5 млн-нан астам 

хабарлама жібереді. Айтпақшы, Kcell 

қысқа хабарламалар жіберу қызметінің 

түрлендірілген бірнеше нұсқасын 

ұсынады. «Сөйлейтін» SMS — жіберуші 

GSM 

желісіндегі ең алғашқы 

қоңырауды 1991 жылы 

Финляндияның премьер-министрі 

гарри холкери соқты


30

хабарламаны айтып тұрады, ал ол 

кейін алушыға 30-секундтық ролик 

түрінде жіберіледі.«Дауыстық» SMS — 

нөмірі терілген абонент мұндай ха-

барлама алған кезде мәтін автоматты 

бағдарламамен оқылады. 

GPrS

Қаланың кез келген нүктесінде (және 

оның шетінде) өздерінің смартфонда-

рында үнемі бірдеңені шұқылап, ұялы 

телефонның экранынан көз алмай-

тын адамдар — өздеріне мобильді 

Интернеттің барлық мүмкіндіктерін 

ашқан адамдар. Қазақстанда GPRS-

ті алғаш рет 2003 жылы КИТЕЛ 

көрмесінде Kcell операторы көрсетті. 

Көз алдыңызға елестетіп көріңіз: қазіргі 

кездегі үйреншікті нәрселер — саябақта 

отырып планшетпен достарыңа хабар-

ласу, «Инстаграмға» жаңа суреттер қосу 

— небәрі 10 жыл бұрын фантастикалық 

болашақ туралы фильмнің бір көрінісі 

секілді болатын! Әрине, ол кездегі 

жылдамдық та фантастикаға еш 

ұқсамайтын еді, небәрі 50—60 Кб/с. 

Ал қазіргі кезде GPRS үлкен қадам 

басты: алғашында EDGE-де 350Кб/с 

максимальды жылдамдықпен, кейін 

3G-де — мұнда соңғы нұсқаларында 

максимальды жылдамдық 40 Мб/с-

қа жетеді және соңғы нұсқасы — бұл 

жылдамдығы 100 Мб/с-қа жететін LTE. 

Соңғысы Қазақстанда әзірге тек Астана 

мен Алматы қалаларында қол жетімді 

және тек модем түрінде ғана. Интернет-

ке телефоннан кіретін және әрдайым 

қозғалыста болатын пайдаланушы 

ретінде бұл мені аса қызықтырмайды. 

Тек «твиттеріммен» алмасу үшін ғана 

өзіңмен бірге лэптоп алып жүруді 

ыңғайлы және экономикалық жағынан 

орынды деуге бола ма? Әрине, бізде LTE-

телефондар пайда болған кезде бәрі 

өзгереді. Бірақ, ол қашан болады?



Bluetooth

Әр түрлі электронды құрылғыларды 

бір-бірімен байланыстыру идеясы 

әрқашан да қызықтыратын. Bluetooth 

— бұл ұялы телефондарды және оларға 

арналған аксессуарларды сымсыз 

байланыстыру технологиясы. Алғашқы 

10 метрлік қашықтық енді 100 метрге 

дейін кеңейтіліп, ал мәліметтерді тарату 

жылдамдығы Bluetooth стандартында 

3 Мб/с-қа жетеді. Бұл басты мәселені 

орындауға әбден жеткілікті, себебі, 

бұл технология толыққанды сымсыз 

желілер жасау үшін емес, портативті 

құрылғыларды — телефондарды, 

ноутбуктерті, КПК, гарнитурларды, сым-

сыз жүгіртпелерді және пернетақта мен 

басқа да аксессуарларды байланыстыру 

үшін жасалған.

Камерофондар

Енгізілген камерасы бар ұялы теле-

фон идеясы тіпті таң қалдырады. Бұл 

қызының туылғаны туралы жаңалықпен 

барлығымен бөліскісі келген әкенің 

идеясы. Ол осы күнмен әрекеттесудің 

мүлдем жаңа тәсілін таңдап, осылай-

ша тарихи құжаттаманың процесін 

өзгертті. Біздің нақ осы уақытта және 

кез келген жерде телефонға енгізілген 

камераны қолдана алуымыздың өзі 

біздің әлемімізге барынша әсер етіп, 

өмірімізді жарқын, әсерлі де қызықты 

етеді.


Сенсорлы экран

Бір ақылды адам айтып өткендей, 

адам саусақтары өлшемінің 

бірталай ғасырлар өтсе де өзгермеуі 

телефондардың дизайнындағы басты 

нәрсе болып табылады. Фрэнк Бэк және 

Бен Штумпе деген инженерлер өздері 

тачскрин деп атаған құрылғымен жұмыс 

істей бастады. Бұл жанасқан кезде 

саусақтағы электр зарядына әсер ететін 

көп міндетті басқару панелі. Қазір олар 

бүкіл әлемде тұрмыстық қолданысқа 

ие. Кішкене сымдар экранның артқы 

жағына қосылып, сенсорлы панель 

жасайды. Міне, дәл осы технология за-

манауи смартфондарда пайдаланылады.



Машинаның машинамен сөйлесуі

М2М (Machine to Machine) — 

машиналарға бір-бірімен ақпарат 

алмасуға немесе оны бір жақты 

тәртіппен таратуға мүмкіндік беретін 

технология осылай аталады. Бұл 

мониторинг құрылғыларының жүйесі 

немесе құрылғылардың қандай да 

бір көрсеткіштері (температура, 

қорлардың деңгейі, орналасқан жері 

және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, 

банкоматтар немесе төлем терминал-

дары автоматты түрде GSM-желілер 

бойынша ішіндегі ақшасының немесе 

чек парақтарының таусылғандығы 

туралы немесе керісінше ақша тым көп 

болып, инкассаторлардың келуін талап 

ететіндігі туралы ақпарат тарата алады. 

GSM-дабыл нақ осы уақыт тәртібінде 

машинаның жағдайы туралы хабарлай 

алады. М2М қорғаныс және қауіпсіздік 

жүйелерінде, денсаулық сақтау

өндірістік телеметрлік жүйелерде 

белсенді түрде пайдаланылады. Бұл 

технологияның болашағы зор — көз 

алдыңызға елестетіп көріңіз: кез 

келген үйдегі тұрмыстық құрылғы 

GSM-картамен жабдықталып, ұялы 

байланыстың көмегімен сізбен 

байланыса алады. Мұндай ақылды 

үйлердің прототиптері қазір де бар. 

Қазақстандағы сандық үзілісті ескерсек, 

олар алдағы 10 жылдың ішінде пайда 

болуы мүмкін. 

Біздің рейтингіміздің онын-

шы орнын ашық қалдырамыз 

— себебі, сіздер, біздің құрметті 

оқырмандарымыз, сол орынға кімнің 

лайықты екенін анықтауларыңызды 

қалаймыз. Осыған қатысты өз 

ойларыңызды pressa@kcell.kz ме-

кен-жайына жіберіңіздер, біз ұялы 

байланыс саласындағы абоненттер 

үшін ең маңызды және пайдалы 

өнертабыстардың оқырмандар 

рейтингін міндетті түрде жариялай-

мыз.

Тағы бір нәрсе қалды ма? XIX 



ғасырдың соңы мен XX ғасырдың 

басындағы ғалымдар осы 

технологияның кереметтерін елесте-

те алар ма еді? Мүмкін, жоқ, себебі, 

жақында ғана осының көбі тіпті кәсіби 

фантаст-жазушылардың да ойына 

кірмес еді. Ғалымдар бізге болашақта 

қандай таңқаларлық тосын сыйлар 

дайындап жатқанын дәл біле алмай-

мыз. Бірақ, мен бір нәрсені білемін: 

ақпараттар сыммен емес ауамен тара-

тылатын әлемдегі өмірден біз ешқайда 

кете алмаймыз. ●


н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]

31

Б

Барселонадағы MWC: 

«смартфон құрылысындағы» үдеріс

Иван 

Глущенко


Ірі халықаралық Mobile World congress (MWC) IT-көрмесі жылдан жылға танымал болып, 

құшағын кең жайып келеді. Биыл  өз өнімін паш еткісі келетіндер мен әлемнің түпкір түпкірінен 

көрмеге келушілерді сыйдыру мақсатында ұйымдастырушылар 94 мың шаршы метр ауданды 

алып жатқан жаңа ғимаратқа көшуге мәжбүр болды. Ұйымдастырушылардың мәлімдеуі 

бойынша 25 және 28 ақпан аралығында  Барселонадағы MWC көрмесінде әлемнің 200 елінен 

шамамен 72 000 адам болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда  8%-ға көп және  WMC-ға 

келушілер саны жағынан жаңа рекорд

МаРКет

Бүкіләлемдік  мобильдік конгреске келушілердің арасы-

нан көптеген журналистермен және блогерлермен қатар  

ірі телекоммуникациялық компаниялардың басшыларын, 

мобильді операторларды, бағдарламалық жасақтамаларды 

әзірлеушілерді, интернет компаниялар мен үкіметтік мекеме  

өкілдерін де кездестіруге болатын еді.  4300-ден астам компа-

ния басшылары, оның ішінде   Dropbox, Foursquare, Ericsson, 

Mozilla Foundation, Nokia, Ubuntu, Kcell және көптеген өзге 

компаниялардың топ-менеджменті бірнеше күн қатарынан  

жаңа өнімдердің барынша қызықты тұсаукесерлері мен  

телекоммуникация нарығына қатысты өзекті мәселелер мен 

сұрақтарды қозғайтын талқылауларға қатысты.  Бұл матери-

алда мен сіздерді  өткен көрмеде ұсынылған және жақын 

болашақта қазақстандық нарықта пайда болатын меніңше ең 

қызықты үш жаңа өніммен таныстырғым келеді. 



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал