Редактордың бағанасын толтыру



жүктеу 389.44 Kb.

бет2/5
Дата22.02.2017
өлшемі389.44 Kb.
1   2   3   4   5

т ұлға

2

Оксан 


Цой

Азат


 муртазин

2013 


жылы 

14 


наурызда 

шыққан 


«Курсив» 

газетінде 

жарияланды


н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]

11

— «МегаФон» және Kсell IPO-сының нәтижесінде компания 



өзінің борышкерлік ұстанымын жақсартып алды. Ресей мен 

қазақстандық компаниялардың IPO нәтижелері TeliaSonera-

ның қаржылық көрсеткіштеріне қалай әсер еткенін 

түсіндіруіңізді өтінемін.

— IPO-дан кейін компанияның борыштық деңгейі ықтимал 

нормасының шегінде тұр: 1,5-нан 2-ге дейін. IPO-ға дейін қарыз 

деңгейі 2 белгісінде еді.



— Дауыс пен деректер жіберуге бағалық қысым 

көрсетудің нәтижесінде бір абоненттің орташа кірісін 

төмендету жазылушылардың 24 пайызға көбеюімен және 

пайдаланылған минуттар санының 14 пайызға өсуімен 

өтелген болатын. Осы екі позицияның өсуі ақшалай түсімнің 

төмендеуін қаншалықты өтей алды?

— Жалпы алғанда түсім 2%-ға көтерілді, яғни баға қысымының 

нәтижесінде пайда болған ARPU бойынша шығынның орнын жа-

зылушылар санының көбеюі толығымен өтеді деп айта аламыз. 

Сонымен бірге біз байқаған трафикті пайдалану өсімі — біздің 

болашағымыздың көрінісі екенін ескеру қажет. 



— Бұл мүмкіндіктер қаншалықты салмақты? 

— Мобильдік трафикті пайдаланудың өсуі шын мәнінде өте 

маңызды, ол 80%-ды құрайды. Біз қазір ешқандай болжам бере 

алмаймыз, дегенмен трафик болашақта өсіп, деректер беру-

ден түсетін кіріс «дауыс» түсімінің төмендеуін өтейтіндігіне 

сенімдіміз.



— Компанияның қаржылық ұстанымы болашақта үлкен 

дәрежеде нарықтың хал-ахуалына, я болмаса реттеушінің 

іс-әрекетіне тәуелді бола ма? Осы екі фактор 2012 жылы 

Kcell-дің қаржылық көрсеткіштеріне қалай әсерін тигізді? 

— Бұл күрделі сұрақ. Жалпы алғанда бұл — екі фактордың 

жиынтығы. Реттеушінің іс-әрекетіне қатысты сұрақтарға 

келсек, ең алдымен техникалық сұрақтарды және интеркон-

нект сұрақтарын ескерген жөн. Бірақ бәсекелестер тарапынан 

көрсетілетін бағалық қысым өте мықты әсерге ие.



— Интерконнектке байланысты қандай да бір қадамдар 

жасауға әрекет етесіздер ме? 

— Өз басым бір нәрсеге қамданам деп айта алмаймын, қанша 

дегенмен бұл компанияның жергілікті менеджментінің 

құзырындағы мәселе ғой. Менің білетінім, бұл сұрақтар бойын-

ша жергілікті менеджмент белгілі бір қадамдар жасауда және 

мен оларға сенім артамын.



— Қазақстанда LTE жүйесі бар, ал Ксell-дің де өз лицензи-

ясын алуына TeliaSonera ат салыса ма? Сіздің ойыңызша, 

Қазақстанның нарығы LTE-ге қаншалықты даяр?

— Ксell-дің осы лицензияны алуына барлық мүмкіндік жасауға 

тырысып бағамын. Ол бізге ауадай қажет және де осы сұрақ 

тұрғысында TeliaSonera компанияға толығымен қолдау 

көрсетеді. 

— Осы бағытта Сіз өзіңіз қандай іс-әрекет жасай аласыз?

— Менің жасайтын қадамдарым — LTE-нің технологиялары тек 

қана пайдаланушылар мен Kсell компаниясына ғана емес, бүкіл 

мемлекетке, тіпті оның экономикасына да тиімді екендігін 

түсіндіре отырып, үкіметпен сөйлесу болып табылады. Техноло-

гия іске қосылған нарықтардың қалайша дамып жатқанын біз 

бақылап отырмыз және нәтижесін көріп отырмыз.

— Құрылғылардың барлығы толық қолдамайтындықтан 

және пайдаланушылар толығымен даяр болмағандықтан 

осы технология даулы деген көзқарас қалыптасқа

н.

— Ол кездері электрондық құралдар өте аз болғанымен, 



TeliaSonera-ның LTE технологиясын 2010 жылы іске қосу та-

бысты аяқталған. Сол уақытта тек қана USB-модемдері болса, 

қазіргі таңда біз телефондар мен планшеттік компьютерлердің 

саны күн сайын артып келе жатқанына көз жеткізіп отыр-

мыз. LTE технологиясымен танысқан адамдардың ескі 

технологияларға кері қайтуды қаламайтынын мен нақты айта 

аламын.

— Қазақстанда LTE технологиясын толыққанды өрістетудің 

ертеңі қандай?

— Нақты мерзімін тап басып айту қиын, дегенмен өз тәжірибеме 

сүйеніп айтар болсам, ол көп уақытқа созылмайды, өйткені 

жүйені өрістету, жаңа мұнаралар салу және жаңа базалық бекет-

тер қою қажет емес.

— TeliaSonera-ның инвестициялық көлемі қандай болмақ?

— Қазақстан туралы нақты айта алмаймын, бірақ қазіргі таңда 

аталмыш технологияны TeliaSonera 10 мемлекетте өрістетіп 

отыр және осы 10 мемлекеттегі инвестиция жылына шамамен 

50—60 млн-ды құрайды.

— TeliaSonera Kсell-дің алдына қойып отырған жақын 

болашақтағы міндеттері қандай?

— Өз компанияларымыздың (бұл тек Kcell-ге ғана қатысты 



емес

) нарықтағы жетекшілік орындарын сақтап қалғанын, ARPU 

деңгейін қорғауын, табыс алып келуін және, әлбетте, шығын 

тиімділігіне назар аударуын қалаймыз. 



— Компания нені қысқарта алады — нарықтағы үлесін бе, 

әлде түсімін бе?

— Абонент саны бойынша емес, түсім бойынша нарықтағы үлесті 

сақтау әлдеқайда маңыздырақ.

— Яғни компания ақшасын емес, абоненттерін жоғалтуға 

даяр ғой?

— Бізге табыс әкелетін абоненттерді сақтап қалғымыз келеді деп 

айтқаным дұрыстау болар.

— Сіз келе сала Kcell тобымен танысып үлгердіңіз. Оған 

қандай баға бересіз? 

— Kcell тобы мендегі бар топтардың ең мықтысы деп ойлаймын. 



12

Онымен қоймай, жергілікті бас атқарушы директоры Вейсел 

Арал — TeliaSonera-ның менеджмент тобының бір бөлігі. Бұл 

топты мен жоғары бағалаймын.



— Бәсекелестік, нарықтағы ойын ережелері және 

мемлекеттік реттеу тұрғысынан алғанда Қазақстандағы 

ұялы жүйелер нарығына қандай баға бересіз?

— Деректерді мобильді табыстау сегментінің өсуі үлкен 

болашаққа ие екендігін назарға алсақ, Қазақстан нарығы 

еуропаныкімен салыстырғанда пісіп-жетіле қоймаған деп 

ойлаймын. Сонымен бірге смартфондар ену қарқынының өсуі 

үшін де мүмкіншілік бар, жаңа бағалық бәсекелестік көрініс 

бере бастады. Осы тұрғыдан алғанда, нарық жетіліп келеді. 

Қазақстан пісіп-жетілген еуропа нарығы мен дамып келе жатқан 

мемлекеттердің ортасынан орын алған дер едім. Сонымен қатар 

Қазақстанда реттеу сұрақтары, соның ішінде интерконнект 

мөлшерлемесі мен нөмірлердің сақталуы туралы әңгімені әрі 

қарай жалғастыра беру қажет. 



— Айтпақшы, Сіз нөмірлердің көшірілуіне қалай қарайсыз?

— Шын мәнінде нөмірлердің көшірілуі аса қорқынышты зат 

емес. Бұндай қызмет 1999 жылы енгізілген. Ол кезде мен 

Telia компаниясында жұмыс істеген едім, біз нөмірлердің 

көшірілуін қорқынышты нәрсе ретінде қабылдағанбыз. Бірақ 

бұл қызметтің ешқандай да әсері болған жоқ, абоненттер өз 

нөмірлерін де, өз операторларын да сақтап қалды. 

— Жаппай ауысу болған жоқ па?

— Меніңше, операторларды басқа себептермен ауыстырады. 

Тарифтермен қатар қызмет көрсету сапасы, желі сапасы және 

басқа да себептер болуы мүмкін.



— Швецияда телеком нарығы қалай реттеледі? 

Қазақстандағы мемлекеттік реттеу ұстанымдары жағынан 

Сіз өзіңіз үшін жаңалық аштыңыз ба?

— Айту қиын, себебі бәрі қандай да бір нарықтағы нақты сұрақ 

пен нақты оқиғаға байланысты. Мәселен, нөмірлердің сақталу 

сұрағы Швецияда 1999 жылы орын алса, Қазақстанда ол туралы 

енді ғана сөз бола бастады. Осы тұста мемлекеттер арасындағы 

уақыт алшақтығының қысқарып келе жатқанын айта кету 

керек: бір нарықтың екіншісінен 10—15 жылға қалыс қалуы 

деген нәрсе енді болмайды.



— Егер болашақ жайлы айтатын болсақ, Telia Sonera жаңа 

технологияны дамыту тұрғысында не ойлайды?

— Шын мәнінде операторлар қалай ұсынса да, тұтынушылар 

өте көп трафик пайдалана алады. Құрылғыны 

өндірушілер нарыққа шектеу қояды деп қазір айтуға бо-

лады. Технологияның баяғыда іске қосылып, баяғыда 

дамығандығын, бірақ өзінің максимальдық мүмкіндіктерін 

iPhone шыққан соң ғана дәлелдегенін 3G мысалынан көруге 

болады.


— Интернет-компаниялар (мысалы,Google voice) тарапы-

нан дауыс мүмкіндіктерінің дамуына байланысты «ұялы 

операторлардың жоғалуы» идеясына қалай қарайсыз?

— Мобильдік операторлар әрі қарай өмір сүре береді. Тек бір 

айырмашылығы — егер қазір 80% жүктеме дауыс қызметіне 

тиесілі болса, болашақта 80% деректерді табыстауға кетеді, 

ал «дауыс» негізінен күндік-арналарда жүреді. Опера-

торлар желісі жергілікті болатынын ескеру қажет, бірақ 

қосымшалары — жаһандық болады, олар аз шығынмен 

тіптен басқа мемлекеттердегі желі абоненттерімен 

сөйлесуге мүмкіндік туғызады.

— Қазіргі таңда абоненттік құрылғылардың мүмкіндіктері 

ұялы нарықтың даму жолында кедергі болып табы-

лады дедіңіз. Оларды өндірушілермен қандай да бір 

келіссөздер жүргізіле ме?

— Біз бұндай құрылғыларды өндірушілермен жұмыс істеуге, 

оларға ақыл-кеңес беруге даярмыз. Технологияның 7—8 

жыл бойы өмір сүргеніне және тек iPhone-ның пайда болуы 

оның дамуына үлкен түрткі болғанына 3G мысалы арқылы 

көз жеткіземіз. Тура осылайша біз 2009 жылдың аяғында 

Швецияда LTE технологиясын іске қостық. Осы технологияға 

қолдау көрсететін құрылғылар енді ғана шығып жатыр. 

Әлбетте, осы бағытта бізге бірлесе еңбектену қажет.

— Ұялы операторлар үшін негізгі сұрақ — жиілікті бөлу. 

Швецияда бұл үдеріс қалай жүреді?

— Швецияда әдетте үкімет аукцион өткізеді. Ең жоғары баға 

ұсынған компаниялар жеңіп шығады.

— Жеке өзіңіздің алдыңызда қандай міндеттер тұр?

Ең алдымен, компанияның осы уақытқа дейін дамыған 

қарқынымен әрі қарай дамыту жөніндегі міндеттер. 

TeliaSonera абоненттер арасында жаңа қызмет түрлерін 

тарату мақсатында жаңа технологияларды бірінші болып 

іске қосуымен және олардың қалай қолданылатындығын 

түсіндіруімен танымал. Осы жұмыстың барлығын мен табы-

сты болатындай етіп жалғастыруға тиіспін.



— Сұбхатыңызға рахмет. 

осы тұста

 мемлекеттер 

арасындағы уақыт 

алшақтығының қысқарып келе 

жатқанын айта кету керек: бір 

нарықтың екіншісінен 10—15 

жылға қалыс қалуы деген нәрсе 

енді болмайды

14

Вячеслав Пенский:

техникалық қызметтер жұмысы —

бұл  24/7 режимі



Әлемде көлемі жағынан 

тоғызыншы орындағы аумаққа 

тараған және Қазақстан 

халқының 95,4%-н байланыс  

сигналымен қамтыған  5 мыңнан 

астам сайт – міне Kcell желісінің 

бүгінгі таңы осындай. Осындай 

кең ауқымды инфрақұрылымның 

тұрақты жұмысын ақпарттық-

коммуникациялық 

технологиялар департаменті 

қамтамасыз етеді. Еліміздегі 

ең ірі мобильді оператордың 

«техникалық қызметкерлерінің» 

жұмыс ерекшелігі туралы 

VOX.com-ға «Кселл» АҚ  ICTD 

директоры  Вячеслав Пенский 

әңгімелеп береді



— Вячеслав, өзіңіздің Kcell-

ге келгенге дейінгі жұмыс 

тәжірибеңіз туралы 

айтып беріңізші?

— Мен телекоммуникаци-

ялар саласындағы өз еңбек 

жолымды 1996 жылы Бакудегі 

«Azercell» компаниясында 

бастадым, онда осы оператор 

іске қосылған күннен бастап 4 

жыл жұмыс істедім. Содан соң мен 

Түркиядағы «Ericsson» өкілдігіне көштім. Мен 

Turkcell,Kcell, Azercell, Geocell-мен, кипрлік операторлармен 

байланысты жобаларды жүзеге асырдым.

2004 жылы Украинадағы «Астелит» компаниясында 

қосымша қызметтерді дамыту бөлімін басқару үшін Turkcell-

ге көшу ұсынысын алдым. Онда мен 2008 жылға дейін жұмыс 

істедім, содан соң Кселл-ден ұсыныс алып, осы жерде шама-

мен 5—6 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 



 — Сіздің халықаралық тәжірибеңіз мол екен, Қазақстандағы 

жұмысыңызға оның пайдасы болды ма?

Жұмыс тәжірибесі операторлық қана емес, вендорлық жағынан 

да қатты көмектеседі. Мәселенің қайсы бір шешімін тұспалдап 

әр жағынан қарастыруға болады. Әрине, телекоммуникациялар 

саласындағы он алты жылдық тәжірибем де кәдеге жарады. 

— Жақында Сіз ICTD директорының лауазымына ресми түрде 

тағайындалдыңыз, сіздің департаменттің алдында қандай 

мәселелер тұр және сіз оларды қалай шешесіз?

— Желінің сапасы мен сыйымдылығы, қарапайым дауысты 

қоңыраудан бастап күрделі қосымша сервистерге дейінгі 

қызметтерді көрсету біздің бөлімшенің басты мақсаты болып 

табылады. 24/7 режиміндегі операциялық қызмет — оның негізгі 

артықшылығы. Бір жағынан біз қызметтер мен сервистерді тиісті 

деңгейде ұстап тұрамыз, екінші жағынан желіні дамыта отырып, 

еліміздің тұңғиық тереңіне, ауылды мекендерге ене түсеміз. 

Биылғы жұмыстардың басым бөлігі 3G желісін әрі 

қарай дамытумен байланысты. Өткен жылдың соңында 2G 



т ұлға

В

15

желісімен қамту жөніндегі лицензиялық міндеттемелерді 

орындадық. Тұрғындар саны 1000 адамнан асатын елді 

мекендерде негізгі желіні тарқату аяқталды, қазір ұсақ-

түйек жұмыстар ғана қалды. Бірақ біздің 2G желісін тарқату 

жолындағы жұмысымыз осы сатыда тоқтап қалмайды, біз 

өткізу қабілетін ұдайы кеңейте отырып, жұмысымызды 

жалғастырамыз. 

Біздің 2015 жылға дейін орындауға тиісті 3G жөніндегі 

лицензиялық міндеттемелеріміз тағы бар. Сондықтан 2013 

жылы көзделген міндет-3G-ді тұрғындар саны 10000 адам-

нан асатын ауылды жерлерге, кенттерге енгізе түсу, барлық 

қамту жұмысын 2015 жылға қарай аяқтауға тиіспіз. 2012 

жылдың соңына дейін лицензиялық міндеттемелер бойын-

ша біз тұрғындар саны 50 мың адамнан асатын қалаларда 

3G-ді тарқатуымыз тиіс болатын, біз көздеген мақсатымызға 

жеттік. 

Бізде конвергентті биллингті енгізу жөніндегі тағы да 

бір күрделі жоба бар, біз онымен үшінші жыл жұмыс істеп 

жатырмыз және жақын айларда мәреге жетуге тиіспіз. Жаңа 

биллинг жүйесін енгізу көптеген салаларды қамтиды, түрлі 

жүйелермен толық интеграция талап етіледі, қалт еткен 

қателік көңіл көншітпейтін нәтижеге алып келуі мүмкін. 

Әрине, біздің департамент жаңа технологияларды, атап 

айтқанда LTE-ді әрі қарай дамытуға мүдделі. Біз Қазақстанда 

GSM-операторларға лицензия беру мәселесі жақын 

болашақта шешіледі деген сенімдеміз. Біздің департамент 

түрлі жеткізушілермен алғашқы үш жобаны жасап үлгерді. 

Бұл мәселе оң шешімін тапқан жағдайда Kcell LTE желісін 

дамыта түсуге дайын. Қазір біз төртінші буын желісі арқылы 

өтетін трафик көлемін қамтамасыз ету үшін трансмиссиямен 

дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 



— Сіздің департамент туралы әңгіме қозғасақ. ICTD 

департаментінің орта статистикалық қызметкерлері 

дегеніміз кімдер... 

— Біріншіден, бұл IT саласында жеткілікті арнайы тәжірибесі 

бар 30—35 жастағы жігерлі да қайратты кәсіпқойлар. Бірақ 

біз «жас әрі келешегі зор» маманның бойынан өз жұмысына 

деген ынта-жігері мен ұмтылысын байқайтын болсақ, оның 

теориялық қана білімінің болғанына қарамастан жұмысқа 

аламыз. Бізде қызметкерлердің ішкі көшіп қону мысалда-

ры өте көп, мәселен, бізге абоненттерге қызмет көрсету 

департаментінен де келіп жатады. Қызметкер жылдар бойы 

қайсы бір қызметтер туралы әңгімелеп отырады, бірақ кейін 

осы қызметтер туралы әңгімелеп қана қоймай, олармен 

жұмыс істеуді де аңсайды. Қазақстанның IT-секторының ба-

сты мәселесі — дайын және тиісті білімі бар адамдарды табу 

қиындығында. Сондықтан біз жас мамандарды алып, олар 

бізде кейін де жұмыс істеу үшін тиісті білім беруді көздейміз. 

Ал радио желі немесе CoreNetwork туралы қайсы бір танымы 

бар адамды табу мүмкіндігі одан да аз, әдетте өзге оператор-

ларда жұмыс істеп көрген адамдардың саны көп емес. 

Kcell инженерлерінің, әсересе компанияда 5 немесе 6 

жыл жұмыс істеген мамандардың келешегі зор екендігін 

атап өткім келеді. Өзге компаниялармен салыстырғанда 

біздің қызметкерлердің біліктілігі жоғары деп айтар едім. 

TeliaSoneraEurasia тобындағы басқа компаниялардың өз 

қадамдарын Kcell-ге қарай аңдып басатын мысалдары көп, біз 

әлденені сәтті енгізген жағдайда ғана олар соған білектерін 

сыбана кіріседі. Жиі тәжірибе жинау үшін де бізге келеді.



— Өз қызметкерлеріңіздің бойынан қандай қасиеттерді 

көргіңіз келеді, мүмкін техникалық болмаса да әлдебір өзге 

дағдылардың болғанын қалайтын шығарсыз?

— Мен өзім техникпін, сондықтан өз қызметкерлерімнен 

жұмысқа қатысты міндеттемелерді дәл орындауын, барынша 

кең, ғаламдық деңгейде ойлануды, не болса да оның компания 

үшін қай жағынан пайда болатындығы туралы ойлауды талап 

етемін.


— Департамент желінің жоғары сапасын сақтап қалу үшін 

не істейді, қалай болғанда да Қазақстанда құлашын ең кең 

жайған желі Kcell емес пе? 

— Біздің еліміз ұлан байтақ және шындығында біздің желі 

құлашын кеңінен жайған, сайттар саны өз алдына-5000 мыңнан 

атам. Олардың жұмыс қабілетін 24/7 режимінде сақтап қалу 

үшін бізде үлкен штат жұмыс істейді, біз дауысты қызметтен 

бастап қосымша сервистерге дейінгі барлық қызметтің 

тұрақты мониторингін жүргізіп отырамыз. Біз абоненттердің 

шағымдарын қарастырып, олардың талап-тілектерін орындауға 

тырысамыз және осы мақсатта абоненттерге қызмет көрсету 

департаментімен қоян қолтық жұмыс істейміз. Шағымдар 

легі бірінші болып сол департаментке түседі, кейін біздің 

мамандарға жіберіледі. Егер қайсы бір мәселе туралы монито-

ринг тобы бірінші болып білсе, әріптестеріміз бұл мәселеден 

хабардар болып, абоненттерге қалай жауап беру керектігін білу 

үшін абоненттік бөлімге хабарлаймыз. Мөлдір қарым-қатынас-

бұл өте маңызды. 

Салмақтың көп бөлігі аймақ-аймақта жұмыс істейтін 

инженерлердің еншісіне түседі. Сіз дұрыс байқадыңыз, қайсы 

бір жағдайға байланысты түн ортасында және ақ қар көк мұзда 

шығудың реті бола бермейді — бұған табиғи жағдайлар жиі 

кедергі болады. Бірақ біз қалай болғанда да мүмкіндік бола 

салысымен жылдам әрекет етуге тырысамыз. Сондай-ақ біздің 

бірқатар мердігерлеріміз бар, олардың KPIs-не мәселені шешу 

жылдамдығы сияқты межелер де кіреді. Жалға беруші өз 

бағасын көтеру үшін электр қуатын өшіре салатын жағдайлар да 

болады. 


— Абоненттердің еліміздің кез келген түпкірінде жылдам әрі 

қол жетімді мобильді интернетке кіруге деген сұраныз өсіп 

келеді, Kcell абоненттердің осындай қажеттіліктерін қалай 

қанағаттандырмақшы? 

— Шындығында да деректерді беру жылдамдығына деген 

сұраныс жаман емес және үнемі өсіп отырады. Бірнеше жыл 

бұрын абоненттер 300 Кбит/сек керемет деп қабылдаған 

болса, қазір 1,5 Мбит/сек — аз. Өзіміздің желі арқылы осындай 

кең ауқымды трафикті өткізу үшін орасан зор қуат күші керек, 

мәселен 2012 жылы бұл трафик 8 петабайтты құраған болатын. 

Біз өзіміздің радио желінің өткізу қабілетін кеңейтеміз, негізгі 

желі бойынша қуатымызды (CoreNetwork), сонымен қатар 

интернет арналарын арттырамыз. Бұл үшін жаңа жабдықтарды 

орнатамыз, оңтайландырамыз, жаңартамыз. ●

н а у р ы з   —   м а м ы р   /   № 1  [2 5 ]



Бірнеше жыл бұрын абоненттер 

300 Кбит/сек керемет деп 

қабылдаған болса, қазір

1,5 Мбит/сек — аз

16

өткен жылы Ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды 

дамыту қоры өз жұмысын бастады. 

Ол  Көлік және коммуникация 

министрлігінің, «Зерде» 

холдингінің және Қазақстанның ірі 

операторлары — Kcell, «Билайн» 

және Казақтелекомның қатысуымен 

құрылды. VOX.com қордың алдында 

қандай міндеттер тұрғандығы 

жөнінде оның бас директоры Айбол 

Қуандықовтан білмекші болып шешті



— Айбол, айтыңызшы, қор қандай мақсатпен құрылды және 

оның алдында қандай міндеттер тұр?

— Жалпы, қор еңбек тиімділігін, сонымен қатар, Қазақстан 

халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруға арналған 

инфокоммуникациялық өнімдер мен қызметтердің пайдаланы-

луы мен қолданылуына жағдай жасайтын ұйым болып табыла-

ды.


Қор жұмысын бастамай тұрып, біз жан-жақты тал-

дау жасап, ел тұрғындарының қажеттіліктерін ескеретін 

отандық әлеуметтік және коммерциялық қызметтердің үлкен 

жетіспеушілігін байқадық. Біз қор қолдау көрсететін жобалар 

алға қойған міндеттерді шешеді деп көздеп отырмыз. Бірақ, 

алдымен, әрине, біз оларды тауып, үйретіп және содан кейін 

әлеуетті тұтынушыларға көрсетуіміз керек.

А

Сұ хБат 

айбол Қуандықов: 

IT-cтартап нарыққа бағытталуы тиіс


17

— Ал қазіргі кезде жүзеге асырылған жобалардың қандай 

да бір үлгілері бар ма?

— Әзірге жоқ. Біз жұмыстардың алғашқы байқауын енді 

өткізіп және оның нәтижелері бойынша 165 арыз жинадық. 

Мұндағы арыздардың 60 пайызы коммуникациялық және 

IT-нарығында жұмыс істеп келе жатқан бизнесмендерден, ал 

40 пайызы студенттерден түсті. Алайда, осындай таңданарлық 

көрсеткішке қарамастан, оның кішкене ғана бөлігі нақты 

бизнес-жоба ретінде жүзеге аса алады. Оның бірнеше 

себебі бар: жобалардың бір бөлігі нарықтық талаптарды 

қанағаттандырмайды, тағы бір бөлігі — қордың межелеріне 

сай емес. Мысалы, такси қызметін ұйымдастыру үшін және т.с.с. 

грант сұраған, АКТ-бағытына мүлдем сай емес арыздар да бол-

ды. Әрине, мұндай жобалар байқаудан өтпейді, себебі, оларда 

ешқандай инфокоммуникациялық құраушы жоқ. Сондықтан, 

жартылай финалға тек 11 жоба ғана жетті.

Арыздармен жұмыс істеген комиссияны бөлек атап 

өту керек. Оған қор қамқоршыларының кеңесіне кіретін 

компаниялардың мамандары кіреді, олар- байланыс 

комитетінің төрағасы және Көлік және коммуникация 

министрлігінің ақпараттық технологиялар департаментінің 

өкілдері, инвестициялық жобалар департаментіндегі «Зерде» 

қорының, сонымен қатар «Қазақтелеком» АҚ, «Кселл» АҚ және 

«Кар-Тел» ЖШС өкілдері. Ресейлік TechDrive егіндік қорының 

директоры Александр Журба және ЕМА компьютерлік маши-

нерия қауымдастығының мүшесі Стефан Ибараки тәуелсіз 

сарапшы ретінде шықты.

Іріктеуден өткен жобалар инвестициялық комитеттің 

қарауына жіберіледі. Гранттарды үлестіріп, әр жоба үшін 

олардың мөлшерін анықтайтын дәл сол комитет. Қор 

қаржылай қолдау көрсетілген компанияға қатысу үлесінің 

30 пайызын алып, оның орнына 50 мың долларға дейін 

қаржы бөлуге дайын. Біз, алғашында егінді инвестиция-

лар, кейін бизнесті кеңейтуге арналған тәуекелді инве-

стициялар жүзеге асырылатын, кейін кредитті, лизингті 

құралдар іске қосылатын, ал даму шыңы — IPO-ға шығатын 

кәсіпорындардың батыс елдерінде қабылданған қағидалары 

бойынша жұмыс істеуге ұмтыламыз. Ал егер біз осы процестің 

мінсіз жұмысын, ең болмағанда, бірнеше жобалар арқылы 

көрсетсек, онда біздің АКТ саласындағы кәсіпкерлеріміз көп 

нәрсе үйрене алады. Біз, дәл осы инвестицияларды кезең-

кезеңімен беру кәсіпкерлерімізді дағдыландырады деп 

есептейміз. Біздің қор гранттарды бермейді: ол қаржылай 

көмекті жобаның үлесіне айырбастайды. Негізінде, әрине, 

біздің мақсатымыз — Қазақстандағы АКТ саласындағы қор 

нарығын дамыту.



1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал